Таулы Алтайдағы сақ қорғандарының ашылуып зерттеле басталғанына екі ғасырдан артық уақыт өтті. Осы уақыт аралығында б.з.б. VI-IІ ғғ. мерзімделетін мыңнан аса қорған қазылып зерттелінген. Кең көлемдегі, әрі алуан түрлі материалдардың жиналуы ерте көшпелілер қоғамының мәдени-хронологиялық, әлеуметтік-экономикалық, демографиалық аспектілері мен діни-әфсаналық түсініктерін жаңғыртуға мүмкіндік туғызды. Осы орайда айта кететін бір жайт, зерттеушілерде аталмыш географиялық аймақтағы сақ мәдениетінің жекелеген мәселеріне байланысты түрлі зерттеу тәсілдері мен көзқарастар қалыптасқан. Қалыптасқан жағдайда Таулы Алтайдағы көшпелілер мәдениетіне қатысты негізгі тұжырымдамаларға тоқталып өткен дұрыс. Кей ғалымдар өз еңбектерінде сақ мәдениетінің жекелген аспектілеріне тоқталып өткен [2, 10; 3, 270; 4, 232, және т.б]. Бұл еңбектерде негізінен ескерткіштердің ашылу тарихы жайлы ақпарат берілген. 1970-80 жж. аралығында М.А. Деминнің бірнеше мақалалары мен артынша монографиялық еңбегінде көне Алтай жәдігерлерін зерттелуіне баға берілген еді. Ғалым өз еңбегінде Алтайдың көне жәдігерлерін зерттелуінің үш кезенің ашып көрсетеді де, алғашқы уақытты Алтайдағы алғашқы археологиялық зерттеулердің басы (XVIII ғ.); 2) XIX ғ. басында археологиялық деректердің қорлануы; 3) Капитализм дәуіріндегі археология. [2, 15б.]. М.А. Демин әр дәуірге әділ бағасын беріп, Алтай археологиясына ат салысқан ҒА экспедициялары мен жергілікті өлкетанушылардың еңбектерінің маңыздылығын атап өткен. XIX ғ. бастап мақсатталған іс-шаралар қолға алына басталды, солардың ішінде шоқтығы биік Алтайдың әр түрлі аудандарына экспедициялар ұйымдастырған болатын. Сол дәуірдің археологтары тек қана заттай материалдарды жинап қана қоймай, жиналған материалдарды белгілі бір дәрежеде қортындылауға тырысты. М.А. Деминнің ойынша «дворяндық және буржуазиялық ғылымның методологиялық жағынан жетілмеуі Алтайдағы тайпалардың дамуы турасында аяқталған толық тұжырымдама жасауына кедергі келтірді». Тағы бір айта кететін жайт, кеңес археологиясы өзінің алғашқы жылдарында дәстүрлі археология шеңберінде дамыды. Бұған тек қана қазба жұмыстарының методикасы емес, сондай-ақ археологиялық деректерді талдау барысында этнографиялық, фольклорлық, антропологиялық, лингвистикалық дерек көздерін пайдалануы дәйек бола алады. Тап осы ғылыми әдісті көрнекті кеңес археологтары өздерінің зерттеулеріне негіз етіп алады. (С.В. Киселев, М.П. Грязнов, С.И. Руденко)
Таулы Алтайың археологиялық зерттеулері туралы қысқа шолуды В.Д. Кубарев өз монографияларында келтіреді [3, 270 б; 5, 282 б.]. Ғалымның пікірінше С.И. Руденконың зерттеулерінен кейін Таулы Алтайдағы сақ уақытының ескреткіштері зерттелінбей, «өзіндік археологиялық ақпараттардың қорлану кезеңі» басталды. Алайда көптеген мәселелердің толық шешілмеуі 1960-80 жылдары жаңа археологиялық экспедициялар ұйымдастыруды қажет еткендігін атап өтеді.
