Лекции.Орг


Поиск:




Денсаулығы және тәрбиелеу шарттары




Нақты күн кестесін сақтау: баламен сабақты үнемі аптасына 2 рет, 45-60 минуттан өткізу қажет, 2 ойыншықтар жинағы және құралдар болуы керек, олардың біріншісі күнделікті ойынға (машиналар, кубиктер, «Конструктор», «Лего» жинақтары және т.б.), екінші жинақ балаға ересектермен сабақ барысында ғана беріледі.

Барлық ересек адамдар баланы оқытуға бірыңғай талаптарды ұстану керек.

Тұрмыста және сабақта белсенді болуды талап ету. Ересек адамды тыңдау, өзіне қызмет көрсету дағдыларымен байланысты әрекеттерді орындау: қолды тамақтану алдында және дәретханадан кейін жуу, ойыншықтарын, киімдерін жинау, сау бол айту. Ас ішу кезінде майлық пайдалану, қасық, шанышқыны дұрыс ұстау.

Сабақ және ойын кезінде байсалды отыру және ересек адамды тыңдау, рұқсатсыз ойыншықтарды алмау. Өзін бірінші жақпен айтуға үйрету: «Мен қалаймын», «Мен серуендеуге барамын», «Менің су ішкім келеді», «Менің ас ішкім келеді», анасына «Сен» деп сөйлеу, «Екеуіміз серуендеуге барамыз».

Күн режимі сәттерін орындау барысында ересектер баланың қолының саусақтарына массаж жасайды: 5-7 минуттан күніне 2-3 рет.

Массаж ересектің баламен эмоционалды және вербалды қарым-қатынас көрсетуімен жасалады.

Жаттығу түрлері:

- ересек адам қол үстілерін (ішкі және сыртқы) «шетінен» «ортасына қарай» бағыты бойынша шынтағына дейін, әрбір қолын 6-8 рет;

- ересек адам бала қолының саусақтарын бір мезгілде бүгу және жазу, әрбір қолында 4-10 ретке дейін;

- ересек адам саусағымен баланың ашық алақанында спираль тәріздес қозғалыстарды әр бір алақанында 2-4 рет жасайды («сурет саламыз, түйіншек жасаймыз»);

- ересек адам баланың үлкен саусағын үш бағытта апарып және әкеледі: алдыға-артқа, жанына-бір жағына, шеңбер бойынша;

- ересек баланың қолын мейірімділікпен 5-6 рет «шетінен» «ортасына» қарай сипалайды.

Дене шынықтыру тәрбиесі

- Дене шынықтыру жаттығуларын орындау кезінде дұрыс тыныс алуды қалыптастыру маңызды (мыс, мұрынмен тыныс аламыз, қолымызды жоғары көтереміз, ауыз арқылы дем шығару-қолымызды төмен түсіреміз).

Жалпы қозғалыстардың дамуы

- Жіп, табалдырық, шығыршық арқылы аттап өтуге үйрету, орындық астынан, шығыршық арқылы еңбектеп өтуді, аяғымен допты тебуге, бір аяқпен секіруді үйрету.

- Бір аяқта, екі аяқта секіруді үйрету.

- Доппен алдыға қарай жүру, екі қолмен ұстап алып лақтыру, төменнен алып кеудеден, лента арқылы, екі қолымен ересек адамға беріп, ересек адамның лақтырған добын қағып алуға тырысу, оң және сол қолымен алысқа ұсақ заттарды (кішкентай доптар, құмы бар дорба, шишкалар) лақтыру.

Зіне қызмет көрсету дағдылары және мәдени-гигиеналық дағдылар

Өз бетімен әрекет етуді үйрету:

- Жуыну (қолын және бетін жуу, қолын ішкі және сыртқы жағынан сабындау, суды сумен жуып тастау, содан кейін қолдарын орамалмен сүрту), тісін тазалау, дәретхана қағазын пайдалану, әжетхананы дұрыс пайдалануды үйрету, бөшкеден суды ағызу.

- Ас ішу кезінде: келесі дағдыларды нығайту: оң қолында қасық, шаңышқыны дұрыс ұстау, асты төкпей ішуге үйрету, стақаннан, кеседен ішу, тамақтан кейін және тамақ ішу кезінде майлық пайдалану.

- Өз бетімен киім киуді (аяқ киім) және шешуді үйрету, шұлықдамбалды, шұлықты, күртеше, бас киімді киюді үйрету.

- Өз заттарын артынан жинап жүруді үйрету (киімді ілуді үйрету, аяқ киімді шкафқа қою).

Леуметтік даму

- Өзі туралы көзқарас қалыптастыру, өзінің есімін атауды үйрету, жыныстық ерекшелігін «Мен қыз баламын» немесе «Мен ұл баламын». Айнаға өзіне қарау, өзіне қолмен көрсету, «Мен» деп айту, өз есімін атау.

- Өзінің дене, бет бөлшектерін атауды, олардың атқаратын қызметтерін білуге үйрету: «Мұрының қайда, ауызың қайда, шаштарың қайда, құлақтарың, көздерің, аяқтарың-оларды көрсет».

- Аузын зерттеу: онда тістер, тіл, еріндер бар. Ойын: «Шарға үрлейік».

- Өзінің тілектері және қажеттіліктері туралы көзқарас қалыптастыру: «Менің су ішкім келіп тұр», «Менің ұйықтағым келіп тұр». «Менің ойнағым келіп тұр».

- Ойыншықтардың «сезімдеріне» эмоционалды қатынас тәрбиелеу: қуыршақ тоңды, ыстықтады, қуыршақ қуанып тұр, жылайды, тамақ ішкісі келеді және т.б.

- Ересектермен өзара әрекеттесудің және қарым-қатынас орнатудың эмоционалды тәсілдерін қалыптастыру (көзіне қарау, ересектерге айту: «апа, бер», «әке, ал», «рахмет»), баланы ересек адамдардың есімдері болатынына үйрету.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-25; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1009 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Есть только один способ избежать критики: ничего не делайте, ничего не говорите и будьте никем. © Аристотель
==> читать все изречения...

772 - | 734 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.