Лекции.Орг


Поиск:




Дәріс тақырыбы:Дефектология ғылымындағы зерттеу әрекетінің ерекшеліктері




Мақсаты: студенттерді дефектология ғылымындағы зерттеулердің ерекшеліктері туралы ұғым беру.

Тірек сөздер: компенсация, коррекция, реабилитация, бейімдеу.

Жоспары:

1. Интеграция тарихына экскурс

2. Ресейдегі интеграцияның тарихы

3.Интеграциялы оқытудың моделі. Интеграция және дифференциация

4. Жалпы білім беретін мектептердегі арнаулы сыныптар

Ерекше білімді қажет ететін тұлғалар қоғамындағы интеграция олардың құқықтары мен шынайы мүмкіндіктерін жүзеге асырудың қорытындысын айқындаушы процесс түрінде қарастырылып, олардың әлеуметтік өмірдің барлық түрі мен формаларына (білім алуға) қатысып, мүмкіндіктің шектелуін компенсациялауға жағдай туғызады.

Білім беру жүйесіндегі интеграция минималды түрдегі мүмкіндіктің шектелуін, ерекше қажеттіліктері бар тұлғалардың арнаулы (түзетім) мекемелерде немесе жалпы негіздегі білім беру орындарындағы (мектепке дейінгі білім беру мекемелері, мектептер, т.б.) білім алуын қарастырады.

Интеграция «қалыпқа келу, қалыпқа түсу» тұжырымдамасына негізделіп, мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың өмір сүру қабілеті мен мүмкіндігі өздерінің өмір сүріп отырған қоғамның нормалары мен талаптарына жақындастыруды қарастырады.

Мүмкіндігі шектеулі бала үшін мыналар қажет:

1.Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар жалпы қажеттіліктерге сай, соның ішінде қоғамның дамуына үлес қоса алады.

2.Мүмкіндігі шектеулі балалардың өздеріне қажетті қалыпты дамуға жақын максималды даму деңгейін анықтауға болады.

3.Бала үшін ең маңызды орын өзінің туған үйі, яғни мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың өз отбасында тәрбиеленгені дұрыс.

4.Балалардың барлығы толық білім алады, демек дамуда қандай да болмасын кемшілік болғанымен мүмкіндігі шектеулі тұлғларға білім керек.

«Қалыпқа келтіру» қағидасы қазіргі уақытта нақты түрдегі халықаралық құқықты қорғау актілеріне: Бала құқығы туралы Декларацияда, Мүмкіндігі шектеулі балалардың интеллектісінің дамуы туралы, Мүгедектердің құқығы туралы Декларацияда бекітілген.

Өркениетті адам дамуының тарихында қоғамның мүмкіндігі шектеулі тұлғалармен қарым-қатынас жасау формасы, сөйлеу мәнері әлеуметтік деңгейде дами отырып, соған сәйкес даму мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды дамытудың моделі жасақталды.

Л.С.Выготский даму мүмкіндігі шектеулі әрбір тұлғаның қоғамнан тыс қалмауын алға тартып, арнаулы мектептердің бала мүмкіндігін дамыта отырып, оны қоғамға араласу, бейімделу қабілеттерін дамыту қажеттігі туралы түсіндірген. Арнаулы мектептерде бала мүмкіндігінің шектелуі уақыт өткен сайын өз алдына оқшауланып дамитынын анықтаған. Арнаулы мектеп мүмкіндігі шектеулі баланы оқшауланған әлемнен ортаға шығарудың орнына оқшаулану дағдысының дамуын, яғни сепаратизмді күшейтеді. Сондықтан Л.С.Выготский дамуында кемшілігі бар баланы дамытудың міндеті оны интеграциялау арқылы қоғамдық ортаға қосу, дамуындағы кемшіліктерді компенсациялау болып табылады деп есептеді. Осы айтылған ғылыми пікірмен толық келісе отырып, арнаулы білімнің жалпы білім беру мен жалпы тәрбиенің мазмұнына тәуелді екендігін алға тартады. Интеграциялы оқытудың идеясын ең алғаш рет ұсынушылардың бірі Л.С.Выготский болды. Оның идеясы негізінде Батыс Еуропа мен АҚШ мектептерінің, одан кейін Ресей мектептеріне интеграциялы оқыту идеясы таратыла бастайды.

