Лекции.Орг


Поиск:




зін-өзі тану сабағындағы педагогикалық қарым-қатынастың ерекшелігін сипаттаңыз.




Педагогикалық қарым-атынас пәні -ғылымның объектісі- әр түрлі ғылымдардың зертелуі. Объектісі: матераилды және материалды емес құбылыстар. Денелер, процестер: тірі, биологиялық және абстрактілі жүйе; әр түрлі қиындықтардың биологиялық организмедері. Ғылыми зерттеудің объектісі ретінде: аңдық және өсімдік, адам, қоғам, өркениет, космос өмірі.

Әрбір объект әр түрлі ғылымдармен зерттеледі. Адам, антропологиямен, физиологиямен, психологиямен. әлеуметтанумен, педагогикамен т.б. зерттеледі. Әрбір ғылымның өз пәні бар. Адамның психикалық дамуының заңдылықтары мен механизмі және туылудан қартайғанға дейінгі тұлғаның дамуы, ал Педагогикалық қарым-атынас пәні - оқу процесі кезіндегі адамның әлеуметтік- мәдени тәжірибемен танысу механизмі және заңдылықтары. Педагогикалық психологияға ашылған түрде айтудың алдында, білім және педагогикалық процесс әр түрлі ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады, күрделі конфессионалды, көп комплексті құбылысты көрсетеді. Күрделілік, оқудың көпкомпоненттілік процесі ұлы дидакттармен анықталған-Я.А.Коменский, И,.Песталоцци, А.Дистраверг.

А.Дистравергтің айтуынша: оқытушы қызметін анықтайтын әр түрлі уақыт пен пәнді көңілге алу керек. Әсіресе:

1)Адамды, оқушы-субъектті;

2)оқудың және оқытудың пәні-оқу пәні-объект;

3)сыртқы жағдай, онда оқушы уақыт және орын бар;

4)оқытушы

Оқу процесінің компонентті құрылымы педагогикалық психологияда факторлардың әсер етуіндегі функционалдық көзқараста көрстеіледі. Оқудың эффективтілігі осы факторлардың әсер етуіне байланысты, “неге оқытады, кімді оқытады, қалай оқытады”.

П едагогикалық қарым-атынас психологиясы пәні факт, механизм, адамның мәдени әлеуметтік тәжірибені меңгеру заңдылықтары т.б. Педагогикалық қарым-қатынас психология “оқуды меңгеру заңдылықтарын зерттеу, осы процестегі индивидуалды әртүрлілілктерді зерттеу, оқушыларда белсенді жеке шығармашылық ойлау заңдылықтарын, тәрбеие және оқу әсерінен болатын психикадағы өзгерулерді зерттейді.” Отандық психологиялық педагогика оқу арқылы психологиялық механизмді зерттеу (Н.Талызина, Л.Лаида т.б.) және білім процесін зерттеу (В.Лазарев т.б.), процесті басқару (В.Давыдов, В.Рубцов), оқу мотивациясы (А.Маркова, Ю.Орлов т.б.), индивидуалды психологиялық фактор; оқушы мен оқытушының жеке тұлғаның ерекшеліктерін (В.Мерлин, А.Леонтьев т.б.) зерттеді. Жалпы педагогикалық психология оқу процесінде психологиялық сұрақтарды зерттейді.

– П едагогикалық қарым-атынас психологиясы пәні оқу-тәрбие қызметіндегі заңдылықтарын және психологиялық ерекшеліктерін зерттеу.

міндеті:

- оқушының жеке және интеллектуалды дамуына оқытушының және тәрбиелеушінің әсерінің механизмін және заңдылықтарын ашу:

- оқуды меңгерудің әлеуметтік мәдени тәжірибенің оқу құрылымының, оқушының санасында сақталуы және әртүрлі жағдайда пайдалану механизмдері мен заңдылықтарын анықтау;

- педагогтың қызметінің психологиялық негізін оның индивидуалды психикалық және кәсіби сапаны зерттеу;

- дамушы білімнің заңдылықтарын, әсіресе ғылыми, теоретикалық дамуының механизмдерін анықтау;

- білімді меңгерудегі жаңдайларды, критерийлерді, заңдылықтарды анықтау;

- білім стандарттары мен меңгерудің сапасы мен диагностикалық деңгейінің психикалық негіздерін анықтау;

- білім жүйесінің барлық кезеңдерінде оқу процесіндегі болашақтағы дамуындағы психологиялық негіздерді өңдеу.

Оқу – педагогикалық қарым-атынасқа үшін тәрбие оқу процесінің әдісін қосады. Педагогикалық қарым-қатынас психологияның құрылымына төмендегілер кіреді:

1. білім қызметінің психологиясы;

2. оқушының оқу қызметінің және субъектісінің психологиясы. (оқушы, студент)

3. педагогикалық қызметтің және субъектінің психологиясын. (оқытушы, мұғалім)

4. оқу-педагогиалық бірлестіктің және қарым қатынас психологиясы

Адамзаттың рухани тәжірибесі» бағыты бойынша сабақтардың негізгі тақырыптарын анықтаңыз. Өзіңіздің түсінігіңізге толық дәлелді жауап беріңіз

Жеке тұлғаны адамгершілік-рухани бағытта тәрбиелеудегі «Өзін-өзі тану» пәнінің көкейкестілігі


Қазіргі әлемдік білім беру кеңістігінде жастардың бойында әлемнің біртұтас бейнесін қалыптастыруға, көптүрлі мәдениеттерді құрметтеуге тәрбиелеуге, руханилыққа, адамгершілікке қызығушылығын оятуға, өскелең ұрпақтың әлеуметтік белсенділігін дамытуға баса назар аударылып отыр. Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі адамгершілік пен руханилықты дамытуға бағытталған.

