Лекции.Орг


Поиск:




Дәріс7. Туристік қызмет зерттеулерінде жалпы ғылыми әдістерді қолдану




Дәрістің мақсаты: туристік қызмет зерттеулеріндегі жалпы ғылыми әдістердің мәнін,

туристік қызметтегі талдау және синтездеу әдістерін, эксперимент зерттеу жүргізу тәжірибелерін тереңнен ашып қарастыру болып табылады.

Дәріс сұрақтары:

1.Туристік қызмет зерттеулеріндегі жалпы ғылыми әдістердің мәні

2.Туристік қызметтегі талдау және синтездеу әдістері

3.Эксперимент зерттеу жүргізу тәжірибесі ретінде

Тақырып бойынша негізгі түсініктер: бақылау, сұхбат, сауалнама, талдау, синтез, логикалық, контент, факторлық, дерексіздендіру.

Бақылау – бұл қызмет міндеттерімен шартталған мақсатты қабылдау.

Ғылыми бақылау, ақпаратты құралдар арқылы қабылдау, көркем шығармашылық процесінің бөлігі ретінде қабылдау болып бөлінеді.

Ғылыми бақылаудың негізгі шарты – нақтылық, яғни, қайта бақылау, немесе зерттеудің жаңа әдістерін қолданып бақылау мүмкіндігі, мысалы, эксперимент/ғылыми тәжірибе, модельдеу.

Бақылау әдісі түрлі қызмет салаларындағы ғылыми зерттеудің құрамдас бөлігі болып табылады, соның ішінде туризм саласы да бар. Бұл дегеніміз - нақтылы мәліметтерді жүйелі және мақсатты түрде жинақтау, мысалы, сапалық және сандық жағы, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, туристік кәсіпорын қызметкерлерінің кәсіби біліктілігі немесе бәсекелестер туралы мәліметтер.

Бақылау адамның сезім органдарының қызметіне байланысты, өйткені ол зерттеуші алған ақпараттардың көбін қабылдайды.

Бақылау барысында негізгі міндет фактілер мен оқиғаларды анықтауға әкелген жағдайда, бұл ретте шығармашылық ой-қабілеттің рөлі биік болады.

Ғылыми бақылау әзірлікті талап етеді: зерттеудің жалпы мақсатына, жоспар құру, жағымды жағдай таңдау, уақыт пен орнына сәйкес мақсатын нақтылайды.

Бақылау мұндай жағдайда теориялық мазмұнмен толығып, алдын-ала оны жете ойлануды талап етеді. Маман өз қызметін ерте бастан дұрыс жоспарлап, басты назарды маңызды істерге бағыттаған жағдайда ғана жетістікке қол жеткізеді.

Маман өз білімінің негізінде болып жатқан оқиғаларды дұрыс талдай алса, ол тиісті қорытынды жасай алады. Бақылау жүргізуге мұқият әзірлену оның толық және терең жүргізілуін, зерттелетін оқиғаны жан-жақты қамтып, бақылауға алуды қамтамасыз етеді, өйткені ол туристік қызметтің мән-мағынасын ұғынуда өте маңызды.

Зерттеу жүргізушінің белсенділігі, оның зерттелетін процестерге қатысуы, танымдық қызығуы мен мүддесі бақылау әдісін табысты қолданудың қажетті шарты болып табылады.

Бақылау жүргізу негізі – іс-тәжірибе. Қызмет барысында бақылау жүргізу толық және жан-жақты болады, өйткені ол маңызды нысандарды көрсетіп, оның барысын үнемі реттеп отырады.

Ғылыми зерттеу жүргізу үшін бақылаушының жан-жақты әзірлігі, зерттелетін процес туралы жалпы білімі болуы маңызды. Тәжірибелі маман жүргізген бақылау нәтижесі, тәжірибесі аз маманның жүргізген бақылауымен салыстырғанда барынша жоғары болады. Бақылау әдісі үшін түрлі құралдар қолданылады.

Сұхбат – бұл зерттеушінің нақтылы бір тұлғамен жеке сұхбаты, онда ол сұрақтар қойып, жауаптарды реттеп, белгілейді.