Интеграция әлеуметтік-педагогикалық феномен ретінде бірнеше жүзжылдық уақытты қамтиды. Арнаулы білім беру мазмұнының тарихында даму мүмкіндігі шектеулі балалардың қалыпты балалармен қатар білім алу мүмкіндігі ол тұлғалардың құқығы мен еркіндігі анықталған уақыттан басталғандығы туралы айтылады. Арнайы педагогика тарихы даму мүмкіндігі шектеулі балалардың қалыпты балалармен қатар дамитыны, олардың ерекше қажеттіліктермен танылатындығы жөнінде көптеген ақпараттар бере алады. Тәжірибе көрсеткендей, жалпы білім беретін мұғалімдерінің оқытудың арнаулы әдістері мен тәсілдерін игермегендігін көрсетеді. Бұл кезең псевдоинтеграция кезеңімен сипатталып, әлем бойынша көптеген мемлекеттердің білім беру мазмұны туралы тарихында баяндалады. Қазіргі уақытта псевдоинтеграция Азия, Африка, Латын Америкасында сақталып отыр

Псевдоинтеграция процесімен қатар ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға білім берудегі сегрегация процесі кеңінен тарады. XX ғасырда сегрегациялы білім беру мекемелерінің қызметі тоқтатылып, 1980-ші жылдардың ортасына қарай мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған арнаулы мектептердің сегіз типі белгіленді.

ХХ ғасырдың 60-жылдарының басында әлеуметтік-саяси және экономикалық даму жолы интеграциялы оқытуға бетбұрыс жасайды. Оның пайда болуына себеп болған факторлар даму мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқығын қорғаудағы халықаралық актілердің қажеттілігімен түсіндіріледі.

Аталған елдердің әрбіреуі интеграцияға өз алдына жеке даму жолымен жетті деуге болады. мысалы, 1975 жылғы АҚШ-тағы «Аномальды балаларға білім беру Заңының», «Интеграция туралы Заңның» қабылдануына қоғамдағы ұзаққа созылған нәсілдікке бөлінуге қарсы демократиялық күрестің тоқтатылу заңдылығы себеп болды. Субъективті факторлардың қатарына сол кездегі АҚШ президенті Дж.Кеннедидің қарындасы интеллектінің бұзылуы белгісімен зардап шеккендігін жатқызуға болады. Осыдан-ақ мүмкіндігі шектеулі тұлғалар дамуындағы проблема әлеуметтік проблема ғана емес, жеке отбасылық проблема болғандығын түсіне аламыз.

Интеграциялы білім беру процесіне скандинавиялық мемлекеттердің өз алдына қол жеткізгендігін айтуымызға болады.

1961 жылдан 1980 жылға дейін Данияда және т.б. сакандинавиялық елдерде педагогтар, ата-аналар, барлық халық арасында интеграцияға жету жолындағы ауқымды әлеуметтік-педагогикалық жұмыс қолға алынды. Бұл басқарушы билік органдарының инициатива мен регламенттеуші билік орындарын құруға негіз болып, АҚШ-та интеграциялы оқытудың қарапайымнан күрделіге қарай дамуын анықтаушы, социал-демократиялық қозғалыс түрінде дамыды. 20 жыл уақыт өткен соң интеграция феноменін әжірибе жүзінде және адамгершілік тұрғыда барлық ел түсінгеннен кейін 1980 жылдың қаңтарында мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды қалыпты тұлғалар қатарына қосудың қағидаларын енгізу, білім беру Заңының реформасы қабылданады.