«Өзін-өзі тану» пәні тұлғаның адамгершілік-рухани қалыптасуының білім беру маңызды пәні болып табылады. Пән мазмұны Қазақстан қоғамындағы өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік білімі мен тәрбиесі жалпыадамзаттық, жалпыұлттық, этномәдени және тұлғалық құндылықтардың үйлесімді жинақталуына бағдарланған. Осы құндылықтар адамның өзін толық іске асыруына, өмірдегі өз рөлі мен өмірлік мұратының мәнін ұғынуына, қоғамға қызмет етуіне мүмкіндік береді. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру мынадай жалпы мақсаттарға негізделеді:

- Әрбір оқушының өзінің жан дүниесін сезінуіне және өзінің дербестігін түсінуіне ықпал ету;

- Жеке тұлғаның жан-жақты қалыптасуына өмірлік-маңызы бар мынадай түйінді құзыреттерді мақсатты түрде дамыту арқылы ықпал ету;

- Өзінің өмірлік позициясын анықтау;

- Әр түрлі мәселелерді адамгершілік нормаларға сәйкес конструктивті шешу;

- Өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау;

- Адамдарға қолдан келгенше көмек беру, туыстарына және жақындарына қамқорлық көрсету;

- Өзімен-өзі үндестікте өмір сүру, ойы, сөзі, іс-әрекеттеріне шынайы болу;

- Жасампаздық тұрғысынан таңдауға даярлығын таныту және өз ойы, сөзі мен ісіне жауапты болу;

- Қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту.

Аталған мақсаттар күнделікті практикада оқу-тәрбие үрдісінде жеке тұлғаның өзін-өзі анықтау, балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, жеке тұлғаның рухани-адамгершілік әлеуетінің дамуына ықпал ететін ақпараттық білім беру кеңістігін құру, мектеп пен отбасының әлеуметтік серіктестігі ынтымақтастығын дамыту арқылы жеке тұлғаның рухани-адамгершілік қалыптасуы үшін жағымды алғышарттар жасауды құру жолдарымен жүзеге асырылуда.

Өзін-өзі тану пәнінің базалық білім беру мазмұны төрт негізгі бөлімді қамтиды:

- Адамның өзін-өзі тануы;

- Адам және қоғам;

- Адам және қоршаған орта;

- Адамзаттың рухани тәжірибесі.

Өзін-өзі тануды оқыту интерактивтік әдістеме негізінде білім беру процесіне әрбір қатысушының жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып жүргізіледі. Адамгершілік құндылықтар әрбір жасақа лайықты әлемді қабылдау арқылы меңгертіледі. Өзін, өзге адамдарды тану, қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас жасау, ақиқат пен махаббатты түсіну адам өмірінің ең басты мәні тұрғысынан бала ойлана алатын, өзінің пікірін жеткізе білетін, таланты мен қабілеттерінің ашыла түсетін, формалды емес, сенімді жағдайда өтеді.

Өзін-өзі тану сабақтарында мұғаліммен ашық диалог жүргізіледі, әлеуметтік-рөлдік ойындар мен тренингтерде адамдардың өзара қарым-қатынас әлемі зерттеледі, өмірдік бақылаулары бойынша пікір алмасады, қоғамға қызмет етудің практикалық дағдылары дамытылады. Өзін-өзі тану ерекшелігін есепке ала отырып, денсаулық сақтау әлеуетіне ие әр түрлі стандартты емес сабақ түрлерері: ойын-сабақтар, ойлану-сабақтары, пікір-сайыс, театрландырылған сабақтар, шығармашылық сабақтар, экскурсия және концерт сабақтар т.б. түрлері пайдаланылады.

Өзін-өзі тануға оқыту білім алушылардың мынадай сегіз деңгей бойынша қүтілетін нәтижелерге болжанып отыр:

Мектепке дейінге білім- 1-2 деңгей (ересектер тобы мен даярлық топтар); Жалпы орта білім беруде – 3 деңгей (1-2 сыныптар; 4 деңгей – (3-4 сыныптар); 5 деңгей – (5-6 сыныптар; 6 деңгей – (7-8 сыныптар); 7 деңгей – (9-10 сыныптар); 8 деңгей – (11-12 сыныптар).

Күтілетін нәтижелер: - өзін тануға, өзгелерді тануға, әлемді тануға, адамзаттың рухани тәжірибесін тануға мүмкіндік береді. Күтілетін нәтижелердің көп деңгейлік жүйесі бір жағынан, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді оқу және тәрбие мақсаттары түрінде көрінсе, екінші жағынан, оқушылардың рухани-адамгершілік даму көрсеткіштері және олардың өзін-өзі танудың жалпы мақсаттарына қол жеткізуінің көрсеткіші болып табылады және оқушылардың оқу жетістіктерін бақылауға мүмкіндік береді. Осы күтілетін нәтижелер міндетті түрде оқытылатын пәндер мазмұнының адамгершілік әлеуетін күшейту үшін бағдар және пәнаралық байланысты жүзеге асыратын құрал қызметін атқарады, әрбір пәннің құндылықтық мәнін ашуға бағдарланған, оқу процесін жобалауға жағдай тудырады.

