Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


ОҚЫТУ МЕН ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҮЙЕСІ 1 страница




 

1. Психикалық дамуы тежелген балалардың клиникалық-психологиялық мінездемесі

2. Мектеп жасына дейінгі психикалық дамуы тежелген баланың психологиялық-педагогикалық даму ерекшеліктері

3. Психикалық дамуы тежелген баланы оқыту мен тәрбиелеудің коррекциялық бағыттары

4.VІІ түрдегі (түзету) мекемелердің түзете-дамыта-оқыту сыныптарындағы коррекциялық-педагогикалық жұмыстардың ұйымдастырылуы

«Психикалық дамудың тежелуі» түсінігі орталық нерв жүйесінің органикалық және функционалдық жетіспеушілігі кезіндегі бала әрекетіне байланысты қолданылады. Бұл балаларда есту, көру, сөйлеу, тірек-қимылдың бұзылуы, интеллектінің бұзылуы болмайды. Психикалық дамудың тежелу клиникалық картинасы тәртіптің күрделі формаларының дамымауы, мақсатты түрдегі әрекетке түсудің жетіспеушілігі, энцефалопатиялық бұзылулармен түсіндіріледі. Аталған симптомдардың патогенетикалық негіздерін Г.Е.Сухарева, Т.А.Власова, М.С.Певзнер, К.С.Лебединская, В.И.Лубовский, И.Ф.Марковская зерттеулері көрсеткендей, орталық нерв жүйесінің аурулары, олардың резидуалды-органикалық зақымдануы құрайды.

Психикалық дамудың тежелуі ұрықтық кезеңдегі ОНЖ-нің зақымдануынан, инфекциялық, созылмалы аурулардан болуы мүмкін. Психикалық дамудың тежелуінің этиологиясы биологиялық факторлармен емес, әлеуметтік факторлардың да әсерінен болуы ықтимал.

А.О.Дробинская, М.Н.Фишман еңбектеріндегі нейрофизиологиялық зерттеулер 6-8 жастағы балалар арасында оқудағы қиындықтардың байқалуы ми құрылымдары мен олардың арасындағы байланыстардың дамуы нормадан ауытқуы салдарынан болады деп беріледі. Осы жастағы танымдық қабілеттердің төмендігі ми қыртыстары, соның ішінде маңдай және төбе бөлігіндегі қабықшалардың дамуындағы жетіспеушіліктерден болатындығы көрсетіледі. Аталған авторлардың зерттеулерінде клиникалық-психологиялық синдромдардың төрт түрі беріледі.

- Психикалық инфантилизм синдромы баланың эмоциясының жетіспеушілігін анықтайды, яғни маңдайдағы диэнцефальды жүйелеріндің баяу дамуынан баланың эмоциясы өзінің жас шамасына сай келмейді. Күрделі түрінде К.С.Лебединская (1980), И.Ф. Марковская (1977) көрсеткендей, дисгармониялық инфантилизм, танымдық қабілеттердің бұзылуы орын алады.

- Цереброастениялық синдром ақыл-ой және дене еңбегі кезіндегі нерв жүйелерінің тұрақсыздығымен түсіндіріледі. Аталған синдром гидроцефальды синдром кезінде (бас сүйекішілік қысымның жоғарылауы) байқалады. Бұл балалардың бас пішіні үлкен, маңдайлары жоғары, маңдай мен самай бөліктерінде қан тамырларының шығуы орын алады. Бұл балаларға тән белгілер: қимылдық қозғалыс кезіндегі дәлдіктің болмауы, ұсақ қол қимыл моторикасының бұзылуы, көңіл-күйдің аяқ-асты өзгеруі, жылауықтық, апатиялық жағдайларға берілгіштік.

- Гипердинамикалық синдром жалпы қимылдағы тежелулер, қозу, импульсивті жағдайлармен сипатталады. Зейін, тәртіптегі ерікті қозғалыстар, қарым-қатынастың бұзылуы байқалады.

