Лекции.Орг


Поиск:




А) Әлемге танымал Інжілдер




1а) Матфейдің Інжілі: Матфей – Иса пайғамбардың 12 шәкіртінің бірі. Ол Иса пайғамбармен кездескенге дейін Палестинаның Галилей ауданында тұрып, салық жинау- шы қызметін атқарады. Ал, Иса пайғамбардың өлімінен кейін христиандықты жаю үшін Эфиопияға кетеді. Жан- жақта Иса пайғамбардың жүрген жолымен жүрушілерді қуғындау, азаптау, өлтіру әрекеттері аяусыз жүріп жатқан сәтте Матфей де Эфиопия патшасының жендеттерінің қолынан 70 жылдары азаппен өлтіріледі.

Матфей өзінің Інжілін иврит тілінде жазған. Ал кей- бір тарихшылар болса, оның көне Сирия тілінде жазылған деген тұжырым жасайды. Дегенмен, негізгі нұсқа уақыт өте келе жоғалып кетеді де, Грек тіліне аударылып жазылған Інжіл пайда болады. Матфей Інжілінің нақты қай жылы жазылғандығы жайлы дерек жоқ, тек жорамал ғана бар. Сол жорамал бойынша оны 37, 38, 43, 48 не- месе 64 жылдары жазылған дейді. Бас-аяғы 28 тараудан тұратын Матфей Інжілінде, Хазіреті Исаның мәсихтігі мен оның шежіресі сөз болады.

2а) Марктің Інжілі: Тарихшылардың айтуынша, оның аты Иоанн, лауазымы Марк және ол хауарилердің129 көсемі Петрдің шәкірті. Ал тегі еврей, Иса пайғамбар кезінде Ирусалимде тұрған. Оның отбасы Иса әкелген жаңа дінді алғашқы қабылдағандардың бірі болып сана- лады. Марк Інжілінің қай уақытта, кім жазғандығы нақты белгілі емес. Кейбір деректер бұл Інжілді хауарилердің көсемі Петр жазған дейді. Алайда, Марк жазған деген де дерек кездеседі. Марк Інжілі 16 тараудан тұрады, онда Хазіреті Исаның өмірбаяны қарапайым, ұғынықты тіл- мен жазылған. Сонымен қатар, мұнда яһудилердің салт- дәстүрлеріне қатысты да мәселелер айтылады. Бұл Інжіл шамамен 56, 63 немесе 65 жылдарға дейін жазылған.

3а) Луканың Інжілі: Бұл Інжілдің авторы хауарилердің санатынан емес. Тіпті, Інжілде Лука жайында көптеген күмәндар, жорамалдар айтылған. Яғни Луканың кім болғандығы, қашан жазғандығы, кімге арнағандығы жайында әр қандай пікірлер кездеседі. Інжіл Шарифте- гі деректерге сүйенсек, Лука Хазіреті Исаның алғашқы шәкірттерінің қатарында болмағанымен Масихтің тура жолымен жүруші, әрі Павел және оның қызметкерлерімен сапарлас болған жан. Негізгі мамандығы дәрігер болған Лука, бұл Інжілді 60-85 жылдары жаза бастайды. Бұл Інжілдің құрылымы 24 тараудан тұрса, мазмұны Хазіреті Иса пайғамбардың өмір тарихы мен ғибратты кеңестеріне құрылған.

4а) Иоанның Інжілі: Иоан Інжілі жайында көптеген тұманды деректер бар. Себебі, Хазіреті Исаның шәкірті Апостол Иоанның жазған еңбегінің орнына, екінші ғасырда басқа Иоанның жазған нұсқасы Інжіл кітабына еніп кет- кендігі туралы айтылады. Мәселе осылай болғандықтан, Иоан Інжілі сөз болып отырған нұсқасы алғашқы үш Ін- жілге қарсы пікірде жазылған болып шығады. Деректерге сүйенсек, Азия шіркеуінің басқармасы сол кезеңдегі таны- мал философ Иоанға Исаны Құдай етіп, Інжіл жазуын тап- сырады. Бұл тапсырма 96-жылы берілген болса, араға төрт жыл салып, шамамен 100-жылы Иоан оны тәмәмдайды. Сөйтіп кейінірек шіркеулер бұл кітапты «Апостол Иоанның Інжілі» деп атауға шешім қабылдайды.

Апостол Иоанның Поликарп деген шәкірті болған. Ал Поликарптың Аринус есімді шәкірті Иса пайғамбардың дінін уағыздаушылардың бірі еді. Міне, сол Аринусқа Иоанның Інжілін көрсеткен кезде ол кітапты қабыл етпей- ді. Өйткені оның ішінде Исаны (а.с.) құдайландырумен байланысты жайттар жазылғандықтан бұл деректердің Апостол Иоанның Інжіліне ешқандай қатысы жоқ бола- тын.

Иоан Інжілі (Жохан Інжілі) 21 тараудан тұрады, мазмұны негізінен Иса пайғамбардың Құдайдың ұлы екендігі туралы болып келеді.

5а) Варнава Інжілі: Христиан монахтары жоғарыда

айтылған 4 Інжілден өзге Інжілдерді отқа жағып, сол Ін- жілдерді қолдаушыларды үнемі қуғынға ұшыратып отыр- ды. Онымен қоймастан кейбір Інжілдердің оқылуына қатаң түрде тыйым салынды. Міне, сол тыйым салынған Інжілдің бірі Апостол Варнаваның Інжілі болатын. Хауарилердің санатындағы Варнава Хазіреті Исаның шәкірті әрі Марктің ағасының баласы еді.

Христиандықтың негізін қалаушы тегі яһуди Павел бастапқыда Хазіреті Исаның дініне мойынсұнбай, тек 40- жылдары ғана иман келтіреді. Сөйтіп, Хазіреті Исаның шәкірттерімен қарым-қатынас құруға ниеттенеді. Бірақ, хауарилер оның иманының кәмілдігіне сене қоймайды. Алайда ақкөңіл, қайырымды Варнава Павелді өзіне тартып, өзге Апостолдарға жолықтырып, Хазіреті Иса пайғамбардың айтқандарын үйрете береді. Павелді өзі қайда барып үгіт-насихат жасаса, сонда бірге алып барып жүреді. Бірде, Кипр аралына жаңа дінді уағыздау үшін Варнава өзінің достарымен бірге барғанда, Павел де солардың арасында болады. Олар көп құдайлық сенімнің өкілдері болып табылатын Кипрліктерге уағыз-насихат жасау барысында бірқатар тосын жайттар не кереметтер көрсетеді. Мұндайды көрмеген жергілікті жұртшылық оларды тәңірі деп таңдай қағады. Апостолдар болса, оларға өздерінің ешқандай да Құдай емес, керісінше Құдайдың жаратқан құлдары екендіктерін айтып әбігерге түседі.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-24; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 707 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Если вы думаете, что на что-то способны, вы правы; если думаете, что у вас ничего не получится - вы тоже правы. © Генри Форд
==> читать все изречения...

761 - | 770 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.