Лекции.Орг


Поиск:




Зін - өзі бақылау, өзінің көңіл – күйін басқарудың амалы ретінде.




Бақылау — зерттеу не тексеру әдісі. Бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда Бақылаудың мақсаты мен міндеттері, объектісі (сабақ, саяхат, лабораториядағы, шеберханадағы, оқу-тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізу әдісі мен жолдары дұрыс көрсетілуі тиіс. Ғылыми негізде шығармашылықпен жасалған жоспар зерттеу жұмысының нәтижелі болуына игі әсер етеді. Ғылыми Бақылау зерттелетін педагогикалық құбылысты дұрыс әрі дәл жазып алуды талап етеді. Сондықтан Бақылаудың нәтижесі зерттеушінің педагогикалық іскерлігіне, қабілетіне және сауаттылығына байланысты. Зерттелетін тақырыптың мақсаты мен мазмұнына қарап, Бақылауды жаппай және ішінара жүргізуге болады. Оқу-тәрбие барысында жалпы мәселелерді (сабақ үстіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекеті, оқушылар зейінін жандандыру, балалардың ұжымдық іс-әрекеті, т.б.) зерттеу үшін жаппай Бақылау әдісі пайдаланылады. Жеке оқушының іс-әрекеті мен мінез-құлқын зерттеу үшін ішінара Бақылау әдісі қолданылады. Бақылау нәтижелері дұрыс шығу үшін түрлі формулалар, кестелер, фотосуреттер, сұлбалар, әсіресе, техника құралдарды (киноға түсіру, магнитофонға жазу, т.б.) кеңінен пайдаланадыАдам әлемнің биологиялық, психологиялық, әлеуметтік үлгіден тұрады. Жеке тұлғаның қалыптасуы, бүкіл адами сапарларға ие болуы да осы үш тағаннан тарқатылады. Оның ең көлемді бөлігі – туа біткен биологиялық қабілет «істей аламын». Одан бәсеңдеу бөлігі, психологиялық қабілет – «қалаймын», ең аз бөлігі - әлеуметтік «қажет». Тұлғаның дамуы осы үш құрамдастың қайсысы басым болса, соған бағынышты. Жеке тұлғаны қалыптастыру үшін оның ішкі психологиялық «Мені» мен табиғат ана сыйлаған биологиялық қабілетін ашатындай, қоршаған әлеуметтік ортамен қарым – қатынасын реттеп, дамыта алатындай жағдай жасау міндет.Жеке адам қоғамда өмір сүріп, басқалармен, табиғат әлемімен үйлесімді қарым – қатынаста болатын,адамзаттың қол жеткен игіліктерін меңгерген, жеке бас мүддесін ел тағдыры, халық тағдырымен орайластырылған, ұжымның, ережелерін, ішкі тәртібін сақтап, қастерлейтін, үздік білім алып, саналы, мақсатты еңбек ететін, табиғат байлықтарын тиімді пайдаланатын, қоршаған ортаны қорғайтын, өз құқықтары мен бостан-дықтарын орынды пайдалана білетін тұлға болып қалыптасуы үшін өз сыныбымызда жұмыстар жүргізіп келеміз.Өзін-өзі тәрбиелеу жұмысын дамыту үшін, әр адам өзінің түрлі қасиеттері мен қылықтарын талдай алатын, қоғам мен ұжым қоятын талаптарды ескере отырып, бұларға сын көзбен қарай алатындай қабілетке ие болуы тиіс. Сол үшін де қоғамының әрбір азаматы өзін-өзі көпшілік алдында жақсы, ұнамды жағынан көрсете білуге ұмтылуы керек. Адам өз кемшіліктерін, жеке басының мәдениетінің төмендігін, тәрбиесі нашарлығын, мұндағы барлық жауапкершілікті басқа адамдарға үйіп – төгіп, өзін судан таза етіп көрсетуге қақысы жоқ. Әр адам жан дүниесі даму жолының күрделі жолдарынан өзі дербес өтіп, өзін- өзі тәрбиелеуі тиіс. Адамның өзін-өзі тәрбиелеу оңайлықпен қолға түспейді. Өзіне - өзің үніліп, өзіңді тізгіндеуге тырысу, белгілі мақсат көздеу – осы істегі бастапқы қадам. Адам өз мінез – құлқының жаман- жақсы жақтарын ой таразысына салуға ұмтылады, алдына таудай талаптар қойып, бұларын қайткенде тиімді етіп орындау жолын қарастырады. Адам өзін-өзітәрбиелеуде асқан шыдамдылық, қиыншылықтарға төзімділік, ерекше ұстамдылық, ұзақ уақыт бойына қажымай – талмай, ерінбей жалықпай жұмыс істей білуге машықтануы керек. Осы отырған әр қайсымыз «Мен істеймін» деу арқылы өз ортамыз да жақсы қасиеттермен көрінуге тырысуға, жіберген қателіктер мен жетістіктерге талдау жасауға; «Мен үшін керек» деп талаптану арқылы өз іс- әрекетімізді бағалай білуге; «Мен істей аламын»деп өз іс-әрекеттерімізге сенімділікпен қарауға жетісуіміз керек.

