Лекции.Орг


Поиск:




Біртұтас педагогикалық процесс

1. Біртұтас педагогикалық процесс Білім беру үрдісі — оқыту процесі және оның нәтижесі ретінде оқушыларда белгілі бір білім, білік, дағдылар мен табиғат және қоғамдық өмірге мәмілесін қалыптастырудың өзара тығыз байланыста дамуын білдіреді. Білім беру — бүкіл өмір бойы, білім жүйесін өзгерту, дамыту және жетілдіру үрдісіне болған мәмілесі; білім беру — өмір жағдайларының өзгеруіне, ғылыми-техникалық прогреске байланысты үздіксіз және үнемі жаңа білім, білік, дағдыларды меңгерудің үнемі жетіліп, алға қарай жылжып отыратын абсолютті формасы; білім беру — тұлғаны рухани және дене жағынан тұтас қалыптастыру, әлеуметтендіру үрдісі; білім беру —тұлғаны тарихи айқындалған, қоғамдық санада әлеуметтік эталон ретінде көрінген белгілі бір мұрат бейнелерге саналы бағдарлау. Білім –бұл мұғалім мен оқушының субъектив-объектив əрекет жолдарымен мақсатқа жетуді көздеген педогогикалық процесс жүрісі. Адамның тұлғалық дəрежеге жетуі оның қоғам мұраттарына сай қалыптасуы педагогикалық процестен тыс іске асуы мүмкін емес. Педагогикалық процесс осыдан білім беру, тəрбиелеу жəне дамыту міндеттерін шешуге бағытталып, арнайы ұйымдастырылған педагог пен тəрбиеленуші арасындағы өзара ықпалды қызметті аңдатады, яғни педагогикалық процесс – бұл анайы тар мағынадағы оқу мен тəрбиенің бірлігін қамтамасыз ету жолымен кең мəндегі тəрбиені іске асыруды көздеген біртұтас процесс. Мəндік, мағыналық тұрғыдан педагогикалық процесс-əлеуметтік құбылыс. Педагогикалық процестің басты мақсаты - қоғамның əлеуметтік тапсырысын іске асыру, яғни өздеріне жүктелінген міндеттерді табысты шеше білетін адамдардың жан-жақты дайындығын қамтамасыз ету. Педагогикалық процеске əлеуметтік тəжірибе ұсынылады, əрі ол белсенді игеріліп барады, бұл мақсат бағдарлы ұйымдастырылған іс-əрекеттер жəрдемімен, тəрбиелеуші жəне тəрбиеленушілер қарым-қатынасымен, шəкірттер санасына, еркі мен көңіл-күйіне жүйелі əсер етумен орындалып жатады. Педагогикалық процестің ең алдымен көзге түсер, тілге алынар бірліктері- бұл оқу жəне тəрбие. Осылардың арқасында тұлғаның білімділігі, тəрбиелілігі жəне дамуындағы іштей өзгеріс процестері іске асады. Өз кезегінде, оқу жəне тəрбие процестері бір-біріне ұштасқан нақты іс-əрекет процестерінен құралады: оқу-оқыту жəне бұдан туындайтын өзіндік тəрбие. Педагогикалық процесс атқаратын қызметтер түрі: - ақпараттық (тəрбиеленушіні сауаттандыру); - тəрбиелік (тəрбиеленушінің тұлғалық өзгеріске келуі); - дамытушылық (тəрбиеленушінің жан-жақты кемелденуі); - аксиологиялық (тəрбиеленушінің құндылық сезіну бағдары, заттар мен құбылыстарға болған қатынастарын қалыптастыру); - əлеуметті икемдестіру (тəрбиеленушіні нақты өмір жағдайларына бейімдеу). Педагогикалық процестің құрылымы екі тұрғыдан қарастырылады: 1) педагогикалық процеске қатысушылардың субъективті құрамы, 2) іс-əрекеттік құрамы. Педагогикалық процестің субъекттері — тəрбиеленуші жəне тəрбиелеушілер. Бұлардың құрамы сан қилы. Мысалы, тəрбиеленушілер қатарында алты жастан алпыс жасқа дейінгі сəбилер мен қариялар; ал тəрбиелеушілер сапында ата-аналарды, кəсіби педагогтарды тікелей тəрбиеші субъекттер деп білсек, бұқаралық ақпарат құралдарын, салт-дəстүр, дін, тіл, табиғат жəне с.с балаға ықпал жасайтын барша əлеуметтік –қоғамдық құбылыстардың бəрін жанама да, тікелей де тəрбиеші деп танығанымыз жөн. Педагогикалық процесс субъекттерінің өзара байланысты іс-əрекеттерінің соңғы нəтижесі – тəрбиеленушілердің адамзат жинақтаған тəжірибені игеруі. Педагогикалық процестің іс-əрекеттік (процессуалды) құрылымында төмендегідей бірліктер ажыралады: Педагогикалық процесс қозғалысы (динамика) педагогикалық процестегі кейінгі өзгерістердің мөлшері алдағы кезеңдердің өзгерістер өлшеміне тəуелді. Қолға түскен жетістіктер неғұрлым жоғары болса, нəтиже де соғұрлым салмақты келеді. Бұдан шығатын қорытынды — педагогикалық процесс педагог пен тəрбиеленуші арасындағы дамып барушы ықпалдастық ретінде бірізді «сатылық» сипатқа ие. Осы заңдылық салдары: аралық нəтижесі жақсы болған оқушы жалпы жетістіктерінде де жоғарылау көрсеткіштерге ие болады; - педагогикалық процесте тұлғаның дамуы педагогикалық процесс, тұлға дамуының арқауы. Тұлғаның даму қарқыны мен жетілген деңгейі нəсілділікке, тəрбие жəне оқу ортасына, оқу-тəрбиелік іс-əрекеттерге жегілуіне, қолданымдағы педагогикалық ықпал жабдықтары мен тəсілдеріне тəуелді; - оқу-тəрбие процесін басқару педагогикалық процестің тиімділігі тəрбиеленушілер мен тəрбиешілердің арасындағы кері байланыстың жеделдігіне, сондай-ақ тəрбиеленушілерге жасалған реттеуші ықпал əсердің