Италияда интеграция проблемасының тарихы өз алдына қарастырылады. Италиядағы интеграциялану жағдайы 1960-70-ші жылдар аралығындағы қоғамдық «Демократиялық психиатрия» қозғалысын басқарған священник Ф.Базаглияның кезінде пайда болды. Бұл қозғалыстың мақсаты психиатриялық емдеу орталықтарында прогрессивті жетістіктердің өзгерісіне қол жеткізу бола отырып, психикасы бұзылған адамдарды өзгелерден оқшауламауды ұсынды. Бұл қозғалыстың басшылары психикасы бұзылған адамдардың пайда болуына тікелей әсер етуші қоғам мен мектеп, сондықтан мұндай адамдарға қажетті көмек көрсету үшін қоғам мен мектеп өзгеруі тиіс деген пікір айтты. Италиядағы 1962 жылы «Демократиялық психиатрия» қозғалысының ықпалымен басталған мектептегі білім берудің реформасы басқа бастамашыл қоғамдағы мектептегі білім беру жүйесін интеграциялауға ықпал етті.

ХХ ғасырдың аяғына қарай көптеген мемлекеттерде (АҚШ, Ұлыбритания, Швеция, Германия, Италия, Скандинавия елдері) мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы (түзету) мектептеріне бағыттау жұмысы ең осыған дейінгі жасалған әрекеттердің ешқандай нәтижесі болмағандықтан соңғы мүмкіндік ретінде қабылданды. Бұл елдердегі білім беру тәжірибесінде мүмкіндігі шектеулі балаларды интеграциялы оқыту проблемасы жалпы мектепте қалыпты балалармен қатар оқыту түрінде қарастырылып отыр. Сонымен қатар, оларға арнаулы мекемелер тарапынан мектеп бағдарламасын игеруді жеңілдетуге арналған қосымша қолдау жұмыстары көрсетіледі.

Шетелдегі 30 жылдық тәжірибенің қорытындысының талдауы интеграциялау проблемасының жетістігі үшін мынадай жағдайлардың қажеттілігін анықтап отыр. Олар:

- тұлғаның құқығын қорғаудағы кепілдікке ие демократиялық қоғамды құру;

- жалпы білім беретін мектептерде ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін арнаулы білім беру жағдайын қаржыландыру;

- интеграциялау процесін таңдаудың еріктілігін анықтау;

- мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды интеграциялау арқылы қоғамға араласуға бейімдеге қоғамның дайындығына болжам жасау.

Соңғы жылдары АҚШ, Канада, Ұлыбритания елдерінде «интеграция» түсінігі әлеуметтік саясатты жүзеге асырудағы білім беруді қамтитын 1994 жылғы Саламанка қаласындағы қабылданған ЮНЕСКО Декларациясымен ауыстырылып жүр.

Мұндағы «білім алуға қосылу» түсінігінің өз алдына жеке қажеттіліктерді қанағаттандыратын оқыту формасы бар.

а) барлық бала баратын мектепте оқу;

б) өз құрдастарымен бір сыныпта отыру;

в) жеке, қажеттіліктің ерекшелігіне сай оқу жоспарларын игеру.

Ресейдегі интеграция проблемалары ХХ ғасырдың 1990-шы жылдарынан бастап әлемдік ақпараттық білім беру кеңсістігіне енгеннен кейін ғана қалыптаса бастады. Қазіргі уақытта Ресейдегі арнаулы білім беру жүйесі үшін жалпы қабылданған халықаралық нормалар мен мүмкіндігі шектеуді тұлғалардың өмір сүруін қамтамасыз етудегі әлемдік жүйенің моделі әлі де болса қалыптасу жолында. Ресейдегі интеграциялы оқытуды міндеті оның мемлекеттік деңгейдегі дамуын жүзеге асыру болып отыр. Оған себеп болып отырған факторлардың қатарын мыналар құрайды:

- білім беру жүйесіндегі экономикалық деңгейдегі қолдаудың төмендігі;

- жалпы білім беру мазмұнынджағы кадрлардың, адамгершілік рухани құндылықтардың, мазмұнды түрдегі ұйымдастыру жұмыстарының жұтаңдығы.