- Психоорганикалық синдром бас миының ерте кездегі органикалық зақымдануынан танымдық қабілеттердің төмендеуі. Бұл балалар оқу мен жазудағы қиындықтар, сөйлеу тіліндегі кемшіліктер байқалады. Ұсақ қол қимыл моторикасы, көру қоординациясы, өз-өзіне қызмет ету дағдысының бұзылуынан мүсіндеу, жапсыру әрекеттері кезінде қиындықтар туындайды.

Психикалық дамудың кешеуілдеуі себептерінің көптігінен, оның анықталу белгілері де әр түрлі. Осыған байланысты ПДТ классификациялаудың да бірнеше түрі белгіленен. Бірінші клиникалық классификация Т.А.Власова мен М.С.Певзнердің (1967) ұсынған классификациясында ПДТ екі вариантта қарастырылады:

- Бірінші вариантында психикалық және психофизикалық инфантилизм әсерінен тұлғаның эмоциялық-ерік сферасының жетіспеушілігі байқалады.

- Екінші вариантында тұрақты церебральды астениялық жағдайдың әсерінен танымдық қабілеттердің бұзылуы байқалады.

В.В. Ковалевтің ұсынған классификациясы (1979) ПДТ биологиялық факторлардың әсерінен болатын төрт вариантын ұсынады.

- мінездің дизонтогенетикалық кешеуілдеуі (психикалық инфантилиизм жағдайында орын алады);

- мінездің энцефалопатиялық кешеуілдеуі (ОЖЖ-нің әлсіз түрдегі органикалық зақымдануы);

-сенсорлық кемшіліктердің қайталануынан болатын түрі (есту, көру, сөйлеудің бұзылуы);

- ерте әлеуметтік депривация жағдайынан болатын ПДТ.

Тәжірибеде кеңінен қолданылып жүрген К.С.Лебединскаяның (1980) классификациясы төрт түрге бөлінеді:

-конституционалдық мінездеме бойынша;

- сомотогендік мінездеме бойынша;

-психогендік мінездеме бойынша;

-церебральды-астениялық мінездеме бойынша;

Аталған төрт типтің өзіне тән ерекшелігі бар. Олардың арасындағы айырмашылық эмоционалдық жетіспеушілік пен танымдық қабілеттің жетіспеушілігі болып табылады. Одан басқа соматикалық және неврологиялық жағынан қиындықтар туындау да мүмкін. Бірақ аномальды дамудағы негізгі екі құрамдас бөлім - инфантилизмдік мен барлық психикалық функциялардың дамуындағы ерекшеліктер.

Психикалық дамудың конституционалдық мінездемесі бойынша ПДТ баланың эмоционалдық-ерік аймағы физикалық және психикалық дамудың ерте кезеңіне сай келеді. Тәртібінде ойын мотивациясының басымдығы байқалады, тез шаршау анықталады. Жалпы білім беретін мектептегі білім алатын балалардың өзінде ойын әрекеті басым болады. ПДТ-дің бұл формасында гармониялық инфантилизмді психикалық инфантилизмнің негізгі формасы ретінде қабылдауға болады. Оқымыстылар гармониялық инфантилизмнің егіздерде жиі кездесетінін айтады. ПДТ-дің бұл формасындағы балалар арнайлы коррекциялық мекемелерде білім алады.

Психикалық дамудың сомотогендік мінездемесі бойынша ПДТ-дің себептері қайталанбалы, инфекциялық аурулар, балалар арасындағы невроздық жағдайлар, туа пайда болған және жүре пайда болған аурулардан болады. ПДТ-дің бұл формасында балалардың физикалық жағдайын ғана емес психологиялық статусында тұрақты түрде төмендетуге себеп болатын астениялық жағдайлар анықталады.

Психогендік түрдегі ПДТ ерте даму кезіндегі бас миының соққы алуынан болған невроздық жағдайлармен түсіндіріледі.