шамасы, сипаты жəне негізділігіне орайлас келеді; - ынталандыру: Педагогикалық процестің өнімді болуы оқу-тəрбие қызметтерінің ішкі ықпалдарына (стимулдарына) жəне сыртқы (қоғамдық, педагогикалық, моральдық, материалдық) жəне т. б. ықпалдардың əсеріне байланысты болады; - педагогикалық процестегі сезімдік, логикалық жəне іс-тəжірибелік элементердің бірлігі. Оқу-тəрбие процесінің тиімділігі сезімдік қабылдау, қабылдағанды қисынды тоқу, тоқығанды іс-тəжірибеде қолдана білу шарттарына тəуелді; - сыртқы (педагогикалық) жəне ішкі (танымдық) іс-əрекеттің бірлігі. Педагогикалық ықпал нəтижелілігі педагог қызметінің сапасына қалай байланысты болса, тəрбиеленушінің өзіндік оқу танымдық іс-əрекеттерінің сапасына да соншалықты тəуелді келеді; - педагогикалық процестің себептілік негізінің болуы. Оқу тəрбие процесінің жүрісі мен нəтижесін алдын ала анықтап отыратын жағдаят- қажеттілік, сондай-ақ тұлға мен қоғам мүмкіндіктері (материалды-техикалық, экономикалық жəне т.б.), процестің оқыту, орындалу (моральдық-психологиялық, санитар-гигиеналық жəне т.б.) шарттары. Жоғарыда аталған жəне басқа да заңдылықтар негізінде педагогикалық процесс принциптері- (яғни, кейбір ереже, ұсыныстарға орай) нақтыланып баратын оқу мен тəрбиеге бастау, жетекші талаптар анықталады (оқу мен тəрбие принциптері кітаптың келесі бөлімінде қарастырылады). Қай педагогикалық процесс болмасын, өз дамуының белгілі бір ізділігіне сəйкес кезеңдерге бөлінеді. Олар: - дайындық кезеңі, - орындау (негізгі) кезеңі; - нəтижелер талдауы(қорытынды) кезеңі. Жаңа талпыныс, жаңа ашылған жолдардың бірі — білім берудің жана жүйесінің жасалуы. Бұл педагогикадағы, тұтас педагогикалық үрдістегі өзгертулермен тығыз байланысты. Білім беру саласының барлық жағына жаңаша көзқарас, жаңаша қарым-қатынас (білім мазмұнын жетілдіру, жаңа базистік оқу жоспарына көшу, жаңа буын оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерге көшу, т.б.) жаңаша ойлау қалыптасуда. Педагогикалық процесс мұғалім іс-әрекетінің объектісі ретінде. Педагогикалық процестің белгілері, сапалары және өзіндік сипаттары. Қарама-қайшылық педагогикалық процестің қозғаушы күші. 2. Педагогикалық процесс мұғалім іс-әрекетінің объектісі. Педагогикалық іс-әрекетте еңбек субъектісі мұғалім болады. Мұғалімнің еңбек құралдарының өзіндік сипаттары - ол оның білімі, білігі, тұлғалық қасиеттері. Осыған байланысты, білім "сананың біртұтастық объектісі" болып есептелуі керек. (Н.И. Непомняшая), мұғалімнің іс-әрекеті, оның білімі және тәжірибесі кәсіби шеберліктің деңгейіне тікелей қатысты екендігі анық. "Педагогикалық процесс" деген сөздік (термин) ғылыми айналымға XIX ғасырдың екінші жартысында (П.Ф. Қаптерев) енгізілгенімен, ұғымның мазмұндық сипаттамасын тек қана тұлға теориясы, іс-әрекет теориясының дамуы арқылы құбылыстарды зерттеуде жүйелілік тәсіл қодануды қалыптастыру арқасында мүмкін болды. Педагогикалық процестің мәні туралы әртүрлі көзқарастарды (С.Т. Шацкий, Н.К. Крупсқая, А.С. Мақаренко, М.А. Данилов, Б. Т. Лихачев, Ю. К. Бабанский, В. М. Коротов және т. б.) зерттеу жалпы тәртіптегі қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Аталған авторлардың назарларына педагогикалық процестің әртүрлі жақтары білікті эмпириқалық жолмен жинақталған білімдер жайлы болады. Педагогикалық процестің мәні туралы қалыптасқан түсініктердің сыртында мұғалім үшін өте маңызды бір қатар мәселелер қалды, ол: не себепті біртұтас педагогикалық процесс оқыту мен тәрбиенің бірлігі (А.Ф. Қаптерев, М.А. Данилов); оның оқыту, даму және тәрбиелік қызметтерінің бірлігі қалайша қамтамасыз етіледі (Ю.К.Бабанский) оқушылардың өзара әрекетінің ерекшеліктері қалай анықталады (С.Т.'Шацкий, Н.К.Крупсқая, В.А.Сухомлинский); өзара әрекет тек қана оқудан тыс уақытқа тән бола ма (А.С. Мақаренко); біртұтас педагогикалық процестің қандай ерекшеліктерін білу оның бағытты дамуының мәселелерін шешуге көмектеседі (Б.Т. Лихачев) және қызмет істеулерін басқару (В.С. Ильин, И.П.Радченко) және т.б. Пайда болған сұрақтарға жауап басқа кеңістікте жатыр – ол біртұтас педагогикалық процестің барлық сапалары мен қасиеттерін сипаттау. Ал бұл қойылған сұрақтарға эмпириқалық емес, теориялық методологиялық деңгейдегі жауап. Элементарлық бірлікті ("кереге көзді") марксистік педагогикада негіздеуге көптеген зерттеушілер және оның әртүрлі объектілеріне қатысты және ат салысты. (Н.Чакыров, А.П. Сидельковский, М.И. Алексеев, В.И. Загвязинский, Г.И. Легенький және т.