5 Зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
№1 Зертханалық жұмыс (2 сағат)
Өлшеу және басқару ақпаратты алу үшін қолданатын механикалық құбылыстар мен эффектлер
Жұмысты орындау тәртібі
Дене көлемінің ұлғаюына байланысты температураны өлшеу.
Жұмыстық дене ретінде суды аламыз. Вариант бойынша капилляр өлшемдерін алып, 15-тен 80 Цельсий градусына дейін температураны өлшеу үшін қажетті судың көлемін есептеу керек. Шкаланы есептеп бөлшектеу керек.
Жұмыстық дене ретінде сынапты аламыз. Вариант бойынша капилляр өлшемдерін алып, 15-тен 40 Цельсий градусына дейін температураны өлшеу үшін қажетті сынаптың көлемін есептеу керек. Шкаланы есептеп бөлшектеу керек.
Жұмыстық дене ретінде спиртті аламыз. Вариант бойынша капилляр өлшемдерін алып, 35-тен 80 Цельсий градусына дейін температураны өлшеу үшін қажетті спирттің көлемін есептеу керек. Шкаланы есептеп бөлшектеу керек.
Жұмыстық дене ретінде сутегішті аламыз. Вариант бойынша капилляр өлшемдерін алып, минус 80-нен плюс 80 Цельсий градусына дейін температураны өлшеу үшін қажетті сутегіштің көлемін есептеу керек. Шкаланы есептеп бөлшектеу керек.
Массаны, салмақты, күшті өлшеу.
Ондай өлшеулерді рычагты және серіппелі таразымен орындайды. Серіппелі таразыны алайық. Гук заңын қолданып, 50-ден 5000 граммға, 1-ден 5 кг, 1-ден 10 кг диапазондарда салмақты өлшеу үшін серіппені есептеу керек (ұзындығын, сымның диаметрін, орамдар санын, серіппенің диаметрін).
Бақылау сұрақтары
1 Капиллярдың көлденең қимасы термометрдің жалпы өлшемдеріне қандай әсер етеді?
2 Капиллярдың көлденең қимасы жұмыстық дененің көлеміне қандай әсер етеді?
3 Жұмыстық денені таңдау немен байланысты?
4 Өлшеу әдісінің дәлдігі немен байланысты?
5 Жұмыстық денені қатты, сұйық, газдық күйде қолданудың қандай айырмашылықтары бар?
Ұсынылған әдебиеттер [3,9,13,14,15,16,19]
СДЖ арналған бақылау тапсырмалары [3,9,13,14,15,16,19 ]
1 Температураны өлшейтін жалпы әдістер
2 Температураны өлшейтін арнайы әдістер
3 Температураны жоғары дәлдікпен өлшейтін әдістер
№2 Зертханалық жұмыс (4 сағат)
Өлшеу және басқару ақпаратты алу үшін қолданатын электрлік және магниттік құбылыстар мен эффектлер
Жұмысты орындау тәртібі
Мұғалім тапсырмасы бойынша анлогтық және цифрлық вольтметрді, амперметрді, милливольтметрді, миллиамперметрді қолданып өлшеулерді өткізу керек. Кернеу көзін, резисторларды, конденсаторларды, индуктивті, диодтарды және өлшеу құралдарын қолданып, электр сұлбаны құру керек. Әрбір өлшеуді үш рет өткізу керек. Орташа мәндерді табу керек. Өлшеу қателіктерін табу керек. Осы өлшеулердің варианттарын Workbench ортасында қайталау керек.
Электр реленің, контактордың, электрмагниттің, қозғалу түрлендіргіштің магниттік ағынын қарастыру керек. Мұғалім тапсырмасы бойынша осы тізбектердегі магниттік ағындарды есептеу керек.
Бақылау сұрақтары
1 Вольтметр өлшеуде қалай қосылады?
2 Амперметр өлшеуде қалай қосылады?
3 Аналогтық және цифрлық аспаптарда өлшеу нәтижелері қалай бейнеледі?
4 Өлшеу нәтижелерінің орташа мәнін қалай табылады?
5 Соленоидтағы магниттік ағынды қалай есептеуге болады?
6 Магнит ағынын өткізу үшін өзекшені қандай материалдан жасауға болады?
7 Қозғалу түрлендіргішінде қандай процестер өтеді?
