Лекции.Орг


Поиск:




Батыс Түрік қағанаты (603-704)ндағы этномәдени процестер мен халықаралық қатынастар.




Қағанаттың орталығы Жетісу. Астанасы Суяб (Ақбешім) (Қырғызстандағы Тоқмақ қаласының маңы), жазғы ордасы Мыңбұлақ (Түркістанның төңірегі).Халқы ежелгі үйсін жерінің Қаратаудан Жоңғарияға дейінгі аралықты қоныстанған 10 тайпадан тұрды (он оқ будун). Тайпа екіге бөлінеді:Дулу – Шу өзенінен шығысқа қарай орналасқан бес тайпаНушиби - Шу өзенінен батысқа қарай мекендеген бес тайпа Қоғамдық құрылымы

Қағанатты түріктің ашина (көкбөрілер) тайпасынан шыққан ақсүйектер биледі. Қаған ең жоғарғы билеуші, әскер басы және бүкіл жердің иесі.1.Қаған

1. Шад, жабғу, елтебер (ашина руынан шыққан жоғарғы шенділер)

2. Бек (ру, тайпа басқарушысы)

3. Тархан, бұйрықтар (сот қызметін атқарушылар)

4. Тұдын (салық жинаушы)

5. Қара бұдын (қарапайым халық)

6. таттар (құлдар)Халқы – үйсіндер, қаңлылар, қарлұқтар, түркештер, шығылдар яғмалар.Алғашқы қағаны Тардуш (Дато). Ол Шығыс Түрік қағанатын жаулап, екі қағанатты біріктіруді ойлады. Алтайдағы теле тайпасын шабуылдап, өзін Шығыс Түрік қағанатының қағаны дп жариялады. Телелердің бас көтеруінен кейін қағанаттар қайта бөлінді.

Қағанаттың күш-қуаты Жеғұй және Тон-Жабғу қағандар тұсында арта түсті. Олар Тоқарыстан мен Ауғанстанға жаңа жорықтар жасап, қағанат шекарасын солт-батыс Үндістанға дейін созды. Салық жинауға жергілікті адамдарды қойып, оларды селиф деп атады. Көрші мемлекеттерге соғыс ашудағы басты мақсаттардың бірі құл иелену. Датсу қаған көрші елдермен сауда байланыстарын жүргізіп, Қара теңіз жағалауына және Түркістанға абысты жорықтар жасады.Батыс Түрік қағандары жаулап алған аймақтардың саяси жүйесіне өзгерістер енгізбей, т ек салық жинаумен шектелді. 16 жылға созылған (640-657ж) тайпааралық соғыстардың қағанатты әлсіретуі салдарынан Таң империясы Жетісуды басып алды 659ж.Түріктердің Таң империясына қарсы күресі қағанат құрамындағы түркештердің күшеюіне әкелді.

704 ж Түркештер Жетісудағы саяси билікті жеңіп алды.

