Лекции.Орг


Поиск:




Жазаны орындаушы органдардың қызметтеріне бақылау жасау.




Қазақстан Республикасында қылмыстық жазаны атқару кезінде сотталғандардың құқықтары мен заңды мүдделерін шектеуге немесе басқада заң бұзушылыққа жол бермеу мақсатымен қылмыстық жазаны атқару мекемелері мен органдарының қызметтеріне бақылау жүргізіледі.

Сондықтан жазаны атқару мекемелері мен органдарының қызметтерін бақылау түрлері және оның тәртібі ҚР ҚАК 3-тарауында бекітілген.

Қылмыстық жазаны атқарушы мекемелер мен органдарының қызметтерін бақылау жұмыстарын әр түрлі органдар жүргізеді. Ең бірінші бақылау бұл жергілікті атқарушы органдардың бақылауы болып табылады.

Жергілікті атқарушы органдар өз аумақтарында орналасқан жазаны атқарушы мекемелер мен органдардың қызметін қадағап, бақылайды. Ол үшін оларға ҚР Конституциясының 87-бабының 2-тармағында ұсынылған өкілетті пайдалана алады. Мекемелер мен органдардың қызметін бақылауды жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.

Келесі бақылау бұл сот бақылауы. Жазаны өтеуден шартты-мерзімінен бұрын босату туралы, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жұмсақ түріне ауыстыру туралы, сотталушының ауыруына байланысты жазадан босату туралы, адамның жеке басына жасаған ауыр және аса ауыр қылмыстары үшін бес жылдан артық мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталғандарды қоспағанда жүкті әйелдердің және сегіз жасқа дейін балалары бар әйелдердің жазаларын өтеуін кейінге қалдыру туралы, сондай-ақ түзеу мекемесінің түрін өзгерту туралы мәселелерді шешу кезінде жазалардың атқарылуын сот бақылайды.

Жазаны өтеу шартын өзгертуге байланысты мәселелерді сот бақылайды. Бұл шарттар сотталушының айыппұлды бір жолғы төлеуге мүмкіндігі болмаған жағдайда сотталушының өтініші бойынша төлемнің мерзімін ұзартуға немесе алты айға дейін бөліп-бөліп төлеуге жол береді. (ҚР ҚАК 226. 2т.) Түзеу жұмыстарында сот сотталушының материалдық жағдайы нашарлаған ретте қылмыстық-атқару инспекциясы жүзеге асырады.

Сотталушының өзі немесе ол жұмыс істейтін ұйымның әкімшілігінің қолдаухатымен оның жалақысынан ұстап қалу мөлшерін кемітуге құқылы. Сот сотталушының мүлкін тәркілеу туралы (ҚР ҚАК 57-58б.б.) сондай-ақ бас бостандығынан айыруға немесе түзеу жұмыстарына сотталғандардың жазасын атқаруды кейінге қалдыру туралы мәселелерді де шешеді (ҚР ҚАК 386. 5-т; 171 бап.) Сот шартты сотталушыларға толық немесе жартылай, әйтпесе бұрын бекітілген міндеттерге толықтырулар енгізуі мүмкін. (ҚР ҚАК 184 бап 1т.), Сотталушының сынақ мерзімін ұзарта алады. (ҚР ҚАК 184 бап Зт,); Шартты түрде соттаудың күшін жоя алады. (ҚР ҚАК 184 бап 4т.)

Бас бостандығынан айыруға сотталғандарға мінез-құлқына және еңбекке көзқарасына қарай түзеу мекемесінің түрі өзгертілуі мүмкін. (ҚР ҚАК 73 бап).

Сотқа медициналық сипаттағы мәжбүрлеп емдеу шараларына тағайындалған адамның емін жалғастыру немесе өзгерту құқығы берілген. (ҚР ҚК 16 бап).

