Лекции.Орг


Поиск:




Азақстан Республикасындағы қаржылық бақылау органдары




Қаржылық бақылау дегеніміз жалпы қоғамдық өнімнің қатысты ақша қаражаттар қорлары бойынша құнды бөлудің негізділігін және белгілі мақсаттарға шығындалуын тексеруге бағытталған арнайы іс-әрекет. Қаржылық бақылаудың ерекшелігі ол тек қана ақшалай түрде болады. Оның объектісі - табыстар мен жиналымдарды қалыптастыру және қаржы қорларын құру мен пайдалану үдерістері. Қаржылық бақылаудың көмегімен қаржы жоспарларының орындалуы, қаржылық-шаруашылық қызметінің ұйымдастырылуы тексеріледі. Қаржылық бақылаудың сыныптамасы субъектілердегі айырмашылықтарға, бақылау іс-қимылдарын жүргізудің уақытына, бақылауды жүргізудің тәсілдеріне негізделген.

Барлық өкілетті органдар қаржылық бақылауды тиісті бюджеттің жоспарын және оның атқарылуы туралы есепті жыл сайын сессияларды қараған кезде жүзеге асырады. Үкімет, жергілікті әкімшіліктің аппараты оларға қарасты органдардың бақылаушылық, соның ішінде қаржылық–кредиттік қызметін ғана бағалап қоймайды, сонымн бірге өздері де тікелей қаржылық бақылауды жүзеге асырады. Үкімет мемлекеттік бюджеттің жасалуы мен атқарылуын бақылап отырады, мемлекеттің қаржылық саясатын жүзеге асырады. Өздерінің өкілеттіктеріне қарай бақылау функцияларын жергілікті жердегі атқарушы органдар орындайды. Жалпы мемлекеттік қаржылық бақылауды мемлекеттік билік пен басқарудың мына оргадары жүргізеді: Президенттің аппараты, ҚР Праламенті, Үкіметі, жергілікті өкілдікті органдар, жергілікті әкімшілік органдары. Жалпы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдарға сондай–ақ ҚР Қаржы министрлігі, Ұлттық Экономика, Ұлттық банкі жатады. Қаржы министрлігі, оның Қаржылық бақылау комитеті және аумақтық қаржы органдары әлеуметтік–экономикалық сферасының қаржы саласын тексереді.Олар жоспар, қаржыландырудың дара жоспары және қаржылық тәртіптің сақталуын, кірістерді есептеудің дұрыстығын, толықтығын және дер кезділігін, мемлекет қаражаттарының жұмсалу заңдылығы мен мақсатқа сәйкестігін бақылап отырады. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының жүйесін:

– Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті;

– Мәслихаттың тексеру комиссиялары;

– ҚР Үкіметі уәкілетті берен ішкі бақылау жөніндегі орган;

– Орталық мемлекеттік органдардың ішкі бақылау қызметтері;

– Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ішкі бақылау қызметтері құрайды.

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті ҚР Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін республикалық бюджеттің атқарылуын сыртқы бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғарғы органы болып табылады. Мәслихаттың тексеру комиссиялары жергілікті деңгейде сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асырады. Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, оның аумақтық органдары есептелген және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдар сомаларының бюджеттерге толық және дер кезінде түсуіне салықтық тексерулерді жүзеге асырады.

Азақстанның қор биржалары, олардың мақсаттары, міндеттері және қызмет түрлері. Қор биржа мүшелерінің құқықтары мен міндеттері

Қор нарығы бұл бірінші кезекете бағалы қағаздар сатушысы мен оларды сатып алушының бірін-бірі табатын алаңы. Делдалдар ретіндегі биржа мүшелері арқылы бағалы қағаздарды сатып алу-сату мәмілелері жасалады. KASE-әмбебап қаржы нарығы, оны шартты түрде төрт негізгі секторға бөлуге болады: шетелдік валюталар нарығы, мемлекеттік бағалы қағаздар, соның ішінде ҚР халықаралық бағалы қағаздар нарығы, акциялар және корпоративтік облигациялар нарығы, деривативтер нарығы.

