Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Азақ Алтайындағы Берел қорымы 3 страница




Берел қорымындағытағы бір №34-ші обадан табылған биік, жіңішке мойынды, ернеулері шығыңқы келіп, бүйірлеріне жалғасқан екі қыш ыдыстар да ерекше. Олар өрнектелген. Өрнектердің кейбір элементері Еуразияның далалық белдеуін мекендеген тайпаларға тән сарматтық таңбаларды еске салады.

Бір обадан (№36) табылған қыш құмыраның сынықтарына петрографиялық зерттеу жүргізген И. Шевнина ыдыстың темірлене бастаған құрамында цемент, кварц ұнтақтары, далалық шпат (плагиоклаз), құм, малдың қиы, басқа да органикалық және органикалық емес қосындылар бар балшықтан иленіп, кейін сыртын сүйектен жасаған құралмен тегістеп, 700 градус температурадағы ашық отта күйдірген деген қорытынды жасады.

Құмыраны кейде қодастың (сарлықтың) мүйізінен де жасайды. Мұндай ыдыстардың біразы Берелде, Пазырықта, Укокте және Моңғол Алтайындағы жоғарыда аталған тоң басқан обада кездеседі.

Ағаштан ойылып жасалған тұрмыстық заттардың ішінде тостағанның, астау немесе табақтың, о дүниеге аттанған адамға арналған сыбағаларды қоятын арнаулы төрт сирақты үстелдің қалдықтары кездеседі. Солардың жиегі алтынмен көмкерілген біреуінде (№31-ші оба) қойдың омыртқасы мен құйымшағы, ет турайтын темір пышақ қойылған. Бұл ежелгі дәстүр орта ғасырларда да етек алған. Бір қызығы осындай етті мүшелеп, сыйлы адамға бас қосып сыбағасын беру рәсімі тек қазақтарда ғана сақталыпты.

Жарқын жәдігерлердің бірі екі шетінде бу шығатын түтікше орнатылған қоладан жасалған құты екені анық. Бұл ыдыстың ішінен кейбіреуі ауаның ыстық-суығынан біразы жарылып бөлшектеніп кеткен, шағын сегіз малта тастар мен емдік қасиеті бар Алтайдағы кориандр деген шөптің дәндері табылды.

Берелде табылған тұрмыстық бұйымдардың ішінде ерекше орын алатын заттардың бірі, ол тастан жасалған бояу ұнтақтағыш.

Берелдегі №9 обаның ішінен оның бір бұрышына тігінен қойған ағаш баспалдақтың табылуы да ерекше қызығушылық тудырады. Әрине, бұл жерде ағаш баспалдақтың еңбек құралы ретіндегі прагматикалық функциясын ешкім жоққа шығармайды. Дегенмен, көп қабатты дүние құрылымы, ондағы жоғарғы тәңір мен жай адамдар мекендейтін кеңістіктер және адамдар мен құдайлардың ара-қатынасы, ондағы баспалдақтың атқаратын делдалдық қызметі сияқты көптеген діни-мифологиялық ұғымдар, осы заттың семантикасы мен оның семиотикалық, яғни, символ ретінде атқаратын қызметтеріне байланысты басқаша да терең түсініктер бар.

Берелдің басқа обаларынан да ағаш күректер, қазық және қада, сүйек балға, бұғының мүйізінен жасалған қашау т.б. саймандар табылған.

Үлкен обадан табылған төрт тесігі бар қалың тақтайды өгіз арбаның мойын ағашы деп жорамалдауға болады, себебі, қос дөңгелекті жеңіл соғыс арбалары мен сәнді күймелерден басқа бұл көшпелі халықтарда ауыр жүк таситын қос немесе төрт дөңгелекті транспорт болуға тиісті.

Қару-жарақ. Берел обаларына жерленгендер әулетті адамдар болғандықтан олармен бірге әрине, неше түрлі бағалы қарулар қойылды, бірақ олар қатты тоналғандықтан тек бірен-саран үлгілері ғана сақталған: жебенің көбінесе сүйектен жасалған оқтары, садақтың сынықтары мен сүйек жапсырмалары, қорамсаның қалдығы, темір қанжарлардың әртүрлі үлгілерінің қалдықтары бірнеше обалардың ішінен табылды. Дәстүрлі қарулардың ішінен ағаш сапты темір чекандарды атауға болады. Ең елеулі олжалар қатарына әрине тал шыбықтардан жасалған текше, сопақша қалқандарды атауға болады. Оларды ердің қанжығаларына байлап іліп қойған. Берелде табылған қару-жарақ үлгілері жалпы пазырық мәдениеті ғана емес, осы тұста өмір сүрген, әсіресе, Орталық Азиядағы көшпелі халықтардың әскери ісі мен қару-жарақ топтамасына сәйкес келеді.

