Лекции.Орг
 

Категории:


Нейроглия (или проще глия, глиальные клетки): Структурная и функциональная единица нервной ткани и он состоит из тела...


Электрогитара Fender: Эти статьи описывают создание цельнокорпусной, частично-полой и полой электрогитар...


Макетные упражнения: Макет выполняется в масштабе 1:50, 1:100, 1:200 на подрамнике...

Азіргі замандағы әлемдік діндер



Дін – адамның қоршаған әлем мен тұрмыстық дүниелерді тануының ерекше пішіні, сенімге негізделеді. Сенімнің орын алуы құндылықтардың арнаулы жүйелерін жүзеге асыру мен қалыптастыруға негізделеді, сол сияқты ойлаудың мөлшері мен мінез-құлық, болмыстың үлгілерін қалыптастырып, адамдардың діни ұйымдарға бірлесуіне түрткі болады. Бұл мағынада дін қоғамдық сананың пішіні ретінде орын алады. Ежелгі адамдар, өздерінің діндерін құра отырып, таза этникалық қажеттіліктерге назар аударды және өз құдайларының көмектеріне сүйенеді. Уақыт өте келе, бір діни нанымдар мен сенімдер ығыстырыла бастады, енді біреулері осы уақытқа дейін жалғасын табуда. Олармен бірге ұлттық алғышарттары тығыз байланыста орын алған діндер орын алуда. Олар сол пайғамбарлары шыққан халықтың армандары мен мүдделеріне қатысты болып қоймады, сонымен бірге әр түрлі материкте, әр түрлі мемлекеттерде орын алған олар адамдардың жаны мен ақылдарын иелік етеді. Олар әлемдік діндер болып саналды.

Әлемдік дін – бұл дін, яғни белгілі территорияда кең таралымға ие болады және белгілі әлеуметтік қауымдастықта , әр түрлі әлемнің елдері мен түрлі континенттерінде сипат алады [1]. Әлемде белгілі нақты өлшемдер орын алған, яғни әлемдік діннің белгілі бір түріне лайықтандырылады. Бұл стандарттар ЮНЕСКО тарапынан ұсынылады:

§ адамдардың ірі қауымдастығының бірлестігі;

§ көптеген елдердегі әр түрлі халықтардың арасында ізбасарларының болуы.

Кеңестік ғылымда бағалаудың қосымша өлшемдері қолданылды, яғни басқа діндерді ығыстыруға жағдай жасап, әлемдік дін үшін лайықты деп есептелмейді:

§ әлемдік дін ұлттық кірігудің анықтаушы факторы болмауы тиіс;

§ айқын да нақты философиялық мектептің ұқсас бағыттар бойынша жеткілікті қалыптастырылуы;

§ әлемдік тарихтың қозғалыс барысына ықпал, әлемдік өнер және тағы басқасы, оның үстіне, әлемдік діннің мәдениеті барлық елдерде абсолютті тұрғыда ұқсас болып сипатталмайды [2]. Бұл өлшемдер бойынша үш негізгі әлемдік дін орын алады: буддизм, ислам, христиандық. Олардың екеуі (христиандық пен ислам) аврамдық діндер деп аталатын дін қатарына енеді. Буддизм дінге қарағанда философия деп санауға лайықты.

Дүние жүзінің діни жүйесінде анағұрлым кең таралған дін түрі - христиандық, біздің дәуірімізге дейін I ғасырда пайда болады Иудейде – Рим империясының шығыс провинциясында. Христиандық негізінде - құдай-адам Иисус Христ туралы ілім, оның ұлы Құдаймен, яғни адамдарға мейірімді әрекеттерімен келіп, өмір сүрудің қағидаларын алға тартады. Ол адамдардың күнәларын кешіріп, дін жолымен олардың көрген қорлықтары мен қиындықтарын крест арқылы жеңілдету шараларын жолға қояды . Христиандардың Қасиетті Жазбасы - Библия өз алдына мынадай әңгімелер жиынтығын құрайды, яғни Құдай адамды іздеген, бұл Құдайдың адамдарға қарата айтылған пікірі.

Христиандық – күнә идеясы мен адамдарды құтқару. Адамдар құдайдың алдында күнәһар, бұл нақты айтқанда оларды тепе-тең қалыпқа түсіреді. Христиандық адамдарды әлемнің бүлінуі мен қатыгездіктен қорғап, әділдік пен қайырымдылыққа шақырды. Қатыгездік әрдайым жазаланады, ал мейірімділік әрекеттер марапатталады, жоғарғы сот жүзеге асады және әр тұлға өзінің іс-әрекетіне қарай лайықты жазасын алады [3].

1054 жылы христиандық шіркеудің негізгі алғышарттары жүзеге асады, ыдырау сипат алады Шығыс (православ орталығымен Константинопольдегі (қазір Стамбул) және Батыс (католиктік) Ватикандағы орталығымен. Анағұрлым берік ұстаным христиандық Еуропа, Америка және Австралия елдерінде сақталады. Православ негізінен шығыс Еуропа мен Жақын Шығыс халықтарыныңі арасында нақты орын алады. Православ өкілдерінің ішінде анағұрлым сандық көлемі жағынан көп ұлттар — орыстар, украиндықтар, белорустар, гректер, румындар, сербтер, македондықтар, молдавандар, грузиндер, карелдер, коми, сол сияқты Поволжья халықтары (мари, мордва, удмурттар, чуваштар). Православтардың ошағы АҚШ-та, Канадада, Батыс Еуропаның бірқатар елдерінде орын алады. Католиктік Солтүстік және Оңтүстік Америкада кең таралған. Католиктерге итальяндықтар, испандықтар, португалдықтар, француздардың бір бөлігі, белгиялықтардың көп бөлігі, австриялықтар мен немістердің бір бөлігі енеді (ГФР оңтүстік өңірі), поляктар, литвалықтар, хорваттар, словендіктер, венгерлердің көп бөлігі, ирландықтар, украиндықтардың кейбір бөліктері ( униаттық немесе грек-католиктік негізде). Азиядағы католиктіктің ірі ошағы болып Филиппиндер саналады (испандық отарлаушылардың ықпалы). Көпшілік католиктер Африка, Австралия, Океания елдерінде [4].

