Лекции.Орг


Поиск:




Ата-аналарыныҢ ойын ҚҰзыреттілігі туралы




АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

 

 

«Бала ойынының тілі»

Білімдік-ойын курс бағдарламасы

 

 

 

 

Астана - 2010

Бала ойынының тілі» білімдік-ойын курс бағдарламасы. - Астана, 2010. — 66 б.

 

Құрастырушылар:

Калашникова Т.М., Новогренко Г.Н., Беспалова Р.Х.

 

 

Берілген бағдарлама мектепке дейінгі ұйымдар базасында жұмыс жасайтын қысқамерзімді топтарға не болмаса ата-аналарға арналған консультациялық пункттерге, сондай-ақ балалары мектепке дейінгі біліммен қамтылмаған ата-аналарға арналған.

Мектепке дейінгі балалық шақ»

Республикалық орталығы, 2010

МАЗМҰНЫ

 

  Кіріспе  
  Мектеп жасына дейінгі балалардың ата-аналарының ойын құзыреттілігі туралы  
  «Бала ойынынның тілі» ата-аналарға арналған кездесу тақырыбы  
  «Баламен.... ойын тілінде сөйлесемін» ата-аналарға арналған жадынама  
  Ақылды ата-аналар мен қызық құмар балаларға арналған қызықты тәжірибелер мен зерттеулер //эксперименттер  
  «Бала ойынының тілі» ата-аналар мен балаларға арналған курс бағдарламасы  
  Әдебиеттер  

 

КІРІСПЕ

 

Неге біздің кішкене балаларымыз компьютердің алдында жылжымай, үндемей, парасатты болып қалады, барлығы бір болып мектепке дайындалуды бастайды.

Бүгінгі өркениетті заманда өмір сүретін отбасы болашақта өз балаларының үлкен жетістіктерге жетуін олардың ерте балалық шағында көлемді ақпарат алуы деп біледі.

Қазіргі дамып жатқан заманда табыс осы жарысты ерте бастағандардың қолында болады дегенді кім айтты? «Ерте есейген» балалық шақ мектеп жасына дейінгі балалардың тым ерте ер жетуіне әкеп соғады ма?

Бүгін балалық шақты асықтырмай, мәдениетіне (ойындық және іс әрекеттік) тән өркениеттің арандатуынан сақтап, дамыту керек.

Көптеген ата-аналар баланың дамуы үшін маңызды қажеттіліктердің (ойын мен іс-әрекет) керек екендігі туралы ақпараттанбаған және біле бермейді.

Онымен қоса, ата-аналар баламен ойнауды білмейді, оның қажеттіліктері мен қызығушылықтарынан ерте балалық шағынан бастап тасалана бастайды. Қоғамда балаларының тәрбиесі мен дамуын толық қамтамасыз ете алмайтын «әлеуметтік осал» отбасылар аз емес.

Бүгінгі таңда ата-аналарға арналған жалпы білім беру топтарын құру, шағын аудандардың білім беру орындарында, ауылдарда және отбасында, баланы дамыту үшін бірыңғай кеңістік құру, мектеп жасына дейінгі баланың жетекші іс-әрекеті ретінде ойын іс-әрекетін және балалар мен ересектер үшін шығармашылық қорын насихаттау проблемасы айқындалып отыр.

Мұндай біріккен іс-әрекет ата-аналарды оқытуда қуатты және басты құрал болып табылады.

Отбасыларын зерттеу көп жағдайда ата-аналар ойын іс-әрекеттерін игеруге және балалар ойыны туралы пайдалы мағлұматтар алғылары келетінін куәландырады.

Ата-аналар үй жағдайында ойын үшін жаңа мүмкіндіктерді көрулері тиіс.

Кейбіреулері үшін, мысалы, макарондар «қуыршақтың туған күніне арналған моншақтарға», ал орындықта қалдырылған газет ойын добына немесе қайыққа айналуы жаңалық болады. Ата-аналарға ойын практикум сабақтарында алған тәжірибелері баламен құрылымдық қарым-қатынасын дамыту және оның сезімдік күшін қолдау үшін ойынның маңыздылығын түсінуге мүмкіндік береді. Көпшілігіне ойынды ата-аналардың нұсқауларынан өзіндік «демалыс» ретінде ұғынуына мүмкіндік береді. Ата-аналарда өзіндік эмоционалдық және ашықтық шекарасын білу мүмкіндігінің болуы тиіс, ал педагогтер осы шекараларға құрметпен қарауға үйренуі керек.

Ойынның маңыздылығын мойындай отырып, ата-аналар өзінің ойынға деген ынтасын, белсенділігін және қызығушылығын сезінуі тиіс.

Арнайы құрылған ойын кеңістігі жағдайында ата-аналардың ойындық мінез-құлық сипаттамаларын бақылаудың нәтижесі, айтарлықтай барлық ата-аналар бала территориясына бара бермейтінін және олар көбіне сарапшы немесе бақылаушы ретінде өз территориясында қалғанды ыңғайлы көретіндерін көрсетті. Сондықтан ата-аналарға өз баласымен және оның қатарластарымен ойында серіктестік қатынас құру үшін практикалық тәжірибе алуға көмектесу, оларға ойында импривизациялық қатысу тәжірибелерін алу мүмкіндігін қамтамасыз ету, қатынасуда баламен бірге ойын кеңістігін модельдеу, ойын сюжетін жазу (развертывания) және өзге әдістерін білу берілген курстың басты міндеттерінің бірі болып табылады.

