Лекции.Орг


Поиск:




Көміртекті болаттарды топтау және маркалау




 

Болатты көптеген қасиеттеріне байланысты топтайды.

1. Химиялық құрамы бойынша:

- Көміртекті;

- Легірленген.

2. Көміртегінің мөлшеріне байланысты:

- Аз көміртекті, көміртегінің мөлшері 0,25 % дейін;

- Орташа көміртекті, көміртегінің мөлшері 0,3÷0,6 %;

- Жоғары көміртекті, көміртегінің мөлшері 0,6 % жоғары.

3. Бірқалыпты құрылымына байланысты:

- эвтектоидқа дейінгі;

- эвтектоидты

- эвтектоидтан кейінгі.

4. Сапасына байланысты. Сапаның сандық көрсеткішіне зиянды қоспалардың мөлшері жатады, яғни күкірт пен фосфордың мөлшеріне байланысты:

- 0,04 ≤ S≤0,06%, 0,04≤Р≤0,08% – кәдімгі сапалы көміртекті болаттар;

- Р, S = 0,03÷0,04% - сапалы болаттар;

- Р, S ≤ 0,03% - жоғары сапалы болаттар.

5. Қолданылуына байланысты:

- конструкциялық – машиналар мен механизмдердің бөлшектерін жасау үшін қолданылады;

- инструменттік – түрлі инструменттерді жасау үшін қолданылады;

- арнайы – ерекше қасиетті болаттар: электртехникалық, ерекше магнитті қасиетті және т.б.

6. Өндіру тәсіліне байланысты:

 

аз көміртекті 0,25%С
көміртекті конструкциялық болат
көміртекті аспап болаты
қарапайым сапалы
сапалы
сапалы
жоғары сапалы
жоғары легірленген 10% - дан астам  
орташа көміртекті 0,3÷0,6%С
жоғары көміртекті 0,6% С жоғары
көміртекті болат
конвертерлі
мартенді
Өндіру тәсілдері бойынша
электрмен
арнайы тәсілдермен
легірленген болат
аз легірленген 2,5%-ға дейін
орташа легірленген 2,5÷10%
легірленген конструкциялық болат  
легірленген аспап болаты  
ерекше жоғары сапалы
жоғары сапалы

 


Көміртекті болаттар қолданылуы және қасиеттеріне байланысты келесі түрлерге бөлінеді:

- жалпы мұқтаждық,

- конструкциялық,

- аспаптық.

Жалпы мұқтаждық болаттар құрылыс конструкцияларын, машина бөлшектері мен аспап, құрал-сайман (жұмыс жабдықтары) жасау үшін қолданылады. Олар механикалық қасиеті мен химиялық құрамына байланысты:

- кәдімгі сапалы,

- сапалы,

- жоғары сапалы болып үшке бөлінеді.

а) Кәдімгі сапалы болаттардың өзі механикалық қасиеті мен химиялық құрамына қарай үш топқа бөлінеді.

І топ – А тобы, бұл топқа жататын болаттардың механикалық қасиеттері кепілденеді. А тобының болаттары Ст әріптерімен және 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6 нөмірлерімен маркаланады. Нөмір саны артқан сайын оның беріктігі жоғары болады, ал пластикалығы төмендейді. Болат қасиеттері 3.1-кестеде көрсетілген. Бұл болаттарды мартен пештерінде және бессемер пештерінде қорыту арқылы (ПСталь О, ПСталь 2) алады.

 

3.1 - к е с т е.А тобы болаттарының қасиеттері (МЕСТ 380-94)

Болат маркасы σв, МПа σс, МПа σ,%
Ст0   -  
Ст1 320,4 -  
Ст2 340,4    
Ст3 381,247   21÷27
Ст4 420,52    
Ст5 500,62   15÷21
Ст6 600,72   11÷16

 

ІІ топ – Б тобы, бұл топқа жататын болаттың химиялық құрамы кепілденеді. Бұл топқа жататын болаттар құрамындағы көміртегінің мөлшері мен қорыту әдісіне қарай маркаланады. Б тобыныңболаттарында М, К өндіру тәсілін көрсетеді, әрі (мартен, конвертер, Бессемер) әріптерімен маркалайды. Мысалы, МСт0, МСт1, КСт1, МСт2, КСт2, МСт3, МСт4, КСт4, МСт5, МСт6, МСт7. МО9кл, И12КПМ18 маркалы болаттар – мартен болаттары, БО9кл., 516кл., Б33 маркалы болаттар – бессемер болаттары. Әріптен соңғы сандар көміртегінің жүзден бір процентпен алынған мөлшерін, ал КП «қайнау» болаты екендігін көрсетеді.

