Лекции.Орг


Поиск:




Энергетикадағы энергия үнемдеудің негізгі бағыттары




Энергияны үнемдеу отын-энергетикалық ресурстарды тиімді (ұтымды) пайдалануға (және үнемді жұмсауға) бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық, ғылыми, өндірістік, техникалық және экономикалық шараларды жүзеге асыру және шаруашылық айналымға энергияның жаңаратын көздерін тарту (анықтау көздері (аздаған өзгерістермен). Энергияны үнемдеу табиғи ресурстардың сақтау бойынша маңызды міндет.

Қазіргі кезде тұрмыстық энергияны үнемдеу (ТЭҮ), сондай-ақ, ТЭҮ саласындағы энергияны үнемдеу маңызды мәселе болып табылады. Оны жүзеге асыруға кедергі келтіретіндер: ресурстардың жекелеген түрлеріне (электроэнергия, газ) тұрғындар үшін тарифтердің өсуін тежеу, ТЭҮ кәсіпорындарында энергияны үнемдейтын бағдарламаны жүзеге асыру қаржысының жоқтығы, сондай-ақ энергияны үнемдейтін бұқаралық тұрмыстық мәдениетінің болмауы [16,17,37].

Сондай-ақ, АӨК энергияны үнемдеуді қамтамасыз ету де өзекті болып табылады.

Энергияны үнемдеу шараларынан келетін тиімділікті бірнеше топқа бөлуге болады:

тұтынушылардың алатын экономикалық тиімділіктері (алатын энергоресурстардың құнын төмендету);

бәсекелестік қабілетін арттыру тиімділігі (өндірілетін өнімнің бірлігіне энергоресурстарды тұтынуды төмендету, соны пайдаланған кездегі өндірілетін өнімнің энерготиімділігі);

электрлік, жылу, газ желілері үшін тиімділіктер (үлкен жүктемелерді азайту, желіні кеңейтуге жұмсалатын инвестицияларды минималдау);

экологиялық тиімділіктер;

байланысқан тиімділіктер (энергияны үнемдеу мәселесіне назар аудару жүйенің жалпы тиімділігі мәселесіне баса назар аудартуға әкеп соғады технологиялар, ұйымдастыру, өндірістегі логистика, өзара қарым-қатынас жүйелері, төлемдер мен ТЭҮ жауапкершілік, азаматтардың үй бюджетіне көзқарасы).

Өткізілген зерттеулер нәтижесінде, тұтынатын энергия мөлшерін үнемдеу есебінен ғана 40% қысқартуға болатыны анықталды, яғни Қазақстанда тұтынылатын энергияның жартысы дерлік «далаға» кетіп жатыр. Біздің еліміздегі энергияны үнемдеу әлеуетін масштабы бойынша экспортталатын барлық мұнай өнімдерінің көлемімен салыстыруға болады.

Энерготиімділіктің төмендігі, қондырғылардың ПӘК төмендігі, кемуі отын –энергетикалық кешеннің өзінде орын алып жатады, жабдықтардың тозуы себебінен - өнеркәсіпте, ТЭҮ секторына барлық шығынның үштен бірі келеді. Сондай-ақ, ТЭҮ энергия шығынының айтарлықтай көлемі тұтынушылардың энергияны елемеушілігі салдарынан орын алуда. Ғимараттардың терезелері мен есіктері арқылы 70% жылу шығыны орын алады. Сондай-ақ, жылу жылытылмаған терезелер арқылы да жойылады.

