Лекции.Орг


Поиск:




Оқан мен Хиуа феодалдарына қарсы күрес




Жанқожа Нұрмұхамедұлы өзінің бүкіл өмірін Арал маңы қазақтарының тәуелсіздігі жолындағы күреске арнады. Жанқожа Кішкене шекті руының басшысы еді. Рулас туыстары оны жеке басының батылдығы, ерлігі және қаһармандығы үшін құрмет тұтты. Оның дүлей қара күші де, ат құлағында ойнайтын шебер шабандоздығы да бар еді. Сыр бойының қазақтары оны ақылды әрі әділетті би ретінде таныды. Батырдың өзгелерден бір ерекшелігі ол дінге берілген иманды кісі еді. Белгілі ғалым әрі қоғам қайраткері М. Тынышбаев ол туралы былай деп жазды: «Барлық үш жүзге ортақ батыр әрі би, қазақтардың бостандығы жолындағы атақты күрескер Жанқожа батыр орыстарды да, хиуалықтарды да, қоқандықтарды да мойындамады».

Атап айтқанда, батыр хиуалықтарға бағынбады. Көп шайқастардың бірінде ол өзінің соңына түсіп, қуып келе жатқан хиуа жасақтарын жалғыз өзі тас-талқан етіп жеңіп шығады. Сол жолы өзі де 8 жерінен жаралы болады. Осы бір жүрек жұтқан ерлігі үшін халық оны қадір тұтып, сый-құрметке бөледі. 1835 жылы ол Хиуаның Бабажан бекінісін шауып алды. Жанқожа қол астындағы адамдарға әділ басшылық етті, оларға қатаң талаптар қоя білді. Парақорлар мен ұрыларды өлім жазасына кесті. Ол қарапайым дене еңбегінен ешқашан бас тартып көрген емес. Жанқожа батыр егін даласында, тоған құрылысында, арық-атыз, канал қазуда да өз руластарымен бірге аянбай еңбек етті. Оның атақ-даңқы бүкіл қазақ даласына жайылды. Жанқожа Кенесары Қасымұлымен туыстық қарым-қатынас орнатты. Хан оның қызына үйленді. Атақты батыр XIX ғасырдың бірінші жартысында Хиуаның қатаң тепкісіне қарсы күрескен хан Арынғазы Әбілғазыұлының ісін жалғастырып, алға алып барушы болды.

1836 жылы Жанқожа жауынгерлерімен бірге Хиуа әскерлеріне қарсы күреске шығып, олардың ірі бекініс-қамалы Бесқаланы тас-талқан етіп қиратты. 1843 жылы Жанқожаның жасағы Хиуаның Қуаңдариядағы бекінісінің де тас-талқанын шығарды, ал 1845 жылы Хиуаның құрамында екі мың сарбазы бар ірі жасағын ойсырата жеңді.

Жанқожа Қоқан хандығының Сырдарияның төменгі ағысы бойындағы Жаңақорған, Күмісқорған, Шымқорған және Қосқорған сияқты әскери бекіністеріне де шабуыл жасады. Ол Кенесары Қасымұлының әскери жасақтарымен белсенді байланыс жасап тұрды. 1845 жылы Жанқожа батыр Кенесары ханның өтініші бойынша Созақ әскери бекінісін басып алуға қатысты.

1847 жылы көтерілісшілер Сырдарияның сол жақ бетіне өтіп, Хиуаның және бір бекінісін — Жаңақаланы басып алып қиратты. Батыр мен оның жақын серіктері хиуалықтар бұрын қазақтардан тартып алып кеткен 3 мың түйені, 500 жылқыны, 2 мың мүйізді ірі қараны және 52 мың қойды қайтарып алды.

Кейінірек Жанқожа батырдың Қоқан хандығымен көп жылға созылған тартысты оқиғалары басталды. Қоқандықтар 1851 жылы қазақтардың көп малын күшпен айдап алып кетті. Жанқожа батыр Ақмешітке дейін жорық жасады, қоқандықтардың әскери жасағын талқандады, Қосқорған бекініс-қамалын басып алды. Жергілікті қазақтар Қоқан езгісінен азат етілді.

