Лекции.Орг


Поиск:




Кәсіпорын қызметінің экономикалық көрсеткіштерін талдау




 

«Хикмет» кафесінің 2013-2015 жылғы негізгі техника-экономикалық көрсеткіштері 1-кестеде келтірілген.

 

Кесте 1 - «Хикмет» кафесінің негізгі техникалық - экономикалық көрсеткіштері

мың теңге

Көрсеткіштер       2015 жылдың өзгеру деңгейі
   
           
1. Өнімді сату көлемі       72,28 108,62
2. Сатылған өнімнің өзіндік құны       73,18 116,26
3. Өнімді сатудан пайда       69,06 86,98
4. Өткізілген өнімнің 1 теңгесіне шығындар 0,78 0,74 0,79 101,28 106,76
5. рентабельділік деңгейі, % 27,96 35,26 26,38 94,35 74,82
6. Жылдар бойынша еңбекақы қоры       136,70 122,62
7. Жұмысшылар саны, адам       86,98 93,04
8. Еңбек өнімділігі 26,2 15,63 13,85 52,86 88,61
9. Негізгі қорлар       72,47 78,43
10. Қор қарулануы 500,56 494,77 417,06 83,32 84,29

 

Кесте 1-ден көрініп тұрғандай, 2015 жылы өнімді сату көлемі 2014 жылмен салыстырғанда 23621 мың теңгеге немесе 7,94% артқанын, ал сатылған өнімнің өзіндік құнының 63218,8 мың теңгеге немесе 13,98% артқанын байқауға болады. Ал өткізілген өнімнің 1 теңгесіне шығындар 2015 жылы шамалы өскен.

Ең бастысы өнімді сатудан пайданың жылдан жылға азайғанын байқауға болады, 2015 жылы 2014 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 17858,2мың теңгеге немесе 14,97%-ға төмендеген. Өнімді сатудан пайданың азаюына байланысты рентабельділік деңгейі де төмендеген, 2015 жылы 2014 жылмен салыстырғанда 8,8%-ға азайып 26,38% құрады [12].

Кестеден негізгі қорлардың да азайғанын көруге болады, 2015 жылы 2014 жылмен салыстырғанда 16864,8 мың теңгеге немесе 27,51%-ға азайып есепті кезеңге 61308,05мың теңгені құрап отыр. Негізгі қорлардың азаюы ғимарат немесе жабдықтарды сату есебінен болғанын болжауға болады. Осыған байланысты қор қарулануы да төмендеген, яғни техникалық жабдықтарға қажеттіліктің төмендегенін айтуға болады.

Айналым құралдарының да соңғы үш жылда төмендегенін байқауға болады, 2014 жылы бұл көрсеткіш тіпті теріс мәнге ие болды, ал 2015 жылы кішкене жоғарылап 5031,85 мың теңгені құрады.

Жоғарыдағыларды қорытындылай келе, жалпы «Хикмет» кафесінің қызметінде теріс тенденция байқалуда, жалпы қанағаттандырарлық деп бағалауға болады және девальвацияның әсері деп тануға да болады.

Шығындардың баптары мен элементтері бойынша өнімнің өзіндік құнының талдауы бірнеше жылғы шығындардың баптары бойынша сомаларын салыстыру, сонымен қатар абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштеріндегі ауытқу сомаларын анықтау арқылы жүзеге асырылады. Осы мәліметтердің негізінде берілген кәсіпорында қалыптасқан үрдістер бойынша қорытынды жасауға болады.

Ұсыныстық сипаттағы нарықтау топтамасының баптарына қарағанда, өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнын қалыптастыратын шығындар жалпыға бірдей элементтердің экономикалық маңыздылығына сәйкес топталады

Шығын сметаларын талдау барысында өндіріске жалпы шығыны еңбек құралдары, еңбек қаражаты мен тірі еңбек шығындары арасында анықталатын үйлесімділік орнатылады. Нәтижесінде өндірістік (материал сыйымдылығы, қор сыйымдылығы, еңбек сыйымдылығы) сипатқа баға беріледі және осы жерден өнімнің өзіндік құнын түсіру қорын іздестірудің негізгі бағдары анықталады.

