Лекции.Орг


Поиск:




Көне түркі ескерткіштері туралы қазақша реферат 1 страница




Тарихты білу, оның бастау алар кезеңдеріне үңілу, бүгінгі күнге қажетін табуға ұмтылу – барлық халықтарға тән дәстүр. Қазақ тілі ғайыптан пайда болған жоқ және оқшау жаратылған тіл емес. Оның шыққан ата-тегі бар. Қазақ тілі түркі тілі деп аталатын алып бәйтеректің аса бір ірі тармағына жатады. VІ-VІІІ ғасырларда біз бүгінде дүние жүзінде түркілерден тараған қырықтан астам ұлт болса, солардың барлығын бір ғана атаумен «түркілер» деп атаған. Сол кезде бабаларымыз Түркі қағанатын құрған.

Түркі этнонимі қытай жылнамаларында 542 жылдан белгілі. Ал түркілердің мемлекеттік дәрежеге көтерілуі 552 жылдан басталады. Түрік қағанаты Солтүстік Кавказ бен Қара теңіздің солтүстік жағалауына дейін үстемдік етті. VІ ғасырдың жартысындағы Түрік қағанатының билігі Азияның біраз аймағын қамтыды. Түрік қағанатының негізгі құрамы түрік тілдес халықтар болды. Олардың ішінде қырғыз, оғыз, ұйғыр, дулу, үйсін т.б. тайпалар болды. Қағанатты Бумын қаған биледі. Одан кейін Істемі қаған биледі. Қағанат бірде әлсіреп, бірде күшейіп отырған. Бір күшейген тұсы – Елтеріс атанған Құтлығ қағанның екі ұлы жас болғандықтан, билікті інісі Қапаған өз қолына алады. Ол әуелде елін, жерін кеңейтіп, күшті хан болады, бірақ көп кешікпей ешкімді елемейтін, қарсы келгендерді аяусыз жазалайтын қатыгез қағанға айналады. Соның салдарынан тайпалар бірінен соң бірі бұл қағанаттан бөлініп, табғаштардың қол астына кіріп жатады.

Қапаған бір көтерілістен қайтып келе жатқанда қаза табады. Ел билеу ісі Білге қағанға қалады. Білге қаған түркі мемлекетінің күш-қуатын нығайтуда көп жұмыс атқарады. Білге қаған былай дейді: «Түркі елінің аты, заты жоқ болып жоғалмасын деп, өзімді тәңірі есіркеп таққа отырғызды. Таққа отырғанда, ел-жұрттың халі әлсіз еді, асар асы жоқ, киер тоны жоқ, аянышты мүшкіл елдің қағаны болдым. Інім Күлтегінмен бірге сөзге, іске бекіндік. Хан иеміз ата-бабамыз билік орнатқан ел-жұрттың аты, сұсы жойылмасын деп түркі елі үшін түнде ұйықтай алмадым, күндіз отыра алмадым, інім Күлтегінмен бірге елі шад қосылып, өліп-талып арпалыстық, жиғанымызша жиып, елдің бірлігі, берекесін от-су қылмадық»[1,27].

Әлемдегі өзге халықтар сияқты, түркі халықтарының да –өзіне тән қалыптасу, даму тарихы бар. Ешбір тайпа, халық және ұлт тарихсыз болмайтыны белгілі. Әрбір халық ұлт болып қалыптасу үшін талай тарихи кезеңдерді басынан өткізеді.

Түркі тайпалары халық ретінде біздің дәуіріміздің VІ ғасырында дүние жүзіне белгілі бола бастады. Түркі тайпалары туралы құнды деректерді, әсіресе, Батыс Еуропадағы Византия материалдарынан көбірек кездестіруге болады. Сонымен бірге түркі халықтары жөніндегі қыруар мәліметтерді біз сол түркі тайпаларының өшпес мұрасы – өздері жасаған жазба нұсқалар арқылы да біле аламыз. Мұндай жазба нұсқалар түркі халықтары үшін баға жетпес тарихи және мәдени ескерткіш болып табылады.

Түркі халықтарының тарихи мұралары тарих, мәдениет және тіл тұрғысынан алғанда аса құнды қазына екенін бағалай білу, таныту – кезек күттірмейтін негізгі міндеттердің бірі. Біз көне түркі жазба нұсқаларынан тасқа қашалған мынадай сөздерді кездестіреміз:

Бұны көрү білің! Түрк бүдүн бүдүн аты йоқ болу бармыс ерті өлтечі ерті. Ічре ашсыз, ташра тонсыз йабызйаблық будунта мен өзүм қаған олуртым. Іл йеме іл болты, йеме болты.

