Лекции.Орг


Поиск:




Эпидемиология және гигиена кафедрасы

Л-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІ

Эпидемиология және гигиена кафедрасы

Емтихан сұрақтары

Герантология негіздері
МПД мамандығы бойынша – 5В110400(бакалавриатура 3 курс)

 

1 топ сұрақтары

 

Егде жастағы және қарттық жастағы адамдарға медико-әлеуметтік қызмет көрсетудің ұйымдастырылуын сипаттаңыз.
Медициналық психологияға анықтама беріңіз. Медициналық этика және гериатриядағы деонтология.
Заманауи герантологиялық концепцияларды сипаттаңыз.
Қартаю барысындағы морфологиялық және функционалдық өзгерістерді сипаттаңыз.
Қартаю процесіндегі иммундық механизмдердің ролін көрсетіңіз. Қартаю процесіндегі иммундық жүйе мүшелері мен жасушаларының динамикасы.
Қартаю барысындағы зат және энергия алмасу динамикасының жалпы заңдылықтарын анықтаңыз және сипаттама беріңіз. Жасқа сай инволюцияның механизмі. Биологиялық жас түсінігі.
Жүрек-қантамыр жүйесінің жасқа сай өзгерістерін түсіндіріңіз.
Тыныс алу жүйесінің жасқа сай өзгерістерін түсіндіріңіз.
Ас қорыту жүйесінің жасқа сай өзгерістерін түсіндіріңіз.
Зәр шығару жүйесінің жасқа сай өзгерістерін түсіндіріңіз.
Қан жүйесінің жасқа сай өзгерістерін түсіндіріңіз.
Иммундық жүйенің жасқа сай ерекшеліктерін түсіндіріңіз. Эндокриндік жүйенің жасқа сай өзгерістерін сипаттаңыз.
Жүйке жүйесінің жасқа сай өзгерістерін түсіндіріңіз.
Көру мүшесінің жасқа сай өзгерістерін түсіндіріңіз.
ЛОР-мүшелерінің жасқа сай өзгерістерін түсіндіріңіз.

 

2 топ сұрақтары

 

Тері және оның қосалқыларының жасқа сай өзгерістерін түсіндіріңіз.
Тірек-қимыл аппаратының жасқа сай өзгерістерін түсіндіріңіз.
Психиканың жасқа сай өзгерістерін түсіндіріңіз. Егде және қарттық шақтағы жүрек-қантамыр ауруларының ерекшеліктерін сипаттаңыз. Егде және қарттық шақтағы ЖИА.
Егде және қарттық шақтағы артериялық гипертонияға сипаттама беріңіз.
Тірек-қимыл аппаратының ауруларын сипаттаңыз.
Қартаю процесінің морфологиялық өзгерістерін сипаттаңыз.
Қартаю процесінің функционалдық өзгерістерін сипаттаңыз.
Қарт адамдардың психологиялық ерекшеліктерін сипаттаңыз.
Атеросклероз түсінігін ашып көрсетіңіз. Атеросклероз адамның жасымен қалай байланысады.
Профилактикалық герантология түсінігін тұжырымдаңыз.
Атрофия және деградация түсініктерін салыстырыңыз.
Егде және қарттық шақтағы адамдардың жүйке жүйесі ауруларын клиникалық диагностикалау және емдеудің жалпы қағидалары мен әдістерін анықтаңыз.
Қарт адамдарға дәрігерлік көмек көрсетудің ерекшеліктеріне баға беріңіз.
Егде және қарттық шақтағы артериалық гипертонияға баға беріңіз.
Тірек-қимыл аппаратының ауруларының себептерін түсіндіріңіз.

 

 

3 топ сұрақтары

 

Тыныс алу мүшелері ауруларының ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
Егде және қарттық шақтағы ас қорыту мүшелерінің ауруларын түсіндіріңіз. Бүйректер мен зәр шығару жүйелері ауруларының ерекшеліктері.
Егде және қарттық щақтағы эндокриндік жүйе ауруларының ерекшеліктерін түсіндіріңіз. Қан жасалу мүшелері ауруларының ерекшеліктері.
Егде және қарттық шақтағы инфекциялық аурулардың ерекшеліктерін түсіндіріңіз. Егде және қарттық шақтағы ЛОР мүшелері ауруларының ерекшеліктерін түсіндіріңіз. Гериатриялық офтальмология.
Гериатриялық дерматовенерология түсінігіне анықтама беріңіз.
Қарттық шақтағы гинекологиялық аурулардың себептерін түсіндіріңіз. профилактикалық геронтология мен гериатрияның негіздері. Өмір салты. Егде және қарттық шақтардағы тамақтану физиологиясы мен гигиенасы.
Ерте қартаю және өмірді ұзарту әдістері мен құралдарын алдын алу талқыланыз.
Гериатриядағы иммунокорректорлардың тағайындалуын сараптаңыз. егде және қарттық шақтардағы клиникалық фармакологияның ерекшеліктері қандай.
Егде және қарттық щақтағы иммунотерапия мәселелерін негіздеңіз.
Гериатриядағы диетотерапияның ерекшеліктерін негіздеңіз.
Гериатриядағы психотерапия әдістемелерін таңдаңыз.
Гериатриядағы емдік дене шынықтыру түрлерін талқылаңыз.
Қарт адамдарды физиотерапиясы мен санаториялық-курорттық емдеудің ерекшеліктерін талқылаңыз.
Емдеу және аурудың алдын алудың дәстүрлі әдістерін негіздеңіз.
Баламалы медицинадағы емдеу әдістерін сараптаңыз.
Қарттық шақтағы иммунореабилитацияның мәнісі неде екенін түсіндіріп беріңіз.
Үлкен жас топтарына кіретін науқастардағы жүйке жүйесі ауруларының негізгі белгілерін талқылаңыз.
Шеткі жүйке жүйесінің қандай бұзылыстары бар, түсіндіріп беріңіз. Ми шайқалуы мен жарақаттануы. Ми қан айналымының жедел бұзылысы.
Қарт адамдарттың невропатологиясындағы жедел жағдайлардың себептерін түсіндіріп беріңіз.
Бас мидың атрофиялық процесстері кезіндегі психикалық бұзылыстардың себептерін түсіндіріңіз. Альцгеймер ауруы. Пик ауруы.
Жеке тұлға және қартаю түсініктерін талқылаңыз.
Сәтті қартаю түсінігіне анықтама беріңіз.
Кеш ересек шақтағы тұрақтылық және өзгерістер түсініктерін бағалаңыз.
Зейнетке шығу: статустың өзгеруін негіздеңіз.
Зейнеткерлік статустың физикалық, экономикалық және әлеуметтік шарттарын анықтаңыз.
Отбасылық және жеке қарым-қатынастарды сараптаңыз.
Кеш ересек жастағы физикалық және когнитивтік даму ерекшеліктерін сараптаңыз.
Қарттық шақтағы морфофункционалдық өзгерістердің себептерін түсіндіріп беріңіз.
Егде жастағы денсаулық, ауру және тамақтану түсініктерін түсіндіріп беріңіз.
Қартаюдың иммунологиялық теориясы мен қартаюдың генореттелушілік теориясы арасындағы айырмашылықтарды табыңыз және салыстырыңыз.
Жасына жетпей қартаюдың алдын алу әдістерін негіздеңіз.