Адамгершілік — рухани тәрбиенің маңыздылығы
Адамгершілікке тәрбиелеу құралы — еңбек пен ата-ана үлгісі
Ыбырай Алтынсарин
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек.
Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани -адамгершілік тәрбие- екі жақты процесс.
Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан- тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым- қатынастарынан көрінеді. Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске асыра, адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, педагог істелген жұмыстардың нәтижелерін, тәрбиелеушілерінің жетіктістерін зер салып талдау керек.
Адамгершіліктің негізі мінез-құлық нормалары мен ережелерінен тұрады. Олар адамдардың іс-қылықтарынан, мінез-құлықтарынан көрінеді, моральдық өзара қарым-қатынастарды басқарады. Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адам еңбек ету, өзара көмек, сондай-ақ қоғамға тән адамгершіліктің өзге де формалары, бұл-сананың, сезімдердің, мінез-құлық пен өзара қарым-қатынастың бөлінбес элементтері, олардың негізінде қоғамымыздың қоғамдық-экономикалық құндылықтары жатады.
Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады.
Тәрбиешінің ең бастапқы формалары педагогтың балалармен мазмұнды қатынасында, жан-жақты іс әрекетінде, қоғамдық өмірдің құбылыстарымен танысу кезінде, балаларға арналған шығармаларымен, суретшілер туындыларымен танысу негізінде іске асады.
Мұндай мақсатқа бағытталған педагогтық жұмыс еңбек сүйгіштікке, ізгілікке, ұжымдық пен патриотизм бастамасына тәрбиелеуге, көп дүнеині өз қолымен жасай алуды және жасалған дүниеге қуана білуді дамытуға, үлкендер еңбегінің нәтижесін бағалауға тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды.
Балаларда ортақ пайдалы жұмысты істеуге тырысу, бірге ойнау, бір нәрсемен шұғылдану, ортақ мақсат қою және оны жүзеге асыру ісіне өздері қатысуға талпыныс пайда болады. Мұның бәрі де баланың жеке басының қоғамдық бағытын анықтайды, оның өмірге белсенді ұстанымын бірте-бірте қалыптастырады.
Әр баланың жеке басы- оның моральдық дамуы үшін қамқорлық жасау- бүгінгі күннің және алдағы күндердің талабы, оған педагогтың күнделікті көңіл бөлуі талап етіледі.
«Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасы» мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуын, олардың мектепке дайындығын қарастырады. Бұл бағдарланы жүзеге асыруда басты ролді атқарады.
Оның тәртібі, іс-қимылы, балалар және үлкендермен қарым-қатынасы балалар үшін үлгі бола отыра, педагогтың ықпалы әсерлі енеді, баланың жеке басы қалыптасады. Оның ықпалы неғұрлым белсендірек болса, баланың сезімдерін жан-жақты қамтыған сайын, олардың ерік күшін жұмылдырып, санасына ықпал етеді.
Мектепке дейінгі жастағы баланың рухани-адамгершлік дамуы балабақшасы мен отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады. Әрбір бала қандай да болмасын бір міндетті орындау үшін, өзіндік ерекше жағдайлар жасалады.
Мәселен, ойында ұнамды әдеттер, өзара қарым-қатынастар, адамгершілік сезімдер қалыптасады, еңбекте-еңбек сүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу, сондай-ақ ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздың сезімі сияқты қасиеттер, патриоттық сезімдер жайлы мағлұматтар. т. б. қалыптасады.
Мектепке дейінгі жаста балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері мына жайлармен түйінделеді: ізгілік бастамасымен тәрбиелеу, балалар мен үлкендер арасындағы саналы қарым-қатынас/ тұрмыстың қарапайым ережелерін орындау/ кеңпейілдік, қайырымдылық, жақын адамдарға қамқорлықпен қарау және т. б./ Ұжымға тәрбиелеу, балалардың өзара ұжымда қарым-қатынасын қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, әр түрлі ұлт өкілдеріне қадір тұту және сыйлау. Осылайша мейірімділіктің негізі қаланады, немқұрайдылықтың пайда болуына, құрбыларына, төңіректегі үлкендерге қалай болса солай қарауға мүмкіндігі жасалмайды.
Қарапайым әдеттерді тәрбиелей отырып педагог балдырғаннның бар істі шын пейілмен әрі саналы атқаруына қол жеткізеді, яғни сыртқы ұнамды мінездері оның ішкі жан дүниесін, оның ережеге деген көзқарасын айқындайды.
Атақты педагог Сухомлинский; «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады.
Тәрбиенің негізгі мақсаты- дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани ляззат беріп, қиялға қанат бітіретін, жасбаланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани азық«, деп атап көрсеткен.
Руханилық жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткші. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-зі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады.
Рухани-адамгершілік тәрбие — бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс әрекетін анықтайды.
Сананың қалыптасуы-ол баланың мектепке бармастан бұрын, қоғам туралы алғашқы ұғымдарының қалыптасыуна, жақын адамдардың өзара қатынасынан басталады. Баланы жақсы адамгершілік қасиеттерге, мәдениетке тәрбиелеуде тәрбиелі адаммен жолдас болудың әсері күшті екенін халқымыз ежелден бағалай білген.
«Жақсымен жолдас болсаң- жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң- қаларсың ұятқа...» «Жаман дос, жолдасын қалдырар жауға» — деген мақалдардан көруге болады. Мақал-мәтелдер, жұмбақ, айтыс, өлеңдер адамгершілік тәрбиенің арқауы. Үлкенді сыйлау адамгершіліктің бір негізі. Адамзаттық құндылықтар бала бойына іс-әрекет барысында, әр түрлі ойындар, хикаялар, ертегілер, қойылымдар арқылы беріледі.
Адамгершілік-адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханиет дәуіріне жаңа қадам болып табылады. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады.
Ол тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттерімен сапалары, қарым-қатынастарында қалыптасады. Адамгершілік қоғамдық сананың ең басты белгілерінің бірі болғандықтан, адамдардың мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасымен сипатталады.
Олар адамды құрметтеу, оған сену, әдептілік, кішіпейілдік, қайырымдылық, жанашарлық, ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық т. б. Адамгершілік-ең жоғары құндылық деп қарайтын жеке адамның қасиеті, адамгершілік және психологиялық қасиеттерінің жиынтығы.
Адамгершілік тақырыбы- мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру- ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы- халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс — тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді.
Көрнекті педагог В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», — дейді. Демек, шәкіртке жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы — өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.
Ұрпақ тәрбиесі — келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени — ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу — біздің де қоғам алдындағы борышымыз.
Мектепке дейінгі адамгершілік тәрбие — балалардың адамгершілік сана-сезімін, мінез- құлқын қалыптастыруды қамтиды. Дәлірек айтқанда, адалдық пен шыншылдық, адамгершілік, кішіпейілдік, қоғамдағы және өмірдегі қарапайымдылық пен сыпайылық, үлкенді сыйлау мен ибалық адамгершілік тәрбиесінің жүйелі сатылап қамтитын мәселелері.
Адамгершілік тәрбиесінің әрқайсысының ерекшеліктерін жетік білетін ұстаз халық педагогикасын ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлерді, әдет- ғұрыпты жан-жақты терең білумен қатар, өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің барлық кезеңдерінде пайдаланғаны дұрыс. Ата-ананың болашақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі ұрпақтан ұрпаққа жалғасуда.
«Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі»дегендей, ата-ананың күн сайын атқарып жүрген жұмысы- балаға үлкен сабақ. Жас балалардың үлкендер айтса, соны айтатынын, не істесе соны істегісі келетінін бәріміз де білеміз. Баланың үйден көргені, етене жақындарынан естігені-ол үшін адамгершілік тәрбиесінің ең үлкені, демек жақсылыққа ұмтылып, жағымды істермен айналысатын адамның айналасындағыларға көрсетер мен берер тәлімі мол болмақ..
Жас өспірім тәлім-тәрбиені, адамгершілік қасиеттерді үлкендерден, тәрбиешілерден насихат жолымен емес, тек шынайы көру, сезім қатынасында ғана алады.
Жеке тұлғаның бойындағы жалпы адамзаттық құндылықтардың қалыптасуы осы бағытта жүзеге асады, сөйтіп оның өзі-өзі тануына, өзіндік бағдарын анықтауына мүмкіндік туғызатындай тәлім-тәрбие берілуі керек.
Жақсы адамгершілік қасиеттердің түп негізі отбасында қалыптасатыны белгілі. Адамгершілік қасиеттер ізгілікпен ұштастырады. Әсіресе еңбекке деген тұрақты ықыласы бар және еңбектене білуде өзін көрсететін балаларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу басты міндет болып табылады.
Өз халқының мәдениетін, тарихын, өнерін сүю арқылы басқа халықтардың да тілі мен мәдениетіне, салт-дәстүріне құрметпен қарайтын нағыз мәдениетті азамат қалыптасады.
Қазақ халқының әлеуметтік өмірінде үлкенді сыйлау ұлттық дәстүрге айналған. Отбасында, балабақшада, қоғамдық орындарда үлкенді сыйлау дәстүрін бұзбау және оны қастерлеу әрбір адамнан талап етіледі. Халқымыздың тәлім- тәрбиелік мұрасына үңілсек, ол адамгершілікті, қайрымдылықты, мейірбандықты дәріптейді.
Ата-бабаларымыздың баланы бесігінен жақсы әдеттерге баулыған. «Үлкенді сыйла», «Сәлем бер, жолын кесіп өтпе» деген секілді ұлағатты сөздердің мәні өте зор. Адамгершілікті, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі иманжүзді, жарқын, биязы, өзі парасатты болады. Ондай адамды халық «Иман жүзді кісі» деп құрметтеп сыйлаған.
Балаларымызды имандылыққа тәрбиелеу үшін олардың ар-ұятын, намысын оятып, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілдік, қамқорлық көрсету, адалдық, ізеттілік сияқты қасиеттерді бойына сіңіру қажет. Баланы үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, иманды болуға, адамгершілікке баулу адамгершілік тәрбиесінің жемісі.
Балаларды адамгершіліке тәрбиелеуде ұлттық педагогика қашанда халық тәрбиесін үлгі ұстайды. Ал, адамгершілік тәрбиелеудің бірден-бір жолы осы іске көзін жеткізу, сенімін арттыру. Осы қасиеттерді балаға жасынан бойына сіңіре білсек, адамгершілік қасиеттердің берік ірге тасын қалағанымыз.