Батыр Хиуа мен Қоқанға қарсы күресіп жүрген кезде Орынбор жақтан Маңғыстауды басып өтіп, Сырдарияны бойлап, Ресей империясының әскери жасақтары ілгері жылжып келе жатты.

52)Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы. Ұлы жүздің Россияға қосылуы. Ұлы жүз Россия қоластына Кіші жүз бен Орта жүзден кейін өтті. Йткені XIX ғасырдың 20 жылдары Ұлы жүздің бір бөлігі Орта және Кіші жүздердің Оңтүстіқ аймақтары Хиуа және Қоқан хандықтардың иелегінде болды. Бұл өңірдегі халықтарды Хиуа, Қоқан, Бұхар хандықтары қыспаққа алуды көбейтті. Хиуа, Қоқан, Бұхар хандықтары Каспий теңізі жағалауларынан Жетісуға дейінгі жерлерге шабуылдап отырды. Әсіресе Хиуа ханы Мұхаммед–Рахымның 1812, 1816, 1820 жылдардағы шабуылдары жойқын болды. 1820 жылы Хиуа ханы 2000-ға жуық қазақ ауылын аяусыз қырып жойды.1821 жылы Орта Азия хандықтарына қарсы Тентектөре басқарған қазақ шаруаларының қозғалысы басталды. Көтерілісшілер саны 10 мыңнан асып, Түркістан, Шимкент, Әулисата, Сайран өңірін қамтыды. Көтерілістің халықтық сипатынан шошынған феодалдар опасыздықпен Қоқан жағына шығып көтеріліс қатыгездікпен жаншылды.Оңтүстік Қазақстан, Жетісу өңіріндегі халықтардың Россия мемлекетімен сауда экономикалық қатынастары барған сайын кеңейе түсті. Осындай себептердің бәрі Ұлы жүз халықтарының Россия империясына қосылуын тездетті. 1817 жылы сұлтан Сүйік Абылайханұлы басқарған 66 мың адамнан тұратын жалайыр руы Россия империясының құрамына қосылды 1825 жылы Ұлы жүз жерінде Россия империясының Алатау, Қапал, Лепсі сияқты әскери бекіністері салынды. 1825 жылы 50 мың халқы бар үйсін болысы Россия мемлекетінің құрамына қосылды. 1851 жылы 7 шілдеде подполковник Карбышев отряды Қоқан хандығының басты тірегі Таушубек бекінісін қантөгіссіз басып алады.1853 жылы – Ақмешіт қаласының Россияның қоластына қаратылуы орыс әскерлерінің Іле бойымен жылжуына жол ашты. Осы кезден бастан Ақмешіт бекінісі Перовск деп аталды. 1853 жылы 2 сәуірде Батыс Сібір генерал-губернаторы Гасфорттың тапсыруы бойынша Көксу және Іле аралығында Іле бекеті салынды.

1854 жылы көктемде пристав М.Д. Перемышельский отряды Алматы деген жерде Верный бекінісінің негізін қалады. Сол жылы Верный бекінісіне 470 солдат қоныс тепті, ал 1855 осы бекінісіне Сібірден 500-ге жуық отбасы қоныстанды. Верный бекінісің салынуы 1855 жылы қырғыздың Бұғы руының Россия билігін мойындауын тездетті. 1855 жылы Ұлы жүз приставы резиденциясы Қапалдан Верныйға ауыстырылды.

Қазақстанның Россияға қосылуының аяқталуы. Патша үкіметі Оңтүстіқ Қазақстан өңірінен Қоқан хандығын ығыстырып, өз бақылауына алу үшін әскери қимылдарын көбірек ұйымдастыра бастады.1859 жылы Ұлы жүзде тұрғызылған Қастек бекінісі Россияның тірегі саналып, Қоқан ханының шабуылдарына тосқауыл болды. Шу алқабынан полковник Циммерман тобы шабуылдап, 1860 жылы 26 тамызда Тоқмақты, 4 қырқүйекте Пішпекті алды. 1860 жылы 27 қазанда Ұзынағаш түбінде Алатау округінің билеушісі Г.А.Колпаковский басқарған орыс отряды қоқан әскерін жеңеді. Бұл шайқаста 400-ге жуық Қоқан сарбазы қаза табады, ал орыстар – 2 адамнан айрылды Сөйтіп, XIX ғасырдың 30 жылдарынан басталып, 1,5 ғасырға созылған қазақ елінің Россия құрамына қосылу процесі – Ұлы жүздің Россия империясының құрамына енуімен аяқталды. XIX ғасырдың 60 жылдарында қазақ жері түгелдей Россия отарына айналды.