 

 

1-топ сұрақтары

 

1)Егде жастағы және қарттық жастағы адамдарға медико-әлеуметтік қызмет көрсетудің ұйымдастырылуын сипаттаңыз.

 

БҰҰ-ның егде адамдарға қатысты 1-қағидасынан шығатын, егде адамдар оларға қоғам тарапынан қолдау көрсету, кіріс қамтамасыз ету арқылы азық-түлік, су, тұрғын-үй және медициналық қызмет көрсету талаптарына сәйкес қол жетімділікке ие болу тиіс.

Қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлері бүгінде қарттарға қамқорлықты жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелердің кең тараған түрі болып табылады.

Қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлердің қызметін Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушысының 2005 жылғы 1 желтоқсандағы бұйрығымен бекітілген Қарттар мен жалпы үлгідегі мүгедектерге арналған мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік қызмет көрсетулердің үлгі ережелері (бұдан әрі – Үлгі ереже), 2005 жылғы 1 желтоқсанда қабылданған «Мүгедектер мен қарттарды үйде әлеуметтік көмек бөлімшелерінде, аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында, мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік ұйымдарда әлеуметтік қызмет көрсету» 1457-2005 ҚР ГОСТ (бұдан әрі – ГОСТ) реттейді.

Қарттар мен жалпы үлгідегі мүгедектерге арналған интернат-үйі денсаулық жағдайына байланысты тұрақты күтімді, тұрмыстық және медициналық қызмет көрсетуді, әлеуметтік-еңбекке бейімделуді қажет ететін қарттар мен 1, 2-топтағы мүгедекердің уақытша немесе тұрақты тұруына арналған медициналық-әлеуметтік мекеме болып табылады. Қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйінің қызметін басқаруды облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы жүзеге асырады.

Интернат-үйге жақын, кәмелетке толған, еңбекке қабілетті туыстары жоқ, заң бойынша оларды асырау және қамқорлыққа алу міндетті, сондай-ақ объективтік себептерге (жасының егделігіне байланысты, бірінші, екінші топтағы мүгедек, онкологиялық, психиатриялық ауру, бас бостандығынан айыру орындарындағы немесе шетелге тұрақты тұру үшін көшіп кеткен) байланысты оларға тұрақты көмек пен күтім көрсетуді қамтамасыз ете алмайтын жақын туыстары бар адамдар (жұбайлар) қабылданады.

Ардагерлер, мүгедектер ісі кеңесінің шешімі бойынша ерекше жағдайларда интернат-үйге қақтығыстар себебінен бірге тұру мүмкін емес жақын кәмілетке толған еңбекке қабілетті туыстары бар қарттар мен бірінші, екінші топтағы мүгедектер қабылдануы мүмкін. Интернат-үйде мемлекеттік қамқорлыққа алынған негізгі контингентке залал келтірмей, тұрмыстық және медициналық қызмет көрсетуді қажет ететін қарт азаматтардық уақытша және тұрақты тұруына араналған ақылы бөлімдер ұйымдастыруға жол беріледі.

Интернат-үйлерде арнайы мамандандырылған медициналық ұйымдарда емдеуді қажетететін процестің белсенді сатысындағы туберкулездің, невроздарды қоспағанда, соматикалық аурулар кезіндегі невроздық жағдайларды, психиатриялық аурулардың, жеңіл сатыдағы ақыл-ой кемдігін, адамдардың ақыл кемдігінсіз және айтылған өзгерістерсіз сирек талып қалатын (2-3 айда кемінде 1 рет) түрлі этиологияның тырысу синдромдарын, уақытша тыйым салынған жұқпалы ауруларды, тері мен шаштың зиянды ауруларын, венериологиялық ауруларды, ЖҚТБ-нің болуы әлеуметтік қызмет көрсетуді медициналық теріске шығару болып табылады.

Интернат-үйінің негізгі міндеттері мыналар болып табылады: қарттар мен мүгедектерді материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету, оларға үйдегіге ұқсас өмірдің қолайлы жағдайларын жасау; онда тұратын адамдарға күтімді үйымдастыру, оларға медициналық көмек көрсету және мәденибұқаралық жұмыс жүргізу; мүгедектерді әлеуметтік-тұрмыстық және еңбектік ақтап алуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру.

Негізгі әлеуметтік терапия қамқорлыққа алынған адамдардың өз ішінтерінде де, дені сау адамдармен де әлеуметтік байланысын орнату болуы тиіс. Сонымен қатар, әлеуметтік терапия палаталардағы жабдықтаулар, өзіне және басқаларға өзгелердің көмегінсіз қызмет көрсету мүмкіндігі, жұмыс тәртібі, микро және макро әлеуметтік топтарды ұйымдастыру, өзіндік культтерапия, қызметтің психотерапевтік өнері секілді элементтерді қамтуы тиіс.

Қарттар мен мүгедектерге халықты әлеуметтік қорғау саласындағы облыстық (республикалық дәрежедегі қалалық, астаналық) уәкілетті орган интернат-үйлерге жолдама береді. Әлеуметтік қызмет көрсетуге адамдарды қабылдау мынадай құжаттар негізінде жүзеге асырылады:

үлгі ережелері бекітке нысан бойынша өтініш;

уәкілетті органның жолдамасы (ММӘМ-де әлеуметтік қызмет көрсетуге қабылдау үшін);

жеке куәлік;

салық төлеушінің тіркеу нөмірінің бар екендігі туралы куәлік;

әлеуметтік жеке кодының бар екендігі туралы куәлік;

үлгі ережелері бекіткен нысан бойынша медициналық карта;

емхана картасынан үзінді;

зейнеткерлік куәлігі (зейнеткерлік жастағы адамдар үшін);

мүгедектігін, ҰОС-на қатысушы және оған теңестірілген адамдарды (мүгедектер, ҰОС-на қатысушы және оған теңестірілген адамдар үшін) растайтын куәлік;

 

2)Медициналық психологияға анықтама беріңіз. Медициналық этика және гериатриядағы деонтология.

 

Медициналық психология

Медициналық психология дәрігер қызыметінің және ауру мінез құлқының психологиялық мәселелерін зерттейді.