Зін-өзі тану» пәні мазмұнындағы «Отбасындағы махаббат» бағыты бойынша сабақтардың негізгі тақырыптарын түсіндіріңіз.

 

Махаббат және өзара түсінушілік – бұл отбасылық өмірді бояйтын, қуаныш пен бақытты әкелетін фактор. Отбасындағы өзара түсінушілік және ықылас реніштің туындауына, басқада психологиялық және әлеуметттік мәселелерге жол бермейтін, тозудан бөлшектерді қорғайтын автокөліктегі жағар май тәрізді. Жақсы қатынас және жылы шырай отбасының ең маңызды қажеттілігі болып саналады.

 

Отбасы — бірлесіп күн көретін туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы. Балалар тәрбиесін жүзеге асырып, басқа да қоғамдық тұрғыдан мәнді кажеттіліқтерді қанағаттандыратын некелік немесе туыстық қатынастармен байланысқан адамдар тобы.

 

Отбасы қоғамның тұрақтылығы мен келесі ұрпақ тұрғындары санының орнын толтыруға мүмкіндік беретін, негізгі институттарының бірі болып табылады. Адам бүкіл өмірінің барысында әрқилы көптеген топтардың құрамына мүшелік еткенімен, тек отбасы ғана ешқашан ажырамайтын топ болып қала береді. Отбасы әлеуметтік ұйымдасудың ең кеңінен таралған түрі болып табылады. Отбасы ХІХ ғасырдың бірінші жартысынан бастап, швед тарихшысы Иоганн Якоб Баховеннің «Аналық құқық» атты еңбегінің жарық көрумен байланысты ғылыми тұрғыда қарастырыла бастайды. Баховен отбасының тарихы жөніндегі тарихи бастау ретінде ілкі заманның классикалық әдебиеттерін талдай келе, алғашқылардың бірі болып, көне дәуір аңыздарының әйел мен еркектің қоғамдағы өзара қатынастарындағы тарихи өзгерістерді сипаттайтынын көрген. Маңызы жоғары әлеуметтік институттарды сөз еткенді біз олардың қатарынан бірінші жоспарда отбасын атаймыз.

Ер адам және әйел отбасының амандығы үшін күш аямау керек. Бірінші орында олар туған ошағына құштарлықты тәрбиелеу керек. Өкінішке орай біздің қоғамымызда, әсіресе ер адамдар арасында осы сезім нашар дамыған. Көбі үйленгеннен соң да бойдақ өмір заңымен өмір сүреді, өзінің тәртіптемесіне ешқандай өзгерістер еңгізбейді. Жарының барын тек қана кейбір міселелерде ғана сезінеді, оның жақын досы екенің түсінбейді. Демалу, саяхат жасау тілегі туындағанда, олар оны жолддастарымен және достарымен жүзеге асыруға ұмтылады, отбасымен бірге демалу туралы ойға да алмайды.

 

Әйел отбасының бақыты үшін ер адам қалай жауапты болса, олда солай жауапты. Ол жарына ең жақын дос болуға үйрену керек, ең күрделі мәселе туындағанда оны түсінуі керек. Әр жетістікті ер адамның арқасында еңбек сүйгіш және қамқор әйел тұрғаның түсіну керек. Жарының көмегі арқылы ер адам ең күрделі мәселелерді шешуге қабілетті. Отбасылық өзара түсінушілікті сақтаңыздар және бағалаңыздар, тек берік, сау климатты және түсінушілікпен және махаббатпен құрылған отбасында, әрдайым бақытты балалар – біздің ұлтымыздың болашағы өседі!

Оғамдағы махаббат?» бағыты бойынша сабақтардың негізгі тақырыптарын анықтаңыз. Өзіңіздің түсінігіңізге толық дәлелді жауап беріңіз.