Сұхбат жүргізілу формасына қарай бетпе-бет/жүзбе-жүз/ немесе жанама (мысалы телефон арқылы) болуы мүмкін. Сұхбат туристік қызмет мәселелері, туризм кәсіпорындары жайында әңгімелесу түрінде жүргізіледі. Бірнеше сараптамашы- болжаушыларға сауалнама жүргізуге болады, бірақ сұхбат дскуссияға айналмауы керек. Бұл әдіс көзбек-көз (сырттай) сауалнама жүргізумен ұқсас, онда жауаптар жазбаша түрде жүргізіледі.

Сауалнама – зерттеуші әзірлеген сұрақтарға берілген жауаптар, яғни, респонденттер сауалнама сұрақтарына жауап береді. Саулнамада сарапшыларға арналған бірнеше формадағы сұрақтар болады. Кейбір мәселелерді шешу үшін «сұрақ-жауап» типті сауалнамалар пайдаланылады. Оларды бір немесе бірнеше сұрақтан болады, және олардың әрқайсысына екі немесе одан да көп жауаптар бар. Сарапшы әзірленген жауаптың бірін және оған негіздемесін көрсетуі тиіс. Сұрақтар жауаптың сапалық және сандық сипатына қарай қойылады.

Күрделі мәселелерді тұтас және жекелей зерттеу кезінде, сауалнамада нақтылы логикалық бірізділік болуы мүмкін, олар оқиғаның(қазірден болашаққа) уақытына (немесе орны) қарай өзара байланысты. Сарапшыларға ұсынылатын оқиғалар жиынтығы олардың сипаттамаларымен бірге тұтас сценарий құрайды. Сарапшылардан оқиғаның бағасы мен болжам талап етіледі, өйткені осы негізде зерттелетін процесс одан әрі қарай жалғасып дамиды.

Сарапшыларға сұрақ беру нақталы процестерді дамыту келешегін анықтау есебінен жүргізіледі. Олар белгілі білімді белгісіз білімге, алдағы уақытта танылуы тиіс білімге жеткізеді. Мысалы, туризмнің экстремалды түрлерін дамыту мүмкіндіктерін көрсету.

Туристік қызметтегі талдау және синтездеу әдістері.Талдау және синтез – жалпы ғылыми әдістер, онсыз бір де бір ғылыми зерттеу жүргізілмейді. Талдау – зерттелетін оқиғаны құрамдас бөліктер, элементтер мен белгілерге, қарама-қайшылығын талдап, мәнін ашу деп түсінеміз. Синтез белгіленген элементтер, белгілер мен қарама-қайшылықтар арасында байланыс орнату процесі. Синтез нарықтық қарым-қатынастарды жан-жақты ойша салыстыру және байланыстыру, сөйтіп, басқару шешіміне баға беріп, қабылдаудың нақты көрінісін құруға мүмкіндік береді.

Талдау және синтез – бұл қарама-қайшы бағытталған (талдау – жалпыдан жекеге, синтез – жекеден жалпыға), сондай-ақ бір-бірімен тығыз байланыстағы таным процесі.

Талдау және синтез туристік кәсіпорынның табысты қызметіне қажетті күштер мен құралдар арақатысын оңтайлы анықтайтын әдіс болып табылады. Олар қызметкердің өзарар іс-әрекетінен тұратын элементтерді құруға, экономикалық тиімділікке қол жеткізу барысындағы өз күшін шамалауға мүмкіндік береді.

Талдау және синтез туристік кәсіпорынның кезекті қаржы жылындағы /ол тоқсандарға бөлінеді/ жұмысын зерттеуде қолданылады, олардың арасында байланыс құрады, соңынан тұтас істі жүзеге асырады.

Осы әдістер арқылы туристік іс-шараларды өткізудің жағымды жақтары мен әлсіз тұстары айқындалады.

Талдау функциясы туристік қызметтің түрлі белгілерін бөлуден тұрады, ол фактілерді жүйелеу үшін негіз бола алады, оларды зерттелетін оқиғаның нақтылы дамуын сипаттайтын хронологиялық, функционалды, құрылымдық тәртіппен жүйелейді.