Аурумен байланысты психика туралы примитивті ойлар. Адам аурумен күрес кезінде оның себептерін, онымен күресу жолдарын жетілдіріп келді. Бірақ соматикалық аурудың билігінде болған адамдар, психикалық ауру туралы ешқандай көріністері болмаған. Психикалық аурулар туралы көріністер фольклорда, аңыздарда, көне мифтік жырларда кездеседі. Олардың негізінде аурудың пайда болуы адам жанының жынмен басып алынуы себеп ретінде қарастырылған. Тарихи дамудың бастамасында қалған Азия, Африка елдеріндегі сиқыршы, шамандар аурудан айығу жолдарын мистикалық тұрғыдан түсіндіреді. Психика және психикалық аурулар табиғаты көне заман ғалымдары мен философтарын толғандырды. Алкмеон психикалық құбылыстарды мимен, Гиппократ психика мен дене бітімін гуморальды нышандармен байланыстырды. Бірақ көне заман ғалымдары жан ауруларын негізгі тенденциясын медицина облысында жеңе алмады.

Ортағасырлық медицина және психология. Ортағасырлық кезеңде жан ауруы демонологиялық түсініктерден шыға алмады. Астрология әсерімен жұлдыздардың ауру ағымына әсері бар деген түсінік пайда болды. Медицина монахтардың, аластаушылардың, білімсіз дәрігерлердің қолында болды. Көптеген психикалық аурумен ауыратын науқастар «экзорцизм» - дұғалармен емделді.

Біркелкі уақытта басқа жерлерде Гиппократ, Гален және тағы басқа көне медицина классиктерінің ілімдері дами бастады. Басқа адамдарды психикалық аурумен ауыратын адамдардан сақтау үшін туыстары оны қадағалап және ол бүлдірген заттарға жауапты болды. Қауіп төндіретін науқастар түрмеге немесе соған ұқсас мекемеге отырғызылды. XV ғасыр әдебиетінде Д. Савонарол есімді адамның нұсқауы мынадай болды: «жан ауруымен ауыратын адамдарды қамшымен қан шыққанғанға дейін ұрып, инелермен шаңшылып, денелері қышақағазбен жабылуы тиіс. Күдіктілер қатаң азапқа тартылып, олардың жынмен байланысын мойындаттыру керек». 1571 жылы бір шіркеу адамы Францияда 300 мың сиқыршы мен мыстандар бар деп айтты. Тіптен XVI ғасырдың көрнекі дәрігерлері жынмен байлану туралы ықтималдылықтарды қолданды және онымен күресу қажеттілігіне сілтеді. Бірақ ол кезде демонологиялық идеялармен күрес басталды. XVI ғасырда Италия Орталық Европаға қарағанда демонологиялық түсініктен арылды. Жан ауруын олар мидың токсикалық заттардың әсерінен өзгеруі деп қарастырды. Меркуриал (1536-1606) меланхолия соматикалық себептермен қоса, бақытсыздықтың әсерімен де пайда болады деп айтқан. Сонымен қатар ол адам мінезінің ауырлығы бала кезіндегі дұрыс жағдайдың болмауы мен әдепсіз қарым-қатынас әсері деп белгіледі.

Медицина - ең ежелгі мамандықтардың бірі. Ол ем қолданып, шипа дарытудың бай тәжірибесін меңгеріп, адам іс әрекеттерінің өзге түрлерінен ерекшеленетін белгілі бір қасиеттер иеленеді. Көне замандардан бері дәрігерлікпен шұғылданатын адамдарға айрықша адамгершілік талаптар қойылып келеді. Ежелгі дәуір медицинасында дәрігерлер басшылыққа алуға тиісті адамгершілік талаптардың тұтас бір жиынтығы калыптасқан.

Дәрігер беделіне жете мән берген ежелгі дәуір медицинасының негізін қалаушы Гипократтың (б.д.д. 460-377 жж..) адамгершілік қасиеттері кең таралды. Арада едәуір уақыт (2500 жылдан астам) өткеніне, әрі заманның ғылыми жетістіктеріне қарамастан, кейінгі деонтологиялық қағидалардың барлығы, тіпті қазіргілері де «Гиппократ антының» мазмұнын бұлжытпай қайталайды.

Орта ғасырлар кезінде медицина қызметкерлерінің мінез құлқына философ, ғалым Әбу Әли ибн Сина (Авиценна) жеке көңіл бѳлген. Авиценна медицина ғылымында ѳшпес із қалдырған ғұлама емші болды. Оның «Канон врачебной науки», - атты негізгі еңбегі бес ғасыр бойы (ХН-ХѴІІ) шығыстың да, батыс европа елдерінің де, медицина университетгерінде оқытылып келді және 35 рет қайта басылып шықты. Авиценна, дәрігер айрықша тәндік және рухани қасиеттерге -сұңкардың қырағылығына, қыздай жұмсақ қолына, жыланның даналығы мен арыстанның жүректілігіне ие болуға тиіс, - деп есептеді.

Қоғамдағы адамдардың мінез-құлқы мене ѳзара қарым-қатынасы көптеген нормалармен, ережелермен және салт-дәстүрлермен реттеледі

 

Этика— адамгершілік туралы және оның әлеуметтік мәні туралы ілім. Медициналық этика - медицина қызметкерлерінің адамгершілік қасиеттерінде кѳрініс табуда. Ол медицина қызметкерлерінің ерекшеліктері мен қоғамда алатын орнына байланысты мінез-құлық нормаларын реттейтін қағидалар жиынтығын қамтып, дәрігердің науқастармен және олардың туыстарымен өзара қарым-қатынасын, тән және жан тазалығын қарастырады.

Медициналық этиканың құрамдас бѳлігі деонтология болып табылады. Бұл жаңа ғылым саласы XIX ғасырдың басында пайда болды (грекше dеоn - тиісті; lоgоs - ғылым, ілім). Деонтология термині қолданысқа енгеніне аса кѳп болтан жоқ: өткен ғасырдың басында ағылшын философы И. Бентам оны адамның кәсіби мінез-құлқы туралы ғылымның атауы ретінде ауызға алған.

 

 

3) Заманауи герантологиялық концепцияларды сипаттаңыз.