Билет

1.«Психодиагностика» сөзі нені білдіреді және осы ұғым қазіргі заманғы психологияда қандай мәнде қолданылады? «Психодиагностика» сөзі - «психологиялық диагноз қою» дегенді немесе адамның жеке өзінің психологиялық жағдайы немесе қандайда бір психологиялық қасиеттері жайлы сапалы шешім қабылдауды білдіреді.Талқыланып отырған бұл терминнің психологияда екі мағынасы бар. «Психодиагностика» ұғымының бірінші анықтамасы оны алуан түрлі психодиагностикалық құралдарды жасап, оларды практикада пайдалануға қатысты психологиялық білімдердің арнайы саласына жатқызады.Оның басты мақсаты: психологиялық диагноз қою яғни былайша айтқанда, адамның нақты психологиялық жағдайын бағалау.Мұндай үғымдағы психодиагностика өз саласында мынадай мәселелерді қарастыратын ғылым болып табылады.1.Психологиялық құбылыстардың табиғаты мен оларды ғылыми бағалаудың принципті мүмкіндіктері туралы.2.Психологиялық құбылыстардың принципті түрде танылуы мен сандық бағалануы үшін осы уақытқа дейін қалыптасқан жалпылама ғылыми негіздемелер туралы.3.Қазіргі уақытта қолданылып жүрген психодиагностика құралдары, қабылданған жалпылама ғылыми методологиялық талаптарға қаншалықты сай келеді.4.Психодиагностиканың алуан түрлі құралдарына қойылатын негізгі әдістемелік талаптар қандай.5.Психодиагностиканы жүргізу жағдайларында, алынған нәтижелерді өңдеу құралдары мен сол нәтижелерді қорыту тәсілдеріне қойылатын талаптарды қоса алғандағы практикалық психодиагностиканың нәтижелерінің сенімділігінің негіздемесі туралы.6.Тесттерді қоса алғандағы психодиагностика әдістерінің ғылымилығын құрастыру мен тексерудің негізгі тәртібі туралы.«Психодиагностика» терминінің екінші анықтамасы психологиялық диагнозды практика жүзінде қолданумен байланысты психологтың өзіндік саласын көрсетеді. Бұл жерде психодиагностиканы ұйымдастырып өткізуге қатысты таза практикалық мәселелер шешіледі. Оған мыналар кіреді:1.Психодиагност ретіндегі психологқа қойылатын кәсіби талаптарды айқындау;2.Психологтың өз жұмысын сәтті жүргізуі үшін,өзінде болуы тиісті білімдердің,ептіліктер мен дағдылардың жиынтығын білуі;3.Психологтың практикалық жағдайларды анықтауы, оларды сақтауы,психодиагностиканың өзге де әдістерін сәтті әрі кәсіби түрде игеріп алғандығының кепілі болып табылады.

Сұраулы әдістемелер және психодиагностикадағы оның орны: Сауалнама - нақты адамдар тобына сұрақтар қою арқылы алғашқы ақпаратты жинау әдісі.

