Лекции.Орг


Поиск:




Лы Дала еліндегі тарихи сананы және дүниетанымды қалыптастыру.




Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы ұлт тарихындағы «ақтаңдақтарды» жоюға бағытталған шаралар. Ұлттық бірлік және жаппай саяси жазалау құрбандарын еске алу жылы. 1998 ж. Ұлттық тарих жылы.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» еңбегінде ұлттық тарихты зерделеу. Қазақ жерлерін Ресей империясының жаулау тарихын қайта зерттеудің қолға алынуы. Елбасының «Халық тарих толқынында» тарихи зерттеулерге бағытталған бағдарламасы аясында қазақтың ұлттық тарихының шеңберін кеңейту және ұлттың жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастыру. Елбасы бағдарламасының жаңа тарихи сананы негіздеудегі маңызы.

«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы. Оның мақсаты және жүзеге асырудың негізгі бағыттары: рухани және білім беру жүйесін дамыту, мәдени мұраның сақталуын және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету. Тарихи және сәулет ескерткіштерін жаңғырту. Мәдени мұраны зерделеудің біртұтас жүйесін құру – фольклор, дәстүр, әдет-ғұрыптар. Мемлекеттік тілде гуманитарлық білімнің толық бағалы қорын құру.

«Тәуелсіздік толғауы» атты Елбасының 2014 жылғы 15 желтоқсанындағы сөйлеген сөзінің маңызы. Жаңа Қазақстан –ол ұлы істердің ұйытқысы болған Ұлы Дала мұрагері.

Ұлытау ұлағаты. Қазақ мемлекеттілігі туралы тұжырым-Елбасының Ұлытау төрінде берген салиқалы сұхбатының басты мәселесі. Елбасының қазақ тарихын Бәйтерекке теңеуі. Көне түріктердің мемлекеттілігі, Алтын Орданың және Қазақ хандығының тәуелсіз мемлекетке ұласуы туралы қағида. Тәуелсіздік тұсында көне түркі жазуының және түркі мәдени ескерткіштерінің жан-жақты зерттеле бастауы.

Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари, Қожа Ахмет Яссауи еңбектерінің қазақ тіліне аударылып, қайта басылуы. Елбасының ежелгі Ұлыстар мен Ордалардағы этносаяси үрдістердің қалыптасуына байланысты пікірлері.

Азақстан Републикасының Қарулы Күштерін құру турлы заңы. Азаматтардың қауіпсіздігі және тәуелсіздікті қамтамасыз ету.

Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылуы.

Соғыстан сақтану – адамзаттың ең бірінші мақсаты. Қазіргі кездегі қасіретті болмыстардан – соғыс, қақтығыс, әскери қауіптен және әскери қатер көздерінен арылу армияға арқа сүйемей өтуі мүмкін емес. ҚК мемлекеттің аумақтық тұтастығын сыртқы қауіп-қатерден қорғауды қамтамасыз етуде күш көрсету әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, агрессияға қарсы тұруға міндетті.

Аймақта қалыптасқан әскери-саяси жағдайға байланысты және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) аумағында орын алып отырған саяси және экономикалық процестерді талдай келе, ҚР өз ҚК-ін құруды қолға алды.

Кеңестер Одағы тарағаннан кейін қысқа мерзімде 1992жылдың 7мамырында ҚР ҚК құрылды..

ҚРП Н. Ә. Назарбаевтың «ҚР ҚК-ін құру туралы» Жарлығына сәйкес, ҚК-ді тиімді басқаруды шешу үшін Республиканың Қорғаныс министрлігі құрылды. ҚК-ді басқару органдары қалыптастырылды, армияның құрылымы мен саны анықталды, ҚК—дің қызметі мен құрылуы туралы негізгі құқықтық құжаттар даярланды. Оның юрисдикциясына Қазақстан аумағында орналасқан барлық әскерлер кірді. Олар құрлық әскерлері, әскери-әуе күштері, әуе шабуылына қарсы қорғаныс күштері, әскери-теңіз күштері, сондай-ақ ұрыстық, арнайы, тылмен қамтамасыз ету және АҚ-тың әскери құрамалары.

