Лекции.Орг


Поиск:




Тәрбие процесінің мәні және заңдылықтары




Пед білім сабақ.

Педагогика- тәрбие туралы ғылым

Педагогика өзінің атауын гректің "раіdаdodas"-баланы жетектеуші сөзінен алған. Ең алғашқысында бұл сөз құл қожасының баласын мектепке жетектеп апарушы дегенді білдірсе, кейін келе ол тәрбие туралы ғылымның аты ретінде қалды. Тәрбие-қоғамның кейінгі ұрпақтарда өзін қайта көрсетумен байланысты атқаратын негізгі қызметтерінің бірі. Әрбір келешек ұрпақтың қоғамдағы орнын табуы ең алдымен өткен ұрпақгардың жинаған әлеуметтік тәжірибесін меңгеру деген сөз. Адамзат есейген сайын, мазмұны жағынан әлеуметтік тәжірибеде күрделене түседі. Сондықтан уақыт өткен сайын еңбектің қоғамдық бөлінісінде қоғамның "тәрбиенің" қызметін жүзеге асырумен байланысты кәсіби іс-әрекет бөлініп шықты. Өсіп келе жатқан балалардың әлеуметтік тәжірибені игеруі үшін - делдал - ұстаз, мұғалім керек. Педагогика басқа ғылымдар сияқты, белглі бір ақиқат саласындағы білімдерді жүйеге келтіреді, ұылымдарды олардың нысанасы мен пәні бойынша ажыратуға болады. Нысана — ақиқатының нақтылы сол ғылым зерттеуге алатын саласы. Пән-бұл нақтылы ақиқаттың мәнін құрайтын негізі. Педагогика қоғамның тәрбиелік қызметін жүзеге асырумен байланысты ғылым. Демек, педагогикалық іс - әрекет объективтік шындықтың барлық жақтары, педагогиканың нысанасы болады.

 

 

Тәрбиенің мәні және оның ерекшеліктері

Тәрбие процесі» ұғымының анықтамасы

Тәрбие процесі (ТП) – бұл сыртқы мақсат бағдарлы ықпалы мен тұлғаның өзін - өзі тәрбиелеуін кірістіре жүргізілетін тұлға қалыптастыру, дамыту процесі.

Тәрбие процесі – бұл өзара байланыстағы ұдайы дамып отыратын тәрбиелеу жүйесінің тізбегі, мұндағы әрбір тізбек алдыңғы нәтижелер есебінен құралады. Бұл түсінік бойынша тәрбие процесі өзіндік даму жүйесі ретінде қарастырылады және оның бірлігі болып дамушы тәрбиелеу жағдайында есептеледі. Мұнда тәрбиеленушілер, тәрбие іс - әрекеті, тәрбиеші, оның тәэрбиеленушілерімен өзара әрекеті ғана дамып қоймай, келешек күрделі жүйе қалыптастыратын біртұтас объектіні дамытады.

Тәрбие процесі көпқырлылық, иерархиялық, статистикалық, өзін - өзі басқару сияқты қасиеттермен сипатталады.

Тәрбие процесі – де мазмұндық және процессуалдық жақтары анықталады. Бұлардың бірлігі тек тәрбие іске асатын нақты жағдайлар төңірегінен шығуға мүмкіндік беретін жоғары дәрежедегі абстракциялау арқылы жасалады. Оқу пәні мұғалімнің, сынып жетекшісінің, ұжымның тәрбиелік іс-әрекеті – бұлар бәрі тәрбие процесі болып табылады. Бұлардың арғы жағындагы тұтастықты көру үшін педагогикалық абстракциялау қажет. Абстракциялаудың жеткілікті дәрежесі – тәрбиелеу теориясының аса маңызды әдіснамалық проблемасы. Өйткені, төмен дәрежедегі абстракциялауда тәрбие процесі тексеріле алмайды, ал өте жоғары болса, шындықтан алшақтау қаупі туады.

Тәрбие процесінің мәні және заңдылықтары

Тәрбиенің мәнін анықтайтын белгілері болады. Ең алдымен, оның тәрбие мақсатына бағытталған ықпалы көптеген жағдайларға байланысты қиындай түсетін өте күрделі диалектикалық сипатынын болуы.

Тарбиенің мақсатқа бағытталғани ықпалын киындататын жағдайлар мыналар: түрлі әсердің бала (мектеп, үйелмен, көше, ресми емес топтар т. с. с) табиғатына үйлеспеуі, әр баланың өзіне тән белгілі бір жинақталған көзқарасы мен ынта-ықыласы, әдеті мен талғамдарының болуы. Сондықтан оқушының ішкі рухани жан дүниесін ашудың қиындығы (оқушылар өздері тап болған жағдайдын себептерін, әрине, біле бермейді) бір педагогикалық ықпал нәтижесінің әр түрлілігінен, баланың қоғамдық мәнінен, өзіне тән әрекеті сипатынан келіп туады.

.

Тәрбие процесі адамның қоғамдық мәнінің әлеуметтік маңызды сапаларын қалыптастыруға, оның коғамға, адамдарға, өзді-өзініқ қатынастарын жасауға және олардың шенберін кеңейтуге бағытталады. Адамның қоғамдық, мәнінің, өмірдің түрлі жақтарына қатынасының жүйесі неғұрлым аумақты, кең болған сайын, оның рухани жан-дүниесі соғұрлым жазиралы, бай болады. Тәрбиенің мәні—адамның қоғамдық мазмұнын әлеуметтендіріп, оның ұжыммен және қоғаммен практикалық қатынастарының жүйесін құру. Өзінің табиғаты жағынан тәрбие ісі педагогикалық міндетердің төмендегідей бірқатар мәселелерін шешуді камтиды:

1. Педагогикалық жағдайлардың тәрбиелік әсерлердің нәтижесін талдау, жоспарлау жұмысын реттеу. Сөйтіп, оқушылар тәрбиелілігінің деңгей анықтауды, оның қоғамдық мәні мен ұжымның дамуын белгілеуді, нақты педагогикалық міндетті бөлуді және қалыптастыруды, оны шешудің жолдарын анықтауды, тәрбиенін құралдары мен әдістерін таңдай білуді т, б. қажет етеді.