Жалпы, пазырық мәдениетін жасаушы халықтардың қоғамы, кейбір мамандардың тұжырымдарындағыдай милитарлық емес [116, 57 б] керісінше, оларда әскери істі дамыту алдыңғы қатарлы позицияға шықпаған сияқты. Олар, негізінен агрессивті емес, заман денгейіне сәйкес интеллектуалды қоғамда өмір сүрген сияқты.

Қайтыс болған көсемнің о дүниеге мініп баратын 13 сәйгүлігі қас маңдайларынан арнаулы қарумен ұрып өлтіріліп, қима тағанның сыртына екі қабат (астында – жеті, үстінде – алты), аяқтарын бүгіп орналастырылған. Қабаттары антисептикалық қасиеті бар қарта жоңышқа бұталарымен және қайыңтозбен бөлінген. Жирен түсті мініс сәйгүліктері бастарымен күншығысқа қаратылып қойылған. Тоңдалған оба кереметтерінің арқасында аттардың жүн, терісі ғана емес еті де, сол секілді сән-салтанатты әбзелдері де түгел дерлік сақталған.

Берел жылқыларының бірегей жағдайда тоңның арасында сақталуы олардың ас қорыту жолдарының құрамы мен жерлеу маусымын анықтау үшін палинологиялық сараптама жасауға мүмкіндік берді. Ас қорыту жолдарын тазартып жуу барысында анықтауға татырлық дәнек пен тұқым табылған жоқ, алайда қылқан жапырақтарының қалдығы, дәнді астық сабағының талшығы, тарамдалған қабық бөлшектері анықталды. Палинокешендерде анықталған тозаңдар көрсеткен Алтай өсімдіктерінің гүлдейтін мерзімі маусым-шілде айларына келеді. Палеоботаниктердің бастапқы жасаған түйіндері бойынша жерлеу уақыты дәл осы уақытта жүзеге асқан. Бірақ, палеоветеринарлық зерттеулер жүргізген Қ.А. Қашқынбаев жылқылардың аса семіздігіне, іш майы мен сере қазысының қалыңдығына, жүнінің ерекшеліктеріне көңіл аудара отырып көктемнің аяғында малда мұндай күй болмайды, сондықтанда олар адаммен бірге күздің аяғында қойылуы мүмкін деген ойды алға тартады. Сонымен қатар ультраструктуралық зерттеулер нәтижесінде жылқылардың етін, қан қалдықтарын, ішкі құрылыстарының ерекшеліктерін сарапқа салып және сүйектерін тексеру нәтижесінде бұрын белгісіз көптеген мағлұматтар, дене зақымдануының түрлері мен себептері анықталды [115, 105 б.]. Мысалы, зерттелген 65 жылқының ішінде кейбіреулерінен анкилозирлік спондилоартрит, басқа да сүйек ауруы және таулы аймақта мініс құралы ретінде қатты пайданудан туған травмалардың айқын іздері анықталды.

Берелде табылған жылқылардың остеометриялық зерттеулерінің қорытындысы бойынша олардың барлығы азиялық жылқы тобына жататыны, жастары 10-12 ден 18-19-ға дейін, биіктігі, шоқтығы бойынша өлшегенде 136 - 152 см, яғни, биік (141-152 см) және орта (141-144 см), жартылай немесе орташа жіңішке (128-136 см) аяқты жануарлар қатарына жататыны анықталды.

Анатомиялық және морфологиялық сипаттамасы жағынан Берел жылқылары қазақтың жабы тұқымдас аттарына ұқсайтынын мамандар анықтап отыр.

Он үш аттың төртеуінің басында тау текенің ағаштан жасалған мүйіздерімен әшекейленген тері маска болған. Масканың біреуі денесі мысық тұқымдас жыртқыш тәрізді, имек құс тұмсықты, теріден жасалған ирек мүйізі және қанаты бар ағаштан ойылған фантастикалық полиморфты құбыжық – барыс тектес грифонның көлемді мүсінімен безендірілген.