Зерттеушінің респондентпен анкета арқылы жүзеге асырылатын байланысына негізделген эмпирикалық зерттеуін әлеуметтанулық өлшеу тәсілі.Сауалнама мақсаты - жеке және қоғамдық санадағы құбылыстар немесе қарапайым фактілер, оқиғалар туралы ақпарат алу. Сауалнама ақпараттың дәлдігі мен жүйелігін қамтамасыз етеді. Бұл әдіс экономикалық тұрғыдан да тиімді, яғни оған шығын, уақыт және құрал аз жұмсалады. Сауалнаманың әртүрлі жолдары бар: қалыпқа түспеген (еркін сұхбат, т.б.) және қалыпты. Сауалнама өткізу жиілігіне байланысты бір рет және көп рет болып бөлінеді. Сонымен бірге сауалнама жазбаша және ауызша деп те бөледі. Сауалнама тиімділігі тұрақты сұхбат алушы және сауалнамаға қатысушылардың болуынан тәуелді. Сауалнамаға жауап беру уақыты: далада – 3 минуттан кем болмауы, үйде сыйақысыз – 5 минуттан көп емес, үйде сыйақымен – 15 минуттан көп емес болуы керек. Респонденттерге алдын ала хат дайындалып, онда пікір сұрау өткізу мақсаты және оларды таңдау себептері түсіндіріледі. Пікір сұрау анонимді және құпиялы сипатта жүргізілуі керек. Бірінші жағдайда респондент өзінің аты-жөні және басқа да деректемелері құпия болуын қалайды, екінші жағдайда ол өзі туралы тек зерттеушінің ғана білуін сұрайды. Телефонмен және сұхбаттасушымен пікір сұрау жүргізгенде, ол – құпиялы сипатта болады. Пікір сұрау жүргізгенде ақпарат мынадай жолдармен алынады: Сұхбат жүргізуші сұрақ қойып, жауапты сауалнамаға жазып отырады немесе респонденттер сауалнаманы өздері толтырады. Зерттеуші қажет болған жағдайда сауалнамадағы сұрақтарға қосымша көп сауал қойып, әңгімелескен кезде өз ойын қоса алады. Респонденттерге сұрақтар қойған кезде оларды сауалнамада жазылған күйінде өзгеріссіз қою керек, жауаптарды талаптарға сәйкес тіркеу қажет. Сұхбат алушы сауалнаманы жасаудан бұрын зерттелетін мәселені, нарықтарды, тұтынушыларды тереңірек қарастырып білуі қажет. Пікір сұрау алдында респонденттерге зерттеу мақсаты туралы бірер сөз және жауаптардың құпиялы болатынын айтып өту керек. Сауалнаманы жауап берушінің табысы туралы және оның жеке басына қатысты сұрақтардан бастауға болмайды.Кіріспеде респонденттің пікір сұрауға қатысуын өтініп, оның мақсаты көрсетіліп, респонденттің жауаптарының қандай пайда әкелетіндігі туралы айтылады. Сауалнама жүргізушінің аты-жөні, пікір сұрау жүргізген орны және күні міндетті түрде көрсетілуі қажет.Сұрақтардың стандартталу типтері бойынша сауалнама ашық және жабық түрде болуы мүмкін. Жабық түрдегі сауалнамада мүмкін жауаптар түрі, шкаласы, сондай-ақ «иә» немесе «жоқ» сияқты жауаптар болады. Олардың артықшылығы – жауаптарды жылдам өңдеуге және бастапқы мәліметтерді кестеге енгізуге мүмкіндік береді. Өте жақсы стандартталған сауалнама – ол қойылатын сұрақтары мен жауаптары бұрыннан анықталған сауалнама. Ашық сұрақтарға жауаптар дәл осы мәселе жөнінде, өз ойын білдіретін ерікті түрде болуды көздейді. Ашық сұрақтарды тұтынушылар тауардың сапасы, дизайны, бағасы туралы не ойлайтынын белгілеу қажет болғанда, зерттеудің ізденіс кезеңінде қолдану пайдалы. Жауаптардың сан алуандығы оларды өңдеуді қиындатады.

3. Суретті психодиагностикалық әдістемелер және олардың орны:

