Лекции.Орг


Поиск:




Салық салу принциптері. Түрлері.




Қазіргі заманғы салық жүйесі бірнеше қағиданы қолданады:
Жалпылай, яғни табыс табатын барлық экономикалық тұлғаларды дамыту;Ø
Тұрақтылық, яғни уақытында салық мөлшері мен салық түрінің тұрақтылығы;Ø
Тең күштеу, яғни салықты салу барлық салық төлеуші үшін бірдей болуы керек;Ø
Міндеттеме, яғни салықтың мәжбүрлігі төлеммен құтқармау, салықты төлеуде және есептеуде тұлғаның дербестілігі;Ø
Әлеуметтік-әділеттілік,Ø яғни салық мөлшері және салық жеңілдігін құру, бұл аз табысты кәсіпорынға, халыққа аяушылық ықпал жасау; Салық түрлері.
Төлем жасау, қабілетіне байланысты салықтар тікелесі және жанама болып бөлінеді. Тікелей салықтар төлем қабілеттігіне тікелей пропорционалды болады. Осыған жататындар:
Азаматтарға салынатын табыс салығы және корпарациялардың (фирмалардың) пайдасына салынатын салық;v
Мүлікv салығы осының ішінде меншікке (жерге, қозғалмайтын мүлікке) әлеуметтік сақтандыруға, жалақы қорына және жұмысшы күшіне (әлеуметтік жарнамалар деп аталатындар) салынатын салықтар пайданы шетелге аударған үшін салынатын салықтар;.
Жанама салықтар - бұл белгілі тауарлар мен қызметтерге салынатын салықтар. Жанама салықтар бағаға үстем жасалып алынады (мысалы акциздар). Бұлар жарым - жартылай немесе толық тауар қызметтер бағасына адарылады.
Жанама салқтардың негізгі түрлері:
Үстеме құнға салынған салы акциздер (тауар немесе қызметтердің бағасына қосылатын салықтар).ü
Мұрагерлік салық.
Жылжымайтын мүліктермен және құнды қағаздармен жасалатын келісімдерге салынатын салық және басқалар.


59. ҚР.салық жүйесі ерекшеліктері.

1995 жылдың 24 сәуірінде қабылданған ҚР Президентінің «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» заң күші бар жарлығы салық жүйесіне оңтайлы өзгерістер енгізді. Олардың қатарына қолданылып келген салықтар мен салықтар мен алымдар санының 46-дан 11-ге қысқартылуы, салық салу принциптерінің дүниежүзілік тәжірибеге сай өзгертілуі, халықаралық салық салу тәртібінің енгізілуі, салықтардың нышанына, белгілеріне қарай топталуы, сонымен қатар бұл құжаттың көптеген заңдармен тығыз байланыстылығы, салықтық әкімшіліктің жаңа ережелерінің енгізілуі салық жүйесіндегі басқа да түбегейлі өзгерістер жатады. Әрине мемлекттің нарықтық экономикалық қатынас талабына сай дамуы жағдайында салық жүйесінің бір орында, өзгеріссіз қалуы мүмкін емес. Алайда қысқа уақыт аралығында қабылданған шексіз өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуі нәтижесі оның әлі де болса жетілмегендігін көрсетеді.Бүгінгі күні республикада салық заңдарының барлық негізгі кемшіліктері ескерілген, әрі жетілдірілген жаңа Салық кодексі дайындалып, 2001 жылдың 12 маусымында қабылданды.Уақыт ағымының әсеріне, заман талабына сай қабылданған Салық кодексінде келесідей мәселелерді шешуге басты назар аударылған. Біріншіден, барлық шаруашылық субъектілеріне салықтандырудың тең жағдайын жасау. Екіншіден, кейбір жекелеген категориядағы салық төлеушілерге берілген жеңілдіктерді жою арқылы салық жүктемесін жеңілдету. Үшіншіден, салық заңдылығы жөніндегі барлық ережелер мен нормаларды тікелей қызмет ететін заң мөлшерінде біріктіру. Төртіншіден, салық заңдылығының тұрақтылығын қамтамасыз ету.Әрине, салық заңдылығында өзгерістер мен толықтырулар болашақта да жүргізіліп отырылады. Өйткені экономикалық қарым-қатынастар бір орында тұрып қалмайды, ол жаңа даму сатысына көшкен сайын салық заңдылығының да сол экономикалық саясатқа сай өзгертіліп отыруы керек. Сондықтан өзгерістің енгізілуі де заңды. Бірақ, кодекс бойынша енді жаңадан енгізілген өзгерістер жылына бір рет енгізілуі тиіс. Енгізілген өзгерістер келесі жаңа жылдың басынан бастап күшіне енеді. Бұл ереже біржағынан салық төлеушілерге жаңа енгізулерге алдын ала дайындалып, операциялар мен қаржы шешімдерін жоспарлауға мүмкіндік берсе, екінші жағынан салық қызметкерлерінің жұмысын жеделдетуге және жеңілдетуге көп әсерін тигізеді.Салық кодексі 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. Ол салық салудың ойластырылған құқықтық негізін құрудың түпкілікті міндетін шешуге бағытталған.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 532 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Чтобы получился студенческий борщ, его нужно варить также как и домашний, только без мяса и развести водой 1:10 © Неизвестно
==> читать все изречения...

965 - | 942 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.013 с.