Лекции.Орг


Поиск:




Бап. Реттелетін нарықтарда үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілері қызметінің мониторингі




1. Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамасында көзделген бұзушылықтарды қоспағанда, үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдаланумен байланысты бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу реттелетін нарықтарда үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілері қызметі мониторингінің мақсаты болып табылады.
2. Реттелетін нарықтарда үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген нарық субъектілері монополияға қарсы органға:
1) Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес міндетті жыл сайынғы аудитке жататын нарық субъектілері үшін жыл қорытындылары бойынша аудиттелген қаржылық есептілікті – келесі жылдың 31 тамызына дейінгі мерзімде;
2) өзінің дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің, пайларының) он және одан көп пайызын сату немесе сенімгерлік басқаруға беру туралы тоқсан сайынғы ақпаратты – есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесіне дейінгі мерзімде;
3) өнімнің монополиялық түрлері бойынша өндіру мен өткізу көлемдері, өткізілген монополиялық тауарлардың босатылу бағалары мен кірістілік деңгейі туралы тоқсан сайынғы ақпаратты монополияға қарсы орган айқындайтын нысан бойынша – есепті кезеңнен кейінгі айдың он бесіне дейінгі мерзімде беруге міндетті.

Бап. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзуға жол бермеу туралы алдын ала ескерту

1. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын алдын алу мақсатында монополияға қарсы орган нарық субъектісінің, мемлекеттік органның, жергілікті атқарушы органның лаузымды адамына Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзуға әкеп соғуы мүмкін әрекеттерді жасауға жол бермеу туралы жазбаша нысанда алын ала ескерту жібереді.
2. Нарық субъектісінің, мемлекеттік органның, жергілікті атқарушы органның лауазымды адамының тауар нарығындағы жоспарланып отырған әрекет туралы жария өтініші, егер мұндай әрекет Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзуға әкеп соғуы мүмкін болса және бұл ретте тергеп-тексеру жүргізу үшін негіз болмаса, алдын ала ескерту жіберу үшін негіз болып табылады.
3. Алдын ала ескертуді жіберу туралы шешімді монополияға қарсы органның басшысы монополияға қарсы органға нарық субъектісінің, мемлекеттік органның, жергілікті атқарушы органның лауазымды адамының тауар нарығындағы жоспарланып отырған әрекет туралы жария өтініші жөнінде белгілі болған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қабылдайды.
4. Алдын ала ескертуде:
1) алдын ала ескертуді жіберу үшін негіздердің бар екендігі туралы түйіндер;
2) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуы мүмкін нормалары қамтылуға тиіс.

Бап. Нарық субъектілерінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылу белгілерінің бар екені туралы хабарлама

1. Нарық субъектілерінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) осы Кодекстің 174-бабының 3), 5) және 7) тармақшаларында көзделген үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану белгілері болған кезде монополияға қарсы орган үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісіне оның әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерінің бар екені туралы хабарламаны тергеп-тексеру жүргізбестен жібереді.
Хабарлама көрсетілген белгілердің бар екені туралы монополияға қарсы органға белгілі болған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей жіберіледі.
Хабарлама беру тәртібі мен оның нысанын монополияға қарсы орган бекітеді.
2. Егер нарық субъектісі хабарламада көрсетілген әрекеттерін (әрекетсіздігін) он жұмыс күні ішінде тоқтатпаса, монополияға қарсы орган тергеп-тексеру жүргізу туралы шешім шығарады.
3. Егер хабарлама шығарылған кезден бастап күнтізбелік бір жыл ішінде монополияға қарсы орган сол нарық субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) осы баптың 1-тармағында тізбеленген үстем немесе монополиялық жағдайлардың бірінің теріс пайдаланылуы белгілерін тапса, монополияға қарсы орган хабарлама жіберместен, тергеп-тексеру жүргізу туралы шешім шығарады.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-12; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 441 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

80% успеха - это появиться в нужном месте в нужное время. © Вуди Аллен
==> читать все изречения...

786 - | 734 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.