Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Азақ Алтайындағы Берел қорымы 4 страница




Тереңдігі 3,35 м болған қабір шұңқырының оңтүстік-шығыс қабырғасының бойында екі бөренелі қима орналасқан, солтүстік-батыс қабырғасының арғы жағында жылқылар жерленген. Қиманың ұзын қабырғасы көлденең қабырғасына қарағанда биік. Қима бұрыштарын ұзын қабырғаларының ұштарын жалпақ жағынан ойып көлденең қабырғаның ағаштарын ойықтарға кигізу әдісімен біріктірген. Оның ішіне бүтін бөренеден ойып, төрт бұрышына құлақшалар қалдырылған табыт қойылған, оның беті тақтайлармен жабылып, темір шегелермен бекітілген. Табыттың сыртқы, солтүстік-батыс бұрышына қыш ыдыс, төртбұрышты, аяқтары ойып жасалған орындық қойылған. Ағаш орындықтың үстіне қой етінің бір бөлігі және темір пышақ қойылған. Қиманың түбіне жалпақ плиталар көлденеңінен төселген. Табыт орнынан қозғалып кетпеуі үшін оның түптері әр жерінен ұсақ тастармен бекітілген [66, 121 б].

Қабірдің солтүстік-батыс бөлігіне аяқтары ішіне қарай бүгіліп, іштерімен қойылған он жылқы жерленген. Солтүстік-шығысқа бағытталып қойылған жылқылардың бастарында чеканмен ұрып тескен іздері сақталған. Жылқылардың барлығы жүгенделген, ерттелген. Олар үш қатарға бөлініп қойылған, бірінші қатарда төрт жылқы жұбымен орналасқан, бастары көтеріліп тұруы үшін олардың астын плита тастармен тіреген. Бұл қатар бірінші қойылып, артынан үш-үш жылқыдан тұратын екі қатар орналастырылған, соңғы екі қатардағы жылқылардың бастары алдыңғылардың жамбастарына қойылған. Бірінші қатардағы қиманың солтүстік бұрышына қарай ойысып кеткен жылқының басына ағаштан жасалған тау текенің мүйізі қондырылған. Ертоқымдардың беті аппликациялармен безендірілген. Үшінші қатардағы жылқылардың біреуінің еріндегі аппликациялары тамаша сақталған. Онда беті адамдікі, денесі теңбіл, мысық тұқымдас жыртқыш, басында тау текенің мүйізі орналасқан қанаттары бар 8 сфинкс бейнеленген. Сфинкстердің алдыңғы жағы қызылға, ал артқы бөлігі көк түске боялған. Осы қатардағы екі жылқының ерлеріне қалқан ілінген [66, 123 б].

Соңғы қатардағы жылқылардың сулықтарының ұштары бүркіт грифон бейнесінде ойылып, жүгендері ағаштан жасалған қабанның тістеріне ұқсас салпыншақтармен әшекейленген. Екінші қатардағы жылқылардың әбзелдері ағаштан ойылған балық мүсіншелерімен және әр түрлі оюлармен безендірілген.

Бірінші қатардағы жылқылардың жүгендері мен ерлері бүркіт грифон, арқар мүсіндерімен толықтырылған. Осы қатардағы жылқылардың біреуінің ері қызыл түске боялған және аппликациялары бар, бірақ ондағы бейнелер анық көрінбейді. Қалған екі жылқының ерлері алтын және қайыңның қабығынан жасалған оюлармен безендірілген. Бұл қатарда ағаштан жасалған жылқы, бүркіт грифон мүсіншелерінің бастары көптеп табылды. Ат әбзелдерінің кейбір әшекейлері теріден, киізден жасалғандықтан, олардың алтын қаптамалары және ағаштан жасалған бастарының мүсіншелері ғана сақталған [67, 312 б].