Сотталғандардың өздеріне тағайындалған жазадан жалтаруына байланысты, сот өтеу жазасын қатаң түрге ауыстыра алады.(ҚР ҚК 42 бап. және ҚР ҚАК 35 бап., ҚР ҚК 43 бап және ҚР ҚАК 42 бап, ҚР ҚАК 55 бап. және т.б.) және сот жазаның өтелмей қалған бөлігін оның жеңіл түріне ауыстыра алады (ҚР ҚК 71бап.)

Сот мерзімінен бұрын босату туралы мәселелерді шешкенде бақылайды, жазадан мерзімінен-шартты түрде босату (ҚР ҚК 70, 84 баптар, ҚР ҚАК 196 бап), ауруға шалдығуға байланысты жазадан босату (ҚР ҚК 736, ҚР ҚАК 196 бап.)

Сот заңда қарастырылған сотталғандардың атқарушы мекеме мен органдардың қызметіне арыздануын, шағымдануын қарастырады. Қарастырылған бапта конститутциялық норма жүзеге асырылады. Онда сот билігі Республиканың халықаралық келісімдері, нормативтік құқықтық актілері мен заңдары, Конституция негізінде туындайтын барлық іс пен даулы жағдайларда таралады (ҚР Конститутциясы 766-бап 2т.).

Жазаны атқарушы мекемелер мен органдар үкім шығарған сотқа бас бостандығынан айыруды өтеуінің басталғаны және оның орны жайлы хабарлайды. Берілген ереже ҚР ҚАК 18 бабы З-т. іс жүргізу нормаларына негізделеді. Қылмыстық іс жүргізу заңнамасының нормасына сәйкес үкім шығарған сот, үкімнің ұйғарымы мен қаулысын атқарылуын қадағалауға міндетті.

Сот тек жазаның атқарылуын ғана емес, сонымен бірге азаматтық іс жүргізу түріндегі жазаны атқарушы мекемелер мен органдардың әкімшілігінің қызметіне де бақылау жасайды. Мысалы, жоғарыдағы мекемелердің кінәсінен сотталғандарға келтірілген залалдар туралы талапты (ҚР ҚАК 94.Зт.), жазасын өтеу уақытында сотталушы мемлекетке зиян келтіру туралы түзеу мекемесінің арызын қарастырғанда (ҚАК 98 бап.)

Жазаны атқару мекемелері мен органдарының қызметіне ведомствалық бақылау жүргізіледі. Жазаны атқарушы мекемелер мен органдардың қызметіне жоғары тұрған басқару органдары мен лауазымды адамдардың тарапынан ведомствалық бақылау жүзеге асырылады. Ведомствалық бақылауды жүзеге асыру тәртібі нормативтік құқықтық актілермен белгіленеді.

Бұдан бұрын да белсенді түрде жүзеге асырылып жүрген ведомствалық бақылау, қылмыстық-атқару заңында алғаш рет жазаны атқарушы органдар мен мекемелерге бекітілді. Жазаны атқарушы органдар мен мекемелер ІІМ-нің (түзеу мекемелері, қамау үйлері, түзеу орталықтары, қылмыстық-атқару инспекциялары), Қорғаныс министірлігі (абақты гарнизонының командованиясы, әскери бөлімдер, мекемелер) жүйесіне енеді. Аталған органдар ведомствалық бақылауды анықтайтын нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды.

Жазаны атқарушы органдар мен мекемелерді бақылау жүргізуді реттейтін ведомствалық нормативтік құқықтық актілері: сотталғандардың заңды мүдделері мен құқығын сақтауда және жазаны атқаруда заң мен басқа нормативтік актілердің сақталуын; жазаны атқарушы органдар мен мекемелердің, сотталғандардың және басқа адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Ведомствалық бақылауда сотталғандармен жүргізілетін тәрбиелік жұмыстың ұйымдастырылуы және олардың еңбек әрекеті, осы мекемелердің әкімшілігінің жұртшылық және мемлекеттік органдармен өзара қатынасы бағаланады.