б.). Бірақта бұл істелген жұмыстар нәтижесі жеткілікті дөрежеде емес еді, себебі оны жасаушылар қойылатын методологиялық абстракцияны анық көрсету мен оны қолдану жағдайына қойылатын талапты бұзған еді. Белгілі бүл бағыттардың әлсіздігі мынадан байқалады, авторлардың ойларын белгілі бір дәрежеге жеткізе алмады, онда педагогикалық теория өзінің дамуының ғылыми негізделген логиқасына ие бола алмады. (М.А. Данилов). Педагогикалық процесті біртұтас объект ретінде қайта жасауға бастапқы абстракция көмегімен ол жанама бөліктердің күрделену шынжыр буыны ретінде көрінуі керек. Олар арқылы объективті сол процестің өзара қарама-қайшы мәндерді шарасыз өтулері керек. Педагогикалық процестің белгілері, сапалары мен қасиеттері. Демек, егер педагогикалық процестің түпкі мақсаты адамның тұлға ретінде қалыптасуы болса, оңда педагогикалық процестің элементар бірлігі, оның "кереге көзі" бастапқы абстракция болып "қалыптасудың қас қағым сәті" (педагогикалық ситуация) болуы керек. Нақтылы шындықтан тыс алынған педагогикалық ситуация тұлға қалыптасуының қас қағым сәті ретіндегі педагогикалық ситуация бастапқы абстракцияның көрсеткен талабына қатынасушылар, негізгі қарама-қайшылықтардың ерекшеліктеріне толық сәйкес келеді. Бұл процестің ең кіші бірлігі, одан әрі оны тану сапалық қасиеттерін жоғалтпай мүмкін болмайды. Педагогикалық ситуация педагогикалық шындыққа тән көп жақты болады, нақтылықтан көңіл бөлу (орыны, уақыт, себеп-салдар және пайда болуы, жағдайы, қатысушылардың жас ерекшеліктері, әлеуметтік жағдайы, психофизиологиялық ерекшеліктері, іс-әрекеттің мазмұны мәні тәсілі) барлық жағдайда айқын бола түседі, "қалыптасуды" қас қағым сәтің арқылы педагогикалық процесс ішіндегі тұлға қозғалысымен дамуын көруге мүмкіндік туады. Тұлғаның қалыптасуы даму барысында негізгі қайшылықтарды жеңуде жүзеге асады. Бірақ бұл үшін, бөліну болған жөн ересектер (ұстаздар, ата-аналар) распредмечиванияның қызметін алады, яғни, әлеуметтік тәжірибеде алынған (опредмеченных) іс - әрекет тәсілдерін айқындаушы. Сонымен бірге қозғалыс формаларындағы адамзаттың әрекет күштері мен қабілеттерінің заттық формаға ауысуы (опредмечивание) жүзеге асады. Тұлғаның іс - әрекет субъектісіне алмасуы, оқушының даму процесінде қалай болатындығы көрінеді. Барлық мәдени байлықтарды және іс - әрекеттер түрлерін меңгеру пәндік оқыту арқылы жұргізген тиімді. Бұнымен тағы бір жүйенің пайда болуы байланысты, оған мұғалім "сынып ұстаздары" элементі ретінде кіреді. Сынып ұстаздарының балалардың бастапқы коллективі мен өзара әрекеттері барысында жоғары деңгейдегі жүйе "сынып ұстаздары", "сынып оқушылары" пайда болады. Қоғамдық өмірге оқушылардың қатысу тәжірибесін қалыптастыру, педагогикалық процестің оқудан тыс кеңістігіңде көптеген іс - әрекеттер түрлерін меңгеру барлық оқушылардың өзара әрекеттерін және ұстаздар тарапынан басшылық болуын қажет етеді. Сондықтан да мектеп үшін макро жүйе "мектеп ұстаздары — мектеп оқушылар коллективі" қалыптасады. Қоғам бұл жүйеге қатысты жүйе ретінде болады, сонымен, "мектеп- оқушылар" жүйесінің өмір сүруі қызметі (жағдайының өзгеруі) мектептің педагогикалық процессі болады. Педагогикалық процесті қысқаша абстрактылықтан ("қалыптасу қас қағым сәті") бірінші деңгейдегі жүйеге "адам" көтерілу арқылы сипаттау және одан әрі одан да жоғары деңгейдегі жүйелерге көтерілу жалпы білім беретін мектептің олардың типтерінен тәуелсіз педагогикалық процестің жүйе ретіндегі бірқатар белгілерін көрсетеді: –бұл әлеуметтік жүйе адамдардың өзара әрекеттері есебінен өмір сүреді; –мектеп педагогикалық процесі көп деңгейлі және поли құрылымдық құбылыс, себебі ол өзінен кейінгі деңгейдегі жүйелерді жинайды; –жүйе тек іс - әрекетпен алмасуда ғана өмір сүреді: егер ұстаздар әртүрлі іс - әрекеттер, тәсілдеріне (адам тегі күшін) оқытса, онда оқушылар, оларды меңгере отырып педагогикалық процестің белсенді қатысушылары болады, тек қана репродуктивке ғана емес, қайта құру творчестволық белсенділікке дайын болады; –педагогикалық процесте мұғалімнің басқару объектісі оқушылардың іс - әрекеті болады; –іс - әрекеттің барлық элементтері (мақсат, міндеттер мазмүны және т.