Әлемдік діндердің ішіндегі ең жасы - ислам, б.э.д. VII ғасырда бастау алып, Арабия жартылай аралының араб тайпаларының арасында негізі қаланады. Исламның ізбасарлары - 1 млрд-тан астам адам. Негізін қалаушы – Мұхаммед, тарихи тұлға, 570 жылы Мекке қаласында дүниеге келеді. Меккеде аса құрметті деп саналатын орын болды, араб тілінде — Қағба. Мұхаммедтің анасы оған алты жас толғанда қайтыс болады, әкесі ұлы туғанша қайтыс болады. Мұхаммед атасының қолында тәрбиеленеді, көпке қадірлі, бірақ кедей тұрады. 25 жаста ол күйеуі қайтыс болған бай әйел Хадиджаның шаруашылығын басқарушы болады, біраз уақыттан кейін оған үйленеді. 40 жасында Мұхаммед діни уағыздаушы ретінде халықтың алдына шығады. Ол өзін Құдайдың (Алла) пайғамбары етіп тағайындағанын түсіндіреді. Уағыз Меккенің басында отырғандарға ұнамайды, Мұхаммедке 622 жылы Ясриб қаласына қоныс аударуға тура келеді, кейінірек Медине атауына өзгертіледі. 622 жылы мұсылмандық ай күнтізбесі бойынша жыл басы, ал Мекке — мұсылман дінінің орталығы болып саналады. Мұсылмандардың қасиетті кітабы Құран өз алдына Мұхаммед пайғамбардың уағыздарының өңделген жазбасын құрайды. Мұсылмандардың аят-хадистерінде Суннаның рөлі ерекше – Мұхаммед пен Шариаттың өмірлері туралы өсиет әңгімелерден тұрады — мұсылмандар үшін міндетті болып саналатын ережелер мен принциптердің жиынтығы. Мұсылмандар үшін ең үлкен күнәнің бірі -өсім алушылық, араққа салынушылық, құмар ойындары мен ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген адалдықтарының болмауы. Адамдар мен жануарларды бейнелеуге тыйым салынды, сол үшін мұсылмандардың мәдени ғимараттары – мешіттер – тек қана ою-өрнекпен көмкеріліп, безендіріледі. Исламда руханилықтың қағидалары басшылыққа алынады. Молда (дін қызметкері) кез келген мұсылман болып саналады, ол Құранды жақсы білуі қажет, сол сияқты мұсылмандық заңдар мен құдайға сыйынудың ережелері мен қағидаларын меңгеруі шарт. Мұсылманның ислам шарты бойынша негізгі міндеттері бесеу –ғибадат ету, құлшылық, дұға оқу, садақа беру және қажылық [5].

VII ғасырдың екінші жартысында негізі қаланған ислам екі тармаққа жіктелген: суннизм мен шиизм. Сунниттер мұсылмандардың 80% -ға жуығын құрайды. Шиизм Иран мен Оңтүстік Иракта бар. Бахрейнде, Йеменде, Азербайжанда және Тәжікстанның тұрғындарының жартысы — шииттер.

Суннизм мен шиизм бірқатар секталардан тұрады. Суннизмнен ваххабизм шықты, ол Сауда Аравиясында күшіне енген, шешендер мен Дағыстанның кейбір халықтарының арасында кең таралған. Негізгі шииттік секталар - зейдизм мен исмаилизм, атеизм мен буддизмнің ықпалы басым [4].

Әлемдік діндердің ішінде ең ежелгісі - буддизм, яғни Үндістанда б.э.д. І мыңжылдықтың ортасында туындаған. Одан кейін Үндістанда 15 ғасыр бойы билік еткен буддизм орнын индуизмге береді. Алайда буддизм широко Азияның Оңтүстік-Шығыс елдерінде кең таралады, сол сияқты Шри-Ланкаға, Қытайға, Кореяға, Жапонияға, Тибетке, Монголияға таралады. Буддизм жақтастарының саны жуық шамамен - 500 млн. адам. Негізін салушы - Сиддхартха Гаутама Шакъямуни, халық арасында – Будда атауына ие, бұның мағынасы – көңілі көтеріңкі, шаттанған, ол княз отбасынан болады. Ол өте ауқатты отбасында өмір сүреді және 29 жасқа келгенше сарайдың маңынан шықпайды. Жан-дүниесінің түрткісі жас сұлтан үшін төрт кездесу болып саналады. Ең басында ол қартайған шалды көреді, әрі қарай қиналыстары мен өлу сәтіндег жағдайларды елестетеді. Осылайша Гаутама кәрілікті, сырқаттылық пен өлімді біледі — бұл барлық адамдарға лайықты екендігін аңғарады. Содан кейін ол кедейліктің күйін кешкен шалды көреді, оған бұл өмірден еш нәрсенің керегі жоқ. Бұның барлығы жас сұлтанды қатты ойға батырады, адамдардың тағдырлары туралы терең ойға батырады. 29 жасында ол тақуа жанға айналып, өмірдің сырын ұғынғысы келеді. Терең ойлау мен пайымдаудың нәтижесінде ол 35 жасында Будда атанады — кемеңгер тұлғаға айналады. Буддизмнің негізгі идеясы – 4 ізгілікті, игі шынайылық болып саналады: өмір – бейнет, азап шегу; бейнет, азап шегу себептері - адамдардың ынта-жігері мен ұмтылыс-құштарлықтары; азаптардан құтылуға болады, яғни лайықты жолдары мен амал-тәсілдері бар.

Христиандық пен исламнан айырмашылығы буддизмде Құдайды әлемнің жаратушысы және оның басқарушысы деген идея орын алмайды. Буддизм ілімінің мәні әр адамды ішкі еркіндікті іздеу жолына шақырады, өмірде ізгі жолдарды серік етуге жұмылдырады [5].

Бірінші мыңжылдықтың басында буддизм екі тармаққа ажырады. Олардың біріншісі- тхеравада, немесе хинаяна, — сенушілерден тақуалық жолдан өтуге шақырады. Олардың ізбасарлары — тхеравадиндер —Мьянмде, Лаоста, Камбоджада және Таиландта өмір сүреді (бұл елдердің 90%-ға жуық тұрғындары ), сол сияқты Шри-Ланка тұрғындары ( 60%).

Буддизмнің тағы да бір тармағы — махаян — миряндықтардың да қорғануға дәрмені бар екендіктерін айғақтайды. Махаян ізбасарлары көбінесе Қытайда (оның ішінде Тибетте), Жапонияда, Кореяда, Непалда. Буддистердің кейбіреулері Пакистанда, Үндістанда, сол сияқты Солтүстік және Оңтүстік Американың қытайлық және жапондық иммигранттарының ортасынан да табылады

 

 

Синтоизм діні

Синтоизм – бұл Жапонияның VІ-VІІ ғасырларда қалыптасқан дәстүрлі діні. "Синто” ("құдайлар жолы”) ежелден жапондықтар дәріптейтін құдайлар мен рухтар әлемін ("ками”) білдіреді. Синтоистер өздерінің діндерін күн құдай-анасы және жапон императорларының ілкі анасы саналатын Аматэрасудан бастау алады деп есептейді. Аматэрасу – синтоистік құдайлар пантеонының басты құдайы.

Синтоизм қағидалары VІ-VІІІ ғасырларға жататын басты үш дереккөзге негізделген, олар: "Кодзики”, "Нихон секи” (тарихи-жылнамалық жинақ), "Синсэн седзироку” (генеалогиялық тізімдер)

Синтоизм жапондық дүниетанымды қалыптас­тыруда маңызды рөл атқарды, ол басты бес концепцияға негізделді. Бірінші концепцияға сай, әлем өздігінен пайда болған, әлем жоғарғы күш арқылы емес, өздігінен реттеліп отырады. Екінші концепция жер бетіндегі өмір қуатын сипаттайды. Үшінші концепцияда табиғат пен тарихтың бірлігі, әлемнің тірі және тірі емес деп бөлінбеуі (себебі табиғаттың барлық құбылыстары мен адамда камилер өмір сүреді) айтылады. Камилер осы әлемде тіршілік ететіндіктен, о дүниеден пана іздеудің қажеттілігі жоқ. Төртінші концепция көпқұ­дайлықты көрсетеді, себебі синто­ның өзі жергілікті табиғат культ­терінен, жергілікті, рулық және тайпалық құдайларға табынудан пайда болған. ХХ ғасыр тізімде­месіне сәйкес синтоның құдайлар пантеоны 3132 құдайдан тұрған, кейінірек олардың саны едәуір өскен. Бесінші концепция бойынша синто жапон ұлтымен етене бай­ланысты, дегенмен, бұл жақындық жапондыққа кез келген басқа дінді ұстануына кедергі жасамайды.