Ондағы әдемі ер-тұрмандар мен олардың әшекейлері бүгінге дейін қазақ жерінен табылғандардың ішіндегі ең көнесі. Жыртқыш аңның сабалақ терісінен жасалған және қос тұяқты жануарды грифонның талап жатқанын көрсететін киіз аппликациялы бөстек ер-тұрманға ерекше көрік береді. Бір аттың ерінің қанжығасына жіңішке ағаш таяқшалардан жасалған қалқан байланған [59, 91 б].

Берелде әзірше №11 және 10 обалардан он шақты ердің қалдықтары табылды. Олардың жалпы Алтайдан Турфанға дейінгі пазырық мәдениетіне тән негізгі конструкцияларында, кейбір мамандар шартты екі топқа бөлгенімен [117, 123-125 б], сондай үлкен айырмашылықтары жоқ: бірімен-бірі қайыс арқылы бекітілген, ішін малдың жүнімен, кейде шөп қосып толтырған екі тері (кейде тоқыма) жастықша. Оларды міндетті түрде үстінен киіз немесе тоқыма төсеніш-жабу жауып тұрады. Жабу көбінде түрлі бояумен жүн жіптердің көмегімен жасалған, кейде сюжеттік композициялардан тұратын аппликациялармен әшекейленеді. Мысалы, бір ердің жабуында шұбар арыстан денелі құс тұмсықты грифонның аңды талап жатқан, екіншісінде басында ешкінің мүйізі, қызыл көк денесі жыртқыш аң, беті сақалды адам тәрізді салынған сегіз синкретикалық құбыжықтардың шеру сәті бейнеленген. Бұлардың мазмұны ежелгі көшпенділердің ерекше дүниетанымының туындысы.

Ердің екі сопакша жұмсақ қасы және арты жоғарғы жағынан сүйек немесе ағаштан жасаған жіңішке доға жиектемемен көмкеріледі және әртүрлі алтыннан, ағаштан, қайыңтоздан ойылған ою-өрнектермен, ал екі қапталы жайын балық түріндегі және т.б. салпыншақтармен және жүннен иірген шашақтармен безендіріледі.

Бірнеше ердің артқы жұмсақ қасында немесе жанынды жіңішке қайыстан жасаған қанжығалары да бар.

Айыл біреу, әртүрлі конструкциялы айылбастар көбінде сүйектен жасалады, кейде олар да нешетүрлі өрнектермен, жануарлар бейнесімен әшекейленеді. Бір сүйек текшеге бұғыны артқы аяқтарын көкке қаратып салған және үстін жұқа алтынмен қаптап қойған.

Өмілдірік пен құйысқанды безендіруге көне берелдіктер ерекше көңіл бөлген тәрізді. Оларды ерге бекіту әдісі барлық пазырық мәдениеті тараған жерлерде бір-біріне ұқсас. Өмілдірік пен құйысқанды таулы өлкелерді ертеде жайлаған салт аттылар ойлап шығарған болу керек.

Бұл ерлердің тоқымы мен терлігі болды ма жоқ па, бізге әлі беймәлім, ал кейбір мамандар бар деп көрсетеді [117, 124 б].

Бұл кезеңде ағаш немесе темір үзеңгі көшпелілер қоғамында әлі ойлап табылмаған құрал.

Ал, кейбір жылқылардың басына кигізілген маскаларға келетін болсақ, оларды ат әбзелдерінің қатарына жатқызғаннан гөрі ғұрыптық рәсімдік атрибут ретінде бағалау керек сияқты.

Қамшы тек прагматикалық функциясымен сипатталатын салт аттылардың құралы ғана емес, ол терең мазмұнды, сигнификасы ерекше зат. Берелдің бекзадалық обаларында қамшының ағаш саптары алтынмен қапталып, неше түрлі жыртқыш және фантастикалық аңдардың бейнесімен әшекейленген үлгілерінің сынықтары табылып отыр.

Жылқылар жүгенделіп ауыздықталған, кейбір иконографиялық материалдарға қарағанда оларда шылбыр болған.