Берелдің №10-шы обасында бірегей жапсырма-кестелері бар он ер тоқымның үлгісі табылды. Ол жапсырма-кестелерде адам іспетті сақалы мен мұрты бар, басы тау ешкісінің мүйізі сияқты, қанатты жыртқыштың денесі бар, құйрығы бедер тәрізді арыстанды еске түсіретін қияли болмыс бейнеленген. Бейненің дене мүшелерінің қырларын жіңішке иірілген жүн жіппен әдемі етіп шығарған. Мифтік жыртыштардың бейбіт шеруін бейнелейтін мұндай өнер туындылары Орталық Азия көшпелілерінің мұраларының ішінен алғаш табылып отырғандақтан бұл өнер шыңының түпнұсқалылығы мен бірегейлігі және жергілікті екендігі талас тудырмайды.

Қанатты арыстандар мен сфинкстер, гопатшахтар, кентаврлар мен басқа да көп тарамды бейнелер әр өңірдегі, әртүрлі халықтардың өнерлерінде де кездесе беретін универсалды жалпы адамзаттық образдар. Бірақ біздің үлгілер олардан ежелгі Алтайлық бақташы тайпалардың өнерлерінің жарқыраған дәстүрде жасалған өзіндік белгілерімен ерекшеленеді.

Берел көркемдік туындыларының ішінде ең көрнектілері – көп (үш) өлшемді, көлемі басқаларға қарағанда үлкен және табаны жалпақ ат-әбзелдерінің салпыншағы. Олар кейде құстың тұмсығына іліккен бұғының басы (құлақ, мүйіздері теріден жасалып арнаулы тесіктерге қыстырылады), мойынын тік көтерген қос мүйізді грифон, бұлан, марал немесе басқа жануарларды бейнелейді және ат әбзелдерінің көрнекті жерлеріне ілінеді. Бұл заттардың ішкі мазмұны күрделі, себебі кейде олар жануарлардың толық денесі емес протомларымен де толықтырылатын композициялардан тұрады және әрбіреуінің жеке өзіндік ішкі сырына басқаларыныкі қосылып жалпы синкретиалық бейненің тұтас семантикасы шығады. Содан соң, бұл затат бойындағы жалпы әбзелдер жүйесінеқосылып «бейнелік қатар» құрады да, аса күрделі семиотикалықжәне танымдық деңгейдегі ұғымдармен ұштасып кетеді. Бұл жалпы пазырық мәдениетінің өнер туындыларына тән құбылыс. Оны талдаудың бірыңғай методолгиялық принциптері әлі де болса қалыптасыпбітпеген сияқты.

Алғашқы қатардағы жылқылардың бірінен ұштары алтынмен қапталған жыртқыш аңның басымен шектелетін қамшының сабы табылды.

Тонаушылар кірген жерден сүйектен жасалған үш қырлы, ұңғылы жебелер (алты дана) салынған горит немесе қорамсақтың қалдақтары табылды. Сонымен қатар оралған арқар бейнеленген түймелер тазаланды. Бұл түймелер қорамсақтың немесе адамның киімінің бөлшектері болуы мүмкін. Маралдың бейнесі ойылып, алтынмен қапталған сүйек қапсырма да осы жерден табылды. Оның бетіндегі денесі оратылып бейнеленген маралдың артқы аяқтары басының жоғарғы жағына орналасқан. Тонаушылар кірген жерден алтынмен қапталған арқардың және жауырыны мен жамбасында арқардың басы ойылған аттың мүсіндері табылды. Бұл заттар жерленген адамның әшекейлері болуы мүмкін. Берел жазығындағы тоң қабаты болған ең ірі үш қорған осындай сипат алды. Олардан табылған заттар әлі де зертханалық, аналитикалық зерттеулерде.

Берелде осы жылдары зерттелген обалардың ішінде өзіндік қайталанбас ерекшелігі бары ол – № 36 қорған. Жылқы мен оның әшекейлері болған, барлығы 66 тал маралдың мүйізінен жасалған Ұлы даланың ежелгі көшпелілерінің сүйек ою өнерінің нақты көрінісі ретіндегі ерекше бұйымдардың бірегейі болып отыр. Маралдың мүйізінен жасалған ат әбзелдерінің ішіндегі ең негізгі бейне ол – грифон бейнесі. Бұланның мүйізіндегі кейбір элементерді айдар ретінде бедерлегендіктен оның синкретикалық бейнесі өсе түскен.