Қор биржасы- бағалы қағаздар сатып алынатын және сатылатын тұрақты нарық. Қор биржасында экономикаға ұзақ мерзімді инвестиция салу және мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру үшін қаражат жұмылдырылады, акционды компаниялардың акциялары, облигациялары, мемлекеттік облигациялар сатып алынады және сатылады. Биржада айналысқа түсетін бағалы қағаздардың бағамы белгіленеді, бұл бағам түсетін кіріспен (дивиденд не пайыз түрінде), несие пайызының деңгейімен айқындалады. Қор биржасындағы операциялар ақша капиталдарын тартуға, оларды өндірістің түрлі салалары арасында қайта бөлуге жәрдемдеседі. Қор биржасы тәжірибесінде бағалы қағаздардың мәміле жасалған сәттегі бағамы мен оның аяқталған кездегі бағамы арасындағы айырмадан табыс алу мақсатындағы операциялар кең қолданылады. Биржаның келесі қызметтері бар: 1) сауданы ұйымдастыру қызметі: биржалық сауда ережесін жасау; сауданы материалдық, техникалық жағынан қамтамасыз ету; биржа мүшелерін оқыту; сауда орнын ұсыну. 2) биржалық талаптарды жасау: биржаның объектісінің сапа жағынан талаптандыру; актив көлемін стандарттау; биржалық мәмілелер бойынша есеп айырысуға талап қою. 3) биржалық арбитраж қызметі бұл биржалық сауда кезінде пайда болатын дауларды шешу, техникалық қателіктерді анықтау. 4) бағаны анықтау қызметі; 5) ақпараттық қызмет.

«Қазақстан қор биржасы» (KASE) 1993 жылы Қазақстан банкаралық валюта биржасы деген атаумен ашылды. Бұл Ұлттық банктің және екінші деңгейлі ірі банктің шешімі бойынша ашылды. 1996 жылы биржаның аты өзгерді және сол кезден бастап қазіргі кезге дейңн акционерлік қоғам «Қазақстан қор биржасы» деген атаққа ие болды. Қазақстанда қор биржасының мүшесі, әдетте, заңды тұлға болады. Биржадан орын алу үшін 1500 еселенген айлық есептік көрсеткіштің көлемінде жарна төлеу керек. Биржа мүшелерінің міндеттері: 1) биржаның жарғысын және басқада ішкі нормативтік құжаттарын орындау; 2) жарғыда және нормативтік құжаттарда көрсетілген мөлшерде және тәртіпте жарна төлеу; 3) биржаның мақсатын, міндеттерін орындауға және дамуын қамтамасыз етуге ат салысу.Қор биржаларының ұйымдық құрылымы және оның басқару органдары бүкіл елдерде шамамен бірдей. Биржаның жоғары басқару органы акционерлердің жалпы жиналысы. Жалпы жиналыс аралығында биржа жұмысын қолма қол басқару және бақылау биржалық кеңеске жүктеледі. Ол биржа акционерлерінен сайланады. Қор биржасының ағымдағы қызметін қолма қол басқарушы орган басқарма. Оның құрамына президент, вице президенттер мен қосалқы қызметкерлер кіреді. Қаржы шаруашылық қызметке ішкі бақылауды тексеру комиссиясы жүргізеді. Ол комиссияның төрағасы және екі орынбасарынан тұрады. Биржаның келесі атқарушы органы арбитраждық комиссия. Ол мәмілеге қатысушылар арасындағы шаруашылық мәселелердің құқықтық тұрғыдан дәл шешілуін тексереді. Листинг бөлімі акционерлік компанияларды листинг тізіміне енгізу жөнінде жұмыс жүргізеді. Сауда және брокерлер бөлімі биржа залында сауда жүргізу үшін қажетті жағдайларды жасап, барлық істерді реттейді. Клиринг бөлімі мәміле бекітілген соң қор мәмілесіне қатысушылар арасындағы қолма қол ақшасыз формадағы есеп айырысу операцияларымен шұғылданады. Ақпараттық талдау бөлімі орталықтанған ақпаратпен қамтамасыз етумен және бағамдық бақылаумен шұғылданады. Әкімшілік қаржылық бөлімі қор биржасының бүкіл бөлімдерінің қалыпты жұмысын қамтамасыз етуде ұйымдық қосалқы жұмыс жүргізеді. Қауіпсіздік қызмет бөлімі биржаға кіріп шығу режимінің орындалуын қадағалайды. Қазақстанның қор биржасының табыс көздері:

1. Бағалы қағаздар листигінің жарнасы.

2. Биржа мүшелігіне кіру үшін жарнасы және сауданы ұйымдастыру жүйесін қолдану үшін алымдар.

3. Мәміленің тіркелімі үшін алым.

4. Ақпараттық қызметтерді көрсеткені үшін табыстар.