Синто дінінде әр түрлі культ­тердің ортақ сипаттары біріктіріліп, біртұтас рәсімділіктің күрделі жүйесі жасалды. Синтоистік діни табынудың негізінде Аматэрасуға дейінгі ататектен бастау алатын ата-баба культі жатыр. Адам әлемі "ками” әлемінен бөлінбеген­діктен, белгілі мағынада адамның өзі де "ками” болып табылады, сондықтан оған о дүниедегі аман қалуды іздеу жат нәрсе. Діни тазалық "камиге” және өз ата-бабаларына деген қастерлеуді, табиғатпен үйлесімді өмір сүруді, құдайылықпен рухани байланысты қажет етеді. Синтоизм этикасы өте қарапайым: иррига­ция­лық жүйелерді бұзбау, қасиетті орындарды тазалықта ұстау, жан-жануарларға қамқорлықпен қарау.

Аматэрасу культінде айна, семсер және яшма тасынан жасалған әшекейлер бейнеленген. Оларды мифологиялық дәстүрге сай, құдай ана жа­пондықтардың алғашқы императоры ретінде немересі (кейбір деректер бойынша күйеуі) Нинигиді жерге аттандырар алдында оған тарту етіп, бүкіл әлемді нұрға бөлеп, билік құруды, бағынбағандарды бағын­дыруды өсиет етеді. Мифтегі айна – адалдықты, семсер даналықты рәміздейді. Бұл қасиеттердің бәрі император тұлғасында толық көрінісін табады. Синтоистік храмдар кешеніндегі ең негізгісі Исэдегі храм – Исэ дзингу (VІІ ғ. соңында негізі қаланса керек). Исэ дзингу Аматэрасудың храмы болып саналады.

Синто дамуындағы маңызды кезең – "Исэ синто” тұжырымдамасының қалыптасуы. Оның басты мақсаты – император культін нығайту. Бұл тұжырымдама пайда болуының бір себебі моңғол шапқыншылығы және одан кейінгі (1261-1281 жж.) кезеңдегі храмдардың, әсіресе, Исэ дзингу храмының ықпалы мен беделінің артуы болды. Осы уақытта император әулетінің ілкі тегі әрі қорғаны исэні мекендейтін Аматэрасу культі өте кең таралды. XVІ ғасырдың екінші жартысында "Исэ синтоның” дамуы белгілі бір адамды құдай деп қарауға жол ашатын жаңа культтің пайда болуына әкелді. Оған императорлық әулетке жақындық емес, сол адамның ірі саяси және қоғамдық еңбегі негіз болды. Бұл XІІ ғасырдың соңында-ақ елде қалыптасқан жағдайды, билікке әскери-феодалдық ақсүйектердің (самурай­лардың) келуін бейнеледі. Олар император әулетінің билігін синто культінің саласымен ғана шектеді. Сөйтіп императорда таза номиналды билік қана қалды. Феодалдық диктатор Ода Нобунага (1534-1582 жж.) елді біріктіру үшін күрес барысында өзін ками деп жариялап, өзіне камидей табынуды талап етті. Оның әріптесі диктатор Тоетоми Хидэйсиде (1576-1596 жж.) құдай деп танылды. Токугава Иэясу (1542-1616 жж.) сегунның (әскери-феодалдық басқарудың басшысы) өсиеті бойынша оның аруағына табыну үшін бірнеше храмдар мен шырақ орындары салынуы керек болды.

Токугава династиясы (1603-1867 жж.) билік құрған кезеңде конфуцийшілдіктің әр түрлі ағымдары синтоны этикалық идеялармен байытып, синто-конфуцийшілдік синкретизмі күшеюінің ауқымды негізін қалады. Тарихи деректер негізінде импера­торлық билік культі мен институтын негіздеуді мақсат еткен мектептер қалыптасты. Көне мифологиялық жинақтарға сүйенген бұл мектептер жапон императорлары әулетінің құдайылық тегі мен іс-әрекеттерінің нанымдылығы идеясын жан-жақты баяндап, насихаттайды. Олар "ұлттық” бірегейліктің бейнесі мен бастауы ретіндегі "тэнно” (император) рөліне басты назар аударады. Ұмытылған Жапон "жолы” — "мити” (қытайша – "дао”) даналығы қайта өркендеп, "көне синто” ("фукко синто”) қал­пына келтірілді. Императорды қорғау, императорлық билікті реставрациялау идеялары сегунат жүйесін құлатуға бағытталған оппозициялық қозғалыстың идеологиялық негізіне айналды.

XІX ғасырдың ортасындағы ел есігінің ашылуы, шетелдіктердің келуі мен батыс мәдениетінің ағыны тұрғындардың басым көпшілігінің тұрмысын қиындатып жіберді. XX ғасырдың басында Мито мектебінің ғалымдары, әсіресе, оның көрнекті өкілі Аидзава Сэйсисайдың (1781-1863 жж.) "сонно дзей” (императорға табыну, варварларды қуу) ұраны қоғамның әр түрлі таптары тарапынан, оппози­циялық самурайлар арасынан қолдау тапты. Шетелдіктерге және сегунға қарсы қозғалыс бір ұранның төңірегіне шоғырланды.

Сегунат жүйесінің талқандалуына алып келген күрестің аяқталуы және императорлық биліктің реставрациялануы, Жапонияның жаңа жолды таңдағанын – елдің жаңартылуын, қоғамдық өмірдің, соның ішінде діни сананың да өзгертілуін білдірді. Алайда алған мақсаттарға жету үшін жаңа өкімет органдарына елдің тарихи қалыптасқан ұлттық ерекшелігімен және мәдениеттің өзінділігімен санасуға тура келді. Бұл бағыттағы оңтайлы жол "вакон есай” – "жапон рухы, еуропалық білім” қағидаты болып көрінді.

1868 жылдың наурызында діни ритуал (әдет-ғұрып) жүйесі бірлігіне қайтып оралу және мемлекеттік істерді басқару (дін мен саясат бірлігі) туралы жарлық жарияланды. Дзингихан – "көк” және "жер” тәңірлері ісі жөніндегі басқарма қалпына келтірілді, жапон тарихының мифологиялық кезеңі император Дзимму таққа отырған – "Жапон империясының негізі қаланған б.з.б. 660 жыл” жыл санаудың бастауы деп жарияланды. Сонымен қатар, император әулетінің діни және саяси беделін көтеру үшін көне синтолық рәсімділік қайта жаңғыртылды. Император культі – тэнноизм, көп құдайлықты жалғыз "тірі құдайға” табынумен алмастырып, мем­лекеттік синтоның негізіне айналды. Тэнноизмнің теориялық негізі – ұғымдардың күрделі жүйесі "кокутай” (мағыналық аудармасы "ұлттық мән”, сөзбе-сөз "мемлекет тәні”) болды.