Синтез функциясы фактілер арасында байланыс орнату мен оларды белгіленген негіздемелер бойынша топтарға біріктіруден тұрады.

Талдау барысында, мысалы, мұнай өнімдеріне бағаның өсуі себепті, бензин, жанар-жағар май бағалары да өседі, бұл өз кезегінде туристік жолдаманың қымбаттауына әкеледі.

Ғылыми зерттеулерде талдау мен синтезді пайдалану ақиқатты тануға ықпал етеді.

Жалпы туризмді немесе оның жеке түрлерін зерттей келе, зерттеуші әрбір қызметкердің жұмысын ойша талдап, элементтердің байланысы мен өзара іс-әрекетін, қасиеттерін анықтайды.

Ғылыми зерттеулерде түрліше талдаулар бар екендігін ескереміз: факторлық, логикалық, контент-талдау, эмпирикалық және т.б.

Факторлық талдаудың негізгі мақсаты – ауыспалық сандарды қысқарту және ауыспалық арасындағы өзара байланыс құрылымын анықтау болып табылады. Ауыспалы санды қысқарту барысында қорытынды ауыспалық өзіне бірлескен ауыспалы сипаттарын барынша енгізеді. Туризмде факторлық талдау туристік жолдамаға деген тұтынушылық сұранысты талдау үшін пайдаланылады.

Логикалық талдау көптеген ұғымдарды анықтауға бағытталған, өйткені оның көмегімен зерттелетін нысан сипатталып, сыртқы түрі ерекше белгілерді іздеу, атап айтқанда тараптар мен қасиеттер өлшемін жүргізуге мүмкіндік беретін эмпирикалық индикаторлар, мысалы жаңа туристік өнім.

Логикалық талдау мыналар кіреді, негізгі ұғымдарды түсіндіру (жасырын мазмұнын талдау) және анықтау (ұғымды элементтерге бөліп, эмпирикалық индикаторларды іріктеу мүмкіндігі болады). Соңында белгілеріне қол жеткізеді, оның өлшемі тапсырыс берушінің ақпараттық сұранысына жауап береді.

Контент-талдау (ағылшын т. content – мазмұны) – мәтіндік және графикалық ақпаратты талдау әдісі, ол туристік қызметте зерттелетін талданатын ақпаратты сандық көрсеткішке көшіру және оны статистикалық өңдеу.

Туризм бизнесінің түрлі қызметінің мазмұны контент-талдаудың нысаны болуы мүмкін: халықаралық және отандық туроператорлар, қызмет нарығындағы бәсекелестік, халықаралық және отандық қонақүй кешендерінің менеджерлері, турбизнеске әсер етуші төтенше оқиғалар, қонақжай индустриясы саласындағы жекелеген елдердің заң актілері.

Контент-талдау әдісі деректі мәліметтерді зерттеуде, сауалнама, бақылау, тесті жүргізу, көпшілік коммуникация, маркетингте қосымша құрал ретінде қолданылады.

Эмпирикалық талдау – бұл жалпылама тұтасты оның құрамдас, барынша қарапайым элементарлық бөлшектеріне жайғастыру.

Теориялық талдау нысанның негізгі және елеулі мәселелерін анықтауды қарастырады.Бұл әдіске дерексіздендіру, ықшамдау, форматтау нәтижелері кіреді.

Теориялық синтез – бұл кеңейтілген зерттеу, мұнда әдеттегіден тыс жаңа құрылым құрылады.

Эксперимент зерттеу жүргізу тәжірибесі ретінде.

Эксперимент ғылыми зерттеудің практикалық әдісі болып табылады. Эксперимент жүргізу бақылаумен салыстырғанда шығармашылық ойды, жоспарлы істерді тиянақты түрде ойластыруды барынша талап етеді. Бұл дәлелді материалдарды жинақтаудың бір әдісі.

Эксперимент келешек туристік қызметтің жекелеген тараптары туралы нақты мәліметтер алу әдісі ретінде көрінеді.

