Лекции.Орг


Поиск:




Тыңдау барысында бұл не себепті басқаларды естімейміз?




Оған келесі факторлар:

1. Сөздің объемі, бұл күнделікті қойылатын бірақ назар салып қабылдауға мұрсат бермейтін ақпараттар. Күніне 3 сағат немесе көп ұстаздарды, достарды, отбасы мүшелерін тыңдаймыз.

2. Дұрыс тыңдау қиынға соғады: функциялық себептік, біз тезірек ойланымыз, айтпас бұрын.

Нашар тыңдаушылар типологиясы:

1. Өтірік тыңдаушы - тыңдап отырған кейіп танытқан адам.

2. Өзін жақсы көретін тыңңдаушы - адам тек өзін тыңдағанын қалайды, тыңдауға уақыты да, ниеті де жоқ.

3. Тыңдаушы құрастырушы - собеседникті соңына дейін тыңдамай, түсініксіз және қалып қойғандардың орнын толтыру үшін, логикасы мен жеке тәжірибесіне сүйеніп, оқиғалар мен реакция ойлап табады.

4. Тыңдаушы - ара - тек өзіне керектіні, өзіні қызықтыны ғана тыңдайды.

Тыңдау стилдері:

Рефлексивті емес тыңдау -ақпарат берушінің сөзіне жағаласпай, үндемей отырады. Маңызды: егер адам өзіне ауыр тақырыпта әңгіме қозғаса, тереңдегі сезім, қайғы мен ашуда жауап қайтару керек болғанда, реппиктер: "иә", "жалғастыр", "бұл қызық", "түсінемін", "Бұны естігеніме қуаныштымын!". Вербалды немесе вербалды емес жесттер, бас шайқау.

Рефлексивті тыңдау - естігенін дұрыс қабылдау үшін кері байланыс орнату тілді кеңінен қолданады. Рефлексивті жауап түрлері:

a) Түсіну - ақпарат берушіден қосымша ақпарат сұрау: "Қайталап жіберіңізші!", "Сіздің не айтқыңыз келді?" т. б.

b) Ақпарат берушінің сөзін өзіне тыңдаушының сөзімен айту, ақпаратты нақытлауға көмектеседі. "Сізді түсінгенім бойынша... " т. б.

c) Түйіндеу - ақпарат берушінің негізгі идеясы мен сезімдерін қорыту. " Менің түсінгенім бойынша, сіздің идеяларыңыздың негізі" т.б.

d) Эмпатиялық тыңдау - тыңдаушының ерекше түрі. К. Роджерс негіздеген, оның ойынша тыңдау арқылы индивидке өзінің жағдайы мен проблемаларын түсінуге, көмектесуге болады.

Розенберг эмпатиялық тыңдау блоктары:

1. Бақылайды: "Сен көрген кезде"

2. Сезінеді: "Сен осылай сезінетін шығарсың"

3. Неге зәру: Себебі, сен үшін маңызды"

4. Өтіну: "Сен қалар едің"

 

18. Педагогикалық конфликтерді сөндіру әдістеріне сипаттама беріңіз

 

Педагогикалық үдерісте тұлғааралық конфликттің мына түрлері жиі кездеседі:

§ Оқушы-оқушы

§ Педагог – оқушы

§ Педагог – мектеп ұжымы.

Оқушы-оқушы арасындағы конфликттердің себептері:

§ Әлсіздік, көре алмайшылық.

§ Бір-бірімен ынтымақтассыздығы.

§ Құндылықтарды әр түрлі бағалау.

§ Бағалай мен өзіндік бағалаудың адекватты еместігі.

§ Лидер болуға талас.

§ Сабаққа байланысты өзара түсініспеушліктер.

§ Ортақ заттарды бөлісе алмау,т.б.

Оқушы мен оқытушы арасындағы конфликттер көбінесе жоарғы сыныпта туындайды. негізгі себептері;

§ Оқытушы мен студенттер арасында жанжалдар салдары әділетсіз бағалауға байланысты туындауы мүмкін.

§ Оқуға байланысты кеісе алмайшылықтар.

§ Нақты талаптарды орындамау.

§ Сабақ уақытысына, тапсырманы орындауа кешігу, уақытты дұрыс ұйымдастыра алмау.

§ Оқуға еріну немесе мүлде оқымау, оқуды қаламау.

Оқытушы –мектеп ұжымы арасындағы конфликт. Мұғалымдер арасындаға конфликт себебі темперамент және сипаттағы ерекшелігі ғана емес, тұлғалық даму деңгейі төмен жағдайларда туындауы мүмкін. Оқытушы мен мектеп ұджымынының арасындағы конфликттің бірнеше себептері:

§ мұғалімдер арасындағы бәсекелестік, тек кәсіби қызметтің жоғары деңгейін жету, бұрын танылған билік.

§ мінез-құлық, жастарға тәжірибелі оқытушылар дәрежесін пайдаланып сес көрсетеді: олардың ойларымен, сабақ өту техникаларымен келіспейғ қарсы шығып, өздерінің әдістерін ұсынады, үйреткісі келіп тұрады.

§ Өзін көрсету үшін сабақты қолданбайды, бейресми шараларды қолданады мерекелерді, мысалға жарыстарға, мерекелік шараларға қатысу, осы жағдайда конфликт туындаы мүмкін туындауы мүмкін.

§ Көзқарастардың әртүрлігі немесе бір-бірінің әдістерімен келіспеген кезде.

§ Оқушыларын қорғау мақсатында да конфликтке түсуі мүмкін.

Шешудің бернеше жолы:

1. Конфликтен кету. Өз мүдделерін қорғағысы келмейтін кезде, шешім табу үшін бүрлескісі келмесе, өзінің позициясы жайлы айтудан қашса қолданылады. Бұл шешім жолы конфликттің нәтежиесі аса маңызды емес болғанда және немес жағдай тым ауыр болғанда, конф.шешу көп күшті қажет еткен жағдайда колданылады.

2. Бақталастық. Екі жақта өз мүдделері үшін күреседі. Қойған мақсатына жету үшін мүмкін болған заңды және заңсыз құралдардың бәрін қолданады, басқа қатысушылардың оған бағынышты екенінде пайдаланады.

3. Бейімделу. Оқушы өзінің қызығушылықтары мен мүдделерін құрбан ету арқылы оқытушысының қойған талабымен келіседі. Бұл жағдай конфликттің шешілуі оқушыға қарағанда мұғаімге маңызды болғанда, оқушы қар-қат сақтап қалғысы келген жағдайда қолданылады.

4. Серіктестік. Оқушы мен оқытушыны мүддеері ескерііп, екі жақ бірлесе отырып шешімге келеді. Шешім қабылдауда екі жақтыңкүші және үлесі тең болады.

5. Компромис. Конфликтіге қатысушылар екі жаққа да тиімді жолды дейді. Аралық шарт жасайды, мысалға бегілі бір уақыт аралығына дейін жасалынатын шарт. Сонымен қатар оқушының қойған шарттын қабылдау арқылы, оқытушы өзінің шарттарын қабылдатады.