И.Тайманұлы мен М. Өтемісұлы бас-н Бөкей ордасындағы отарлауға және ханға қарсы көтеріліс. (1836-1838). Еділ өзен-ң Каспийге құятын аймағын 1635 ж-дан бастап Жоңғар шап-ғы кезінде бөлініп қалған қалмақ рулары мекендеді. Оны қазақтар қалмақ қыры депті. 1771 ж. бұл жердегі қалмақтар екіге бөлініп, бір бөлігі қазақ жері арқылы Жоңғарияға кетті. Ал екіншісі батысқа ығысып, Дон даласына көшіп кетті. Осы босапан жеоге 1801 жылдан бастап патша ұрықсатымен Кіші жүздің Бөкей сұлтан басқарған 5000 қазаы қоныс аударды. Мұның өзі ішкі (Бөкей) орданың құрылуына негіз болды. 30-ж. соңында мұнда 20 мыңдай түтін мен 80 мың адам жайлады. Бірақ жер мен жайылымдар бірдей бөлінбеді. Көбісі орыс помещиктері Юсупов пен Безбородконың меншігіне өтті.Үлкен және Кіші өзен бойындағы Қамыс-Самар көлі төңірегіндегі жер казак-орыстарға кетті. Үкімет ішкі Орда мен Кіші жүзді басқаруды өздеріне бейімдеп жатты. Үкімет дистанциялар (аралық бақылау жүйесі) құрып, оның бастығы қызметін енгізді. Жайық бойындағы жерді Орал казак-орыстары иемденді. Қазақтарға Жайық өзенінен өтуге және казак-орыстардың өзен жағалауындағы белдевлеріне көшіп келуіне тиым салынды.Қазақ шаруалары орыс помещиктері мен қазақ сұлтандарынан аренда үшін уақытылы ақша төлеуге тиіс болды. Түрлі штраф, алым-салық көбейді.Батыс қазақстан жерінде Бөкейдің баласы Жәңгір 1824 ж. Хан тағына отырған соң, патша үкіметі қолдауымен ел басқаруды өзгертуге кірісті. Ол отырықшылықты, елді мекендер салуды, қырда пішен шабуды, мектеп, училище ашуды, мешіт ашуды, малды асылдандыруды, сауданы енгізуді бастады.1827 ж. Жәңгір хан нарын құмындағы Жасқұс мекенінде тұрақты хан ордасын орнатты. Елді орталықтан басқаратын болды. Сол жылы хан кеңесі құрылды. Оған 12 ата байұлы руларынан бір-бірден би кірді. Ханға оның тапсырмаларын орындайтын 12 старшын, сондай-ақ бірнеше сұлтан қызмет етті. Оның татар бөлімі және жалпы бөлімнен тұратын өз кеңсесі болды. Кеңсе жанында арнаулы тергевші штат та тұрды.Жәңгір хан 1845 жылы өлді. Бұған дейін Қаз-ң барлық бөліктерінде хандық билік жойылған еді. Өкіметтік топтар ішкі Ордада хандықты жоюды ұйғарды, хан билігі орыс шеневнігі басқарған Уақытша Кеңестің қолына көшті. Патша үкіметінің жергілікті феодалдарға сүйеніп, халықты қанауы наразылық туғызды. Наразылық жер дауынан басталды. Ішкі Ордада қазақ байлары мен орыс помещиктері ең құнарлы жерді өздеріне алды. Кедейлерге ең құнарсызы тиді. Бір ғана Жәңгір хан 400 мың десятина жерді өз иелігіне қаратты. Жәңгірдің інісі Меңдігерей Бөкейханов, би Балқы Құдайбергенов, ханның қайын атасы Қарауылқожа Бабажанов халықты қанады.1831 ж. Ресеймен шекаралас жерлерде сұлтандар мен Орынбор Шекара комиссиясына бағынатын әкімшіліктер құрылды. Ондағы әкімдер мен старшындар жергілікті басқаруды өз қолдарына алды. Ал Жайық бойын иемденген Орал казак-орыстары қазақтарға Жайық өзенінен өтуге, оның жағасына көшіп-қонуға тиым салды.Жәңгірге наразы болған бір топ сұлтандар шаруаларды Жайықтың арғы жағына қайтадан өтуге шақырды. 