Кокутайдың компоненттері – жапондықтардың шығу тегі мен мемлекеттілігінің "құдайлық” бастауы, ғасырдан ғасырға жалғасқан императорлық әулет, жапондықтардың менталитеті мен моральдық із­гі­ліктері ретінде танылған императорға берілгендік пен үлкенді сыйлаудан көрініс тапқан ұлттық ерекшелік.

Тұтас алғанда мемлекеттік синтоға император отбасының ұлағаты болып табылатын династиялық синто, жалпы жапондық және аймақтық құдайларға табынатын храмдық синто; қасиетті рәсімдер атқарылатын храмның кішкене көшірмесі – үй камиданы кірді.

Жапония екінші жаһандық соғыста жеңіліс тапқан соң, жалпы демократиялық өрлеу жағдайында ел демократиялануға бағыт алды. Осы орайда милитаризм мен тэнноизмнен тазару шаралары жүргізілді.

1946 жылғы жаңа жылдағы халыққа жолдауында император Хирохито шыққан тегінің құдайылығынан бас тартты. Білім беру жүйесінде прогресшіл ре­формалар жүргізілді, император культіне негізделген моральдық тәрбие тыйылды. 1947 жылғы Консти­туция император статусын өзгертіп, енді ол "мем­лекет пен ұлттық бірліктің рәмізі” деп жарияланды. Бі­рақ мемлекеттік синто түбегейлі өзгеріске ұшы­ра­мады. Тэнноизмді жаңғырту саясатының басты бағы­ты – синтоизмді мемлекеттік дінге айналдыру болды.

1946 жылы жоғарғы синто басшылығы "Син­толық храмдар ассоциациясын” ("Дзиндзя хонте”) құрды. Ол храмдарды басқарудың біртұтас орталықтандырылған жүйесін сақтап қалуға мүмкіндік берді. Ассоциацияға олардың басым бөлігі – 78 мыңнан астамы кірді. Бұл бұрын мемлекетке тиесілі болған храмдық жерлерді храм меншігіне қайтарып алуға мүмкіндік берді.

1952 жылы император сарайында болатын рәсімдер ресми мемлекеттік рәсім сипатын алды. 1959 жылы мемлекеттік акт ретінде Акихитоның (билік етуші Хирохитоның ұлы) мұрагер ретінде жариялануының және оның үйлену тойының синтолық рәсімдері жасалды. Мемлекеттік синто идеяларының нығайған кезеңі – обарай рәсімі – барлық жапон ұлтының жамандықтан тазару рәсімінің қайта жаңғыруы болды. Бұл рәсімге дін басының қатысуы ұлттық дін мен императорлық биліктің бірлігін байқатты.

Императорлық әулет пен халықтың "құдайылық” тегі туралы деректер келтірілген тарихтың мифологиялық кезеңі қайтадан мектеп оқулықтарына енгізілді. Тэнноизмді қалпына келтіруде император үшін қаза тапқан жауынгерлерге арналып 1868 жылы Киото қаласында тұрғызылып, буржуазиялық революциядан соң Токиоға көшірілген Ясукуни храмының маңызы зор болды. Храм әскер мен әскери-теңіз флоты қарауында болды.

1969 жылы "Синтолық храмдар ассоциациясы” негізінде "Синтолық саяси лига” – мемлекеттік басқару ісіне араласуды ашық мақсат еткен ұйым құрылды. 1989 жылғы қаңтарда император Хирохито қайтыс болды. Синто жүйесі тақты мұралау шарасындағы барлық рәсімдер кешенін белгіледі. "Құдайлық регалияларды”, мемлекеттік және императорлық мөрді тапсыру, лазауымды адамдарды өкімет шешімімен императордың алғашқы қабылдауы тек діни рәсімдер ретінде ғана емес, мемлекеттік акт ретінде өткізілді.

Синто бүгінгі күндері жедел қарқынмен жаңғыртылуда. Синтолық ұйымдар индус­триялық дамыған өз елдерінің барлық саласына белсене араласады, әлеуметтік өмірге ат салы­сып, қоғамның әр түрлі салаларына өз ықпал­дарын күннен-күнге арттырып келеді. Ең алды­мен? бұл синтолық қауымдарда жүргізі­летін көп салалы жұмыстарға қатысты. Қаладағы немесе ауылдағы әрбір орам белгілі бір храмға қарайды. Соңғы жылдары синтолық при­ходтардың қызметкерлері халық арасында мәдени-ағартушылық шараларды іске асырады, синто, буддизм, конфуцийшілдіктің тарихы мен дамуына байланысты ғылыми-зерттеулер жүргізіледі.

 