Церебральды-органикалық генездегі ПДТ психикалық функциялардың жетіспеуін И.Ф.Марковская(1993) екі категорияға: эмоциялық-ерік аймағының дамымауы, органикалық инфантилизм мен энцефалопатиялық бұзылулар, интеллектінің бұзылуы түрінде бөледі.

У.В.Ульенкова (1994) психикалық дамудың тежелуін компенсациялау жұмыстарында баланың жасы, әлеуметтік жағдайы, денсаулығының жағдайы, баланың психологиялық даму ерекшеліктері есепке алыну керек деген болжам айтады. Бұл балалардың даму динамикасын жүзеге асырудың тиімді жолы ерте кезден бастап жүргізілген коррекциялық-педагогикалық жұмыстар болып табылады. Бұл балалар жалпы білім беретін мектептің, балабақшаның жанынан ашылған арнаулы топтарда білім алады.

Психикалық дамуы тежелген мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері 3 жасқа дейінгі уақытта байқалады. Олардың бойында байқалатын кемшіліктердің түрлері мыналар:

- кеңістікті бағдарлау қабілетінің төмендігі;

- ересектермен қарым-қатынасқа түсудегі эмоцияның әлсіздігі;

- сөйлеу тіліне дейінгі кезеңдердің кешеуілдеуі (уілдеу, былдырлау);

- моторика мен көру координациясының баяу дамуы.

ПДТ балаларда мектепке қабылданған уақытта баланың физикалық дамуы артта қалу, мектепке баруға деген мотивтің қалыптаспау, бала мектепке оқу үшін емес, ойын әрекетіне анараласу үшін ғана баруға ықылас білдіруі, бала мектептің жалпы талаптары мен ережелеріне көндіге алмау, эмоциялы-ерік сферасы, интеллектуалдық қабілеттері төмендеу белгілері байқалады. Сонымен бірге, тапсырманы аяғына дейін орындамау, мектеп бағдарламасын игере алмау байқалады.

Психикалық дамуы тежелген балаларды оқыту мен тәрбиелеудің коррекциялық бағыттары арнаулы білім беру мекемелеріндегі диагностикалық, тәрбиелілік, коррекциялық-дамытушылық, сауықтыру және білім беру міндеттері арқылы жүзеге асады.

Диагностикалық міндеттер балаға медициналық-психологиялық-педагогикалық зерттеу жүргізу мен жеке даму бағдарламасын құруда жетекші қызмет атқарады.

Тәрбиелілік міндеттер баланың әллеуметтенуін, ата-анасы мен қарым-қатынасын құру арқылы адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеуді қамтиды.

Коррекциялық міндеттер бала психикасы мен әрекетін компенсациялау, кемшіліктерді түзету, танымдық қабілеттерді дамытады.

Сауықтыру бағытындағы жұмыстар бала денсаулығын жақсарту, емдеу, профилактикалау жұмыстары орындалады.

Білім берушілік міндеттер бала әрекетінің барлық түрлерін дамыту, мектепке оқуға дайындау, жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып оқыту мен тәрбиелеу арқылы шешіледі.

Мектепке дейінгі мекемелерде жүргізілетін коррекциялық-педагогикалық жқмыстар шартты түрде бірнеше деңгейлерге бөлінеді.

Бірінші деңгейде жоғары психикалық функциялардың дамуына негіз болатын жағдайларды қалыптастыру маңызды. Баланың шығармашылық қабілеттерін, жетекші әрекеттерін қалыптастыру жұмыстары жүргізіледі.

Екінші деңгейде арнайы мектепке дейінгі білім берудің міндеттері жүзеге асады, баланың мектепке оқуға дайындығы қалыптасады.