Геронтология(грекше geron және logos – ілім) – адамның және жануарлар организмінің қартаю заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Егде тартқан және қартайған адамдардың ауруларын клиникалық медицинаның гериатрия (грекше geron және іatreіа – емдеу) деп аталатын бөлімі зерттейді. 20 ғасырдың 30–40-жылдары Қазақстанда қариялар мен мүгедектер үйі, геронтологиялық және гериатриялық кабинеттер (Алматы, Қарағанды, т.б.), ауруханаларда гериатриялық бөлімдер ашылды, жүйелі зерттеулер жүргізіле бастады. Бұл зерттеулердің нәтижесінде қартаюдың әлеум.-гигиеналық себептері мен клиник. белгілері анықталды; адам жасының ұлғаюына байланысты жүрек пен қан тамырларында пайда болатын өзгерістер зерттелді; егде тартқан және қартайған адамдардың әдетте байқалмайтын жүрек ақауларына сипаттама берілді. Физиол. және биохим. көрсеткіштердің қалыпты деңгейі анықталып, егде тартқан және қартайған адамдардың денсаулығын тексеру әдістемесі ұсынылды. Кейбір дәрілердің қартайған организмге тигізетін әсері, вегетативтік жүйке мен лимфа жүйесіндегі морфол. және гистохим. өзгерістер зерттелді. Қарттар мен егде жастағы адамдардың психикасы мен мінез-құлық ерекшеліктерін, жас психологиясының бір саласы геронтологиялық психология зерттейді. Ол қартаюдың белгілерін, яғни адам организмінің функционалдық мүмкіндіктерінің (сыртқы әсерлерді қабылдауы көмескіленіп, қимыл белсенділігі баяулауы, күш-қуатының азайып, денсаулығының нашарлауы) біртіндеп төмендеуін қарастырады. Психика функцияларындағы (зерде, ес, зейін, т.б.) өзгерістер бір жақты ғана байқалады. Қарт адамдардың психикасына интеллектуалдық және эмоционалдық «ішкі әлемге кету», өткізген өмірін бағалау мен ұғынуға байланысты қайғыру, өміріндегі басты мақсаттары орындалмаса, өкіну, түңілу сияқты қасиеттер тән болады. Алайда қартаюды тек регрессивтік құбылыс деп қарамау керек. Қартаю дамудың бір кезеңі. Бұл кезеңде адамның рухани жетілу деңгейі жоғары болады. Мыс., қанағаттану, парызын өтеген жағдайда өмірге ризашылық, мейірімділік, т.б. қасиеттермен қатар кемелденген адамдардың даналыққа жетуі – осы қартаю кезінде орын алатын құбылыс. Қарт адамның шығарм. белсенділігі жоғары болатындығы жиі байқалады. Қартаюдың психик. ерекшеліктері мен өзгерістеріне ерте кезден назар аударылса да, Геронтология ғылыми пән ретінде егде жастағы адамдардың көбеюі, олардың жұмысқа қабілеттілігі мен тұрмыс жағдайының, сондай-ақ іс-әрекетінің сипаты мен құндылықты бағдарларының өзгеруіне, яғни жеке адамның даму мәселелеріне, т.б. байланысты пайда болды. Геронтологияның қазіргі кездегі негізгі міндеттеріне адамды кәрілікке дайындау, егде жастағы адамдар мен қарттардың белсенді әрі толық өмір сүруі амалдарын зерттеу, т.б. жатады.

 

4)Қартаю барысындағы морфологиялық және функционалдық өзгерістерді сипаттаңыз

 

5)Қартаю процесіндегі иммундық механизмдердің ролін көрсетіңіз.

Қартаю процесіндегі иммундық жүйе мүшелері мен жасушаларының динамикасы

 

Қартаю – биологиялық процесс; белгілі бір жасқа жеткеннен кейінгі организмнің мүмкіншіліктерінің үдемелі төмендеуі. Қартаю кезінде тіннің серпімді талшықтарының және су мөлшерінің азаюынан тері жұқарып, қатпарланып әжім пайда бола бастайды. Бұл кезде шаш ағарып, сирейді, көздің көруі, құлақ естуі нашарлайды, тіс түсе бастайды. Қартаюдың бір көрінісі ретінде организмде дәнекер тіндердің өзгеруін келтіруге болды. Осыдан өкпеде, бауырда, жүректе, т.б. ішкі органдарда олардың атқаратын жұмысының бұзылуына әкелетін беріштенулер дамиды. Дәнекер тіндерінің өзгерістерінен қарттарда жара мен сүйек сынықтарының бітуі жастарға қарағанда баяу жүреді. Қартаю кезінде адамның жүйке жүйесінде, ішкі секреция бездерінде, иммундық, жүрек-қан тамырлар жүйелерінде елеулі өзгерістер байқалады. Жүйке жүйесінің өзгерістерінен шартты және шартсыз рефлекстер әлсірейді, есте сақтау қабілеті бұзылады. Қарт адамдарда жыныс, қалқанша, ұйқы бездерінің, гипофиздің, бүйрек үсті бездерінің, айырша бездің гормон өндіру қабілеттілігі төмендейді. Қартаю кезінде жүректің жиырылу күші кемиді, қан айналу көлемі азаяды. Шеткі тіндердегі қан қылтамырларының (капиллярлары) қабырғалары қалыңдап кетуінен газ алмасу процесі бұзылады. Бұл гипоксия ауруының дамуына әкеледі. Қан тамырларының серпімділігі азайып, оларда атеросклероз дамиды. Адамның жасы ұлғаюына байланысты жүрек пен қан тамырларының жүйкелік және гуморалдық реттеулері өзгереді. Қартаюды: қалыпты немесе физиол. Қартаю және ерте қартаю деп бөледі. Физиологиялық қартаю – адам егде тартқан жасқа келсе де, денсаулығы жақсы, ширақ, өзін-өзі күтіп, айналасына назар аударып белсенділік көрсете алатын жағдайда болуы. Ерте қартаюда кәріліктің белгілері мезгілінен бұрын байқалады. Бұған адамның созылмалы аурумен ауыруы немесе қоршаған ортаның жағымсыз әсері себеп болады. Қартаюды қазіргі теориялар жас шамасының ұлғаюына байланысты белок синтезінің бұзылуы деп түсіндіреді. Ал мұның өзі нуклеин қышқылдары (ДНҚ) қызметінің бұзылуына байланысты болады. Кейінгі жылдары иммунитет жүйесі бұзылған организмде түзілген антиденелер бөгде заттарды ғана емес қалыпты клеткаларды да бұзып, жоятыны анықталды. Қартаю кезінде клеткалардағы энергетикалық (жылу бөліну) процестер өзгереді: тотықтырғыш ферменттердің белсенділігі кемиді, митохондриялардың саны азаяды. Қартаюда тұқым қуалаушылық факторы үлкен рөл атқарады. Кейбір адамдардың қалыптан тыс ерте қартаюы байқалады, мұны прогерий деп атайды. Бұл сирек кездесетін тұқым қуалайтын синдромдар кездерінде байқалады. Солардың бірі – Гетчинсон-Гильфорд синдромы – балалардың, аутосомдық-рецессивтік жолмен ұрпақтан ұрпаққа берілетін ауруы. Бұл аурудың алғашқы көрінісі баланың бір жасар кезінде байқалып, тез қарқынмен дамып, 10 – 20 жаста жүрек инфарктысынан өлімге әкеледі. Баланың бойы өсуі баяулайды, шашы ағарып, түсе бастайды, терісі жұқарып, қатпарланып кетеді. Көз бұршағының бұлыңғырлануы (катаракта), өкпе эмфиземасы, қан тамырларының атеросклерозы, т.б. дамиды. Осындай кәрілікке тән белгілердің 15 – 25 жас арасында дамуы – Вернер синдромы деп аталады. Ерте қартаюдың ең негізгі себебі – қозғалудың азаюы, бұлшық ет жұмысының жеткіліксіздігі (гиподинамия). Қартаюға байланысты организмде зат алмасу процесі нашарлайды, сондықтан қуатты тағамдарға қажеттілік те төмендейді. Мысалы, қалада тұратын 60 – 74 жастағы ер адамдардың тәуліктік энергетикалық қажеттілігі 2300 ккал болса, әйелдерде – 2100 ккал, ал жасы 75-тен асқан адамдарда бұл қажеттілік 2000 және 1900 ккал шамасында болады. Бұл кезде тағам құрамындағы жануар майлары мен көмірсу мөлшері аз болуы тиіс. Қартаю заңдылықтарын зерттейтін ілім геронтология, ал жастары ұлғайған адамдар мен кәрі адамдардың ауруларын зерттейтін ілім гериатрия деп аталады.[1]