 

 

19. Педагогикалық ұжымдағы қарым-қатынас ерекшеліктерін айқындап, дәйектеңіз

Педагогикалық қарым-қатынас дегеніміз –жалпы психологиялық заңдылықтарға тәуелді, адамның басқалармен арнайы формадағы байланысы. Бұл байланыстың мәні мен өзіндік ерекшеліктері бар. Олар –коммуникативті, интерактивті байланыстар және қоса ықпал ету мен танымдық мәндегі байланыстар. Педагогикалық қарым-қатынас –педагог пен оқушылар арасындағы әрекеттесудің сипатын анықтайтын оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты мен міндеттерін жүзеге асырудың құралдары мен әдістерінің жиынтығы. Педагогикалық қарым-қатынастағы маңызды сапалар:

- адамдармен жұмыс істеуге мүдделі болу, оны қажетсіну мен оны жүзеге асыра алу –үйірсектік, байланыс орната білу, байланыстың сапалығы. Осы байланыстар нәтижесінде адамның мәмілесі (отношение) қалыптасады;

- адамдарды түсіну қабілеті мен жылы шырай таныта алу (эмоционалдығы);

- икемділік, қарым-қатынас шарттары мен ахуалына байланысты жылдам және дұрыс бағыт ұстану, қарым-қатынас жағдайларына байланысты сөйлеу барысын, студенттердің ерекшеліктерін табан астында ескере алатын шығармашылық қабілет;

- қарым-қатынастағы кері байланысты түйсіну мен оны қолдай білу;

- өзін басқара білу: психикасын, сезімін, дауыс, дене қимылдары мен ым-ишарасын, жаңсауларын, көңіл күйін, ойлауын басқаруы мен денесіндегі шымырқануды жою;

- дайындықсыз, табан астынан пайда болған қарым-қатынасқа қабілеттілік;

- педагогикалық ахуалдарды, өз ықпалының салдарын болжау;

- тікелей қарым-қатынасқа қабілеттелік: мәдениеттілік, сөйлеу қабілетінің дамығандығы, сөз байлығы, тіл құралдарын дұрыс пайдалану;

- педагогикалық бастан кешу өнері: студенттерге қажетті бағытта ықпал ету үшін ұстаздың өмірлік тәжірибесін табиғи түрде бастан кешу;

- педагогикалық суырып салмалық қабілет: ықпал етудің әртүрлі құралдарын пайдалана білу –сендіру, иландыру, нандыру, басқа да амал-тәсілдерді пайдалану.

Педагогикалық қарым-қатынас үлгісі (үлгісі). Педагогикалық қарым-қатынас –ұстаздың ықпал етудегі ниеті мен арманын, мақсаты мен мұратын жүзеге асырудағы басты құралым мен тәсілдердің жүйесі. Қарым-қатынас орнатудың бірқатар үлгілері бар: ақпараттандыру, нандыру, шұғыл (экспрессив), иландыру, дәсүрлі. Төменде олардың әрқайсысы жекелеп қарастырылады. Педагогикалық қарым-қатынастың ақпараттандыру үлгісі. Мұндай үлгі көбінесе ақпарат беру және алу үшін қолданылады. Демек, оқу үрдісіндегі оқушы мен оқытушының қарым-қатынасы осы үлгіге негізделеді. Мұнда жаңа мәлімет беру, ахуалды түсіндіру, оның жаңа тосын тұстарын түсіндіру іске асырылып, дәлелдер, айғақтар, статистикалық мағұлматтар, т.б. келтіріліп, жаңа білім қалыптастыру не болмаса тосын жағдайдың ұтымды шешімін табуға алғышарт жасалады. Ал адамдар тобы не ұжымға мағұлмат беруде (дәріс, семинар, сыныптағы сабақ) жалпы ұстанатын ереже бар. Мысалы, сабақты тоқтатып, кетіп қалуға болмайды; іскерлік қарым-қатынас кезінде жұмысты жарты жолда тастап кетуге, ахуалды аяқ астынан өзгертуге, мысалы, қайталауды, басынан бастауды, тоқтатуды талап етуге болмайды. Басты лектор не пікір айтушының сөзін бөлуге болмайды. Сондықтан мәлімет беруден бұрын оны жақсылап біліп алу, жеткізу тәсілдерін, тыңдаушыларды қызықтыратын тұстарын баса көрсету абзал. Педагогикалық қарым-қатынастың ақпараттандыру үлгісі –баяндама, мәлімет беру, айтып беру, әңгімелеу, дәріс, сабақ, семинар, консультация, реферат, т.б. Бұл жерде оқу, телерадио, компьютер, интернет, белсенді тақта, тағы басқаларды пайдалану ұтымды.
Педагогикалық қарым-қатынас ерекшеліктері, бәрінен бұрын, оның бағыттылығынан көрініс табады. Ол әсер етудің өзіне және оқушыларға тұлғалық қалыптасу мақсатында ғана емес, сонымен қатар, педагогикалық жүйенің де негізгісі болатын оқу білімін игеруді ұйымдастыруға және осының негізінде қабілетті қалыптастыруға да бағытталады. Осының әсерінен педагогикалық қарым-қатынас үш түрлі бағыттылықпен сипатталады – оқудың бірлескен әрекетінің өзіне, оқушыларға (олардың маңызды жағдайы, дамудың перспективалық сызықтары) және игеру (меңгеру) пәніне бағытталады.

Мұнымен бірге, педагогикалық қарым-қатынас субъектілерге қатысты да үштік бағыттылығымен анықталады: тұлғалық. әлеуметтік және пәндік. Бұл мұғалімнің оқушымен бір оқу материалын игертуде әрқашан оның нәтижесін сыныптағылардың барлығына бірдей бағыттауынан, яғни әрбір оқушыға әсер етуінен болады. Сондықтан, педагогикалық қарым-қатынастың ерекшелігі аталған сипаттамалардың барлық жиынтығында көріне отырып, өзіне тұлғалық бағытталған және пәндік бағытталған қарым-қатынас элементтерін органикалық үйлестіруімен сипатталады.

Педагогикалық қарым-қатынастың сапасы, бәрінен бұрын, оның тәрбиелік функцияны қосатын арнайы оқыту функциясын жүзеге асыруымен анықталады. Өйткені тиімді білім беру үрдісінің мекемесі үшін оқытудың тәрбиелік және дамытушылық сипаты тән. А.А. Брудон бойынша, оқытушылық функция қарым-қатынастың қарым-қатынастың трансляциялық функциясымен сәйкестіріндіріледі. Педагогикалық қарым-қатынастың оқытушылық функциясы басты болып табылады, бірақ ол басқарушы емес, ол оқушылар мен мұғалімдердің, оқушылардың бір-бірімен жан-жақты қарым-қатынасының табиғи бөлігі болып табылады. Педагогикалық қарым-қатынас «адам-адам» сызбасымен сипатталатын адамдар қарым-қатынасының арнайы мінездемесін көрсетеді (Е.А. Климов бойынша).