ПДТ балалар мекемесіндегі логопедтің жұмысы түрліше ұйымдастырылады. Мұндай жағдайда әр топқа штаттық бірлік бөлінеді, яғни логопедиялық жұмыстар мақсатты түрде күннің екінші жартысында жүргізіледі. Оқу жылының брінші жылында логопед балалардың мағыналы түрдегі сөйлеуіне көңіл бөледі. Одан кейінгі уақытта логопед балалардың грамматикалық сөйлеу тіліне, сөйлеудің лексикалық құрылымына назар аударады. Баланы мектепке дайындау барысында логопед пен дефектолог сауат ашу мен тіл дамыту сабақтарына дайындайды.

ПДТ балаларға арналған мектепке дейінгі ұйымдар ең алғаш рет У.В.Ульенкованың басшылығымен 1973 жылы Нижний Новгород қаласында ашылды. Мектепке дейінгі ұйымдарға арналған типтік бағдарламалар 1990 жылы ғана (26 қараша 1990 ж. 37-14/2) құжат түрінде шығарылды. Осы типтік бағдарлама негізінде ПДК балаларға арналған мектепке дейінгі ұйымдарға (К.С. Лебединскаяның классификациясымен) қабылдау жүргізіледі. Топтарға ПМПК арқылы 10-12 баладан қабылданады. Балаға қойылатын диагноз бен қорытындыны анықтаудың қиындығы туындаған кезде бала бақылау тобына белгілі бір уақытқа жіберіледі. Қорытынды комиссияның жұмысы хаттамаға тіркеледі. Арнайы мекемеге қабылдаудағы ескерілетін жағдайлар ақыл-ой дамуының кешеуілдеуі, энурез, шизофрения, эпилепсия, есту, көру, тірек-қимылдағы ауытқулар байқалса, балалар аталған мекемеге қабылданбайды.

Арнаулы балабақшадағы топтарға 5 жастан бастап қабылданады. Түлектердің білім алуы ПМПК қорытындысымен шешіледі.

ПДТ балаларға арналған балабақшаның міндеті баланы жалпы мектепке немесе ТДО кластарында оқуға дайындау. Қажет болған жағдайда VII түрдегі немесе VIII түрдегі арнайы мектептерге оқуға нұсқаулар береді.

VII түрдегі мектептің ТДО сыныптарындағы коррекциялық-педагогикалық жұмыстарды ұйымдастыру мәселесі XX ғасырдың 60-шы жылдарынан бастап қалыптасты.

Аталған мәселенің өзектілігі мектеп оқушыларының 50%-ы үлгермеушілік көрсеткендіктен, зерттеу жүргізіліп6 оларды психикалық дамудың артта қалуымен түсіндіріліп отырды.

1970 жылы Горький қаласының бір мектебінде Т.А.Власова мен В.И. Лубовскийдің басшылығымен ПДТ балаларды оқыту жұмысына зерттеу жүргізіле бастады. Эксперимент жұмысы 10 жылға созылып, 1980 жылы аяқталады да, 1981жылы психикалық дамуы кешеуілдеген балаларға арналған арнайы мекеменің жаңа типі құрылады. Дегенмен, аталған мектеп түрінің таралуы әдістемелік бағдарламалардың жоқтығынан, кадрлардың жетіспеуінен, ата-аналардың қарсылығына байланысты кешеуілдеп қалды.

1988 жылы жалпы білім беретін мектептерде ПДТ балаларға арналған түзету сыныптары ашыла бастайды.

1995 жылдан бастап Мәскеу қалаларының мектептерінде коррекциялық-дамыта оқыту тұжырымдамалары құрылып, 1999 жылы С.Г. Шевченконың «Коррекционно-развивающее обучение» еңбегі жарық көреді. Осы тұжырымдамаға сәйкес оңалту орталықтарының біртұтас жүйесі құрыла бастады. Коррекциялық-дамыта оқыту бағдарламаларына сәйкес балалардың категорияларына (ПДТ, астениялық жағдайлар, тәртіптің бұзылуы, педагогикалық артта қалушылық) байланысты оқыту процесі жүзеге асырылды. ТДО сыныптары бастауыш сыныптарда ашылады. Бастауыш сыныптардың құрылымы түрлі варианттан тұрады.