Белгілі себептерге байланысты балалары бала-бақшаға бара алмайтын (келмейтін) ата-аналар нақтылы көмекке мұқтаж болады: бұл тренингтер, әдістемелік нұсқаулар, әңгемелесу, практикалық көрсетулер, оқу практикумы және т.б.

Осылай бала-бақшаға бара алмайтын ата-аналар мен балалар үшін «Бала ойынының тілі» атты білімдік ойындық курс құру ойы туындады.

Ата-аналар үшін бағдарламаның мақсаты:

- ата-аналарға баланың танымдық қызығушылығы мен қабілеттілігін дамытуда ойынның маңыздылығы мен мағыналылығын түсінуді үйрету;

- ата-аналарға мектепке дейінгі балалар үшін ойын маңызды өмірлік қажеттіліктердің бірі екенін түсіндіру;

- ересектердің ұйымдастырылған ойынымен ата-аналарды және балаларды ойнауға үйрету;

-ата-аналарды отбасы тәрбиесінде қолдану ерекшеліктерін есепке ала отырып, балалар ойынының түрлілігімен таныстыру;

- ата-аналарға ойын серіктестері ретінде түрлі ойындарға (қосу) араластыру мүмкіндігін беру;

- баламен қатынасында ата-аналарға ойын мінез-құлық репертуарын кеңейтуге мүмкіндік туғызу.

Балаларға арналған бағдарламаның мақсаты:

- баланың шығармашылық белсенділігін, оның елестетуін, қиялдауын, ойын іс-әрекеттіне қатынасу тілегін ояту;

- баланың қабілеттерінің толық ашылуы және балалық қызығушылықтарын қанағаттандыру үшін ойын кеңістігін құру;

- баланың әртүрлі формалы ойын іс-әрекеттеріне қатысуы арқылы әлеуметтік тәжірибесін байытуға жағдай жасау;

- ойындық іс-әрекет негізінде балаларда қарапайым білімді, білікті және дағдыларды қалыптастыру.

 

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ

АТА-АНАЛАРЫНЫҢ ОЙЫН ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ ТУРАЛЫ

 

Ойын өсіп келе жатқан балалардың спецификалық іс-әрекеті болып саналады. Ол баланың тұлға ретінде түрлі жағынан «іске қосудың» қажетті механизмі ретінде жүзеге асады, сонымен қатар ол баланың тұлғалық мінез-құлықтарының дұрыс және өз уақытында «өсуі» үшін «құнарлы жер» ретінде және қоршаған адамдармен қарым-қатынаста әлеуметтік құзыреттіліктерін дамытады. Мамандардың айтуы бойынша, кең ойын тәжірибесі бар мектепке дейінгі балалардың аз ойнайтын балаларға қарағанда, мектепке табысты бейімделеді және өсе келе өмірдің маңызды жағдайларын жақсы шешеді. Бүгінгі отбасында ата-аналар балалардың ойын мәдениетінде басты, кейде жалғыз трансляторлары болады.

Бала ойнай отырып, күнделікті өмір шеңберінде ата-аналарымен қарым-қатынасында рұқсат етілмейтін қиялдарын жүзеге асыру, ересектер сияқты өз ойын білдіру сияқты маңызды қажеттілігін қанағаттандырады.

Тек қана ойынға байланысты ол ересектер мен көптеген әлеуметтік нормалар және ережелер әлемінде өзінің тәуелділік жағынан шынайы еркіндігін сезінеді. Ол шынайы өмірде баланың қолынан келмейді, бірақ ойын рөлдері мен қарым-қатынастарында қолжетімді. Өзге сөзбен айтатын болсақ, ойын барысында алатын қанағаттануымен қоса, оған баланың дамуында қуатты импульс жинақталған эмоционалдық қанығу және жайлану сезімі келеді. Бірақ, егер ересектер әлемде қатынасу және байланысу ойын әдістерін меңгеруді ересектердің өздері балаға көрсетпесе, бала көбінесе оған тәуелді және өздігінен өмірлік жағдайларды табысты шешуге дайын болмайды.

Міне, сондықтан ата-аналардың балаларымен қатынасуда ойын инициативасын көрсетілуін қолдау маңызды, отбасында баламен ойнау іс-әрекеті – бұл оның дамуына, эмоционалдық және психологиялық денсаулығына деген қамқорлық, баламен сапалы өзара қатынасуды орнату үшін ой және директива деңгейінде шарттар ғана емес, сонымен қатар эмоционалдық әрекеттесу тілі болып табылады.

 

 

«БАЛАНЫҢ ОЙЫН ТІЛІ»





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-25; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 923 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Либо вы управляете вашим днем, либо день управляет вами. © Джим Рон
==> читать все изречения...

825 - | 683 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.