Ескерте кетейік, бұл кәсіп тобының негізгі сипаттамаларының арасында келесілер бөлініп шығады:

1. басқару, оқыту, тәрбиелеу, «адамдардың әртүрлі қажеттіліктеріне қызмет көрсетуде пайдалы әрекеттер жасау» қабілеті

2. тыңдау және тыңдай білу қабілеті

3. кең өріс

4. сөздік (коммуникативтік) мәдениет

5. «тәрбиеге қарай ақылдың жанды басқаруға қарай бағытталуы, сезімнің, ақылдың және адам мінезінің көрінуіне байқампаздық, адамға өзінің ішкі әлемін немесе өзіне таныс біреуін теліп емес, оның өзінің жеке әлемін ойша елестету, үлгілеу қабілеті»

6. «адам әрқашан жақсырақ жасай алады деген, сенімділікке негізделген адамға жетудің проекциялық тәсілі»

7. қосыла уайымдау қабілеті

байқампаздық т.б.

Қарым–қатынас тұтастай жүзеге асырылу керек: ақпарат алмасу, өзара қатынастарды ұйымдастыру, баланың жеке тұлғасын және өзара әсерді ұйымдастыру. Егер бұл функциялардың ішінен қарым–қатынас үдерісінде біреуі таңдалса, қарым–қатынастың біртұтас жүйесі бұхылады, қарым–қатынас механизмінде іркілістер пайда болады.

Педагогикалық қарым-қатынас субъектілері - адамдардың жоғарыда қарастырылған жас, тұлғалық ерекшеліктерімен, өмірлік тәжірибесімен, ұстанымдарымен сәйкес ерекше сипатқа ие педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастыру міндеті оқытушының кәсіби, әлеуметтік, психологиялық мәдениетінің жоғары болуын ғана емес, тұлғалық кемелденуін де талап етеді. Педагогикалық, психологиялық зерттеулерде (В.А.Кан-Калик, Г.А. Ковалев т.б.) педагогикалық қарым-қатынас тұлғаның қалыптасуы онсыз жүзеге аспайтын тұтас категория ретінде қарастырылады


 

 

20. Қарым-қатынастың вербальды емес құралы және оның түрлерін жіктеңіз

Вербальды емес қарым-қатынас құралдары:

- Кинетика (мимика, жест, жүріс, визуалды қатынас)

- Просодика және экстралингвистика(интонация, дауыс жоғарылығы, тембр, үзіліс, күлкі)

- Токесика(тактикалық ара қатынас)

- проксемика (бағытталу,қашықтық, яғни қарым-қатынастағы кеңістік ұйымдастыру)

Вербальды емес коммуникацияның ішінен кинетикалық белгілер жүйесіне мимика, қол, дене1 қимылы жатады. Мимика дегеніміз- қарым-қатынас кезіндегі беттің құбылысы. Ым –ишара дегеніміз- психикалық күйді байқататын әлеуметтік қалыптасып қалған қимыл.
Коммуникацияда оптикалық-кинетикалық белгілер жүйесінің мәні өте зор, көлемі кең, сондықтан қазіргі кезде бұл саланы зерттейтін зерттеу саласы бар, ол- кинестика. Мимика – сезім көрсеткішінің негізгісі. Жағымды эмоциялар жеңіл байқалады, мысалы, бақыт, махаббат және таңдану. Қамығу, ашу, жек көру сияқты жағымсыз эмоцияларды қабылдау қиын болады. 20 000 бет қимылы бар. Мимика мен мінез-құлық, жүріс-тұрыстың элементі ретінде күлімдеу түрлі ұлттық мәдениетке байланысты. Мысалы: оңтүстік адамдары солтүстік адамдарына қарағанда жиі күледі.
Дене қимылы- психологиялық ақпарат берудің негізгі көзі. Көптеген дене қимылдарына қарай отырып біз адамдардың қалпын, ішкі жағдайын, олардың озара қатынасын байқауға болады. Дене қимылдары кейде вербальдық ақпараттың мәнімен сәйкес келмеуі мүмкін, бірақ дене қимылының шындық болатынын байқауға болады. Сондықтанда дене қимылының қарым-қатынаста маңызы өте зор.
1. “Жабық поза”- мұнда адам денесімен алдыңғы бөлігін жабуға және кеңістікте неғұрлым аз оран алуға тырысады (психологиялық дискомфорт), тығылып, иығына басын тығып, аузын жабады.
2. “Ашық поза”- қол ашық, екі жаққа жайылған, аяқ сәл ашық, сенім, келісім,жылышырайлықты білдіреді.
3. “Қорғану”- кеудеге қолды айқастыру. Мұны ата-анасының айтқанын жоққа шығарушы балалар, өзінің құқын қорғаушы қарттарда жиі қолданылады.
4. “Бағалау”, “Сынау”- иек алақанға сүйенген, сұқ саусақ бетке созыла орналасқан, қалғандары ауыздың астына қарай орналасқан. Егер бұл сәл еңкеюмен бірге болса, онда сын негативті. Егер бас сәл бір жаққа қарай қисайса, ол қызығушылықпен байланысты.
5. “Дайындық”- қолды мықынға қою дайындықтың бірінші белгісі. Мұндай позаны жарыс кезінде спортшылардан өз кезегін күту кезінде жиі көруге болады.
Орындықтың шетіне отыру- әрекетке дайындалып отырғанды білдіреді.
Адамдармен қарым-қатынасқа түскенде:
- онаң сыртынан, арқасынан сөйлесуге болмайды, себебікейбіреулердің арқасынан қорғануы жоқ болады, оларды бірінші партаға отырғызуға болмайды.
- олардың төбесінен қарауға болмайды, себебі олар өздерін кіші, төмен сезінеді.
- отырып-тұрып тұрған адаммен сөйлесуге болмайды, себебі менсінбеуді білдіреді, позалардың тең еместігі.
Қозғалыстан адамның ішкі жағдайын, оның жеке дара ерекшеліктерін(жынысын, жасын, темперамент типін) білуге болады:

1. ең ауыр қозғалыс ашу кезінде болады.

2. жеңіл қозғалыс қуаныш, мақтаныш кезінде болады.