«Хикмет» кафесінің өндірісінің шығындары туралы есептің мәліметтері бойынша талдау үшін талдау кестелері құралады.

«Хикмет» кафесінің шығын элементтері бойынша өзіндік құнының талдауын жасайық (2- кесте).

Кестеден көріп тұрғандарыңыздай, шығарылатын өнім көлемінің ұлғаюына байланысты, 2014 жылы өндіріс өнімінің өзіндік құны 2013 жылға қарағанда 5738 мың теңгеге көтерілген. Жалпы өнімнің өзіндік құны 2013 жылға қарағанда 2014 жылы 58%-ға артқан.

 

Кесте 2 - «Хикмет» кафесінің 2013-2015 жж. арналған шығын элементтері бойынша өзіндік құнының талдауы

Шығын элементі   Сома, мың теңге Шығындар құрылымы,%
      %       Ауытқулар
    2014 2013-ден 2015 2014-тен
А                    
Материалдық шығындар       121,21 77,89 86,5 85,0 78,2 -1,5 -6,8
Еңбекақы       317,88 139,87 3,4 4,8 8,0 1,4 3,2
Қор аударымдары       303,94 127,39 1,3 1,9 2,9 0,6 1,0
Негізгі қаражат өтелімі       176,52 145,00 1,2 0,9 1,5 -0,3 0,6
Өзге шығындар       165,47 108,67 7,6 7,3 9,4 -0,3 2,1
Толық өзіндік құны       134,21 84,71       - -

 

Өнімнің өзіндік құны 2014 жылға қарағанда 2015 жылы 18%-ға түскен, бұл өндірілетін өнімнің материалдық шығынын азайту мақсатында болды.

Берілген кестеде көрсетілгендей, өзіндік құнның басты элементтері материалдық және өзге де шығындар болып табылады. Талдау кезеңіндегі материалдық шығындар: 2013 жылы - 86,5%, 2014 жылы - 85%, 2015 жылы - 78% құрады. Материалдық шығынның негізгі үлесін шикізат, яғни ауыл шаруашылығымен айналысатын өндірушілер мен халықтан сатып алынатын сүтті құрайды.

«Хикмет» кафесінің пайда мен зиян туралы есебінен алынған көрсеткіштерді талдайық (кесте 3).

 

Кесте 3 - «Хикмет» кафесінің пайда мен зиян туралы есебі, 2013-2015ж.

мың теңге

Пайда мен зиян туралы есеп       2015 жылдың өзгеру деңгейі
   
Өнімді сатудан және қызметтер көрсетуден түсетін кіріс 790577,00 526047,64 571408,21 72,28 108,62
Сатылған өнімдердің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны 617845,11 388906,25 452125,01 73,18 116,26
Жиынтық кіріс 172731,89 137141,39 119283,2 69,06 86,98
Өзге де кірістер 158,11 2290,84   1505,91 103,94
Әкімшілік шығыстар 42 589,32 49557,25 57963,02 136,10 116,96
Қаржыландыруға арналған шығыстар 13408,34 10051,57 11040,02 82,34 109,83
Өзге де шығыстар 130,33 2149,84 1785,03 1369,62 83,03
Қызметін жалғастырудан пайда (залал) 116762,01 77673,57 50876,13 43,57 65,50
Салық салуға дейін пайда (зиян) 116762,01 77673,57 50876,13 43,57 65,50
Корпоративті табыс салық шығындары 30,00 76,28 62,01 206,70 81,29
Таза пайда (зиян) азшылық үлесін шегергенге дейін мерзім аралықта 116732,01 77597,29 50814,12 43,53 65,48
Жиынтық табыс (зиян) мерзім аралықта 116732,01 77597,29 50814,12 43,53 65,48

 

Кесте 3-тен көріп отырғанымыздай, жиынтық кірістің соңғы 3 жылдық азаю динамикасын көреміз, 2015 жылы 2014 жылмен салыстырғанда 17858,19 мың теңгеге немесе 14,97% -ға азайған. Жиынтық кірістің азаю себебін сатылған өнімдердің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құнының өсуімен түсіндіруге болады. Яғни жиынтық кірістен «Хикмет» кафесінің шығындарын алып тастағанда қалатын есептіліктің 110 жол кодындағы қызметін жалғастырудан пайданың да кему динамикасын байқауға болады.