53 ) Қазақстан­дағы XIX ғ. 60–90 жж. әкімшілік-са­яси ре­фор­ма­лар 1867–1868 жж.

1865 жы­лы үкімет Қазақ да­ласын басқару ту­ралы «Ере­женің» жо­басын да­яр­лау үшін Да­лалық ко­мис­сия құрды. Оның құра­мына Ішкі істер ми­нистрліктің және жергілікті ге­нерал-гу­бер­на­тор­лықтар­дың өкілдері кірді. Ре­сей Қазақстан­ды басқару­дың бұрынғы жүйесін түбірімен қай­та құру міндетін алға қой­ды. Ре­фор­ма­ны да­яр­лау кезінде қалың бұқара­ның көңіл күйі на­зарға алын­ба­ды. Ш. Уали­ханов Қазақстан­да ха­лықтың өзін-өзі басқару­ына негіздел­ген әкімшілік билік жүйесін енгізуді ұсын­ды. «Сот ре­фор­ма­сы жөніндегі жаз­ба­ларын­да» ол қазақ халқы үшін әле­уметтік-эко­номи­калық жаңашыл­дықтар­ды аса маңыз­ды деп есеп­теді.1867 жы­лы на­урыз­да Қазақ жерін, Ор­та Азия өлкесін әкімшілік басқару ре­фор­ма­сының жо­басын түпкілікті құрас­ты­ру үшін әске­ри ми­нистр Д. А. Ми­лютин бас­таған ерек­ше ко­митет құрыл­ды. Нәти­жесінде II Алек­сандр пат­ша 1867 жы­лы 11 шілде­де «Сыр­да­рия мен Жетісу об­лыста­рын басқару ту­ралы уақыт­ша Ере­жені», 1868 жылғы 21 қазан­да «Орын­бор және Ба­тыс Сібір ге­нерал-гу­бер­на­тор­лықта­рының Да­ла об­лыста­рын басқару ту­ралы уақыт­ша Ере­жені» бекітті.1867–1868 жыл­да­ры ре­фор­ма­ның негізгі мақса­ты «Қазақ да­ласы­ның XIX ғасыр­дағы Ре­сейдің басқа да бөліктерімен то­лық қосы­лу­ына қол жеткізу, Ре­сейдің қол ас­тындағы ха­лықтар­ды бір басқар­ма­ның ас­ты­на біріктіру, жергілікті ақсүйек­терді биліктен шет­те­ту, ру­лық бас­та­малар­ды әлсіре­ту» бол­ды. Ре­фор­ма­ның негізінде Қазақстан аумағы үш ге­нерал-гу­бер­на­тор­лыққа: Түркістан, Орын­бор және Ба­тыс Сібір, әрбір ге­нерал-гу­бер­на­тор­лық об­лыстарға бөлінді. Қазақстан­ның бүкіл аумағын­да 6 об­лыс құрыл­ды, олар­дың екеуі – Жетісу мен Сыр­да­рия об­лыста­ры Түркістан, Ақмо­ла және Се­мей об­лыста­ры Ба­тыс Сібір, ал Орын­бор мен Торғай об­лыста­ры Орын­бор ге­нерал– гу­бер­на­тор­лықта­рының құра­мына кірді. Әрбір об­лыс белгілі бір ша­мадағы уез­дерден тұрды.Әкімшілік басқар­ма әске­ри си­пат­та бол­ды. Об­лыстар­дың ба­сын­да бар­лық әске­ри және аза­мат­тық билікті то­лығымен өз қол­да­рын­да шоғыр­ландырған әске­ри гу­бер­на­тор­лар тұрды.1868 жылғы «Да­лалық об­лыстар­ды басқару» бойын­ша және 1867 жылғы Сыр­да­рия мен Жетісу об­лыста­рын басқару жөніндегі «Уақыт­ша Ере­же» бойын­ша бо­лыс­тық басқар­ма­ның қолы­на по­лици­ялық және нұсқау та­рату­шылық биліктер берілді. Ол «ты­ныш­тық пен тәртіпті» сақта­уды, са­лық төле­уді және ха­лықтың бар­лық міндет­керліктерін өтеуін бақыла­ды. Оның міндетіне би­лер со­тының шешімін орын­да­ту кірді. Ауыл стар­шында­ры өзінің құзы­рын­да бо­лыс­тық басқар­ма­лар­дың міндет­терін орын­да­ды.Ескі эко­номи­калық және иде­оло­ги­ялық жағынан тұтас, ту­ыс­тыққа негізде­ле біріккен әкімшілік-ру­лық ұжым­дардың ор­ны­на «Уақыт­ша Ере­жені» енгізудің нәти­жесінде жа­сан­ды бірліктер пай­да бол­ды. Осы­ның бәрі қоғам­дық билік жүйесінің дәстүрлі ба­засы­на әсер етті. Сон­дықтан тоқырауға ұшы­рады, оның маңызы, бе­делі және қажеттілігі төмен­деді.