Жабық түрдегі арнаулы (түзету) мекемелерінің қызметі интеграция процесінің қарқынды дамуына қанда да болмасын кедергі жасап, оның қоғамдық және адамгершілік негіздерінің шарықтауына мүмкіндік бермей отыр. Қазіргі уақыттың өзінда жалпы білім беретін мектептерде қандай да болмасын дамуында ақаулығы бар балалар саны артып отыр. Мұны тәуелді түрдегі интеграция (псевдоинтеграция) деп түсіндіріп, оның себептері мыналар деп білеміз:

-арнаулы (түзету) білім беру мекемелердің шектеулілігі;

- олардың бала отбасынан шалғай жерлерде орналасуы;

- ата-аналардың баланы арнаулы (түзету) білім беру мекемелеріне оқытуға рұқсат бермеуі;

- жалпы білім беретін мектептердегі инфрақұрылымдарды құрудағы білім басқармаларының еріктілігі.

Қазіргі уақытта интеграциялы оқыту пробемасы өзінің тиімді және тиімсіз жақтарына байланысты дискуссияға салынып талқылану үстінде. Ерекше білімді қажет ететін балалардың қоғамнан оқшауланбауы әрине қуантарлық жағдай, бірақ жалпы білім беру мекемелерінде арнаулы интгерациялы оқытудың мүмкіндігі шектеулі жалпы білім беру мекемелері мүмкіндігі шектеулі балаларды қабылдауға дайын ба, мектеп мұғалімдері арнаулы психологиялық-педагогикалық көмек көрсетуге дайын ба, түрлі топтарға бөлінген балаларға психологиялық көмек көрсету мәселесі шешілген бе, жалпы білім беретін мектептерде мүмкіндігі шектеулі балалардың жағдайы оң жағынан шешіле мен, деген және т.б.сұрақтарды шешуде нақты түрдегі ізденіс пен оның шешімін табудағы ортақ пікірлер қажет болып отыр. Бұл жағдайда интеграциялы оқытуға ата-аналардың тарапынан да келісімнің болуы есепке алынады. Соңғы жылдары Ресейдің Мәскеу, Санкт-Петербург және басқа да ірі қалаларында сенсорлық және физикалық дамуында кемшілігі бар балаларды жалпы білім беретін мектептерде практикалық түрде психологиялық-педагогикалық оқытудың жүйесі құрыла бастады. Интеграциялы оқытуды нақты түрде қарастыру үшін мына түрдегі сұрақтар төңірегінде қарастырамыз.

Кімді оқыту керек? Бұл сұрақ арқылымүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін мектептерде интеграциялы оқытудың жағымды жақтарын қарастыра аламыз.

Неге оқыту керек? Бұл сауал арқылы арнаулы білім беру жүйесіндегі интеграциялы оқытудың жағдайлары қарастырылады.

Қашан оқыту керек? Осы сауал бойыншаинтеграциялы оқытуды бастау мерзімі (мектеп жасына дейін, кіші мектеп жасынан бастап, жоғары сыныптан бастап) нақтыланады.

Кімдер оқытады? Мұндай сауал арқылымүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасайтын жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің кәсіби деңгейдегі дайындығы, арнаулы педагогтар мен психологтардың атқаратын қызметі қандай болатындығы анықталады.

Қазіргі уақытта Ресейде интеграцияның интернальды және экстернальды формалары дамуда. Интерналды интеграция – арнаулы білім беру жүйесінің ішіндегі интеграция. Мысалы, нашар еститін балалар мен сөйлеу тілінде кемшілігі бар балалармен бір маман жұмыс жасай алады. Ресейлік тәжірибеде экстерналды интеграция арнаулы білім беру мен жалпы білім берудің өзара бірлігі арқылы құрылады.