 

Иммундық жүйе мүшелері — организмнің бөгде заттарға (бактериялар, вирустар, түрлі протеиндер) қарсы түру қабілеттілігін жоғарылататын жүйе мүшелері. Иммундық жүйе мүшелеріне сүйектің қызыл кемігі, тимус (айырша без), көкбауыр, лимфа түйіндері, әртүрлі ішкі мүшелердегі лимфоидты ұлпа жиынтықтары жатады. Иммундық қорғанысқа иммундық жүйе мүшелерінде түзілетін иммуноциттер (Т-және В-лимфоциттер, плазмоциттер) қатысады. Т-лимфоциттер жануарлар организміндегі жасушалық иммунитетті, В- лимфоциттер және олардың туындыларды плазмоциттер денеге енген бөгде заттарға қарсы - денелер түзу арқылы гуморальдық иммунитетті қалыптастырады.

 

Иммундық жүйенің жалпы сипаттамасы[өңдеу]

Иммундық жүйе организмнің жұқпалы ауруларға және табиғи жай заттардың зиянды әсеріне қарсы тұру қабілеттілігін қамтамасыз етеді, қызметті қалпынан өзгергенде адам ауруларға тез ұшырайды.

Иммунитет - организмнің жұқпалы ауруларға қарсы тұру, бөтен заттарды, вирустарды, бактерияларды танып зиянсыздандыру қасиеті.

Адамда екі түрлі иммунитеті болады:

іштен туа біткен иммунитет

жүре пайда болған иммунитет

Іштен туа біткен иммунитет - бөтен бөлшектерге қарсы организмде ең бірінші қорғаныш реакциялары қалыптасады. Іштен туа біткен иммунитет бөтен заттың немесе бөлшектің түріне ерекшелігін көрсетпейді.

Іштен туа біткен иммунитеттің негізгі жасушалары:

макрофагтар,

моноциттер

нейтрофилдер.

Организмге бөтен зат түскенде аталған жасушалар мембраналардың сыртқы жағында орналасқан рецепторлармен оларды байланыстырып жұтып алады да ыдыратады.

Іштен туа біткен иммунитеттің реакцияларын қалыптастырады:

сулы ортада еритін факторлар, цитокиндер, мысалы, интерферондар, интерлейкиндер т.б. қосылыстар.

комплемент жүйені активтендіретін қосылыстар.

Иммундық жүйенің қызметі[өңдеу]

Иммундық жүйенің қызметі:

организмнің бөгде заттар мен бөлшектерге қарсы тұру қабілеттілігін күшейтеді;

организмнің генетикалық тұрақтылығын сақтайды;

организмді жұқпа аурулардан қорғайды, қатерлі ісіктердің түзілуін бақылайды;

ауыстырып отырғызған мүшеге қарсы организмнің жауабын қалыптастырады;

басқа қызметтер атқарады.

Иммундық жүйенің мүшелері басқа мүшелермен өзара әрекеттеседі.

 

 

6)Қартаю барысындағы зат және энергия алмасу динамикасының жалпы заңдылықтарын анықтаңыз және сипаттама беріңіз. Жасқа сай инволюцияның механизмі. Биологиялық жас түсінігі.

Қартаю – биологиялық процесс; белгілі бір жасқа жеткеннен кейінгі организмнің мүмкіншіліктерінің үдемелі төмендеуі. Қартаю кезінде тіннің серпімді талшықтарының және су мөлшерінің азаюынан тері жұқарып, қатпарланып әжім пайда бола бастайды. Бұл кезде шаш ағарып, сирейді, көздің көруі, құлақ естуі нашарлайды, тіс түсе бастайды. Қартаюдың бір көрінісі ретінде организмде дәнекер тіндердің өзгеруін келтіруге болды. Осыдан өкпеде, бауырда, жүректе, т.б. ішкі органдарда олардың атқаратын жұмысының бұзылуына әкелетін беріштенулер дамиды. Дәнекер тіндерінің өзгерістерінен қарттарда жара мен сүйек сынықтарының бітуі жастарға қарағанда баяу жүреді. Қартаю кезінде адамның жүйке жүйесінде, ішкі секреция бездерінде, иммундық, жүрек-қан тамырлар жүйелерінде елеулі өзгерістер байқалады

 

Зат алмасуы туралы жалпы түсініктеме. Астың маңыздылығы мен сіңімділігі оның құрамына байланысты. Нанның, ет пен сүттің сіңімділігі мен маңыздылығы олардағы белок, май, көмірсу және витаминдерге байланысты анықталады. Зат алмасуы тірі табиғаттың ерекше маңызды және организмнің негізгі қызметі. Жаңадан қабылданған заттардан организмдегі ұлпалардың клеткаларының өздеріне бейімделген заттар жасалады. Бұл ассимиляция, яғни организмге енген заттарды оздеріне бейімдеп өзгерту. Мұнымен бірге организмде клеткалар мен олардың бөлшектері ескіреді, олар ыдырайды, яғни диссимиляция байқалады. Ассимиляция мен диссимиляцияның нәтижесінде организм ескіріп тозған қажетсіз заттарды сыртқа шығарады және қызметіне қажетті қуат алады.

 

Зат алмасуы баланың өсіп, дамуы кезінде күшті болады. Бұл адамның жас ерекшелігінің ауқымды бір көрсеткіші. Балаларда ассимиляция диссимиляциядан басым болады, олар тек ересек адамда ғана теңеседі. Бала кезінде ассимимляция басым болса, қартайғанда, керісінше диссимиляция басым болады. Бұл заңдылық түрлі ауруларға, сыртқы ортаның қауырт жағдайларының әсеріне байланысты бұзылады.

 

Адам организміндегі клеткалардың құрамында көптеген химиялық заттар бар. Олар органикалық және бейорганыкалық болып екі топқа бөлінеді. Органикалық заттарға: белок, май, көмірсу, гормондар мен ферменттер, ал бейорганикалық заттарға: су, түрлі минерал тұздары жатады. Дені саулығы бар ересек, 70 кг салмағы бар, адамның организмінде шамамен 40-45 лсу, 15-17 кгбелок, 7-10 кг май, 2,5-3 кг тұздар, 0,5-0,8 кг көмірсу болады. Бірақ дененің химиялық құрамы біркелкі тұрақты болмайды. Организмдегі үнемі болып жататын синтездеу мен ыдырау қажетті заттармен ұдайы дұрыс және жеткілікті шамада қамтамасыздандыруды талап етеді. Организмге қажетті «құрылыс материалдары» денеге тамақтану арқылы жеткізіледі.