1886–1891 жж. әкімшілік ре­фор­ма­лар.1886 жыл­дың 2-ма­усы­мын­дағы Түркістан өлкесін басқару ту­ралы ере­же. III Алек­сандр пат­ша­ның Түркістан өлкесін басқару ту­ралы 1886 жылғы 2 ма­усым­да қол қойған Жар­лығы кең-бай­тақ өлкені басқару­дың бүкіл құры­лымы­на ре­фор­ма жа­са­уды бас­тап берді. Жаңа ере­жеге сәй­кес Түркістан ге­нерал-гу­бер­на­тор­лығына үш об­лыс: Сыр­да­рия, Ферғана, Са­марқанд кіргізілді. Кейінірек­те, 1897 жы­лы, Жетісу об­лы­сы да жаңа ге­нерал-гу­бер­на­тор­лықтың құра­мына берілді. Об­лыстар­дың билігі әске­ри гу­бер­на­тор­ларға берілді. Ха­лық са­ны 800 230 адам, жер көлемі 353 430 шар­шы шақырым бо­латын, көршілес Жетісу об­лы­сы 6 уез­ден: Вер­ный, Қапал, Лепсі, Пішпек, Прже­валь­ский және Жар­кент уез­дерінен тұрды.1886 жылғы Ере­женің негізгі өзегі бүкіл жер қорын мем­ле­кеттің меншігіне бе­ру бол­ды, ол қазақтар­дың эко­номи­калық әл-ауқаты­ның негізгі ны­саны – мал ша­ру­ашы­лығына ора­сан нұқсан келтірді. Жерді мем­ле­кеттік меншік деп жа­ри­ялап, жергілікті ха­лықты жерін бей­мерзім жалға бе­рушілер деп қараған үкімет, соңғыла­рына «мал жаюға, то­пырақ және тас, бал­шық жи­науға» құқық бе­ре оты­рып (253-бап), но­мад­тардан құнар­лы алап­тардың алып қойылу­ын тез­детті, ол XX ғасыр­дың ба­сын­да сто­лыпиндік аг­рарлық ре­фор­ма­лар­дың жүргізілуімен аяқтал­ды. 1886 жылғы Ере­женің отар­шылдық бағыты са­лық жүйесінен де өз көрінісін тап­ты. Ол 1867 жылғы Уақыт­ша ере­женің бап­та­рын қай­та­лады; әр түрлі міндет­керліктердің көлемін көбей­тті. Мы­салы, шаңырақ алы­мы 4 сомға дейін көбейтілді. Сот құры­лымын­дағы өзгерістер Ере­жеде көрсетілген жаңалықтар­дың іске асы­рылу­ын заң тәртібімен қам­та­масыз ету­ге тиіс бол­ды және ол ры­нок­тық қаты­нас­тарға тар­тылған әле­уметтік жіктердің мүдде­лерін қорғауды көздеді. Негізгі үш сот инс­тан­ци­ясы – бітістіруші судья, об­лыстық сот және үкіметтік Се­нат отар­шылдық тәртіптер енді ғана ор­ныға бас­таған жағдай­лар­да қоғам­ның тіршілігін құқықтық жағынан қам­та­масыз етуді рет­те­ген бұрынғы заң ере­желерін жоққа шығар­ды