Мұны көре білің(дер)! Түркі халқы аты жоқ бола бастаған еді. өлімші (болған) еді. Іші ассыз, сырты киімсіз нашар халыққа менің өзім қаған (болып) отырдым. Ел еңді ел болды, халық енді халық болды.[2,73]

(Ескерткіштен үзінді)

«Түркі бектері мен халқы, мұны естіңдер! Қандай сөздерім бар болса, соларды мәңгі тасқа жаздырдым. Оларды көріңдер, ұғыңдар».

Бұл арнау сөздер түркі халықтарының кейінгі ұрпақтарына арналған.

Мұндай тасқа қашалған ескерткіштер туралы жазылған деректер аз емес.

Түркі тілдерін зерттейтін әдебиеттерде «Орхон-Енисей жазулары» руника жазуы деп те аталады. Руна – ежелгі гот тайпасының құпия деген сөзіінен алынған. Өйткені бір кездері Орхон, Енисей өзендері бойынан табылған таңба жазудың қай тілде екені оқылмай, көпке дейін құпия болып келген.

Көне түркі жазу нұсқалары сонау І Петрдің тұсынан бері белгілі болса да, оларды ешкім зерттеп, сырын ашпаған.

1889 жылы фин ғалымдары Енисей өзені бойынан табылған тастағы белгісіз жазулардың атласын жариялайды. Сол жылы орыстың География қоғамы Моңғолияға арнайы ғылыми экспедиция ұйымдастырады. Көрнекті орыс ғалымы Н.М.Ядринцев осы сапарында Орхон өзені бойынан бірнеше жазуы бар бірнеше тасты кездестіреді.

1889 жылы көрнекті орыс ғалымы В.В.Радлов Орхон-Енисей өзендерінің бойынан табылған таңба жазуы бар тастарды өзі барып, тексеріп қайтады. «Солтүстік Моңғолияда VІІІ ғасырға қатысты жазба ескерткіштердің бар екендігі ғылым соншалықты қажет, Орхон өзені бассейніндегі ескерткіштерді тереңірек зерттеу үшін өте қажет. Сондықтан Императорлық Ғылым академиясы ғылыми экспедиция ұйымдастыруы қажет деп есептелінеді»[3,96].

Осы екі экспедициядан кейін Моңғолиядан табылған жазулардың атласы жарияланады.

Сөйтіп, Орхон, Енисей өзендері бойынан табылған құпия жазулар біртіндеп дүние жүзі оқымыстыларына белгілі бола бастайды.

1893 жылы Дания елінің ғалымы В. Томсен тұңғыш рет ескі түркі (орхон-енисей) жазуларының оқылу кілтін тауып, оның сырын ашуға мүмкіндік туғызды. «Он пытался самым детальным образом сначала изучить соотношения одних букв с другими. Для В.Томсена при этом выяснилось, что неоторые буквы могут быть в близком соседстве с рядом других букв, другие же нет. Это привело Томсене к мысли о делении букв на два класса по числу звуков переднего ряда. А все это вело мысль к строю тюркских языков. И, наконец, 25 ноября 1893 года ему удалось уже найти полный ключ к своему этих до этого неизвестных надписей с берегов Енисея и Орхона»[8,68].

В.В.Радлов бірінші болып, Орхон, Енисей өзендері бойынан табылған үлкен-үлкен ескерткіштердің аудармасын жасап, жұртшылыққа таныстырды.

Даңқты түрколог С.Е.Малов та өзінің ғылыми еңбектерінің көбін осы көне түрік жазу нұсқаларының сырын ашуға арнады.

Орхон Енисей өзендері бойынан табылған ескерткіштер – VІ-VІІІ ғасырлардағы түркі тайпаларының сол кездегі қоғамдық құрылысы, күн көрісі, мәдениеті мен тілі жөнінде мол деректер беретін құнды материалдар.

Орхон-енисей ескерткіштері жұртшылыққа ХVІІ ғасырдың екінші жартысынан бастап белгілі болса да, ХІХ ғасырдың соңына дейін олармен ешкім арнайы шұғылданбады. Жазба ескерткіштері сол құпия қалпында қала берді. Оларды ешкім арнайы зерттемегендіктен, тастағы жазулар жөнінде ғалымдар арасында әр түрлі пікірлер мен теріс болжамдар да айтылып жүрді.