1 вариант - жалпы типтегі білімді игере алмайтын балаларға арналған 2,3,4 сыныптар.

2 вариант - мектепте оқымаған балаларға арналған дайындық сыныбы немесе 1,2,3,4 сыныптары.

Бастауыш сыныпты аяқтаған соң оқушылардың жалпы мектепке ауыстырылуы немесе ТДО сыныптарында оқуды жалғастыруы шешіледі. Қажет болған жағдайда ТДО сыныптары 5 сыныптан бастап ашылады. Сынып оқушыларының толымы 12 оқушыны құрайды.

ТДО сыныптарында цензалы білім беріледі. Тіл дамыту сабақтары, еңбекке баулу сабақтарына көңіл бөлінеді.

 

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары

1.К.В.Лебединскаяның ұсынған классификациясының мәнін түсіндіріңіз.

2.Коррекциялық-дамыту бағдарламаларының құрылу логикасын баяндаңыз.

3.Коррекциялық-дамыту бағдарламалары бойынша арнайы топтарға қабылдаудағы қарама қайшылықтарды атаңыз.

4.VII түрдегі мектептер мен ТДО сыныптарындағы коррекциялық-білім беру жұмыстарының мндеттері қандай?

№14. Үй жағдайында білім беру мәселесі

1. Үй жағдайында білім беру мәселесініңқұрылу ерекшеліктері

2. Үй жағдайында білім беру мәселесініңсипаттамасы

 

Ерекше білімді қажет ететін мектеп жасындағы балалар арнаулы білім беру стандарттары негізінде арнаулы мекемелерде немесе үй жағдайында білім алады.

ХХ ғасырдан бастап мүмкіндігі шектеулі балалардың барлық категориясы арнаулы (түзету) мектеп-интернаттарында білім алып келеді.

Қазіргі уақытта мүмкіндігі шектеулі балалар категориясына арналған арнаулы білім беру мекемесінің сегіз түрі бар:

І түрдегі саңырау балаларға арналған арнаулы (түзету) мектеп-интернат;

ІІ түрдегі нашар еститін және кеш саңыраулыққа ұшыраған балаларға арналған арнаулы (түзету) мектеп-интернат;

ІІІ түрдегі көрмейтін балаларға арналған арнаулы (түзету) мектеп-интернат;

IV түрдегі нашар көретін балаларға арналған арнаулы (түзету) мектеп-интернат;

V түрдегі сөйлеу тілінде күрделі кемшілігі бар балаларға арналған арнаулы (түзету) мектеп-интернат;

VI түрдегі тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған арнаулы (түзету) мектеп-интернат;

VII түрдегі психикалық дамуы тежелген балаларға арналған арнаулы (түзету) мектеп-интернат;

VIIІ түрдегі ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балаларға арналған арнаулы (түзету) мектеп-интернат;

Көрсетілген арнаулы мекемелердегі қызмет түрлері Ресей Федерациясының 1997 жылғы 12 наурыздағы қабылданған «Об утверждении Типового положения о специальном (коррекционном) образовательном учреждении для обучающихся, воспитанников с отклонениями в развитии», Ережесі бойынша басқарылып келеді.

Қазақстан Республикасындағы даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған коррекциялық ұйымдарының қызметі мен тәртібін анықтайтын Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 3 ақпандағы №100 «Арнайы білім беру ұйымдарының ережесінің» қаулысы бойынша арнаулы білім беру жүйесінің мазмұны реттелуде

Көрсетілген нормативтік құжатқа сәйкес арнаулы мекемелердің барлық түріне арналған білім беру стандартты ережелері қабылданған.