Нашар көңіл-күйде қол салбырап тұрады,жақсы көңіл күй кезінде ұшатындай жүріспен қозғалады.
Соңғы кездерде психологиялық зерттеудерде қарым-қатынас жасаушылардың аралығындағы қашықтықтың, партнерлардың отырысының коомуникативтік мәніне көңіл аударылуда. Америкалық қарым-қатынас психологиясында бұл бағыттағы зерттеулергепроксемикка деп ат қойылды. Төрт түрлі ара қатынас бар:1.көңілдестік,2. жеке бастық,3. әлеуметтік,4. көпшіліктік. Алғашқы екі қатынас жақын, достық байланысты аңғартады, ресми байланыстағы адамдар әлеуметтік қатынасты ұстанады, көпшіліктік арақатынас- бөтен адамдармен араласу. Жеке адамдар арасындағы қашықтық әр ұлтта және мәдениетте әртүрлі. Мысалы: mini американдықтарда, maxi жапондықтарда. Әр адаммен өзінің арақатынасы болады.
0-0,5м- өте жақындық, көңілдестік қатынасқа сәйкес келеді. Сонымен қатар спорттың кейбір түрлерінде денелерді түйісу болады. Мыс:күрес т.б.
0,5-1,2м - жеке адамдар арақатынасы қашықтығы, достар арасында болады.
1,2-3,7м - әлеуметік-қызметтік қарым-қатынас аймағы.
3,7м-жоғары - көпшіліктік арақатынас. Бірнеше сөзбен алмасу немесе қарым-қатынас жасаудан қашу.
Паралингвистика және экстралингвистика белгілер жүйесі вербальды коммуникацияға қосымша ретінде қолданылады.
Паралингвистикалық жүйе- бұл дауыстың қасиеті, оның диапазоны, дауыс тоны.
Экстралингвистикалық жүйе
- сөз арасындағы кідірістер, жөтелу, жылау, күлу, сөз темпі, т.б.
Дауыс тонынан ашу және қайғыны жеңіл байқауға болады, ал ашу және қызғанышты тану өте қиын. Дауыс тоны серіктес адамның сезімін түсінуде негізгі роль атқарады.
Дауыс күші мен биіктігі де кейбір сезімдерді анықтауға мүмкіндік береді. Мыс:ашу, қорқыныш, қуаныш, сенімсіздік биік дауыспен берілсе, мұң, қайғы және шаршағандық жұмсақ және төмен дауыспен беріледі.
Сөздің жылдамдығы да сөйлеушінің сезімін білдіреді. Өзінің басындағы қиындықты айтқанда, қобалжып тұрғанда адам тез сөйлейді. Баяу сөйлеу қайғыда, көкіректік немесе шаршаған кезде болады.
Күрсіну, жөтелу, кідіріс жасаудың да сезімді білдіруде маңызы өте зор.
Коммуникативтік процесте қолданылатын келесі арнаулы белгілер жүйесі- бұл көзбен қарым қатынас жасау (визуалды қатынас). Сөйлеушіге қарау қызығушылықты ғана білдірмейді, сонымен қатар бізге не айтып тұрғанға да зейінімізді шоғырландырғанды да білдіреді. Адамдарға жағымды тақырыпты талқылауда визуалды қатынасты ұзақ ұстаған жеңіл. Егер жағымсыз мәселені талқыласақ бір-біріміздің көзімізге қарамауға тырысамыз. Мұнда визуалды қатынастан бас тарту әдептілік білдіреді және сөйлеушінің эмоциялық жағдайын түсінгендікті білдіреді. Себебі мұндай кезде көз алмай қарау жағымсыз сезімдерді тудырады. Сонымен қатар көз алмай қарау жауласудың белгісі деп те қабылданады. Визуалды қатынас бір-бірін ұнататын адамдар адамдар арасында жиі кездеседі. Көбіне сөйлеуші алыс қашықтықта болғанда визуалды қатынасқа түсеміз, сөйлеуші жақындаған сайын визуалды қатынастан қашуға тырысамыз. Визуалды қатынас әңгіме барысын реттеп отыру үшін қажет. Егер сөйлеуші көзін біресе тыңдаушыға, біресе басқа жаққа әкетсе, онда сөйлеуді әлі бітірмегені. Сөз алғанда сөйлеуші тыңдаушыға тік қарайды. Сөйтіп ол сөз кезегін тыңдаушыға бергенін білдіреді

21. Іскерлік этиканың негізгі ұстанымдарын сипаттаңыз

Іскерлік қарым – қатынас белгілі бір мінез – құлықтық қағидаларға сүйенуі керек, олардың ең басты қағидалары болып келесілер табылады:

1. іскерлік байланыстың негізінде жеке мүдделер мен өзіндік қызығушылықтардан басқа іскерлік қана қызығушылықтар болуы керек;

2. адамгершілік;

3. мейірімділік, яғни адамға мейірімділік жасау қажеттігі;

4. құрмет көрсетушілік, яғни қарсы тарапқа деген құрмет.

Этикет ережелерін қатаң түрде сақтау - өзін - өзі ұстау мәдениетінің маңызды талабы. Кәсіби такт – бұл қарым – қатынас кезінде басқаларға деген шыдамдылық, мұқияттылық және әдептілік танытудың үлгісі. Шетел азаматтарымен іскерлік қарым – қатынас жасаудың негізгі қағидалары мен ережелері дипломатиялық хаттамамен белгіленеді. Шетел делегацияларын қабылдау мен қарым – қатынас жасау кезінде, келіссөз бен келісім шартқа қол қойған кезде, мереке күндері құттықтап, қаралы күндері көңіл айту – бұл дипломатиялық хаттама нормаларының сақталуын білдіреді. Қабылданған нормалардан қандац да болмасын бас тарту мемлекеттердің абыройына нұқсан келтіру сияқты бағаланады. Тіпті белгісіз бір кеткен қателік қасақана жасалған қорлауға тең. Қазіргі кезде мемлекеттер қарым – қатынастарының арасында 1991 жылы қабылданған «дипломптиялық қарым – қатынас туралы Вена Конвенциясы» бар. Дипломатиялық хаттаманың ережелері «халықаралық әдептілік» қағидасына негізделген, яғни мемлекетті таныстырып, көрсеттетін құрметтеулер мен қадірлеулердің барлығын сақтауды білдіреді

Хаттамамен шет мемлекетке келген ресми тұлғалардың өзін - өзі ұстауы, ресми жағдайларда киінуі және т.б. белгіленеді. Халықаралық этикет нормаларынан ауытқу шетелдік әріптестермен тек қана бейресми мәні бар, қызметтен тыс жағдайларда ғана жол беріледі. Бірақта осындай қарым – қатынас кезінде әдепсіздік таныту сияқты бағаланатын жағдайлардан аулақ болған жөн. Қызметтік немесе қоғамдық кездесу мен өзара сөйлесу барысында сыйлық сыйлау туралы ой келеді. әр бір мекемеде өздерінің сыйлық силау ережелері қалыптасқан дәстүрлері болады, бірақ осындай дәстүрлерге қарамастан барлығына ортақ негізгі ережелер де бар. Егер сізді біреу үйіне түстенуге немесе қонаққа шақырған болса, онда кішігірім сыйлық алып барған жөн. Сыйлық кімге сыйланса сол адамның талғамына байланысты болуы керек. Сыйлық қабылдар кезінде өзіңізді келесідей ұстауыңыз тиіс. Сыйлаған сыйлық қандай түрде болмасын оны қонақ кеткенге дейін ашпау қажет, себебі сыйлық туралы ойламаған басқа адамдарды ыңғайсыз жағдайға қалдыруыңыз мүмкін. Сыйлықты алғаннан кейін құр ризашылық аз болады, сондықтан өз ризашылығыңды ашық хат арқылы білдірген жөн. Іскерлік қарым-қатынас қандайда бір принциптерге негізделген, олардың ішіндегі негізгілері мыналар: іскерлік байланыс негізінде іске деген ниет білдіру, бірақ ол жеке және өзінің

· амбициясына байланысты болмауы керек; адалдық, ол өтірікке баралмайтын, әдепті сондай-ақ адамгершілік сапасын тудырады;

ақ-ниет, ол адамдарға жақсылық жасау қажеттілігі (жақсылық-этиканың бастыкатегориясы).