Адамның табиғатқа әсерін азайтудың айтарлықтай тәсілдерінің бірі энергияны пайдалану тиімділігін арттыру болып табылады. Шын мәнісінде, ең алдымен отынның қазып алынатын (мұнай, газ, көмір) көздеріне негізделген қазіргі энергетика, қоршаған ортаға айтарлықтай әсерін тигізеді. Энергоресурстарды өндіру, өңдеу және тасымалдаудан бастап, жылу және электр энергиясын алу үшін соларды жағумен аяқталатын әрекеттердің барлығы планетаның экологиялық балансына теріс әсерін тигізеді. Ақыр соңында, дәл сол "қазып алынатын" энергетика парникті газдар концентрациясының артуымен байланысты климат өзгеруінің бірден-бір себепшісі болып табылады. Яғни, экономиканың энерготиімділігін арттыру мәселесі қазір барлық елдер үшін аса өзекті тақырып болып отыр, тіпті табиғи ресурстарға бай Қазақстан үшін де [11,16,17,44].

Энергияны пайдалану тиімділігін арттырудағы негізгі рөл қазіргі заманғы энергияны үнемдеуші технологияларға тиесілі. XX ғасырдың 70-ші жылдарындағы энергетикалық дағдарыстан кейін олар Батыс Еуропа экономикасының дамуындағы басымдылыққа солар ие болды, ал нарықтық реформаның басталуынан кейін – біздің елімізді де қамтыды. Және оларды ендіру айқын көрінетін экологиялық пайдасымен қоса, нақты табыс та әкеледі энергетикалық шығындармен байланысты шығындарды азайтады.

Энергияны үнемдеу қазір өндіріс немесе сервис саласында жұмыс істейтін кезкелген саясаттық басым бағыттарының бірі болып отыр. Мамандардың деректері бойынша, Ресейдегі өнімнің өзіндік құнындағы энергия шығынының үлесі 30-40% жетеді екен, бұл батыс еуропалық елдердікіне қарағанда біршама жоғары. Мұндай жағдайдың негізгі себептерінің бірі ескірген энергияны шығын ететін технологиялар, жабдықтар мен приборлар болып табылады. Осындай шығындарды азайту бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыратыны айқын.

Еуропалық сарапшылардың деректері бойынша, өнеркәсіпте жыл сайын орташа қозғалтқыш тұтынатын электр энергиясының құны оның құнынан 5 есеге артып түседі екен. Осыған орай, электржетектерді қолданатын жабдықтарды оңтайландырудың қажеттілігі даусыз.

Энергияны үнемдеу режимі уақыттың бір төменгі жүктемемен жұмыс істейтін механизмдер үшін өзекті әсіресе конвейерлер, сорғылар, желдеткіштер және т.б. Электр энергиясы шығынын азайтумен қатар, электржетектерді қолданудан келетін экономикалық тиімділікке электротехникалық және механикалық жабдықтардың жұмыс ресурсын арттыру арқылы қол жеткізіледі, бұл қосымша артықшылық болып табылады. Осындай энергияны жинақтайтын электржетектер мен автоматтандыру құралдарын өнеркәсіптік кәсіпорындардың көбісінде және ТКШ саласында да енгізуге болады: лифтер мен желдеткіш қондырғылардан бастап.

Электр энергиясын ұтымды пайдаланудың басқа да жолдары бар және тек қана өндірісте емес, тұрмыста да. Энергияны үнемдеу эффектісі жарық қажет кезде автоматты түрде қосылуына негізделген. Күндіз, жарық деңгейі жоғары болатын кезде, жарық сөніп тұрады.

Сөйтіп, энергияны жинақтайтын технологиялар бірнеше міндеттерді бірден шешуге: энергоресурстардың айтарлықтай бөлігін үнемдеуге, отандық ТЭҮ қиындықтарын шешуге, өндіріс тиімділігін арттыруға және осы мақаламызды бастағандай, қоршаған ортаға түсетін салмақты азайтуға мүмкіндік береді. Сондықтан, оларды кең көлемде енгізу бұл уақыттың еншісіндегі ғана дүние емес: табиғатпен есеп айырысуымызға тура келетін сәт жетті.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-24; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1235 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Своим успехом я обязана тому, что никогда не оправдывалась и не принимала оправданий от других. © Флоренс Найтингейл
==> читать все изречения...

864 - | 775 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.