Аржы нарығы

Қаржы нарығы - ақша операцияларының арнайы саласы болып табылатын нарықтық қатынастар жүйесі; капитал несиегерлер мен қарызгерлер арасында бағалы қағаздарды шығару және сатып алу-сату нысанында қайта бөлінетін несие капиталдары нарығының бір бөлігі. Мұнда халықтың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, мемлекеттік құрылымдардың клиенттерге не бағалы қағаз кепілдігімең немесе несие түрінде берілетін бос ақшалай қаражаты мәміле объектісі болып табылады. Сондықтан ол бағалы қағаздар нарығы ретінде де, несие капиталының нарығы ретінде де әрекет етеді. Қаржы нарығы жаңа бағалы қағаздар шығару ісімен айналысатын бастапқы қаржы нарығы және бұрын шығарылған бағалы қағаздарды қайта сатумен айналысатын қайталама қаржы нарығы түрлеріне бөлінеді. Әлемдік экономиканың жаһандануы жағдайында дамыған елдердің ұлттық қаржы нарығы әлемдік қаржы нарығының бір бөлігі болып табылады. Бұған қаржы нарығында сауданы ұйымдастырушылар көрсететін қызметтер ұсынысының ақпараттық технологиялар негізінде ұлтаралық сипаталуы септігін тигізуде. ұлттық несие-қаржы институттарының мүдделерін қорғау үшін мемлекет қаржы нарығына қатысу- шылардың қызметін арнаулы мекемелер арқылы реттеп отырады. Мысалы, Қазақстанда мұндай міндетті ҚР Ұлттық Банкі орындайды.

Қаржы нарығы келесі себептер бойынша экономикада басты рөл атқарады:

1) оның арқасында ақша қаражаттарын өндіріске салып, елдің өндіріс қуатын нығайту, қор әлеуетін жинақтау;

2) қаржы нарығының көмегімен инвесторларға ең көп пайда әкелетін кәсіпорындар мен салалардың дамуы жеңілдетіледі;

3) қаржы нарықтарында іске асырылатын капиталдардың құйылуы ғылыми-техникалық прогрестің (өрлеудің) шапшаңдатуына жағдай жасайды. Қаржы нарығы қаржы қорларының тез қозғалысы мен нәтижелі пайдалануын қамтамасыз етеді.

Қаржы нарығының негізгі міндеті ақша қаражаттарының иелерден пайдаланушыларға қозғалыстағы делдалдықта тұрады. Бұдан басқа, қаржы нарығының міндеттеріне келесілерді жатқызуға болады:

- қаржы нарығы әр жерден келген уақытша пайдаланбайтын капиталды жұмылдырады;

- уақытша пайдаланбайтын жинақталған капиталды көптеген түпкі тұтынушылар арасында нәтижелі таратады;

- инвестиция аясында капиталды пайдаланудың ең нәтижелі бағыттарын анықтайды;

- сұраныс пен ұсыныстың ара қатынастарын объективті түрде көрсететін жеке қаржы құралдары мен қызметтердің нарықтық бағаларын қалыптастырады;

- қаржы құралдарын сатушы мен оларды сатып алушылар арасында білікті делдалдықты іске асырады;

- қаржы тәуекелін азайтуға жағдай жасайды;

- капиталдың айналымын шапшаңдатады (тездетеді), яғни экономикалық процестерінің белсенділігін көтереді.

Қаржы нарығына ақша нарығы, капиталдар нарығы және құнды қағаздар нарығы кіреді. Ақша нарығында бір жылдан аз уақыты бар қысқа мерзімді қаржы құралдары айналады. Капиталдар нарығында ұзақ мерзімді қаржы құралдары айналады. Құнды қағаздар нарығы ақша нарығының және капиталдар нарығының бөлігі болады, өйткені онда қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қаржы құралдары айналады.

Ақша нарығына келесі бөліктер кіреді: қолдағы ақша нарығы, қысқа мерзімді қазына міндеттемелер нарығы, қысқа мерзімді сауда міндеттеме қағаздар (вексель) нарығы.

Кеңейтілген түсінік бойынша, қаржы нарығына сақтандыру нарығы, несие нарығы, ақша нарығы, құнды қағаздар нарығы, валюталық нарық, зейнетақы активтер нарығы, инвестициялық нарығы кіреді. Экономиканы қаржылық басқаруының халықаралық теориясы мен тәжірибесінде қаржы нарығының 2 негізгі нысанын айырады:

-ұйымдасқан;

-ұйымдаспаған.

Ұйымдасқан қаржы нарығы – банктер мен биржалар белгілеген (анықталған) ережелер бойынша қызмет жасайтын нарық.

Ұйымдаспаған қаржы нарығы – басқа жолдар арқылы қаржы активтердің айналыс аясын білдіреді: қаржы делдалдар, инвестициялық компаниялар арқылы және т.б.

Қаржы нарықтар қаржы құралдары жиналған қор иесінен қарыз алушыға «құйылатын» көптеген әр түрлі «жолдардан» тұрады. Бұл жолдар теория бойынша 2 негізгі топқа бөлінеді:

1 топ – тура қаржыландыру жолдары, яғни жинақ меншіктенушіден қарыз алушыға тікелей ауысатын жолдар бар.

2 топ – жанама қаржыландыру жолдары, яғни жеке шаруа қожалықтардан фирмаларға қарай қаражаттар ерекше институттар – қаржы делдалдар арқылы ауысып, өтеді.