Махаббат – шексіз, тылсым күш, құштар сезім. Жалпы махаббат ұғымын сөзбен жеткізу мүмкін емес. Ең алғаш құдай Адам атаны жаратқан кезде, Адам ата жалғыздықтан жүрегі тарылғанда Хауа ананы құдайдан сұрағаннан бастап, адамзат баласы махаббат күшін жүрегімен бірге сезініп келе жатыр.

Махаббат, мейірімділік – өте құдіретті асыл сезім. Осы сезім арқасында адамдар бір-бірін сыйлай, құрметтей, түсіне, кешіре алады және де бағалай біледі. Ерекше сезім болғандықтан, әрине ол жүректен шығады.

Жүрек арқылы адамдарға қуаныш, жақсы көңіл-күй, жылулық, мейірімділік, ізгілік сыйлайсың.

 

Қоғам — объективтік әлеуметтік заңдар негізінде дамитын ашық материалдық жүйе, адамдардың тіршілік ету формасы, әлеуметтік ұйымдасу тәсілі.Барлық әлеуметтік процестердің күрделі жүйесі болып табылатын қоғамдық өмірді көптеген қоғамдық ғылымдар зерттеу объектісіне айналдырып отыр. Философия деңгейінде қоғамдық өмірді зерттейтің ілімді әлеуметтік философия дейміз. Әлеуметтік философия қоғамды біртұтас әлеуметтік жүйе ретінде, оның қызмет етуімен дамуының жалпы заңдары мен қозғаушы күштерін және табиғи ортамен, бүкіл тұтас әлеммен өзара байланысын зерттейді. Адамның өмір сүруіне қажетті жағдайды жасау, оны үнемі жандандырып отыруға негізделген адамдардың бірлескен қызметі әлеуметтік жүйенің негізі болып табылады.Қоғамдық әмір әлеуметтік материя ретінде материалдық дүниенің ең жоғарғы қозғалыс формасы болып табылады. Қоғам табиғат эволюциясы негізінде пайда болып, өзінің алғашқы даму кезеңдерінен бастап ерекше үйымдасқан жүйе ретінде сипатталады. Ол, материалдық және рухани өндірістен, қоғамдық қатынастардың әр түрлі формаларынан, базис пен қондырмадан, әлеуметтік құрылымнан, саяси институттардан және т. б. тұрады.Тағы да қоғам ақпаратты таратудың ерекше механизмімен сипатталады. Қоғамның құрамында материалдық процестермен бірге рухани процестердің, сананың болуы оның табиғаттан басты айырмашылығы болып табылады.Қоғамды құрылымдық ұйымдасуы жағынан сипаттау оның тек элементтік негізін ашу емес, сонымен бірге, әр бір элементтің оның қызмет етуімен дамуында алатын орны мен атқаратың рөлін анықтау болып табылады. Қоғамның негізгі өмір сүру аясына материалдық-өндірістік, әлеуметтік, саяси және рухани ая жатады. Қоғам үнемі даму үстінде болатын жүйе. Өзінің дамуында, қоғам бірнеше кезеңдерді басынан кешірді. Мұндай кезеңдерді әлеуметтік ғылым әлеуметтік-мәдени өркениеттілік өлшемдер арқылы белгілейді. Өркениеттілік процестің әрбір жаңа кезеңі жоғары технологияларды игергенімен, әлеуметтік құрылымның күрделенуімен, табиғатпен байланыстын кең өріс алуымен, ұжымдық қоғамдық қызметтің жаңа формаларымен ерекшеленеді. Бірақ, қоғамдық қатынастардың сипаты, адам факторының руханилық деңгейі мен әлеуметтік құрылымдардың демократтылығы қоғам дамуының басты көрсеткіші болып табылады. Осы замаңғы қоғамның ерекше белгілеріне материалдық және рухани өндірістің ғаламдық деңгейде жүруі, бүкіл қоғамдық қатынастар жүйесін ақпараттық-технологиялық негізде жандандыру, өмір сүрудің демократиялық формаларын бекіту, өмірдің басқа жақтарына қарағанда ғылыммен рухани мәдениеттің жылдам дамуы жатады.

Қоғамды әлеуметтік жүйе ретінде қарастыру О. Конт пен Г. Спенсердің әлеуметтік философиясына тән. Бұл тұралы белгілі бір көзқарастарды М. Вебердің, П. Сорокиннің, Т. Парсонсонның және А. Тойнбидің ілімдерінен көруге болады. К. Маркс өзінің қоғамдық- экономикалық формациалар туралы ілімінде жүйе ретіндегі қоғамға келесі түсінік берді. Бұл ілімнің жақтаушылары мен қарсыластары бар. Маркс пен Энгельстің еңбектеріне сүйене отырып, қоғамдық-экономикалық формацианы оған тән өндіріс тәсілі, әлеуметтік құрылымы, саяси жүйесі мен рухани өмірі бар өзінің дамуының белгілі бір тарихи сатысында тұрған қоғам ретінде қарастырамыз.

31«Бастысы танылу емес, болу» пікірін талдаңыз. Нағыз көшбасшылардың өмірінен мысал келтіріңіз.

Көшбасшылық - бұл адамдарды жинап алға қойылған мақсатқа бағыттау. Көшбасшы мен Басшы мағынасы бір емес. Басшы – бұл жұмысты беруші және сол жұмыстарға жауап беруші. Жақсы басшы орындалған жұмсысты реттеп қабылдап отырады. Ал, Көшбасшы адамдарды жандандырады, мақсатқа жетуде болашақты көр қасиеті арқылы адамдарды ортақ мақсатқа бағыттайды.

Сіздің көшбасшылық қасиеттеріңіз төмендегілерге тәуелді:

· Сіздің мінезіңіздің сипаттамалары, туа біткен, жүре біткен

· Өмірдегі жағдайлар, өзіңізді көрсететін жерлер

· Сіздің ішкі жан дүниеңіз және зейініңіз адамдарға әсер етеді

Көшбасшылық адамның мінезі негізінде құралады. Көшбасшы болу үшін сізге өзіңіздің дамуыңызға, жұмыстағы құлшысыңызға көп көңіл бөлу керек.

Көшбасшылық – бұл талант. Оны дамытпасаң ол өшеді. Әдетте шын көшбасшы болып адам 30-35 жаста өмірілік тәжірибе жинағанда болады.