Эксперимент ғылыми зерттеудің әдісі ретінде туризмнің жан-жақты дамуын зерттеуге мүмкіндік береді: оның түрлері мен формаларының қызметі, саланы қаржылық дамыту үшін ресурстарды пайдалану.

Эксперимент кәсіпкерлік қыметтің өзгеруіне, даму жағдайларына өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді, ол нақтылы жағдайға жақындату мақсатында зерттеу жүргізуге жатады.

Туризмде өндірістік эксперимент қолданылады, ол қоғамды және қоғамдық қатынастарды жетілдіру жолдарын дамытудың жекелеген теориялары мен ғылыми ұсыныстарын тексеруге қызмет етеді.

Танымдық эксперимент нарықтық бәсекелестік жағдайында туристік кәсіпорынның қызметін айқындауға ықпалын тигізеді. Маркетологтар іс-әрекеттің күрделі моделдерін құрып, бақылау мен басқару жағдайында оның түрлі тараптарын зерттейді. Эксперимент алдын-ала құрылған жоспар бойынша жүргізіледі, оның міндеті нақтылы нарық сегменті жағдайында анықталады, мерзімі жеткен мәселелер мен оларды шешу мүмкіндігіне сәйкес.

Ғылыми зерттеулерде эксперимент жүргізу шектеулі болады, өйткені онда шарттылық орын алған, дегенмен, ол турбизнес саласындағы үдерістерді тиімді зерттеуге мүмкіндік береді.Эксперименттік мәліметтерді абсолюттеуге болмайды, олар шектеулі және зерттеудің логикалық әдістерін қолдану негізінде нақтылы түзетулерді талап етеді.

Туристік қызметтің кейбір салаларына, соның ішінде космос туризмі және дайвинг-туризміне түрлі себептерге байланысты эксперимент жүргізу мүмкін емес. Ғылыми зерттеу жүргізу үшін үлкен талаптар қойылады, мысалы нақтылы үдеріске барынша жақындатылған жағдайлар жасау.

Туристік қызметте ойша эксперимент қолданылады, ол іс жүзінде мүмкін емес жағдайларға ойша жүргізіліп, жүзеге асырылады, мұндай кезде ешқандай материалдық эксперимент жүргізілмейді. Ойша жүргізілген эксперимент қорытынды бағасын практика жүзінде тексеру барысында алады.

Басқару эксперименті туристік қызмет зардаптарын бағалау мақсатында, жаңалықтарды сынап көру үшін енгізу қолданылады.

Туристік қызметте әлеуметтік эксперимент ғылыми танымдық әдіс ретінде маңызды орын алады, ол қоғам мен туристік кәсіпорын басшысының әкімшілік ықпалымен әлеуметтік нысанға арнайы сипаттама беруге негізделген.

Егер әлеуметтік эксперимент экономика саласына жүргізілген экспериментке ілсе жүрсе, онда осы екі эксперимент әлеуметтік-экономикалық эксперимент сипатын алады. Осы әдістің көмегімен мынандай мінеттерді шешуге болады: материалдық ынталандыру және мотивация жүйесін құру; қызметтік міндеттерді бөлу; туристік қызмет кәсіпорны қызметкерлерінің құқығы мен жауапкершілігін нақтылау; қызметкермен өзара іс-әрекетті жетілдіру; қатынас қызметі және тұтынушылармен сұхбаттасу.

Туризмдегі эксперименталды зерттеулер дегеніміз – зерттелген біртипті топты таңдау жолымен бастапқы ақпаратты жинау, оларға түрлі тапсырмалар беру, нәтижеге әсерін тигізетін факторларды бақылау деп түсіндіріледі. Мысалы, клиенттердің турпакеттер бағасына реакциясы анықталады. Тәуелсіз ауыспалылар эксперимент жүргізушінің пікіріне қарай өзгеруі мүмкін (баға, жарнама шығыны), сол кезде тәуелді ауыспалылар оның басқару саласында болмауы мүмкін (сату көлемі, нарықтық үлес көрсеткіші).





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-25; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 710 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Чтобы получился студенческий борщ, его нужно варить также как и домашний, только без мяса и развести водой 1:10 © Неизвестно
==> читать все изречения...

1440 - | 1386 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.