Ұсынылған әдебиеттер [2,3,7,13,15,17,18,19 ]
СДЖ арналған бақылау тапсырмалары [2,3,7,13,15,17,18,19 ]
1 Эквипотенциалдық беттер
2 Электр кедергінің физикасы
3 Кернеу көздерінің түрлері
4 Электр тізбектердің элементтері
5 Аналогтық өлшеу аспаптардың ішкі құрылысы
6 Аналогтық аспаптардың шкалалары
7 Электр кедергіні өлшеу
8 Тұрақты магниттер: материал, формасы, қалай қолданылады
9 Айнымалы тоқты магниттер, конструкциясы
10 Электрмагниттік реленің конструкциясы, бөлшектері
11 Магнитэлектрлік, электрмагниттік өлшеу аспаптары
№3 Зертханалық жұмыс (1 сағат)
Өлшеу және басқару ақпаратты алу үшін қолданатын оптикалық құбылыстар мен эффектлер
Жұмысты орындау тәртібі
Фотодатчик пен фотоэлементтің жұмыс принципін оқып түсіну. Фотоэлементтік құрылғының электр сұлбасымен танысу керек. Сәуле көзінің ағынын тетікпен өзгертіп стендта үш өлшеу өткізу керек. Нәтижелерді кестеге келтіру керек.
Жарықтықты өлшегендегі электр сұлбадағы өтетін физикалық прцестер туралы айтып беру керек.
Бақылау сұрақтары
1 Фотоэлементтің құрылысы, қалай жұмыс істейді?
2 Фотодиод пен фототранзистордың фотоэлемент пен фотокөбейткіштен қандай айырмашылықтары бар?
3 Фотоэлементтің шығысында қандай сигнал пайда болады?
4 Стендтың блоктары қандай түрлендірулерді жасайды?
5 Жарық түскенде фотодиодта не және қалай өзгереді?
6 Фотодиодтар қайда және не үшін қолданылады?
7 Инфрақызыл сәулені шығаратын қандай көздер бар?
8 Жарықтық қандай шамамен өлшенеді?
Ұсынылған әдебиеттер [3,8,12,13,14,15,25,26 ]
СДЖ арналған бақылау тапсырмалары [3,8,12,13,14,15,25,26 ]
1 Сәуле және оның сипаттамалары: ағын, күші, спектр
2 Құлайтын және шағылысқан сәуле ағындары
3 Фотоэлементтердің типтері және сипаттамалары
4 Фотоэлементтердің спектрлік сезімділігі
5 Фотоэлементтерді жасайтын материалдар
6 Цифрлық техникадағы қолданатын сәуле көздері мен қабылдағыштары
№4 Зертханалық жұмыс (4 сағат)
Физикалық эффекттерді техникалық жүзеге асыру
Жұмысты орындау тәртібі
Механикалық күштерінің тензометриялық түрлендіргіштерге арналған арқалықтар (балка), стержендердің және фигуралық механикалық негіздерінің кострукцияларын оқып білу керек. Материалдардың иуге, созуға, қысуға, бұрауға кедергісін есептеу өрнектерін келтіру керек. Күшті өлшеуге қолданатын құрыш арқалықтардың типтік формаларын келтіру керек. Арқалықтардың күшке сезімді нүктелерін атау керек.
Типтік тензометриялық датчиктерді оқып білу керек. Олардың шығысындағы тоқты есептеу өрнектерін келтіру керек. Бір келкі күштілік арқалықнегізінде жасалған тензометриялық датчикті стенд бойынша тарировкасын өткізу керек. Мұғалім тапсырмасы бойынша өлшеулер өткізіп, арқалықтың иілуі шығыстағы тоққа тәуелдігін келтіру керек.
Ораналасу күйді сезетін индуктивтік датчиктің сипаттамаларын оқып білу керек. Өлшеулерді өткізіп, датчик өзекшесінің орналасу күйі шығыс сигналға тәуелдігін келтіру керек.
Үдеу стендінде өлшеулер өткізіп, маятниктің ауытқу бұрышы шығыс сигналға тәуелдігін келтіру керек.
Тоқтық тістеуікті қолданып, өлшеулерді өткізу керек. Сымнан өткен тоқ тістеуіктің контурына тәуелдігін келтіру керек.
Тұрақты тоқтың тұтыну қуатын өлшеу керек. Тұрақты тоқты санауышының жұмыс принципін айту керек.
Бақылау сұрақтары
1 Тензометрлік элемент қалай жасалады?
2 Тензометрлік элемент арқалыққа қалай қондырылады?