Бұл белгісіз жазуға алғаш көңіл бөліп, оның сырын ашуға әрекет жасаған шетел ғалымдарынан Т.Байер 1729 жылы мұны ескі кельт жазуы болар деп жорамалдады. А.С.Паллас 1793 жылы көне готтар жазуы деп ұйғарды. 1818 жылы орвыс ғалымы Г.Спасский бұл жазуларды алғаш қалмақ және моңғол жазуы деп ұйғарып, моңғолдар мен қалмақтар бұрын ұйғырлар арқылы соғды жазуын қабылдағанын да ескермеді. Кейінгі бір еңбегінде (1857 жылы) бұл жазуларды славьян жазуларына жатқызып, тіпті қателесті. Сол дәуірдегі көрнекті ғалымдардың бірі А.Ремозе 1822 жылы құпия жазуларды индогот ұрпақтарының жазуы болуы мүмкін деген жорамал жасады. М.А.Кастрен ерте кездегі фин жазуы деп есептеді. Ю.Клапрот 1824 жылы оны грек жазуының негізі деп қарады.

Жазуларға көбірек мән берген В.Томсен, В.Радлов,П.Мелорианский т.б. оны ескі қырғыз жазуы деп есептесе (ХІХ ғасырдың аяғы), 1933 жылы Г.Ксенофонтов бұл жазуларды якут тіліне қатысты қарады.

Қалай болған күнде де, белгісіз болып келген құпия жазулардың оқылу кілтін тауып, олардың қай халықтікі екендігін анықтау керек болды.

Ескерткіштердегі жазуды оқу, талдау Дания елінің ғалымы В.Томсеннің үлесіне тиді. Көне түркі жазуларына кезінде мән берген Г. Спасский мен В.Р.Розеннің «Келешекте Сібір ескі жазуларының өз Шампольені (ескі грек жазуының оқылу кілтін тапқан ғалым) болуы мүмкін» және оның «күні бүгінге дейін құпия болып келген жазулардың сыры ашылмай ХХ ғасырға өтеді дегенге сенбеймін деген қағидалары жүзеге асты[6,49].

В.Томсен өз заманындағы білгір фонотисьтердің бірі. Ол кісі түрколог емес еді. Сонда да бұл дәуірге дейін құпия болып келген жазуларға ерекше мән берді. Томсен, ең алдымен, ескерткіштердегі таңбаларға назар аударды: таңбалардың бір-бірімен қатар келу және келмеу ерекшеліктерін байқады. Жазуда жуан және жіңішке дыбыстардың барлығын, ол түркі тілдеріндегі үндестік заңына қатысты екендігін жете түсінді. Бұдан кейін ғалым жазудың солдан оңға қарай емес, оңнан солға қарай оқылатындығын ажыратты. Енді ескерткіштерді қанша таңба барлығын анықтады. Орхон ескерткіштерінде – 38, ал енисей ескерткіштерінде 150-ден аса таңба бар екенін айқындады.

Күлтегін және Білге қаған ескерткіштерінен дейтін сөздерді бөліп алып оларды қытай тілдеріндегі түрлерімен салыстырып, олардың теңрі (көк, аспан), Күлтегін бектің аты, білге (білгіш, дана) деген сияқты түркі сөздері екенін оқып білді. В. Томсен осыдан кейін Күлтегін және Білге қаған ескерткіштеріндегі сөздерді түгелімен оқып шығады.

Сөйтіп, 1893 жылғы желтоқсан айының 15-і күні Дания королінің ғылыми мәжілісінде бұл дәуірге дейін құпия болып келген жазудың оқылу кілтін тауып, ол түүркі халықтарының жазуы екендігін дүние жүзі ғалымдары алдында дәлелдеді. Мұның өзі түркология ғылымына қосылған жаңа зор үлес болып есептелді. Сол дәуірдегі көптеген ғалымдар В.Томсеннің бұл еңбегін жоғары бағалады.

Бұдан соң, көп ұзамай В.Радлов бірқатар ескерткіштерді өзінше бұл игілікті дәстүрді одан әрі жалғастырды. Жазба ескерткіштер кейін көптеген ізденімпаз ғалымдардың зерттеу обьектісіне айналды.