Тура (тікелей) қаржыландырудың 2 негізгі тәсілі бар: күрделі қаржыландыру және қарыз алу жолымен қаржыландыру. Күрделі қаржыландыру бойынша инвестицияларды жүзеге асыру үшін осы кәсіпорын иелігіне үлестік қатысу құқығына айырбас ретінде кәсіпорын ақша қаражаттарын алады.

Қарыз алу жолымен қаржыландыру бойынша кәсіпорын иелігіне үлестік қатысу құқығының жоқтығы және осы қаражаттарды белгіленген пайызбен төлеу жөнінде міндеттемеге айырбас ретінде кәсіпорын инвестицияларды жүзеге асыру үшін ақша қаражаттарын алады.

Қаржы нарығы алғашқы (бастапқы), қайталама және үшінші болады.

Алғашқы (бастапқы) нарықта жаңа шыққан қарыз міндеттемелер орналасады. Әдетте бұл ірі инвестициялық институттардың көмегімен іске асырылады.

Қайталама нарығында шығарылған құралдар сатылады және сатып алынады. Бұл нарық инвесторлар жағынан сұраныстың алғашқы нарықтағы белгіленген құралдар ұсынысынан асып кету нәтижесінде пайда болады.

3-ші нарық – туынды қаржы құралдарымен жасалатын сауда. Бұл нарықтың тез дамуының негізінде өзінің көп түрлілігімен қаржы нарығының дамуын ынталандыруына арналған жаңа құралдардың пайда болуы жатыр.

Қаржылық делдалдық – несие берушіден қарыз алушыға қаржы қорларының қозғалысы (ауысуы, құйылуы) және де осымен байланысты қаржы институттардың қызметі. Экономикалық әдебиетте қаржы делдалдардың 3 тобын айырады:

- депозиттік (өзара-жинақ банктері, несие одақтары);

- шарт, келісім – жинақтаушы (сақтандыру компаниялар, зейнетақы қорлары);

- инвестициялық қорлар (траст, өзара қорлар).

Қаржы нарықтарының негізгі қатысушылары:

- инвесторлар – олардың рөлінде пайда алу мақсатында тиісті нарықтарға бағытталған уақытша пайдаланбайтын қорлары бар заңды және жеке тұлғалар, мемлекет болуы мүмкін);

- делдалдар – олардың рөлінде арнайы қаржы құрылымдар (банктер, сақтандыру компаниялар, қор нарықтарының, инвестициялық қорлардың және т.б. кәсіби қатысушылары болуы мүмкін;

- пайдаланушылар – олардың рөлінде тиісті қаржы нарығында әр түрлі негіздерде өздеріне керек (қажет) қаржы қорларына ие болып, оларды пайдалану үшін құқығын төлейтін мемлекет немесе заңды және жеке тұлғалар болуы мүмкін.

Операцияларда қатысу сипаты бойынша нарық субъектілері 2 санатқа бөлінеді: тура және жанама қатысушылар. Қаржы нарығының тура қатысушыларына сәйкес нарықтардың биржа мүшелері жатады. Олар мәмілелерді өз шоты есебінен немесе биржа мүмкіндігінде жоқ тұлғалардың тапсырмасы бойынша жасайды. Биржа мүшелігі жоқ тұлғалар жанама қатысушылар сипатына кіреді. Нарықтағы операцияларда қатысудың мақсаттары мен себептері бойынша нарық қатысушылары хеджерлер мен саудагер, алып-сатарларға жіктеледі. Хеджер – ол бағамдық тәуекелдерді, трансфертті тәуекелдерді, өз активтерін немесе нақты мәмілелерді сақтандыратын тұлға. Саудагер, алып-сатар – ол негізгі активтердің бағамдық құнында болып қалуы мүмкін айырмашылығының есебінен пайда түсіргісі келген тұлға. Саудагерлер (алып-сатарлар) келісім-шарттарды сатып алады (сатады), оларды кейін жоғары (төмен) бағамен сату (сатып алу) үшін. Олар трейдерлер мен арбитражерлерге бөлінеді.

Трейдер – бір не бірнеше келісім-шарттардың бағамдық тұрақсыздығынан пайда алатын тұлға.

Арбитражер – әр нарықтардағы бағамдар айырмашылығын пайдаланып, бір активті бір уақытта (бір мезгілде) әр түрлі нарықтарда сатып-сатып алу есебінен пайда түсіру. Арбитражер активті арзан биржадан сатып алып, басқа биржада қымбатқа сатады. Баға айырмашылығы оның пайдасын құрайды.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1531 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

В моем словаре нет слова «невозможно». © Наполеон Бонапарт
==> читать все изречения...

784 - | 736 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.