Лекции.Орг


Поиск:




Тапсырма. Мәтінді оқыңыздар. Халқымыздың ертеден-ақ өзіне тән дәстүрлі музыкасы болды




 

Азақ музыкасы

Халқымыздың ертеден-ақ өзіне тән дәстүрлі музыкасы болды. Қазақтың ән мен күйлері халқымыздың әр кездегі тіршілік-тынысын танытады.

Үш өлкенің (үш жүздің) тарихи қалыптасу ерекшелігіне қарай музыкалық шығармалардың әуендік сипаты түрліше болып келеді: әншілік, күйшілік, орындаушылық дәстүрлерінде де айырмашылық бар.

Орындаушылық дәстүрдің түрлері – ән салу, күй тарту т.б. «Жар-жар», «Сыңсу» сияқты үйлену тойларында айтылатын әндер домбыра немесе қобыздың сүйемелдеуімен орындалып, қайырмасына көп адам қосылып отырған.

Ауыл-ауылды аралап ән салып, күй тартқан сал-серілер мен ақын-жыршылар сол дәуірдің музыка мәдениетін таратушылар болды. Қорқыт ата (ҮІІІ-ІХ ғ.), музыка нота жазуының үлгілерін ойлап тапқан Әбу Насыр әл-Фараби (Х-ХІғ.), ХҮ ғасырда өмір сүрген Қазтуған мен Асан қайғы – қазақ музыка өнерінің дүлдүл өкілдері.

ХІХ ғасырдың ортасы мен ХХ ғасырдың басында Абай, Біржан Қожағұлұлы, Жаяу Мұса Байжанұлы сияқты композитор-әншілер қазақ музыкасын жоғары сатыға көтерді. Дәулеткерей Шығайұлы, Ықылас Дүкенұлының күйлері туған жерді дәріптеуге, халық мерекелерінің көріністеріне, тұрмыстық сюжеттерге құрылды. Құрманғазы Сағырбайұлының күйлері халық тағдырын, қазақтың кең байтақ дархан даласын суреттеп, ұлттық әуен құрылысын байытты. Әнші-композиторлар Мұқит Мерәліұлы, Ақан сері Қорамсаұлы, Балуан Шолақ, Тәттімбет, Қазанқап, сыбызғышы Сармалай т.б. шығармалары халық музыкасының классикалық қорына қосылды.

А.В.Затаевич халық ән-күйлерінің жинағын құрастырып шығарды. 1933 жылы Алматыда Музыка студиясы ашылып, 1934 жылы музыкалды театр, 1936 жылдан Біріккен қазақ және орыс опера театры, 1937 жылдан Қазақтың опера және балет театры құрылды. Музыкалды спектакльдерге әншілер К.Байсейітова, Қ.Жандарбеков, Қ.Байсейітов, М. Ержанов т.б. қатысты. 1934 жылы халық эпосы негізінде жазылған Е.Г. Брусиловскийдің «Қыз Жібек», «Жалбыр» (1935ж), «Ер Тарғын»(1937ж) опералары қойылды. Бұлардың бәрінде де қазақтың халық музыкасы кеңінен қолданылды. Одан кейінгі жылдарда қазақ муызкасының жанры мықтап дамыды.

 

Тапсырма. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Халқымыздың дәстүрлі музыкасы қашан, қалай пайда болды?

2. Қазақ халқының музыка мәдениетін кімдер бастады?

3. ХІХ ғасырдың ортасы мен ХХ ғасырдың басындағы әнші-композиторлар кімдер еді? Олардың шығармаларында нелер суреттеледі?

4. Қазақтың опера және балет театрының құрылуының алдында қандай музыкалық ұйымдар болды?

5. Опера және балет театырының алғашқы әншілерін атаңыз.

6. Кейінгі әншілерден кімдерді білесіздер?

 

13-тапсырма. Мына мақал-мәтелдердің, ғибратты сөздердің мәнін түсіндіріңіздер.

 

Жігітке өлең де өнер, өнер де өнер.

 

Ән –көңілдің ажары.

 

Батыл жігіт жол бастар,

Ақын жігіт той бастар.

 

Өлең –алтын, сөз –күміс.

 

Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы. (Абай)

 

Өзгеге, көңілім, тоярсың,

Өлеңді қайтіп қоярсың?

Оны айтқанда толғанып,

Іштегі дертті жоярсың. (Абай)

 

Құлақтан кіріп бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй. (Абай)

 

Ән – халық үні, оның шындығы, оның ойы мен сезімі. (Жамбыл)

Музыканы сүю үшін, ең алдымен, оны тыңдай білу керек. (Д.Шостакович)

Үшінші сабақ

Тапсырма. Домбыра туралы әнді тыңдаңыздар.

 

 

Домбыра туралы баллада

Әні: Кеңес Дүйсекеевтікі

Сөзі: Шөмішбай Сариевтікі

 

Күй ойнайды қазағымның қанында,

Күй ойнайды қазағымның жанында.

Жүрегінің,

жүрегінің,

жүрегінің дүрсілі -

Күмбірлеген домбырасы барында.

 

Қайырмасы:

Бабамыздың мұңысың сен, домбыра,

Анамыздың сырысың сен, домбыра.

Қазағымның жүрегінен жаралған,

Даламыздың үнісің сен, домбыра!

 

Домбыра бұл, үнсіз қалып көрмеген,

Қуаныш та, қайғы-мұң да кернеген.

Үзіледі,

үзіледі,

үзіледі әуендер,

Ғашықтардың көз жасындай пернеден.

 

Қайырмасы:

 

Домбырадай шежіре жыр болмаған,

Даламыздың тағдырларын толғаған.

Армандарын,

армандарын,

армандарын халқымның,

Аманат қып ұрпағына жолдаған.

Тапсырма. Әннің мазмұнын өз сөздеріңізбен баяндап беріңіздер.

Тапсырма. Әнді жаттап алыңыздар.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-25; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 651 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Слабые люди всю жизнь стараются быть не хуже других. Сильным во что бы то ни стало нужно стать лучше всех. © Борис Акунин
==> читать все изречения...

749 - | 708 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.