Ежелгі діни наным сенім

Тотемизм. Алғашқы діндер ұзақ даму эволюциясынан өтті. Қоғаммен бірге дінде дамыды. Алғашқы діндердің бірі тотемизм не- месе тотемге табыну. Тотемизм – адамдардың жануарларға, ағаштарға, құстарға, аңдарға ерекше бір қасиеттердің иесі ретінде табынуы. Сонымен қатар түрік тектес халықтардың барлығы да ортақ табынған киелі, тотем жануарлары – әсем марал, көк бөрі, бүркіт екендігі бұрыннан белгілі. Көк түріктер мемлекетінің туында көк бөрінің, қият Шыңғысхан құрған монғол мемлекетінің байрағында сұңқардың суретінің болуы кездейсоқ емес. Анимизм (лат. anima – рух, жан) – заттық дүние құбылыстары- ның жандылығын бiлдiретiн термин немесе жансыз дүниенің жаны бар деп түсіну және соған табыну. Анимизм терминiн ғылыми қолданысқа ағылшын этнографы және мәдени антропологы Э. Б. Тайлор (1832-1917) енгiзген. Анимизмнің көрінісіне қазақы дүниетанымдағы «киелi», «қасиетті» жер бедерлерi мен атаулары жатады. Табиғат аясындағы мәдениет үшiн қоршаған орта киелi таулардан, құтты өзендер мен көлдерден, ағаш-бұталардан, т.б. тұрады. Ағаштарға киелі деп шүберектер байлап кету және сол ағаштардан қандай да бір жәрдем қорған сұрау анимизмнің белгілері. Анимистік әдет-ғұрыптар дәстүрлік сипатқа ие болған және олардың ешқандай діни сипаты жоқ. Анимистік діни ұғымдар солтүстіктің аз халықтарында нанай- ларда, ненецтерде, эвенкілерде, хахастар, буряттарда, т.б. көбірек кездеседі. Фетишизм – (французша тұмар, қасиетті күші бар зат дегенді білдіреді) жансыз материалдық заттар тасқа, ағашқа, сүйекке, малдың бас сүйегіне, тіске, тағы басқаларға табыну, оларды қамқоршы көру. Көбінесе алғашқы қауымдық құрылыс, көне мәдениеттерге тән жан- сыз заттарға қасиетті деп табыну. Кейінірек тас мүсінді құдай, пұттар, ескерткіштер жасап соларға табыну. Фетиштер арқылы рухани киелі күштер әрекет етеді, қамқорлық көрсетіп, қорғап қоршайды деген 14 15 түсінік алғашқы адамзаттың мифологиялық санасына сай туындаған болатын. Фетишизм ретінде әрбір затты қарастыруға болады, тек ол үшін сол затқа өзіндік күш-қуат берілсе болғаны. Терминді ғылыми айналымға ағылшын саяхатшысы Дж. Лонг енгізген. Магия (лат. magia грекше.сиқыршылық) алғашқы қауымдық дін формаларының бірі. Магиямен байланысты дүние туралы түсініктер ежелгі натурфилософиялық ілімдер мен алуан түрлі “құпия ілімдер” негізінде алынды. Табиғат күштері алдындағы дәрменсіз ежелгі адамдар күрделі мәселелерді шеше алмағандықтан құпия, тылсым күштерге арқа сүйеп, магиялық іс-әрекеттер жасады. Олар магияны табиғатпен қарым-қатынас формасы ретінде және өзара қарым-қатынас ба- рысында қолданды. Магия көптеген тылсым құбылыстарды жұмбақ күштердің әсеріне жатқызуға негізделіп, адамдарға, жануарларға, рухтарға, тағы басқаға әсер ету мақсатын көздейтін салт-жоралар жиынтығынан көрінеді. Магия адамдардың өзінің не- месе басқалардың бойында табиғатқа ықпал етудің табиғаттан тыс барлық мүмкіндіктеріне сенімін білдіреді. Магия мынадай түрлерге бөлінеді: өндірістік, емдеу, сақтаушы (қорғаушы), зиян келтіруші, соғыс, ауа райы магиясы. Өндірістік магия ежелгі адамның шаруашылық іс-әрекетімен егін егу, аң, балық аулау, тағы басқа байланысты. Емдеу магияның мақсаты дуалау, үшкіру, басқа да «сиқырлық» тәсілдер арқылы ауруларды емдеу. Сақтаушы (қорғаушы) магия тыйым салу (табу) жүйесінен тұра- ды. Магиялық тыйым салу жаман ниеттер мен бақытсыздықтардан сақтану үшін қолданылады. Зиян келтіруші магия адамдарға, жануарларға зиян, залал келтіру үшін қолданылатын дуалар жүйесін білдіреді. Соғыс магиясында жау әскеріне қарсы сиқырлық іс-әрекеттер жасалады. Ауа райы магиясында шаруашылық өмірге қолайлы табиғат жағдайын туғызу үшін сиқырлық әрекет жасау орын алады. Қазіргі кезде магиялық әрекеттер көптеп кездеседі. Түрлі магиялық жолмен сырқаттарды емдеушілер көп. Кейде олар ау- руларды өлімге дейін апарады. Магия иелері өзіне келушілерді қандай да бір тылсым күштерге сендіреді. Әсіресе, «қара магия» аса қауіпті. Қара магияшылар сыртқаттың бойына енген ауруды басқа бір магияшылардың әрекеті немесе әлдебіреудің тапсырма- сымен жасалған аурулар деп түсіндіреді. Сол магияда, тапсырма берушілердің бетін қайтару арқылы сырқатты жоямын деп әрекет етеді. Егер сырқат жазылса, осы сырқатқа тапсырыс беруші қара магия да, оны жалдаушы да жойылады деп сенеді. Егер тапсырыс беруші қара магия жеңілсе психологиялық ауытқуға ұшырайды немесе өліп кетуі мүмкін. Сондай-ақ осы қара магияны біреуге жалдаушы да қиын жағдайға ұшырайды. Бүгінгі Қазақстанда қара магиялық әрекеттер жиі кездеседі. Дәрігерден көңілі қалған аурулар көбіне қара магияларға барады. Көріпкелдік әрекеттер жасаушылар немесе тәуіптер де ежел- ден келе жатқан кәсіп иелері. Затын ұрлатқандар, қиындыққа ұшырағандар, бала таппағандар, т.б. жағдайы болмағандар тәуіптерге барады. Тәуіптер оларды қабылдай береді. Көріпкелдер мен тәуіптердің кеңестерінің тура келетін жағдайлары да кездеседі.

 

 