3 Кернеу көзіне тензометрлік элемент қалай қосылады?
4 Тензометрлік элементтерді қосатын қандай тізбектер бар?
5 Тензометрлік элементтерден қай жерден және қалай өлшеуіш сигнал алынады?
6 Орын күйін сезетін индуктивтік датчиктің конструкциясы қандай?
7 Индуктивтік датчиктің физикасы қандай?
8 Индуктивтік датчикті қосу электр сұлбасы қандай?
9 Үдеу датчигінің конструкциясы қандай?
10 Тоқтық тістеуіктің кострукциясы қандай?
11 Электр энергияны санауыштардың конструкциясы қандай?
Ұсынылған әдебиеттер [2,3,5,7,13,14,17,18,19 ]
СДЖ арналған бақылау тапсырмалары [2,3,5,7,13,14,17,18,19 ]
1 Типтік тензодатчикті қолданып үлкен механикалық күштерді өлшеу амалдары
2 Тензодатчиктерді арқалыққа қондыру әдістері
3 Индуктивтік датчиктер және олардың кострукциясы
4 Индуктивтік датчиктерді қолдану салалары
5 Электрсанауыштардың жұмыс принциптері
№5 Зертханалық жұмыс (2 сағат)
Әсер ету, өз ара әсер етуді ақпаратқа түрлендірудің түсінігі
Жұмысты орындау тәртібі
Ақпаратты алу үшін мынандай әсерлерді оқып білу:
- таразыда гірдің серіппеге әсер етуі (созу, қысу, бұрау). Гук заңы және оны дененің салмағын табуға қолдану. Өлшеуде қолданатын серіппелердің сипаттамаларын келтіру керек;
- газды әлде сұйықтық ағындарының санауыш жұмыс денесіне әсер етуі. Шығын өлшеуіштің жұмыс денесінің сипаттамалар тізімін келтіру керек. Шығын өлшеуіштің кинематикалық сұлбасын келтіру керек. Шығын өлшеуіштің шкаласы;
- газды әлде сұйықтық ағындарының қысымы манометрдің жұмыс денесіне әсер етуі. Қысым есептегенде қолданатын материалдардың кедергі жасау заңдары. Манометрдің жұмыс денесінің сипаттамалар тізімін келтіру керек. Манометрдің кинематикалық сұлбасы. Манометрдің шкаласы;
- температура өлшеуіштің жұмыс денесіне температураның әсер етуі. Гей-Люссак заңы және оны температура өлшегенде қолдану. Әртүрлі температуралық диапазонға арналған сұйықтық термометрлердің параметрлер тізімін келтіру керек. Температуралық шкалалар.
Ақпаратты алу үшін мынандай әсерлерді оқып білу:
- ультрадыбыс толқындары мен газды әлде сұйықтық ағыны өзара әрекеттесудің физикасы. Допплер эффеті және оны өлшеуде қолдану. Ультрадыбыс толқынының ұзындығы шығын өлшеуіштің дәлдігіне тәуелдігі.
- электрмагниттік өрістің электрсанауштың жұмыс дөңгелегімен өзара әрекеттесуі. Электрсанауыштың кинематикалық сұлбасы. Электрсанауыштың шкаласы;
- сәуленің фотоэлементпен өзара әрекеттесуі. Оның физикасын оқып білу. Фотоэлементтің спектралдық сезімділігі.
Бақылау сұрақтары
1 Серіппенің ұзындығына созылу (қысылу) коэффициенті қалай тәуелді?
2 Шығын есептеушідегі жұмыс денесінің геометриялық мөлшерлерін қалай таңдаймыз?
3 Манометр өлшеу диапазоны неге тәуелді?
4 Сұйықтық термометрлердің жұмыс атқару физикасы қандай?
5 Цельсий шкаласы қалай құрылған?
6 Қысымды өлшейтін басқа қандай әдістерді білесіз?
7 Температураны өлшейтін басқа қандай әдістерді білесіз?
8 Сәуле шығарудың спектрі деген не?
9 Ғарыштағы денелердің спектрінен астрономдар қандай ақпарат алады?
