Лекции.Орг


Поиск:




З.Арнайыпедагогиканың(негізгі түсініктері) үғымдық апаратының дамуы,гуманистикалық бағдары




Ерте кезде де аномальды балаларға элеуметтік проблема ретінде қарап, көңіл бөлген. Балалардың қоғамдық орнын белгілейтін барлық заң ережелерінде, Рим правосында, Юстициан кодексінде аномльды балалар жөнінде айтылып, олардың қоғамдық жағдайы белгіленеді. Киев Русінің негізі (мемлекеттік қағидалар жинағы) кітаптарында, Москва мемлекетінің «жүз тарауында» аномальды балалардың қоғамдық жағдайды ерекше бұйрықтармен шектелді. Мұндай жағдай Россияда ¥лы Октябрь социалистік револциясы жеңгенге дейін орындалып келді. Кейінгі капиталистік елдерде аномальды балалардың қоғамдық жағдайын арнайы түрде белгілеп қою күні бүгінге дейін бар. Онда аномальды балаға эділетсіздікпен қарап келді.

Аномальды балалар қай кезде де философиялық ойға негіз болып келеді. Сондықтан да философтар, егер баланың қүлағы есітпесе, көзі көрмесе, дұрыс сөйлемесе оның дүниені, өзін қоршаған ортаны танып -білуі қалай өтеді деген мәселемен шүғылданды.

Аристотель аномальды балаларға арналған екі трактат жазды. Кардано, Гольвеций, Дидро жэне басқалар аномальды балалар туралы арнайы кітаптар жазды.

А. И. Радищев өзінің атақты трактатында аномальды балалар дамудың кейбір заңдылықтарын анықтады. Неміс философтары кант жэне Бауэр аномальды балалардың даму ерешеліктері жөнінде жазған.

Организімнің аномальдық түрғыда бүзыл механизмі қандай деген мәселе өте ерте кезден көңіл бөлінді. Бір немесе екі орган жүмыс істемей қалғанда, басқалары өзара қандай қарым - қатынаста болады? Бала естімегенде оның өзі қандай күйде болады? Көрмеген кезде күлақ қандай қалыпта болады? Баланың орталық жүйке жүйесі бүзылғанда, сезім органдары қандай күйде болады? Атап айтқанда, мүндай мәселелерімен Дарвин жэне жаратылыс ғылымының басқа да өкілдері айналысты. Қазіргі уақытта дамунда ауытқуы бар балалардың ішкі процестері мен механизмдерін танып білуге білуге үлкен көңіл бөлінуде.

Аномальды балаларды зерттеу жүйесінде ғылымның жаңа бөлімі пайда болды. Оның көру мен есту түйсіктерін тікелей зерттеумен айналысқан жэне ақыл - ой кемдігінің клиникасын зерттеген саласы бөлініп шықты. Аномальды балаларды зерттеудің қажеттілігінен дэрігерлер, физиологтар жэне медицина - биология ғылымының басқа да өкілдері күш біріктіріп жүмыс істеуде.

Педагогтар аномальды балаларды оқытудың эр түрлі жүйесін қолданып, бар күш - жігерін жүмсап бақты. Буржуазиялық элем мүндай бастама атаулының барлығына дерлік салқын қарады. Сондықтан да аномальды балаларды оқыту процесі өте кеш - XVIII ғасырдың соңы

мен XIX ғасырдың басында басталды. Бүл уақытта аномальды баланы жеке оқыту тэсілі орын алады. Бұлай оқыту мен оны эксперимент түрінде жүргізілген кейбір ғылымның өкілдері айналысты. Ал капиталистік қоғамда осы уақытқа дейін аномальды балаларды мемлекет тарапынан, шіркеулік жэне элденеше мемлекеттік оқу орындары ғана бар болды. Міндетті түрде жалпыға бірдей оқу жүйесі де жоқ еді.

Капиталистік дүние аномальды балаларға шын мэнісінде өте эділетсіздікпен қарады. Алайда өмір өз талабы орындатуда. Сондықтан да соңғы 20-30 жылдарда кемістігі бар балаларды оқыту жүйесі кеңейтілді, осы категориядағы балаларды зерттеу жұмыстарын қолға алынып, көптеген лабораториялар қүрылды. Халықаралық конгрестер мен кеңестер тағы басқа жиі өткізіліп жүрді. Осы жылдарда әлденеше рет мылқаулық жөнінде жэне көрудің бүзылуына байланысты халықаралық конгрестер өткізілді. Бала тілінің бүзылуы жөніндегі 16-Конгреске даярлық жүмыстар жүріп жатты.

Совет қүрылысы аномальды балаларға қатысты капиталистік қүрылыс тудырған бөгеттердің барлығын да жойды. В.И.Ленин 1918 жылдың өзінде - ақ аномальды балаларды тэрбиелеудегі жэне оқудағы барлық шектеулікті жою жөнінде дереке қол қойды. М.И. Калинин 1931 жылы міндет тітүрде жалпығы бірдей оқуды енгізу туралы декретке қол қойды.

Социалистік қоғамның аса ірі қайраткерлері А.В. Луначарский, А.М. Горкий, Н.К. Крупская өз еңбектерінде аномальды балаларды оқыту жэне тэрбиелеу жөнінде элденеше рет мэселе көтерді.

Біздің елімізде аномальды балаларды тәрбиелеп, оқудың мемлекеттік негізі қүрылған, арнаулы мекемелердің жүйесі бар. Бүл жүйе бойынша бастауыш білім беретін кластар ғана жүмыс істеп қоймады, сонымен қатар орталау жэне орта білім беретін кластар да жүмыс істейді.

Арнаулы мекемелердің қүрылумен бірге совет дефектологиясы дами берді. Совет дефектологтары алдына аномальды балаларға кімдерді жатқызуға болады? - деген басты проблема түрды. Мүндай балалардың даму ерекшеліктері қандай? Олардың типологиясы қандай болуы тиіс?

Капиталистік елдердің өкілдері аномальды балаларға кімдерді жатқызуға болады деген мэселе төңірегінде әлденеше идеалистік теориялар үсынды. Буржуазиялық дефектология ғылымы өкілдеріне біріншіден мынадай пайымдаулар тэн болатын: қайсыбір органның бүзылуы қызметі бүзылған соның өзін ғана қамтиды деп есептеді. Мысалы, дүрыс естімеу тек кереңдікке ғана байланысты, соқырлық тек көздің зақымдауына ғана байланысты деді. Қайсы- бір органның немесе жүйенің бүзылуы бала дамуының осы жағына ғана қатысты болады деп жорамалдады. Шын мэнісінде мүның бэрі де элде қайда қиындығы мол мэселе болып шықты. Сондықтан совет дефектологтары алдына аномальды балалардың даму ерекшеліктерін ашу міндетті түрды.

Пэннің негізгі максаты мүмкіндікңтері шектеулі түлғалардың мүмкіндіктеріне деген эртүрлі көзқарастар туралы білімдерін қалыптастыру деп аталады. Сонымен бізге арнайы педагогиканың проблемаларына ықпал ету.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-12; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 534 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Лучшая месть – огромный успех. © Фрэнк Синатра
==> читать все изречения...

772 - | 737 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.