Лекции.Орг

Поиск:

Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

Балалар мен жасөспірімдерді еңбекке және политехникаға оқытып, тәрбиелеудің гигиеналық негіздері

Еңбек деп - адамдардың өз қажеттіліктерін өтеу үшін табиғи заттардың түрін өзгертіп, өз қажеттіліктерін өтеу үшін ыңғайлап, көзделген мақсатқа сәйкес жасалған іс-әрекеттерін айтады. Еңбек тек қана әлеуметтік емес, сонымен қатар биологиялық категория болғандықтан, ол адамдардың интеллектуалдық және мәдени дамуына жағдай жасайды. Ол организмдегі биологиялық процесстердің дұрыс жүруіне қажетті адам өмірінің құрам бөлігі және өсіп келе жатқан жасөспірімдердің әлеуметтік іс-әрекетке толық қабілеттілігі болып табылады. Бірақ, төменде көрсетілген шаралар: еңбектің көлемі мен негізі организмнің функционалдық мүмкіндіктеріне сәйкес келуі; еңбектік іс-әрекеттердің қолайлы санитарлық-гигиеналық жағдайы; организмге түсетін жүктемелерді ақырындап, "баспалдақты" түрде жоғарылату ережесінің қатал сақталуы; еңбектік іс-әрекеттердің қарқыны мен әсер ету уақытының қатал регламенттелуі сияқты белгілі шаралар сақталғанда ғана адам еңбегі организмнің дамуының ең мықты факторы болып табылады.

Дұрыс ұйымдастырылған еңбек организмнің жаттығуын, дағдылану механизмін жеделдетіп, төзімділігін арттырады, қызмет қабілетін жоғарылатады, жүйке жүйесінің қызметін жақсартып, жалпы денсаулықты нығайтады. Еңбек процессі дұрыс қойылса, жұмыс ритмінің жақсаруына әсер ететін жоғарғы жүйке орталығының динамикалық стереотипі қалыптасады. Уақыт тығыздығы организмнің ритмділігіне сәйкес, дұрыс ұйымдастырылған жұмыс, күнделікті уақыттың дұрыс пайдаланылуын және соған сәйкес ми қыртысындағы қозу және тежелу процесстерінің дұрыс алмасып тұруын қамта-масыз етеді. Мұндай жағдайда жұмысты өте жоғары қарқынмен орындағанның өзінде қажу басталмайды. Керісінше, жұмыс уақытының тығыздығының төмендегі, организмнің ритмділігінің жоқтығы, жұмыс қарқыны төмен болғанның өзінде қажу дамуын жеделдетіп, организмнің қызмет қабілетін азайтып, физиологиялық көрсеткіштерін төмендетіп жібереді.

Балалардың қызмет қабілеті жас мөлшеріне байланысты, организмдерінің функционалдық жүйелерінің жетілуіне, олардың дұрыс реттелуіне сәйкес қалыптасады. Жұмыс процесстерінің ауысып тұруы, оның әртүрлілігі, ұзақ уақыт бірыңғай жұмыс іс-тегеннен пайда болатын тежелу әсерін жойып отырады. Еңбек пен демалыстың дұрыс тәртібі, гигиеналық ережелер мен нормаларды сақтау, жүйке жүйесіне аса көп жүктеме түсірместен, динамикалық стереотипті қалыптастырады. Бұл жағдайдың өсу мен даму процесстері әлі жетілмеген балалар мен жасөспірімдер үшін маңызы өте зор.

Еңбекке тәрбиелеу жағдайына қойылатын санитарлық бақылау 3 бағытта: еңбектің мазмұнына, еңбектің тәртібіне және еңбектің жағдайына жүргізіледі. Мұнда еңбектің қолайсыз факторларымен араласу қауіпі туа бастайды. Мысалы, металлды ыстық өңдеуден және механикалық өңдеуден өткізетін шеберханалардың жұмыс зонасының ауасында зиянды химиялық заттар жоғары концентрацияда болады, ал, токарьлық, фрезерлік шеберханаларда жұмыс орнының жарықтандырылуы көбінесе жасөспірімдерге есептелмеген және шуыл деңгейі жоғары болып келеді.

Бұл жағдайлардың балалар организміне әсерін анықтау үшін жүргізілген терең зерттеулер әлі де аз. Фармокологияда балаларға арналған дәрілердің дозасы, оның улану реакциясын болғызбау үшін, дене салмағының әрббір килограммына есептелгені алынады. Осыған байланысты жасөспірімдерге өндірістік химиялық заттардың әсері ере-сектерге қарағанда анағұрлым қауіптірек екені туралы қортынды жасауға болады.

Ойлап қарасаңыз, мұндай тұжырымның негізі бар. Жасөспірімнің салмағы аз, сондықтан дене салмағының әрбір бірлігінің химиялық заттарды қабылдауы ересектерге қарағанда анағұрлым жоғары болып келеді. Балалар мен жасөспірімдердің тыныс алу көлемі мен тері қабатының көлемі дене салмағы бірлігімен алғанда салыстырмалы түрде үлкен болып келеді, ал, өндіріс улары тері арқылы жеңіл сіңеді. Сонымен қатар, балалар организмінде улы заттарды детоксикациялау механизмі әлі жетілмеген. Жұмыскерлерге арналған Денсаулық сақтау Министрлгі бекіткен химиялық заттардың әсерін нормаландыру шаралары жұмыс істейтін жасөспірімдер үшін жарамайды. Осы сұрақ төңірегіндегі мәліметтердің барлығын біріктіріп қарағанда жасөспірімдер организмінің сезімталдығы, ересек адамдарға қарағанда үштен он есеге дейін жоғары екен. Бұл проблеманы гигиеналық тұрғыдан шешу мәселесін 2 бағытта жүргізуге болады:

Жас организмдер үшін химиялық заттарға нормалар енгізу;

Жасөспірімдерді улы заттардан аулақтату. Балалар мен жасөспірімдерді еңбекке және политехникаға оқытып, тәрбиелеудің гигиеналық негіздері

Жасөспірімдерді улы заттардан аулақтату.

Поделиться с друзьями:

Дата добавления: 2017-02-24; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 542 | Нарушение авторских прав

Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Бутерброд по-студенчески - кусок черного хлеба, а на него кусок белого. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2409 - | 2330 -

© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.