Ұсынылған әдебиеттер [1,4,7,8,10,11,12,13,15,16,18,23,25]
СДЖ арналған бақылау тапсырмалары [1,4,7,8,10,11,12,13,15,
16,18,23,25]
1 Кристаллдардағы эффектерді қолданып қысымды өлшеу
2 Температураның химикалық индикаторлары
3 Электрондық таразының құрылысы
4 Тоқтық тістеуіктің жұмыс приципі
5 Қазіргі фото және кинокамералардың сәулесезгіш элементтері
6 Температураның электр датчиктері
7 Қысымның электр датчиктері
8 Өлшеу құралдарындағы қолданатын өзара индукция эффекті
№6 Зертханалық жұмыс (2 сағат)
Әртүрлі түп негізді физикалық шамаларды өлшеу
Жұмысты орындау тәртібі
Лазерлік қашықтық өлшегіш көмегімен детальдар мөлшерлерін және қашықтықты өлшеу әдістерін оқып білу. Аз уақыт аралықты өлшегенде қолданатын нониус әдісі. Уақытты сану үшін қолданатын электрондық әдістер. Лазерлік қашықтықты өлшеуіштің жұмыс принципі.
Вибрация өлшеуін оқып білу. Вибрацияның параметрлері. Вибрацияны өлшеу әдістері мен құралдар. Мұғалім тапсырмасы бойынша стендте вибрация өлеуін өткізу.
Стендті қолданып, газ қысымын өткізу керек. Стендтің сұлбасын талдау.
Беттердің жазықтық-параллельдікті өлшеу әдістерін оқып білу. Беттерді тексеретін интерферометрлік әдіс. Детальдар мөлшерін өлшегенде қолданатын оптикалық эффектер.
Бақылау сұрақтары
1 Лазерлік қашықтықты өлшеуіш қалай жұмыс істейді?
2 Лазерлік қашықтықты өлшеуіштің дәлдігі қандай?
3 Нониус әдісінің ерекшелігі және оны тағы қандай салада қолданады?
4 Электрондық санауыштар қалай жұмыс атқарады?
5 Вибрация параметрлерін не үшін өлшейді?
6 Қандай манометрлерді білесіз?
7 Атмосфералық қыысымнан аз қысымды не үшін және қалай өлшейді?
8 Бір миллиметрден аз мөлшерлерді қалай өлшеуге болады?
9 Интерферометр қалай жұмыс істейді?
Ұсынылған әдебиеттер [1,2,4,8,12,14,22,23,25]
СДЖ арналған бақылау тапсырмалары [1,2,4,8,12,14,22,23,25]
1 Астрономиялық жүйелерде қашықтықты өлшейтін әдістер. өлшеу бірліктері.
2 Геодезиядағы тригонометриялық өлшеудің әдістері
3 Қашықтықты ультрадыбыспен өлшеу әдістері
4 Радар жұмысының принципі
5 Вибрацияның зиянды әсерлері және вибрациядан қорғау
6 Үдеу мен вибрацияны өлшеу
7 Сәуленің дифракция эффекті және оны өлшеуде қолдану
8 Сәуленің интерференция эффекті және оны өлшеуде қолдану
9 Электрондық микроскоптың жұмыс принципі
6 Студенттің оқытушымен дербес жұмысының тақырыптамалық жоспары
СОДЖ тақырыбының атауы | Сабақтың мақсаты | Сабақтың түрі | Тапсырманың мазмұны | Ұсынылатын әдебиеттер |
1 тақырып. Ақпарат. Сигнал. Хабар | Тақырып бойынша білімді тереңдету | Баяндамаларды талқылау, сұрақтар | Реферат | [8,9,13,15, 19,20,21,22] |
2 тақырып. Өлшеу және басқару ақпаратты алу үшін қолданатын механикалық құбылыстар мен эффектлер | Тақырып бойынша білімді тереңдету | Баяндамаларды талқылау, сұрақтар | Тақырып бой-ынша бақылау сұрақтарды дайындау | [2,3,8,9, 13,14,19 ] |
3 тақырып. Өлшеу және басқару ақпаратты алу үшін қолданатын электрлік және магниттік құбылыстар мен эффектлер | Тақырып бойынша білімді тереңдету | Баяндамаларды талқылау, сұрақтар | Тақырып бой-ынша бақылау сұрақтарды дайындау | [1,2,4,5,7, 8,9,10,13, 14,19,21] |
4 тақырып. Өлшеу және басқару ақпаратты алу үшін қолданатын оптикалық құбылыстар мен эффектлер | Тақырып бойынша білімді тереңдету | Баяндамаларды талқылау, сұрақтар | Тақырып бой-ынша бақылау сұрақтарды дайындау | [1,8,11,12, 23,25,26 ] |