Грифондардың бұлан мүйіздеріне анықтылық пен бейнанымдылық сенімдері тән. Бұлан мүйізінің діңі, жалпақ басы, тұқылдары жалпы болмысы нақтылыққа жақын жасалғанымен мүйіздің өзі кері жағынан бейнеленіп, оның жалпақ басы алдыға шыққан. Берел грифондарында мүйіздердің айдар тәрізді етіп берілуі Пазырық қорғандарындағы қайыс жапсырмалардағы әтеш бейнелеріне өте жақын.

Осыған байланысты жол-жөнекей атап өтейік, әтеш образы бейнеленген қола айна да Берелдің 8-ші обасынан табылған. Қораз мотиві Берелдегі бір ердің киіз жабуындағы аппликацияда орын алған, жалпы ежелгі мифологияда өзіндік ерекше орыны бар жануар [55, 40-42 б].

Бұлан мүйіздерінің бейнелеріндегі мүйіздің жалпақ бастарының аса үлкен болуынан жасамыс бұландарды бейнелегенін көреміз. Мүйіз болмысының өзіндік ерекшелігі мен мүйіз өскінінің айдарлары өзара үйлесім тапқан. Бұлан мүйіздерінде олар теріс қараса, ал бұғыларда олар бір деңгейде, мүйіз қалқаншасында орналасқан. Берел грифондарының мүйіздерінде нақты өзгешелік бар. Олар қатарласа немесе аздаған бұрыш жасап бір-біріне жалғасқан. Олардан басқа грифондардың мүйіздері тұмсықтарымен нәзік жалғасып кеткен (сулық) және бір-бірінен домалақ арқылы бөлініп тұр (жүгендегі грифон жапсырмалар). Жүгендегі грифон жапсырмалардың біразы кеңсірік тұсында өзіндік ерекшелікпен жалғасқан.

Заттарға жасалған құрылымдық-технологиялық сараптама көпшілік заттар мүйіздің белгілі бір қабаттарынан ғана және белгіленген мөлшерде жасалғандығын көрсетті [37, 82-84 б]. Ең ұзындары ер тоқымнан тарайтын қайыстарға, орташалары жүгеннің маңдайлығы мен өмілдірік, құйысқандарға пайдаланылған. Грифондардың бейнелерін төртбұрышты пластиналармен жасаған. Барлық қолданбалы-декоративтік сонымен қатар, культтық-рәсімдік заттарда кездесетін қызыл, ақ және сары түстердің белгілі бір мифтік, поэтикалық көзқарастар мен символикалық байланыстары бар болуы мүмкін. Мүйізден жасалған барлық бұйымдар ашық қызыл бояумен, кей жерлерде қалаймен және алтын фольгалармен қапталған. Бояу жағудың жүйелілігі былай жүрген: ең бірінші қызыл, сосын ақ, ең соңынан киелі сары түсті жаққанға ұқсайды. Барлық бояулардың қосындысы келіп, жылқы иесінің жердегі шексіз билігінің құдіреттілігін айғақтайды.

Әртүрлі бейнелеу өнерінің бұйымдары (рельефті бейнелеу, бояу, металмен көмкеру) мен техникалық тәсілдер (сүйек ою, әрлеу, метал фольга жасау және онымен затты қаптау) бұл шеберлерлердің технологиялық қабілеті жағынан, сүйектен түйін түйген Еуразия даласындағы басқа да шеберлік мектептерімен тең дәрежеде болғандығын айғақтайды.

Қалпына келтірілген артефактар Астана қаласындағы Президенттік Мәдени Орталыққа тапсырылған.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-24; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 877 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Свобода ничего не стоит, если она не включает в себя свободу ошибаться. © Махатма Ганди
==> читать все изречения...

2305 - | 2068 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.