Лекции.Орг


Поиск:




Тақырып жоспары бойынша хабарлама жасаңыз.




Азақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті

 

 

Ф 06.01-01

 

«БЕКІТЕМІН»

Тарих-филология факультеті

Деканы

Ж.

 

 

«Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы» пәнінен «5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы 3 курс студенттеріне арналған

практикалық сабақтардың әдістемелік нұсқауы

 

Ақтөбе, 2016

Ф 06.01-01

 

І. Әдістемелік нұсқау құрастырылды және енгізілді

Құрастырушы: Н.Н. Аитова

«01» 09 2016 ж.

Жауапты орындаушы

Азақ тілі кафедрасының меңгерушісі

Ф.ғ.к, доцент

Н.Н.Аитова

ІІ. Кафедра мәжілісінде талқыланды

№ 1 хаттама «01» 09 2016 ж.

 

 

ІІІ. Рецензент

Ф.ғ.к., доцент Сұлтан Ж.И.

 
 


 

«01» 09 2016ж.

ІV. Факультеттің оқу-әдістемелік комиссиясы бекітуге ұсынған

 

№1 хаттама «» қыркүйек 2016 ж.

V.Алғашқы тексеру мерзімі 2017 жыл

 

Тексеру мерзімі 1 жыл

 

 

ІV. Өзгеріс енгізілді

 

Практикалық сабақтар

Практикалық сабақ тақырыбы: Сөздердің грамматикалық қасиеттері. Грамматика және оның салалары.

Сабақ жоспары:

1. Сөздердің грамматикалық қасиеттері. Грамматиканың зерттеу объектісі – тілдің грамматикалық құрылысы.

2. Тілдің грамматикалық құрылысы мен негізгі сөздік қоры – тілдің негізі. Тілдің сөздік қоры, оның өзіндік белгілері, сөздік құрамнан айырмасы, тілдің негізіне жататын себептері.

3. Тілдің грамматикалық құрылысы, оның атқаратын қызметі, грамматикалық құрылыстың ерекшеліктері.

4. Грамматика және оның салалары.

Бақылау сұрақтары

1. Сөз және оның мағыналық ерекшеліктері мен тілдік деңгейлерге қатысы дегенді қалай түсінесіз?

2. Сөздің лексикалық мағынасын мысалдар арқылы түсіндіріңіз?

3. Грамматикалық құрылысқа анықтама беріңіз?

4. Тілдің сөздік қорынің сөздік құрамнан айырмасы қандай?

5. Грамматиканың қандай салалары бар?

6. Сөздердің түрленуі дегенді қалай түсінесіз?

7. Сөздердің тұлғалануы деген не?

 

Глоссарий

• Сөздің грамматикалық құрылысы дегеніміз - әрбір тілдің өзіне тән грамматикалық амал-тәсілдерінің жиынтығы немесе сөз құрамының өзгеру, түрлену, мағына тудыру, сөздердің тіркесу, сөйлем құрау туралы ережелерінің жиынтығы.

 

Тапсырмалар:

Тақырып жоспары бойынша хабарлама жасаңыз.

2. Мәтіндегі сөздерді құрылысына қарай талдаңыз:

Тіл – адамның интеллектуалды рухани мазмұны. Адам деген атау біз қарапайым танығандай туғанда таңыла салғандай көрінгенмен, адамдыққа жетудің ұзақ сапарын тіл ғана шешіп, анықтай алады. Тіл философиясының білгірі В.Гумбольдт тілді тіл әрекеттің жемісі емес, әрекеттің өзі (В.фон Гумбольдт) деп тануы тілдің үдерістік қозғалысын ғана білдіруден емес, оның адамды адам етудегі мәңгілік әрекеттер әрекеттестігінде болатынын ұғындыруында деп танимыз. «Адам баласы адам сиқына келгенше біраз мерзім өтіп кетеді емес пе?», - дегеннің мәні не? (Құран Кәрім). Расында, тілдің логикалық құрылымы адамдықтың, одан әрі оның әлемінің, одан соң сол адам өмір сүрген орта мен этностық тегінің, ғарыштық байланысының табиғатын ашып қана қоймайды, солардың онтологиялық құрылымына тең түседі. Бұл ретте Л.Витгенштейннің әйгілі 7 афоризміндегі алғашқы «Тіл әлемді танытады. Өйткені тілдің логикалық құрылымы әлемнің онтологиялық құрылымына сәйкес түседі»,- деген пікірін қолдаймыз. Тіл – адам бойына рух қалыптастырушы күрделі энергетикалық құбылыс (Н.Н.Аитова).

 

3. Грамматикалық құрылысқа сай сызбаны морфемалармен толықтырыңыз:

 






Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 714 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Студент всегда отчаянный романтик! Хоть может сдать на двойку романтизм. © Эдуард А. Асадов
==> читать все изречения...

1012 - | 842 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.