Лекции.Орг


Поиск:




ақырып №1. Бір рангілі желілер. Желілердің типтері.




Syllabus

Пән Компьютерлік желілер (2 кредит)

Сабақ өткізу уақыты мен орыны ОСӨЖ–ның өткізу уақыты мен орыны Оқытушының аты–жөні Байланыс тел, e–mail
Сабақ кестесіне сәйкес Кесте бойынша   Шаңғытбаева Г.А. +77014678204 [email protected]
Жұмағалиева Ж. +77028272582 [email protected]

ОҚУ ПӘНІНІҢ СИПАТЫ: Компьютерлік желілер пәні – жоғары оқу орындарында оқылатын пән. «Компьютерлік желілер» желі байланысының алғашқы бастамасының мазмұнын беріп, түсіндіреді. Ақпараттық байланыс және оның құрылысы, желі құрамасы және тағы сондай сияқтылардың жалпы түсініктемесі берілген. Топология, компьютер желісінің физикалық жағынан құрастыруды пайдалану, желі арналарына ену әдістері және көшіру бағдарламасының физикалық ортасының түрлері берілген. Желідегі көшіру бағдарламасы Халықаралық ұйымының стандартты ашық желілердің бір–біріне әсер етудің арқасында жасалған эталонды базалық моделінде қарастырылады. Ақпараттық жүйенің арасындағы жұмыстың өту барысы мен оның ережелерінің көшіру бағдарламасы беріледі. Желінің құрал–жабдықтарының түрлері, оның қажеттілігі және жұмыстың принцптері беріледі. Желі мекемелерінде және желінің операциялық жүйесінің құрастыруының негізгі принциптер, яғни желінің програмдау жабдығы туралы делінеді. Халықаралық желінің арасындағы қарым–қатынасы қарастырылады. Бұл пән оқу жоспары бойынша 2 кредит бойынша оқытылады.

ОҚУ ПӘНІНІҢ МАҚСАТ–МІНДЕТТЕРІ:

Курстың мақсаты. Студенттерге желілер топологиясы, жергілікті желі, ауқымды желі құрылымы және қызметі туралы мәліметтер беру және қазіргі заман талабына сай желілер құруға үйрету, жеке компьютердің желідегі жұмыс істеу ерекшелері, қазіргі заманғы компьютер желісінің технологиясымен танысу. Негізгі жергілікті және ауқымды желілермен таныстыру. Олардың айырмашылықтары мен кемшіліктерін ашып көрсету.

Курстың мiндеттерi. Дербес компьютердің қолданбалы бағдарламалар және желілік құрылғылары, желі түрлерімен толық танысып, желіге қосылу тәсілдерін үйрету, желілік құралдармен желілік технологиялар жайында, Интернет желісімен және басқа да компьютерлік желілер жайында сапалы білім беру, болашақ кәсіптік қызметінде компьютерлік жүйелер мен желілерді тиімді пайдалануға дайындау болып табылады. Ауқымды және жергілікті желілер, желі топологиясы, деректерді беру тәсілін шолу, жергілікті желінің базалық технологиялары, хаттамалары және стандарттары туралы жалпы мағлұматтарды қалыптастыру.

ОҚУ ПӘНІНІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ:

Компьютерлік технологиялардың ең маңызды құрамды бөліктері болып табылатын, жергілікті және ауқымды компьютерлік желілерде адамның жұмыс жасай білуі, негізгі тапсырмасы пайдаланушылармен ақпаратты алмастыра білуі және желіге қосылуы болып табылады.