Христиан діні

Христиан діні – әлемдегі ең көп тараған діндердің бірі, қазіргі таңда оның 2 миллиардқа жуық ұстанушылары бар. Ол I ғасырда Рим империясының шығыс өлкесінде, дәлірек айтсақ, Палестинада б.д.д. 30-100 ж. еврей және басқа ұлттардың арасында пайда болды. Алғашқы христиан қауымы «қудаланушы» дін болғандықтан, хрис- тиандар басқа діндердің салтына қатыспады. Олар қоғам өміріне де қатыспады, жалпы мемлекеттік мейрамдар принциптерімен өмір сүрді. Мұның бәріне халықтың жоғары топтары қарсы тұрды. Бұл кезде христиандар қуғынға ұшырап, азап шекті. II ғасырдан бастап құл иеленуші жүйенің дағдарысқа ұшырауы салдарынан империяның нашарлануын тоқтата алмаған үстем тап дағдарысқа түсіп, пессимизмге ұшырады. Жағдайдың қиындығынан, одан шығудың жолын білмеген ауқатты үстем таптың адамда- ры христиан қауымына кіре бастады. Сол себептен христиан кауымының құрамы өзгерді. Епископ пен пресвитерлер бірте-бірте қауымға басшылық етуді өз қолына алды. Әртүрлі культті өткізу, уағыз айту, күнделікті жұмысты басқару осы адамдардың қолында болды. Сонымен Шіркеу иерархиясының жоғарғы топтары құл иеленуші мемлекетпен жақындасты. II ғ. аяғы кезінде Христиан діні Рим империясының барлық облыстарына таралды. III ғ. Бас кезінде 313 жылы Миланда Константин император Христиан дінін ерікті түрде қабылдауды жариялады. Міне, осы уақыттан бастап Христиан діні ресми түрде үстемдік етуші дінге айналды. Ал 324 жылы христиандықтар ресми түрде Рим империясының мемлекеттік діні деп жарияланды. 325 жылы оның басшылығымен Никке қаласында 1-ші Бүкіләлемдік христиан шіркеулерінің соборы (съезі) шақырылды. Собор Христиан дінінің негізгі уағыздарына қысқаша түрде қаулы алды. Бұл қаулы Құдайға «сенудің - Никкейлік симво- лы» деп аталды. Сөйтіп, император өкіметі мен христиан шіркеуінің одағы құрылды да, Христиан діні мемлекеттік дінге айналды. Католик дінінің шығуы. Католик шіркеуі және Католик ілімі ертедегі Христиан дінінен бөлініп шықты. IV ғ. Рим империя- сы Батыс және ІІІығыс империя болып бөлінген кезде, Батыс Рим империясының христиан шіркеуі батыстық немесе Рим-католик шіркеуі болып аталды. Католик немесе «Католикос» деген ұғым грек тілінде «әлемдік», «барлық» деген мағына береді. Он бір ғасыр бойы VIII ғ. - 1870 жылы Рим шіркеуі Италияның мемлекетіне қосылғанша Папалық жеке мемлекет болып тұрды. Бірақ 1929 жылы Папа Пий XI және Италия мемлекетінің басшы- сы Муссолиимен келісе отырып, Рим қаласына 44 гектар жер беріп, Католик шіркеуін дербес шіркеу ретінде жеке мемлекет болуы- на жәрдем берді. Содан бастап Ватикан мемлекеттік қала ретінде барлық католиктердің осы күнге дейін орталығы болып есептелінді. 34 35 Католик шіркеуі бір орталыққа бағындырылған. Оның орталығы және Рим Папасының резиденциясы – Ватикан. Ол Рим қаласының ортасында қала-мемлекет (ауданы 44 гектар, шекарасының ұзындығы 2600 метр, халқы 1 мың адам), өз гербі, гимні, жалауы, поштасы, радиосы, телеграфы, баспасөзі, т.б. сондай-ақ, шағын гвар- диясы мен жандармериясы бар. Қысқаша айтқанда, қала ішіндегі мемлекет. Мемлекет басшысы – Папа. Оның дипломатиялық кор- пусы 100-ден астам мемлекеттермен қатынас жасайды. Күнделікті өмірде мемлекеттің жұмысын орындайтындар Ватиканның Курия- сы (әкімшіліктер). Рим куриясы барлық саяси, экономикалық және діни жұмыстарын орындайды. Католик шіркеуінде жалпы Христиан дініндегі диакон, пресвиттер, епископ дәрежелерінен басқа тағы да жаңа кардинал, митрополит, патриарх, примас шендері енгізілген. Кардиналдар сословиесі барлық эпископтардан жоғары қойылады. Бұл атақ XI ғ. бекітілген, олар Папаны сайлауға және Папа болып сайлануға болады. Рим Папасы кардинал жиналысымен сайланады. Ол атақ өмір бойы беріледі. Қазіргі кезге дейін тарихта 265 Папаның аттары бар. 1523 жылдан 1978 жылға дейін Папаның тағына тек Италяндықтар сайланды. 1978 жылы бірінші рет бұл атақты Поляк кардиналы король Войтыл алды. II Ватикан соборының шешімдерін іш жүзінде алға дамытқан Папа Иоанн Павел II шынында «ұлы» Папа болып атағы қалды. Себебі жоғарыда көрсетілген Собордың шешімдерін іс жүзінде алға дамытқан Папа болды. Ол Қазіргі 265-ші Папа, неміс кардиналы Ио- зер Ратцингер, оған Бенедикт XVI деген ат қойды. Қазақстан жерінде 80 католик қауымы, 2 монастырь жұмыс істейді. 1991 жылы Ватиканның шешімі бойынша Қарағанды қаласында Орта Азия мен Қазакстан жерінің Апостолдық басқару әкімі орналасты. 1994 жылдан бастап Ватикан мемлекетімен Қазақстан дипломатиялық қатынасы басталды. 2001 жылы қыркүйек айының 22-25 күндері аралығында Рим папасы Иоани Павелдің біздің елге ерекше сапармен келуі католик шіркеуінің Қазақстанға деген жақсы ниетін көрсетті. Православие шіркеуі. Грек сөзі «ортодоксия» немесе «дұрыс ой- лау», «құдайды дұрыс мақтай білу дегенді білдіреді. Православиенің негізі Қасиетті жазу (Көне және Жаң кітаптар) және Киелі аңыз (предание) Христиандықтың Шығыс немесе Византиялық бөлігі, қазіргі кезде бір-біріне тәуелсіз автокефальды 15 православие шіркеуі бар: Константинополь (Туркия), Александрия (Египет), Антиохия (Сирия, Ливан), Иерусалим, Орыс, Грузия, Сербия, Ру- мен, Болгар, Кипр, Эллада (Греция), Албан, Поляк, Чехославак және Американдық, тағы басқа үш автономдық шіркеулер бар (синай, фиин жэне жапондық). Әрбір дербес шіркеулердің шекарасын сол дербестік берген автокефальды шіркеу анықтайды. Әкімдік жағынан православия шіркеулері: экзархат (автономия), епархия (өлке), викариант (облыс), благочин (район) және приход (жергілікті, кішкентай) шіркеуі болып бөлінеді. Барлық православия шіркеулерінің канондары, діни догмалары мен ғибадаттары бірдей. Православие шіркеуінің ілімі Никкей соборында (325) және Кон- стантинопольде (381) әлемдік соборлардағы шешімді бұлжытпай орындайды. Догматтары бір Жаратушы Құдайға сену Христос құдайдың ұлы. Ол жерге адамдарды құтқару үшін түсті және сол үшін айшыққа шегеленіп өлтірілді. Үшінші күні қайта тіріліп аспанға ұшып кетті оның екінші жерге қайта оралуы тірілер мен өлілерді соттау үшін жасалады. Сондай-ақ, Құдай Әкеден туындайтын қасиетті рухқа сенім білдіріледі. Шіркеу біреу және ол қасиетті саборлық (барлық сенім білдірушілерді ерікті түрде біріктіруші әлемдік сипатта). Құдай Қасиетті Үштіктен – Құдай-Әке, Құдай-Ұл және Қасиетті- Құдай Рухтан тұрады. Бұл ұғым үш Құдайлықты білдірмейді. Бұл ұғым Құдайдың бірлігін бірақ оның үш сипаттын (ипостас) білдіреді. Құдай біреу. Христос Құдай ұлы ретінде Құдаймен бірмазмұнда немесе Құдайдың нағыз өзі және ол адам кейіпінде болған соң нағыз адам. Христоста екі түрлі табиғат, жаратылу бекітілген. Проваславия ілімінің католик ілімінен айырмашылығы Рим Папасының күнәсіздігі туралы догматтың жоқтығы. Сондай-ақ, Қасиетті Рух және Мария Қыз туралы ілімдерде, шіркеулік қызмет ісінде және календарьда, постылар санында айырмалар бар. Христи- ан адамның өмірі храммен тығыз байланысты. Провославия храмы 3 бөліктен: 1) алтарь; 2) ортағы бөлік; 3) притвордан тұрады. Алтарь храмның негізгі орны, аспан патшылығының символы Құдайдың өзінің тұрғын жайы. Храмның орталығында қасиетті тақ тұрады. ол ағаштан, мрамордан кейде күміс немесе алтыннан жасалуы мүмкін. Алтарьға кіруші Қасиетті Таққа қарай үш рет жерге бас иеді. Әскерилер қарусыз кіреді. Храмның орта бөлігінде – иконо- 36 37 спастаста Құтқарушы Христостың, Құдай Ананың, архангелдердің (әулиелердің), көне өсиетті уағыздаушылардың, пайғамбарлардың икондары қойылады. Иконопостас көбіне 3-5 қабатты болып келеді және ең жоғарғысында хрест тұрады. Ортада екіжақты Патша дар- базасы немесе алтарьға негізгі кіру есігі орналасқан. Сондай-ақ, екі жақта оңтүстік және солтүстік бөлігінде орналасады. Алтарь храмның күншығыс бөлігінде орналасады. Храмның батыс бөлігін притвор дейді. Бұл жерде дәстүр бойынша күнәсіне өкінгендер және шоқынуға дайындалушылар тұрады. [5] Провославиядағы қызметші атақтар 3 дәрежеге бөлінеді: диакон, пресвитер (священник, иерей), епископ (архииерей). Осы 3 шенді сатыдан тұратын дәрежелердің биіктеу мынадай түрлері бар: архи- диакон, протоиерей, архиепископ, митрополит, патриарх т.б. Лютерандық дін оның негізін салушы Мартин Лютердің атымен байланысты. Бұл ағым ХV-ХІV ғасырларды католик ширкеуінің қысымына қарсы пайда болды. Католик шіркеуі ерекше сот инкви- зицияны шығарды. Бұл сот еретиктермен және католик шіркеуіне қарсы айтылған барлық ойлармен күресті. Рим Папасы Иннокентий ІІІ 1198-1216 жылдары Францияның оңтүстігіндегі өзіне қарсы хри- стиандарды қатты қудалады. Папа Григорий ІХ 1227-1241 жылда- ры еретиктерді ұстау, қинау, соттау, өлтіру, мүлкін шіркеу есебіне тәркілеу туралы булла (арнайы жарлық) шығарды. Инквизиция600 жылдай өмір сүрді. Осы жылдары 500 мыңдай адам қиналды, өлтірілді. Тек бір Испанияда 1481-1808 жылдары арасында 288 мың 214 адам қудаланып, олардың34 638 тірідей өртелді. 1484 жылы Папа Иннокентий VІІІ мыстандарды (ведьма) қудалау туралы була шығарды. 100 мыңдай әйелдер мыстан ретінде инквизиция сотының қабырғаларында өлтірілді. [6] Индульгенция – күнәлігі үшін жазадан құтқару туралы Рим па- пасы берген арнайы грамоталар таратылды. Бұл грамоталар сатып алынды және шіркеуді байытуға арналды. Осының бәрі де қатардағы христиандардың, шіркеу қызметкерлерінің Рим папасына наразылығын тудырды, күреске тартты. Бұл кезеңді Еуропада реформация кезеңі деп аталды. Оның басында Реформация Рим католик шіркеуін бөлуге әкелді. Рефор- мация Рим папасының шіркеудің Құдай мен адам арасындағы байланыстырушылық догмасын жоққа шығарды. Реформацияның өзегі адам Құдаймен тікелей байланысады деген доктринаға негізделді. Реформация кезінде германияда притестанттық ілім пайда болды. Оның негізін Мартин Лютер салды. 1517 жылы Вит- тенберх университетінің профессоры М. Лютер шіркеудің есігіне өзінің атақты 95 тезистерін шегелеп қойды. Бұл ақиқатқа жету үшін жасалды деп жариялады. Тезистерде Рим папасының әрекеттері қатты сынға алынды. 1519 жылы Лютер шіркеу папасыз өмір сүре алады деп мәлімдеді. Оған қарсы папа Лютерді шіркеуден алас- тау туралы булла қабылдады. Бірақ папаның булласы Виттенберг университетінің алдында салтанатты түрде отқа жығылды. Жаңа діни ағым лютерандық пайда болды. Лютердің ілімін халық қолдап Томас Мюнцер бастаған шаруалар көтерілісі басталды. Қазір лютерандық дін әлемде 80 миллиондай адамды біріктіреді. Бұл ілімнің даму себебінің бірі Лютердің 2 патшалық туралы идеясы бол- ды. Оның мәні Лютер діни және қоғамдық өмірді бөлді. Бірінші діни ілімді сенім христиандық уағыз, шіркеу қызметі құрайды. Екіншісін заманауи қызмет, мемлекет және ақыл құрайды. Лютерандық ілімінің негізі адамды тек Христосқа таза сенім арқылы Құдай ғана құтқара алады. Осылай ол адамның жеке сенімін құтқарудың негізгі шарты деп есептеді. Жазу жалғыз бедел Жазу бо- лып жарияланды. Лютер жазуды адам өз ақылымен түсіне алады ол үшін қандайда бір басқа нәрсе қажет емес. Реформацияның негізін қалаушылар шіркеудің жаңа түсінігін қалыптастырды. Шіркеу жерде және жердік сипатта дей келе Лю- тер оған көрінбейтін шіркеуді қарсы қойды. Бұл көрінбейтін Шіркеу ғасырлар бойы көрінетін Шіркеудің ішінде «денедегі жан» сияқты тұрды. Басқаша айтқанда көрінбейтін шіркеуге тек нағыз христин- дар, ақиқатты сенушілер кіреді. Ал күнәлілер болса жердегі шіркеуге тиісті болғанымен ақиқатты шіркеудің мүшесі бола алмайды. Про- тестанттар шіркеулік иерархияны жоққа шығарды. Протестанттар барлық адамдар өз бетімен Құдайға жол таба алады деп санады. Протестанттық Пастор (шіркеу қызметшісі) жазбаны көбірек білетін бедел иесі. Шіркеу қызметкерлерінің қатардағы сенушілерден айырмасы жоқ. Кейбір протестанттық ағымдарда әйелдер де шіркеу қызметшісі бола алады. Протестанттар монахтық өмірді жоққа шығарады. Шіркеу құпиялары протестанттарда тек символдық сипатта болды. Протестанттық табыну салтанаттылықты қажет етпейді. Шіркеу қарапайым және Құдаймен байланысу үшін кәдімгі бөлмелер де жеткілікті. Икондар мен есерткіштер қойылмайды. 38 39 Крест символ ретінде пайдаланылады. Оның болуы қажет те емес. Діни мейрамдар аз. Олар сенушілердің заманауи өміріне үлкен мән береді. Батыстың көптеген елдерінде протестанттық еңбек этикасы – адал тырысып еңбек етуі қажеттілігі негізделген. Протестанттық ағым қазіргі әлемнің кәсіпкерлік дамуына сәйкес келеді.