Республиканың ҚК мынадай қағидаларды үйлестіре құрылды: жалпы әскери міндеттілік пен демократиялық басқару, орталықтандыру мен келісім-шарт жүйесі, дарабасшылық, мемлекеттік билік органдарының есеп беруі мен бақылауға алынуы. Бұл қағидалар ҚР Конституциясы мен әскери мәселелер бойынша: «ҚР ҚК және қорғанысы жайында», «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы», Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебелері және оларды әлеуметтік қорғау туралы» заңдарында және т.б. заңнамалық актілерде қарастырылған.

ҚР Конституциясында ҚР-ның аумақтық тұтастығы мен егемендігін қорғауға негізделген ҚК–дің міндеттері белгіленген. Осы басты міндеттерден негізгі тапсырмалар анықталады: жоғарғы жауынгерлік әзірлік жағдайында тұру арқылы соғыстың алдын алу; мемлекет шекарасына қол сүғылмаушылықты сақтау; мемлекеттік мекемелер мен әскери нысандарды қорғау және күзету; қарсыластың басып кіруші топтарын құрту және агрессияға тойтарыс беру; агрессия зардаптарын жою және шекарадағы жағдайды қалпына келтіру.

Қазақстанның сыртқы саясаты тең құқықтық және өзара тиімділік қағидалары, басқа елдердің ішкі істеріне қол сұқпаушылық негізінде құрылады. Республика халықаралық аренада бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту үшін, қақтығыстарды бейбіт жолмен реттеу үшін күреседі. Республика басшылығы стратегиялық жою қаруларын қысқарту туралы келісімдерге, басқа да жаппай жою қару түрлеріне тиым салуға қол жеткізді. Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісімге қол қойылды. 1993жылы 31 наурызда ТМД-ның Жарғысы бекітілді, оның үшінші тарауында ұжымдық қауіпсіздік, ынтымақтас мемлекеттердің әскери-саяси бірлестігі туралы мәселелер қарастырылған.

Біздің республика өз қорғаныс мүмкіндіктерін бағалай және әскери қауіптің сипаты мен масштабын болжай отырып, әскери құрылысты ТМД-ға мүше елдер мен қорғаныс одағына кіруді қалайтын басқа мемлекеттермен бірге дамытуды жүргізеді.

Мемлекет саясатының бір бөлігі болып табылатын әскери саясат ҚК-дің құрылуы мен міндеттері, мемлекетті қорғау мүддесінде оның әскери қуатын пайдалануға байланыста мәселелер кешенін қарастырады. Оның мәні – армияның әскери қуатын нығайту үшін оны барлық қажетті материалдармен қамтамасыз етуге, әскери істің барлық саласын үйлесімді дамытуға бағытталған мемлекеттік органдардың өзара байланысты шаралар жүйесі. Ол кең ауқымды мәселелер шешуге бағытталған: әскери құрылыстың теориялық негіздерін даярлау; ҚК техникамен жабдықтау; әскери кадрларды даярлау, орналастыру; әскери бөлімдерде тәрбие жұмыстарын өткізу; әскери өнер және әскери ғылым дамуына басшылық жасау; әскерлерді жауынгерлік және оперативтік дайындау қағидалары; мемлекеттің жұмылдыру мүмкіндіктерін ұлғайту; әскери–үйретілген резервтерді дайындау және т,б.

Дербес қорғаныс құрылысын жүзеге асыра отырып, ҚР өз қауіпсіздігін, сондай-ақ ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім-шартқа қол қойған ТМД мемлекеттерінің мүддесін де басшылыққа алады.