Таулы Алтайдағы сақ мәселесінің зерттелуімен етене араласқан Л.С. Марсадолов болды. Өзінің 1985 жылғы диссертациясында («Хронология курганов Алтая (VIII-IV вв. до н.э.)») б.з.б. VIII-IV ғасырлар аралығындағы сақ есткерткіштерінің зерттелуінің үш кезенің атап көрсетеді:
1) есткерткіштердің ашылуы мен алғашқы қортындылары (XVIII-XX ғғ.); 2) мәдени хронологиялық кезеңдерге бөлу мен олардың абсолюттік мерзімдері (20-50-жж. XX ғ.);
3) жекелеген қорғандардың абсолюттік жасын анықтауда жаратылыстану ғылымдарының әдістерін қолдану [6, 16 б].
Ал өзінің 1996 жылғы монографиясында «История и итоги изучения археологических памятников VIII-IV вв. до н.э. От истоков до начала 80-х гг. XX в.» автор сақ ескерткіштерінің зерттелу тарихын кезеңдерге емес, периодтарға бөледі.
1) тонаушылар уақыты (б.з.д 1 мың.ж –ХХ ғ. басына дейін);
2) археологияда орыс жерлерінің жалпы жазыла бастауы (XVIII ғ. аяғымен –ХІХ ғ. бірінші жартысы.);
3) ағартушылық кезенің археологиясы (XVIII аяғы менХІХ ғғ басы);
4) алғашқы ғылыми қорытындылар (ХІХ ғ.екінші жартысы);
5) археология- Алтайдағы өлкетанудың бөлігі (ХІХғ 70ж – 1916 ж. дейін);
6) алғашқы маманданған археологтардың зерттеулері (1920 ж. ортасы мен 1930 ж. ортасы);
7) материализм позициясына көшу мен хронологиялық жүйелердің жасалуы (1930 ж екінші жартысы мен 1950 ж. бірінші жартысы.);
8) есткерткіштерді мерзімдеуде жаратылыстану ғылымдарының әдістерін қолдану (1950 жж.);
9) материалдардың ары қарай қорлануы (1950-1980 жж.);
10) ескерткіш мерзімдерін нақтылау (1970 ж. ортасы). [7, 100 б].
Автор әр бір периодқа баға бере отырып, ХХ ғасырдың 80 ж. жасалып шыққан Таулы Алтайдағы ерте көшпелілердің мәдени даму концепцисы турасындағы еңбектерге де тарихнамалық талдау жасайды.
Л.С. Марсадоловтың жасаған периодизациясының критерияларында, біраз жаңылыстар бар, автор онысын өзі де сезінгендей, 8, 9, 10 периодтарды 7 периодтың бөлімі етіп кіргізуді ұсынады.
Алтайдағы сақ есткерткіштерін зерттеуге өзіндік үлес қосқандар санатына Ю.Ф. Кирюшин мен А.А. Тишкинді атауға болады. Өздерінің монографияларында өздері бөлген 3 кезеңге сипаттамам беріп қана қоймай, 30-80 жж. әртүрлі ғалымдар жасаған тарихи-мәдени тұжырымдамаларға анализ жасады. М.П. Грязнов пен В.А. Могильниковтың көне Алтай мұраларын зерттеудегі еңбектерің бағалай келе, ол ғалымдардың мәдени-хронологиялық тұрғысынан жасаған еңбектерін жоққа шығарады [4, 26 б].
Қос автор өздерінің басқа еңбектерінде б.з.д. ІХ–ІІ ғғ. аралығын қамтитын сақ уақытысының зерттелуінің 3 кезеңін көрсетеді.
1) Революцияға дейінгі кезең (XVII-ХХ ғғ басы);
2) Кеңестік кезең (ХХ ғ. 20-80жж.);
3) Қазіргі кезең (1980 ж ортасынан бүгінгі күнге дейін) [4,26-27 б].
Аталмыш әр кезең нақты тарихи құбылыстарға тұнып тұр. Ғалымдар сақ археологиясының терминология мен приодизация мәселесін қайта қарастырады. Қос автордың пікірлерінше сақ археологиясын зерттеуде қоныстардың материалдарын көптеп тартуды жөн көреді.
Тарау бойынша оймызды қортындылай келе, Таулы Алтайдағы сақ мәдениетін зерттеуде біраз ғалымдар көп тер төккендігін атап өтуге болады. Кей ғалымдар (Л.С. Марсадолов, А.А. Тишкин) тарихи концепцияларға тарихнамалық талдау жасап, сақ археологиясының алдағы соны зерттелуіне жаңа тың серпіліс берді.