б.) жүйелі компоненттері бөліктері сыңары болады, себебі іс-әрекеттің элементтерін, бөліктерін баланың меңгеруі үшін әрине, үлкендердің, ата-аналардың, ұстаздардың іс - әрекеті осыған бағытталуы керек; – педагогикалық процестегі мұғалімнің басқару заты іс -әрекет субъектілері арасындағы қатынастар болады, олар арқылы субъектілердің өзара әрекеті мен дамуына тиімді жағдайлары қамтамасыз етіледі. (біртұтас педагогикалық процестің графиқалық моделін қарасаңыз). Көрсетілген белгілер негізінде анықтама жасауға болады: педагогикалық процесс оқушылардың бірлескен ұстаздардың қатысуымен және басшылығымен жұзеге асатын іс - әрекеті, ол әлеуметтік тәжірибені меңгеруге және әрбір оқушы тұлғасын қалыптастыруға бағытталған, дамуға және өзін еңбекте және қоғамдық өмірде жұзеге асыруға дайын. Бұл анықтамадан педагогикалық процесс оқу және оқудан тыс аймақтардың бірліктігінің қажеттігі туады, ал ол оқушылар үшін тұлға қалыптасуының басты жағдайы болады және сол процестің өзінің біртұтастығын көрсетеді. Сонымен бірге ұсынылып отырған анықтаманың мазмұны біртұтас педагогикалық процестің бірқатар қасиеттеріңде көрсетеді: –педагогикалық процесс әлеуметті оның өмір сүруі, қызмет істеуі оған қатысушылардың арасындағы іс -әрекеттерімен алмасуымен анықталады; –ынтымақтастық оқушы (тек қана ұстаздармен ғана емес, мұғалімдермен, бір- бірімен де) үшін әртүрлі іс -әрекеттердің тәсілдерін тезірек меңгерудің, яғни педагогикалық процестегі іс - әрекет субъектісінің қалыптасуының жағдайы болады; "ұстаздар-оқушылар" жүйесінің біртұтастығы педагогикалық процесс ішіндегі әртүрлі деңгейдегі жүйелердің өзара әрекеттері барысындағы мақсат пен нәтижелердің бірігуімен анықталады; – педагогикалық процестің негізі интегративтік қасиетін әртүрлі 1теісгеғілердің бірлігі деп есептеу керек, ондағы үздіксіз өзара қиылыстағы жүйелердің оқушылар тұлғасыны" қалыптасуына әсері іс - әрекет субъектілерінің (ұстаздар мен оқушылардың) қайта құру белсеңділігімен анықталады. "Педагогақалық процесс" объектісінің сапасы оның қасиеті ретінде көрінеді, оларсыз педагогикалық процесс өзіндік ерекшеліктерінен айырылады: – белсенділік пен қатынастың бірлігі, процеске қатысушылардың барлық субъекгілерінің ұйымдастырылған бірлескен дербес іс - әрекеттері; – әртүрлі сатыдағы жүйелердің қызметінің арнайы мамандануы; –субъекттілердің өзара әрекеттері нәтижесінде пайда болатын әртүрлі қарым - қатынастарының жиынтығы. Педагогикалық процестің сапалары мен қасиеттерін қызмет ету жағдайларын объективті талап етеді. Сонымен педагогикалық процесс, өзін біртұтастық ретінде субъектілердің өзара әрекеттегі арнайы ұйымдастырылған іс-әрекеттерін бөле көрсете алады. Егер әрбір субъектінің жетістіктері болса, онда "Ұстаздар — оқушылар" жүйесінің түрақтылығымен өзін - өзі дамыту мәселесі шешіледі. 3. Қарама-қайшылық педагогикалық процестің қозғаушы күші. Педагогика ғылымында қарама-қайшылықтардың ролін XX ғасырдың барлық кезеңдерінде ашып көрсетуге тырысты. Әрине, оқытудың қарама-қайшылығы басқалардан бұрын зерттеген (М.А. Данилов, М.Н. Алексеев, М.Н. Сқаткин, Ю.К. Бабанский, В.И. Загвязинский). Кейбір жұмыстарда коллективтің қарама - қайшылығы (Л.И. Новикова) тәрбие процесінің (И.С. Марьенко, Г.И. Шукина, В.С. Ильин, Б.Т. Лихачев) білім берудің мазмұнындағы қарама -қайшылықтар (Г.И.Батурина) зерттейді. М.А. Данилов алғашқылардың бірі болып оқыту процесінің қозғаушы күштерін зерттеуге көңіл бөлді, бірақ нәтижесінде объективті әлеуметтік шек жекемен қосылып кететін біртұтас педагогикалық процестің диалектиқасын зерттеу керектігіне тек қана осы бағытта ол педагогиканың ғылым ретіндегі жобалау қызметінің күшейе түсуіне ықпал ететін білімді анықтай білу мүмкіндік болатындығын және практик ұстаздарды сол бір ғылыми саймандар мен күрделі тұлғаны қалыптастыру саласындағы құбылыстар мен процестерді басқаруға күш беретінін көре білді. Ю.К. Бабанский қарама-қайшылық көп жағдайда (нередко) кездейсоқ бір ізділікте қарастырылатындығын анықтады. Ол жоспарлау процедурасына сәйкес келмейді, оқыту процесін ұйымдастыру мен реттеуде мұғалімдер мен әдіскерлер нақтылы жағдайда процесті жасау ескерілмейді. Зерттеу нәтижесінде мыналар анықталады: – қарама-қайшылықтарды қалай болса солай тұжырымдау дұрыс емес, нақтылы педагогикалық процесті жүйе ретіңде олар зерттелетін объектінің мәнін, ашуы тиіс: – қарама-қайшылықты ұстаздар мен оқушылар іс -әрекетін педагогикалық процестің басты құрамын көрсеткіш ретінде сипаттау керек; қарама-қайшылықтар жұйесін ғана емес, сонымен бірге оларды шешу әдістемесін негіздеу керек. Педагогикалық процесстің мақсаты оқушылар тұлғасын қалыптастыру болады. Демек, бірінші және негізгі қарама-қайшылықтар тобы-бұл даму үстіндегі тұлғаның қарама-қайшылықтары. Бұл педагогикалық процестің қарама-қайшылықтар тобын психологтар жеткілікті дәрежеде жақсы зерттеген. Олардың санына Г.