Лекции.Орг


Поиск:




Ағымдық бақылау t –құзіреттіліктерді қалыптастыру деңгейін бағалау




t= (Z+N+K+P+S)/n

бұл, n – барлық құзіреттіліктер бойынша тапсырмалар саны

Z: z1+z2+…+zn - Білім құзіреттілігі

N: n1+n2+…+nn - Практикалық дағдылар құзіреттілігі

K: k1+k2+…+kn - Коммуникативті дағдылар құзіреттілігі

P: p1+p2+…+pn - Құқықтық құзіреттілік

S: s1+ s2+…+sn - СӨЖ бағасы

Рбір құзіреттілік 100-балдық шкала бойынша бағаланады

Аралық бақылау (r) – коллоквиум

Емтиханға жіберілу рейтингі:

Құзіреттіліктерді қалыптастыру деңгейінің ортаарифметикасы бойынша есептелінеді (t) және аралық бақылау (r)

R= t +r1 + r2 + r3 +….. +rn

n

Емтиханға жіберіледі егер, Rдопуска 50 баллға тең немесе жоғары болған жағдайда.

Емтиханнаң қорытынды бағасы

I кезең – компьютерлік тест:

Бағаланады: а) когнитивті құзіреттілік (білім)

Б) құқықтық құзіреттілік

II этап – практикалық дағдыларды қабылдау:

Бағаланады: а) операциональды құзіреттілік

б) коммуникативті дағдылар

Емтихан рейтингі

E= Е1 × 0,25 +Е2 0,15

Е1 - I кезең бағасы,

Е2 – II кезең бағасы.

Орытынды баға

Қорытынды баға емтиханға жіберілу рейтингі мен қорытынды бақылау бағасынан құрастырылады:

I = R × 0,6 + Е1 × 0,25 +Е2 × 0,15

где

I – қорытынды баға

R – емтиханға жіберілу рейтингі бағасы


1. Практикалық сабақ – максималды 100 балл, 100% сәйкес келеді

Бақылау түрі Деңгейлер
4 (100-90б) 3 (89-75б) 2 (74-50 б) 1 (0-49б)
  1. Ауызша сұрау
Максимум 100 б
Студент тақырыпты терең түсінген, логикалық ойлай алады. Берген жауабы қойылған сұрақтарға толығымен сәйкес келеді, барлық қажетті теориялық дәлелдермен қамтылған, мысалдарды дұрыс, нақты көрсетіп түсіндіре алады. Студент негізгі қорытынды жасай алды. Студент тақырып материалынын түсінген, бірақ жауап беру барысында кеткен қателіктерді, оқытушының жасағаннан ескертуінен кейін түзеді. Логикалық ойлай алу қабілетін көрсетті және білімін нақтылау үшін, жақсы мысалдар келтірді. Негізгі қорытынды жасай алды. Студенттің тақырып бойынша білімі толық емес, қойылған сұрақтарға толық емес және дұрыс жауап болмады, бірақ бағдарламалық материалды әрі қарай жалғастыру үшін жеткілікті білімі бар екенлігін, сұрақты жалпы түсінгендігін көрсете білді. Терминологияны қолдану барысында, түсінікті анықтап айтуда қателіктер немесе қиындықтар болды. Оқытушы бірнеше қосымша сұрақтар қойғаннан кейін түзетілген жауап болды. Студент сабаққа қатысқан. Оқу материалының көптеген немесе маңызды бөлімдерін білмейтіндігі немесе түсінбегендігі байқалды. Терминология қолдану барысында, анықталған түсініктерді айтуда үлкен қателіктер жіберілді. Оқытушы тарапынан қойылған бірнеше сұрақтарға дұрыс жөнді жауап болмады.
  1. Практикалық сабақ бөлігі
Максимум 100 б
Студент практикалық сабақтың барлық тапсырмаларын шығармашылықпен және дұрыс орындаған, хаттаманы немесе альбомды сауатты және ұқыпты жасаған, ситуациялық тапсырмаларды талдау барысында дұрыс қорытынды жасай алды, берілген ситуацияға терең анализ жасай алды, қойылған сұрақтардың барлығына негізделген және толық жауап берді. Студент теориялық білімін қолданып, практикалық сабақтың барлық тапсырмаларын дұрыс орындаған, хаттама мен альбом жасап қорытындылауда кеткен кейбір жіберілген қателіктерді, оқытушының ескертуінен кейін түзетті. Ситуациялық тапсырмаларды талдауда дұрыс қорытынды жасай алды, бірақ аздаған қателіктер жіберілген. Студент практикалық сабақ барысында теориялық білімін қолдана алмады, бірақ міндетті күрделі деңгейдегі тапсырмаларды орындады, хаттама толтыруда маңызды қателіктер жіберген, толық қорытынды жасалмаған, ситуациялық тапсырмалар орындауда тереңдетілген талдау жасай алмады.   Практикалық сабақтың орындалуына қатысқан, хаттама толтырылмаған, қорытынды жасай алмады, ситуациялық тапсырмаларға талдау жасай алмады.
  1. Тест
Максимум 100 б
90-100% дұрыс жауап 75-89% дұрыс жауап 50-74% дұрыс жауап 50% төмен дұрыс жауап

