Лекции.Орг


Поиск:




Гипсометриялық карталар




Гипсометриялық карталар табиғаттың барлық аталған карталарын құру үшін негіз болып табылады. Олар биіктігі мен тереңдігінің қабылдаған шкаласы бойынша көлденеңдер мен бояулар көмегімен рельефттің нақты геометриялық бейнесін көрсетеді (1 – сурет).

“Гипсометрия” грек тілінен аударғанда “биіктен өлшеу” деген мағынаны білдіреді.

Осы карталар өздерінің тағайындалуы бойынша толық жауап береді, яғни картографияланатын аумақтың рельефі туралы нақты және көрнекілік түсінік береді.

Бұл тақырыптық карта тобында алғашқы үлгілердің бірі. Осы карталардың мазмұны жүздеген жылдар бойы жетілдірілді, қазіргі уақытта олар гипсометриялыққа, яғни биіктігін өлшеуге және геоморфологиялық карталарға тән қасиеттерге ие.

Оларды құрудың бастапқы материалдары аумақты, ең алдымен рельефті және гидрографияны географиялық сипаттауға және топографиялық карталарға қызмет етеді.

Топографиялық карталар жергілікті биіктік қатынастары туралы нақты мәліметтер береді, сол тәрізді рельеф нысанының жоспарлық жағдайы, гидрографиялық желілердің құрылымы, географиялық сипаттамалар – рельефтің морфологиялық құрылымы, оның ішкі нысандары, өзен ұзақтағының құрылымының сипаты туралы мәліметтер бар.

Қазіргі уақытта осы барлық мәліметтерді аэрокосмостық материалдар мен даланы экспедициялық зерттеу материалдарын өңдеу жолымен алады. Бәрінің жиынтығы рельефтің барлық нысандары, олардың пайда болуы және дамуы туралы толық ақпарат береді.

Рельефтің алғашқы карталары ХІХ ғ. екінші жартысының басына жатады,онда рельеф штрих тәсілімен көрсетілген. Рельефтің барлық оқтайлы түрлері мен нысандарына атау берілген және “гора”, “хребет”, “гряда”, “возвышенность” (1857 ж.) тәрізді орфографиялық терминдермен белгіленген. Бірақ Ресейдің экономикалық өмірі ХІХ ғ. екінші жартысында жердің биіктігін, бейіндерін салатын карталарды қажет етті. 1863 жылы осындай карта басылып шықты. Бұл Ресейдің алғашқы гипсометриялық карта. Онда рельеф көлденең тәсілімен бейнеленген.

1889 жылы әскери геодезист және картограф А.А.Тилло Еуропалық Ресейдің гипсометриялық картасын жасады. Бұл картадағы белгілер саны 51000 – нан асты.

Осы жылы ол адам ірі масштабтағы жаңа гипсометриялық картаны әзірлеуге кіріседі.

А. А. Тиллоның гипсометриялық карталары ресейлік картографияның одан әрі дамуында үлкен роль атқарды. Олар белбеулік гипсометриялық шкалалар мен аумақтың географиялық құрылымының негізгі ерекшклік білімдерін пайдалану негізінде осы карталарды дамыту жолдарын тапты.

ХХ ғ. басының маңызды жұмыстары болып алғаш рет Ресейдің барлық аумағын қамтыған гипсометриялық карталар табылады.

Қазіргі Қазақстанда Азиаттық Ресейдің атласынан гипсометриялық картасы қызықтырады, оны А. А. Тиллоның көмекшісі және ғылыми зерттеулерін жалғастырушы, КСРО – ға құрметті мүшесі, картограф Ю. М. Шокальский 1913 жылы құрастырған.

1913 жылы бұл карта жаңа геодезиялық мәліметтер бойынша түзетілген және КСРО – ның Климотологиялық атлас картасы үшін географиялық негіз ретінде басылып шығарылды.

Кеңес уақытында рельефті көлденеңінен бейнелеу ірі масштабты картографияда дара болып қалыптасуда. Бұл жиырмасыншы жылдары аймақтық гипсометриялық карталарын қатарын әртүрлі масштабта басып шығаруға мүмкіндік берді.

Бірақ 1949 жылы КСРО – ның гипсометриялық картасының 1: 2 500000 масштабта басылғандығын атап өткен жөн. Бұл карта оларды игеру жоспарын әзірлегенде: қатынас жолдарын дамыту, ірі гидротенхикалық ғимараттарды, мұнай газ кешендерін салу, жерлерді ауылшаруашылық игеру үшін үлкен аумақтарды алдын ала зерделеуге арналған.

Биылғы жылы картографиялаудың аэросъемкалы әдістерін енгізудің арқасында. Кеңес Одағының барлық аумағында, солтүстік және солтүстік шығыс теңіз экваториясын қосқанда 1; 100 000 масштабы топографиялық карта жасалды. Бұл отандық және әлемдік картографиялық үлкен жетістігі болды.

Кейін 30 жылда гипсометриялық карталардың мазмұны үздіксіз жетілдірілді. Генсіз пен морфологияны ескеріп, рельефтің негізі үлгілерін бейнелеу тәсілдерін әзірленген. Алғаш рет әлемдік тәжірибеде мұхиттың жағалауы мен түбіндегі рельефті бірлесіп бейнелеу проблемасы ғылыми негізде шешімін тапты.

Өкінішке орай, Одақтың таралуынан ресейлік табиғатты картаграфиялау мектебі қазіргі уақытта өзінің озық позицияларын жоғалта бастады, Одақтың бұрынғы республикаларында табиғатты тақырыптық картографиялау мүлдем жүргізілмейді, немесе өткен жүзжылдықтың 80 жылдарының басындығы деңгейде қалып қойған.

 

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-24; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2831 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Победа - это еще не все, все - это постоянное желание побеждать. © Винс Ломбарди
==> читать все изречения...

775 - | 746 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.