Суретті психодиагностикалық әдістемелер – суреттерден құралады, яғни ол тақырыпты немесе кездейсоқ сипатта болуы мүмкін. Кейде зерттелушінің дайын сурет бейнесін интерпретациялау тәсілі де қолданылады.Мысалы:«Дүниеде жоқ жануар» əдістемесі. «Үй,адам,ағаш»,«Жанұя суреті», Проективті тесттер.“Өмірде жоқ жануар”тесті өмірде ең көп қолданылатын проективті әдіс. Креспондент бұл тесті көбінесе қиялын зерттеуге арналған деп ойлайдыда, қорғаныстық іс-әрекетін әлсіретеді. Тесті жүргізу үшін стандартты ақ бет қағаз және қарындаш қажет. Қаламсапты, пламастерді және жұмсақ қарындашты қолдануға болады, алайда бұл жағдайда диогностикалық көрсеткіш батыру күшін анықтай алмай қаламыз.Нұсқау: ақ бет қағазға өмірде жоқ жануардың суретін салып, оны өмірде жоқ есіммен атаңыз.Өңделуі: ортада орналасса - қалыпты жағдай. Егер сурет оң жақта орналасса ол қазіргі уақытпен немесе балалық кезеңіне, жағымды эмоциямен байланысты. Егер сурет төменде сол жағында орналасса, ол өткен уақытпен, жағымсыз эмоциямен және пассивтілікпен байланысты. Сурет неғұрлым жоғары орналасса зерттелушінің өзін-өзі бағалауы жоғары және қоғамда өз орнына разы емес, қоршаған адамдардың көңіл бөлуінің жеткіліксіздігіне қарай оның өзін-өзі көрсетуі жоғары екенін байқатады. Егер сурет беттің төменгі жағында орналасса респондент өзіне-өзі сенімсіз, өзін-өзі бағалауы төмен, айналасындағы адамдарға да сенбейтін, көңіл күйі төмен болып жүретін адам.2-критерий: Жануардың басының бағыты. Егер жануардың басы оң жаққа қарап тұрса, ол адам өзі жоспарлаған істерін міндетті түрде орындатады. Егер жануардың басы, сол жаққа қараса, мұндай сурет салған адам бір нәрсе істеу үшін көп ойланады және оның біраз бөлігі ғана орындалады, кейде ол белсенді іс-әрекеттер көрсетуге қорқады. Ал егер басы тура қараса – бұл эгоцентризм ретінде қарастырылады.3-критерий: Бас бөлшектерінің мағынасы. Құлақ-жаңалықтарға деген қызығушылығы айналасындағылардың өзі туралы көзқарасына мән беруі, эмоционалды түрде қабылдайды, бірақ өз іс-әрекетін өзгертпейді. Сәл ашылған ауыздан тілдің байқалуы - орынсыз көпсөйлейтін адам. Ерін салу сезімталдық. Ауыздың ашық болып, ерінсіз, тілсіз ерекше сурет қорқыныш, сенімсіздік, қауіптенуді білдіреді.Тістердің салынуы: вербалды агрессияның белгісі.Көз: егер көздері ерекше айшықталынып салынса, адамның қорқынышын білдіреді.Кірпіктер: адамның өзін-өзі көрсетуі, яғни іс-әрекетінен, сыртқы киім кию ерекшеліктерімен айналасындағыларды таң қалдыруға көп көңіл бөледі.Басында қосымша бөлшектер: (тырнақ, сақалдары) агрессияның басқа түрлерімен байланысты.