2. РЕФЕРАТСӨЖ – максималды 100 балл, 100% сәйкес

СӨЖ кез келген түрін орындауға болады

Көрсеткіштері Деңгейлер
4 (100-90б) 3 (89-75б) 2 (74-50 б) 1 (0-49б)
Рефераттың тақырыбы мен берілген тапсырмаларға мазмұнының сәйкес келуі Максимум – 10 б (18-20б) Реферат мазмұны тақырып пен берілген тапсырмаларға толық сәйкес келеді (15-17б) Реферат мазмұны тақырып пен берілген тапсырмаларға толық сәйкес келеді (10-14б) Реферат мазмұны тақырып пен берілген тапсырмаларға толық сәйкес келмейді (0-9б) Реферат мазмұны тақырыпқа сәйкес келмейді
Тақырыптың толық және логикалық ашылуы Максимум – 20б   (18-20б) Жоспарға сәйкес тақырып толық ашылған, материал сауатты тілмен жазылған, мамандандырылған терминологияны және белгілерді логикалық реттілікпен ауқымды нақты қолданған. Теориялық жағын нақтылайтын, сапасы жақсы иллюстрациялық материалдар келтірілген (сызбалар, кестелер, схемалар). (15-17б) Жоспарға сәйкес тақырып толық ашылған, материал ауқымды түрде жазылған, логикалық жағынан кейбір қателіктер бар, теориялық жағын нақтылайтын иллюстрациялық материалдар келтірілген (сызбалар, кестелер, схмелар).   (10-14б) Реферат тақырыбы толық ашылмаған, сызбалар мен иллюстрациялардың сапасы төмен.   (0-9б) Тақырып ашылмаған, сызбалар мен иллюстрациялар тақырыпқа сәйкес келмейді немесе жоқ.
Материалды толық қамту, қорытынды жасалуы Максимум – 20 б (18-20б) Материал қамтылған, нақты және анық қорытынды жасалынған   (15-17б) Материал қамтылған, дұрыс қорытынды жасалынған   (10-14б) Бөлшектенген материал көрсетілген, қорытындысы нақтыланбаған және қателіктер бар. (0-9б) Материал қамтылмаған, қорытындысы жоқ.  
Ақпарат көздерімен дұрыс жұмыс жасай алу Максимум – 20б. (18-20б) Қазіргі кезеңдегі ақпарат көздері жеткілікті мөлшерде, библиографиялық сілтемелер сауатты орындалған. (15-17б) Қазіргі кезеңдегі негізгі ақпарат көздері қолданылған. (10-14б) Ақпарат көздері мөлшерден аз, оның ішінде көпшілігі ескірген ақпарат көздері. (0-9б) Ақпарат көздері келтірілмеген.
Реферат бойынша қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беру Максимум – 20б (18-20б) Тақырып материалын студент еркін жақсы меңгерген, барлық қойылған сұрақтарға негізделген дұрыс жауап береді. (15-17б) Студент материалды жақсы біледі, қойылған сұрақтарға дұрыс жауап береді. (10-14б) Студент тақырып материалын толық білмейді, тек ең жеңіл деген сұрақтарға жауап береді. (0-9б) Студент тақырып материалын нашар меңгерген, қойылған сұрақтарға жауап бермейді.
Орындау талаптарының сәйкестігі Максимум – 10 б (18-20б) Рефераттың орындалуы кафедра белгілеп көрсеткен талаптарға толық сәйкес келеді. (15-17б) Рефераттың орындалуы кафедра көрсеткен талаптарға жалпы сәйкес келеді. (10-14б) Рефераттың орындалуы қойылған талаптарға сәйкес келмейтін жерлері бар. (0-9б) Рефераттың орындалуы қойылған талаптарға сәйкес келмейді.