Адамдарды басқару бойынша адамдар екі типке бөлінеді:

· «ойыншылар»

· «ашықтар»

«Ойыншылар» сыртқа жақсы әсер қалдырады, бірақ еш одан пайда жоқ. Олардың өз көзқарастары мен пікірлері жоқ және олар оны пайдаға орай тез өзгертіп отырады. Олардың өз пайдаларын ойлауы арқасында осы жақсы әсердің арқасында өзгелерге шығын жатқанын жасырып қалады. Бұл өз рөлдерімен маскаларын әрқашанда өзгертіп отыратын «ойыншылар» деп аталады. «Ойыншылар» карьера қуған және ешкімге дер бермейтін, өз мақсатын ған көздеген адамдар.

«Ашықтар» бұл ұжым көзқарасымен әрекет ететін көшбасшылар. Олар «ойыншылардың» толықтай қарама-қарсы түрі. Бұл адамдар нағыз көшбасшылар болып есептеледі және бұл адамдар ұжыммен шын қарым-қатынас құрады. «Ашықтар» қоршаған ортаның үлкен беделіне ие болады. Мұндай адамдар «Ойыншыларға» қарағанда аздау болады.

1960 жылы Днепродзержинск техникалық училищесін, 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орынын, 1976 жылы Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін бітірген.

Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.

· 1960—69 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.

· 1969—73 жж. — Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.

· 1973—77 жж. — Қарметкомбинаттың партком хатшысы.

· 1977—79 жж. — Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-ші хатшысы.

· 1979—84 жж. — Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.

· 1984—89 жж. — Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.

· 1989—91 жж. — Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы,

· 1990 ж. ақпан—сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды.

· 1990 ж. сәуірінен — Қазақ КСР президенті.

· 1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,78 %) жеңіске жетті.

· 1995 ж. сәуірдің 29-ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы ПрезидентіН.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін ұзартылды.

· 1999 ж. қаңтардың 10-ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79,78 % дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.

· 2005 ж. желтоқсанның 4-інде сайлаушылардың 91,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.[1]

· 2011 ж. сәуірдің 3-інде сайлаушылардың 95,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.[2]

· 2015 ж. сәуірдің 26-ында сайлаушылардың 97,7 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.

 

32«Адамзаттың бірлігі» бағыты бойынша сабақтардың негізгі тақырыптарын анықтаңыз. Өзіңіздің түсінігіңізге толық дәлелді жауап беріңіз. Халық айтса, қалып айтпайды» дегендей, дана халқымыз бүкіл тіршіліктің, адамзат жаратылысының бүкіл мәнісін «Бірлік түбі – тірлік» деген екі ауыз сөзбен түйіндеген екен. Ауызбірліксіз ешкімнің де, ешбір елдің де ешқашан асығы алшысынан түспеген. Қазақтың тағы бір қасиеті, ешкімнің ала жібін аттамауға, көрші-көлем, ағайын-жұртпен, алыс-
жақынмен тату-тәтті, сыйлас болуға үгіттеген. Адам баласы әу баста жер бетіне жаралғаннан-ақ қауымдасып күн кешу арқылы сыртқы табиғи күштер мен жыртқыш хайуанаттардың, нешебір аждаһалардың тажалына төтеп бере білді. Бірлесе еңбек ете жүріп бой түзеп, табиғатпен етене, оны игілігіне игеріп, жаратып, адамзат қауымы, тайпа, ұлт, ел
болып қалыптасты. Сөйтіп, тек бірлескен күш-қайрат ғана қай қиын-дықты да жеңе білуге, қандайма алынбас қамалды да алуға болатынын, ішкі ынтымақтың ырыс-несібе-ырзық әкелетінін, дербес елдіктің шаңырағын тіктейтінін бағзыдан бағамдады. Күрес – өмір заңы болса,
ал бірлескен күш-жігер, тонның ішкі бауындай жымдасқан бірлік пен өзара
ілтипат, бауырмалдық пен достық сынды киелі ұғым-сезімдер ерлікке де,
жеңіске де, сән-салтанатқа, арысы мәңгілікке
бастайтынына ұлы уақыт төреші.

Начало формы

Конец формы

Начало формы

Конец формы

 

 

33«Ынтымақты отбасы» бөліміндегі сабақтарды талдаңыз. Бұл бөлімді ашатын негізгі бағдарларға сипаттама беріңіз. Отбасын құрудың басты мүддесі, шаңырақ құрудың жауапкершілігі, ата-ананың ұрпақ алдындағы, ұрпақтың ата алдындағы міндеттері мен парыздары. Өз жауапкершілігің, өзіңді өзіңнің бағалауың, өзіңе сенімділігің, өзіңнің түрлі жпғдаяттарда жол табуың, өмірдің түрлі қиындықтарына төзіп, өз жауапкершілігіңді жігерлі ұстауың, өз «Меніңнің» мықтылығын танытуың туралы. Семинар-Жарасымды өмір салтанатының бірі- үйлену, бала сүю. -Отбасы-шағын мемлекет-пікір алысу. «Үйлену оңай, үй болу қиын» мақалының сыры неде? -М.Шахановтың «Жас жұбайлар» әнін тыңдап, пікір айту. -Жанұя алдындағы жауапкершілікті білесің бе- пікірлесу. Отбасы алдындағы міндеттер мен парыздар туралы пікірлесу. -ҚР «Мемлекет және Отбасы» заңы туралы пікірлесу. -Өзіңді өзің тануың мықты болса, өмір өткелдерінде сенімің күшті болып,азамат ретінде өзіңді көрсете аласың.танысу, жолығу, үйренісу, жарасымды жұбай болып қалыптасу-өзіңді өзің танудан басталды.Сондықтан әуелі Өзіңді өзің таны!

 

34Жалпыадамзаттық құндылықтар «Дұрыс әрекет» негізінде мақсаты мен міндеті тұжырымдалатын сабақ жоспарына талдау жасаңыз. Адам дұрыс жолды таңдай білуі қажет:

1. Дұрыс жол — ақиқатты дұрыс түсіну.

2.Дұрыс шешім—ақиқатқа сәйкес өз өмірін өзгертуге бағытталған ерік-жігер.

3. Дұрыс сөз — өтірік айтпау, біреуді босқа жамандамау, балағат сөз айтпау,

4. Дұрыс іс-әрекет— ешқаңдай тіршілік иесіне жамандық жасамау, ұрлық-қарлықтан қашық болу.

5. Дұрыс тұрмыс қалпы — адал еңбек етуді әдетке айналдыру.