Қанаттары, қауырсындары: өзін-өзі сәндеуге, өзін-өзі ақтап алуға арналған қасиеттері жақсы дамыған.Жалы, жүндері: сезімталдық, сексуалдық рөлде өз жынысын айқын түрде байқататын адам.Аяқтары: егер аяқтары фигура өлшеміне қарағанда (денесіне қарағанда) дұрыс негізделіп салынса, ол адамның негізділігін, ойлау, шешім қабылдауда радционалдылығын көрсетеді.Нәзік аяқтар: немесе болмаса, қортынды шығаруда импульсивтілікті байқатады, бір типті, қаталанбалы болуы ой-пікірінің стандарттылығын көрсетеді. Аяқтарының детальдарының әртүрлі орналасуы – ой-пікірінің оригиналдылығы өз беттілігін, ерекше ойлау қабілетін көрсетеді.Фигура деңгейінен жоғары шығып тұрған бөлшектер: қанаттары, қысқыштары, антена – адамның өмірінің әр аймағын қамтуға ұмтылысы. Басқаларды шетке шығарып өзіне жақсы орын тандай алады. Батылдығы, қуаттылығы, өзіне сенімділігі байқалады.Сәндік бөлшектері: қауырсындары, бантиктері, бұйра шаштары - өзін-өзі көрсетуге талпынысы, өзіне басқалардың көңілін аударуға тырысуы.Құйрық: жоғары қараса адам өз іс-әрекетімен, шешімдерін жағымды бағалайды. Төмен қараса өз-өзіне деген көңілінің толмауы, істеген ісіне, айтқандарына өкіну.Фигураның контуры: қорғаныш жапқыштардың болуы – айналасыдағылардан қорғануды байқатады. Егер олар үшкір, бұрыштар, инелер түрінде болса, бұл агрессияның белгісі. Контурларды қоюлатып сызу, қос сызықтардың болуы – адамның қобалжуы, қорқуы, сенімсіздігін көрсетеді. Суреттің жоғары жақ контуры қоюланып сызылса, ол өзіне жоғары тұрған адамдардан қорғанысын көрсетеді. Төменгі контур қоюланып сызылса, басқаларға күлкі болудан қорғану, айналасындағылардың сөзінен қорқу, өзінен кішкентайларға бағынышты болуы, беделінің жоқтығы. Шеті қоюланып сызылса - әртүрлі жағдайларға байланысты, кез-келген тәртіпке өзін-өзі қорғауға дайындығын көрсетеді.Суреттің қатты басылып сызылуы (беттін артынан байқалатын болса) адамның мазасыздануы, қобалжуы.Жануарды жалпы бағалау: қорқынышты болса, өзіне меніне көзқарасы, өзінің мәнділігі бойынша өмірдегі орыны. Шеңбер фигурасы әсіресе ешнәрсемен толықтырылмаған болса, адамның тұйықтығын, ішкі сезімін ешкімге ашпайтынын көрсетеді. Механикалық бөлшектердін болуы: жануарды тірі организмге қосып алу адамның шизофренияға бейімдігін көрсетеді. Ат қою: егер ат қойғанда мағынасы бар болса, адамның рационалдығын, бейімделгіштігін көрсетеді.Ғылыми мағыналы ат қойса, адамның интеллектісінің жоғары екенін көрсетеді.Дыбыстық ат қойса: адамның жеңіл мінездігін, қауіптік сигналдарды дұрыс ескере алмайтынын көрсетеді.Ирониялық ат: айналасындағыларға кешірімділікпен, ирониямен қарайтын адам. Ұзартылған ат: қоғаныс тенденцияларының жоғары дамуы.