54)XIX ғ. бірінші жар­ты­сын­дағы Қазақстан мәде­ни­ет пен ғылым. Ма­тери­ал­дық мәде­ни­еттің маңыз­ды эле­мент­терінің бірі мал ша­ру­ашы­лығымен, егіншілікпен, үй кәсіпшілігімен және қолөнер­мен бай­ла­ныс­ты еңбек құрал­да­ры бо­лып та­была­ды. XIX ғасыр­дың ор­та шенінде шалғымен қоса темір айыр да кеңінен қол­да­ныла бас­та­ды. Ең көп та­ралған қару түрі үш метрлік «сойыл», одан соң «шоқпар» бол­ды. XIX ғасыр­дың ор­та шеніне дейін аң аулау кезінде са­дақ қол­да­ныл­ды.Көшпелі қазақтар­дың негізгі тұрғын үй­лері көші-қонға ыңғай­лы киіз үй­лер бо­латын. Қазақтың киіз үй­лері олар­дың үлкендігімен, яғни тігілген киіз үй­де қанат деп ата­латын ке­реге са­нымен анықта­латын. Қанат­тар са­ны 4 қанат­тан 12 қанатқа дейін және одан да көп бо­латын. Сыртқы түрі бойын­ша күмбез тәрізді және шо­шақ бо­лып ке­летін. Қысқы қыс­та­улар ор­на­ласқан өзен­дердің аңғар­лар мен тау шатқал­да­рына қазақтар­дың киіз үй­лері тұрақты үлгімен са­лына­тын. Бұлар жер бетіне киіз үй сияқты етіп тас­тан (шо­шала), қамыс­тан (доғара) тұрғызылған құры­лыс түрінде, тік бұрыш­ты жер­ке­пе және жертөле, жер бетіне тік бұрыш­ты етіп са­лынған шым үй және саз бал­шықтан дом­баздалған соқпа там бол­ды. Дәстүрлі ағаш жәшіктер – ке­беже­лердің, көрпе-төсек жи­науға ар­налған жүкаяқтар­дың және ескіден ке­ле жатқан төс-ағаш­тардың ор­ны­на, қазақтар­дың тұрмы­сын­да әй­нек­телген ыдыс қоятын шағын шкаф­тар, жақта­улы ағаш ке­ре­ует­тер, іші құлып­та­латын, көлемі әр түрлі сан­дықтар пай­да бол­ды.

Ұлттық киім. Қазақтар­дың ұлттық киімінде өздеріне тән эт­ногра­фи­ялық белгілер сақта­лып қал­ды. Киім-ке­шек үшін мал­дың жүні мен терісі негізгі ма­тери­ал­дар бол­ды. Киімнің едәуір бөлігі мақта-ма­та, жібек және басқа ма­талар­дан тігілді. Ұлттық киімнің пішіні мен түріне өзгерістер енді. Ер­кектер бітеу пішілген ке­удесінде тік өңір-қақпағы бар, жал­пақ қайыр­ма жағалы, етегі бірша­ма ұзын көй­лек ки­етін бол­ды. Со­нымен бірге жаз­дыгүні олар ешкі терісінен илен­ген күдері шал­бар киіп жүрді; шал­бардың ба­лақта­рына төменгі жағынан тілік тас­та­лып, ол кес­те­мен сәнде­летін.

Қазақтар әдемі «мәуіті ша­пан» мен «мәуіті шек­пен» де дайын­да­ды. Сырт ки­етін қысқы киімнің қадірлілерінің қата­рына аң және үй жа­ну­ар­ла­рының терілерінен тігілетін ішік жа­тады. Өте кең та­ралған және бәрінің қолы же­тетін қысқы киім түрі қой терісінен өңделіп, жүні ішіне қара­тып тігілген тон бол­ды. Қазақтар­дың негізгі аяқ киімі былғары етік, кебісті мәсілер бол­ды. Бар­лық жас­тағы ер­кектердің қыс­та ки­етін аяқ киімі ішінде киіз бай­пағы бар, ала­са да жал­пақ өкшелі, ұзын қоныш­ты сап­та­ма етік бол­ды. Ере­сек ер­кектердің бәрі ша­шын тықыр­лап ал­дырған, ба­сына тақия, те­бетей ки­етін. Қазақстан­ның бүкіл аумағын­да қазақтар­дың ең көп та­ралған қыс­тық бас киімі «ты­мақ» бол­ды.