Алдына қойылған міндеттерге жету үшін анықталған кемшіліктерді шеттету туралы нақты шара қолдану көзделіп, олардың пайда болуының себебі мен салдарын анықтау бойынша жазаны атқарушы органдар мен мекеме әкімшілігі қызметін бағалау бақылау негізінде жүзеге асады.

Әскери қызметтегілерге қатысты жазаны атқарушы мекемелер мен органдардың қызметін бақылау Қорғаныс министірлігі, бөлім командирлері, әскери жарғы мен ҚР Қорғаныс министірлігі және ҚР Үкіметі қабылданған басқа да нормативтік құқықтық актілер негізінде жүзеге асады.

Бас бостандығын шектеу және айыру, түзеу және қоғамдық жұмыстар, сондай-ақ шартты соттау жазасын атқарушы мекемелер мен органдардың қызметін бақылауды ІІМ, атап айтсақ ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесінің комитеті жүзеге асырады. Жоғарыда аталған мекемелер мен органдардың бақылау нысандары: статистикалық есептілік талдауы, қаржылық-шаруашылық немесе өндірістік саланы тексеру (ревизия), жазаны атқарушы мекемелер мен органдарды тікелей инспекциялау, шағымдарды, өтініштер мен ұсыныстарды тексеріп, тиісті шешім қабылдау болып табылады. Қылмыстық-атқару ісін жүргізудегі қадағалауды прокуратура жүргізеді. Дәлірек айтқанда жазаны атқарушы мекемелер мен органдар әкімшілігінің заңдарды сақтауын қадағалауды ҚР заңдарына сәйкес ҚР Бас Прокуроры мен оған бағынышты прокурорлар жүзеге асырады.

Прокуратура мемлекет атынан ҚР Президентінің нұсқауларын және Республика аумағында өзге де нормативтік құқықтық актілерді, жедел іздестіру қызметінің, анықтаушы мен тергеушінің, іс жүргізуші және әкімшіліктің заңды дәл және біркелкі қолдануын қадағалайды. Сонымен бірге, қылмыстық-атқару ісін жүргізудің пәні болып түзеу мекемесінде және басқа да жазаларын өтеу орнындағы жерлерде заңмен бекітілген құқы, бостандығы мен міндеттерін бас бостандығынан айыруға байланысты емес, жаза атқарудың заңдылығын сақтау болады.

Қадағалауды жүзеге асыруда ерекше назар ҚР ҚАК сотталғандардың құқықтық жағдайын, материалдық-тұрмыстық жағынан қамтамасыз етілуі мен медициналық қызмет көрсетулерін анықтайтын ережесінің сақталуына басты назар аударылады.

ҚР Заңы прокуратураға заңды сақталуын тексеру кезінде зор мүмкіншіліктер берген. Қадағалауды жүзеге асырушы прокурор, кез-келген уақытта жазаны атқарушы органдар мен мекемелерге келуге, сотталғандардан сұрақ-жауап алуға, жедел материалдармен және қай құжаттың негізінде сотталып, жазасын өтеп жүргендіктерін тексереді.

Прокурор әкімшіліктен жазасын өтеп жүрген сотталғандарға құқығын қамтамасыз ететін жағдау тудыруды талап ете алады.

Жазаны атқарушы органдар мен мекемелердегі әкімшіліктің бұйрықтары, өкімдері және қаулыларының заңға сәйкестігін тексеріп, лауазымды тұлғалардан түсініктеме талап етуге, ұсыныс пен наразылық білдіруге, әкімшіліктің құқық бұзушылығы жайлы іс жүргізіп, қылмыстық іс қозғауға құқы бар. Прокурор өз қаулыларымен заңды бұзған сотталғандарға салынған тәртіптік жазалауды өзгертуге, жедел тәртіптік немесе айыптық оқшаулау орындарында, камералық үлгідегі үй-жайларда және жалғыз адамдық камерада ұстау орындарынан босата алады.

