Лекции.Орг


Поиск:




Бап. Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхатты қарау мерзімдері




1. Монополияға қарсы орган өтінішхатты алған күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде ұсынылған материалдардың толықтығын тексеруге және өтінішхат берген тұлғаны өтінішхаттың қарауға қабылданғаны немесе қабылдаудан бас тартылғаны туралы жазбаша түрде хабардар етуге мiндеттi.
2. Экономикалық шоғырлануға келiсім беру туралы өтінішхатты қарау мерзiмi өтінішхат қарауға қабылданған кезден бастап күнтiзбелiк отыз күннен аспауға тиiс.
3. Өтiнiшхатты қарау мерзiмi монополияға қарсы орган немесе сот көрсетілген өтiнiшхат немесе онымен байланысты басқа өтiнiшхат бойынша шешiм қабылдағанға дейiн өтiнiшхатты қарау мүмкiн болмаған жағдайда тоқтатыла тұрады, бұл туралы монополияға қарсы орган өтiнiшхат берген тұлғаны мұндай шешiм қабылданған кезден бастап үш жұмыс күнi iшiнде жазбаша түрде хабардар етуге мiндеттi.
4. Монополияға қарсы орган өтінішхатты қарау барысында нарық субъектiсiнен және (немесе) мемлекеттiк органнан шешiм қабылдау үшiн қажеттi қосымша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды бес жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімде сұратуға құқылы.
5. Қосымша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсыну кезеңiнде өтiнiшхатты қарау мерзiмi тоқтатыла тұрады, бұл туралы монополияға қарсы орган өтiнiшхат берген тұлғаны мұндай шешiм қабылданған кезден бастап үш жұмыс күнi iшiнде жазбаша түрде хабардар етуге мiндеттi.
6. Монополияға қарсы орган нарық субъектісі және (немесе) мемлекеттік органдар қосымша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды ұсынғаннан кейін экономикалық шоғырлануға келiсім беру туралы өтiнiшхатты қарауды қайта бастайды, бұл туралы өтiнiшхат берген тұлғаны үш жұмыс күнi iшiнде жазбаша түрде хабардар етуге мiндеттi. Экономикалық шоғырлануға келiсім беру туралы өтiнiшхатты қарау қайта басталған күннен бастап қарау мерзiмiнiң өтуi жалғасады.

Бап. Жасалған экономикалық шоғырлану туралы монополияға қарсы органды хабардар ету тәртiбi

Осы Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген мәмiлелердi жасаған нарық субъектiлерi монополияға қарсы органды осы Кодекстің 201-бабы 8-тармағының екінші бөлігінде белгіленген мерзімде хабардар етедi.
Жасалған экономикалық шоғырлану туралы жазбаша хабарлама монополияға қарсы органға тiкелей де, байланыс мекемелерi арқылы да жіберiлуi мүмкiн.
Монополияға қарсы органды:
1) екi және одан көп нарық субъектiлерiнiң атқарушы органдарының, директорлар кеңестерi, байқаушы кеңестерi немесе басқа да басқару органдарының құрамына кіретін жеке тұлға, олардың кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу шарттарын айқындайтын болса, аталған жеке тұлға;
2) өзi кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзген кезде нарықтың басқа субъектiсiне орындауға мiндеттi нұсқаулар беру не оның атқарушы органының функцияларын жүзеге асыру үшін мүмкiндiк беретiн құқықтарды иемденетін (оның iшiнде сенiмгерлiк басқару туралы шарт, бiрлескен қызмет туралы шарт, тапсырма шарты негiзiнде) нарық субъектiсi хабардар етуге тиiс.

Бап. Монополияға қарсы органға жасалған (жоспарланып отырған) экономикалық шоғырлану туралы хабарламаға (өтінішхатқа) қоса берілетін құжаттама