Ескерткіштердің түрлері туралы қысқаша мәлімет

Көне түркі жазба ескерткіштері түркологиялық әдебиеттерде негізінен үш топқа бөлінеді. Олар:

  1. Енисей ескерткіштері. Бұған Енисей өзенінің жоғарғы сағасы мен Тува Якутия Моңғолия жерлерінен табылған көптеген ескерткіштер жатады. Енисей ескерткіштерін зерттеуде В.В.Радлов, С.Е.Малов, Х.Н.Оркун, С.В.Кислев, И.А.Батманов т.б. көп еңбек сіңірді.
  2. Талас ескерткіштері. Талас ескерткіштерінің табылуы (1896-1898 жылдары, бұрынғы Әулиеата) қазіргі Жамбыл уезінің әкімі, Талас жазуларын табушылардың бірі – В.А.Каллаурдың есіміне байланысты. Талас ескерткіштерінің саны қазір 10-нан асты. Талас ескерткіштерін тауып, аудармаларын жасап, жариялауда Г.Гейкель, В.Радлов, П.Мелиоранский, С.Малов, Ю.Немет, Х.Оркун, С.Киселев, И.Батманов және Л.Кызласов, т.б. шұғылданды.
  3. Орхон ескерткіштері. Бұған VІІ ғасырдың соңы мен VІІІ ғасырдың бас кезіндегі Құтлығ қаған, Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк, Күлі-чор сияқты ірі ескерткіштер мен он шақты майда ескерткіштер жатады. Орхон ескерткіштерін зерттеуге көптеген ғалымдар ат салысты[7,84].

 

Көне түркі жазба ескерткіштері үш топқа бөлінеді. Олар: Енисей ескерткіштері, Талас ескерткіштері, Орхон ескерткіштері. Енисей ескерткіштері – Енисей өзені бойынан табылған тасқа жазылған жазулар. Талас ескерткіштері – Жамбыл облысындағы Талас өзені, ал Орхон ескерткіштері – Орхон өзені (Монғолия) бойынан табылған тасқа жазылған жазулар. Оларда VI-VII ғасырлардағы көне түркі халықтарының тарихы, мәдениеті, әдебиеті, салт-дәстүрі, өмірі туралы жазылған. Олардың бәрі де руникалық жазумен жазылған. Руника жазуын түркі халықтары 1,5 мың жыл қолданған.

Көне түркі жазулары тасқа, ағашқа, тиын теңгелерге, металға, қыш кірпішке, ыдыстарға ойылып жазылған.

Олардың ішінде ең ірілері – Орхон ескерткіштері.

Орхон өзеннің бойында бірнеше шақырымға созылып жатқан тас ескерткіштер – Күлтегін ескерткіштері деп аталады.

2001 жылы Күлтегін ескерткіштерінің көшірмесі Астана қаласындағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетіне қойылды.

 