1827 жылдың қысы жұт болды. Аман қалған аз малды сақтау үшін қазақтар Саратов губерниясына, ондағы Юсупов пен Безбородконың жер иеліктеріне көшпекші болды. Көктем шығысымен Байбақты руы бірінші болып Жайыққа бет алды. Оны Жантөре Қарабатыров, Нұршабай Байтурин, Өтен және Әбен Көтібаровтар, Нәдір Қашқынов, Ырсалы Көсепулин басқарды. Ресми өкімет орындары бұл көшуге қарсы болды. Мұның өзі Кіші жүз қазақтарының үкіметке наразылығын күшейтті. Көтеріліс басталды. Оны беріш руынан шыққан Исатай мен Махамбет басқарды.1812 жылы Бөкей хан Исатайды Жайық бойындағы руларға старшын етіп тағайындады. 1814 ж. соңында оны Орынбор Шекара комиссиясы бекітіп, уақытша жарлықпен оған мөр тапсырды.1836 ж. ақпанда халықтың Жәңгір ханға қарсы күресі басталды. Бұған Исатайдың хан ордасына шақыртылуы себеп болды. Ол одан бас тартты. 1836 ж. 4 сәуірде Манаш қыстауына ханның Қарауылқожа бастапан жасағы келді. Көтерілісшілер қосынына Исатай бастапан 200-ге жуық жІгіттер келді. Нәтижесі екі жақтың тарап кетуімен аяқталды. Исатайдың даңқы арта түсті. Оған шаруалар қаптап келе бастады. Исатай, Махамбеттер 1937 жылы қыркүйек, қазан айларында Қарауылқожаның, Балқы бидің, Шоқы сұлтанның ауылдарын шабады. Сол жылдың қараша айының соңында Исатайлар хан ордасын шабуға аттанады. Бұл тұста хан ордасында 41 үй бар еді. Ханға Орынбордан подполковник Гекке бастапан әскер күші көмекке келді. 700 казак-орыс, екі зеңберек, ханның 400 сарбазы Исатайдың 2000-нан астам сарбазына қатты қарсылық көрсетті. 1837 ж. 15 қарашада Тастөбе деген жерде шайқас болды. Күші басым жазалаушылар екпініне шыдай алмаған көтерілісшілер топ-топқа бөлініп кетті. Исатай да шегінді. Жәңгір Исатайдың басына 500 күміс ақша тікті. Исатайдың тобы қуғынна қашып, Жайықтан өтті. Сағызға қарай кетті. 1838 ж. қаңтарында Исатай жасағымен Үлкен Борсық құмындағы шекті руының қонысына келді.Көктемде халық қозғалысы қайта күшейді. Кенесары, хиуа жерінен шыққан Қайыпғали Есімов бастапан жасақтар пайда болды.Бұл кезде Сібір өңірінен шегінген Кенесары әскерінің бір бөлігі Орынбор өлкесіне ауысты. Олардың Исатай тобына қосылуынан қорыққан Орынбор ген-губернаторы Перовский көтерілісшілерді талқандауға кірісті. Орск бекінісі жағынан құрамында Орал полкі казактары бар Айшуақ Сұлтанұлының жасағы шықты. Орынбордан Гекке әскері шықты. Осы кезде Исатай 500 сарбазымен сұлтан Баймағанбетке соққы беру үшін Қайыпқали Есімұлынан бөлінді. Бұл кезде Айшуақұлы әскері полковник Гекке әскерімен біріккен болатын Оны Исатай тобы білмеді.1838 ж. шілде айының 12-нде Исатайдың жасағы мен полковник Геке бастапан әскерлер Ақбұлақ деген жерде кездесті. Зеңбірек оғынан шегінген көтерілісшілерге Айшуақовтың әскерлері тап берді. Тыл жақтан казак-орыс жүздіктері қоршауға алды. Исатай қаза болды. Ол өлгеннен кейін көтіліс әлсіреді. Бытыраңқы жасақтар Ойыл бойындағы Нижневральск желісі маңында қимыл жасап жүрді. Махамбетті 1846 ж. Өлтірді.