Прокурор немесе оның орынбасары өз қаулыларымен жазаны атқарушы орындарда заңды негізсіз отырған әрбір адамды дереу босатуы тиіс. Прокурордың талабы мен қаулысы жазаны атқарушы органдар мен мекемелер әкімшілігі үшін міндетті түрде орындауға жатады. Осы сияқты өкілеттік өз құзыреті шегінде жазаны орындау кезінде заңның сақталуын қадағалауды жүзеге асыру бойынша Бас Прокурор мен оның орынбасарларына, төмендегі прокурор мен оның орынбасарларына, айырықша тапсырма бойынша прокурордың көмекшілері, аға прокурор мен прокурорға, басқарма мен бөлімдердің аға қылмыстық прокуроры мен қылмыстық прокурорына берілген.

ҚР ҚАК прокурорларға жазаны орындауға байланысты мәселелерде қосымша өкілеттік ұсынады. Олар негізінен сотталушыға бас бостандығынан шектеу түріндегі жазаны бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы мәселені шешу кезінде оны ішкі істер органы прокурордың санкциясымен жазаны өтеуден жалтаруды болғызбау және материалдарды сотқа беру мақсатында 15 тәулікке дейінгі мерзімге ұстауы мүмкін. ҚР Бас Прокурорымен келісе отырып, түзеу мекемелерінде ерекше жағдайлар режимі енгізіледі. (ҚР ҚАК 80б. Зт.)

Өлім жазасының заңды түрде атқаруды қадағалауда прокурордың рөлі артты. Сотталушы кешірім жасау туралы өтініш беруден бас тартқан жағдайда түзеу мекемесінің әкімшілігі прокурордың қатысуымен тиісті акт жасайды (ҚАК 165б.3т.). Сондай-ақ, өлім жазасын орындау кезінде прокурор қатысады (167 б.2 т.). Демократиялық мемлекетте қоғамдық бақылаудың маңызы зор. Бұл тұрғыда ҚАК 19-1 бабында облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) қоғамдық бақылау комиссиялары туралы айтылған. Қоғамдық бақылау комиссиясы түзеу мекемелері мен тергеу изоляторында ұсталатын адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруына жәрдемдесу мақсатында құрылады.

Сондықтан, қоғамдық бақылауды жүзеге асырған кезде түзеу мекемелері мен тергеу изоляторларының қызметіне, сондай-ақ жедел- іздестіру, қылмыстық іс жүргізу қызметі мен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу жөніндегі қызметіне араласуға жол берілмейді. Қоғамдық байқау комиссиясының заңмен белгіленген құқықтары бар, біріншіден, түзеу мекемелері мен тергеу изоляторларына қоғамдық байқау комиссиясының кемінде екі мүшесі құрамында қылмыстық-атқару жүйесінің уәкілетті органы белгілеген тәртіппен кедергісіз кіруге құқылы.

Екіншіден, қоғамдық байқау комиссия мүшелері сотталғандармен олардың келісімі болған кезде әңгімелесуге, сондай-ақ олардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылу мәселелері жөніндегі өтініштері мен шағымдарын қабылдауға құқылы. Үшіншіден, түзеу мекемелері мен тергеу изоляторларындағы адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге байланысты мәселелер жөнінде түзеу мекемлері мен тергеу изоляторларының әкімшілігіне, сондай-ақ прокуратураға өтініш жасауға құқылы. Сонымен, жазаны атқарушы мекемлер мен органдарының қызметтерін бақылаушылар нысандары әр алуан болуының ең басты мақсаты сотталғандардың құқықтары мен заңды мүдделерін заң негізінде қорғау, заң бұзушылыққа жол бермеу болып табылады.

 

 

Лекция.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 896 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Люди избавились бы от половины своих неприятностей, если бы договорились о значении слов. © Рене Декарт
==> читать все изречения...

1493 - | 1302 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.