Білім беру мекемелерінің әрқайсысы арнаулы білім беру стандарты негізінде баланың психофизикалық дамуы мен жеке даму мүмкіндіктерін есепке алып оқу жоспарларын, оқу бағдарламаларын құрып, оны жүзеге асыруда. Сонымен қатар, тұлғаның аутизмдік даму ерекшеліктеріне қарай, Дауна синдромының белгілеріне қарай санаториялық типтегі арнаулы білім беру мекемелерінің мемлекеттік емес түрлері де құрылуы мүмкін.

Мұндай мемлекеттік емес арнаулы білім беру орындары бала өміріне тікелей жауапты бола отырып, баланың конституциялық құқығы мен мүддесін қорғауды өз жауапкершілігіне алады.

Арнаулы білім беру мекемелерінің барлық түрінде бала үшін қажетті жағдайлардың барлығы (медициналық көмек, әлеуметтік бейімделу мен интеграция) қамтамасыз етіледі.

Арнаулы (түзету) мекемесінің түлектері (VIII түрдегі мектеп түлектерін қоспағанда) цензалы білім алады.Мұнда жалпы білім беру мазмұнының деңгейіне сәйкес білім беріледі, мысалы: негізгі жалпы білім беру, орта жалпы білім беру. Арнаулы мектеп түлегіне игерген білімінің деңгейіне қарай мемлекеттік негіздегі құжат беріледі.

Арнаулы мектептерге ата-аналардың келісімімен және психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру орталықтарының қорытындысына сәйкес білім беру басқармалары баланың білім алуына қажетті жолдама береді.

Арнаулы мектептерде күрделі кемшіліктер анықталған балалар үшін арнаулы сыныптар құрылады. Бала дамуындағы кемшіліктің деңгейі мен түріне, психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес мүшелерінің қорытындысына қарай білім беру процесінде мұндай балалар үнемі бақылауда болуы тиіс.

Арнаулы мектеп оқушылары психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес мүшелерінің қорытындысы, ата-аналардың келісімімен оқу бағдарламасын игеру мүмкіндігі мен даму қабілетіне қарай жалпы білім беру мекемелеріне ауыстырылуы да мүмкін.

Арнаулы мектептерде білім берумен қатар медициналық көмек көрсету арқылы бала денсаулығын сақтау, психологиялық қолдау көрсету, әлеуметік қорғау қызметтері де көрсетіледі. Мұндай қызмет түрлерін көрсетуге арналған мамандарға штат бөлініп, қызметкерлердің әрекеті педагогикалық ұжымның жұмыс мазмұнымен, жұмыс кестесімен тығыз байланыста құрылады және диагностикалау, психокоррекциялау, психотерапиялық, бала құқығын сақтау сияқты қызмет түрлерін жүзеге асыра алады.Қажет болған жағдайда балаларға медикаментоздық ем, физиотерапия, массаж, шынықтыру жаттығулары, емдік-сауықтыру бағытындағы қызмет түрлері көрсетіледі.

Мүмкіндігі шектеулі баланың әлеуметтік бейімделуі мен қоғамға араласу, әлеуметтік интеграция, әлеуметтік ортаға бейімделу процесін әлеуметтік педагог мамандар жүзеге асырады. Арнаулы мекемелердегі әлеуметтік педагогтардың қызметі мектеп түлегінің мектепті аяқтау бітіру уақытына қарай кәсіби мамандығын таңдауда, мектепті аяқтау кезінде үлкен роль атқарады.

Арнаулы мекеменің қай түрі болмасын мектеп түлектерін қоғамдық пайдалы еңбекке, кәсіби еңбекке даярлайды. Баланы мұндай еңбек түрлеріне даярлау ісі жергілікті жердің ерекшеліктеріне байланысты: жергілікті еңбек нарығының қажеттіліктері мен тәрбиеленушілердің қызығушылықтары, мүмкіндіктеріне қарай аймақтық, этноұлттық және мәдени ерекшеліктерге байланысты түрленіп отырады.