Билет

1.Тест түрлері және оны қолдану салалары, тест жүргізу үшін қойылатын талаптар:

Психологияда тест деп психодиагностикалық стандартты әдістемелерін айтады. Бұл әдістемелер зерттелетін қасиеттердің даму дәрежесінің салыстырмалы сапалық және сандық көрсеткіштерді алуға көмектеседі. Барлық кезде бірдей болғандықтан бұл әдістемелерді стандарттық деп айтамыз,зерттелетін адам алатын жағдай мен нұсқаудан бастап, есептеу мен интерпретацияны алатын көрсеткіштермен аяқтайды. Тестпен алынған бағаларды қашан қай жерде алынғанына қарамастан, бір бірімен салыстыруға болады, сондықтан біз оны салыстырмалы дейміз. Тесттерге қойылатын психодиагностикалық әдістемелердің ішіндегі ең қатаңы деп валидтық нақтылықты және бірегейлікті көздейтін әдістемелерді айтамыз. Бірнеше топтарға бөлінетін тесттердің көп түрлері бар: Тесттелетін қасиетіне қарай, тестте қолданылатын есептердің ерекшеліктеріне қарай, зерттелетін адамға ұсынылатын материалына қарай, бағаланатын объектісіне қарай. Тесттер интеллектуалдық (адамның әртүрлі қызығушылық процестердің даму дәрежесін бағалайтын), тұлғалық және тұлғааралық болып бөлінеді. Қолданылатын есептердің ерекшеліктеріне қарай практикалық, бейнелік және вербальдық тесттер болып бөлінеді. Ұсынылатын тест материалына қарай тесттер бланктық, аппараттық болып бөлінеді.Баға объектісіне – процессуальдық, жетістік тесттер, құбылыстар мен қасиеттер тесттері.Интеллектуальдық тесттер- адамның интеллектік даму деңгейін бағалауға, жеке когнитивтік процестерін (қабылдау, зейін, жады, сөйлеу) бағалауға арналған. Тұлғалық тесттер - адамның жеке тұрақты ерекшеліктерінің психодиагностикасымен байланысты: темпераментке, мінезге, мотивация, эмоция, қабілеттерге арналған тесттер. Тесттердің арасында тұлғаның жағдайын немесе оның жеке қасиеттерінің даму дәрежесінің жүйелі бағасын беретіні кездеседі. Комплекстік (жүйелілік) тесттерге КЕТТЕЛ, ММРІ және т.б. жатады. Жекешеленген тесттерге - адам тұлғасының жеке бір қасиеттерін бағалайтын тесттер жатады. Тұлғааралық деп- әртүрлі әлеуметтік топтардағы адам қарым - қатынастарын бағалайтын тесттерді айтамыз. Мысалы, социометриялық тест, топтың ұжым ретінде өзін- өзі тексерудің әлеуметтік - психологиялық тесті. Практикалық тест тапсырмалары- есептер мен жаттығулардан тұрады.Образдық тапсырмалар- суретті, схемалық, бейнелік тапсырмалардан тұрады. Вербальдық тесттер- тәсілдік сөздермен тапсырмалардан тұрады. Мысалы, ұғымдарды анықтау, ой қорытындылары, сөздердің көлемі мен мазмұнын салыстыру, әртүрлі логикалық тәсілдердің түсініктерін орындау және т.б. Тестте қолданылатын көп тапсырмалар кешендік болып келеді, яғни практикалық, теориялық, бейнелік, вербальдық іс - әрекеттерден және тапсырмалардан тұрады.Адамға өмірде кездесетін көп есептер кешенді болып келеді, ал тест адамның іс-қимылдарын және мүмкін болатын жетістіктерін лабораториялық жағдайда емес, өмірде болжау үшін өткізіледі. Бланктік тест деп- зерттелетін адамның алатын тест материалы бланк түрінде (суреттер, схемалар, таблицалар, сұрақ-жауаптар және т.б.) болады. Аппаратуралық тесттерде- нәтижелерді өңдеу үшін әртүрлі аудио- видеотехника,электрондық есептеу машиналары қолданылады. Процессуальдық тесттер- психологиялық және іс- әрекеттік процестерді зерттеп, нәтижесінде нақты сапалық және сандық мінездеме беріледі. Тест жетістіктері тобына- адамның әртүрлі іс әрекеттердегі жетістіктері бағаланатын тесттер жатады. Мысалы, танудың түрлі ортасында: естің (жадының) жетістігі,ойлау логикасы, зейіннің тұрақтылығы, вербальдық ойлаудың даму деңгейі және т.б. Тесттердің жағдайы мен қасиеттері, адамның тұрақты психологиялық қасиеттерінің диагностикасына қатысты болады. Жобалау тесттерін жеке бір топ етіп бөлуге болады. Олар адамның психологиялық сапасын тура емес, жанама бағалауға негізделген. Мұндай бағалау көптеген объектілерді адам қалай қабылдап және интерпретация жасап, талдау нәтижесінде алынады, алынған мазмұнды объектілері: сюжеттік суреттер, формасыз дақтар, бітпеген сөйлемдер және т.б. болуы мүмкін. Бұл тесттерге қатысты, мысалыға, Роршахтың, Апперцептивтік тақырыптық тесттер және т.б. жатады. Жобалық тесттер деп зерттелетін адамның жасырын немесе еркінен тыс басынан өткізетін психологиялық ерекшеліктердің психодиагностикасын айтамыз. Психодиагностикалық эксперимент әдіс ретінде жеке жағдайларда ғана қолданылады: егер керекті қасиетті басқа әдіспен анықтауға болмайды. Процессуалдық тесттер зерттелетін адамның психикалық және іс-әрекеттік просцесстердің өту ерекшеліктері зерттеушілерді қызықтырады. Ал жетістіктер тесттер қабілеттер, дағдыларды бағалау есебі шешілген кезде қолданылады.Жеке топқа интеллект тесттері жатады. Олар адамның интеллектуалдық дамуыныың жалпы деңгейін нақты және сапалық жағынан анықтаған кезде қолданылады.Тесттерге нақты психодиагностиканың әдістері ретінде ерекше талаптар қойылады.

2.Зейінді дамыту үшін қандай арнайы жаттығуларды орындау керек:

Зейін - адамның психикалық әрекетінің белгілі бір нәрсеге бағытталып шоғырлануы. Адам өмірінде зейіннің алатын орны зор. Әсіресе, таным процесінде, білім алу ісінде маңызы ерекше. Шәкірттің сабақты түсіне қоймауы, есінде дұрыс сақтай алмауы, тапсырманы орындауда қате жіберуі оған дұрыстап зейін қоймаудан болады.Зейін қою, көбінесе, адамның айналысып жатқан іс-әрекетінің сипаты мен маңыздылығына байланысты. Сондай-ақ, ол адамның жеке бас ерекшеліктеріне, оның мүддесіне, талап-тілегіне, мақсат-мұратына, ерік-жігер сапаларына, темпераментіне, мінез бітіміне байланысты болады. Зейіннің физиологиялық негізін орыс физиологы, академик А.А. Ухтомскийдің (1875 – 1942) доминанта теориясы бойынша түсіндіруге болады. Бұл теория бойынша, сыртқы дүниенің көптеген тітіркендіргіштерінің ішінде біреуі миға күшті әсер етеді де, оның бір алабын ерекше қоздырады. Мидың осы күшті қозған алабы қалған алаптардағы әлсіз қозуды өзіне тартып отырады. Осыдан мидың күшті қозған алабы одан бетер күшейеді. Мұндай жағдайда адам зейінні бір нәрсеге шоғырланады да, қалған нысандарды байқамайтын болады.Адамның зейіні ырықты зейін, ырықсыз зейін және үйреншікті зейін болып үшке бөлінеді. Адам өмірінде ырықсыз зейін де елеулі орын алады. Ал ырықты зейін әрекеті саналы түрде белгілі ерік күшін жұмсау арқылы орындалады. Үйреншікті зейін адамның әдетіне айналып кеткен зейін. Ол арнайы күш жұмсауды қажет етпейді. Жеке адам зейінінің негізгі ерекшеліктеріне тұрақтылық, оның бір нысаннан екінші нысанға оңай ауысуы, бөлінуі, нысандарды қамту көлемі, алаң болмаушылық, т.б. жатады. Зейін тұрақтылығын зерттеуге арналған «Шатасқан сызықтар» əдістемесі.Балаға10шатасқан сызық бейнеленген сурет ұсыныныз əр сызықтың басында (сол жағында) жəне соңында (он жағында) өзінің нөмірі бар. Бірақ та бұл нөмірлер бір-біріне сəйкес келмейді. Баланы əр сызықтың басынан соңына дейін мұқият қадағалауын сұраңыз. Бұл жағдайда қалам, қарындаш немесе саусақ қолдануға болмайды. Бала сызықтың сол жағындағы, сосын оң жағындағы нөмірді дауыстап айтады. Барлық тапсырманы орындауға жұмсалған уақытты, жіберілген қателерді,жаңылыстарды жəне т.б. белгілеп отырыңыз. 6-7 жасар балалардың көпшілігі бұл тапсырманы 1-2 минут ішінде мүлде қатесіз орындай алады.2.Қабылдауды зерттеу əдістемесі. «Қандай бейне толық емес?» əдістемесі Қабылдаудың тұтастығын бақылау. Балаға таныс заттар бейнеленген суреттерді ұсыныңыз. Оның əрбір суретке мұқият қарауын жəне жетіспей тұрған бөлігін атауын сұраңыз

3.Темпераментті анықтау тесттеры:

Темпераментті Айзенк тестімен зерттеу.Темперамент (лат. temperamentum - бөліктердің қажетті арасалмағы) адамның психикалық іс-әрекетінің динамикасын сипаттайтын тұрақы жеке ерекшеліктердің: психикалық процестер мен күйлер ағысы қарқындығының жылдамдығының ырғағының - жиынтығы. Темперамент дегеніміз психикалық процестердің өтуінің динамикалық ерекшеліктерін және адам мінез-құлқын,олардың күшін,жылдамдығын,пайда болуын,тоқталуы мен өзгерісін сипаттайтын қасиеттер жиынтығы.Холерик,Флегматик,Сангвиник,Меланхолик. Холерик Бұл темперамент өкілі тездігімен, шапшаңдығымен, ұстамсыздығымен, тым қозғалғыштығымен ерекшеленеді.Флегматик Бұл типтің өкілі баяу, байсалды, асықпайды. Істі ойланып, төзімділікпен істейді. Сангвиник Бұл тип өкілі- еті тірі, қабілетті, қозғалғыш оқушы.Меланхолик Бұл темперамент өкілінде психикалық процесстер өте баяу жүреді.

Бұл тесті орта сынып оқушыларынан бастап ересек адамдарға дейін қолдануға болады.Мақсаты: баланың темпераментін және эмоционалдық тұрақтылығын (невротизмнің көрінісін) анықтау.Орындау ережесі: «сізге 57 сұрағы бар бланкі мен жауап парақ берілді. Сұрақтардың әрқайсысына «ия» немесе «жоқ» деген жауап беріп оны жауап параққа жазыңыз. Дұрыс жауапты табу үшін көп ойланудың ешқандай қажеті жоқ. Өйткені бұл тапсырмалар арқылы білімді немесе ақыл-ойдың даму деңгейі бағаланбайды, берілген сұрақтарға дұрыс немесе қате жауап жоқ. Әр адамың өз ойы өзіне дұрыс. Сондықтан ең бірінші ойға келген жауапты сұрақ номерінің тұсына жазыңыз».

