Лекции.Орг


Поиск:




Тақырып №1. Кинематика. Механикалық қозғалыстың сипаттамалары. Қозғалыс түрлері




ФИЗИКА» ПӘНІ БОЙЫНША

ДӘРІСТІК КЕШЕН

Мамандық: 0302000 «Мейірбике ісі» квалификация 0302013 «Жалпы практика медбикесі»;

Мамандық: 0304000 «Стоматология» квалификация 0304013 «Дәрігер-стоматологтың көмекшісі»;

Мамандық: 0307000 «Ортопедиялық стоматология» квалификация 0307013 «Тіс технигі»

Мамандық: 0308000 «Медициналық оптика» квалификация 0308013 «Медицина оптигі»;

Мамандық: 2942002 «Монтаж, техникалық қызмет көрсету және медициналық техникаларды жөндеу» квалификация 2942012 «Техник-электроник»

 

Теориялық сабақтар 72сағат

 

Курс: 1

Семестр: 1, 2

Бақылау формасы: диф/ сынақ, 2 семестр

 

 

Құрастырушының аты-жөні Қызметі Қолы
Талғат Н.Б физика пәнінің оқытушысы    
«Оқу бағдарламасы жалпы білім беру, жалпы гуманитарлық және әлеуметтік- экономикалық пәндер» бөлімінің ЦМК мәжілісінде қарастырылып, мақұлданды «___» ___________ 2016 ж.   Хаттама № ___   ЦМК төрайымы Асжанова М.А   _______________________

 

 

Алматы 2016


Тақырып №1. Кинематика. Механикалық қозғалыстың сипаттамалары. Қозғалыс түрлері

6.2 Сабақ міндеті:

1. Кинематика және механика бөлімін түсіндіре отырып, механикалық қозғалыстың сипаттамалары мен қозғалыс түрлерін қарастыру.

2. Білімгерлердің алған білімдерін іс жүзінде ұштастыруға, логикалық ойлау қабілеттерін, ойын технологияларын арқылы дамыту, компьютерлік сауаттылықтарын арттыру

3. Өзжеріне, еліне деген сүйіспеншілікке баулуды арттыру, оның қадір-қасиетін ұғынуға, іскерлікке, ұқыптылық тәрбиелеу.

6.3 Дәріс тезисі:

Механика – денелердің қозғалысын, оның заңдылығын, пайда болу себебін және оның өзгерісін зерттейтін физиканың бөлімі.

Механикалық қозғалыс – уақыт өтуіне қарай кеңістікте, басқа денемен салыстырғанда, дененің орнының өзгеруі.

Механиканың негізгі мәселесі – дененің кеңістіктегі кез келген уақыт мезетіндегі орнын анықтау

Кинематика

Кинематика – механикалық қозғалыстың себебін түсіндірмей, қозғалыстың математикалық сипаттамасын қарастыратын механиканың бөлімі.

Кинематиканың негізгі ұғымдары

Материялық нүктеқозғалыстың қарастырылып отырған жағдайында өлшемдері еленбейтіндей денені айтады. Мысалы: Бала мектептен үйге дейін 1км немесе одан да көп қашықтықты жүріп өтсе, материялық нүкте болып есептеледі. Бала ертеңгілік денешынықтыру жаттығуларын жасап жатқанда, материялық нүкте деуге болмайды.

Қозғалыстың салыстырмалылығы - әр түрлі денеге қатысты, дене әр түрлі қозғалады (тыныштық – қозғалыстың белгілі бір жағдайы). Мысалы: жүзгіш қайық үстіндегі бақылаушыға және жағадағы бақылаушыға қатысты, әр түрлі жылдамдықпен қозғалады. Қозғалыс траекториясыдене бойымен қозғалатын сызық.

S[м] ← Жүрілген жол – дене бойымен қозғалған траекторияның ұзындығы.

[м] ← Орын ауыстыру – қозғалыс траекториясының бастапқы

және соңғы нүктелерін қосатын бағытталған кесінді (сурет).

 

Өзінің сандық мәнімен қоса кеңістіктегі бағытымен де сипатталатын шамалар векторлық шамалар деп аталады. Мысалы, жылдамдық, орын ауыстыру, үдеу, күш, импульс, т.б. Вектордың сандық мәні оның модулі деп аталады. Векторларға амалдар қолдануда математика курсындағы векторларды қосу ережелері қолданылды.

 

Дене координаталары х0, y0 болатын М0нүктеден координаталары М (х,у) нүктеге S орын ауыстырды делік. Sх, Sу [м] ← Орын ауыстырудың Х, У осьтеріндегі проекциялары. Дененің бастапқы орнының координаталарын x0 және y0 деп, ал келесі орнының координаталарын – x және y деп белгілейміз. Суреттен x=x0+Sx, y=y0+Sy. Осыдан Sx = x- x0, Sy=y-y0.

 

Санақ жүйесі – санақ денесімен байланысқан координаталар жүйесі және уақыт өлшейтін прибор.

Координаталар жүйесі

а) бірөлшемді (соқпақ жол, трасса, т.б)

 

б)екі өлшемді (су бетіндегі жүзгіш, теңіздегі кеме, т.б)

 

в) үшөлшемді (ұшақ, ғаламшарлар, т.б.)

6.4 Үлестірмелі материал: электрондық кітаптар, тесттер, карточкалар

6.5 Пайдаланған әдебиеттер:

1. Физика: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы

10сыныбына арналған оқулық/ Б.Кронгарт, В.Кем, Н.Қойшыбаев.-Өңд., толықт. 2-бас. Алматы

Мектеп, 2010-384 б., сур.

2.Физика: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11

сыныбына арналған оқулық/ С.Тұяқбаев, Ш.Насохова, Б.Кронгарт, т.б.- Алматы: “Мектеп”

баспасы. -384 б., сур.

3.Савельев И.В. Жалпы физика курсы. – Алматы, Мектеп, 1,2,3 том, 2000

4.Волькенштейн В.С. Жалпы физика курсының есептер жинағы. – М., Наука, 2000

5.Иродов И.Е. Жалпы физика курсының есептер жинағы. М: Наука, 2006

6.6.Бақылау сұрақтар:

1. Кинематика дегеніміз не?

2. Қозғалыс түрлері жайында не білесіңдер?

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-24; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 5370 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Большинство людей упускают появившуюся возможность, потому что она бывает одета в комбинезон и с виду напоминает работу © Томас Эдисон
==> читать все изречения...

1024 - | 837 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.