Лекции.Орг


Поиск:




Дәстүрлі этиканың ерекшеліктері және оның мәдениеттер интеграциясындағы трансформациясына сараптама жасаңыз




Қазақтың дәстүрлі этикасының негіздерін ұғыну үшін ғарыштың тернарлық үлгісі әлеуметтік айна екендігін, яғни, өз кезегінде, орталық шеңберді құрастыратын, үш горизонтальды буындарға бөлінушілікті ескеру маңызды. Космологиялық көзқарастарға сай, діңгекпен құрастырылатын, орталық шеңбер әлеумет құрылымының бірлігін, тұтастығын және мәңгілігін рәміздейді. Қазақтардың артта қалғандығы және енжарлығы туралы кездесетін түсініктерден қылық бағдарларының жоқтығы шықпайды, қайта керісінше, көшпелі өмір салты мен қатал ауа-райы индивидтерді дербестікке мәжбүрлейді. Алайда, қасиетті тәртіпке қатыстылық пен оны ұстап тұрудың маңыздылығы әрекеттердің мақсаттары мен түпкі мағынасын айқындап отырды, оның өмірлік табыстарының болашақтығын және тұлғалық бірегейлікке жете алуды себептеді.

Қазақтардың дәстүрлі этикасы тіршілік етушілер әлемі мен рухтар әлемінің шекараларының мөлдірлігі туралы космологиялық түсініктерге, өткеннің, қазіргінің, болашақтың байланысының органикалығы мен үздіксіздігі жөніндегі бейнелерге сүйенеді. Өлгендердің рухы біздерге әсер етеді, олардан тағдыр, сәттіліктер, сәтсіздіктер, апаттар тәуелді. Егер адам дұрыс және айтарлықтай теріс қылықтарға барса, олар қамқорлық жасай, көмектесе, қорғай, жазалай алады.

Осылай әруақтарға табыну пайда болды. Қайтыс болғандарды, жолы үлкендерді құрметтеу қазақ ділінің ажырамайтын белгілерін құрастырады.

Этикалық категориялардың мазмұндық жағына зороастризм, тәңіршілдік, буддизм, суфизм, манихейшілдік, ислам көрнекі ықпалын тигізеді. Аспанға (Тәңіріге) табыну жоғарылылықты аңсауға ниеттендірді, адамды тәкаппар, ымыраласпайтын етіп баулыды, бодандық психологиямен сиыспайтын, ерлік философиясын ұстауға шақырады. Жер-Анаға (Тәңірі-Ұмай) табыну адам сенімін, туған жердің қасиеттілігін, рухтардың жебеушілігін нығайтты. Зороастрлық этикаға сай, үш ұстынды – ізгі ойлауды, ізгі сөзді, ізгі әрекетті ұстанып жүрген қажетті. Жақсылық пен жамандықтың арасындағы таңдауды әркім тек өз игілігі үшін емес, бірақ сонымен бірге бүкіл әлемнің тағдырын шешу үшін жасайды.

Исламның тарауы барысында жақсылық пен жамандық туралы түсініктер түбегейлі өзгерді: жақсылық – бұл ислам қағидаларына қарсы келмейтіндер, ал жамандық – бұл соларға қайшылықта болатындар. Міне осы көзқарас тұғырынан адам қылықтары бағаланады, және сондықтан кім болса да тағайындалған дәстүрлерді бұзуға, оларға қарсы тұруға батылдары, шамасы жете алмады.

Сонда да ислам дүниені түсіндіру мен қазақ моральның бірден-бір қайнары болып шықпады. Халық қашанда, оның негізінде дұрыс мағына мен ақылға сай әрекеттер жатқан, моральды жақтады.

Халық даналығы былай дейді: «Адам тегінен емес, ол тіршілігінің барысында бұзылады», ақылға сай өмір – бұл, оларды адам өзінде мәпелейтін және соларға сай қылыққа баратын, ізгіліктердің жиынтығы. Оның үстіне адамнан тек дана сөйлеу емес, бірақ ең алдымен практикалық істер талап етіледі. Адамның абыройлығы оның сыртқы белгілерімен емес, ал сол немесе басқа жағдаятта қалай пайымдайтынымен, қандай қылықтарға баратынымен бағаланады.

«Егер жақсының ізімен жүрсең, аңсағаныңа жетесің, егер жаманды қайталасаң, ұятты болып қаласың». Адам бақыты материалдық дәулеттің жай-күйімен емес (дегенмен қайсыбір дәрежеде ол да маңызды), ал адам жанының байлығымен және адамгершілік істерімен анықталады. «Кім пайымшыл және кішіпейіл, ары таза және әділ болса, кім өзінде ізгіліктерді мәпелесе, тек сол бақытқа жете алады». Исламның әйелге деген ұстанымдары қазақ қоғамында терең ұялаңбады, онда ана-әйелге, қорғаушыға, отбасы сүйенішіне деген ізгілікпен қарау тұрақтады.