ІІІ топ – В тобы, бұл топқа жататын болаттардың механикалық қасиетімен бірге химиялық құрамы кепілденеді. В тобының болаттары (мартен немесе конвертер тәсілімен алынады), В әрпімен және санмен маркаланады. Мысалы, ВСт1, ВСт2, ВСт3, М18А, И26А, М56А. А әрпі болат сапасының жоғарылатылғандығын көрсетеді.Бұл болаттарды тазартылуына байланысты қайнау (КП), тыныш (СП) және жартылай тыныш (ПС) деп үшке бөледі (3.4 суретті қара).

а ә б

а) қайнау болаты; ә) тыныш болат; б) жартылай тыныш болат.

 

3.4 сурет - Болат құрылысының нобайы

 

б) Сапалы болаттар мартен, электр пештерінде қорытылып, машина бөлшектері мен жұмыс жабдықтарын (инструмент) жасау үшін қолданылады.

Құрамындағы марганец элементінің мөлшеріне қарай сапалы болаттар 2 топқа бөлінеді: І топқа құрамындағы марганец элементінің мөлшері әдеттегідей болаттар, ал ІІ топқа марганец элементінің мөлшері әдеттегіден жоғары болаттар жатады.

І топқа жататын сапалы болаттарда құрамындағы көміртегі мөлшері пайызбен алынған жүздік үлесі бойынша белгіленеді. Мысалы, Сталь 15 (Болат 15), Сталь 20 (Болат 20),..., Сталь 70 (Болат 70). Сталь 15 маркалы болаттың құрамында 0,15% көміртегі болады.

ІІ топқа жататын сапалы болаттарда І топ болаттары сияқты белгіленеді. Көміртегінің мөлшерін анықтайтын саннан соң «Г» әрпі (марганец) қойылады. Мысалы, 45Г, 56Г. Жұмыс саймандарын жасауға арналған болаттар «У» әрпімен және құрамындағы көміртегінің процентпен алынған ондық үлесін қосып жазу арқылы белгіленеді. Мысалы, У7, У8, У10, У12,..., У7 маркалы болатта 0,7% көміртегі, ал У12 болатта 1,2% көміртегі бар.

в) Жоғары сапалы болаттардың құрамында зиянды қоспалар мөлшері мен ақауы аз болады. Болаттың бұл түрінің мынадай маркалары бар: 15А, 20А, УОА, УВА, УІОА... А әрпі болаттың жоғары сапалы екендігін көрсетеді.

Арнаулы болаттар жону, созу, штамптау әдісімен суық күйде өңделеді. Болаттың бұл түрінің «автомат болаты» деп аталатын түрі машина жасау өндірісінде гайка, бұранда жасау үшін пайдаланылады.

Құрамында көміртегі аз болаттардың өңделу қасиетін арттыру үшін оларға күкірт пен фосфор қосады. А12 маркалы автомат болатының құрамында 0,15% фосфор, 0,08÷0,2% күкірт болады.

Кейбір маркалы болатты жону арқылы өңдегенде оның беріктік қасиеттерін арттыру үшін 0,1%-ға дейін қорғасын қосады. Мұндай болаттың құрамындағы қорғасын жаңқаның оңай бөлінуіне және кескіштің тез мұқалмауына септігін тигізеді. Өйткені болаттың құрамындағы қорғасын майлаушы майдың қызметін атқарады.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-25; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2034 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Настоящая ответственность бывает только личной. © Фазиль Искандер
==> читать все изречения...

823 - | 698 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.