Қабдеш Жұмаділов 24 сәуірде 1936 жылы ҚХР, Шыңжаңөлкесі, Тарбағатайаймағы, Шәуешекауданындадүниегекелген. Жазушы, Қазақстанның халық жазушысы (1998).
Шәуешек гимназиясын бітіріп, жолдамамен ҚазҰУ-не (1956) түседі. 1958 жылы Қытай үкіметі органдары кері шақырып алады. Кейін 1962 ж. Бақты шекарасын бұзып өткен қазақ жастарымен Қазақстанға біржола оралған соң, ҚАЗҰУ-тін бітірді (1965).
«Қазақ әдебиеті» газетінде (1965-1967) «Жазушы» баспасында (1967 –1976). Қазақстанның Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемл. кабинетінде (1976 – 1981) қызмет істеген.
1981 жылдан шығармашылық жұмыста. Алғашқы өлеңдері 1954 жылдан жергілікті баспсөз беттерінде, ал «Жамал» тырнақалды әңгімесі 1956 ж. Үрімжіде шығатын «Шұғыла» журналында жарияланған. 1 өлеңдер жинағы, 8 роман, 5 повесть, ондаған әңгіме, мақалалар жинақтары жарық көрген.
Олардың негізгілері «Қаздар қайтып барады» (1967) атты әңгімелер жинағы, «Көкейкесті» (1969), «Соңғы көш» (1974-1981), «Атамекен» (1985), «Тағдыр» (1988) романдары, «Дарабоз» (1-кітап 1994; 2-кітап 1996) дилогиялары Жұмаділовтың соңғы жылдардағы көлемді шығармасы – «Таңғажайып дүние» (1998) ғұмырнамалық «Қылкөпір» (2003) романдары.
Жазушының публицистикалық мақалалары «Қалың елім қазағым» (2000) жинағында жарияланды. Шығармалары орыс, украин, белорусь, өзбек, ұйғыр, қырғыз тілдерінде, «Соңғы көш» романы түрік тілінде басылып шыққан.
Негізгі еңбектері 2003-2004 ж. Он екі томдық шығармалар жинағына топтастырылған. Медальдармен, Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының, (1983), Қазақстанның Мемлекттік сыйлығының (1990),Тәуелсіз «Тарлан» сыйлықтарының лауреаты,Үржар ауданының «Құрметті азаматы».
Үржар аудандық «Уақыт тынысы», «Пульс времени» газетінің журналисі Зоя Асылхановна Буланова Қ. Жұмаділовтың «Дарабоз» дилогиясын орыс тіліне аударды. Үржар ауданының «Құрметті азаматы».
Мұраты биік суреткер
Қазақта "пешене” деп аталатын шетсіз-шексіз абстрактылы ұғым бар. "Жазмыштан озмыш жоқ” деп жатамыз. Өткен ғасырдың сол алпысыншы-жетпісінші жылдары әдеби үдеріске имене, жасқаншақтай келген Қабдеш Жұмаділов бүгінде сарабдал қаламгер, салмақты жазушыға айналды. Пешенесіне Қытай мен КСРО сияқты сол тұстағы қос империяның күңгейі мен көлеңкесін көру, көріп қана қоймай, өзі бел ортасында жүрген алапат оқиғаларды жан жүрегімен түйсіну, зардабын шегу, тағдыр атты жазмыштың пендесінің маңдайына жазар азды-көпті теперішін көру – бәрі де оның қаламгер ретінде қалыптасуына алғышарттар жасады. Өзі куә болған, көзбен көріп, бастан кешкен оқиға, құбылыстар Жұмаділовтің адами болмысынан берік орын алды. Ол өз қаһармандарын қиял әлемінен іздеген жоқ, жұмыр жерді шарлап, ғаламат оқиғаларды тізіп, өз туындыларына арқау етуге тырысқан жоқ. Оған өмірдің өзі мектеп болды, мынау пәни жалғандағы адамның іс-әрекеті, пиғылы мен ықыласынан туындайтын небір жайттар оның туындыларының өзегіне айналды. Ақиқат, шындық өмірдегі түрлі салыстырулардан тұрады деген екен Шығыстың бір ғұламасы. Қ.Жұмаділов қос мемлекетте ғұмыр кешті, екеуін ой таразысынан өткізді, өзара салыстырды. Зерттеді, зерделеді, сана елегінен өткізді. Ол әлемдегі алты миллиардтан астам адамдарды, сол адамдар құрайтын халықтың, ұлыстың тыныс-тіршілігін өз ұлтымен салыстырды. Қаламгер ретінде өз ұлтының мәрттігіне, өзгеге ұқсай бермейтін тектілігіне назар аударды. Сол тектілікті, мәрттікті күні бүгінге дейін насихаттаудан, жазудан жалықпай келеді.