Берілген курсты сәтті аяқтағанннан кейін студент келесідей қабілеттерді меңгереді:

төмендегі ұғымдар жөнінде түсініктері болуы тиіс:

· Желілердің бағдарламалық және аппараттық жабдықтамаларын;

· Интернет желісінің қызметтерін және оның мүмкіндіктерін;

төмендегілерді білуі және пайдалана алуы тиіс:

· Желі түрлерімен танысып, олардың мүмкіндіктерін меңгеру және қолануды;

· Желі түрлерімен жұмыс жасай білу тәсілдерін;

· Интернет желісімен және электрондық поштамен жұмыс жасай білуді;

· Жергілікті желіні құруды және оны баптау жұмыстарын жүргізе білуді;

төмендегі дағдыларды меңгере білуі тиіс:

· қажетті практикалық есептерді шығару, қазіргі замандағы желі технологиясының перспективалары және тенденцияларының дамуы үшін локальді желінің құрылысын білуге;

· компьютер желісінің классификациясын, қазіргі желі технологиясының ерекшеліктерін, компьютер желісінің құралдау және програмалау жабдығын білу туралы түсінікке ие болуға;

· қазіргі операциялық жүйесінде желі құралын орнату және конфигурациялау, кіре алу құқығын орнату, құпия атымен қорғау және папка ішіндегінің файлдік жүйе арқылы көшіру, құралдау және програмдау желі ресурсын бірге жасауды бөле алуын білу практикалық дағдыларын меңгеруге;

студент міндетті.

 

КУРС ПРЕРЕКВИЗИТІ:

«Компьютер желілер» пәнінен алған біліміңіз алдағы уақытта автоматтандырылған жүйелерді құру іскерліктерін қалыптастыруға, жалпы заман талабына сай компьютерлік сауаттылығыңызды дамытуыңызға зор ықпал етеді. Студентердің есептеу желілерін және басқа да желіліреді меңгеретін пән болғандықтан негізінен ақпараттық желі пәніне негізделіп оқытылады.

КУРС ПОСТРЕКВИЗИТІ:

«Компьютер желілер» пәнінен алған білімді студенттер желілік операциялық жүйелер, жаңа технологиялар және жаңа құралдар пәндерінде қолдана алады. Бұл пәнді оқи отырып студенттер қазіргі жоғарғы технологиялық қоғамда білімді маман бола алады.

БІЛІМДІ БАҒАЛАУ:

Ағымдағы бағалау: осы курстың барысында бағалау стратегиясы ретінде бағалаудың келесі әдістері пайдаланылады: жазбаша бақылау жұмыстары, үй тапсырмалары (математикалық көрсеткіштері, анализдері, алынған салыстырмалы мәліметтер бар, жазбаша тапсырмалар және т.с.с.), ауызша сұрау, тесттік тапсырмалар, зерттеу жұмыстары (жоба, презентациялар) және т.с.с.

Аралық бақылау (бақылау жұмысы): бақылау жұмысы курста өткен бөлімдер бойынша теориялық және практикалық, лабораториялық (есептеу, графикалық–есеп және шығармашылық) тапсырмаларды қамтиды.

Жеке өзіндік жұмыс: курс тақырыптары бойынша семинар сабақтарында тапсырмалар, үй тапсырмаларын, шығармашылық тапсырмаларды, мәнжазбаларды жеке орындау, ғылыми деректерді, ситуацияларды талдауды, газеттік ақпаратты пайдалану ескеріледі.

Үй тапсырмасы: үй тапсырмаларын студенттер міндетті түрде дайындайды және ОСӨЖ сабақтарында барлық топтар кесте бойынша тапсырады. Белгіленген уақыт мерзімінен кейін тапсырылған үй тапсырмаларына баға төмендетіледі.

Коллоквиум: өткен материал бойынша семестрде екі рет студенттен ауызша немесе жазбаша жауап алу түрінде жүргізіледі.

Курстық жұмыс, мәнжазба, эссе, презентация, графикалық–есеп жұмысы: нақты тақырып бойынша тапсырылады, кішігірім шығармашылық жұмыс болып табылады. Бағалау кезінде тақырыптың мазмұнының ашылуы, ғылыми деректердің пайдаланылуы, баяндалу стилі, көрнекіліктің пайдаланылуы ескеріледі. Жұмыстар бекітілген мерзімнен кейін қабылданбайды және бағаланбайды.

Аралық бақылау тесттері: өткен материалдар бойынша 10 және одан жоғары тапсырмаларды қамтитын тесттер. Тестілеу семестрде екі рет 7 және 15 апталарда кесте бойынша өткізіледі.