3. Республиканың партия ұйымын Ж.Шаяхметов басқарды. Ол ҚК(б)П ОК—нің 1946 жылғы 20—22 маусымдағы Пленумында сайланды. Соғыстан кейінгі кезеңде Коммунистік партия идеологиялық жұмысты күшейтуге кірісті. 1946 жылы БК(б)П ОК-нің «Звезда» және «Ленинград» журналдары туралы, «Драмалық театрлардың репертуары және оны жақсарту шаралары туралы», «Большая жизнь» кинофильмі туралы» қаулылары жарық көрді. Қазақстанда аталған қаулыларды негізге алған саяси науқан 1946 жылғы 26 қыркүйекте Алматыда өткен әдебиет пен өнер қайраткерлерінің жиналысынан бастау алды. Жазушылардың шығармашылығы саясаттан тыс, социалистік реализм принциптерінен ауытқығандығы үшін сыналды. Жазушы Ә.Тәжібаевты «Біз де қазақпыз» кітабында патшалар мен хандарды мадақтағаны үшін сынға алды. Мұндай жиналыстар республикалың барлық облыстарында өте бастады. Журналдар идеолоғиялык зиянды еңбектерді басқаны үшін кінәлі деп табылды. Театрлар буржуазиялық драматургтер пьесаларын, мысалы, Лопе де Вега, Шеридан, Бомарше, т.б. сахналағаны үшін жазғырылды. ҚКЖО (Қазақстан кеңестік Жазушылар одағы) белсенді жүргізілген саяси науқан нәтижесінде 1947 жылы қазіргі заман тақырыбына лайық шығарма тудыру жөнінде міндеттеме алуға мәжбүр болды. 1947 жылдың 21 қаңтарында ҚК(б)П ОК-нің «Қазақ КСР ҒА-ның Тіл және әдебиет институтының жұмысындағы өрескел саяси қателіктер туралы» қаулысы шықты. Көп ұзамай ҒА-да партия жиналысы өтті. Тіл және әдебиет институтының ғылыми зерттеулер жоспары қайта қаралды, революцияға дейінгі қазақ әдебиетіне байланысты тақырып алынып тасталды. М.Әуезовтің шығармашылық және ғылыми қызметі сыңға алынды. Ол орысқа қарсы, реакцияшыл, кертартпа көзқарасты насихаттаушы ретінде айыпталды. Қаулының мәнін түсіндіру үшін Алматыда ғылым, әдебиет пен өнер қайраткерлерінің жиналысы шакырылды. 1948 жылы 23 ақпанда Қазақстан композиторлар одағының жалпы жиналысы өтті. Е.Брусиловский, В.Великанов сияқты сазгерлер «Орыс музыкасы классиктерінің тәжірибесін мансұқ еткені үшін» сынға алынды. 1948 жылы тамызда Қазақстанда Қазақ КСР ҒА ҚК(б)П ОК-нің келісімімен барлық биологиялық және медицина ғылымдары институттары мен секторларының ғылыми-зерттеу еңбектері жоспарын қайта қарауға бұйрық берді. 1948 жылы 21 қыркүйекте ҚК(б)П ОК-нің Бюросы республикадағы агробиология ғылымының жағдайын тексеру туралы шешім қабылдады. ҚК(б)П-ның кезекті IV съезі 1949 жылдың 25 ақпаны мен 1 наурыз аралығында Алматыда өтті. Съезде КСРО құрамындағы республиканың экономикасы мен мәдениетін одан әрі дамыта түсу жолдары анықталды, партиялық-ұйымдастырушылық және көпшілік-саяси жұмыстарды жандандыра түсу қарастырылды. 1951 жылы 10 сәуірде ҚК(б)П ОК-нің «Правда» газетінде жарияланған «Қазақстан тарихы мәселелерін маркстік-лениндік тұрғыдан сөз ету туралы» атты мақала жөнінде қаулысы шықты. Бұл қаулы республикадағы тарих ғылымының бұдан былайғы дамуына кері әсер етті. Тарихшы Е.Бекмаханов қуғынға ұшырады. Ол партия қатарынан шығарылды, «кеңеске қарсы әрекеті үшін» қызметінен босатылып, 25 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол Сталиннің жеке басына табыну әшкереленген соң ғана ақталды. Республиканың Қ.Сәтбаев, А.Жұбанов, А.Н.Самойлович, Е.Исмаилов, Б.Сүлейменов, Қ.Жұмалиев, т. б. көптеген көрнекті ғалымдары құғын-сүргінге ұшырады.