1. Осы Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жасалған (жоспарланып отырған) экономикалық шоғырлану туралы хабарламаны (өтінішхатты) монополияға қарсы органға жіберу (беру) үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтер тiзбесi:
1) заңды тұлға куәландырған шарттың көшiрмесi (шарттың жобасы) не мәміленің жасалғанын (мәміле жасау ниетін) растайтын өзге де құжат;
2) сатып алушы және сатып алушымен бiр тұлғалар тобына кiретiн әрбiр нарық субъектiсi бойынша мыналар көрсетіледі:
жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, азаматтығы туралы мәліметтер, сондай-ақ тұрғылықты жері және заңды мекенжайы;
атауы, заңды және нақты мекенжайлары;
жарғылық капиталының мөлшері және қатысу үлесi;
акциялардың түрлерi;
өзiне қатысты осы Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген әрекеттер жасалатын, нарық субъектiсi өндiретiн немесе өткiзетiн тауарларға немесе өзара алмастырылатын тауарларға ұқсас тауарларды өндiру мен өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;
3) нарықтың басқа субъектiлерiнiң атқарушы органының, директорлар кеңесiнiң (байқаушы кеңесінiң) де мүшелерi болып табылатын атқарушы орган, директорлар кеңесi (байқаушы кеңес) мүшелерiнiң лауазымы көрсетiлген тiзiмi;
4) өзiне қатысты осы Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген әрекеттер жасалатын нарық субъектiсiнiң тауарларды өндiру мен өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;
5) өзiне қатысты осы Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген әрекеттер жасалатын нарық субъектiсiнiң тiкелей немесе жанама бақылауында болатын нарық субъектiлерi өндiретiн немесе өткiзетiн сол бір немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндiру мен өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;
6) өздерiне қатысты осы Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген әрекеттер жасалатын нарық субъектiсiне және (немесе) оның тұлғалар тобына қатысты сатып алушы мәмiле жасалғаннан кейiн алатын құқықтар туралы мәлiметтер, оның iшiнде мәмiле жасалғаннан кейiн сатып алушы иелiк ететiн нарық субъектiсi акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң, пайларының) саны және орналастыру бағасы, сондай-ақ олардың нарық субъектiсiнiң дауыс беру құқығы бар акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң, пайларының) жалпы санындағы пайыздық үлесi және олардың нарық субъектiсiнiң жарғылық капиталындағы пайыздық үлесi;
7) сол бір немесе өзара алмастырылатын тауарлардың осы мәмiленi жасасу нәтижесiндегi өндiру мен өткiзу болжамы.
2. Осы Кодекстің 201-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген жасалған (жоспарланып отырған) экономикалық шоғырлану туралы хабарламаны (өтінішхатты) монополияға қарсы органға жіберу (беру) үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтер тiзбесi:
1) екi және одан да көп нарық субъектiлерiнiң атқарушы органдарына, директорлар кеңестерiне, байқаушы кеңестерiне және басқа да басқару органдарына қатысуы болжанатын жеке тұлға туралы мәлiметтер:
жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi, өкiлеттiктерiн көрсете отырып, осы субъектiлерде кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзудiң шарттарын айқындауға мүмкiндiк беретiн азаматтығы, жұмыс орны, атқаратын лауазымы туралы мәліметтер;
өкiлеттiктерi көрсетіле отырып, хабарламаны (өтінішхатты) жіберуші (беруші) тұлғаның оларда кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу шарттарын айқындайтын заңды тұлғалар тiзбесi;
2) хабарламаны (өтінішхатты) жіберуші (беруші) тұлға тағайындалатын немесе сайланатын заңды тұлғаның (тұлғалар тобының) және басқару органының атауы;
3) хабарламаны (өтінішхатты) жіберуші (беруші) тұлғаның атқарушы органдарына, директорлар кеңестерiне, байқаушы кеңестеріне және басқа да басқару органдарына кiруi жоспарланатын нарық субъектiлерiндегi лауазымның атауы;
4) хабарламаны (өтінішхатты) жіберуші (беруші) тұлғаның атқарушы органдарына, директорлар кеңестерiне, байқаушы кеңестеріне және басқа да басқару органдарына кiруi жоспарланатын нарық субъектiлерiнде осы тұлғаға кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу шарттарын айқындауға мүмкiндiк беретiн құқықтар тiзбесi;
5) хабарламаны (өтінішхатты) жіберуші (беруші) тұлға кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу шарттарын айқындайтын әрбiр нарық субъектiсi және тұлғалар тобы бойынша мыналар көрсетіледі:
нарық субъектiсiнiң атауы, заңды және нақты мекенжайлары;
тауарларды өндiрудiң, өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi;
6) хабарламаны (өтінішхатты) жіберуші (беруші) тұлғаның қатысуы жоспарланатын нарық субъектiсi, сондай-ақ осы тұлға кiретiн тұлғалар тобы бойынша мыналар көрсетіледі:
нарық субъектiсiнiң атауы, заңды және нақты мекенжайлары;
хабарламаны (өтінішхатты) жіберуші (беруші) тұлға кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзу шарттарын айқындайтын нарық субъектiсi мен тұлғалар тобы өндiретiн және өткiзетiн сол бір немесе өзара алмастырылатын тауарларды өндiрудiң, өткiзудiң, олардың экспорты мен Қазақстан Республикасына импортының көлемi.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-12; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 407 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Есть только один способ избежать критики: ничего не делайте, ничего не говорите и будьте никем. © Аристотель
==> читать все изречения...

765 - | 728 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.