қадірлеу (сыйлау), сөйлеушінің беделін қадірлеу. Ол адамның ізеттілігі, тактикалық ескертпелері, мейірімділігі бұның бәрі сыйластыққа немесе қадірлеуге жатады.

Этикет – бұл тәртіптің негізгі нұсқауы және қоғамдағы тәртіп. Этикеттің нұсқаулар ең біріншіден мәдениеттілікті көрсетеді.

22. В. Кан – Калик бойынша қарым-қатынас стадияларын жіктеңіз.

В.А. Кан-Калик педагогикалық процесте қарым – қатынас арқылы байқалмайтын, бірақ өте маңызды тәрбиелік өзара қатынастар жүйесі қалыптасатынын, және оның ЖОО-да тәрбиелеу мен оқыту тиімділігінің арттыратынын айтқан. Оның ойынша, қарым – қатынас адамгершілік-құндылық потенциялға ие. В.А. Кан-Калик қарым – қатынас функцияларын ішкі және сыртқыға бөледі. Олардың әрқайсысы құрамдас бөліктерге ие. Сыртқы: ақпараттық-коммуникативті, тұлға аралық қатынастардың өзара танымды етіп ұйымдастыру,бейімделу. Ішкі: эстетикалық, дәмдік, мінез-құлықтық, әдептік.

В.А. Кан-Калик кәсіби-педагогикалық қарым-қатынастың 4 стадиясын бөліп көрсетті:

1) тәрбиеленушілермен болатын қарым-қатынасты жобалау немесе модельдеу

2) тікелей қарым-қатынасты ұйымдастыру

3) педагогикалық процесстегі қарым-қатынасты басқару

4) қарым-қатынастың іске асырылған жүйесін анализдеу және жаңасын жобалау.

Немесе бұл процессті мынадай реттілікпен көрсетуге болады:

1) Коммуникация алдындағы фаза

2) Үш кезеңнен тұратын коммуникативті фаза: алғашқы әсер қалдыру; зерттеу кезеңі; қарым-қатынас кезеңі

3) Посткоммуникативті фаза

 

В. А. Кан-Калик Тәрбиелік әсердің нәтижелігіне байланысты педагогикалық қарым-қатынас стильдері:

- бірлескен шығармашылық қызмет негізнде – бұл стиль мұғалімнің кәсіби қызметі мен этикалық көзқарастарының бірлестігіне негізделеді.

- жолдастық байланыс негізінде – жолдастық байланыс, әсіресе педагогикалық қарым-қатынастың маңызды реттеушісі. Алайда қарым-қатынас үдерісінде кез келген эмоциялық көңілдің сияқты да жолдастықтың да шегі болуы қажет. Кері жағдайда ол оқыту тәрбиелеу үдерісінде теріс нәтиже беруі мүмкін.

- қашықтық қарым-қатынас – мұғалім мен білім алушы арасында әрқашан қашықтық байқалады, оқытуда- бедел мен кәсібилікке, тәрбиелеуде – жас пен өмірлік тәжірибеге нұсқау арқылы көрінеді. Бұл стиль шығармашылық ортаны құруға мүмкіндік бермейді.

- қорқыту қарым-қатынасы – қарым-қатынастың жағымсыз түрі. Көбінесе мұны мұғалім қызметін жаңадан бастаушылар қолданылады. Бұл тиімді ортақ қызметті ұйымдастыра алмаушылықпен түсіндіріледі.

- әзілдесу қарым-қатынасы – білім алушыда «оңай» бедел алуға тырысуға негізделеді, мұндай қатынас өз кезегінде педагогикалық этика т алаптарына қайшы келеді. Бұл стиль бір жағынан білімгермен тез байланыс орнатуға деген құштарлықпен, екінші жағынан педагогтық және коммуникативтік мәдениеттің жоқтығымен сипатталады.

 

23. И. Гофман бойынша тиімді тыңдау кедергілеріне сипаттама беріңіз

И. Гофман тыңдаушының коммуникациялық процесске қатысуына қиыншылық тудыратын уайымшылдықтың 3 түрін бөліп көрсетеді:

· Біріншіден, сыртқы алаңғасарлық, адам маңызды деп есептейтін заттарға назар аудармайды себебі көңілі басқа нәрселерде болады. Ол топтың басқа адамдарымен достық қарым-қатынас орнатуға әкелмейді. Ол осы топтың шекарасынан тыс жерге назар салады.

· Өзімшілдік – адамның тек өзіне деген уайымшылдығы оған әңгімеге толығымен берілуге кедергеі келтіреді

· Іс-әрекетке берілгендік – адам топта оның қарым-қатынасы қалай қалыптасатындығына берілгені соншалық ол әңгімеге еру қабілетін жоғалтып алады.

 

 

24. Іскерлік қарым-қатынастың топтық түрлерін жіктеңіз

Iскерлiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының iске деген тұлғалық ерекшелiгi, мiнезi, жасы, көңiл-күйi ескерiледi. Сонымен бiрге оның iске деген қызығушылығы мәндiк маңызды орын алады.

Іскерлік қарым-қатынас –мекеме, кәсіпорын, өндіріс,өнеркәсіп саласында қызмет істейтін кісілердің өзара және басқа да қызмет барысындағы адамдармен пікірлесуі, келіссөз жүргізуі, келісім шарт жасауы, қажетті құжаттар алмасуы нәтижесінде болатын әрекет.

- Енді іскерлік қарым-қатынастағы әдебіне яғни, (этикасына) келетін болсақ,сөйлеушінің *өз ісіне жауапкершілікпен қарауынан, *өзін-өзі ұстауынан, *сыпайылығынан, *өжеттілігінен, *батылдығынан, *тартымды, *жағымды сөйлеу мәнерінен көрінеді

Іскерлік қарым-қатынастағы топтық ықпалдастық — топішілік қатынас бірлігі, ортақ құндылықтар, өзара қарым-қатынастарды тиімділеу мәселелерін реттеу, құрылымдау процесі. Балалар ұжымында топтық ықпалдастық қоғамдық пікір мен ішкі ұжымдық адами қатынастар көріне бастаған кезден бастап пайда болды. Топтық динамика әлеуметтік психологиядағы зерттеу бағыттылығы: әр түрлі топтардағы пайда болу, функционалдығы және даму үрдістері. Топтық іс-әрекет — адамдардың іс-әрекетіне, топқа кіретін әлеуметтік және әлеуметтік-психологиялық феномен, қарым-қатынас нәтижесі. Топтық іс-әрекет мақсатына қарай: ұжымдық әрекет, біріккен әрекет, бірге жасалған және бірмезгілдік әрекет деп бөлінед

 

 

25. Педагогикалық қарым-қатынас стильдерін жіктеңіз

Психология және педагогика ғылымындағы зерттеу жұмыстарына сүйенетін болсақ, қарым-қатынастың төмендегі бірнеше стилдерін атап өтуге болады:

- авторитарлық стиль;

- өктемдік стиль;

- демократиялық стиль;

- дистанциялық стиль;

- немқұрайлық стиль;