5 тақырып. Өлшеу және басқару ақпаратты алу үшін қолданатын химикалық және ядролық құбылыстар мен эффектлер | Тақырып бойынша білімді тереңдету | Баяндамаларды талқылау, сұрақтар | Тақырып бой-ынша бақылау сұрақтарды дайындау | [1,2,8,13, 14,18,24] |
6 тақырып. Физикалық эффекттерді техникалық жүзеге асыру | Тақырып бойынша білімді тереңдету | Баяндамаларды талқылау, сұрақтар | Тақырып бой-ынша бақылау сұрақтарды дайындау | [1,2,4,5,6,7, 9,10,13,16, 17,18,19, 21,23 ] |
7 тақырып. Әсер ету, өз ара әсер етуді ақпаратқа түрлендірудің түсінігі | Тақырып бойынша білімді тереңдету | Баяндамаларды талқылау, сұрақтар | Тақырып бой-ынша бақылау сұрақтарды дайындау | [2,5,6,7,9, 17,18,23 ] |
8 тақырып. Әртүрлі түп негізді физикалық шамаларды өлшеу | Тақырып бойынша білімді тереңдету | Баяндамаларды талқылау, сұрақтар | Тақырып бой-ынша бақылау сұрақтарды дайындау | [2,4,5,6,9, 12,16,18, 21,23] |
9 тақырып. Өлшеу, басқару, диагностикалу және бақылау құралдарын жасау үшін физикалық құбылыстар мен эффектлерді ақпаратты іздеу, талдау және синтездеу мәселелерді шешу әдістері және ондай мәселелерді қою | Тақырып бойынша білімді тереңдету | Баяндамаларды талқылау, сұрақтар | Тақырып бой-ынша бақылау сұрақтарды дайындау | [20,22 ] |
7 Межелік бақылау және қорытынды аттестация кезеңінде студенттердің білімдерін бақылауға арналған материалдар
7.1 пән бойынша жазба жұмыстарының тақырыптамасы
Рефераттар тақырыптамасы
1 Ақпараттың түрлері, сипаттамалары, есептеу бірліктері, бағалануы, сенімділігі, керектігі
2 Сигналдың түрлері, физикалық негіздері, көлемі, техникалық сипаттамалары, дайындау, жіберу, қабылдау процестері, тасымалдаушылары
3 Хабардың түрлері, көлемі, бағалануы, байлығы
Бақылау жұмыстарының тақырыптамасы
1 Механикалық шамаларды өлшеу аспаптары мен әдістері
2 Электр шамаларды өлшеу аспаптары мен әдістері
3 Магниттік шамаларды өлшеу аспаптары мен әдістері
4 Оптикалық шамаларды өлшеу аспаптары мен әдістері
5 Температура өлшейтін датчиктер
6 Қысым өлшейтін датчиктер
7 Жылдамдықты өлшейтін датчиктер
8 Жарықтықты өлшейтін датчиктер
9 Салмақты өлшейтін датчиктер
7.2 Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар (тест тапсырмалары)
1 Адамның сөзден тыс ақпаратты алмастыратын тілдер
2 Ақпаратты голографиялық әдіспен айқындау
3 Ғарыштағы сигналдар
4 Әліппе – ақпаратты, хабарды кодтаудың негізі
5 Халықаралық өлшеу бірлігінің жүйесі
6 Метрология өлшеу туралы ғылым
7 Атомдар ішіндегі өрістер мен күштер
8 Элементарлық бөлшектер
9 Қашықтықты өлшеу
10 Машина жасау саласында детальдардың өлшемдерін, денелердің өлшемдерін өлшеу
11 Уақытты өлшеу. Мемлекеттік уақыт қызметі
12 Жылдамдықты, үдеуді өлшеу
13 Айналудың жылдамдығын, бұрыштық айналу жылдамдығын өлшеу
14 Ұзындық пен уақыт эталоны
15 Гравитация күшін өлшеу
16 Серіппелі күшті өлшеу
17 Үйкелесу күшін өлшеу
18 Әлемдік тарту заңын қолдану
19 Газ бен сұйықтықтағы үйкелісу күшті өлшеу
20 Денелердің массасын өлшеу
21 Термодинамика заңдары
22 Энергия және жылу
23 Зат пен материя сақталу заңдары
24 Электрлік сиымдылық, оны өлшеу және өлшеу бірлігі.