ПРЕЗЕНТАЦИЯ

Көрсеткіштері Деңгейлер
4 (100-90б) 3 (89-75б) 2 (74-50 б) 1 (0-49б)
Тақырыптың толық және логикалық жағынан ашылуы Максимум – 20б   (18-20б) Презентация мазмұны тақырып пен берілген тапсырмаларға сәйкес келеді. Тақырып толық ашылған, слайдтар мамандалған терминология мен белгілерді нақты мағыналы көрсетілген. Слайд мәтіні көрнекі жазылған, идеялары нақты көрсетілген, структуралық түрде қысқа үлгіде берілген. (15-17б) Презентация мазмұны тақырып пен берілген тапсырмаларға сәйкес келеді.Тақырып толық ашылған, слайдтар мамандалған терминология мен белгілерді нақты мағыналы көрсетілген. Слайд мәтіні көрнекі жазылған, идеялары нақты көрсетілген, структуралық түрде қысқа үлгіде берілген. (10-14б) Презентация мазмұны тақырып пен берілген тапсырмаларға сәйкес келеді. Тақырып толық ашылмаған, Слайдтар көрсетілімінде белгілі бір реттілік сақталмаған. Слайдтар тек мәтіндермен ғана даярланған. (0-9б) Презентация тақырыбы ашылмаған
Ақпарат көздерімен дұрыс жұмыс жасай алу Максимум – 20б (18-20б) Қазіргі кезеңдегі ақпарат көздері жеткілікті мөлшерде қолданылған. (15-17б) Қазіргі кезеңдегі ақпарат көздері қолданылған. (10-14б) Ақпарат көздері мөлшерден аз, ескірген ақпарат көздері көрсетілген. (0-9б) Пайдаланылған ақпарат көздері көрсетілмеген немес тек интернет желісінен алынған ақпарат қана бар.
Материалды толық қамту, қорытынды жасалуы Максимум – 20 б (18-20б) Материал қамтылған, нақты және анық қорытынды жасалынған   (15-17 б) Материал қамтылған, дұрыс қорытынды жасалынған (10-14б) Материал толық қамтылмаған, қортындылауда өрескел қателер бар. (0-9б) Материал қамтылмаған, қортындысы жоқ.  
Презентацияны таныстыру және сұрақтарға жауап беру Максимум – 20б (18-20б) Студент презентация материалын меңгерген, қолданылған ғылыми терминологиясымен материалын толық түсіндіре алады. Сұрақтарға жауап барысында өзінің позициясын толық ұстана алады және сыни көзге дұрыс қарайды. (15-17б) Студент презентация материалын меңгерген, презентация мазмұнын еркін жеткізе алмайды. Қойылған сұрақтардың көпшілігіне дұрыс жауап береді. (10-14б) Студент презентация материалын толық меңгермеген, презентаия мәтінін оқып береді. Қойылған сұрақтардың көпшілігіне жауап бере алмайды. (0-9б) Студент материалды дұрыс білмейді, қойылған сұрақтарға жауап жоқ.
Орындау талаптарының сәйкестігі Максимум – 20 б (18-20б) Слайдтардың орындалуы көрсетілген талаптарға толық сәйкес келеді. Тақырыбы жазылған мұқаба беті бар, презентация жоспары, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және Internet желісі бар. Слайд көркем жасалынған, тек мәтінмен толтырылмаған, грамматикалық қателер жоқ. Слайд мәтіні аудиторияның кез келген жерінен анық көрінеді. (15-17б) Слайдтардың орындалуы көрсетілген талаптарға сәйкес келеді. Тақырыбы жазылған мұқаба беті бар, презентация жоспары, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және Internet желісі бар. Слайд көркем жасалынған, жасалуында кейбір қателіктер бар. Слайд мәтіні аудиторияның кез келген жерінен анық көрінеді. (10 – 14б) Слайдтың орындалуы көрсетілген талаптарға сәйкес келмейді. Слайдтар әр түрлі стилде жасалған, маңызды қателіктерден тұрады. (0-9б) Слайдтың орындалуы көрсетілген талаптарға сәйкес келмейді.