 

Белоктың алмасуы, жас ерекшелігі. Азықтың ең құнды бөлігі белок. Адамның тіршілігіне қажетті белок мөлшерін б е локтік минимум дейді. Ол жасқа байланысты өзгереді. Қарапайым белоктың құрамында 4 зат қана бар: оттегі, сутегі, көмірсу және азот, ал күрделі белоктарда (мысалы мидың белогында) Бұлар дан басқа күкірт, фосфор, темір т. б. бар. Белоктар мономерлі амин қышқылдарынан тұрады.

 

Амин қышқылдарының 10% организмнің өзінде өндірілмейді, сондықтан оларды таптырмайтын қышқылдар дейді. Бұлар ға аргинин, триптофан, лейцин, изолейцин, валин, треонин, лизин, метионин мен фенилаланин жатады. Өсіп, дамып жатқан бала организміне Бұларға қоса 10-қышқыл — гистидин аса қажет. Осы аталған ауыстырылмайтын амин қышқылдары жейтін астың құрамында жеткіліксіз болғанда адам денесінде, әсіресе балалар мен жас өспірімдердің организмінде айтарлықтай өзгерістер пайда болады. Денеде белоктың қоры онша көп емес, сондықтан ашығу баланың өсуін мүлде тоқтатады, кейде ұзақ қа созылған жағдайда ақыл кемшілігі пайда болуы мүмкін, баланың жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті нашарлайды. Өмірге жаңа келген нәресте тек қана ана сүтімен қоректенеді. Сүт табиғаттың нәресте үшін арнап жасаған дайын тағамы. Нәресте тәулігіне 600 мл сүтті анасының емшегінен сорып алады. 3-6 айлығында оған 700-800 мл сүт керек. Ана сүтінің құрамында белок, май, қант, минерал заттары, витаминдер т. б. бала тірлігіне қажетті заттардың бәрі бар және олар сапалы болады. Әсіресе биологиялық өте құнды — альбумин, гамма-глобулин, т. б. — белоктың түрлері, ферменттер, гормондар, иммунды денешіктер жеткілікті мөлшерде болғаны баланың дұрыс өсуіне өте қажет. Белокты бала ана сүтінен ғана ала алады. 1-3 жасар баланың жейтін тамағының белоктың 75 % жануар текті, ал 25 % өсімдік текті болуы қажет. 5 жасар балалар үшін Бұлар тең мөлшерде қажет болса, жас оспірімдер үшін өсімдік белогының мөлшерін көбейте түсу қажет.

 

 

7)Жүрек-қантамыр жүйесінің жасқа сай өзгерістерін түсіндіріңіз.

Қантамыр жүйесіндегі орталық мүше – жүректен және онымен байланысқан көлемі әр түрлі, қан тамырлары деп аталатын түтікшелерден тұрады. Жүрек ырғақты жиырылуы арқылы тамырлардағы бүкіл қанды қозғалысқа келтіреді. Жүрек – өзіне құйылатын вена сабауларынан қанды қабылдап және оны артерия жүйесі арқылы айдайтын қуыс бұлшықетті мүше болып табылады. Жүрек қуысы 4 камераға бөлінеді: 2 жүрекше, 2 қарынша. Сол жақ жүрекше менсол жақ қарынша өзіндегі қанның қасиетіне қарай сол жақ немесе артериялық жүректі құрайды; оң жақ жүрекше мен оң жақ қарынша оң жақ немесе веналық жүректі құрайды. Жүрек камералары қабырғаларының жиырылуы систола деп, ал босаңсуы диастола деп аталады. Жүректің формасы біршама жалпайған конус тәрізді.Онда ұшын–арех, негізін–basis, алғы жоғарғы және төменгі беттерін, осы беттерді бөліп тұратын екі – оң және сол жиектерін ажыратады. Жүректің дөңгелектенген ұшы – apex cordis – төмен, алға және сол жаққа қараған, ортаңғы сызықтансолға қарай 8 – 9 см қашықтықта бесінші қабырғааралыққа жетеді; жүрек ұшы тұтасынан сол жақ қарыншадан түзіледі. Негізі – basis cordis – жоғары,артқа және оң жаққа қарай орналасқан. Ол жүрекшелерден, алдынан – қолқадан және өкпе сабауынан түзіледі. Жүректің балалық шақтың әртүрлі кезеңдеріндегі кеуде қуысындағы орналасуы Жаңа туған балалардың жүрегі жоғары орналасқан, омыртқа деңгейінде IV және VIII аралығында. Өмірінің 1 – ші жылының соңына қарай жүрек орналасуы көлденеңнен қисық бағытқа ауысады. 2-3 жасқа келгенде жүрек тұрақталып, жүрек ұшы алға, төмен және солға бағытталған. Жүректің оң контуры жоғарғы қуыс венасынан, оң жақ жүрекше және төменгі қуысты венасынан құралған. Оң қарынша оны құрамайды. Жүректің сол контуры негізінен оң жақ қарыншадан құралады. Эмбрионалды күйде бала жүрегі 3-ші жұмадан бастап дамиды. Жүрек соғысы 22-23 күннен бастап байқалады. 6-шы жұмадан кейін бастап эмбрион жүрегі ырғақты жұмыс істей бастайды. Жиілігі 110/мин. 8-ші жұмада ең жоғарғы жиілікті жүрек соғуы байқалады – 175/мин. 9 айдағы жүрек соғу жиілігі – 130 рет. Туғаннан кейін 20 – 30 күн ішінде жүрек массасы оң жақ қарынша есебінен кішірейе бастайды. 6 айдан соң сол жақ қарынша төмен және артқа бұрылады. 2 жасқа дейін балаларда өткізгіш жүйе жиырылғыш талшықтар дифференцировкасы жалғасады. Миокард салмағы артады. 2 жастан бастап жүрек өсуі баяулайды. 2 жастан 6 жасқа дейін магистральдық артериялар қалыптасады, жүректің өткіз-гіш жүйесі мен жүйке аппараты дамиды. Жасқа байланысты бала жүрегінің соғу жиілігі 1 – ші күні – 140/мин 2-3 күн – 110/мин 1-4 жұма – 140/мин 2-3 ай – 127/мин 10 ай – 125/мин 1 жас – 120/мин 2 жас – 115/мин 4 жас – 105/мин 5 жас – 100/мин 7 жас – 85/мин 10 жас — 78/мин Ересек – 72/мин Балалардағы жүрек және қан тамырларының анатомиялық ерекшеліктері Балалық шағында жүрек – қан тамыр жүйесінің дамуы, функциялық жетілуі үздіксіз жүреді. Әсіресе баланың алғашқы 2 жасында жыныстық жетілу кезеңінде және 17 –20 жастың арасында бұл процестер жоғары қарқынмен өтеді. Жаңа туған балалардың жүрегі дене салмағының 0,8% құрайды, ересектерде 0,4 %. Сол және оң қарыншалары өзара тең, қабырғалардың қалыңдығы 5 мм шамасында, ал 14 жасар балаларда 1 см – ге жетеді. Емшектегі сәбилерде жүрекшелері мен күре тамырлары (аорта, өкпелі артерия) қарыншалардан біршама үлкен болады, кейін қарыншалардың, әсіресе сол жақ қарыншаның дамуы озып кетеді. Оң қарыншаның массасы
өкпе тамырларының қар
сылығы төмендегеннен кейін, керісінше алғашқы айларда 20% — ке кішірееді. Ұлдардың жүрегі қыз балаларға қарағанда, біршама үлкен, бірақ қыздардың жүрегі 10 – 11 жастан қарқынды өсіп, 13 – 14 жаста ер балалардың жүре салма
ғынан асып кетеді. Жы
ныстық жетілу кезеңінен кейін ұлдардың жүрегі қай
та қарқынды өседі.