Әйел­дердің көй­легі иығына тігіс түспейтін етіп пішіліп, жал­пақ қайыр­ма жағалы, жеңдері ұзын етіп тігілген. Ке­уде тұсын­дағы өңір қақпағына кес­те төгілген. Қыз­дардың не­месе жас келіншек­тердің көй­лек­тері пішімі жөнінен де, ма­тасы жағынан да жа­сы үлкен әйел­дердің көй­лек­терінен өзге­ше болған. Ол етегі бүрме­леніп, түй­ме­ленетін қатыр­ма жағалы етіп тігілді. Жеңі жең ұшы­на қарай та­рыла берді. Әйел­дердің былғары­дан жа­сала­тын жал­пақ ке­мер белдіктері күміспен күптеліп, ал­тынмен ап­та­лып, қым­бат бағалы тас­тармен және түсті шы­нылар­мен мол әсем әше­кей­леніп отыр­ды. Бар­лық жас­тағы әйел­дердің аяқ киімі мәсі және кебіс бо­латын. Әйелдің жа­сына және оның от­ба­сын­дағы жағдайына қарай олар­дың бас киімдері де ерек­ше­леніп отыр­ды. Жаз кезінде қыз­дар түрлі-түсті мақпал­дан, жібек пен барқыт­тан тігілген, төбесі жай­пақ дөңге­лек те­бетей киіп жүрген, ол зер­кесте­мен әсем нақыш­та­латын еді. Бай нақыш­ты үкілі те­бетей — «қаса­ба» деп атал­ды. Күйеуге шыққан әйелдің бас киімі – ки­мешек ақ мақта-ма­тадан дайын­далған.

Қазақ әде­би­еті. XIX ғасыр­да орыс ғалым­да­ры мен қазақ зи­ялы­лары­ның же­келе­ген өкілдері ақын­дар, су­ырып­салма жыр­шы­лар, жы­ра­улар ту­ралы мәлімет­тер жи­нап, тіпті олар шығарған әндер мен жыр­лардың мәтіндерін жа­зып ала бас­та­ды. Ақын­дар мен жыр­шы­лар­дың кейбіре­улері өз ту­ын­ды­ларын жа­зып отыр­ды. Со­ның арқасын­да олар­дың өлеңдерінің түпнұсқа мәтіні сақта­лып қалған. XIX ғасыр­дың ор­та­сынан бас­тап же­келе­ген ақын­дардың өлеңдері мен жыр­ла­ры жа­ри­яла­на бас­та­ды. Бұл же­келей по­эзиялық шығар­ма­шылықтың айқын көрініс тапқан және да­ми бас­таған дәуірі бол­ды.

XIX ғасыр­дың ба­сын­да өмір сүрген Шал, Көтеш, Жанкісі жы­ра­улар өз толғаула­рын­да әле­уметтік теңсіздікті, хан­дардың ха­лыққа жа­саған зор­лық-зом­бы­лығын әшке­реле­ген.

Ке­дей ор­та­дан шыққан Көтеш ақын (1745–1818) өмір бойы жоқшы­лық тауқыметін тарт­ты. Оның шығар­ма­шылығының бас­ты са­рыны – ке­дейдің азап­ты өмірін көрсе­ту, әділетсіздікті әшке­релеу.

Шал ақын­ның (1748–1819) шығар­ма­шылығы болған оқиғаға ақын­дық ша­быт­пен сол сәтте үн қосу­ымен си­пат­та­лады. Олар қазақ халқының та­рихын­дағы же­келе­ген оқиғалар­мен бай­ла­ныс­ты. Он­да ар­нау өлеңдер мен мысқыл өлеңдері көп. Шал шығар­ма­шылығының негізгі тақыры­бы – адам өмірі оның мәні, мо­раль, эти­ка, дін мәсе­лелері.