К. Костюк келесі қарама-қайшылықтарды жатқызады: – жаңа қажеттілік, мүлделер, ұмтылушылық пен тұлға мұмкіншілігінің жеткен даму деңгейі арасындағы; – жаңа ғылымдардың міндеттерінен бұрын қалыптасқан ойлау тәсілдері мен іс-әрекет тәсілдері арасындағы; – тұлға дамуындағы жеткен деңгейімен оның өмір сүру қалпы, қоғамдық қатынастар жұйесінде алатын, оның орны, атқаратын қызметі арасындағы; –жақсы жетістікгерге ұмтылушылық пен қиыншылықты жеңе алмайтындық қорқынышы арасындағы; – дербестікке, тәуелсіздікке ұмтылушылық пен жеке тәжірибенің жетіспеуі арасындағы; – мақсаттылық, стереотиптік (еліктеушілік), тұрақтылық пен ширақтылық, өзгергіштікке ұмтылушылық арасындағы; – тұлғаның ерікті әрекет пен қоғамдық қажетті іс - әрекет арасындағы: Өз күшіне деген сенімділікті оқушы педагогикалық процеске басқа да қатысушылар мен бірлескен іс - әрекет барысында жеткен жетістіктері арқылы алады. Бұл оқушы тұлғасының қалыптасуы ол жүйе болатын коллективтің дамуымен тығыз байланыстылығы мен анықталады. М.Ю. Красовицсийдің зерттеулерінде көрсетілгендей оқушы коллективінің тәрбиелік ролі қоғамдық пікір арқылы жүзеге асады, онда құндылық бағыттың жүйесі белгіленеді. Бірақ керекті тәрбиелік деңгейдегі қоғамдық пікір ұстаздардың аса қадағалаумен қамқорлықтарын талап етеді. Оны қалыптастыру барысында мұғалім балалар коллективінің қалай даму үстінде екендігін, оған дамудың қандай қайшылықтары тән екендігін ескерілмейінше болмайды. Олардың қатарына келесі қайшылықтарды жатқызуға болады: – коллектив мүлдесімен индивидтің жеке мүлделері арасында; – индивидтердің бірлесуге ұмтылушылығы мен тұлғаның 'Өзінің тәуелсіздігіне өз еркімен безбеу арасындағы; – тұтас еріктілігі мен коллективтің тәртібіне бййгіну қажеттілігі арасындағы; – коллективтің талаптары мен тұлғаның тілектері; – коллективтегі пайдалы әдеттерінің қажеті мен:формализм қауіптіліп арасындағы; – бастапқы коллектив ұйьмының қажеттілігі мен топтық бөлініп шығуы қауіпсіздігі арасындағы. Көрсетілген коллективтің даму қайшьлықтары көптеген жылдар бойы рдін оқушылармен бірлескен іс-әрекеттерін ұйымдастыру барысында мүмкін болады. Бірақ бұңда да мұғалім пайда болған қиындықтарға назар аудармай 6олмайтын көреді. Бұл қиындықтар оқушылар іс - әрекетін ұйымдастырудың мәні: педагогикалық басшылықтың міндеттілігі мен оқушылардың бастамасы мен қайраткерлігі арасындағы; мектептегі іс - әрекеттің коллективтік сипаты мен әрбір оқушының адамға ән барлық өзіндік қасиеті бар тұлға ретіндегі даму қажеттілігі арасындағы; коллективтің қоғамдық мәні мақсатына байланысы жүйесін ұйымдастыру қажеттілігі мен бір жастағы балалардың әлеуметтік тәжирбиесінің шектелгендігі арасындағы; – оқушыларды атадан қалған,адамға тән іс - әрекет түрлерінің (қатынас, ойын, еңбек, таным, өнер, табиғатты қорғау іс - әрекеті дайындау қажеттілігі мен оқушылардың осы іс - әрекеттер түрлерін меңгеруінің келешегі арасындағы; – әрбір оқушының өзін - өзі билеушілігін қалыптастыру қажеттілігі мен жеке жауаптылықтың жеткіліксіздігі арасындағы; – оқушылардың қоғамдық өмірдегі қатынасу ықыласы мен өмірде өзін жұзеге асыру тәсілдерінің жеткіліксізділігі арасындағы. Тұлға дамуындағы қайшылықтарды білу жеткілікті дәрежеде әдісін біліп педагогикалық әрекеттің жұмыс жемісін жасауға мүмкіндік береді, ол оқушыларға дербес тәуелсіздікке, өз орнын табуға ұмтылушылдықтағы оның формалары мен әдістерін табуға көмектеседі. (Г.К. Костюк). Дұрыс педагогикалық басшылық жасай алынбаса қайшылық шешілмейді, тұйыққа кіргізеді, әкеледі, ол бұл әдетте қатты даужанжалға әкеледі, дамуда тоқтауларға әкелетін кейбір үзілістер пайда болады. Бір күбылыстың ішінде пайда болған қайшылық оның өз ішінде шешілмейді, басқа жоғары деңгейдегі құбылыстармен байланыстары арқылы, яғни жаңа, өте күрделі даму формасы құрылуы арқылы жүзеге асады (Э.В. Ильенков). Қайшылық дегенміз қарама -қарсылықтардың бірлігі. Егер субъектінің іс - әрекеті арқылы қарама - қарсылықтардың бірі басқаға сәйкес келсе онда қайшылық шешіледі деген сөз. Бұл деректі анықтау қозғаушы күштерге ықпал ету әдістемесіне оқытумен тікелей байланысты. Осы анықтамалардың көмегімен педагогикалық процестің негізгі қайшылығын шешуді қарастырайық. Кіші микро жүйеден бастайтын, яғни қатысушылар құрамы деңгейі ең аз жүйе. Оқушы өзінің тұлға ретінде қалыптасу процесінде әлеуметтік тәжірибені меңгеруі керек, ол бұл оның өз іс - әрекетінсіз мүмкін емес. Бірақ, ол іс - әрекет тәсілдерін өз бетінше меңгере алмайды тек қана басқалардың көмегі арқылы ол іс - әрекеттің субъектісі бола алады. Яғни, қайшылық "адам" жүйесінде пайда болады, ол оның жетілуі жаңа "адам - адам" жүйесінің, оған бірінші жүйе қосымша жүйе ретінде кіреді, пайда болуы арқылы шешіледі. Қайшылық оқушылар коллективі жүйесінде пайда болғанымен оларды шешу одан жоғары деңгейдегі "сынып ұстаздары — сол сыныптың оқушылар коллективі" жүйеде шешілуі мұмкін. Сонымен бірге қайшылықтардың бір бөлігі пән мүғалімдерінің оқушылардың коллективтік танымдық іс - әрекеттерін ұйымдастыру барысындағы күш жұмсауы барысында шешілуі мүмкін. (М.С.