25 Индуктивтілік, оны өлшеу және өлшеу бірлігі.
26 Электрлік кедергі, оны өлшеу және өлшеу бірлігі.
27 Айнымалы тоқтың жиілігін өлшеу.
28 Айнымалы тоқтың фазасын өлшеу
29 Айнымалы тоқтың қуатын өлшеу
30 Электр өрісінің өткізгіштерге, диэлектриктерге, жартылау өткізгіштерге әсері.
31 Ақпарат алу үшін Ом заңын қолдану.
32 Электрстатика заңдары.
33 Тұрақты тоқ тізбектерінің заңдары
34 Айнымалы тоқ тізбектерінің заңдары
35 Тұрақты магниттің маңызы, материалдар. Магниттік дипольдер мен доменде
36 Магниттік кернеулікті күшейту. Магниттік кедергі. Магниттік ағынды қосу мен айырту
37 Электрмагниттік орындайтын механизмдер
38 Магниттік күшейткіштер. Электр сигналдарды күшейткіштер
39 Сигналдарды модуляциялау және оның түрлері. Сигналдарды қосу, алу, бөлу, көбейту.
40 Сигналдарды кодтау. Байланыс каналдарды бөлу. Фильтрлер, шектегіштер
41 Магниттік аномалияны өлшеу. Магнитометрлер.
42 Индукция және өз ара индукцияны өлшеу
43 Фоторезисторлар, фототранзисторлар, фотодиодтар, фототиристорлар
44 Фотоэлементтер мен Фотокөбейткіштер
45 Зарядтық байланысы бар приборлар – ЗБП
46 Лазерлер
47 Оптрондар
48 Пироэлектрлік қабылдағыш
49 Опто-акустикалық қабылдағыштар
50 Молярлық массаны есептеу
51 Кері қайтатын және қайтпайтын реакциялар.
52 Заттардың массасы сақталу заңы
53 Бойль-Мариотт заңы.
54 Гей-Люссак заңы
55 Атомдардың электрондық қабықтары, изотоптар. Ядролық реакциялар
56 Полярлық және полярлық емес молекулалар.
57 Металдық байланыс. Сутегіштік байланыс
58 Кристалдық торлардың түрлері. Атомның валенттігі
59 Ерітінділер мен концентрациясы. Электролиттер мен электролит емес заттар. Судың диссоциясы. рН мәндері
60 Металдардың физикалық қасиеттері
61 Металдар және олардың техникада қолданатын қорытпалары. Электродтық потенциалдардың стандарттық қатары
62 Металдардың коррозиясы: химикалық, электрохимикалық. Коррозиядан қорғау әдістері
63 Алюминийдің және оның қорытпаларының қасиеттері
64 Темір және оның қорытпаларын техникада қолдану
65 Зеебек пен Пельтье эффекттері.
66 Электрондық және механикалық тахометрлер.
67 Механикалық және электрлік манометрлер.
68 Вакууметрлер.
69 Салмақ өлшеуіштер: механикалық, электрлік, электрондық.
70 Оптикалық, электрондық қашықтықты өлшеуіштер.
71 Ваттметрлер, логометрлер.
72 Газ бен сұйықтықтың шығынын өлшеуіштер: механикалық және динамикалық эффектерге негізделген.
73 Контакт түрлі деңгей өлшеуіштер.
74 Эхолот, су тереңдігін өлшеуіштер
75 Статикадағы сұйықтықтың және газдың заңдары.
76 Динамикадағы сұйықтықтың және газдың заңдары.
77 Айналу қозғалыстың заңдары.
78 Денелердің серпімділік заңдары
79 Сыйымдылыққа, индуктивтікке, кедергіге, оптикалық, химиялық эффекткрге негізделген түрлендіргіштер.
80 Қозғалыстың, жылжудың, удеудің түрлендіргіштері
81 Айналудың, бұрыштың, фазаның түрлендіргіштері.
82 Қысымның, сиретудің түрлендіргіштері.
83 Сұйықтық, газ, сусымалы заттар ағынының түрлендіргіштері.
84 Ұзындықтың, қалыңдықтың түрлендіргіштері.
85 Ылғалдылықтың, мөлдірдіктің, жабысқақтықтың, қаттылықтың түрлендіргіштері.