Ресейдегі арнаулы педагогика ғылымының тәжірибесінде (Н.Д.Шматко және т.б.) сенсорлық кемшіліктері бар балалар (саңырау және нашар көретін балалар) жалпы білім беретін мектеп жағдайында білім алатындығы дәлелденіп келеді.

Саңырау балаларды жалпы білім беретін мектептерде интеграциялы оқыту ресейлік білім беру жүйесі үшін жаңашылдық болып табылады. Себебі, осы уақытқа дейін саңырау және нашар еститін балаларды жалдпы мектептерге қабылау жүйесі сирек кездесетін. Мұның барлығы елдегі әлеуметтік-экономикалық және мәдени жағдайлардың талабынан туындап отырғандығымен түсіндіріледі. Қазіргі уақытта интеграция процесі қалыпты заңды құбылысқа айналып, білім беру кеңістігінде өзінің даму деңгейін кеңейтіп отыр.

Саңырау және нашар еститін балалардың ата-аналары өз балаларының жалпы білім беретін мектептерде білім алуына таңдау жасаудың себептері мыналар:

- есту қабілеті бұзылған балаларға арнаулы білім беру мазмұны туралы ақпараттың жеткіліксіздігі;

- есту қабілеті бұзылған баланың жалпы білім беретін мектепте білім алуы ата-аналардың таңдауына айналуы;

- есту қабілеті бұзылған баланың мектепке дайындығын бағалаудың объективтілігі;

- мектеп-интарнат типіндегі арнаулы білім беру мекемелеріне балаларын өздерінен тыс жерге жіберуге рұқсат етпеуі.

Ата-аналардың қандай да болмасын келісіміне қарсылық жасауға болмайды, бірақ есту қабілеті бұзылған балаларды интеграциялы оқытудың тиімділігін ерте диагностикалау, уақытында көрсетілген түзету жұмыстарының нәтижесінде жүзеге асыруға болатындығы туралы ақпарат беру қажет (И.М.Гилевич, Л. И.Тигранова).

Жалпы білім беретін мектептегі есту қабілеті бұзылған балаларды интеграциялы оқыту барысында дефектологиялық кабинеттерде, сурдологиялық орталықтарда, арнаулы мектеп жанындағы кеңес беру бөлімшелерінде сурдопедагогикалық көмек түрлері көрсетілуі тиіс.

Көру қабілеті бұзылған балаларды жалпы білім беретін мектептерде интеграциялы оқыту балаларды дайындығы мен жалпы білім беру мекемелерінің дайындығы төмен болғандықтан сирек кездесетін жағдай. Одан басқа ерекше білім беруді қажет ететін балаларды интеграциялы оқыту экономикалық, ұйымдастыру және педагогикалық мәселелер психологиялық жайлылық жағдайларын талап етеді.

Еліміздегі арнаулы сыныптар, жалпы білім беретін мектептердегі интеграциялы оқыту көп таралған модельдер мына топтағы балалар үшін құрылған:

- иинтеллектісі бұзылған балалар;

- түзете-дамыта оқыту сыныптарында білім алатын психикалық дамуы кешеуілдеген балалар;

- компенсацияланған сыныптарда білім алатын (денсаулығы өте әлсіз, инфекциялық аурулармен көп ауыратын) мектеп дезадаптациясы тобындағы балалар.

Арнаулы мектепке дейінгі ұйымдар болмаған кезде жалпы білім беретін балабақшаларда немесе арнаулы мектептерде топтар құрылады.