 

8)Тыныс алу жүйесінің жасқа сай өзгерістерін түсіндіріңіз.

 

Тыныс алу жүйесі, қызметі, дамуы. Ауа жолдары, қызметі, васкуляризациясы, иннервациясы. Көмекей, кеңірдек. Өкпе дамуы, қызметі, васкуляризациясы, иннервациясы. Жасқа сай ерекшелігі. Тыныс алу жүйесі ағзада тыныс алумен қатар тыеыс алуға қатыссыз қызмет атқаратын мүшелер тобы. Бұл жүйеге қатысатын мүшелер ауа жолдарына және тыныс алуға қатысты болып бөлінеді. Бұл мүшелерге:мұрын қуысы, жұтқыншақтың мұрын бөлігі, кеңірдек, өкпеден тыс жатқан бронхтар мен негізгі мүше өкпе жатады. Сыртқы тыныс алу, яғни жұтылған ауадан оттегінің қанға сіңірілуі, сондай-ақ ағзадан көмір қышқыл газын шығару- тыныс алу жүйесінің негізгі қызметі болып табылады. Тынысалу өкпе арқылы жүзеге асады. Басқа көптеген қызметтердің ішіндегі ең маңыздысына жататындары: жұтылған ауаны жылыту және ылғалдау, ауаны шаң-тозаңмен микроорганизмдерден тазалау, қан тамырлар жүйесіндегіқанды оттегімен жабдықтау,тромбопластин мен оның антогонисі немесе қарсыласы гепариннің бөлінуі арқасында қанның ұюына да қатысады. Зат алмасу процесінд,су-тұз және липидті алмасудағы керекті бірқатар гормондарды синтездеп, бұлармен қоса дыбысты қалыптастыруға иіс сезугежәне иммундық қорғаныс қызметтерін атқарады.

 

Тыныс алу ағзаларының жасқа байланысты өзгерісі Постнатальдық кезеңде жаңа туған баланың кіндігін байлағаннан кейін өкпесіндегі тыныс алу жүйесі елеулі өзгерістерге ұшырайды. Балалық шақта өкпенің тыныс алу беті біртіндеп белсенді түрге ұлғаяды. Осыған байланысты жасөспірімдердің өкпесіндегі альвеолаларының жалпы саны ересектерге қарағанда шамамен он есе көбейіп кетеді. Елу-алпыс жастан кейін өкпенің дләнекер тінді стромасында тұздардың шөгуі орын алады. Бұл өкпе қозғалысының шектелуіне және тыныса алу қызметінің әлсіреуіне әкеп соғады. Регенерациясы. Тыныс алу мүшелерінің физиологиялық регенерациясы тек қана кілегейлі қабығында байқалады. Өкпе бөліктерін алып тастағаннан кейін, қайтадан келуі іс жүзінде болмайды. Тәжірибеде пульминоэктомиядан соң қалған өкпеге компенсаторлық гипертрофия жүзеге асып, альвеолалардың көлемі үш-төрт есе ұлғаяды да, альвеола перделері арасындағы бөліктері көбейеді. Бір мезгілде қоректендіруді және тыныс алуды қамтамасыз ететін кіші қан айналымдағы қан тамырлары мен лимфа тамырлары кеңейеді.

 

Тыныс алу жүйесінің маңызы. Адам организмі өзін қоршаған сыртқы ортамен қатты, Сұйық және газ түріндегі заттармен алмаспай өмір сүре алмайды. Адам үнемі сыртқы ортадан қоректік заттарды, суды және оттегін алады. Оттегі адам өмірі үшін аса маңызды. Оттегі ұлпалардағы тотығуға қатысады. Тотығу кезінде заттардың ыдырауынан көмір қышқыл газы пайда болып, денеден сыртқа шығарылады. Дем алғанда организм мен сыртқы орта өздерінің құрамындағы газдарымен алмасады. Бұл оттегінің үнемі денеге кіріп және көмір қышқыл газының денеден сыртқа айдалып тұруын қамтамасыз етеді. Бұл қызметті кеуде қуысында орналасқан өкпе орындайды.

 

 

9)Ас қорыту жүйесінің жасқа сай өзгерістерін түсіндіріңіз.

 

Ас қорыту жүйесінің құрылысы, маңызы. Астың ағзаға сіңуіне ыңғайлы болу үшін физикалық және химиялық өзгерістерге ұшырап, қарапайым заттарға ыдырау процесін асқорыту деп атайды. Органикалық заттардың ыдырауы ферменттер арқылы іске асады. Әрбір фермент тек өзіне тән жұмысты ғана орындайды. Астың қорытылуы асқорыту жүйесінде іске асады. Асқорыту жүйесіне: ауыз қуысы, үш жұп сілекей бездері, жұтқыншақ, өңеш, қарын, ұлтабар (он екі елі ішек), ащы ішек, тоқ ішек, бауыр мен ұйқы жатады.

 

Асты қорыту «конвейер негізінде» жүреді: ас қорыту жолдарының әр бөлігінде жеген тамақтың біразы ғана қорытылады.

 

Ауыздағы асқорыту және оның жас ерекшеліктері. Жеген тамақ ауыз қуысынан бастап қорытылады. Сұйық тамақ бірден жұтылады, ал қою тамақ шайналып ұсақталады, сілекеймен араласып ас қоймалжыңына айналады. Асты шайнау ас қорытудың алғашқы кезеңі. Кейбір мәліметтерге қарағанда шала шайналған астың 35-40% қорытылып үлгермей, организмнен сыртқа айдалады.

 

Тамақты шайнап, ұстау – ауыз қуысының негізгі қызметі. Шайнауға қозғалмалы орналасқан төменгі жақ сүйегі мен қозғалмайтын үстіңгі жақ сүйегінде орналасқан тістер, тіл және ұрт қатысады.

 

Нәрестеде тіс болмайды. 4-6 айда баланың уақытша (сүт тістер) тістері шыға бастайды да 3 жаста 20 сүт тісі толық шығып бітеді. 5 жастан аса баланың сүт тістері біртіндеп түсіп, орнына тұрақты тістер шыға бастайды. Тұрақты тістердің саны – 32, 28 тіс 15-16 жаста, ең соңғы 4 ақыл тіс 20-25 жаста шығады, кей адамдарда одан да кеш шығуы мүмкін.