Аймақта және Достастық мемлекеттерде қалыптасқан жағдай Қазақстанның дербес ҚК құру туралы шешімді дер кезінде қабылдағанын көрсетіп отыр. Бірақ оның қалыптасуы күрделі экономикалық және әлеуметтік саяси жағдайда өтіп жатыр. Сондықтан ұрысқа дайындық, ұрыстық әзірлік деңгейін төмендетпей, ұйымшылдықты, әскери тәртіптілікті барынша нығайту керек. Республика ҚК шынайы халықтық сипатын сақтап, ТМД ҚК-мен тығыз байланысты агрессорды тежеудің, бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтаудың сенімді факторы болуы тиіс.

Азақстанның әлем елдерінің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кіру стратегиясы. Қазақстан дамудың жаңа баспалдағы» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы (2006 ж.).

Отандық экономист-ғалымдар Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін көтеруді зерделей келе, оның негізгі бағыттарын былайша тұжырымдайды: Қазақстандағы бәсекеге қабілеттіліктің күшті және әлсіз жақтарын анықтау қажеттілігі туындады. 2006 жылы Қазақстан Бүкіләлемдік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік Индексі рейтингісінде (2005ж. — 51 орын болған) 56 орынды алды. Салыстырмалы түрде Ресейдің 62-ші, Әзірбайжан 64-ші, Украина 78-ші, Армения 82-ші, Грузия 85-ші, Молдова 86-шы, Тәжікстан 96-шы, Қырғыз Республикасы 107-ші орында болғанын ескерсек, Қазақстан ТМД елдері арасынан бәсекеге қабілетілік көрсетуге үміт күттіретіні айқын болды. Бәсекеге қабілеттілік индексі бәсекеге қабілеттіліктің үш астары бойынша — макроэкономика, қоғамдық институттар және технология жағынан есептелінсе, жаңа заманауи жаһандық бәсекеге қабілеттілік Индексі (БҚИ) тоғыз аспекті бойынша алынады: институттар, инфрақұрылым, макроэкономика, денсаулық сақтау және бастауыш білім, жоғарғы білім және біліктілікті арттыру, нарықтық тиімділік, технология, бизнес, инновация дамуы. Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау және бастауыш білім беру, бизнес пен инновация мәселелерін шыңдау жұмыстары күн тәртібінде тұрды. Индустриалды-инновациялық даму Стратегиясын жүзеге асыруда ұлттық бәсекеге қабілеттіліктің технологиялық өлшемі — технологиялық даярлық (66-орын) пен инновацияға (70-орын) байланысты БҚИ-нің екі параметрі өзектілігінің маңызы зор болды. Нәтижелі қорытындыларға жету үшін, алға қойылған Стартегия және басқа бағдарламалық құжаттардың технологиялық дамуының басымдылықтарын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін нақты тетіктерді анықтайтын және өнеркәсіп саясаты туралы, ұлттық экономиканы дамытудың жаңа жолдары жөніндегі құжаттар қажет болды. Мамандар тарапынан ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің баға критериилерін отандық мамандар жасау керектігі айтылған (әлемдік саудада, жалпыэкономикалық сипатта, технологиялық, институционалдық, ұлттық экономиканың жеке нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін сипаттайтын) ұсыныстар жасалынды. Әсіресе Президент Жолдауына байланысты Қазақстан Республикасының Экономика институты ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың өзіндік жолы мен тәсілдерін әлеуметтік-экономикалық дамудың жалпы қазақстандық моделінің құрамдас бөлігі ретінде қарастырып, ғылыми ұсыныстарымен шығып отырды. Ұзақмерзімді стратегиялық даму тиімділігінің