Ат әбзелдері барельефті және скульптуралық әдістерімен ойылған көптеген ағаш бұйымдарымен безендірілген. Жапсырмалар, сулықтар, ілдіргілер және айылдың бөлшектері сияқты заттардың бәрінің бет жағы жұқа алтын жапырақшаларымен және қалайымен қапталып, арнаулы тесіктер арқылы былғарыға, қайысқа бекітілген.

Ежелгі көшпелілердің өмірі мен тұрмысында өнерге өте үлкен мән берілген. Олар негізінен декоративтік сипатта емес, архаикалық мифологиялық түсінік-ұғым бойынша қоғамның белгілі бір құндылық жүйесіне сәйкес келетін арнаулы және ерекше белгі-символ, немесе текст ретінде қаралған. Қару-жарақтар мен ат әбзелдерінің скифтік-сібірлік тағы аң стилімен безендірілуі олардың әскери-аристократиялық сипатын көрсетеді.

Ат әбзелдерінде кездесетін образдарға жергілікті фаунаның өкілдері – бұғы, бұлан, құстар, таутекелер, архарлар және мысық тұқымдас жыртқыштар кіреді. Бірақта ежелгі көшпелілер бестиариінде негізгі орынды қияли, табиғатта болмайтын, синкреттік, полиморфты тіршілік иесі алады. Бәлкім, грифон образында шебердің ойынша, сан алуан жануарлардың қасиеттері түйінделіп, айрықша әсерленуге тиісті болуы мүмкін [64, 206 б].

Осы тұста көшпелілер бейнелеу өнеріндегі «грифон» образының неше түрлі нұсқаларының бар екені белгілі(жыртқыш құстың басы мен тұмсығы, денесі аңдікі), бірақ зерттеушілер оларды атағанда әр түрлі жағдайда әр түрлі ат-айдар тағуға мәжбүр болатынын, кейде бірбүркіт тектесгрифонның өзін бірнеше атаумен атайтынын, бірақ олардың арасында текқана иконографиялық айырмашылық емес, содай ақ хронологиялық (тіпті, этномәдени) алшақтықтың бар екенін де естен шығармау керек.

Аңдардың айқасы – аң стилінің ең негізгі ой өзегі. Осындай сюжеттер Берел қазынасында аса мол. Олар мысық тұқымдас жыртқыштың бұғыға немесе тау текеге шабуылы; өз құйрығын өзі тістеп жатқан грифон; грифонның аузындағы қос тұяқты жануардың басының көлемді бейнесі сияқты қысқартылған композициялық шешімдегі айқастың бір сәтін көрсететін көріністер. Аңдар айқасы бейнелерінің семантикасы негізі – жақсы мен жаманның, жарық пен түнектің, жаңа өмірдің қайта өркендеуі, мәңгілік қозғалыс пен қарама-қайшылықтардың күрес символы сияқтылармен түсіндіріледі. Осы әдіспен жасалған сюжеттер аңдардың бір-біріне қарама-қарсы жағдайдағы бейнелері ілдіргілер мен айылдың әшекейлерінде жиі каздеседі. Алтай бестиариіндегі жануарлар кеңістікаралық медиатор ролін атқаратын таудың қарлы шыңдарында жүретін таутеке, арқар, барыс, жыртқыш құстар көшпелілердің түсінігі бойынша жоғарғы әлемді «жер ұйықты» жайлағандар. Аттарды аталған жануарлардың бейнесімен безендіру «жер ұйыққа» жетуін жылдамдатады деген ниеттен туса керек [109, 147 б].

Жылқының сәнді әбзелдерінің, тартпасының әшекейі, оның ішінде қайыс қоспалардың түйілген тұсын жауып тұрған көлемді, үш қырлы жапсырмалар аса қызығушылық туғызады. Жапсырмалардың беткі жағында қияли түсініктерден туған аңдармен қатар, бүгінгі таңдағы Қазақ Алтайының фаунасының өкілдері де бейнеленген.

Ағашты қаптап жасаған берелдік жоғары деңгейдегі аң бейнелеріндегі өнер туындыларымен қатар қорған астынан көшпелілер өміріне тән киізден жасалған бұйымдар, сонымен бірге сол заманның нағыз шеберлерінің қолынан шыққан жүн жіптен жасалған өсімдік және зооморфты бейнелерді кестелеуде бар.

Берелдік құндылықтар жиынтығының қатарында жаңа болып табылатын жүннен иірілген жіптен арнайы ілмек бізбен тоқылған мүйізді маска (бет-перде) киген қанатты жылқының бейнесін айта аламыз.