Билет

Түркеш. Арабтар жаулаушылығы басталған кезде Қазақстан және орта Азияның басым бөлігі Батыс түрік қағанаты өкіметінің билігінде болатын.Арабтарға қарсы күрес жүргізу ісінде Жетісуда өкімет басына келген түркештер бірінші орынға шықты.Түркештер Шу мен Іле өзені аралығын қоныстанған.Алғашқы қағаны-Үшелік.(704-706).Территориясы:Жетісу,Іле,Шу,Талаc алқаптары.Астанасы-Суяб,жазғы ордасы-Күнгіт қаласы.(Іле өзені бойында).Бүкіл жер 20 үлесті аймаққа(түтік) бөлінді.Әр түтікте жеті мың әскер болған.Қағанат екі қарсылас топқа бөлінді:1)Сары түркештер(шулық),ордасы-Суяб қаласы.(Шу өзені бойында).2)Қара түркештер(ілелік),ордасы-Тараз қаласы(Талас өзені бойында).Араб тарихшысы Әл-Идриси дерегі:Түркеш нағыз түрік мағынасындағы сөз.VIIIғ.басы(705ж)-Орта Азия мен Қазақстанға арабтардың жорығы басталды.706ж.-түркештер соғдылармен одақтасып,Бұхар маңында арабтарды жеңді.709ж.-араб қолбасшысы Кутейбтің екі одақтастықтың арасында алауыздық туғызуының салдарынан соғды ханы Тархун көмектесуден бас тартты.Нәтижесінде арабтар Бұхарды жаулады. Үшеліктің ұлы Сақал қаған(сары түркеш)бүкіл Орта Азияны бағындырды.708ж. сары түркеш пен қара түркеш арасында шиеленіс күшейді.711ж. қара түркештер шақыруымен келген Шығыс түрік қағаны Қапаған Болучу(Жоңғария) түбінде сары түркеш әскерін жеңді.Сақал қаған тұтқынға түсіп,қағанат күйреді.Түркеш қағанаты 7 жыл өткеннен соң ғана қалпына келтіріліп,билікке Сұлу қаған(қара түркеш)келгесін қайта нығайды.Билік қара түркештерге көшіп,Орда Тараз қаласына ауыстырылды. Сұлу қаған екі майданда күрес жүргізді:Батыста-арабтармен,шығыста-Таң патшалығымен.Сұлу қаған Қытаймен одақтасып,бар күшті батысқа бағыттады.723ж.-түркештер Ферғана қарлұқтары және Шаш тұрғындарымен бірігіп,арабтарға соққы берді.Арабтар Сұлудың батылдығына байланысты оны Сүзеген деп атаған. 732ж.-арабтар түркештерді ығыстырып,Бұхарды қайтара жаулады.736ж. Сұлу қаған арабтарға қарсы жорыққа шығып,Тоқарыстанға дейін барды да,жеңіліскеұшырады.Осы кезде сары түркештер мен қара түркештер арасында күрес қайта өршіді.738ж. қолбасшы Баға-Тархан Сұлуды өлтіріп,оның ұлына қарсы соғысты бастады.Түркештер арасындағы алауыздық 738-748ж.арабтарға Оңт.Қазақстан мен Орта Азияны басып алуға жағдай жасады.Осының салдарынан түркештер 746ж. Жетісуға ұмтылған қарлұқтарға қарсылық көрсете алмайды.Түркілердің қиын жағдайын қытайлар да пайдаланып қалды.748ж.-қытайлар Суяб қаласын жаулап алып,қиратты.751ж.Атлах қаласының маңындағы қытайлар мен арабтар арасындағы ірі шайқас(Талас бойы).Бес күнге созылған шайқастың шешуші кезеңінде қарлұқтар арабтар жағына шығып,қытайлар жеңілді.Атлах шайқасының тарихи маңызы:Қытай әскері Жетісуды,Шығыс Түркістанды тастап шегінді.Арабтар Талас аңғарынан Шашқа қарай ығысты.Алайда,ішкі қақтығыстан және араб-қытай шапқыншылығынан Түркеш қағанаты әлсіреді.756ж. қағанат қарлұқтардың тегеурініне төтеп бере алмай біржолата құлады.