7.3 Емтихан билеттері
№ 1
Адам, хайуандар, жәндіктер, микроорганизмдердің ақпарат алатын каналдары
Электр өрісінің кернеулігі
Қышқылдар мен қоспалардың протолитикалық теориясы
№ 2
Химия негізінде ақпарат алмастыру
Эквипотенциалдық сызықтар мен беттер
Металдардың физикалық қасиеттері
№ 3
Табиғи тілдерде ақпарат алмастыру
Электрлік сиымдылық, оны өлшеу және өлшеу бірлігі
Металдардың химиялық қасиеттері
№ 4
Ақпарат және ой процестері
Индуктивтілік, оны өлшеу және өлшеу бірлігі
Металдар және олардың техникада қолданатын қорытпалары
№ 5
Голография әдісімен ақпарат бейнелеу әдістері
Электрлік кедергі, оны өлшеу және өлшеу бірлігі
Электродтық потенциалдардың стандарттық қатары
№ 6
Тірі организмдердегі тұқым қуалау ақпаратты кодтау
Электрлік өткізгіштік, оны өлшеу және өлшеу бірлігі
Металдарды алу негізгі әдістері
№ 7
Ақпараттың статистикалық теориясы
Тоқ эталоны және оны бейнелеу әдісі
Металдардың коррозиясы: химикалық, электрохимикалық. Коррозиядан қорғау әдістері
№ 8
Әлемдегі сигналдар
Айнымалы тоқтың жиілігін өлшеу
Алюминийдің және оның қорытпаларының қасиеттері
№ 9
Әліппе – ақпаратты, хабарды кодтау негізі. Әліппе түрлері
Айнымалы тоқтың фазасын өлшеу
Хром және оның қорытпаларын техникада қолдану
№ 10
Халықаралық бірлік жүйесі
Тұрақты тоқтың қуатын өлшеу
Темір және оның қорытпаларын техникада қолдану
№ 11
Өлшеудегі метрологияның ролі
Айнымалы тоқтың қуатын өлшеу
Денелер, молекулалар, атомдар мен бөлшектердің ыдырауы
№ 12
Электр өрісінің қасиеттері мен заңдары
Электр өрісінің өткізгіштерге әсері
Денелер, молекулалар, атомдар мен бөлшектерді синтездеу
№ 13
Магнит өрісінің қасиеттері мен заңдары
Электр өрісінің диэлектриктерге әсері
Денелер, молекулалар, атомдар мен бөлшектерді синтездеу
№ 14
Гравитация өрісінің қасиеттері мен заңдары
Электр өрісінің жартылау өткізгіштерге әсері
Зеебек пен Пельтье эффекттері
№ 15
Атом ішіндегі күштер мен өрістер. Атом, молекуланың ыдырау және синтездеу энергиясы
Ақпарат алу үшін Ом заңын қолдану
Электрондық және механикалық тахометрлер
№ 16
Бөлшектер арасында ақпарат тасымалдаушылар, өрістердегі тасымалдаушылар
Электрстатика заңдары
Механикалық манометрлер
№ 17
Гипотезелық бөлшектер – информациондар, гравитондар
Тұрақты тоқ тізбектерінің заңдары
Электрлік манометрлер
№ 18
Өте үлкен қашықтықтарды өлшеу
Айнымалы тоқ тізбектерінің заңдары
Вакууметрлер
№ 19
Жер бетінде қашықтықтарды өлшеу, топографиялық өлшеу
Тұрақты магниттің маңызы, материалдар. Магниттік дипольдер мен домендер
Салмақ өлшеуіштер: механикалық, электрлік, электрондық
№ 20
Машина жасау өндірісінде денелердің, детальдардың шамаларын өлшеу
Магниттік кернеулікті күшейту. Магниттік кедергі. Магниттік ағынды қосу мен айырту
Оптикалық, электрондық қашықтықты өлшеуіштер
№ 21
Микроәлемде қашықтықтарды өлшеу
Электрмагниттік орындайтын механизмдер
Ваттметрлер
№ 22
Уақытты өлшеу, Мемлекеттік уақыт қызметі
Электрмагниттік датчиктер
Логометрлер
№ 23
Жылдамдықты өлшеу
Магниттік күшейткіштер. Электр сигналдарды күшейткіштер
Газ бен сұйықтықтың шығынын өлшеуіштер: механикалық және динамикалық эффектерге негізделген
№ 24
Үдеуді өлшеу
Сигналдарды модуляциялау және оның түрлері. Сигналдарды қосу, алу, бөлу, көбейту
Люксметрлер
№ 25
Айналудың бұрыштық айналу жылдамдығын өлшеу
Сигналдарды кодтау. Байланыс каналдарды бөлу.
