Лекции.Орг


Поиск:




ЖАСТАР – ЕЛІМІЗДІҢ БОЛАШАҒЫ




«Нұр Отан» партиясы жастарға елімізді дамытудың маңызды стратегиялық ресурстарының бірі ретінде қарайды және олардың саяси өмірге белсенді қатысуына мүдделі. Партияның «Жас Отан» Жастар қанаты еліміздің өмірінде саяси және әлеуметтік-экономикалық негізгі бағыттары бойынша және жастар бастамаларын алға жылжыту орталығы болып табылады.

Мыналарды іске асыру қажет деп есептейміз:

– бюджеттен қаржыландыру мен қамтамасыз етілетін «Жастар саясаты туралы» заңды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу және қабылдау;

– әлеуметтік жастар инфрақұрылымдармен (аула клубтары, спорт залдары, стадиондар, фитнес-орталықтары және жастардың өзге де демалыс нысандары) қамтамасыз етудің мемлекеттік стандарттарын әзірлеп, қабылдау және соларға сәйкес инфрақұрылымдар құрылысы бойынша мемлекеттік және аймақтық инвестициялық бағдарламалар дайындау;

– жастардың кәсіпкерлігін қолдаудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу;

– белсенді жас азаматтарды мемлекеттік қызметке іріктеу, оқыту және өсіру арқылы, үкіметтік емес жастар ұйымдарының қызметіне қолдау көрсету арқылы мемлекетті басқаруға жастардың қатысуы үшін қолайлы жағдайлар жасау;

– мемлекеттік гранттар есебінен оқитындар үшін мемлекеттік үлестіру жүйесін енгізу және кепілденген әлеуметтік пакет (әлеуметтік немесе ипотекалық баспана, көтермелеу қаражаты т.б.) берілетін жас мамандардың мәртебесін заңнамалық тұрғыда айқындау;

– жас мамандардың бір немесе одан артық бала тууына байланысты тұрғын үй несиелерін өтеу үшін оларға мемлекеттік дотациялар беру;

– жастар мен жасөспірімдер арасында есірткі мен алкогольді таратуды алдын алуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруды қатаң бақылауға алу.

 

Тапсырмалар.

1. Мәтіннен жаңа сөздерді аударыңдар.

2. Мәтінді оқып, аударыңдар.

3. Сіз Қазақстанның болашағы үшін не істейсіз? Ситуативтік тапсырма.

4. Мәтіннен сөз тіркестерін тауып, сөйлемдер кұрастырыңдар.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Күзекова З. С. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит). Алматы: Ғылым, 2001.

2. Бектұров Ш.К., Бектұрова А.Ш. Қазақ тілі (Ана тілі деңгейінде үйрету құралы). Алматы, 1998.

3.Түймебаев Ж. Қазақ тілі (Грамматикалық анықтағыш). Алматы, 1991.

4. Аяпова Т. Қазақ тілі (Негізгі оқулық, үй кітабы, мұғалім кітабы). Алматы, 1998.

5. Нұрғожина Г.М., Әбілқасов Ғ.М., Жетпісбай Ш.А. Қазақ мәдениеті (Қазақ тіліне арналған

мәтіндер жинағы). ҚарМТУ, 2003.

 

СӨЖ арналған бақылау тапсырмалары (14-тақырып) [қосымша14,15,17,18,19]

1.Студент – болашақ басшы, істі ұйымдастырушы, мемлекет қайраткері тақырыбына әңгіме.

2. Жастар – Қазақстанның болашағы тақырыбына эссе жазу.

 

15-тақырып. Қайталау. Қорытынды. Емтиханға дайындық

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1. Фонетика, морфология және лексика тақырыптарын қайталап өту.

2. Емтиханның бірінші сұрағы бойынша тест тапсырмаларын қайталау.

3. Аудармаға арналған мәтіндермен жұмыс жүргізу.

 

ІІ-семестр

 

Тақырып. Мамандық әлемінде. Менің мамандығым. Қаныш Сәтпаев – тұңғыш академик. Есімше.

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары.

1. Есімшені түсіндіру.

2. Лексикалық тақырыптар бойынша сұрақ-жауап, әңгімелесу.

3. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.

4. Сөздікті пайдалана отырып, техникалық мәтіндерді аударту.

МАМАНДЫҚ ӘЛЕМІНДЕ

Өмірде мамандықтың түрі өте көп. Жақсы маман болу үшін еңбек ету керек. Инженер, дәрігер, мұғалім, ғалым, жазушы, тілші, мүсінші, суретші, сәулетші, экономист, есепші, ұшқыш, ғарышкер болу үшін оқу керек. Жақсы жұмысшы, кенші, металлург, жүргізуші, құрылысшы, тоқымашы, тігінші болу үшін өндірісте істеу керек. Бақташы, егінші, мал дәрігері, бағбан, сауыншы, мақташы болу үшін ауылда жұмыс істеу керек. Ал, аяқ киім жөндеуші, сатушы, шаштараз, сағат шебері, зергер болу үшін тұрмыстық қызмет көрсететін салада істеу керек. Өнер саласына жататын мамандықтар: әнші, биші, музыкант, композитор, режиссер, т.б.

Сіздің мамандығыңыз қандай? Мамандығыңыз қай салада? Өзіңіздің салаңызда жақсы маман болу үшін не істеуіңіз керек?

Тапсырмалар.

1. Мәтінді аударыңыз.

2. Мәтін бойынша сұрақ дайындаңыз.

3. Мамандық атауларын сала бойынша қойып жазыңыз.

4. «Мамандық» тақырыбына шағын шығарма жазыңыз.

5. Оқып, аударып, жаттап алыңыз.

 

Он маман

Бір баламыз – бақташы,

Екіншісі - егінші,

Үшіншісі – үлгіші,

Төртіншісі – теңізші,

Бесіншісі – балташы,

Алтыншысы – аспазшы,

Жетіншісі – жылқышы,

Сегізіншісі – сырнайшы,

Тоғызыншысы – тігінші,

Оныншысы – орманшы.

(Ермек Өтетілеуұлы)

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1310 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Победа - это еще не все, все - это постоянное желание побеждать. © Винс Ломбарди
==> читать все изречения...

790 - | 768 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.