Виноградова, Н.С. Дежникова, В.В. Котов, И.Б. Лиймете, В.Б. Первин, Н.Н. Хан және т.б.) Басқа қайшылықтарды шешу сынып жетекшіге байланысты болады. Ол бастапқы сынып коллективтіне жалпы мектеп қатынастары жүйесінде өз орнын табуға, яғни өз оқушыларының сыныптан жалпы мектеп ісіндегі әлеуметтік белсенділік кеңістігін кеңейе түсе көмектеседі. Егер мұғалім, сол нақтылы қайшылықтың басқа топтар жүйесіндегі орнын көре білсе, онда оның қабылдаған шешімі педагогикалық процестің негізгі интерактивтік қасиетін оқушы тұлғасына өзара қиылыстағы қосымша жүйелердің үздіксіз ықпалын көрсетеді. Ұстаздың басшылығымен жұмыс істейтін адамдардың әрекеттерінде қалай, болса да педагогикалық процестің-белсенділікпен қатынастың бірлігі, қосымша жүйенің қызметтік мамандануы, көп жақты қатынастардың процесс субъектілерінің өзара әрекетінің нәтижесі сияқты қасиеттері көрінеді. Қайшылықтардың бағыттылықпен шешілуі педагогикалық процестің табиғатына сай дұрыс қызмет істеуіне әкеледі. Мұғалімнің алатын негізгі нәтижесі оқушылардың оқу және оқудан тыс кеңістікте белсенді түрде іс-әрекет тәсілдерін меңгере түсуімен байланысты, бұнсыз олардың әрекетінің дамуы мүмкін емес. Педагогикалық процестің заңдылықтары. Ұғымдардың көмегімен педагогикалық шындыққа, сонымен бірге мұғалімнің іс - әрекетінің объектісі — біртұтас педагогикалық процеске де сипаттама беруге болады. Педагогикалық процестің заңдарын білу мұғалімнің іс-әрекетін ұйымдастыруға жол табуға әсер етеді. Заңдылықтар мен принциптер педагогикалық процестің қызметін және оны нақтылы жағдайға сәйкес құрауда болжауға болады. Осыдан педагогикалық процестің мынадай зандары болуы мүмкін: – бала өткен ұрпақтардың әлеуметтік тәжірибелерінің мұрагері-тек қана өзінің белсенді творчестволық шығармашылық іс - әрекетінің арқасында ғана бола алады; – индивидтің өзін жүзеге асыра алатын және өз орнын таба алуға дайын белгілі бір әлеуметтік — азаматтық дәрежесі бар (барлық қоғамдық қатынастардың бірлігі тұлға ретінде дамуына, әлеуметтану процесі барысында, әлеуметтік белсенділік кеңісгігінің бірте-бірте кеңейі барысында жүзеге асады; – ұстаздар мен оқушыларды біріктіретін ұйымдастырылған бірлесіп бөлінген іс-әрекеттері педагогикалық процесс қатысушылардың әрбіріне және барлығына жетістіктер мен қамтамасыз етеді. Педагогикалық процестің заңдылықтары ол оның мәндік ерекшеліктері демек ол тұтастықта да және жеке бөліктерде өзін көрсетеді. Бірақ, педагогикалық процестегі өзгерістері» реттеу неге сүйенгендігін білу үшін құбылыстардың, бөліктердің, процестің элементтердің қалай өзара байланысқанын, қалай заңдар зандылықтарда көрінетінін түсіну керек. Бірақта, ең алдымен, мына сұраққа жауап беру алдында педагогикалық процестің бөліктері мен құрылымының ерекшеліктері неде деген ұғымды түсіну керек. Педагогикалық процесстің ерекшеліктері оның құрамындағы бөліктерінің ішкі байланыстарымен көрінеді. Процесс (латынның ргосеззиз - қозғалыс) алға басу 1)жағдай; 2)белгілі бір нәтижеге жетудегі бір ізді әрекеттердің бірлігін білдіреді. Көрсетілген "процесс" деген ұғымның мағынасы "ұстаздар - оқушылар" жүйесіндегі түпкі мақсатқа бір ізді әрекеттер бірліктері арқылы жету ұстаздан қандай нақтылы жағдайды өзгерту және осыған сәйкес қандай әрекет істеу керектігін білуі керек. Бұл сұрақтарға жауап өз тарапынан сол байланыстармен оның болатын, өз арасындағы бар байланыстарымен және мұғалімнің педагогикалық процестің бөліктері мен құрылымын білуге тікелей байланысты болатын заңдылықтарымен байланысты. Педагогикалық процестің компоненттерінің бөліктері. Педагогикалық процестің жеке дара бөліктері (компонентері) туралы оның теориясын жасаудан біраз бұрын практиқада жеткілікті дәрежеде жақсы белгілі болған. Олардың бір бөліктері (мақсат, міндеттері, мазмұны) өзгеру барысындағы қоғамдық өмірге мектептің әлеуметтік тапсырма ерекшеліктеріне байланысты қайта - қайта жаңадан қаралып жетілдіре түседі. Көрсетілген проблеманы В:Е.Гмурман, В.С. Ильин, Б.Т.Лихачев және т. б. зерттеген. Г.К. Костюк ұстаздар мен оқушыларды педагогикалық процестің бөліктеріне жатқызады. М.А. Даниловтың көрсетуінше педагогикалық процестің ішкі серпілісі оның негізгі, басты өзегі тәрбиенің мақсаты болады. Педагогикалық процестің мәнін терендеу және жан — жақты түсіну үшін тек қана бөліктер құрамын ғана емес, сонымен бірге олардың әрбірінің ерекшеліктерін білу керек. Педагогикалық процесс бөліктерінің ерекшеліктерін түсіну нақтылы оқу орнындағы педагогикалық процесіндегі солардың арасындағы объективті өмір сүретін ішкі байланыстарын анықтауға мүмкіндік береді. Бөліктердің ерекшеліктерін қарастырайық. Отандық педагогикада тәрбиенің мақсаты жан- жақты тұлға дамуындағы, гумандық бір ізділік идеясы түрғысынан анықталады. Бұл мақсаттың сөз жоқ өзінің құндылығы бар, оның тәрбие мақсатының қоғамдық талабынан өсіп түсінуде (Р.