- ойнақы-қалжыңға негізделген стиль; - аралас стиль

Педагогикалық қарым-қатынастың мақсаттары туралы айта отырып, отандық зерттеуші А.Б.Орлов «мұғалімнің тұлғалық центрациясы» деген терминді қолданды, оның ойынша ол педагог іс-әрекетінің жүйе құраушы мінездемесі болып табылады, оның көптеген көрінулерін анықтайды: педагогикалық стиль, қатынас, әлеуметтік перцепция (14). Сөйтіп, педагогикалық іс-әрекет мұнда сонымен қатар рухани-дүниетанымдық компоненттен бастап сипатталады.Орлов әрбіреуі педагогикалық іс-әрекетте басыңқы бола алатын негізгі жеті центрацияны бөліп көрсетеді: эгоистік (өзінің ”Мен” қызығушылығында), бюракратиялық (администрацияның, басшылықтың), конфликтік (әріптестерінің қызығушылығында), авторитетті (ата-ананың, қатысушылардың), танымдық (оқыту және тәрбиелеу талаптарында), альтруистік (қатысушылардың қажеттіліктерінде), гуманистік (өзіндік мән мен басқа адамдардың-администратордың, әріптестердің, ата-аналардың, қатысушылардың мәндерінің көрінулерінде).Орлов бойынша центрация тәлімділік іс-әрекетінің әдісі мен сәттілігін анықтайды. Басқа отандық зерттеушілер, бағдарлардың маңыздылығын мойындай отырып, көбінесе сабақ беруде қолданылатын тәсілдерге шоғырланады. Н.К.Марков пен А.Я.Никонованың ойынша педагогикалық стильдің негізінде мазмұнды сипаттамалар (педагогтың өз еңбегінің процесі мен нәтижелігіне бағдары, өзінің еңбегіндегі бағдарлық және бақылаушы-бағалаушы кезенін ашу, әдістемелілігі мен импровизациондылығы), динамикалық сипаттамалар (икемділік, тұрақтылық, бір нәрседен келесі нірсеге көңіл ауысымдылығы) және нәтижелілік (оқып жатқандардың білімдерінің деңгейі мен оқытудың дағдысы) жатыр. Авторлардың зерттеулері көрсеткендей педагогтың индивидуалды стилінің қалыптасу процесінде стильдің мазмұнды сипаттамалары өзгеруі мүмкін, ал динамикалық сипаттамалардың өзгеруі, яғни эмоционалдылық пен саналылықтың өзара өтуі анықталған жоқ.

Маркова мен Никонова 4 педагогикалық стильді бөліп көрсетті: эмоционалды - импровизационды, эмоционалды - әдістемелік, импровизационды - пайымдаушы, пайымдаушы - әдістемелік. Эмоционалдылық оқушылармен жақсы контактіде болуды, педагогтың бірегей іс -әрекетке қатысуын, экстраверттілікті топшалайды. Пайымдаушы стильдер мотивациядан гөрі саналыққа және заттың логикасына жүгінеді.Сабақ берудегі импровизация оқытушының үйдегі дайындылығының нашарлығын болдырады, бірақ сабақтар педагогтардың шабыты секілді ситуативті өзгергіштеріне тәуелді бола алады. Ал әдістемелік жақсы құрастырылған бағдарлама бойыншы құралған оқытудың тұрақтылығы мен жоспарлылығын қамтамасыз етеді, нәтижесінде педагог “оқыту машинасына” айналып, оқытылу курсына субъективті ештенесін әкелмеуі де мүмкін. Сөйтіп, сабақ беруде де мәнді индивидуалды аралық вариативтілігі болады, соның арқасында әрбіреу өзіне іс-әрекеттің адекватты тәсілін құрап алуы мүмкін

 

 

26. Кәсіби іс-әрекеттегі педагогтің коммуникативті мәдениетінің ерекшеліктерін сипаттаңыз

Қазіргі замандағы мұғалімнің комуникативтік мәдениеті ол ізгілендіру бағытындағы жеке-дара және күрделі әлеуметтік жүйе.
Мұғалімнің коммуникативтік мәдениеті - бұл оның кәсіби қызметі мен міндетінде, әлеуметтік- педагогикалық іс-әрекетінде жеке дара шығармашылық пен ізгілендіру бағытындағы көрінісі. Атап айтқанда ойлау, бірлескен іс-әрекет, сөйлеу мәдениеті, өзара қарым-қатынас мәдениеті, педагогтың коммуникативтік қарым-қатынасының нәтижесі т.б.
Педагогтің мәдени қарым-қатынасы:этикалық, шыншылдық, шынайы және сенімділік қарым-қатынасы, адамға деген сенім, балаға деген махаббат пен сыйластық, бірлескен іс-әрекет атқаруға қабілеті, ұжыммен жұмыс істей білуі, оқушының ата-анасымен дұрыс қарым-қатынас жасай алуы.
Кәсіби компоненті:таңдаған мамандығына деген тұрақты қызығушылығы, оқу- тәрбиелеудегі әдіс-тәсілді дұрыс қолдана алуы, баланың психологиясын білуі, өз пәнін жетік білуі, эрудиция, дауыс пен ым және базынаның болуы.
Психологиялық компоненты: педагогикалық ойлау, қиялдау, бақылау, ерік-жігер, сабақ берудегі қызығушылығы, шығармашылығы, уайымдау қабілеті, оқушының жеке тұлғасына қатысты іс-әрекеттің нақтылығы.

Сынып жетекшісінің атқаратын коммуникативтік қызметі:
• оқушылар арасында өзара қарым-қатынас қалыптастыру, ұжымға үйренуге, қатарларының арасындаөзін қанағаттандыратын статусқа ие болуға көмектесу;
• "оқушы-оқушы, оқушы-ата-ана, ата-ана-оқушы арасындағы өзара қолайлы байланысты орнату;
• оқушылардың қоршаған ортамен қолайлы қатынас орнатуы;
• ұжымда әр оқушыға қолайлы психологиялық ахуал орнатуға үлес қосу.

Педагогтің коммуникативті мәдениетін дамытуға педагогикалық тренинг, әлеуметтік-психологиялық тренинг (танымдық, эмоционалдық, кәсіби бағытта жүзеге асады), интерактивті семинар, коммуникативті түзету әдістемесі, коммуникативті шығармашылық және коммуникативті философия әсер етеді.
Педагог коммуникативті мәдениетін дамыта отырып өзіне не алады? Білімділікті, ұсталықты, берекелілікті, жауапкершілікті, және іскер сапаларын яғни, кәсіби білімін жетілдіре алады.
Қазіргі заман талабына сай педагог оқыту –тәрбиелеу барысында коммуникативті мәдениетті іс-әрекет арқылы ғана адами құндылықтарды дамыта отырып жеке тұлғаның бойына сіңіруі қажет. Сонда ғана жеке тұлға мына өзгермелі, өркениетті заман талабына төтеп бере алады.

Педагогтың білім мен ақпаратты тасымалдаушы ғана болуы бүгінгі күнде жеткіліксіз. Бүгінгі мұғалім жоғары педагогикалық және психологиялық мәдениетті игеруі тиіс.

Психологиялық мәдениетке: адамның психологиялық саулығы, өзін-өзі және басқа адамды тануы, өзінөзі ұстауы және қарым-қатынас жасау мәдениеті жатады.