6. Дұрыс күш жұмсау — құмарлықпен, жаман оймен күресу

7. Дұрыс ой бағыты— дүниенің жалған, уақытша екенін түсіну.

8.Дұрыс жинақтала білу — өз денеңді сезінуден, ойлаудан, түйсінуден арылу.

ДҰРЫС ӘРЕКЕТКЕ ТӘН ҚАСИЕТТЕР

— Әдет-өзінің шынайы болмысын түсінуге негізделген. Дұрыс әрекет адам өмірінің негізі болуы керек. Тіпті күн сайын, апта сайын бірнеше рет жасалатын шағын істердің өзі әдептен орнығады.

— Қанағат-Тілек-қалау адамды әрекет етуге итермелейді және оның өмірдегі амал-әрекетіне себепші болады. Тек тілек-қалауын тыйғанда ғана адам еркіндікке қол жеткізеді.

— Ынтымақтастық-Жастары, әлеуметтік және экономикалық жағдайлары әр түрлі адамдармен бірге өмір сүруге үйрену үшін оқушылар мектепте тәртіпке, өзара сыйластыққа, ынтымақтастыққа үйренеді.

— Тәртіп-Адам іс-әрекетіндегі жетістігінің негізі. Бұл қасиет баланың бойына сәби кезінен бастап даруы керек.

— Парыз бен ризашылық-Әр адамның өз отбасы, өзі өмір сүретін қоғамы мен елі алдындағы парыздары мен міндеттері бар.

— Дұрыс ой-Адамның Дұрыс әрекетке бастайтын таза және асқақ ойы болуы керек.

— Дұрыс сөз-Тіл-бұл шынайы тәрбиеліктің көрсеткіші. Айқайлап, сауатсыз сөйлеу, ашу мен ызаға толы сөз- адам денсаулығына кері әсер етеді.

Дұрыс әрекет - жүректен шығып,сосын сөз ретінде бейнеленетін және іс жүзінде қолданылатын құндылық.

Ақиқаттан туындағанның бәрі – дұрыс әрекет.

От парызы-жану. Онсыз жай ғана көмір. Қант парызы-оның тәттілігі. Тәттілігі болмаса жау ғана сусымалы зат.

Егер біз ар ұятымызға сүйсінбесек онда дұрыс әрекет болмайды.

Мұғалімнің дұрыс әрекеті: Біз үшін жүрек тазалығы маңызды. Ең бастысы басқаларды қалай оқытсақ, соған өзіміз лайықты болуымыз керек.

Дұрыс әрекеттің басты қағидаты

— Бол (әуелі өзің ақниет бол)

— Істе (ақниет болып қоймай,оны іс-жүзінде көрсете білу)

— Сөйле (дұрыс сөзбен айту)

Ойлары, сөздері және істері бір жерден шығу керек. Осындай адамның ойлары таза болады. Олардың қайнар көзі ашумен, арамдықпен, көре алмаушылықпен, өзімшілдікпен ластанбаған. Ол ойлаған ойын ашық айтып, ойлағандай әрекет етеді. Оның мінез- құлқында жалғандық болмайды.

Біздің өмірімізде осындай шыншыл, жүрегі таза, қадірлі адам кездессе біз оған сенім артуымыз керек.

Ойлары, сөздері мен ісі арасында үйлесімдігі бар адамға біз сенеміз..

Бүгінгі таңда ақылды адамдардың саны артып барады, бірақ данышпан адамдар аз. Қоғам осындай адамдарды қажет етеді, сол себепті ақылды адамдар рухани-адамгершілік жаңаруға қарай ұмтылу керек.

Егер адам белгілі бір өлшемдер бойынша ақылды, білімді, қуатты болып саналса, бірақ оның ойлары эгоистік бағытта болып, маңсапқа ұмтылу мақсатын көздесе, онда ол әр кезде бір нәрсені ойлап, басқаша сөйлеп жүреді, ал ісі ойымен және сөзіне сәйкес келмей, бір жерден шықпайды. Сонымен бірге, эгоистік ұмтылыстар мен арам ойлар жұмыста көреалмаушылық, сенімсіздік, көңіл толмаушылық, эмоциялық және психологиялық тітіркену ахуалын тудырады. Бұл кез келген іс-әрекетті күрделендіріп, қиындатып жібереді.

Сөйлеу – түсінікті және қарапайым, жүректен шыққан сөздерді айту, жұмсақ және жылулықпен, шынайылықпен сөйлеу және мүмкіндігінше көп сөйлемеу. Көп сөйлетін басшы шаршатады, тыңдаушылардың күш-қуатын әлсіретеді және өзінің, өзгелердің алтын уақыттарын бостан босқа кетіреді.

Іс бойынша сөйле.

Бір адам Аристотельге ұзақ, іш пыстырарлық әңгімесін айтып қоймайды. Соңында ол үндемей отырған философтан:

-Мен сізді шаршатқан жоқпын ба?- деп сұрады.

Ол болса:

-Жоқ, мен тыңдаған жоқпын,-деп жауап береді.

Айтуды үйренбей тұрып, тыңдауды үйрен.

Бір күні Аристотельге тәрбиелеуге өте сөзуар жас жігітті әкеледі. Көп әңгімеден кейін жігіт ұстазынан қанша ақша алатынын сұрады.

-Сенен екі есе көп-дейді философ.

-Неге?-деп таң қалады анау.

-Себебі сенімен екі есе жұмыс жасауға тура келеді: әуелі сөйлер алдында, саған үндемеуді үйретуім керек-дейді философ.