І түрдегі арнаулы мектеп - жалпы білім беретін мектеп бағдарламасына сәйкес үш деңгейде білім беретін саңырау балалар мектебі:

1-ші деңгейі - бастауыш жалпы білім беру (дайындық сыныбымен қоса есептегенде 4-5 жылды қамтиды);

2-ші деңгейі - негізгі жалпы білім беру (5-6 жылды қамтиды);

3-ші деңгейі - толық орта білім беру (2 жылды қамтиды).

Мектеп жасына дейінгі дайындығы жоқ 7 жастағы балалар бірінші сыныпқа қабылданады. Оқу әрекетінің барлығы ауызша және жазбаша сөйлеу тілін қалыптастыру мен дамыту жұмысына бағытталып құрылады да балалардың есту, көру қабілетінің негізінде қоршаған ортамен танысу, дыбыс күшейткіш аппаратуралардың көмегімен тілдік қарым-қатынасқа түсу жұмысын қамтамасыз етуге бағытталады.

Осындай мақсатпен есту қабілетін дамыту мен ауызша сөйлеу тілін қалыптастыруда арнаулы топтық және жеке сабақтар үздіксіз ұйымдастырылып отырады.

Билингвистикалық жүйе негізінде жұмыс жасайтын мектептерде оқушыларды ыммен сөйлеуге және ауыз екі сөйлеу тіліне қалыптастыру жұмыстары қатар ұйымдастырылады.

Арнаулы мектептің І түрінде күрделі кемшілігі бар саңырау балаларға арналған (ақыл-ой дамуы бұзылған, көруі нашар, оқуда қиындықтар тудыратын) арнаулы сыныптар жұмыс жасайды.

І түрдегі мектептердегі сынып оқушыларының толымы 6 оқушыдан аспауы керек, ал арнаулы сыныптардағы оқушылардың толымы 5 оқушыдан аспау тиіс.

ІІ түрдегі арнаулы мектеп - нашар еститін, кеш саңыраулыққа ұшыраған, бірақ өз бетімен сөйлей алатын мектепке дейінгі және мектеп жасынағы балаларға арналған мектеп. Бұл мектеп екі бөлімге бөлінеді:

- бірінші бөлім - есту қабілетінің бұзылуына байланысты жеңіл түрдегі сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналады;

- екінші бөлім - есту қабілетінің бұзылуына байланысты күрделі түрдегі сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналады.

Көрсетілген бөлімдердің әрқайсысына (бірінші сыныпқа) балабақшада болған жеті жасқа толқан балалар қабылданады. Мектепке дейінгі мекеме тәрбиесінде болмаған балалар екінші бөлімде дайындық сыныбынан өтеді.

Сыныптардағы (топтардағы) оқушылардың толымы бірінші бөлімде 10 оқушыны, екінші бөлімде 8 оқушыны құрайды.

ІІ түрдегі арнаулы мектептегі білім беру процесі жалпы білім беру мазмұнының бағарламасына сәйкес үш деңгейде ұйымдастырылады:

1-ші деңгейі - бастауыш жалпы білім беру (бірінші бөлімде 4-5 жыл, екінші бөлімде 5-6 жыл);

2-ші деңгейі - негізгі жалпы білім (бірінші бөлімде де, екінші бөлімде де 6 жыл);

3-ші деңгейі - орта (толық) жалпы білім беру (бірінші бөлімде де, екінші бөлімде де 2 жыл).

Есту қабілетін дамыту мен сөйлеу тілін қалыптастыру және оларды түзетуге бағытталған жұмыстар дыбыс күшейткіш аппаратуралардың көмегімен арнаулы ұйымдастырылған топтық және жеке сабақтарда жүргізіледі.

Есту қабілетін дамыту мен дыбыстарды айтуды машықтандыру жұмыстары фонетикалық ритмика сабақтары мен ырғақты би сабақтарында да қатар жүргізіледі.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-24; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2013 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

В моем словаре нет слова «невозможно». © Наполеон Бонапарт
==> читать все изречения...

4236 - | 4188 -


© 2015-2026 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.