Моральдық құқықтар мен міндеттер сапасында орын алған, салттар мен дәстүрлерді билеуші топ өз мұқтаждарына пайдаланады. Ерекше әлеуметтік топ – билер – халық салттарының сақтаушылары және білгірлері болып есептелді. Оларға әрекет етуші нормаларды анықтауда және тағайындауда шешуші орын берілді, мүліктік, отбасылық-некелік таластарды шешуде өтімді сөз солардікі болды. Олардың шешімдеріне, дәстүр-салттарына іс жүзінде кәдімгі-құқықтық нормалар күші берілді. ХVІ ғасырдан бастап кәдімгі қазақ құқығы деп аталатындар – «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Тәуке ханның Жеті жарғысы» - кең тарады. Рулық бастама ұстыны – руластарының іс-әрекеті үшін ұжымдық жауапкершілік және руласты өлтіргені үшін қанды кек, ежелгі кодифицияландырылған кәдімгі құқықтан («Жаса») өз бастауын алады. Ұлы қазақ ағартушысы, Ш.Ш. Уәлиханов кәдімгі қазақ құқығының демократиялық бастауларын атап өтеді, олар – жариялылық, рулық ынтымақтастық, қарапайымдылық, сот процесінің бәсекелестігі, оған жақтар өкілдерінің қатысуы; қоғамдық пікір қуатын пайдалану; бостандығынан айыру, қапасқа қамау сияқты репрессиялық шаралардың жоқтығы.

Шынында да, қазақтың дәстүрлі этикасы бодандық пен конформизмге негізделмеген, ол өзіне еркіндік сүйгіш дәстүрлерді, демократияшылдықты енгізді. Бұл дәстүрлер хан сайлау рәсімінде көрініс табады. Соңғы болып, қасиетті харизмалық сапаларға ие индивид; халық тағдыры, игілігі және гүлденуі үшін өзіне жауапкершілікті қабылдайтын көшбасшы сайланады. Ал сонымен бірге өз пікірін жеткізу және лайық еместердің бетіне сын айтуға құқын заңдастыратын, айтыс сияқты, ауызекі халық шығармашылығында да осылай болды.

Дәстүрлі қоғамдағы кәдімгі құқықтың қуатын Ш.Ш. Уәлиханов әлеуметтік-мәдени тамырланумен түсіндіреді, себебі «ол көбірек белгілі болғандай, оның бұл заңы қаншама жетілмеген болып көрінгенімен, ол бүкіл бірге алынған басқа заңнамаларға қарағанда, түсініктілеу және айқындау болып көрінуге міндетті, төлтума заң болғандықтан халық үшін ол жақсы».

«Құт» ең алдымен өмірлік күшті, оның алға жылжуға қабілеттілігін білдіреді. Дәстүрлі дүниетаным үшін адам, өсімдік, жануар бір-бірімен туысқан және табиғатқа тән және онымен туындатылатын, тірінің түрлі формаларын бітімдейді. Тірінің көңіл күйі, рухани және құндылық анықтамалардың негізі бола тұрып, олар адамның дүниеге қатынасын сипаттайды. Сондықтан рәсімдердің басты идеясы – жоғары құндылықты, адам өмірін қабылдап алу. Салт-ғұрыптар шектерінде дәстүрлі драма, табиғатпен қосылу ойналады. Өмірді қайтадан шығару барлық деңгейлерінде тойлар мен шамандық қамданулардың басты тақырыбы болып табылады. Өнімділік пен туудың құпиясы дәстүрлі мәдениеттің түйінін құрастырады. Табиғаттан қабылдап алынған, бірінші сый болып тіршілік сыйы, құт, тірі жан есептеледі. Бұл өмірлік күштің рәмізі таудың төбесіндегі сүт көлі, Тіршілік пен Өнімділіктің орталығы болып табылады. Сүт сондықтан – жай ғана тағам емес, бірақ айрықша семиотикалық статусқа ие; сүтті ұйытатынды шет жерлікке беруге тыйым салынған, ол ру тіршілігінің қуатты рәмізі, сүтті қонаққа құйып беруге болмайды.

Этикалық императивті осылайша толық ұғыну ХVІІІХІХ ғғ. мәдени ахуалды тереңірек түсінуге көмектеседі. Түркі халықтарының көптеген көне культтері, рухани және әлеуметтік-тұрмыстық культтер, Шыңғыс ұрпақтарының иерархиялық культтері, исламның ықпалдары, исламның мистикалық бағыттары және басқа культтер далалық өмірдің рухани дүниесін толықтырды. Олар жиынтықталған түрде “адамзаттан жоғарғы” бастамалардың, өздерінің түпкі тектері көктің билеушісінен, аспаннан, әр түрлі тотемдік және анимистік символ – ата-бабалардан бастау алады деп санайтын әулеттердің әрқилы архетиптерін бейнеледі.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-24; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1270 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Даже страх смягчается привычкой. © Неизвестно
==> читать все изречения...

977 - | 844 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.