Алғашқы шағын өлең, әңгімелері Шыңжаң өлкесіндегі "Шыңжаң” газеті мен "Шұғыла” журналында жарияланып, "Жас дәурен” атты тұңғыш өлеңдер жинағы 1967 жылы жарық көрді. Оның қаламынан сол кезеңнен бастап, "Қаздар қайтып барады”, "Сарыжайлау”, "Шарайна”, "Сәйгүліктер”, "Бір түп тораңғы”, "Бір қаланың тұрғындары”, "Қарауыл” атты әңгіме-хикаяттарымен бірге, "Соңғы көш” роман-дилогиясы, "Көкейкесті”, "Бақыт жолында”, "Атамекен”, "Тағдыр” романдары, "Дарабоз” тарихи роман-дилогиясы, "Таңғажайып дүние” атты ғұмырнамалық романы, "Прометей алауы” романы және әр жылдары жазылған танымдық дүниелері, шағын әңгімелері топтастырылған "Қалың елім, қазағым” кітабы туды.
Авторлық тұжырым, ұстаным қаламгер дүниетанымымен тығыз байланысты екені баршаға аян. Жазушы Қ.Жұмаділов әдебиеттің ардың ісі екендігін, оның киелі де қасиетті өнер екенін түйсініп, қолына қалам алғаннан бері ар тазалығы үшін, жазушының қоғамдағы алатын орны үшін күресіп келеді десек, қателесе қоймаспыз.
Жазушы өз уақытының, өзі ғұмыр кешкен дәуірдің шын мәніндегі жаршысына айналды. Неге екенін қайдам, бізге оның шығармаларының ішінде, өзгелеріне қарағанда, еңселілеу, шоқтығы биіктеу көрінетіні – "Соңғы көш” және "Таңғажайып дүние”.
"Соңғы көш” – адамзат баласы жылап келіп, жылап кетіп жататын мына жарық дүниедегі қазақ деген халықтың бүкіл болмыс-бітімінің, кескін-келбетінің шежіресі. "Соңғы көш” – ғасырлар бойы аузынан "тәубасы” мен "қанағаты” түспеген, ешкімге ұқсамас төлтума мәдениет жасаған, мына жарық дүниеде барша жұртқа гуманизм мен шынайы демократияның жарқын үлгісін көрсеткен, өмірге адамның қонақ екенін терең түйсінген, "қонып бір өтер сай үшін, арам өлер тай үшін” бет жыртыспауға үндеген, жаны жайсаң, жүрегі мәрт жұрттың шынайы тарихы; "Соңғы көш” – қазіргі таңда жаһандану процесі адамзат қоғамына дендеп еніп, материалдық игіліктер бірінші кезекке шығып, руханият әлемі кейінге ысырылған, рухани азғындау, экспансия элементтері, несін жасырайық, қоғамға ене бастаған сәтке қарағанда, рухы биік, өзін табиғатты бағындырушы емес, керісінше, сол табиғаттың бір бөлшегі ретінде түйсінген ұлы дала тұрғындарының айнасы. "Соңғы көш” – табиғи тазалығын, кәусар бұлақтай мөлдірлігін сақтап қалған көшпелі жұрттың өмір атты керуен – көштегі соңғы бұлқынысы, алапат арпалысы.
"Менің өмірбаянымды қайтесің, өлеңдерімді оқысаң, бәрі де сонда тұр” деген екен бір ақын. Өз туындылары арқылы қаламгер Жұмаділов қара ормандай қалың қазағын биікке көтерді, тағдыр-талайын, адами келбетін өзгеге паш етуге талпынды, яғни жазушы халқын өсірді, халқы жазушысын өсірді.
Қазақ тарихында туған жер, тас босаға, тал бесік үшін қу далада тәні, құла түзде көрі, құба белде елі қалғанша жанын пида етіп, басын бәйгеге тіккен, қол бастаған батырлар, сөз бастаған шешендер, құдайға шүкір, болған. Тұлпар тұрпатты, сұңқар қанатты, тұғыры биік, замана желі қай жағынан соқса да иілмеген, сынбаған қазақ жұрты Жұмаділов қаламынан "Дарабозды” туғызды, имандылық пен инабаттылықты келер ұрпақ санасына сіңірейін деп жанталасқан Ақтайлақ би тұлғасын сомдаған "Прометей алауын” дүниеге келтірді. Қашан да дүйім халқының қуанышы мен қайғысын шығармашылығына терең арқау еткендер ғана мәңгілік зердеде қалады. Қ.Жұмаділов – халық азабы мен кегін, қуанышы мен қайғысын тарихи тұрғыдан жырлай отырып, оны тұлға ретінде шабыттың шаңқай биігіне көтерген қаламгер. Ол халық болмысының күллі арналары мен тамырларын сәтті ұштастыра білді.
Кезінде Н.Г.Чернышевский: "Математиканы білмей-ақ, латын, грек тілдерін үйренбей-ақ мәдениетті адам болуға болады, бірақ тарихты білмей тұрып, мәдениетті адам болуға болмайды” – деп жазыпты.