 

 

35 «Ғасыр даналығы» бөлімінің тақырыптарын талдаңыз және әрбір сабақтың мазмұнын ашыңыз. Отырар (Фараб) ойшылдарының ең атақтысы, топ жарғаны — «Шығыстың Аристотелі» атанған ұлы ғұлама Әбунасыр әл-Фараби. Оның толық аты-жөні — Әбунасыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан әл-Фараби. Түркі оқымыстылары Әбунасыр ныспысының соңына кейде «әт-түрки» деген сөзді қосып, оның түркі текті екенін шегелей түседі.
Араб, парсы шежірелерінің деректеріне қарағанда, әл-Фараби 870 жылы Арыс өзенінің Сырға құяр тұсындағы Фараб (Отырар) қаласында, отырарлық әскербасының отбасында дүниеге келген.
Әл-Фараби алғашқы білімді Отырар медреселерінің бірінде алған. Өйткені көне дәуірден қалған бір деректерге қарағанда, «Мәуереннахрда балаларды түрлі қолөнері мен ғылымға үйрету, баулу, оқыту, олардың бес жасар кезінен басталатын болған».
Ол кезде мұсылман дүниесінің рухани орталығы Месопотамия болғандықтан, жас Әбунасырды ата-анасы Таяу және Орта Шығыс елдеріне сапарға дайындайды. Бірақ Әбунасыр Бағдатқа бармастан, жолай Шаш пен Самарқан, Бұхара шаһарларында білімін толықтырады. Әбудің мұнда қанша болғаны жайлы араб шежірешілері ештеңе айтпайды. Кейін ол Иран еліндегі Мешһед, Нишапур, Рей, Исфаһан қалаларына келеді, халқының мәдениетімен танысады. Содан соң әрі қарай Бағдатқа аттанады.
Әл-Фараби логика, әуез (музыка), астрономия және басқа ғылымдар бойынша көптеген еңбектер жазған. Ибн Хаукаль өз еңбегінде әл-Фараби жайлы: «Ол — аса ірі мұсылман философтарының бірі. Олардың ешқайсысы да оның деңгейіне жеткен жоқ. Әбу әли ибн Сина да (980—1037 жылдары) өзінің шығармаларын жазу үстінде оның еңбектерін пайдаланғанын, сол арқылы мәшһүрлікке қолы жеткенін еске алады», — деген.
Әл-Фараби өздігінен оқып-жетілген ғалым. Ол, ең алдымен, грек ғылымын, оның философиясын, әсіресе ұлы ұстазы Аристотельдің еңбектерін қызығып оқыған. Ибн Халиканның айтуына қарағанда, Әбунасыр Аристотельдің «Meтoфизикacын» қырық, «Жан туралы» еңбегін жүз, ал «Риторикасын» екі жүз рет оқып шығыпты. Осындай ыждаһаттылығының арқасында ғана ол Аристотельдің ғылыми мұрасын еркін игерген.
Әл-Фараби педагогика, психология, эстетика мен акустика, астрономия мәселелерін де терең зерттеп, мәдениет пен ғылымға жемісті үлес қосқан. Сондай-ақ ол парасаттылық пен ағартушылықты жақтаған үлкен гуманист. Әбунасыр — халықтарды бейбіт өмір сүруге, достыққа шақыра отырып, адам баласының білім мен парасатты ойын терең бағалаған кемеңгер. Әбунасыр метофизика, тіл білімі, логика, география, этика, т.б. ғылым салаларын қамтитын жүз елуге тарта трактаттар жазып қалдырыпты.
Жүсіп Баласағүни (1015—1075 жылдары)
XI ғасырдағы аса көрнекті ғалымдардың бірі. Толық аты — Жүсіп Хас Хажиб Баласағүни. Ғалым өзінің атақты дастаны «Құтадғу білік» (Құтты білік) еңбегімен белгілі. Ғалым еңбегінде түркі тілдес халықтардың тарихы мен қоғамдық-саяси өмірі, Әдет-ғұрпы, наным-сенімдері туралы мағлұматтар береді. Жүсіп Баласағүни ғылымның табиғаттану, математика, астрономия, тарих, араб, парсы тілі білімі сияқты салаларымен де айналысқан.
Жүсіп Баласағүни, аты-жөніне қарағанда, Қарахандар мемлекетінің көрнекті қаласы және астанасы болған Баласағұн қаласында дүниеге келген. Атақты дастанын Баласағұн қаласында бастап, Қарахандар мемлекетінің шығыс бөлігінің астанасы Қашқарда аяқтаған.
Бұл кез Қарахандар мемлекетінің саяси жағынан бытыраңқылыққа ұшырап, екіге бөлінген кезі. Ақын өзінің атақты дастанын Боғра ханға сыйға тартқан. Бұған риза болған хан Жүсіпті сарайдағы уәзірлердің үстінен қарайтын үлкен қызметке сайлаған. ХасХажиб деген үлкен атақ немесе басуәзір деген сөз оның атына осыдан қосылса керек.
Жүсіптің басты көңіл бөлген мәселесі — мемлекеттің саяси-қоғамдық және мәдени мәселелері болған. Ол өзінің еңбегінде: «Арабша, тәжікше кітаптар көп, ал бұл — біздің тіліміздегі тұңғыш даналық жинағы», — деп, түркі тіліндегі кітаптардың жоқтығын айтады.
Бұл кітап ел арасында тез тарап, авторы тірі кезінде-ақ абыройлы атаққа ие болған. «Құтадғу білік» орта ғасырлар ескерткіштерінің ең көлемдісі және көркемдігі жағынан зерттеушілерін таң қалдырған әдеби-көркем туынды. Орталық Азия мен Қазақстан жерін мекендеген түркілер мәдениетінің жарық жұлдызы деп атарлық әдеби мұра.
Махмұд Қашқари
Махмұд Қашқари — түркі халқының XI ғасырда өмір сүрген аса дарынды перзенттерінің бірі. Ол Жүсіптің замандасы. Бүгінге дейін ғалымның туған жылы белгісіз, ғалымдар оның атақты шығармасы «Диуани лұғат ат-түрік» («Түркі сөздерінің жинағы») 1072 немесе 1078 жылдары жазылған деп шамалап жүр.
Махмұд Талас-Шу алқабындағы Барысхан каласында туған. Бірақ неге екені белгісіз, өте жас кезінен туған мекенінен шығандап шығып, түркілер уәлаятын (қазіргі қазақ сахарасын) аралап кетеді. Махмұд өз шығармасына материал жинау кезінде түркі әлемін көп аралаған, көргені мен көңілге түйгендерін қағазға түсіре берген.
Кейіннен ол бір кездегі әдеби, мәдени, рухани орталық болған Бағдатқа барады. Бұл кез Бағдатты түркілердің селжұқ тайпасы басып алған, түркі тілінің дәуірлеп тұрған тұсы еді. Сондықтан да Махмұд түркілердің этнографиясы, ауыз әдебиетінің хрестоматиясы іспетті





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1299 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Если вы думаете, что на что-то способны, вы правы; если думаете, что у вас ничего не получится - вы тоже правы. © Генри Форд
==> читать все изречения...

738 - | 762 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.014 с.