Г. Гурова) философтар мақсатты идсал (идсалдық - мақсат) ретінде қарастырады. Егер идсалды-мақсатқа жету ақыл-ой, адамгершілік, еңбек, эстетиқалық және дене тәрбиесін (біртұтас педагогикалық процесс) міндеттерін бірден және комплексті түрде шешумен байланысты болса, онда педагогикалық процестің жеке алынған бөліктерінің мақсат — міндеттері әрине аумағы жағынан көп кіші және мазмұны жағынан нақтылы (мысалы сабақ үшін) болады. Тағыда оны субъект—субъектілік қатынастар педагогикалық процестің екі жақтылы болғандықтан оқушылармен бірге жасау керек. Сонымен, педагогикалық процестегі оқушылардың іс-әрекеттерін қарастыра отырып, педагогикалық мақсатты ұйымдастырылған іс-әрекет олардың творчестволық белсенділігін қалыптастыру жағдайы болатындығына көзіміз жетті. Әдеттегі іс-әрекеттер түрлері (қарым- қатынас; ойын, еңбек) ортаның белгілі бір жақтарына бағытталған. Сондықтан педагогикалық ықпал деңгейінің қалыптасу барысындағы тұлғаның ортамен (тек қана әлеуметтік қана емес, сонымен қатар табиғаттық, материалдық, рухани) алдын-ала қойылған мақсатқа байланысты өзара әрекетін реттеу. Бізге тұлғаның қалыптасуы іс - әрекет барысында қалыптасуындағы, іс-әрекет қандай болса тұлға да соңдай. Әртүрлі жас ерекшелік кезеңдерінде бірғана іс-әрекет маңызды болып қалмайды, іс - әрекеттің маңызын барлық адамның саналы өмір кезендерінде байқайды. Жоғары айтылғандардан мынадай қорытыңды жасауға болады: -қандайда болмасын аяқталған салыстырмалы мектеп жұмысының формасы болатын уақыт жағынан шектелген педагогикалық процесте (сабақ, экскурсия, мектеп кештері және т.б.) жұмыс міндеттерінен туатын педагогикалық ықпал етудің әртүрлі кұралдарының қарым - қатынас, еңбек, ойын тәсілдері және т.б. объективтік алғы шарттарын көруге болады; -комплексті түрде педагогикалық ықпал ету құралын қолдану мақсатпен міндеттерді мұқият үйлестіруді жұмыстың барлық ауыртпалығының ортасын негіздеуді, демек жетекші, негізгі, өзекті іс - әрекетті анықтауды талап етеді; Педагогикалық процестің заңдылықтары дегеніміз "ұстаздар - окушылар" жүйе байланысын көрсету болады: жүйенің өзінің ішіндегі кейбір жеке қосымша жүйелердің және сыртқы басқа одан жоғары сатыдағы жүйелер (мектепті қоршаған әлеуметтік орта, қоғам). Көрсетілген себеп бойынша педагогикалық процестің қызмет істеуінің ерекшелігін жағдай, байланыс, қатынас көрсететін процестің қасиеті мен оның сапасын, заңдылықтары анықталады. Соңдықтанда педагогикалық процестің негізгі мынадай заңдылықтары болады: -оқу орнының педагогикалық процесі қоғамның әлеуметтік экономиқалық қажеттілігіне сай болады; -педагогикалық процестің мақсатқа бағытылығы қоғамның мақсатын көрсетеді, ол әлеуметтік тапсырыс ретіндегі, білім беру заңдары арқылы талап етіледі; -педагогикалық процесс екі жақты процесс, ол ұстаздармен оқушылардың өзара тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің әрекетімен байланысты, міндетті түрдегі екі жақты іс - әрекет; -оқушылардың творчестволық белсенділігі мұғалімнің мұқият ойластырған және ұйымдастырылған іс - әрекетінің нәтижесі; • -педагогикалық процестің қызметі оның жасалуымен ұйымдастырудың оқушылар коллективі,сонымен қатар жеке оқушылардың жас ерекшеліктері мен даму деңгейлеріне сай келуіне байланысты; -педагогикалық процесс бөліктерінің мағынасы маңыздылығы әртүрлі, олардың бір - біріне бағыттылығы (иерархия) мен бір - біріне әсері бар; -педагогикалық процесс бір қас-қағым сәттік емес, ұзақ мерзімге уақытқа бағытталған; -педагогикалық процестің ішіндегі қосымша жүйелердің ортасы мен өзара қиылысқан бағьптарының әсері көптеген факторларды тудырады, соның ыкпалы негізінде ең ақырғы нәтиже қалыптасады. Заңдылықтар педагогикалық процестің ішкі және сыртқы байланыстарын көрсетеді,олар өз арасында жеткілікті дәрежедегі күрделі байланыстарын құрайды. Сондықтан, егер ұстаз нақтылы педагогикалық процесс негізгі жағдайда заңдар мен заңдылықтарды ескермей ұйымдастырса, бұл ең ақырында оқу- тәрбие жұмысының сапасынан бағалауына әкеледі. Барлық педагогикалық процестің заңдары мен зандылықтарын айқындалғандарды ескере отырып, баланың тұлға ретінде дамуының тиімді жағдайын нақтылы әлеуметтік -экономиқалық жағдайларда өзіңдік дамыту және өз орнын таба алу қабілетін қамтамасыз еткізетін мұғалімнің басшылыққа алуға тиісті сол анықтамаларды принциптері. Принциптер мұғалімнің іс-әрекетін ұйымдастыруға қойған негізгі талаптар болып есептеледі, олар түрақты нысаналар болып