Жалпы білім беретін мектептегі білім беруде айрықша қарастырылатын проблема баланың оқу үлгерімінің төмендігі, еңбекке бейімделу қабілетінің төмендігі болып отыр. Балалардың көпшілігі қандай да бір себептермен бастауыш сыныптың өзінде бағдарлама материалдарын белгілі мөлшерде игере алмайды. Мұндай жағдай әлемдік білім беру жүйесіне тән. Баланың физиологиялық және психикалық мүмкіндігі әлеуметтік талаптар мен нормалардың, тың өзгерістердің ережелеріне сәйкес өзгеріске түсе алмайды. Ақпараттың көптігі сонша, жаңа өскелең ұрпақтың білімді игеру барысында денсаулығына, табиғаттағы экологиялық тепе-теңдіктің өзгерістеріне байланысты қиындықтар туындап отырады. Басқаша айтсақ, бала өркениеттің дамуымен қатар ілесе алмайды. Отандық және шетелдік әдебиеттерде білім берудегі дәстүрлі түрдегі бақылау, диагностикалау, қорытындылау жұмыстарында сыныптық-сабақтық жүйе, бағалау түрінде ұйымдастырудың қажеттілігі көрсетілген.

Ресейде арнаулы білім беру жүйесінің мазмұнын жеңілдетілген түрде құруда баланың жас ерекшелігі, даму деңгейі есепке алынады.

Мүмкіндігі шектеулі балалар катгориясына білім беру ісімен айналысатын педагогиканың саласы түзету (коррекцялық) педагогика айналысады.

Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған түзету кластары 1960-шы жылдардың соңында америкалық психологтар мен педагогтардың ұсынысымен ашылды. Мұндай кластарға «оқытуды қиындықпен игеретін балалар» терминіне байланысты оқыту кезіндегі физикалық және психикалық кемшіліктеріне байланысты қиындықтар байқалатын балалар іріктеп алынды.

Кеңес Одағында 1960-шы жылдары бұл балаларды «уақытша психикалық дамиуы тежелген балалар» деп атап, оқу үлгеріміндегі артта қалушылықты нервтік-психикалық аймағындағы кемшіліктер, денсаулығының әлсіздігімен түсіндіріп келді.

Психикалық дамуы тежелген балаларда кездесетін оқу материалын игерудегі түрақты қиыншылықтар зейіннің, эмоциялық-еріктің реттілігіндегі, есте сақтаудың, ойлаудың, өзіне-өзі бақылау жасаудың, жалпы танымдық белсенділіктің төмендігімен түсіндіріледі. Оларға тән қасиеттердің қатарын жұмысқа деген қабілеттіліктің төмендігі, қоршаған орта туралы білім қорының аздығы, оқу-танымдық белсенділікті қалыптастырушы компоненттердің жетіспеушілігі құрайды.

1970-ші жылдардың басында білім беру саласындағы басталған міндетті жалпы орта білім беруге көшу ісі педагогика ғылымының оқу бағдарламасын игерудегі қиындықтарға жолығатын балаларға зейін аударуды талап етті. Қорытындысында, 1981 жылы басталған ғылыми-зерттеу жұмыстары мен экспериментті ұйымдастыру шараларының негізінде елімізде психикалық дамуы тежелген балаларға арналған (қазіргі уақыттағы VII түрдегі арнаулы (түзетім) мекемелері) арнаулы (түзету) мекемелерінің жүйесі құрыла бастады. Одан басқа, жалпы білім беретін мектептерде психикалық дамуы тежелген балаларға арналған арнаулы түзету сыныптары ашыла бастады. Нәтижесінде мұндай арнаулы сыныптардың көбеюінен психикалық дамуы тежелген балаларға арналған VII түрдегі арнаулы (түзету) мекемелері құрылды.

Психикалық дамуы тежелген балалардың қатарына ақыл-ой дамуындағы кемшіліктер, есту, көру, сөйлеудің дамуындағы кемшіліктер, тірек-қимылдың бұзылуы анықталған балалар мен аутизм формасындағы балалардың да жататынын естен шығармауымыз керек.