Ғылымда тарихи тамырластық, тарихи сабақтастық деген ұғымдар бар. Егер "қай дәуір туралы қалам сілтемесін, жазушы – қашанда тарихшы. Әдебиеттің басты парызы – адамзат естелігінің үзік-үзік болмауына күш салу. Шежіре арқауы жалғанбаған жерде, адамзат санасынан ғасырлар ғайып болып, тіпті мыңжылдық жеңістер мен жеңілістер трагедиясы ұмыт қалады. Ал, жазушы адамзат зердесінің бірден-бір жоқтаушысы болғандықтан да тарихтың әлгіндей жыртықтарын романмен, поэмамен жамайды” (О.Сүлейменов) деген пікірге ден қойсақ, Қ.Жұмаділовтің бүкіл романдары тарихи немесе тарихи сипаттағы туындылар деп кесіп-пішіп айтуға болатын сияқты. Жалпы, сүйекті туындыны тарихи немесе тарихи емес роман деп баяғыдан келе жатқан даулы пікірлерге төрелік айтпай-ақ қояйық, олай болудың өзі шартты нәрсе, бірақ Қ.Жұмаділовтің "Дарабозы” – ХVІІІ ғасырдағы қазақтың Отан соғысының "Тағдыр” мен "Прометей алауы” – сәл бертініректегі оқиғалардың, "Соңғы көш” – ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы оқиғалардың тарихи шежіресі екендігіне ешкім де дау айта қоймас. Сонда оқырман алдынан үш дәуірдің, үш кезеңнің алапат оқиғаларының панорамасы ашылады. Үш романның үшеуі де халық тарихының, дәуір шындығының айнасы іспеттес. Қ.Жұмаділов аталмыш туындыларында жеке тұлғаларды даралай білді, егер тарихтың қозғаушы күші – халық екені рас болса, сол халықты бастайтын серкесі бар емес пе? Қаламгерді толғантқан осы жайттар еді, нәтижесінде Қабанбай, сондай-ақ қазақтың ұлы Бөгенбайлар тұлғасы оқырманға жол тартты. Бірде ойлантқан, бірде толғантқан, бірде мұңайтқан, бірде қиялыңды шарықтатқан нәрсе – жазушы бойындағы дала табиғатының, сол даланың еркін перзенттерінің қайсар мінезі… Жазушы тағылымы әр жұмыр басты пендені өзін-өзі тануға итермелейді, мынау жалпақ жер бетіндегі Адам деп аталатын тіршілік иесі өзін-өзі таныса, өз іс-әрекетіне есеп беріп отырса, зұлымдық қайдан келеді – деген сауал төңірегінде толғаныс жасауға шақырады.
Аға буын өкілі І.Есенберлин, өз замандастары Ә.Кекілбаев, М.Мағауин, С.Жүнісовтер сияқты Қ.Жұмаділов те Әуезовтің шеберлік мектебінен үлгі-өнеге алды, Әуезов тағылымы, Әуезовтің азаматтық, адами нар тұлғасы, кісілік келбеті, ұшан-теңіз білімпаздығы, кең құлашты эпикалық серпіні ол үшін таным мектебі, адастырмас темірқазығына айналды. Әуезов тағылымы қаламгердің қаламынан туындаған Қабанбай, Демежан, Абылай хан, Қанағат би, Нартай, Төле би, Бұқар жырау, Естай, Жолбарыс, Ұзақ, Атаханов, Қылышбаев, Түктібаев, Бибі, Ши-амбы, Матен – амбы, Әмірсана, т.б. кейіпкерлердің дүниеге келуіне, шебер қолмен мүсінделіп, ұлттық әдебиеттегі образдар галереясының толығуына алғышарттар жасады. Адам табиғатын зерттеудегі жазушының көркемдік ізденістер жүйесі, стильдік даралығы философиялық ой-толғаммен шебер ұштасқан. Қаламгердің өз сөзімен айтсақ, "жазушы құдіреттілігі санаңда мықтап орын алған, алайда кешегі уақыт аясында қалған оқиғаны бір сәтке кідірту, қайта тірілту” болса, тарихи оқиға, құбылыстар бар шындығымен, дәйектілігімен оқырман таразысына түседі.
Жазушының "Сарыжайлау”, "Сәйгүліктер”, "Бір түп тораңғы”, "Қарауыл”, "Бір қаланың тұрғындары” күні кешегі кеңестік дәуір шындығын бейнелеген туындыларға жатады. Уақыт біреу. Кеңістік те біреу. Бұлар мезгіл мен мекен жағынан ғана емес, ішкі мазмұн, пішін жағынан да сарындас шығармалар. Уақыт та, кеңістік те шексіз. Өмір уақытқа тәуелді. Адам үшін екі түрлі бесік бар: біріншісі – тал бесік, екіншісі – жер бесік. Екеуінің ортасы – кеңістік, жүріп өтуге кететін мерзім – уақыт. Қ.Жұмаділов өз хикаяттары арқылы адам өмірінің уақыт пен кеңістік ауқымындағы мән-маңызына, мазмұнына үңіледі. Дәнеш, Жұмаш, Машанов, Таубай, Айтқұлов, Ағыбай, Ержан, Батырхан, Тәкібаев, Әділгерей образдары – дәуір шындығының бірегей картинасын беріп тұрған бейнелер. Шынайы образ автордың көркемдік, стильдік ізденістерінен туындайды. Қ.