және педагогикалық процестің қызмет істеуінде творчестволық ықпал көрінеді. Негізінен принциптерде педагогикалық процестің заңдары мен заңдылықтары жүзеге асады. Бұл мұғалімнің теориядан практиқалық әрекетке көшуі болады: -педагогикалық процестің ізеттілігі, тұлғалық нысаңдық бағыттылығы; -іс-әрекеттің санамен мінез-құлық бірлігін қалыптастыруға бағыттылығы; -педагогикалық процестегі іс-әрекеттерді оқушылар тұлғасын дамытудың көкейкесті қажеттілігін ескере отырып үйымдастыру; -педагогикалық талап қоюшылықты оқушының көзқарасын оны адамдарға, құбылыстарға, процестерге қарым-қатынасын сыйлаумен ұйымдастыру; -оқушы мен ұжымның дамуында жеке даралықты (индивидуалдық) психологиялық физиологиялықты жас ерекшелік пен ұлттық ерекшеліктерді ескеру; -педагогикалық басшылықты оқушылардың инциативасымен, қайраткерлігімен ұластыру; -оқушылардың іс-әрекеттерде тиімді нәтижелерге жетуге көмектеседі; -ұстаздардың, оқушылар ұжымының және отбасыларының оқушыларға қоятын талаптарының үйлесімділігі; -әрбір бала үшін тиімді психологиялық ахуалдың әлеуметтік қауіпсіздігін қамтамасыз ету; -оқушы тұлғасы мен ұжымның дамуындағы жаңа құрылымды үздіксіз бақылау. Заңдар, заңдылықтар және педагогикалық процесті ұйымдастыру принциптері өзара байланыста болуы мүмкін. Бұл өзара байланыстылықты процестің мәнінен оған қатысушылардың практиқалық әрекеттерінен көрінеді, ал педагогақалық процестегі мұғалімдер мен оқушылардың іс-әрекеттерін Псдагогиқалық процестегі тұлға аралық қатынастар. Сөз оқу пәндердің мазмұндарының өзінде белгілі бір тәрбие күшті әсері салынған. Бұл екі мәселемен байланысты: біріншіден меңгерілетін пәннің мазмұны қаншалықты қоғамның даму деңгейіне, оның мүлдесіне сай келетіңдігіне; екіншіден бұл мазмұнның оқушыларды қаншалықты табиғаттың, қоғамның және адам ойлауының, дамуының объективтік зандылықтарын түсінуімен қаруландырады, яғни көзқарастарының қалыптасуына ықпал етуімен байланысты. Бірінші сыныптың өзінде бала үшін оның мектеп мұгалімдерімен, әсіресе өз мұғалімімен қатынасы тартымды және маңызды болады. Оңда балалар мұғалімнің біліміне, тәжірибесіне сенеді, алдымен ақылдауға келеді, себебі олар өздерінен үлкен адамдар тарапынан шексіз сыйластықты, қадыр құрмет (тіпті олар қателесіп жақсылық жасаса да және шебер тактиқалық көмегі болатындығына сенімді. Міне бұл мұғалім мен оқушылардың өзара қатынастарының тәрбиелік әсерінің ықпалының негізгі мәнін құрайды, одан оқушының мектепке сол мүғалім беретін пәнге, оның өнегесі, тәрбиеге көзқарастарға, сенімдеріне, өмір принциптеріне қалайша қарайтындығы байланысты болады. Екінші мектеп педагогикалық процестің тәрбиелеуші тетіктің маңыздылығыда кем емес. Бұл оқушылар арасындағы өзара қарым - қатынастары Н.К. Крупсқая өзінің мақалаларында бірнеше рет балалар ұжымындығы қатынастардың тәрбиелік ролі туралы ойды айтқан болатын. Ал А.С. Мақаренко нактырақ,болды ол: "Ұстаздың жұмысы бастапқы ұжымға тым жақын жүруі керек. Оның жұмысының мәні ұжымның жеке тұлғаларға талабын тудыруға бағытталған болуы керек" дейді. Тәрбиеші ұжымдағы тәрбиеленушілердің арасындағы нақтылы қатынастарды ескеруі керек. Бұл қатынастардын өзінде, тіпті олар біздің еркімізден тыс қалыптасқанда олардың көпшілігі тәрбие бағытында қолдануы мүмкін. Бүл процестің тиімділігі балалардың ұжымындағы іс -әрекеттерінің мазмұны мен құрылымының одан әрі дамытуымен, олардың арнайы үйымдастырылған ерекше бір іс-әрекет ретіндегі коллективтік қатынастары оқушыларда мақсатты бір-біріне тұлғалық қабылдау мәдениетін тәрбиелеу, оқушылардың өзін-өзі тану процесі барысында оларға жеке дара көмек көрсету, ұжымда өзінің жүріс-түрысын өзі реттеу және әлеуметтік тиімді өз орнын табуымен байланысты.Сонымен, бірінші және екінші тәрбиелеуші тетіктері арасындағы жалпы ұқсастық (іс-әрекетнен оның ерекшеліктері) өте маңызды қортынды жасауға мүмкіндік береді. Егер негізгі тәрбие сайманы болып балалар ұжымын қалыптастыру үшін ұстаз әртүрлі іс-әрекеттер арқылы балалардың айнала қоршаған ортамен белсенді өзара әрекетін ұйымдастыра алса онда оған ұжымдық іс-әрекетті ұйымдастыру барысында балалардың өз арасындағы қатынасты кәсіби сауатты қолдануы керек.


 



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Править]Клубная статистика | Педагог Яковлева Елена Николаевна.
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-24; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 4841 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Победа - это еще не все, все - это постоянное желание побеждать. © Винс Ломбарди
==> читать все изречения...

780 - | 751 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.