Му­зыка өнері. Қазақ халқының тұрмы­сы мен қоғам­дық өмірі және еңбек әре­кетімен біте қай­насқан ру­хани мәде­ни­етінің ете­не са­ласы му­зыка бол­ды. Дәстүрлі ор­ны­да­ушы­лық – же­ке ән са­лу мен ас­папты же­ке тар­ту кең та­раған, әнді қосы­лып ай­ту си­регірек; шығар­ма­лар­дың негізгі түрлері — ән мен күй. Жи­ыр­ма­дан аса әр түрлі му­зыка­лық ас­паптар болған, олар­дың бір са­рын­ды ғана ды­быс шығара­тын кейбіре­улері – шер­тер, жетіген, саз сыр­най, кепшік, шаңқобыз, даңғыра, аса­таяқ және басқала­ры му­зыка өнерінің кәсіби та­лап­та­рына сай кел­мей, біртіндеп құри бер­ген. Ал ды­быс­тық са­пала­рын жетілдіру­ге ке­летін басқала­ры му­зыка­лық ас­паптар то­бын құра­ды. Олар: дом­бы­ра – ағаш­тан жа­салған, шертіп ой­на­латын екі ішекті ас­пап, ша­нағы со­пақша, кей­де жа­зық фор­ма­лы бо­лып ке­леді; қобыз не­месе қылқобыз – тос­тақ тәрізді то­лық ағаш ша­нақты және мойыны ішіне қарай иілген ыс­па­лы қос ішекті ас­пап; сы­бызғы – ағаш­тан, іші қуыс қамыс-қурай­дан не­месе ме­талл түтіктен жа­салған, 4–6 са­усақ ба­сар ойыңы бар ұзын­ша үрмелі ас­пап; да­уыл­паз – сыр­ты тері жарғақпен қап­талған ағаш­тан не­месе ме­тал­дан жа­салған кішке­не қазан түріндегі соқпа ас­пап.

XIX ғасыр­дың бірінші жар­ты­сын­дағы му­зыка өнері өткен за­ман­дар ту­ын­ды­лары­ның таңда­улы үлгілерін сақтау және олар­мен са­бақтас ха­лықтың күнделікті өмірімен тіке­лей бай­ла­ныс­ты жаңа шығар­ма­лар жа­сау негізінде да­мыды. XIX ғасыр­дың му­зыка­лық мәде­ни­етінде 1836–1837 жыл­дардағы фе­ода­лизм мен отар­шылдыққа қар­сы Иса­тай Тай­ма­нов пен оның ең жақын серігі, ақын әрі жыр­шы Ма­хам­бет Өтемісов бас­таған көтеріліс еле­улі із қал­дырды.

Шығар­ма­шылық жо­лын сол жыл­да­ры бас­таған бо­лашақ ха­лық ком­по­зито­ры Құрманғазы Сағыр­ба­ев (1806–1879) өзінің алғашқы шығар­ма­лары­ның бірі — «Кішкен­тай» күйін Иса­тай Тай­ма­нов көтерілісіне ар­на­ды. Көтеріліске қатысқан ол бұл күйінде ха­лықтың отар­шылдық бұғауынан азат бо­луға де­ген те­ге­урінді тал­пы­нысын көрсетті. Одан ха­лық қайғысы­ның, жеңіліс күйінішінің үні естіледі. «Кішкен­тай» күйінің му­зыка­сы өзінің тебірен­тетін те­ге­урінді бей­нелілігімен, ком­по­зици­ясы­ның айқын­дығымен, көркемдік тех­ни­касы­ның күрделілігімен та­маша та­лант­тың өсіп ке­ле жатқанын көрсетті. Ол ха­лықтың қалың ор­та­сын­да өсті және қажыр­лы еңбегімен кейіннен ха­лықтың кәсіби му­зыка­лық мәде­ни­етінің клас­си­калық шыңына көтерілді.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-24; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 667 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Студент всегда отчаянный романтик! Хоть может сдать на двойку романтизм. © Эдуард А. Асадов
==> читать все изречения...

994 - | 818 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.013 с.