негізі — тұрғындардың жан басына шақққандағы ЖІӨ өсуінде болды, ал жүргізіліп жатқан экономиканы жаңғырту — халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатына құрылды. Бәсекеге қабілеттілікті арттыру мен ел дамуының тірегі: ЖІӨ жоғарғы технологиялық өндіріс үлесін арттыру, дамыған елдер стандартына келтіру мақсатында экономиканың құрылымын жетілдіру және Қазақстанның бәсекеге қабілетті басымдылығын жүзеге асыруға бағытталған ұлттық экономиканы жаңғырту. Қазақстанда қызмет көрсету саласы ЖІӨ шамамен 50% құрауы, экономиканы құрылымдық қайта құруға ауқымды орын берді. Қызмет көрсету саласының жоғарғы-деңгейі (қаржы, ғылым, білім беру, денсаулық сақтау, инновациялық жұмыстар, ақпараттық технологиялар және т.б.) бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру Стратегиясының бірінші басымдылығының төртінші міндетіне (Экономика дамуын қамтамасыз ететін жаңа бағыттарды қалыптастыру) сәйкес келеді. Дамыған және бәсекеге қабілетті мемлекеттер экономикасының ерекше сипаттарын атап өтсек: Біріншіден, қаржы саласының жоғарғы дәрежеде дамуы. Инновацияға бейім және жоғарғы технологиялық экономика, технологияны үнемі жетілдіріп отыруға сүйенеді. Бұл бойынша Қазақстандағы басымдылық — экономикалық тәуелсіздік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі нақты өндіріс, логистика — логистикалық инфрақұрылым, әлемдік нарыққа шығарылатын өнімдер (құбырөткізгіштер, порттар, ЛЭП т.б.) және Қазақстанның Еуропа мен Азия аралығын байланыстырушы өтпелі-деңгейін қамтамасыз ететін тасымал коридорлары. Өндіруші салаларға мемлекетті қатыстыру мен мемлекеттік кәсіпкерлікті дамыту, жеке өнім түрлері бойынша әлемдік нарықты қадағалауға қабілетті ұлттық монополистік-компаниялардың құрылуы. Келешекте шешімі күтілетін салалар — өндірістің жоғарғы технологиялық және стратегиялық келешегі — биотехнология, нанотехнология, космостық өнеркәсіп, роботтехника. Екінші ерекшелігі — ғылым және білім беру саласы. Қазақстанда бұл да дамудың басым бағыты, болашақтағы мақсат — жоғары технологиялық саланы білікті мамандармен қамтамасыз ету. Үшінші ерекшелігі — қаржы саласы. Жаһандану жағдайында ұлттық экономкалық мүддеге сай бағытта жол көрсетуші — қаржы иституттары мен нарық болып табылады. Қаржы саласының мықты дамуы — отандық қаржы жүйесін, оның барлық компоненттерін — банктен қор нарығына дейін дамыту және нығайту, экономиканың бәсекеге қабілеттілігіне бағытталған негізгі басымдылықтар. Экономикалық дамуға қолдаудың «екінші тіркемесін» қамтамасыз ететін қосымша өндірістер мен «бастау алған» салалардан дамыған тапсырыстар және, ақша қаражаты шетелге кетпей Қазақстанда қалатындай мүмкіндіктерді жетілдіру басты міндет. Мұндай салаларға мәселен, құрылыс заттары, мұнай-газ, тау-шахта машина жасау, құбыр өндіру, сол сияқты материалдық емес өндірістер — білім беру, аудит, консалтинг және т.б. жатады. Яғни Қазақстан жоғарғы дәрежеде дамыған және тиімді қаржы жүйесін қалыптастыру, жеке ТҰК (ТНК) және жоғарғы технологиялық өндіріс кластерін қалыптастыру бағытында жұмыс атқаруда. Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін көтеретін басым салаларды дамытуға бағытталған экономикалық саясаттың факторлық-мақсаттық негізде жүргізілуі туралы қазақстандық ғалымдар тарапынан берілген ұсыныстар: Экономикалық үрдістерде мемлекеттің қатысының белсенді болуы, оның ішінде мемлекеттік кәсіпкерлік институтының реттелуін енгізу; Қазақстан экономикасының дамуының құрамдас бөлігі ретінде технология мен инновацияны көтеру; Қазақстан капиталының әлемдік нарықтағы экспантеграциясына дем беру; Ұлттық модельді жүзеге асыруды экономиканы басқару жүйесімен бірге жүргізу[9]. 2007 жылы Қазақстан бәсекеге қабілетілік рейтингісінде 61-ші орында болды. Алайда, жаһандық дағдарыстың салдарына байланысты 2008 жылғы рейтингте 66-шы, ал 2009 жылы 67-ші орынға дейін төмендеп кетті. 2010–2011 жылдары Қазақстан БЭФ-тің баяндамаларында 72-ші орын алды. 2012 жылдың 5 қыркүйегінде Бүкіләлемдік экономикалық форумның (БЭФ) Әлем елдерінің жаһандық бәсекеге қабілеттілігі туралы (The Global Competitiveness Index 2012–2013) есебі жарияланған болатын. Жаңартылған рейтингке сәйкес, Қазақстан өзінің позициясын 21 пунктке жақсартып, 72-ші орыннан 51-ші орынға көтерілді. Қазақстанның мұндай жоғары көрсеткіші — Стратегиялық жобаларды жүзеге асырудың нәтижесі екені күмәнсіз. Қазақстан позицияларының жақсаруы іс жүзінде бәсекеге қабілеттіліктің барлық факторларында байқалды. 2012 жылы Қазақстан 2-ші өтпелі кезең экономикасынан (тиімді даму кезеңі) дамудың 3-ші кезеңіне (инновациялық даму кезеңіне) өтуші ел ретінде аталған рейтингке алғаш рет қатысты. Бұған дейін Қазақстан экономикасы 1-ші кезеңнен (факторлы даму кезеңі) 2-ші кезеңге өтуші елдер тобына жатқызылған болатын[10]. Дағдарысқа қарсы шаралардың кешенді жүйесінің әзірленіп, оны дәйектілікпен іске асыру, ішкі және сыртқы конъюнктура жіті қадағаланып, табанды шаралар жүзеге асырылғандықтан жаһандық азық-түлік дағдарысы ұлттық апатқа айналған жоқ. Қазақстанның беріктігін сынаққа салған «дағдарыс сырттан келген еді және оның көздері елдің ішінде емес, әлемдік экономиканың сәйкессіздігінде болды»[11]. 2009 жылы экономиканың нақты секторында нарықтық-бәсекелестік ортаны қалыптастыру аяқталды. Өндірістің құрылымы шаруашылық жүргізу мен еңбек бөлінісінің әлемдік жағдайына бейімделді. Өнеркәсіп өндірісінің көпсалалы құрылымы, жоғары ғылыми-техникалық әлеует қалыптасты. Дамыған отын-энергетикалық, кен-металлургиялық және көлік-коммуникациялық кешендер іске қосылды. Өндірістік қуаттардың пайдаланылмаған резервтері жеткілікті болды. Жекелеген салаларда өндіріс пен басқарудың жоғары-деңгейдегі шоғырлануына қол жеткізілді. Мұның өзі әлемдік экономикада бәсекеге қабілетті ұлттық корпорацияларды құру үшін жақсы негіз. Қазақстанда ТМД елдернің арасында бірінші болып зейнетақы реформасы, банк салымдарын кепілдендіру жүйесі, бірқатар сыртқы міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеу, ұлттық валютаның құнсыздануы салдарынан бағамдық залалдарды банктер мен зейнетақы қорларының салымшыларына мемлекеттік өтем жасау, валюталық табыстарды экспортерлерге сатудан бас тарту шаралары қолға алынды[12,-402б.]