2. Ресей империясының қазақ даласындағы хандық билікті жою, шекаралық аймақтарда жаңа бекіністерді салып, қазақ жерлерін күштеп тартып алуды одан әрі жлғастыруы, қазақ қоғамында әлеуметтік қатынастардың шиелінісуі К.Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көт-ң шығуына себеп болды. Көт-ң мақсаты қазақ елінің патшалы Ресейдің құрамына қосылып үлгермеген өңірлерінің дербестігін сақтау, қазақ жерлерін бекіністер мен округтік билеу арқылы отарлауды тоқтату, қоқандықтардың тепкісіндегі қазақтарды азат ету. Көт-с бүкіл үш жүзді қамтып, ұлт-азаттық сипат алды. Көт-ң басты қозғаушы күші қазақ шаруалары болды. Сонымен қатар ірі ақсүйектер де (80-нен астам сұлтан). Көт-ке әртүрлі ұлттардың өкілдері орыс, өзбек, қырғыз т.б. қатысып, көтерілісшілер саны 20-мыңға жетті. Көт-ке Кенесары қолын басқарған атақты батырлар Иман, Жоламан, Бұғыбай, Сұраншы, інісі Наурызабай, Әбілғазы, әпкесі Бопай қатысты. 1837 ж қараша – Кенесары Петропавл қаласынан шыққан Ақтау бекінісі казактарының тобын тұңғыш рет шабуыл жасап, патша үкіметіне ашық қарсылық білдірді. 1838ж 26 мамыр – Кенесары сарбаздары Ақмола бекінісіне шабуыл жасап, өртеп жібереді. 1841ж Кенесары қолы Ташкентке аттанып, бірақ жұқпалы аурудың таралуынан жорық тоқтатылады. Ендігі кезекте патша үкіметі көт-ке қарсы шаралар ұйымдасытыра бастады: 1842ж Орынбор ген-губ Обручев, Сібірден Сотников әскері жіберілді. 1843ж І Николай старшина Лебедевтің 300 казактан тұратын тобын жіберуге келісім берді, сұлтан Жантөреұлы, Айшуақұлы, полковник Генс, Бизанов бастаған 5 мыңдық топ ұйымдастырылды. 1843ж 1 және 7 тамызда көтерілісшілер казактардың Орынборлық тобымен шайқасты. 1843 ж 17 тамызда полковник Бизановтың тобы ешқандай нәтижеге жетпей Ор бекінісіне оралды. 1844ж шілдеде көтерілісшілер сұлтан Жантөреұлының тобын қоршап, 44 сұлтанды мерт қылды. Осы жеңістің нәтижесінде Орынбор әкімшілігін Кенесарымен келіссөз жүргізуді бастауға мәжбүр етті. Кенесарының сонда қойған талабы, әскери бекіністер салынбаған Ақтау, Есіл, Нұра және Жайық өзеніне дейінгі өңірді Ресей билігінен босату. 1845ж сәуірде Кенесары ауылына орыс елшілері Долгов және Герн келеді. Бірақ екі жақ бір-бірінің талаптарын мойындата алмағандықтан, келіссөздер тоқтатылды. 1845 ж қазан, қарашада көтерілісшілер Созақ, Жаңа жүлек, Қоған бекіністерін алады. Абылайдың баласы сұлтан сүйік Ресей билігін мойындаса, Үйсін, Жалайыр, Дулат руларының көпшілігі көтелісішілерді жақтады. 1847 ж сәуір Кенесары 10 мың әскермен қырғыз жеріне басып кіреді. әскерледің қырғыз ауылдарын тонауы көтерілісшілердің Кенесарыға қарсы өшпенділік туғызады. Қазақ сұлтаны Рүстем мен Сыпатай би топтарының Кенесарыдан бөлініп кетуі қазақ жасағының жеңілісіне әсер етеді. Сол жылы Кенесары Бишкек маңындағы Майтөбе шайқасында 32 сұлтанмен қаза табады. Тарихи маңызы; үш жүзді қамтыған тұңғыш ірі көтеріліс, ХІХ ғасырдың І жартысындағы Ресей азаттық көтерілісінің құрамдас бөлігі, Патша үкіметінің Орта Азияны отарлауын кешеуілдетті, қазақ халқының ішкі қайшылықтарының Ресей саясатымен байданыстылығын көрсетті.

3. «Хрущев жылымғы» 50 жылдары «жылымық жылдарында» бірнеше ажғымды әрекеттер болды:1953 КОКП-ның съезінде Қуғын-сүргіннің ұйымдастырушысы, авантурист Л.П. Берия қамуға алынды.Комунстік партия қатарынан шығарылды.1956 жылы Н.С. Хрушщев КОКП-нің XX съезінгде «жеке басқа табыну және оның зардаптары» баяндамасы жарияланды.

Баяндама Хрущевтың өзінің әрекеттерін жасырып, Молотов, Каганович,Ворошиловиы қорғады.Баяндама халыққа жарияланбады.Тек 35 жылдан кейін «Известия» газетінде баяндаманы ң толық мәтіні жарияланды.Хрущевтың бастауымен 1953-1955 жылдары ГУЛАГ жойылып, ондағылар азат етілді.Қорғамды басқару формасы «жоғарыдан төменге» принципіне сүйенді.Ендігі жерде «халық жауы» орнына «өзгеше ойлайтындар» айыбы тағылды. Шығыс Қазқстанның қарапаиым мұғалімі М. Елікбаев Хрущевқа Қазақстанның қазіргі хал ахуалы туралы хат жазады. 1957 жылы Елікбаев партия қатарынан шығарылып,жындыханаға жатқызылады. КСРО бойынша «өзгеше ойлайтындар» саны 90000 ға жетті.50 жылдарда прогресшіл бастамалардың іске аспау себептері:

Саясатты жүзеге асырудың ғылыми негізі болмауыХрущевтан бастап Кеңес басшылығының білімі мен саяси мәдениетінің төмен болуы.Хлықтың санасының жоғарлатуына ұмтылмауы. малаудын ұмтылыстары: жетістіктері мен қайшылықтары. 60-шы ж. Бәрәншә жартысындағы қоғамдық өзгерістердің саясаттың ерекше белгісі, оның қайшылығы мен жеке адамға табынуды жою процесінің нақты жетістіктері, сондай-ақ экономикалық дамудың белгілі бір табыстары еді. Сонымен қатар, бұл кездегі қияли, утопиялық жоспарлар, ішкі партиялық қоғамдық өмірді демократияландыруға қадамдар жасау және Н.С. Хрущевтің өзінің жеке басына табынудың күрт күшеюі сияқты қайшылықтар көрініс берді. 60-шы ж. Басында өнеркәсіп пен құрылысты экономикалық аудандардың халық шаруашылығы кеңестері арқылы басқару жүйесінің кемшіліктері біден-бірге айқындала түсті. Өнеркәсіпті басқаруда халық шаруашылығы кеңестерінде толып жатқан жаңа бөлімдердің құрылуы өнеркәсіп салаларының бөлшектенуіне әкелді. Өндірісті басқарудың, жоспарлау мен экономикалық ынталандырудың түрлері мен әдістері елдің өндіргіш күштерінің жаңа, неғұрлым жоғарғы дәрежесіне сай келмеді, олардың дамуын тежеді. Ауыл шаруашылығын ойдағыдай дамытудың орасан зор мүмкіндіктері дұрыс пайдаланылмады. Таза жер көлемінің азайтылуы тың жердегі егіншілікті жүргізуге зиянын тигізді, осының салдарынан Қазақстанда астық өндіру төмендеп кетті. Хрущев Қазақстанды сынақ алаңы ретінде пайдаланып, көптеген тың тәжірибелерді көп жүргізді.Көптеген қалалардың аттары өзгертілді мысалы Ақмола-Целиноград,ОҚО-Шымкент обл.,БҚО-Орал обл. болып өзгертілді. Қалыптасқан жағдайды түзеу және жол берілген қателіктерді жою жөнінде кезек күттірмейтін шаралар алған КОКП Орталық комитетінің Қазан1964ж. Пленумы өтті.Сонымен бірге жоспарлау мен экономикалық ынталандыру әдістеріндегі қате түзіле бастады. Осы жылдарда іске асырылған шаруашылық реформалар дәйекті жүргізілмегеннің өзінде де елдің экономикасын көтеруге ықпал жасады.1964-1965 ж. Қазақстанда халық шарушылығы кеңесі және экономикалық аудандардың халық шаруашылығы кеңестері таратылып, салалық одақтық-республикалық министірліктер иен кәсіпорындар бірлестіктері құрылды. Бұл реформаның маңызды элементі ауыл шаруашылығын басқарудың әкімшілік әдістерінен демократиялық әдістерге көшудің қажеттігін, сондай-ақ шаруашылық есепті кеңінен негіздеу еді. Бұл ауыл шаруашылығын жандандырды, халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуді жақсартуға игі әсерін тигізді.КОКП-ның 1965ж қыркүйек айында өткен пленумының шешімдері бойынша өнеркәсіп салаларын жетілдіру, жаңа техниканы енгізуге көңіл бөлінді.сонын нәтижесінде кәсіпорындар көрсеткіштері жоғарғы станцияларға айналды.Сөйтіп,8-ші бесжылдық Қазақстанның өндіргіш күштерінің дамыған кезеңі болды. Бесжылдықтың аяғына таман 445 ірі кәсіпорын мен цех, зауыттар мен фабрикалар жарақтандырылды. Өнеркәсіптің энергетика, түсті мен қара металлургия, мұнай өндеу, химия өнеркәсібі т.б. салалар ілгері басты.

Билет





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1068 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Большинство людей упускают появившуюся возможность, потому что она бывает одета в комбинезон и с виду напоминает работу © Томас Эдисон
==> читать все изречения...

1023 - | 835 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.