Жүн жіпті иіріп тоқу технологиясының өте жоғарылығы, сүйкімді бейнені нақтылап беру мен бояуының қанықтылығы бұл туындыға ерекше назар аудартады. Енді осы образға біраз тоқталып, соның негізінде көне берелдіктердің ою-кестелеу ісімен жалпы бейнелеу өнерінің дамуына қысқаша сипаттама берейік.

Басы мүйізбен және айдармен көмкерілген, құлақтарын қайшылаған, жалының қылдары дөңгелене иірілген, денесі тұяқты жануардікі сияқты, үлкен қанаты керілген, сондай-ақ шашақтала біткен құйрығы бар «фантастикалык мақұлық» (басына маска кигізген ат) алдыңғы аяқтарын көтеріп, артқы екі аяғына сүйеніп тұрған сәтінде бейнеленген. Ежелгі сақтар стиліндегідей төрт аяғының тұяғының үшкір ұшына тіреліп тұрғандай көрсетілген.

Бұйым полихромды стильде тоқылған, оны әшекейлеуде негізінен екі түс қолданылған, ашық қоңыр түс басым және жасыл түстің жұмсақ, биязы реңі оны толықтырып тұрады. Қанаттан, арқа тұстан, тұяқтан, iшінаpa құйрық пен артқы сол аяқтан басқа кескіннің басым бөлігі абрис бойынша жасыл түстес жіпппен әдіптелген. Жануардың тұрқы ашық қоңыр жіптермен кестеленген. Көз, жалдың қылдарын, қанаттың қауырсындарын, және жауырын мен жылқының сауырын бейнелеу үшін де жасыл түсті жіп қолданылған.

Жануардың тұмсығы жинақы, басы да асқан шеберлікпен көрсетілген. Маңдайдан жоғары қарай көтерілген доғаша мүйіз бейнеленген. Ашық қоңыр және жасыл түсті жіптерді алмастыра қолдана отырып, тоқылғандөңгелек қарашықты үлкен көз әдемі бейнеленген. Көздің абрисы мен қарашығы жасыл жіптермен тоқылған, олардың арасындағы кеңістікте ашық қоңыр жіптермен өрілген құрсау бар. Қалқиып тұрған үшбұрыш тәріздес құлақ жоғары көтеріліп, сәл артқа қарай бағытталған. Басты мойыннан бөліп тұратын сызық бірегей тәсілмен көрсетілген. Мойында жасыл жіптермен әдіптелген созылыңқы жапырақ тектес және қысқа доға тектес пішіндермен бейнелеген теп-тегіс жал көрсетілген. Нақ мойынның өзінде, оның төменгі бөлігінде жалдың ұзын шашақтары бейнеленген, олар бұйралана біткен, ортасында жасыл жіптермен шебер тоқылған. Осындай, бipaқ шиыршықталмаған элемент сәл жоғырырақта орналастырылған. Куатты, алабажақ қанат жайылып биікке қомданған. Қанаттың қауырсындары ашық қоңыр және жасыл, кезектесіп алмасып отыратын жіптермен тоқылған. Қауырсынды бейнелейтін жолақтар қанаттың шетіне бағытталған. Мойынның негізінде және одан жоғары, қанаттың ұшына қарай, бip-бipiнен сәл қашықтықта жасыл түсті жіптермен он ipi нүктелер тоқылған. Аттың сауыры жасыл түcтi жіптерден тоқылған ipi ноқатты шектей отырып, алқа-қотан орналаскан ашық қоңыр түсті жіптерден бірқатар ілгешектермен берілген. Төрт аяқтың бәрінде үшбүрышты ойықтар аркылы бұлшық еттері бейнеленген. Артқы аяқтарының сәл бүгілген буындары, құйрығының ұшындағы қылы айрықша көрсетілген. Аттың басына байқап қарасақ маска киген деуге болады, бейнеде осындай мазмұнды элементтің яғни ашық еріндерінің көрсетілмеуі осыған айғақ. «Көздің» дөңгелек формада орындалу мәнері де канонға сәйкес келмейді, сондықтан да оны масканың арнаулы көзге қалдыратын тесігі деп қарау керек. Жылқының жалын жабатын жабу жасыл түсті жіптермен бейнеленген. Аттың қанаты өте әдемі мәнерде тоқылған. Бұл тоқымада жасалған материалы мен техникасына қарамастан, жануарлар стиліне тән сауыр мен жауырынды (иықты) бейнелеудің дәстүрлі стилистикалык тәсілдері сақталған. Талдап отырған бейне көне өнердің шынайы дүлдүлі, ол қиялдағы аттың бөлекше бейнеленуімен ғана қызықты емес, композициядағы оның орнын айқындау арнайы қарауды, сондай-ақ жалпы алғанда жерлеу кешеніндегі мәтіндік қатардағы семиотикалык мәні және оның Берелдің көне көшпенділерінің мифологиялык, дүниетанымдық ұғымдары жүйесіндегі орны әлі де болса зерделеуді талап етеді. Орындалу техникасы мен мазмұны бойынша сипатталған бұл жәдігерге өз уақытының ескерткіштерінің арасында ұқсас материалдар әлі бізге белгісіз.