 

Ауыз қуысында үш жұп сілекей бездерінің өзектері ашылады: шықшыт, жақ асты, тіл асты. Бұлардан басқа ауыз қуысының кілегей қабатында ұсақ бездер болады. Олар муцинге бай сілекей бөліп шығарады. Ересек адамда тәулігіне 1-1,5 л сілекей бөлінеді. Бұл сілекейдің құрамында амилаза, муцин, лизоцим деген ферменттер болады. Амилаза крахмал мен гликогенді ыдыратады. Муцинастың жұтқыншаққа, өңешке одан қарынға жылжуына ыңғайлы етеді. Лизоцим аспен бірге енген микроорганизмдерді жояды.

 

Сәби туғаннан бастап сілекей бездері жұмыс істейді, бірақ сілекейдің мөлшері өте аз болады. Мектепке дейінгі балалардың сілекейінің жалпы тәуліктік мөлшері 850-1000 мл шамасында болады.

 

Жаңа туған сәбидің шықшыт безінің салмағы 1,5-2 г, жақ асты безі 0,72-1,00 г, тіласты безі 0,2-0,6 г. Бұл бездер 3 айлық балада 2 есе, 6 айда 3 есе, 1 жаста 3-4 есе, 2 жаста 5 есе өседі. 5 жастағы баланың сілекей бездерінің құрылысы ересектерге ұқсайды бірақ оларың өсуі 13-15 жасқа дейін жалғасады.

 

Жұтқыншақ. Жұту кезінде арнайы тетіктер ас қоймалжыңының тыныс жолдарына бармай, өңешке өтуін қамтамасыз етеді. Жұтқыншақ пен өңеште ас қорытылмайды. Жұтқыншақтың өңешке кіре берісінде сфинктер болады. Сондықтан өңешке өткен ас кері шықпайды.

 

Өңеш. Өңеш ұзындығы 22-27 см шамасындағы ұзын түтік. Нәрестелердің өңешінің кілегей қабаты нәзік болады, сондықтан ірі ас түйіршіктері оңай жаралайды. Жаңа туған сәбидің өңешінің ұзындығы 10 см, 5 жаста – 16 см, 15 жаста – 19 см.

 

Қарындағы астың қорытылуы және оның жас ерекшеліктері. Қарынға түскен ас қоймалжыңына қарын сөлі әсер етіп, ас қорытыла бастайды. Қарын сөлінің құрамында 98% су, 0,3%-0,5% тұз қышқылы және әртүрлі тұздар мен органикалық заттар болады. Қарын сөлінің рН реакциясы – қышқыл.

 

Органикалық заттарға ферменттер мен азотты қосылыстар жатады.

 

Сөл құрамында белокты ыдырататын пепсин, сүт казейнін ыдырататын химозин, майды қорытатын липаза ферменттері болады.

 

Пепсин рН реакция 1,5-2,5, яғни қышқыл ортада ғана белсенді қызмет атқарады. Қарында барлық белоктар қорытылады, сонымен бірге тұз қышқылының әсерінен тамақпен түскен бактериялар да қорытыла бастайды, яғни қарын сөлі қорғаныс қызметін де атқарады.

 

Қарын сөлінің құрамындағы липаза ұсақ молекулалы (жұмытрқаның сары уызындағы, ана сүтінің құрамындағы) майды ғана қорытады. Ол майды глицерин мен май қышқылына дейін ыдыратады.

 

Бұл ферменттің әсер етуі үшін тұз қышқылы астың құрамындағы майды ұсақ май тамшыларына ыдыратады.

 

Қарында ас 3-4 сағаттан 10-11 сағатқа дейін болады.

 

1 жасқа дейінгі балалардың қарын сөлінде тұз қышқылы мен ферменттердің күші төмен болады. Оның есесіне химозин белсенді болады. Емшектегі баланың сөлінің рН реакциясы жоғары болады: 1 айда 5,84; 3-7 айда 4,94; 7-9 айда -4,48; 9 айдан асқан соң 3,76 тең болады. Сондықтан сөлдің құрамындағы рН 2,0 болғанда белсенді болатын пепсиннің асты қорытуда рөлі төмен болады. Сондықтан емшектегі балаға сиыр сүтін немесе басқа жасанды сүт бергенде диатез – бет терісінде қызғылт қышыма қабыршақтар пайда болады.

 

Жаңа туған сәбидің қарны көлденеңдеу, ересек адамдарда тік орналасқан. Қарынның пішіні әртүрлі: 1,5 жасқа дейін дөңгелектеу, 2-3 жаста алмұрт тәрізді, 7 жаста ересек адамның қарнындай болады. Сиымдылығы да әртүрлі: жаңа туған сәбиде – 30-35 мл, 1жаста 300-350 мл, 10-12 жаста - 1,5 л, ересек адамдарда 1,5-2 л.

 

Ішектегі асқорыту. Қарын қуысындағы ас қоймалжыңы химус деп аталады. Химус қарыннан 12 елі ішекке (ұлтабарға) өтеді. Оның ұзындығы 25-30 см. Ұлтабарға бауырдың өті мен ұйқы безінің өзегі ашылады. Өт майды эмульсияға, яғни ұсақ май тамшыларына ыдыратады. Ал ұйқы безінің сөлінің құрамында ферменттер болады. Олар: трипсиноген, липаза, амилаза және дисахаридтерді моносахаридтерге ыдырататын ферменттер. Трипсиноген ферменті ішекте белсенді түрі трипсинге айналып, белокты амин қышқылдарына дейін ыдыратады. Липаза майды ыдыратады. Амилаза крахмалды дисахаридтерге, ал мальтаза, лактаза, сахараза т.с.с. дисахараидтерді моносахаридтерге ыдыратады.

 

Ұлтабардан ас қоймалжыңы ащы ішекке өтеді. Ащы ішектің ұзындығы 3 м. Ішектің кілегейлі қабатында либеркюн бездерінде ферменттер өндіріледі. Ішек сөлінің құрамында энтерокиназа, аминопептидаза, нуклеаза, фосфатаза, карбогидраза және т.б ферменттер болады.

 

Ішектің қабырғасының кілегейлі қабатында биіктігі 1-2 мкм цилиндр тәрізді микробүрлер болады. Олардың саны өте көп – 1 мм² ішектің қабырғасында 50 мыңнан 200 миллионға дейін микробүрлер болады. Микробүрлердің бетінде астың қорытылуынан пайда болған заттар қанға және лимфаға өтеді. Мұны мембраналық асқорыту дейді.

 

Асты қорыту то



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
IV. «Ты первый» говорит Паулина | Начало информационного века
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-24; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 892 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Бутерброд по-студенчески - кусок черного хлеба, а на него кусок белого. © Неизвестно
==> читать все изречения...

938 - | 982 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.