Өзге де кірістер 2015 жылы 2015 жылы 2014 жылмен салыстырғанда 90,16 мың теңгеге немесе 3,79 пайызға өсіп 2381 мың теңгені құрады.

Сонымен «Хикмет» кафесінің салық салғанға дейінгі пайдасы 2015 жылы 2014 жылмен салыстырғанда 26797,44 мың теңгеге немесе 52,67% - ға азайған және есепті кезеңде 50876,13 мың теңгені құрап отыр.

Осы салық салғанға дейінгі пайдадан корпоративті табыс салығын алып тастағанда қалатын пайда таза пайданы құрайды. Кестеге қарасақ, таза пайданың кему динамикасы көрініп тұр, яғни 2014 жылы 2013 жылмен салыстырғанда -39134,7 мың теңгеге азайған, ал 2015 жылы 2014 жымен салыстырғанда -26783,17мың теңгеге немесе -52,67 пайызға азайған. Сонымен есепті кезеңде таза пайда 50814,12 мың теңгені құрап отыр.

Сондай - ақ кәсіпорынның корпоративті табыс бойынша шығындарын алып тастағанда қалатын таза пайдасын төмендегі суреттен қарауға болады (сурет 1).

 

 

Сурет 1. «Хикмет» кафесінің таза пайдасы (мың теңге)

 

Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен сипатталады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік, коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстармен қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым-қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады. Кәсіпорынның уақтылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының жақсылығын көрсетеді.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайында активтері мен пассивтерінің құрылымын талдайық.

 

Кесте 4 - «Хикмет» кафесінің 2014-2015 жж активтерінің құрылымы

мың тг

Активтер       2015 жылдың өзгеру деңгейі
           
I. Қысқа мерзімді активтер          
Ақша қаражаты 30,80 294,37 1927,71    
Қысқа мерзімді дебиторлық берешек 70704,78 105280,84 133536,58    
Ағымдағы салық активтері 14121,36 5977,45 7367,77    
Ағымдағы салық активтері 2769,95 2758,45 2758,45    
Қысқа мерзімді активтердің жиыны 87626,89 114311,11 145590,51    
II. Ұзақ мерзімді активтер          
Негізгі құралдар 61308,05 78172,87 73624,31    
Материалдық емес активтер 45,12 78,78 53,32    
Өзге де ұзақ мерзімді активтер 1215,00 1215,00 1125,00    
Ұзақ мерзімді активтердің жиыны 62568,17 79466,65 74802,63    
Баланс 150195,06 193777,76 220393,14    

 

Кесте бойынша кәсіпорынның активтерінің құрылымында ең көп үлесті алып отырған ағымдағы салық активтері 2015 жылы 87626,89 мың теңгені құрап отыр, бұл көрсеткіш 2014 жылмен салыстырғанда -26684,2 мың теңгеге кеміген. Сондай-ақ активтерінің басым бөлігін қысқа мерзімді дебиторлық берешек құрап отыр, 2015 жылы 2014 жылмен салыстырғанда -34576,1 мың теңгеге азайып, 70704,78 мың теңгені құрады. Сондай-ақ негізгі құралдар да 2015 жылы 2014 жылмен салыстырғанда -16864,8 мың теңгеге азайып есепті кезеңде 61308,05 мың теңгені құрады.

Абсолюттік көрсеткіштер кәсіпорын қызметінің экономикалық тиімділігі туралы мәлімет бермегендіктен, табыстың (рентабельділігі) қатыстық көрсеткіштеріне талдау жүргізу қажет(кесте 5).