Педагогикалық бағыттағы мәддениетке: адамның бірлескен ғылыми, моральдық, әлеуметтік, көркем және техникалық құндцылықтар жасаудағы қарым-қатынас жиынтығы, яғни адам тұлғасына бағытталған өзін-өзі танып білуі немесе руханиөмірбаяны.

Адамның мәдениеттілігінің негігісі:

Әріптестермен, туыстарымен, таныстарымен, өзге адамармен қарым-қатынас жасай білу.

Кәсіби педагогикалық мәдениеттің мазмұның тұлғаның кәсібилік сапа компонеттері мен функцияларын ашуға болады:

· Аксиологиялық компонент

· Технологиялық компонент

· Жеке шығармашыл компонет

Кәсіби-педагогикалық мәдениеттің мәнін түсіну үшін, мынадай ерекшеліктерін білу керек:

1.Кәсіби-педагогикалық мәдениет - әр түрлі формада көрінетін педагогикалық шындықтың сипаттамасы.

2.Кәсіби-педагогикалық мәдениет–ол құрылымдық-функционалдық компонеттері бар, өзіндік ұйымы бар, қоршаған ортамен өзара әрекет ететін жүйелі білім беру.

3.Кәсіби-педагогикалық мәдениеттің талдау бірлігі шығармашылық педагогикалық әрекет.

4.Кәсіби-педагогикалық мәдениетті жүзеге асыру және қалыптастыру ерекшеліктері дара шығармашылық, психофизиологиялық және жас ерекшелік, жеке тұлғаның әлеуметтік-педагогикалық тәжірибесімен шарттасып жатады.

әсіби-педагогикалық мәдениеттің технологиялық компонентіне мұғалімнің педагогикалық әрекетінің құралдары мен тәсілдері енеді. Педагогикалық мәдениеттің құндылықтары мен нәтижелері жеке тұлға нәтижесінде құрылады. Педагогикалық әрекеттің гуманистік бағыттылығы жеке тұлғаның рухани қажеттілігін қанағаттандыру механизмін зерттеу мүмкіндігін береді. Педагогикалық әрекетті технологиялық әрекет деп атаймыз. Осыған байланысты педагогикалық әрекеттің операциялық талдануы қажет, ол педагогикалық есептерді шешу ретінде қарастырылады. Педагогикалық технология педагогикалық мәдениеттің мәнін түсінуге көмектеседі, тарихи өзгеретін тәсілдерді ашады, әрекет бағыттарын түсіндіреді. Кәсіби-педагогикалық мәдениеттің жеке бастық-шығармашылық компонентіне шығармашылық акт ретінде оның игерілу механизмі жатады. Педагогикалық құндылықтарды мұғалім жеке бастық-шығармашылық деңгейінде меңгереді. Педагогикалық мәдениет құндылықтарын игере отырып, педагог оларды қайта құрып, интерпретациялай алады, Педагогикалық шығармашылық сипаттамасы–педагогикалық мәдениет болып табылатын адамның өмір әрекетінің түрі. Шығармашылық педагогтан қажеттілікті, қабілетті, бостандықты, өзінділікті, жауапкершілікті талап етеді

 

27. Мұғалім мен оқушының өзара қарым-қатынас мәдениеті тәрбие негізінде дәйектеңіз

