Лекции.Орг


Поиск:




Еңбек нарығы субъектілері, объектілері, механизмдері




¢ Еңбек нарығының басқа нарықтардан айырмашылығы, адамдардың тұтыну мен мүдделерін есепке алу қажеттілігіне байланысты оның әлеуметтік табиғаты болады.

¢ «Еңбек нарығы - жұмыс күшіне сүраныс, оған қажеттіліктің болуы, екінші жағынан - жұмыс күшін ұсынуды тұтынуды қанағаттандыратын мүмкіндігі бар араласатын қарама-қарсы келетін сала» (Лившиц).

¢ Еңбек нарығы - бұл нарық экономикасы құрылымының құрамдас бөлігі.

¢ Еңбек нарығында бір тарап (сатушы) қолайлы жұмыс іздеуші ретінде, екінші тарап (сатып алушы) - жұмыс берушілер: кәсіпкерлер немесе олардың өкілдері болады.

¢ Еңбек нарығы жұмыспен қамтамасыз етудің мемлекеттік және мемлекеттік емес жүйелерімен, сондай-ақ кәсіпорындар мен мекемелердің тікелей кадр қызметі арқылы немесе тікелей жұмысшы мен жұмыс берушінің арасында жүзеге асады.

¢ Еңбек нарығында жұмыс күшінің құны бағаланады, оны жалға алу талаптары, оның ішінде еңбекақы көлемі, еңбек ету жағдайы, кәсібінің өсу мүмкіндігі, жұмыспен қамтамасыз ету кепілдігі анықталады.

¢ Еңбек нарығы - бұл тек қана жұмыс күшін сату және сатып алу емес, ол сандық және сапалық жағынан да, еңбек ресурстары мен жұмыс орындарының арасындағы теңдестік проблемаларын шешеді. Негізгі проблемалар - салалар мен кәсіптік біліктіліктің теңдестірілмеуінде.

Ø Еңбек нарығында 3 түрлі міндетті шарт туындайды: өндірушінің жеке еркіндігі және еңбекке өз қабілеттілігін иемдену құқығы;

Ø жұмысшылардың өндіріс құралдардан тура немесе сәйкес көлемде бөлінуі;

Ø кәсіпкерлік қызмет еркіндігімен еркін құқыққа ие болу.

Ø Еңбек нарығының негізгі компонентері: сұраныс,

Ø ұсыныс,

Ø жұмыс күшінің бағасы.

¢ Жұмыс күші тауар болып табылады және белгілі бір құны бар.

¢ Жұмыс күші бағасы еңбекақы, әлеуметтік төлем және кәсіптік оқыту шығыны мөлшерінде есептелінеді.

¢ Еңбек сұранысы осы немесе басқа салалардың қажеттілігі нысанында көрсетіледі.

¢ Жұмыс күшінің ұсынысы еркін құқыққа ие кәсіпорынның қажеттіліктерге орай біліктілік пен кәсібіне байланысты белгілі бір құнға еңбек ұсыну.

30) Мемлекеттің жұмыспен қамту саясаты

¢ Жұмыспен қамтамасыз ету мен жұмысқа қабілетті тұрғындардың жұмыссыздығының деңгейіне мемлекеттік ықпал ету, реттеудің жалпы жүйесі мен әлеуметтік саясатының бөлінбейтін бөлігі болып табылады.

¢ Қазіргі заманғы еңбек нарығы өзінің стихиялы сипатын жоғалтып, мемлекеттік араласу объектісі болып табылады. Сонымен бірге басқа тауарлардың нарығы тәрізді, іштен (жұмыс берушімен және кәсіподақтармен) және сырттан (мемлекетпен) реттелетін болды.

¢ Бұл үдерісте мемлекеттің рөлі екі жақты:

¢ Бір жағынан, мемлекет жұмыс беруші ретінде, яғни өзінің мүддесін қорғап, еңбек нарығында дербес субъект ретінде көрінеді.

¢ Екінші жағынан, мемлекет төреші (арбитр) - жұмыс беруші мен жалданушы жұмыскер арасындағы даулы мэселелерді реттеумен айналысуы тиіс.

¢ Жұмыссыздық деп халықтың жеке және қоғамдық
қажеттерін қанағаттандыратын және кіріс әкелетін қоғамдық-пайдалы іс-әрекеті түсініледі.

¢ Жұмыспен қамтуды мемлекеттік реттеуде экономикалық, ұйымдастыру, әкімшілік-құқықтық әдістер қ олданылады.

31. Белсенді және белсенді емес модельдер
Барлык еңбек ресурстары, оның ішінде:

1. Экономикалық белсенді халық - жұмыс күші, халықтың тауарлар мен қызметтер өндіру үшін жұмыс күшін ұсынуды қамтамасыз ететін бөлігі. Оған халык шаруашылығында жұмыс істейтіндер және жұмыссыздар жатады.