Контакт түрлі деңгей өлшеуіштер
№ 26
Айналудың жылдамдығын өлшеу
Фильтрлер, шектегіштер
Эхолот, су тереңдігін өлшеуіштер
№ 27
Инерция моментін қолдану
Электрмагниттік тізбектерді есептеу
Жабын қалаыңдығын өлшеуіштер
№ 28
Ұзындық эталондары
Жердің магниттік өрісін өлшеу
Статикадағы сұйықтықтар мен газдардың заңдары
№ 29
Уақыт эталондары
Магниттік аномалияны өлшеу. Магнитометрлер
Динамикадағы сұйықтықтар мен газдардың заңдары
№ 30
Гравитация күшін өлшеу
Индукция және өз ара индукцияны өлшеу
Айналу қозғалыстың заңдары
№ 31
Серіппелі күшті өлшеу
Фотоэлементтер мен Фотокөбейткіштер
Денелердің серпімділік заңдары
№ 32
Үйкелісу күшті өлшеу
Зарядтық байланысы бар приборлар – ЗБП
Сыйымдылыққа негізделген түрлендіргіштер
№ 33
Бүкіләлемдік тарту заңы
Лазерлер
Индуктивтікке негізделген түрлендіргіштер
№ 34
Газ бен сұйықтықтағы үйкелісу күштер
Оптрондар
Кедергіге негізделген түрлендіргіштер
№ 35
Денелердің массасын өлшеу
Пироэлектрлік қабылдағыш
Оптикалық түрлендіргіштер
№ 36
Микробөлшектердің массасын өлшеу
Опто-акустикалық қабылдағыштар
Химиялы түрлендіргіштер
№ 37
Термодинамика заңдары
Люминесценттік сәуле шығартғыштық
Қозғалыстың түрлендіргіштері
№ 38
Аспан денелерінің қозғалыс заңдары
Фотохимиялық қабылдағыштар
Жылжудың түрлендіргіштері
№ 39
Гравитация, үйкеліс, серіппелік күштердің әсері
Оптикалық логикалық элементтер
Үдеудің түрлендіргіштері
№ 40
Энергия түрлері
Иондық байланыс
Айналудың, бұрыштың, фазаның түрлендіргіштері
№ 41
Жылу және механикалық энергия
Полярлық және полярлық емес молекулалар
Қысымның, сиретудің түрлендіргіштері
№ 42
Зат пен материя сақталу заңдары
Металдық байланыс
Сұйықтық, газ, сусымалы заттар ағынының түрлендіргіштері
№ 43
Молярлық массаны есептеу
Сутегіштік байланыс
Ұзындықтың, қалыңдықтың түрлендіргіштері
№ 44
Экзотермикалық және эндотермикалық реакциялар
Кристалдық торлардың түрлері
Ылғалдылықтың, мөлдірдіктің түрлендіргіштері
№ 45
Калориметрлердің қызметі
Атомның валенттігі
Жабысқақтықтың, қаттылықтың түрлендіргіштері
№ 46
Қосылу, ыдырау, орын басу, алмастыру реакциялар
Реакция жылдамдығына әсер ететін факторлар
Метр эталонын жасау үшін лазерді қолдану
№ 47
Заттардың массасы сақталу заңы
Реакцияның катализаторлары
Секунда эталонын жасау үшін лазерді қолдану
№ 48
Заттардың құрамы тұрақты болу заңы
Ерітінділер мен концентрациясы. Ерудің жылулық құбылыстары
Амперді айқындау әдістері
№ 49
Бойль-Мариотт заңы
Заттардың суда еру қасиеттері
Омды айқындау әдістері
№ 50
Гей-Люссак заңы
Электролиттер мен электролит емес заттар
Кельвин градусын айқындау әдістері
№ 51
Атомдардың электрондық қабықтары
Диссоциация механизмі. Гидратация
Фараданы айқындау әдістері
№ 52
Ионизация энергиясы
Қышқылдар, қоспа (основания), тұздардың су ерітіндегі диссоциясы
Вольтты айқындау әдістері
№ 53
Атомдардың изотоптары. Ядролық реакциялар
Судың диссоциясы. рН мәндері
Килограммды айқындау әдістері
№ 54
Коваленттік байланыс және оның қасиеттері
Оптико-тілшекті кабельдер
Паскальді айқындау әдістері