Лекции.Орг


Поиск:




Здік орындайтын жұмыстардың түрлері




Педагогикалық әдебиеттерде өзіндік жұмыс түрлерін әр түрлі тұрғыдан қарастырып, төмендегідей жіктейді:

1) ұйымдастыру түрлеріне қарай: ұжымдық, топтық, жеке-дара жұмыс;

2) мақсатқа бағытталу сипатына байланысты: теориялық және практикалық;

3) логикалық бағыттылығына байланысты: фактілерді бақылау және ұғымның белгілерін айрықшалау, құбылыстар арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтату; өз бетімен игерген оқу материалындағы ұғымдарды анықтау және игергендерді жинақтау; кейбір типтес құбылыстарды айрықшалау; фактілер арасындағы байланысты анықтау;

4) іс-әрекеттің сипаты бойынша: репродуктивті (қайталаушы), реконструктивті-вариативті, жартылай ізденісті және зерттеушілік (шығармашылық) өздік жұмыс;

5) танымдық үдерістегі қолдану орнына байланысты: жаңа білімді қабылдау және игеру үшін арналған; алынған білімнің негізіндегі өзіндік жұмыстар; бекітуге бағытталған; білімі мен білігін жүйелеп, жалпылауға бағытталған; қайталау мен білім, білік және дағдыны тексеруге арналған өздік жұмыс түрлері;

6) мұғалім тарапынан жасалынатын жетекшіліктің сипатына, нәтижелеріне бақылау жасау тәсілдеріне байланысты шартты түрде мынандай түрлерге бөлуге болады: негізгі сабақ үстінде жүргізілетін өзіндік жұмыстар;

7) жоспар бойынша жүргізілетін жұмыстар, шығармашылық жұмыстар, сынақтар мен емтихандар түрінде орындалатын өзіндік жұмыстар;

8) оқу және шығармашылық сипаттағы үй тапсырмаларын орындаудағы сабақтан тыс өздік жұмыстар;

9) оқушылардың өздік жұмыс істеу (дербестілік) деңгейіне қарай:

- еліктеу,

- жаттықтыру,

- шығармашылық,

- зерттеу өзіндік жұмыстары.

Ғылыми-зерттеулерде оқушылардың өзіндік істейтін жұмыстары:

1) оқушылар орындайтын іс-әрекет түріне;

2) ол әрекеттердің шығармашылық сипатына;

3) оқушылардың ойын қалыптастыруда атқаратын рөліне;

4) білім алу жолына;

5) ұйымдастыру формасына қарай сипатталады.

Дидактикамен айналысушы ғалымдар оқушылардың оқыту процесіндегі өздік жұмыстарын танымдық әрекет тұрғысынан талдай келе әрбір оқу пәнінің мазмұндық-логикалық ерекшелігіне қарай оның 4 типін анықтады.

1) Үлгі бойынша өзіндік жұмыстар. Бұл жұмыстар – мазмұны әр түрлі материалдарды пайдаланып ұйымдастырылатын жаттығулар.

2) Өзгертіп, қайта құрап жинақтайтын тәжірибенің, білімнің, дағдының негізінде орындалатын практикалық-интеллектілік жұмыстар.

3) Өзіндік істейтін вариантты жұмыстар. Бұлар ғылыми білімді қолдана білуге арналады, проблемалық мазмұнда болады. Жаңадан білім алу, логикалық қорытынды шығару талаптарын тудырады. Оқушылардың бұл жұмыстары тақырып аралық, пән аралық сипатта болып келеді.

4) Өзіндік істейтін шығармашылық жұмыстар. Ол ой мен іс-әрекеттің толық дербестігін қажет ететін жұмыс түрі, яғни өзіндік жұмыс істеудің ең жоғарғы сатысы болыр табылады.

Бұл аталған өзіндік жұмыстарды әрекет сипатына қарай жаттығу, зерттеу, шығармашылық жұмыстар деп топтастыруға болады.

Жаттығу жұмыстары. Жаттығу деп – белгілі бір дағдыны, іскерлікті немесе ереже-анықтаманы, әдісті т.б. үйрену, меңгеру үшін, бір істі қайталап істеуді айтамыз. Оқыту процесіндегі оқушылардың еңбектерінің бірқатары осындай түрлі жаттығу жұмыстарына жатады.

Зерттеу сипатты жұмыстар. Оқушылардың ойын дамыту, белсенділігі мен дербестігін қалыптастыру, өз бетінше жұмыс істеуге үйретуде зерттеу элементтері бар проблемалық тапсырмалардың орны ерекше.

Мектептерде сабақ процесінде проблемалы тапсырмалар арқылы оқушылардың өз бетінше жұмыстарын ұйымдастырудың мұғалімнің баяндауына ғана құрылған оқудан көп айырмасы, артықшылығы бар.

Біріншіден, проблемалы тапсырмалар сабақтағы қорытындылардың қандай және қалай пайда болатындығын оқушылар үшін дәлелді етеді, осы арқылы білім нанымды және сапалы меңгеріледі.

Екіншіден, проблемалы тапсырмалар оқушыларды ғылыми және логикалық ойлауға үйретеді, ғылыми іздену жолына бағыттайды.

Үшіншіден, проблемалы тапсырмалар эмоцияға молырақ әсер етеді, сондықтан балалардың оқуға қызығушылығын арттырады, білімге іштей құмартушылықты дамытады.

Шығармашылық жұмыс. Әрбір зерттеу сипаты бар жұмыста азды-көпті шығармашылық еңбек, ал шығармашылық жұмыстың негізінде зерттеу жатыр. Оқушылардың өз бетінше жұмыстарын зерттеу сипатты жұмыстары мен шығармашылық жұмыстарын бөліп қарастыруда шарттылық бар. Бұлардың арақатынасын айқындау үшін, алдымен оқушылардың шығармашылық жұмыстары деп нені айтатынымызды қарастырайық.

Шығармашылық дегеніміз – адамның белсенділігі мен дербес іс-әрекетінің ең жоғарғы формасы. Сонда оқушылардың шығармашылық жұмысы дегеніміз – оқушылардың шығармашылық еңбегіне еркін тақырыпта шығарма, оқыған кітаптарында рецензия жазуда да мұғалімнің түсінік нұсқау беруінен кейін немесе өз иннициативасымен практикалық жұмыстар істеуін немесе алдарына қойылған мәселені өздерінің шешуін де т.б. жатқызылады.

Сонымен қатар, оқушылардың шығармашылық еңбегі – жаңа бір нәрсені жасай, табумен ғана шектелмейді, ол сол жаңаны табуға, жасауға жету жолын да қамтиды.

Бір оқу жұмысы, мұғалімнің тапсырмасы болмасын, оны орындауда оқушының білімі мен дағдысы, қабілеті жұмсалатын және онан шәкірттің білімі мен іскерлік қабілеті көрінетін болса, сондай-ақ бұл еңбек оқушының осы қасиеттерін бір саты дамытатын болса, мұндай істердің бәрін шығармашылық жұмысқа жатқызамыз.

 

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-25; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 750 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Настоящая ответственность бывает только личной. © Фазиль Искандер
==> читать все изречения...

646 - | 548 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.