Лекции.Орг


Поиск:




Жарықтандыру нормалары мен құрылғылыры.




Нормаландыру және жарықтандыру қондырғылары. Ішкі және сыртқы жарықтандыруға қажетті минималды жарықтандыруды таңдау үшін, объектінің размері, оның контрастісі және объектінің жарықты шағылыстыру қасиеттерін білу керек. Жарықтандыру нормаларын таңдағанда келесідей шкаладан қараймыз: 0,2; 0,3; 0,5; 1; 2; 3; 5; 10; 20; 30; 50; 75; 100; 150; 300; 400; 500; 600; 750; 1000; 1250 лк.

Кәсіпорын аймақтарын жасанды жарықтандыруда қор коэффициенті кз және жарықтандырудың нормаланған мәндеріне сәйкес разряды бар 8 разрядты бөледі. Қарау жұмысының сипаттамасы ең жоғарғы дәлдіктен (0,15мм-ден төмен ең төменгі объектті ажырату; объект контрастісін фоннан ажырату – төмен; жалпы жарықтандыру кезіндегі жарықтандыру 1250 лк) 8 разрядқа дейінгі (өндірістік үрдіс жүрісіне тұрақты жалпы бақылау 75 лк; тұрақты кезінде периодты - 50 лк және периодтыда - 30 лк адамдардың бөлме ішінде болуы кезінде; инженерлік коммуникацияға жалпы бақылауда - 20 лк) интервалында қабылдаймыз.

ОУ-ды эксплуатациялау үрдісі кезінде шамдардың, жарықтандыру арматураларының және шағылысушы беттердің (қабырға мен төбенің) ластануынан уақыт өте келе жарық ағыны төмендейді, осыдан жұмыстық беттердің жарықталуы төмендейді. Жұмыстық беттердің жарықтандырылуын қалыпты деңгейде қамтамасыз ету үшін кз -ны есепке ала отырып, жарықтандырудың есептік мәнін Ер нормаланған Енорм үлкен етіп қабылдайды. Эксплутация үрдісі кезінде жарықтандырудың төмендеуін және оларға сәйкес шамдалдарды тазарту мерзімін ескеретін кз бар. Мысалы, қалыпты ауалық ортасы бар кәсіпорын орындарында кз газдыразрядты шамдар кезінде — 1,5, қыздыру шамдарында — 1,3. Шамдалдарды дұрыс таңдау үшін шамдал жұмыс жасайтын қоршаған орта жағдайын, шамдалдың тиімділігі және бөлменің жөндеу сипаты мен тағайындалуына сәйкес жарық ағынының талап етілген таратуды міндетті түрде ескеру қажет.

Шамдалдардың орналасу орнын таңдауға жарықтандырудың экономикалық тиімділігі, сапасы және эксплуатация қолайлылығы әсер етеді. 1-суретте шамдалдардың бөлменің биіктігі бойымен орналасуы келтірілген. Жалпы біртекті жарықтандыру кезінде орналасудың ең тиімді нұсқасы ЛН және ДРЛ шамдалдарының тікбұрыш, шаршы немесе үшбұрыштың бірдей жақты төбе бойымен орналастырылуы болып табылады, ал ЛЛ шамдалдарын жаппай немесе үзік сызықтармен орналастыруға болады (2-сурет ).

1-сурет – Бөлменің биіктігі бойымен

шамдалдардың орналасуы 2-сурет – Шамдалдардың алмастыру сұлбасы

 

Есептік биіктігі, м: ,

мұнда Н — бөлме биіктігі; hc — төбеге дейінгі шамдалдар ара-қашықтығы; hр — еденнен жоғары жұмыс бетінің биіктігі.

Жарықтандырудың максималды біртектілігін қамтамасыз ететін, шамдалдар арасындағы қатысты ара-қашықтық мәні L0 анықтамада келтірілген. Люминесцентті шамдалдарды міндетті түрде жарықтық ойыстары бар бөлменің ұзын жағына параллель етіп қатармен орналастыру қажет. Төбеден шамдалға дейінгі ара қашықтық hс, әдетте 0,5-пен 0,7м аралығында қабылданады (биіктігі төмен болатын тұрғын және қоғамдық ғимараттарда - 0,3-тен 0,4м-ге дейін).

Жарықтандыруды есептеу нүктелік әдіспен немесе пайдалану коэффициенті әдісі арқылы жүзеге асады.

Жарық ағынының пайдалану коэффициенті әдісі ірі қараңғылататын заттардың болмауында горизонтальды беттердің біртекті жарықталуының есебі үшін арналған. Нүктелік әдіс жарықтандырудың әр түрлі таратылуы есебін жүргізу үшін қызмет етеді.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-25; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2346 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Слабые люди всю жизнь стараются быть не хуже других. Сильным во что бы то ни стало нужно стать лучше всех. © Борис Акунин
==> читать все изречения...

764 - | 721 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.