Педогогикалық қарым-қатынас мұғалім мен оқушы арасындағы оқу-тәрбие жұмысын жүзге асыруға қажетті маңызды ахуал жасайтын кәсіптік мамандық қатынасы. Оқушылар мен мұғалімдер арасында мәдени қарым – қатынаиың болуының аса қажеттілігі жөнінде көрнеті педогогтар Макаренко, Крупская, Шатский, Луначарский, Сухомлинский т.б. өздерінің еңбектерінде атап көрсетіп, іс – тәжірбиеде дәлелденген болатын. Мысалы: Макаренко оқушымен мұғалім арасындағы қарым – қартынас «баладан дұрыс талап ете білу», «оының жеке басын құрметтей білу» принциптерінде құрылу керек деген болатын. Сухамлинский балалармен қарым – қатынас жасай білу, тіл табыса білу балалармен қалай сөйлесе білудің мәнін көрсетеді —, дейді. Мұғалім мен оқушы арасындағы мәдени қарым – қатынасты жасап, ынтымақтастық орнату, соның нәтежесінде ғана оқыту тәрбиелеу жұмысында көздеген нәтежеге жетуге болатындығын жаңашыл педагог өзінің іс тәжірбиесінде дәлелдеп отыр.
Қарым- қатынас идеясының мәні бойынша мұғалім әрқашан балаларға жәрдем көрсетуші, оқушының жеке басын құрметтеу рухында ғана, балалармен тіл табысып, жұмыс істегенде, іс нәтежелі болатындығын дәлелдейді. Педогогикалық қарым – қатынас мындай қызыметтер атқарады: хабар алмасу қызыметі жеке адамдарды танып — білу қызыметі, өзін – өзі танып білу, өзін – өзі реттеу қызыметі. Бағдарламамен толық танысып материяларды сұрыптп, оқыту үсіндегі білім беру мен тәрбие беру тәсілін білгеннен кейін оқушылармен қарым – қатынасты орнату жөнінде мұғалімде ойлар туындайды.Демек оқушылардың ой-қрісінің дамуына, іс-әрекетінің жандануына негіз болатын қажетті әлеуметтік психалогиялық жағдай жасау жүзеге асырылады. Мұның өзі сабақ жоспаын жасағанда ойластырып, эмоциялық нұсқада жалпы психикалық жағдай т.б. көрсетілуі тиіс. Сыныпта алғашқы жұмыс істеуге кірісе бастағанда, қарым-қатынасты ұйымдастыра білудің маңызы зор. Өйткені, сабақта оқушылыардың танымдық әрекетін менгеру, ең алдымен қарым –қатынасты менгеру арқылы жүзеге асырылады. Қарым –қатынаста табысқа жетуге мынадай әдістерді қолданып, жүзеге асыруға болады: сыныптағы бастапқы ұйымдастыру кезеңінен жедел, нақты іспен жекелей қарым-қатынасқа тікелей ауысу, сыныптағы әлеуметтік, психалогикалық бірлікті жедел қолына алу, жекелеген оқушының келеңсіз құбылыстарына тыйым салып, баланың бірлескен әрекетін енгізу, сыныппен тұтастай байланыс орнату, ұжымды жұмылдыруға ықпал ететін мәселелерді жою жіне жоба беретін педагогикалық талаптарды ұлғайту, ұқыптылық, жинақтылық, белсенділік жарқын жүзділік сияты сыртқы коммуникативтік сипаттарды қамтамасыз ету, өзара әрекеттестік қамтамасыз ететін сөз, оның жазбаша түрі, мимика, микромимиканы қатынасқа енгізу.
Қарым-қатынасты менгеру үшін мұғалім толып жатқан қарым-қатынастық міндеттерді шешеу керек. Кейбір аландап отырған оқушының өзіне қарай зейінін тартады, бет әлпетімен жаратпағандығын көрсетеді тақтаны тықылдатып оқушыны өзіне тартады. Қарым-қатынасты менгерудін екінші жағы; оқушыларды матиралға қызықтыра білу, сыныпта бірлескен ізденіс туғызу, жеке балалардың әсерленуін көре білу, қарым-қатынас барысында оқу-тәрбие ақпаратын нақтылау, оны педагогикалық процестің өзгермелі жағдайға ығңайлай білу, баланың дербес ерекшеліктерін ескере білу. Оқушымен қарым-қатынас орнатқан уақытта оқушының темпераментін біліп, соған лайық, қарым-қатынасын орнатудың да мәні бар. Оқушымен қарым-қатынасын орнату працесінің тиімді болуы үшін мыналарды жүзеге асыру тиімді болады: балалармен ілтипатты сөйлесе білу және бүтіндей сыныппен қарым-қатынас жасаңанда олардың өзара үндестігін еске алу. Балалармен қарым-қатынас жасғанда өз бақылауын даыта отырып, әңгімелесушінің жауабын алдын – ала біліп отыру, әр оқушының мінез –құлқын, жүріс – тұрысын, сөйлеу мәнерін тани білу. Сөйтіп қарым – қатынас жасағанда кіммен, қандай оқушымен қарым – қатынас жасап отырғанымызды талдай білу жөн. Педогокикалық қарым – қатынасты ұйымдастыру үшін тікелей әректеттің жалпы маңызы бар. Мысылы, мұғалімдерге сынып оқушыларының зейінің өзіне аударудың мынадай нұсқаларын ұсынуға болады: сыныппен ауызша қарым – қатынас жасау үшін сөйлеу нұсқасын іске қосу, мұғалімнің оқушыға іштей әсер етіп, зейінін аудару үшін қолданатын нұсқасы – үзіліс жасау, қозғалыс жасау нұсқасы – сынып ішінде әрі — бері қозғалып жүре бастау, кестені, көрнекті құралдарды тақта алдына ілу т.б.
Қарым – қатынас стилі дегеніміз – педагог пен оқушылардың әлеуметтік – психологиялық ерекшеліктері. Педогогикалық қарым – қатынас түйіндеп айтқанда мұғалімнін өзіндік қолтаңбасы. Педогогикалық қарым – қатынастың мынандай стильдері болатындығын атап айтуға болады:
• Бірлескен шығармашылық іс – әрекетке байланысты:
• Қарым – қатынас шекаралық (дистанциялық) ыңғайластыққа байланысты:
• Қорқытып, үркітуге негізделген қарым – қатынас:
• Әзіл – қлжыңы аралас қарым – қатынас:
Бірлескен шығармашылық іс – әрекетке әуестенуге байланысты қарым – қатынас – педогогикалық процеске қатысушының барлығы үшін ең тиімдісі. Өйткені оқушылармен бірлескен шығармашылық ізденіске әуестенушіліктін табысты болуы мұғалімнің комуникативті ұызыметінің негізінде ғана емес, оның тұтастай алғанда педагогикалық қызметіне деген көз қарасына да байланысты. Оның өзі бірлескен оқу-тірбие қызметінде едәуір табысқа жеткізеді. Бұл стилдің тиімділігін ескере отырып, оның да белгілі бір шегі болатынын ескетереуіміз керек.
Шеңбер шеткі аралық дистансиялық қарым-қатынас – оқушының тәрбиеге көнігуі, ықпалға көнуі және педагогтардың жетекші рөлінің көрсеткіші ретінде көрінеді. Егер оқушы мұғалімнің жетекшілік рөлін сеісе және онің ақыл кенесіне ден қоятын болса онда педагогпен өзпра қатынас жүйесінде, оның дистанциялық элементтері шектеледі. Бұл дистанйиялық қарым-қатынасты жас мұғалімде, механикалық жолмен орнату арқылы емес бірлескен шығармашылық процес арқылы педагогтың шығармашылық жұмысының мазмұны мен нәтижесі балаларды өзіне баурап алу қабілеті арқылы орнығуы тиіс. Кейбір кездерде мұндай дистанцялық қатынасына өзін көрсетпек болып, «Сен білмейсің, оны білемін», «Мен үлкенмін мені ңана тыңдауың керек, менің айтқаным дұрыс»-, деген принйипіне апарса, ол бір жақты ұғым болады және нәтижелі аяқталмайды;
Қорқытып үркітуге негізделген қарым-қатынас. Дистанциялық қарым –қатынасты шығармашылық нәтижесімен жандырмаса, өзінің «таза түрінен» қортып, үркіту түріндегі қарым – қатынасқа ауысады. Қорқытып қарым-қатынас орнату көбінесе істі дұрыс ұйымдастыра алмайтын жас мұғалімдерде кездеседі. Негізінде бұл қатынастың ешқандай пайдасы жоқ. Мұндай қарым-қатынас сабақта күйгелектік эмоциялық
қолайсыздық жағдай туғызады. Балалардың шығармашылық ізденісіне жұмыс істеу мүмкіндігіне өзара түсінікті, педогогикалық қарым – қатынасты, татулықты жояды. Шығармашылық іс – әрекетті кері кетіреді. Ол мынадай сипаттап айтылады: «Сен мені тындап отыр», «Тыңдамасан екі қоямын», «Сені тақтаның алдына тұрғызып қоямын», т.б.
Әзіл – қалжыңы аралас қарым – қатынас. Бұл қарым – қатынастың көптеген қолайсыз жағдайлар бар. Мұндай қарым – қатынас түрі жалған беделге ие болуға тырысудан түрады. Мұның өзі қарым – қатынасты ұйымдастыра білмейтін, тәжірбиесіз мұғалімдер де кездеседі. Балалармен тез табысуды көздегенмен, шың мәнінде кәсіпкерлік білгірліктің жітеспей жатқандығын байқатады. Әзіл – қалжың кейде мәнсіз, бос сөзге ауысып кетуі жиі кездеседі. Кейде негізгі тақырыптан басқа жаққа ауып кетеді де оқушы ынта қойып тындамайды.
Педогогикалық кәсіптік қарым – қатынастар стильін сөз етекен де ең негізгі мәселе қатынастағы мұғалімнің өзіндік стильді түсінуддің мәні зор. Педогогктың өзіндік дербестігіен сәйкес келетін педогогикалық қарым – қатынас стильі дұрыс табылған жағдайда кешенді міндеттер шешуге мүмкіндік туады, аудиториямен қарыс – қатынасы жеңілденеді, әрі тиімдірек болады, ақпарат берудің тиімділігі прта түседі,қарым – қатынас
Кезеңі эмоциялық қолайлы жағдайда өтеді. Қарым – қатынастың дербес стильін қалыптастыру кезеңі мындайдан тұрады: ең әуелі мұғалімдердің өзін – өзі сынауы, қарым – қатынас стилдерің зеттеу, бір – бірне мінездеме беру, «Мен өзім балалармен қалай қарым – қатынас жасаймын» деген шығарма жазу;
Педогогикалық такты деп – мұғалімнің тәрбие процесінде ба





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1083 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Не будет большим злом, если студент впадет в заблуждение; если же ошибаются великие умы, мир дорого оплачивает их ошибки. © Никола Тесла
==> читать все изречения...

1026 - | 847 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.