Көрсеткіштер бойынша мінездеме.Сангвиник-экстраверт:тұрақты адам, әлеуметтендірілген, сыртқы дүниеге бағытталған, ашық-жарқын, қарым-қатынасқа құмар, кейде көп сөйлейтін, уайымсыз, көңілді, басшылыққа құмар, жолдас-жоралары көп, өмірсүйгіш.Холерик-экстраверт:айнымалы адам, ашушаң, қозғыш, ұстамды емес, агрессиясы анық байқалатын, оптимист, белсенді, жұмысқа қабілетті және көңіл- күйі тұрақсыз, стресс жағдайында -психопат.Флегматик-интроверт:тұрақты адам, байсалды, ашулануы қиын, ойшыл, іскер, ұстамды, сенімді, сыйысымды, қарым-қатынасқа жайлы, интеллектуал, жай қимылдайды, ұзақ уақытқа созылған қолайсыз жағдайда көңіл-күйін, ден- саулығын бір қалыпты сақтайды.Меланхолик-интроверт:тұрақсыз адам, мазасыздануы күшті, пессимист, сыртқы көрінісі бойынша сабырлы, бірақ эмоциясы терең, оған ұзақ уақыт бөленіп жүреді, ойшыл, интеллектуал, стресс жағдайында ішкі кернеуі күшейеді, депрессияға ұшырап, денсаулығы, жұмысқа қабілеті төмендейді.Зерттеу нәтижелері.Зерттелінген 36 оқушының басым көпшілігі холерик-экстраверт көрсеткіштеріне жақын болды. Сондықтан олармен әңгімелесу жүргізгенде холерик температінің ерекшеліктерін жан-жақты түсіндіріп, өзін-өзі тәрбиелеу барысында шалағайлықты, көп жұмысты үстіртін істейтіндігі, ұрысқақтығы оларға табиғи жақын қасиет екенін атап өтіп, олар өздерін тәрбиелеу барысында осы теріс көрсеткіштердің әсерін төмендетіп, холериктің батылдығын, жаңалыққа құмарлығын, кешірімділігін нығайту керек екндігін де көрсеттік.

Темпераментті Я.Стреляу тестімен анықтау.Мақсаты:темперамент типін және жүйке процестерінің тепе-теңдігін анықтау.Орындау ережесі: Тесте берілген 134 сұрақтарға жауапты талдау арқылы темперамент көрсеткіштері мен жүйке процестерінің жүру ерекшеліктерін анықтауға болады. Сұрақтарға жауапты ия, жоқ, білмеймін деп беру керек. Жауап дұрыс немесе қате болуы мүмкін емес. Әр адамның өз жауабы өзіне дұрыс және сол адамның өзіне тән ерекшеліктерін көрсетеді. Сондықтан, қойылған сұрақтардың ретін бүзбастан, онша көп ойланбастан, үш вариант жауаптың біреуін жауап параққа жазыңыз. Білмеймін деген жауапты сирек қолданған жөн.

Билет

1.Жастық шақтағы қалыптасуының заңдылықтарын көрсетіңіз: Жастық шақ – маңызды шешімдер қатарын қабылдайтын ересектікке өтудің аяқталуы, өмірлік циклдің айналымы болып табылады. Оларкәсіптаңдау, отбасын құру, жалпы өмір стилін және болашақ қанақты тапсырмаларды орындау, жаңа ересектік статуста және жаңа өмірлік жоспарда құндылық бағдардың коррекциялануы үлкен әсер етеді. Осы уақыт кезеңінде жоғары оқуорнында оқу, еңбекіс-әрекетінеараласу, некеқұру, бала сүюуақыты. Тұлғалықдамудыңбастыміндетіересектерәлеміне беку, өмірден өз орнын іздеу, жастар үшін дағдарыстық сипатқа ие. Біржағынан осы кезеңде дағдарыстан қашу адамның дамуын тежейді. Жастар осы уақыткезеңін, нақтырақайтқандадағдарыстыөтпелікезеңретіндеқабылдап, қуаттана бастайды және өзт ағдырын басқаруға қабілеттенеді.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-24; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1339 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Жизнь - это то, что с тобой происходит, пока ты строишь планы. © Джон Леннон
==> читать все изречения...

841 - | 710 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.