. Индустриалдық-инновациялық даму стратегиясын іске асырудың алғашқы нәтижелері: «30 корпоративтік көшбасшы» Бағдарламасы Қазақстан экономикасын жаңа сипатта алға бастырудағы басты қадамдардың бірі болып табылды. Өйткені, ол — ішкі жалпы өнімнің, негізгі капиталға қосылатын инвестициялар мен экспорттың құрылымын өзгертуге жағдай жасайтын экономиканы жаңғырту мен әртараптандырудың басты құралы. Бағдарлама екі бағыттан тұрады. Оның біріншісі, мемлекеттің қолдау шаралары арқылы — бизнестің ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға деген бастамашылығы, екінші бағытта — мемлекет бизнесті тарта отырып бәсекеге қабілетті, сыртқа шығаруға бағдарланған тауарлар мен қызметтерді анықтайды. Қазақстандық тауарлардың халықаралық нарыққа шығуын қамтамасыз ететін өндірістер бойынша жобаларды жүзеге асырады. 2008 жылдан бастап бірінші бағытқа қатысты іс-шаралар жоспары белсенді жүзеге асырылуда. Болашағы жоқ дегендерді жобадан алып тастау үшін серпінді жобаларға талдау жасалынып, олардың көкейкестілігі айқындалды. Осындай жұмыстардың нәтижесінде жалпы құны 54 миллиард, АҚШ долларын құрайтын 45 серпінді жобаның базалық тізімі қалыптастырылды. Олардың ішінде 36 миллиард долларды құрайтын 28 өндірістік және 18 миллиард долларды құрайтын 17 инфрақұрылымдық жобалар бар. Әлемдік қаржы дағдарысына байланысты орын алған барлық қиыншылықтарға қарамастан, 2008 жыл Қазақстан индустриясы үшін табысты болды. Жыл ішінде жалпы құны 194 миллиард теңгеден асатын 126 инвестициялық жоба пайдалануға беріліп, 10237 қазақстандықты жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етті[13,-198б.]. 2009 жылы барлық 14 облыста және Алматы қаласында жалпы көлемі 114 миллиард теңгені құрайтын 16 индустриялық жоба іске қосылды. 2050 жылға қарай Қазақстанда отандық тауарлар бәсекеге қабілетті болуы мақсатында 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанның, Ресей мен Беларусьтің қатысуымен Біртұтас экономикалық кеңістік құру кезеңі басталды. Басты мақсат жаңа технологиямен жабдықталған өндірісті дамыту арқылы тұрғындарды жоғары әлеуетті жұмыстармен қамтамасыз ету. Ұлт көшбасшысының тапсырмасы бойынша үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын өнеркәсіптік қуаттарды импорттауға және технологиялар алмасуға бағыттау үшін бірлескен халықаралық компаниялар мен тиімді серіктестіктер құру мен дамытудың кіші бағдарламасын жасау қолға алынуда. Инновациялық кластерлер — Назарбаев Университеті және Инновациялық технологиялар паркін дамыту жалғасын табуда[14]. Қазақстан экономикасында бәсекеге қабілеттілік ең алдымен, жұртшылықты оған тәрбиелеуден басталу қажеттігінің маңыздылығымен, өткен онжылдықтар тарихынан сабақ алып отырмыз. Бұл үрдіс тікелей жеке адамның құндылықтарына тікелей байланысты болып табылады. Жеке адамның әлеуетінің көтерілу-деңгейінен мемлекет-деңгейі айқындалады. Ендеше эконмиканың «А» тобындағы менеджерлер тобының халықпен біте қайнаса жасайтын жұмысы шаш етектен. Мән беруден мағына пайда болатыны тәрізді, бәсекелік мазмұны қоғамдағы әрбір адамның жұмысқа қабілетті әлеутін дер кезінде пайдалана алудан басталады. Сонда ғана әлемдік жаһандану аясында ел әлеуеті жоғары дәрежеге көтеріледі.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-24; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 6760 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Есть только один способ избежать критики: ничего не делайте, ничего не говорите и будьте никем. © Аристотель
==> читать все изречения...

774 - | 735 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.