2. Тәрбие процесінің жобасын құру және жүзеге асыру. Бұл
өзінің мазмұны жағынан педагогикалық іс-әрекетті пайдалы
бөліктерге және ыкпалдарға бөлудің, окушылардьщ іс-әрекетіне педагогикалық басшылық етудің оқушылар ұжымдары мен шағын топтардың, жеке оқушымен дқрыс қарым-қатынастарды
бекітудің, оқушылар тәртібінін әлеуметтік-психологиялық шарттары мен себептерін аңғара білудің оқушыларға жеке тұрғыда қатынас жасау бірлігінін болуын талап етеді.

3. Тәрбиелік ықпалдарды реттеу және оларға түзетулер енгізу. Бұл мазмұны жағынан педагогикалық міндеттерге енгізілген түзетулерді орынды жүзеге асыруды, сыртқы ықпалдардық қалыпты жағдайға өтуін немесе қабылданбауын қамтамасыз етеді, қоршаған ортаға сай баланы дамыту үшін қажетті материалды таңдап алуды, ұжым мен адамдар арасындағы қарым-
қатынасты реттеуді, бағыттауды, дамытуды,

 

 

4. Қортынды есепке алу және бақылау. Мұның мазмұны
әдепкі берілгендермен салыстырып, кол жеткен нәтижені талдау, қолданылған тәрбие әдістерінің тиімділік шенберін анықтау, балалардың дамуындағы және тәртібіндегі ойластырылмаған, қажетсіз құбылыстардың туу себептерін белгілеу, орынды құралдарды, әдістерді, тәсілдерді жинақтау, өз тәжірибесіне 'енгізу мақсатында басқа мұғалімдердің іс-әрекетін зерттеу, педагогикалық теория мен тәжірибені сәйкестендіре білу деген сөз

1. Тәрбис қоғам мұқтаждырына және жағдайына байланысты. Неғұрлым қоғамның әлеуметтік экономикалық мүмкіншілігі өскелең өмір талабына сәйкес дамып отырса, соғұрлым жастардың келешегіне, адамгершілік қасиеттерінің дамып қалыптасуына игі әсер етеді.

2. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігі. Оқушы тұлғасының дамуы мен қалыптасуына белсенділіктің ролі зор. Іс-әрекет барысында белсенділіктің бірнеше түрлерін байқауға болады. Олар: қарым-қатынас белсенділігі, таным белсенділігі және өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі.

Қарым-катынас белсенділігі арқылы бала жолдастарымен, кейбір адамдармен қарым-қатынас жасайды, өзіне дос іздестіреді, тілектес дос табуға тырысады. Қарым-қатынас белсенділігінің нәтижесінде тұлғаның, бойында мінез-құлық қасиеттері (қамқорлык, қайырымдылық, ілтипаттылық, жауапкершілік сезімі т. б.) қалыптасады.

Тұлғаның даму процесінде өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі
сапа жағынан ішкі факторға айналады. Оқушы үлгі аларлық сөздермен, ережелермен толтырылған сауыт емес, ол шырак, оны өзін-өзі тәрбиелеудің аса мейірімділік ынтықтығымен тұтандыру керек. Демек, жеткіншектер тек айналадағы дүниені танып қкана қоймай, олар өзіне және өзінің ішкі дүниесіне үңіле қарай білулері қажет, яғни оқушы бір жағынан тәрбие объектісі, ал екінші жағынан тәрбие субъектісі болады.

3. Тәрбие іс-әрекетінің және қарым-қатынастың шешуші ролі. Тәрбие, окьггу және білім беру іс-әрекетіне байланысты іс-әрекетінің бірнеше түрлері бар. Оларға ойын, оку еңбек, спорт, көркемдік, қоғамдық саяси іс-әрекеттері т. б. жатады. Осы іс-әрекеттердің нәтижесінде баланын ақыл-ойы, дүниеге көз-қарасы дамиды, мінез-құлық және эстетикалық қасиеттері қалыптасады еңбек етуде жауапкершілік сезімі артады.

Іс-әрекетінің барысында қарым-қатынас іске асырылады. Қарым-қатынас бұл адамдардың өзара әрекеттесіп, әр түрлі коммуникациялық құралдардың көмегімеи бір-бірімен пікір алысуы. Қарым-қатынас әлеуметтік өмір күбылысы, ол хабарламалық нормативтік және таным процесі ретінде сипатталады. Қарым-қатынас оқушыларды мінез-құлқы, іс-әрекеттері, білім, әдебиет, өнер, қоршаған орта туралы, мол хабарламалармен байытып, ой-өрісін дамытады.

Қарым-қатынасты нормативтік процесс тұрғысынан қарастырсақ оқушылардың қарым-қатынасы белгілі нормалар жинағымен реттеледі. Ол нормаларды қоғам реттейді. Қоғамдық нормалардың көзі-идеология, қоғамиың әлеуметтік-саяси және экономикалық практикасы.

Қарым-қатынас — таным процесі. Таным және карым-қатынас өзара байланысты, мұны оқушылардың іс-әрекетінен көруге болады.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-24; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 4099 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Не будет большим злом, если студент впадет в заблуждение; если же ошибаются великие умы, мир дорого оплачивает их ошибки. © Никола Тесла
==> читать все изречения...

1014 - | 828 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.