 

Кесте 5 - 2013-2015 жылдар бойынша «Хикмет» кафесінің рентабельділік көрсеткіштері

 

Көрсеткіш       2015 жылдың өзгеру деңгейі
   
Таза пайда, мың.теңге 116732,01 77597,29 50814,12    
Өнімді өткізуден табыстар, мың теңге   526047,64 571408,2    
Кәсіпорын активтерінің орташа құны немесе баланс валютасы 379710,58 193777,76 150195,1    
Меншікті капитал, мың.теңге 122572,21 4832,2 4832,2    
Қысқа мерзімді активтер, мың теңге 293938,07 114311,11 87626,89    
Ұзақ мерзімді активтер, мың теңге 85772,51 79466,65 62568,17    
Активтер рентабельділігі, % 30,74 40,04 33,83    
Ұзақ мерзімді активтер рентабельділігі, % 136,09 97,65 81,21    
Қысқа мерзімді активтер рентабельділігі, % 39,71 67,88 57,99    
Капитал рентабельділігі, % 95,24 1605,84 1051,57    
Негізгі құралдар рентабельділігі, % 1,38 0,99 0,83    
Сату рентабельділігі (ағылш.Profitmargin), % 14,77 14,75 8,89    
Өндіріс рентабельділігі, % 85,86 182,34 179,81    
Өнім рентабельділігі, % 18,89 19,95 11,24    

 

8 кесте-нің мәліметтері кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы аналитикалық қорытынды жасауға мүмкіндік береді. 2013-2015 жылдар кезеңінде кәсіпорын қызметінің тиімділігінің төмендеу тенденциясы байқалады.

«Хикмет» кафесінің жиынтық активтерге жұмылдырылған қаражаттың әрбір теңгесінен 2014 жылы 40,04%, 2015 жылы 33,83% пайда тапты, кәсіпорынның қысқа мерзімді активтерін қолдану тиімділігі 2014 жылы 67,88%, 2015 жылы 57,99% құрады. Жалпы «Хикмет» кафесінің активтер рентабельділігінің төмендеу тенденциясы байқалғанмен, олардың деңгейі нормативтік мәннен төмен емес, нормативтік мән бұл сала үшін 10%-дан жоғары.

Ең көп төмендеу капитал рентабельділігінде байқалып отыр, яғни 2015 жылы -554,26%-ға төмендеп 1051,57% құрады. Кестеге қарасақ, 2014 жылы капитал рентабельділігінің күрт өсуі меншікті капиталдың 28 еседей азаю есебінен және таза пайданың да азаю есебінен болып тұр.

Мына суретте 2013-2015 жылдар бойынша «Хикмет» кафесінің рентабельділік көрсеткіштерін бейнелейміз (сурет 2).

 

 

Сурет 2 - 2013-2015 жылдар бойынша «Хикмет» кафесінің қызметінің тиімділік көрсеткіштері

 

4 сурет бойынша 2014 жылы капитал рентабельділігі 1605,84%, 2015 жылы – 1051,57% құрады, бөл көрсеткіш 2015 жылы төмендегенімен жалпы капитал рентабельділігі жоғары деңгейде.

Өткізілген өнімнің әрбір теңгесіне есеп беру жылында кәсіпорын 8,89 % пайда алды, яғни 2014 жылмен салыстырғанда 5,86%-,а төмен.

Осылайша, берілген кәсіпорынның қаржылық жағдайы жеткілікті тұрақты деп қорытынды жасауға болады. Бірақ кәсіпорынның ағымдық қаржылық жағдайын сақтау үшін, оның қаржылық жағдайын жақсартуға мүмкіндік беретін, нақты іс-шара жоспарлау қажет. Ең алдымен, бұл іс-шара өндірісті және өнімді өткізуді жоғарылатуға, оның сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін, және кәсіпорынның өндірістік потенциалын тиімді қолдануға бағытталған болуы тиіс.

 


 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1691 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Начинать всегда стоит с того, что сеет сомнения. © Борис Стругацкий
==> читать все изречения...

831 - | 667 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.