ГЛОССАРИЙ

Көрсеткіштері Деңгейлер
4 (100-90б) 3 (89-75б) 2 (74-50 б) 1 (0-49б)
Берілген тақырып бойынша көрсетілген әдебиет көздеріндегі ақпаратты өңдеу және талдау Максимум –30б (27-30б) Берілген тақырып бойынша көрсетілген әдебиеттердегі ақпарат көздері өңделген және зерттелген (негізгі және қосымша). Басқа да қазіргі кезеңдегі отандық және шетелдік ақпарат көздері қолданылған. Глоссарий аяғында дұрыс жасалынған ақпарат көздері келтірілген. (23-26б) Берілген тақырып бойынша көрсетілген әдебиеттердегі ақпарат көздері өңделген және зерттелген (негізгі және қосымша). Глоссарий аяғында дұрыс жасалынған ақпарат көздері келтірілген.     (15-22б) Берілген тақырып бойынша көрсетілген әдебиет көздерінің барлығы бірдей өңделіп және зерттелмеген (негізгі және қосымша).   (0-14б) Пайдаланылған әдебиеттер тізімі жоқ
Глоссридің құрастырылуы Максимум – 40б   (36-40б) Барлық таңдалған термин сөздер тақырыпқа толық сәйкес келеді, студенттің өзіндік іріктеуімен жасалған, барлық тақырып мазмұны қамтылған. (30-35б) Барлық таңдалған термин сөздер тақырыпқа толық сәйкес келеді, студенттің өзіндік іріктеуімен жасалған, барлық тақырып мазмұны қамтылған. (20-29б) Кейбір термин сөздер тақырыпқа сәйкес келмейді.Некоторые термины не соответствуют теме. Іріктеліп алынған термин сөздер тақырып мазмұнына кейбір тұстары сәйкес келмейді. (0-19б) Алынған термин сөздер тақырып мазмұнының тек 50% аз қамтылған.
Глоссаридің орындалуы Максимум – 30 б (18-20б) Глоссаридің жасалу талаптарының сәйкестілігі: · Дұрыс іріктелген термин сөздер 50 кем болмау (тақырыпқа сәйкес); · қысқа, нақты, мазмұнды, анықтау барысында артық қажет емес түсініктер болмау, көлемі 2-3 сөйлемнен аспау керек. · Қазіргі көзқарас бойынша терминдердің негізгі мағынасының сәйкес келуі; · барлық терминдер мен анықтамаларда грамматикалық қате болмауы; · қажет болған жағдайда түсінікті болу үшін жекеленген терминдерде иллюстрациялар қолдануға болады. (15-17 б) Глоссаридің жасалуы негізінен көрсетілген талаптарға сәйкес келеді, бірақ кейбір аздаған қателіктер мен нақталанбаған жерлері бар: · кейбір терминдердің анықтамасы өте көлемді және артық түсініктемелер көп · терминдердің барлығы бірдей қазіргі кездегі түсініктермен сәйкес келе бермейді, кейбір грамматикалық қателіктер бар. (10-14б) Глоссариді жасау барысында мағыналық қателіктер жіберілген.   (0-9б) Глоссаридің жасалуы көрсетілген талаптарға сәйкес келмейді.

КРОССВОРД

Көрсеткіштері Деңгейлер
4 (100-90б) 3 (89-75б) 2 (74-50 б) 1 (0-49б)
Кроссвордтың мазмұнының тақырыпқа сәйкес келуі, тақырыптың толық ашылуы Максимум –30б (27-30б) Барлық алынған терминдер толығымен тақырыпқа сәйкес келеді, зерттелген материалдың мазмұны толық қамтылған. (23-26б) Терминдер материал мазмұнын толық ашпаған, терминдердің бір бөлігі тақырыпқа сәйкес келмейді (15-22б) Терминдер материалдың 50% қамтиды     (0-14б) Терминдер материалдың 50% аз бөлігін қамтиды, терминдердің көпшілігі тақырыпқа сәйкес келмейді
Сұрақтарды құрастыруда сауаттылығы, мазмұны Максимум – 40б (36-40б) Сұрақтар қысқа, анық, толық, терминнің мағынасына толық жауап беретін, қазіргі кездегі мәселелік жағдайға сәйкес келеді. (30-35б) Кейбір сұрақтар мағынасын ашу үшін үлкен ауқымды қамтиды және дұрыс жауапқа сәйкес келмейтін қажет емес артық түсініктемелер келтірілген (20-29б) Сұрақтар шашыраңқы, келтірілген сұрақ бойынша қазіргі кездегі түсініктермен сәйкес келмейді. (0-19б) Сұрақтар сауатты құрастырылмаған, келтірілген сұрақ бойынша дұрыс жауап табу мүмкін емес.  
Кроссвордтың жасалуы Максимум – 30 б (18-20б) Кроссвордтың жасалуы мына талаптарға сәйкес: · дұрыс құрастырылған сұрақтар саны 20 кем болмау (тақырыпқа сәйкес); · эстетикалық безендендірілу жасалынған · қазіргі кездегі ақпарат көздері тізімінің болуы (15-17 б) Кроссвордтың жасалуы негізінен көрсетілген талаптарға сәйкес, бірақ кейбір қателіктер мен дәлденбеген жерлері бар: · терминдердің барлығы бірдей қазіргі талаптарға сәйкес келе келмейді; · әдебиеттер тізімі толық емес (10-14б) Кроссворд жасау барысында нақты қателіктер жіберілген (0-9б) Кроссвордтың жасалуы көрсетілген талаптарға сәйкес келмейді




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-24; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 514 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Большинство людей упускают появившуюся возможность, потому что она бывает одета в комбинезон и с виду напоминает работу © Томас Эдисон
==> читать все изречения...

1498 - | 1276 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.