Қалыпты оқушылармен VII түрдегі мектептердегі түзету сынып оқушыларын салыстырғанда арнаулы білім беру стандартында оқу бағдарламасын игерту уақытының ұзақтығында айырмашылықтар көрсетілген.

Түзету сыныптарындағы психикалық дамуы тежелген оқушылармен жүргізілген жұмыстың нәтижесі уақытында көрсетілген түзету көмектерінің нәтижесінде психикалық дамуы тежелген балалардың жартысына жуығы бастауыш сыныпты аяқтағаннан кейін жалпы білім беретін мектептерде IX сыныпқа дейін білімін жалғастыра алатынын көрсетіп отыр. Қалған екінші жартысы психикалық дамудың тежелуі мен тірек-қимыл аппаратының жұмысы бұзылған кезде өз білімдерін түзету сыныптарында жалғастара алатындығы анықталған. Тоғыз жылдық білімді игергеннен кейін оқушылар техникумдарда, кешкі мектептерде, кәсіптік-техникалық училищелерде білім алып, кей жағдайларда жұмысқа орналасады.

Қазіргі уақытта мектепке қабылданған оқушылардың қатарында 28%-ы созылмалы аурулармен ауырутын балалар, 45%-ы физикалық және психикалық дамуында кемшілігі бар балалар кездеседі. Осы балаларға арналған педагогикалық (компенсациялы оқыту) қолдау көрсету сыныптарына оқу материалын қиындықпен игеретін, әлеуметтік бейімделуі төмен оқушылар қабылданады.

Түзету сыныптарына жіберілетін оқушыларды анықтау, оларды тексеру психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру жұмыстары арқылы ұйымдастырылады. Жалпы мектеп оқушылары аранысндағы психикалық дамуы тежелген балаларды кіріктіріп оқытудың нәтижесі оқу үлгерімі төмен оқушылардың санын түбегейлі азайтып жібермейтіні анық, соның өзінде де мектеп дезадаптациясының тобындағы оқшыларды да кездестіреміз. Осы тұрғыда ғылыми эксперимент жұмысын жүргізген профессор Г.Ф.Кумарина ол балалардың денсаулығы мен әлеуметік даму жағдайына байланысты қалыпты даму аномальды даму арасында болатындығын дәлелдеді. Осыған байланысты Ресейде 1991 жылы Білім Министрлігі ұсынған Білім беру Заңына сәйкес жалпы білім беретін мектептерде риск тобындағы балаларға арналған 15 оқушыдан құралатын компенсаторлық оқыту сыныптары ашылды. Педагогикалық қолдау және көмек көрсету сыныптарына қабылдау жұмыстары мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасары, мектеп дәрігері, психолог, мұғалім-дефектолог, логопед немесе олигофренопедагогтардан құрылған педагогикалық сараптау комиссиясының шешімімен анықталады.

Компенсациялы оқыту сыныптарындағы білім беру жұмыстарының қорытындысы сыныптағы оқушылар құрамының әр түрлілігіне байланысты олармен жүргізілетін жұмыстардың да түрлендірілуі, нақты және объективті түрдегі дифференциалды диагностикалау жұмыстарының қажеттілігі анықталды. Компенсациялы оқыту сыныптарына арналған оқу жоспарларына арнаулы емдік-сауықтыру және түзете-дамыта оқыту сабақтары (ырғақты би, дене шынықтыру, логопедтің сабағы, психологтың көмегі) қосылып, муызка, сурет салу сабақтарының ұзқатығы белгіленіп, тіл дамыту сабақтары мен еңбекке баулу сабақтарында театрландырылған көріністер қою, дидактикалық материалдарды пайдалану жұмыстары қолға алынды. Күннің екінші жартысындағы балаларды сабаққа дайындау, баланың жұмыс жасау кезіндегі қабілетін есепке алу жұмыстары қолға алына бастады.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-24; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1922 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Настоящая ответственность бывает только личной. © Фазиль Искандер
==> читать все изречения...

824 - | 699 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.