 

 

5)Ежелгі түркілердің наным сенімдері: Тәңіршілдік – түркі халықтарының исламға дейінгі негізгі діни нанымы. Табынудың басты объектісі - Тәңір. Тәңірі (көне түркі тілінде – мықты, ер, құдіретті) – көне түркілердің діни наным-сенімдеріндегі тұлғаланбаған, шексіздік күйі есебіндегі аспанмен теңестірілген басты Құдай бейнесі.

Барлық діни жүйелер тәрізді Тәңірлік дін де табиғат күштерін құдіреттендіруден, құпия тылсым тіршіліктің терең қатпарларынан тамыр алады. Алайда, Тәңірге табыну діни түсінік эволюциясындағы табиғат діндерінен кейінгі жоғары саты болды. Барлық халықтар рухани дамуында, діни көзқарастар эволюциясын бастан өткізді.

Қалыптасуының бастапқы сатысында Тәңір про-тоқазақтардың құдайлар пантеонындағы жоғарғысы деп танылады. Қазақтардың ежелгі ілкі тектері де табиғат объектілері мен құбылыстарын құдайландырып оларға табынады. Бұл табынудың негізінде сыры беймәлім дүние алдындағы үрей мен оның сұлулығына, үйлесімділігіне таңдану сезімі жатты. Өмірі табиғат аясында өткен көшпенділердің тұрмыс-тіршілігі оған тікелей тәуелді болды, өзін қоршаған дүние құбылыстарының тылсым сырларын түсінбеген адам олардың себебін басқа құбылыстар мен заттардан, күштерден іздейді. Ол құбылыс пен мәнді, себеп пен салдары толық ажырата алмағандықтан, алғашқыны соңғыға әкеп саяды. Соның нәтижесінде табиғат рухтандырылып, адамда діндарлық сезім мен сенім қалыптаса бастайды. Тәңірлік діннің бір тамыры осында, яғни табиғат дінінде жатыр. Тәңірлік діннің өзіне тән ерекшелігі, ол өзіне дейінгі діни наным-сенімдерді теріске шығармайды, қайта оларды бір жүйеге келтіріп синтездеуші рөл атқарады. Плано Карпини түркілердің бір құдайға иланатындығын айта келіп, «... оның үстіне олар күнге, айға және отқа, сонымен бірге таңертеңгілік астың немесе су ішердің алдында сол ас-дәмдерінен ауыз тидіретін сыбағаға арнап су мен жерге де құдай деп табынады», – дейді. Түркі халықтарының көне нанымдарында ғарыштағы барлық процестерге тоқсан тоғыз Тәңір басшылық жасайды. Осы сенімге сай кез келген құбылыс пен объектінің киелі иесі бар. Түркілер дүние суреттемесінде ғарыш жоғарғы, ортаңғы және төменгі деп аталатын үш бөліктен тұрады. Осы үш әлемдегінің бәрі Тәңірге тәуелді. Түркілер сеніміндегі Тәңірдің ерекшелігі ол белгілі бір жан-жануармен немесе затпен теңестірілмейді. Түркілер Көк Тәңір дегенде оны материалдық кейіптегі аспанмен салыстырмайды. Көк тылсым құпияның, Жаратушылық бастаудың эпитеті болып табылады. Тәңірмен қатар Жер-Су құдайы да түркілер үшін – табыну объектісі. Жер-су тіршіліктің тірегі. Жер-Су мен Тәңір бір-бірін толықтырып тұратын бастаулар. Адамның тәні Жерден жаралғанымен Рухы Тәңірден. Рухтың түркілік атауы Құт. Адам туғанда Тәңір оның денесіне құт дарытады. Жаңа туған нәресте денесіндегі Құттың сақтаушысы, қамқоры – Ұмай. Аталған үш құдай түркілердің пантеонында маңызды болып саналады. Тоныкөк құрметіне орнатылған ескерткіште: «Көк, Ұмай құдай, қасиетті Жер-Су, міне, бізге жеңіс сыйлаған осылар деп ойлау керек», - делінеді. Бірақ құдайылық құдірет тұрғысынан алғанда Жер-Су мен Ұмай Тәңірмен тең емес. Олар ортаңғы әлем құдайлары болып табылады. Адамның өмірі мен тағдыры тек Тәңірге ғана тәуелді, сондықтан түркі халықтары Тәңірден жарылқауды, Жер-Су мен Ұмайдан қолдауды сұрайды. Жарылқау адам тағдырын жақсы бағытта өзгертуді білдіреді, яғни тағдыр мен жазмыш тек Тәңірдің қолында. Тәңір өз әрекетінде ештеңеге тәуелді емес, бірақ оның үкімі әділетті. Тәңір әділ жолдан тайғанды, ант бұзғанды жазалайды. Мұндай адамдардың жаны төменгі әлемге барады. Төменгі әлемде Ерлік билік етеді. Тәңір әркімге сай сол белгіленген жазаны жүзеге асырады. Төменгі әлемде жазаланған адамдардың көз жасын қанша жұтса да толыспайтын Тоймадым өзені ағып жатады. Ерліктің өзі өте қорқынышты, сұсты кейіпте бейнеленеді. Түркі халықтарында ислам мен христиан дініндегі күнә мен тозақ ұғымдары болмағанымен, әр адамның өз ісіне қарай Тәңірінің құтына ие болатындығы немесе қаһарына ұшырайтындығы туралы айқын идея болғаны күмән туғызбайды.

Тәңірге табынған түркілер дүниені кезіп жүретін зұлым күштер жеке адам мен отбасына, тұтас қауымға кесірін келтіреді, берекесін кетіреді деген сенімде болды. Сондықтан олар Жаратушы Тәңірден қолдау сұрап, оған арнап құрбандық шалып тұрды, сонымен қатар, тіл мен көзден сақтау мақсатында әр түрлі діни ғұрыптар мен ырымдар жасады. Құрбандық тек қиыншылық туғанда ғана емес, қуанышты күндері де, алыс сапардан немесе жорықтардан аман-есен оралғанда жасалды. Құрбандыққа қой, жылқы, түйе арналды. Түйе маңызды, ел тағдыры үшін шешуші сәттерде құрбандыққа шалынады. «Ақ түйенің қарны жарылды» деген мәтел содан қалған. Хан сайлаған кезде, үлкен жорықтардан оралған кезде осындай құрбандықтар шалынған және мұндайда құрбандық малдың түр-түсіне ерекше назар аударған. Оның түсі міндеті түрде ақ болуы шарт. Ақ пен көк түркі халықтарында жоғарғы, рухани әлемнің рәмізі болып табылады. Алайда, құрбандық түркілер дүниетанымындағы үш әлемнің бірлігін қамтамасыз етеді. Сондықтан құрбандық үш бөлікке бөлінеді. Құрбандықтың сирақтары мен дене сүйектері мұқият тазаланып адам аяғы баспайды-ау деген жерге көміледі. Бұл – төменгі әлемнің сыбағасы. Еті пісіріліп, жиналған халыққа таратылады. Бұл – ортаңғы әлемнің сыбағасы. Ал бас сүйегі ағаш басына ілінеді. Бұл жоғарғы әлемнің сыбағасы.

Құрбандық шалудың ерекше түрі – тасаттық беру. Бұл жұт жылдары, қар мен жаңбыр аз жауып, жер мен шөптің ырысы кетіп, мал жұтағанда жасалады. Ауыл адамдары өзен-көл, тоған басына барып Тәңірден жақсылық тілеп бата жасап бір малды құрбандыққа шалады.

Кейде адам ауыр науқастанған жағдайда тезірек жазылып кетсін деген ниетпен де құрбандық шалынады. Мұндай құрбандықтың түсі қара болуы тиіс. Сырқат көз-тіл тиюден болды деп санаған кезде, көш-көш ғұрпы жасалады. Бұл ғұрыпты бақсы-балгер адам атқарады. Мағынасы сырқатты адамнан құрбандыққа көшіру болып табылады. Құрбандық еті осы ғұрыпты орындаған адамға тартылады.

Сонымен қатар, науқас адамды дұға оқып үшкіру, аластау сияқты емдік әрекеттер жасалады. Егер үшкіру тек науқасқа қатысты ғана жасалатын болса, аластау жаңа қонысқа орналасқанда, мемлекеттік дәрежеде елшілер қабылдағанда және т.б. жағдайларда орындалды.

Құрбандық шалуға ескі әдет-ғұрыптарды және құрбандық дұғаларын жақсы білетін адам басшылық жасайды. Егер құрбандық мемлекеттік деңгейде ұйымдастырылса ол көпшілік бұқараның жұмылдырылуымен, салтанаттылықпен, ал қауым мен от басы өзінің шама-шарқына қарай өткізіледі.

 

 





Дата добавления: 2017-02-24; просмотров: 1297 | Нарушение авторских прав


Рекомендуемый контект:


Похожая информация:

Поиск на сайте:


© 2015-2019 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.015 с.