Жұмаділовтің қаламгерлік қолтаңбасына, өнерпаздық даралығына оның өмірді жетік білуін, өзі бастан кешкен немесе өзі жетік білетін жайттарды, құбылыстарды көркем туындысының өзегіне айналдыруын, өмір құбылыстарын оқырманына ұсына отырып, әр құбылысқа, оның астарына өзі де, кейіпкері де ойлылықпен үңілуін, әр шығармасының аттарының өзі символ болып келетінін, тақырып алуандылығын, өмір құбылысын суреттегенде тың ой, жаңаша да соны пікірлер айтуға тырысатын жазушы дарынын, ішкі толғаныс пен жүрек тебіренісін, сәулелі сезім мен саналы парасаттылық ұялаған жазушының өз "менін”, сонымен бірге бүкіл шығармаларындағы ішкі-сыртқы үйлесімділіктің тек қана қарапайымдылық пен табиғилық ұғымдарымен тыныс алатынын, әр туындысында ұлттық болмыстың "менмұндалап” тұратын қасиеттерін жатқызар едік. Оның әр хикаятынан өз шығармалары арқылы табиғаттың ұлы жаратылыс заңына, адам мен адамның, адам мен қоғамның, адам мен табиғаттың арасындағы үйлесімділікті сақтау қағидаларына уақыт пен кеңістік сияқты ұғымдар тұрғысынан үңілгенін байқауға болады. Жазушы өз хикаяттарын бас-аяғы бүтін, біртұтас дүние етіп жазуға, шығаруға тырысқаны сияқты, адамзат баласы өмір деп атайтын мынау жарық дүниені, әлемді, ортаны, қоғамды да біртұтас күйінде қабылдауға құштар.
Жазушының табиғи талантын, философиялық көзқарасын бүкіл хикаяттарындағы, оның ішінде "Сәйгүліктердегі” шеберлігі паш етіп тұр. Дала сәнін текті мал – жылқысыз елестету санасына сіңбеген Ағыбай қарияның ауруханада жатқанда өң мен түстің арасында сандырақтап жатып түс көруі, түсінде қып-қызыл алақанды көруі, төскейде жайылып жатқан қалың жылқы, кенеттен ай нұрына шағылысып, жарқ еткен ақ балта жүзінің бітеу, кесек сүйектерге қарш-қарш қадалғанын көруі, сөйтсе, әлгі балтаның жаңқалап жатқаны жылқының сүйегі сияқты еді, бір уақытта қараса, әлгі залымдардың шапқылап, балталап жатқаны жылқы емес, бұның жалғыз ұлы Айдарға айналып кетуі – бәрі-бәрі де бойына жақсылықты да, жамандықты да сыйғызып тұрған, сол екеуінің шарпысуына мыңдаған, миллиондаған жыл бойы куә боп келе жатқан уақыт пен кеңістік туралы автордың тосын шешіміне негізделген. Қарияның жалғыз ұлының қайтыс болған жері, яғни "қайғылы оқиға тас жол бойында, Ағыбай ұрылармен айқасқан тұстан бес шақырымдай беріде болып еді”. Осы бес-ақ шақырым жерде терең ой бар. Философиялық толғам бар. Жалпыадамзаттық көкейкесті проблемалар бар. Бес-ақ шақырым жер жан-жақтан қаумалаған, сөйтіп, небәрі осынша жерді ғана қалдырған қоғамның ызғары, дәуірдің қыспағы сияқты. Расымен-ақ жақсылық атты ұғымға мына жарық дүниеден бұйырғаны бар болғаны бес-ақ шақырым кеңістік болғаны ма? Осыдан жыл бұрын дүние дәл осындай тар емес еді ғой. Шынымен-ақ адамзат баласы ғұмыр кешетін жер атты жұмыр планетада дүние осыншама қусырылғаны ма? Дүниені осыншама тарылтқан кім? Жазушының авторлық толғанысы, яғни адам болмысына үңілуі, сол арқылы барша адамзат баласын ізгілікке, имандылыққа шақыруы, есіңді жи, адамзат баласы, жан-жағыңа қара деп дабыл қағуынан байқалып тұр. Осынау философиялық ой-толғаныс оның барлық хикаяттарына арқау болғанын байқау қиын емес. Бір қарағанда, күнделікті өмірде жиі кездесіп жататын, ұсақ, күйкі тірлікке жататын қарапайым ғана жайттар қаламгер шеберлігі арқасында аса өзекті, жалпы адамзат баласына тән ортақ мәселелерге айналған.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 3468 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Самообман может довести до саморазрушения. © Неизвестно
==> читать все изречения...

1037 - | 890 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.006 с.