Лекции.Орг


Поиск:




Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап




Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап, Әуре етеді ішіне қулық сақтап. Өзіңе сен өзіңді алып шығар Еңбегің мен ақылың екі жақтап.   Өзіңді сенгіштікпен әуре етпе, Құмарпаз боп мақтанды қуып кетпе. Жұртпен бірге өзіңді қоса алдасып, Салпылдап сағым қуған бойыңа еп пе?   Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме, Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме. Жүрегіңе сүңгі де,түбін көзде, Сонан тапқан-шын асыл тастай көрме.

Сен мені не етесің

Сен мені не етесің? Мені тастап, Өнер бастап Жайыңа Және алдап, Арбап, Өз бетіңмен сен кетесің. Неге әуре етесің? Қосылыспай, Басылыспай, Байыңа Және жаттан Бай тап Өмір бойы қор өтесің. Ет жүрек өртенді, От боп жанып, Жалын шалып iшіме. Иттей қормын, Зармын, Сен үздің ғой бұл желкемді. Кім білер ертеңді? Өлім айтпас, Келсе қайтпас Кісіге. Бүгінгі күн Бармын, Жолдас еттің сен бөтенді. Ғашықтық — қиын жол. Жетсең — жеттің, Жетпей өттің, Не болды? Арманда өмір Өтті, Ойлар ма екен бір, мені сол? Салдырап аяқ-қол, Жетпей сертке, Ішім дертке Тез толды. Ажал уақыты Жетті, Мен өлейін, сен сау-ақ бол. Шын жүрек — бір жүрек, Қайта толқып, Жолдан қорқып Айнымас, Шегінісіп Қайтпас, Өлсе бір сөзбен, не керек? Білесің, сен зерек, Мен пәндеңе Болды деме, Кел, қарас. Ешкім сөгіс Айтпас, Рақым қылсаң, кел ертерек! Шын ғашық мен саған! Кейіп жүрсем, Сені көрсем, Ләм-мим деп Бір сөз айтар Хал жоқ, Еріп кетер бой сол заман. Ойыңды сен маған Бір бөлмедің, Тез келмедің Мені іздеп. Ішіңде ыстық Қан жоқ, Тас бауыр жар, бол қош аман! Жар, сенің көңлің тоқ, Ақ етіңді, Нұр бетіңді Меншікті Қылмаған соң Алла, Өзі сорлы етсе, амал жоқ. Сен аттың жөнсіз оқ, Тәңрі — қазы Тас таразы, Тентекті Қалма, Серт бұзғанның, біл, орны—шоқ.

Соры қалың соққы жеген пышанамыз

Соры қалың соққы жеген пышанамыз Қайтып суып, жалғаннан күсе аламыз. Құр дәрімен атқанға өлмейді екен, Өмірі мақтаншаққа нысанамыз.

Сүйсіне алмадым, сүймедім

Сүйсіне алмадым, сүймедім. Сүйегім жасып, сор қалың. Сүйісіп саған тимедім, Бола алмадым сенің жарың.

Сұм дүние тонап жатыр, ісің бар ма?

Сұм дүние тонап жатыр, ісің бар ма? Баяғы күш, баяғы түсің бар ма? Алды үміт, арты өкініш алдамшы өмір. Желікпен жерге тықпас кісің бар ма?!   Дәмі қайтпас, бұзылмас тәтті бар ма? Бір бес күннің орны жоқ аптығарға. Қай қызығы татиды қу өмірдің. Татуды араз, жақынды жат қыларға?   Ет жүрексіз ерніңнің айтпа сөзін, Тіл үйренген нәпсінің қу мінезін. Тілде сүйек, ерінде жиек бар ма? Шымылдық боп көрсетпес шынның жүзін.

Сәулең болса кеудеңде

Сәулең болса кеудеңде, Мына сөзге көңлің бөл. Егер сәулең болмаса, Мейлің тіріл, мейлің өл. Танымассың, көрмессің, Қаптаған соң көзді шел. Имамсыздық намазда — Қызылбастың салған жол. Көп шуылдық не табар, Билемесе бір кемел? Берекелі болса ел — Жағасы жайлау ол бір көл. Жапырағы жайқалып, Бұлғақтайды соқса жел. Жан-жағынан күркіреп Құйып жатса аққан сел, Оның малы өзгеден Өзгеше боп өсер тел. Берекесі кеткен ел — Суы ашыған батпақ көл. Құс қаңқылдап, жағалап, Сулай алмас жазғы төл. Оның суын ішкен мал Тышқақ тиіп, аспас бел. Көл деп оны кім жайлар, Суы құрсын, ол — бір шөл. Единица —жақсысы Ерген елі бейне нөл. Единица нөлсіз-ақ Өз басындық болар сол. Единица кеткенде, Не болады өңкей нөл? Берекеңді қашырма, Ел тыныш болса, жақсы сол. Рас сөзге таласып, Ақжем болма, жаным, кел!

Тайға міндік

Тайға міндік, Тойға шаптыќ, Жаќсы киім киініп. Үкі таќтыќ, Күлкі баќтыќ, Жоќ немеге сүйініп Күйкентай күтті, Ќұс етті, Не бітті?   Атамыз бар, Молдамыз бар, Айтќанына көнбедік. Арт жағында Біз соған зар Боламыз деп білмедік. Ұрланып ќаштыќ. Жолғастыќ, Шуластыќ.   Жазу жаздыќ, Хат таныдыќ, Болдыќ азат молдадан Шала оќудан Не жарыдыќ, Ќалғаннан соң ќұр надан? Бағасыз жастыќ— Бозбастыќ, Адастыќ.   Бозбалалыќ — Ќыз ќарадыќ, Ќалжың, әзіл сөйлестік. Ат жараттыќ, Сән тараттыќ, Әуейлік күйлестік. Көңілге келер, Кім жолар, Кім көнер?   Ќайын бардыќ, Ќатын алдыќ, Енші тиді азғана. Шаруа атандыќ, Енді ойландыќ, Ќала берді бозбала. Бұрынғы ќайда? Ойбайла — Не пайда?




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1010 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Своим успехом я обязана тому, что никогда не оправдывалась и не принимала оправданий от других. © Флоренс Найтингейл
==> читать все изречения...

886 - | 795 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.