Осы затпен бірге бұланның басының бейнесі жартылай сақталып қалған екінші кесте табылған.

Берел өнер туындыларының арасында ағаштан жасалып жұқа алтынмен қапталған, тұрқы шағын, адам бейнелі, денесі мысық тұқымдас жыртқыш аңға ұқсас қияли аң бейнесінде жасалған сфинкстер ерекше қызығушылық туғызады. Сфинкстердің бастары мүйізді тәжбен көлемді етіп көрсетілген. Қабір толықтай тоналғандықтан бұл шағын мүсіншелердің алғашқы қойылған орнын анықтау қиын, дегенмен олардың патшаның немесе оның жанына жерленген патшаның немесе әйел адамның киімінің бір бөлшегі екенін жоғарыда айттық, бәлкім, бас киімнің әшекейі де болуы ғажап емес. Осындай сфинкстер патша әулетінің өкідерінің бас киімдерін безендіру үлгісін көрсетуі де мүмкін.

Жылқылардың салтанатты жағдайда қойылғандығының белгісі бет- пердеге жалғасып тәж іспетті болып тұрған мүйіздер болмақ. Мұндай заттардың Берелде бес жұбы табылып отыр (№4,10, 11 обалар).

Тау ешкісінің мүйізі іспетті ағаштан жасалған мүйіз өзінің мәні мен мағынасы жағынан кәдімгі қолданбалы өнердің шегінен әлдеқайда тереңге кетеді. Тау ешкісінің бейнесі жоғары көсемнің жылқыларының басқа да салтанатты әбзелдерімен тығыз байланысты. Тау ешкісі биіктіктің белгісі, кеңістіктің ерекше бөлігін мекендейтін, көптің қолы жете бермейтіндіктен көсемнің атрибуты ретінде таңдалынып алынған. Көсемнің үш жылқысының бет-пердесіндегі тау ешкісінің мүйіздері құдайлық болмыс пен жердегі биліктің шексіздігін нақтылап тұр. Тау ешкісінің, сонымен бір қатарда бұлан, бұқа, арқар мүйіздері әртүрлі халықтардың дүние танымдары мен өнер туындыларында ерекше орынға ие екенін атап өту керек.

Пазырық мәдениетін жасаушы көшпелілердің бейнелеу өнерінде балық образының да өзіндік орны бар. Олар ердің немесе жүгеннің салпыншақтары ретінде ағаштан ойылып, кейде киізден жасалады. Берелден табылған бір киіз салпыншақта жайын балықтың бейнесі өте әсерлі сомдалған.

Берел обаларынан табылған әшекей бұйымдардың біразы қабанның азу тісінен жасалған, кейде оның ағаш көшірмесін салпыншақ ретінде жүгенге іліп қояды, кейде үстіне зооморфтық гравюраларды (мысалы, қос құлақты грифон бейнесін) кесіп салады.

Берел қорымындағы №10 оба көлемі бойынша үшінші болып табылады. Оның өлшемі: диаметрі 32х25 м, биіктігі 2 м.

Бұл обаның жер беті құрылысы алғашқы зерттелген обаларға ұқсас, оның негізін үлкен плиталардан, балық қабыршығы тәрізді бір-біріне жанамалап қойылған платформадан құралған [61, 170 б].





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-24; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 897 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Настоящая ответственность бывает только личной. © Фазиль Искандер
==> читать все изречения...

2310 - | 2034 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.