2. Экономикалық белсенді емес халық - халықтың дәл осы уақытта қоғамдык өндірісте жұмыс істемейтін еңбекке жарамды бөлігі.

32. Әлеуметтік инфрақұрылым сапалы жұмыс күшінің үздіксіз ұдайы өндірісін қамтамасыз ететін салаларды (денсаулық сақтау, жолаушылар көлігі, коммуналдық-тұрмыстық қызмет көрсету, қоғамдық тамактандыру, демалысты ұйымдастыру, спорт, туризм және т.б .) біріктіреді.

q Әлеуметтік саясат - бұл халықты әлеуметтік қорғау ғана емес, оған өндіріс саласының көптеген аспектілері де (жұмыс күнінің ұзақтығын, ең төмен еңбекақыны, еңбекті қорғауды белгілеу және т.б.) кіреді.

q Әлеуметтік қамтамасыз етуге көмектің қандай түрлері жатады:

Ø халықтың жеке кірісі мен күнкөріс көзі жоқ не олардың мөлшері шектелген, жеткіліксіз жекелеген көбінесе еңбекке жарамсыз топтары мен санаттарына көрсетілетін материалдық қолдаудың,

Ø ақшалай көмектің сан алуан түрлері енеді.

¢ Бақытсыздыққа тап болған, табиғи және әлеуметтік апаттардан, зілзалалардан зардап шеккен адамдарға жәрдем көрсету әлеуметтік экономиканың ерекше саласын құрайды.

¢ Қоршаған ортаның адамдардың тіршілік ету қабілеті мен өмір сүру сапасына әсер етуін сипаттайтын экологиялық экономика да әлеуметтік экономикаға жатқызылуға тиіс.

33. Қазіргі нарықтық экономикадағы әлеуметтік басымдықтар

Әлеуметтік ортаның қаржылық ресурстардың шектеулік бойынша жағдайы және мемлекет функциясының өзгертуі халықты қолдау және әлеуметтік қорғау бойынша шараларды күшейту мақсатында әлеуметтік саясаттың басымдылықтарын дәліректеу және кезең бойынша мақсаттарды нақты анықтап алу қажет.

Ø Ұзақ мерзімді кезеңде – қазақстандықтардың өмір сапасы мен деңгейін индустриалды жағдайындағы қоғамдық стандартқа жақындату

Ø орта мерзімді кезеңдетұтыну стандартына және дағдарысқа дейінгі өмір деңгейіне жету

Ø ал қазіргі жағдайдаәлеуметтік жарылысты болдырмау, әлеуметтік қауіпсіздік жағдайларды қамтамасыз ету.

34)Мемлекеттік экономикалық бағдарламалау – елдің әлеуметтік –экономикалық дамуын мемлекеттік реттеудің ең жоғары нысаны. Мемлекеттік бағдарламалау бір уақытта экономика дамуының ғаламдық мақсатын қамтамасыз ету үшін экономикалық ресурстарды кешенді пайдалану әдісі болып табылады.

Ø Бағдарламалау –жоспарлаудың ең көп тараған нысаны. Жоспарлау, болжау, бағдарламалау – ЭМР –дің құралдары. Мемлекеттік бағдарламалау – стратегиялық жоспарлаудың маңызды құралы.

Ø Бағдарлама –директивтіктің белгілі бір дәрежесіне тән нақты құжат.

Ø Бағдарламада анықталатындар;

Ø реттеу мақсаты;

Ø мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін, экономикалық саясаттың нұсқалары;

Ø жобаларды, олардың бюджетін, басқару жүйесін және бағдарламаны жүзеге асыруды бақылауды ресурстық жабу;

Ø экономикалық саясаттың оңтайлы нұсқасын таңдау критерийі.

35)Фискалдық саясаттың қызметі мемлекеттік қазына (фиска) элементтерін қамтиды. Ол тікелей мемлекеттік бюджетпен, салықтармен, мемлекеттің ақшалай табыстары мен шығыстарына байланысты.

Ø Нарықтық экономика жағдайында бұл мемлекеттік экономикалық саясаттың діңгегі болып табылады.

Ø Фискалдық саясат қаржылық саясаттың бюджеттік, салықтық, табыстар мен шығыстар сияқты ірі түрлері мен формаларын біріктіреді.

Ø Толықтай алғанда фискалдық саясат мемлекеттің қаржылық ресурстарын басқаруды ұйымдастыру, оларды елдің әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешу үшін пайдалану бойынша мемлекеттік шаралар жиынтығын құрайды.

Ø Фискалдық саясат мемлекетке қажетті ақша қаражаттарын жинақтау, бөлу, көзделген шараға жұмсау іс-әрекеттерін жүзеге асырады.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1566 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Вы никогда не пересечете океан, если не наберетесь мужества потерять берег из виду. © Христофор Колумб
==> читать все изречения...

793 - | 762 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.