Қорытынды емтихан: қорытынды емтихан семестр соңында өткізіледі. Емтихан қабылданатын күн деканаттың емтихан кестесінде көрсетіледі. Емтихан компьютерлік тестілеу нысанында жүргізіледі. Тесттер курс бағдарламасының барлық бөлімдері бойынша тапсырмаларды қамтиды. Емтихан кезінде дәріс конспектілерін, кітаптарды, әртүрлі жазбаларды пайдалануға тыйым салынады. Төмен баға алған жағдайда, оны көтеру үшін, қосымша басқа тапсырмалар берілмейді. Емтиханды өткізу саясатын сақтамаған студент, емтиханды тапсырудан босатылып, емтиханды тапсырмаған болып есептелінеді.

Қорытынды баға: студенттер семестр соңында пәндер бойынша 100 (40%) балмен бағаланатын емтихан тапсырады.

МОДУЛЬ БОЙЫНША ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ:

№ р/с Модульдың атауы Лекция (сағ) Практикалық сабақ (сағ) Зертхана сабақ (сағ) СӨЖ (сағ)
  Желілік технология негіздері. Жергілікті компьютерлік желілер        
  Ауқымды компьютерлік желілер        
  Барлығы:   -    

ЛЕКЦИЯ ТАҚЫРЫПТАРЫ:

Апта Лекция сабақтың тақырыптары сағаты
Модуль 1. Желілік технология негіздері. Жергілікті компьютерлік желілер  
  Желілік технология негіздері. Компьютерлік желілердің шығу тарихы.Компьютерлік желілер түсінігі. Есептеу жүйелері. Компьютерлік желілердің шығу тарихы. Хаттамалар.  
2–3 Компьютерлік желінің классификациясы және олардың жұмыс жасау принциптері. Желінің түрлері мен топологиясы. Негізгі ұғымдары. Желілердің типтері. Бір рангілі желілер. Корпоративті компьютерлік желілер. Жергілікті есептеу желісі. Аймақтық есептеу желісі. Ғаламдық есептеу желісі.  
4–5 Компьютерлік желілердің бағдарламалық және аппараттық жабдықталуы.Кабельдер, модемдер мен факс–модемдер, желілік адаптерлер, бағдарлауыштар, коммутаторлар, қайталауштар, тармақтауыштар және шлюздер. Жалпы бағдарламалық жабдықталу. Арнайы бағдарламалық жабдықталу. Жүйелік желілік бағдарламалық жабдықталу.  
6–8 Жергілікті компьютерлік желі.Жергілікті желіге арналған физикалық және каналды деңгей стандарты. Жергілікті желі құрылымы. Жергілікті желіні құру, хабты қосу, драйверлерді орнату, тестрмен жұмыс. Windows операциялық жүйесінде жергілікті желіні баптау. Хаттамаларды қосу. IP–адрестерді өзгерту. Желінің жылдамдығын баптау. Қатты дискідегі құжаттарға байланыс ашу және желілік принтерді орнату. Жергілікті желі арқылы интернетке шығу.  
Модуль 2. Ауқымды компьютерлік желілер  
9–11 Ауқымды компьютерлік желі. Интернет желісінің әртүрлі қызметтері.Интернет желісі және оның мүмкіндіктері. Интернет қызметі. Интернетпен байланыс орнату. TCP/IP протоколы. World Wide Web(WWW) қызметі. Файлдарды беру қызметі(FTP–File Transfer Protocol). IP–адрестеу және DNS–адрестеу. Браузерлер (Netscape, Mosaic, Explorer).Телеконференция. Бейнеконференция.  
  Электрондық пошта. Outlook Express бағдарламасының жұмыс істеу принциптері. Электронды пошта хабарын жасау, оқу және жіберу. Шартты белгілермен қайта таңбалау (перекодировка).  
  Web – дизайн негіздері. Web–дизайн, Web–технологиялар және Web–парақтарды құру. Сценарий. Web–беттердегі сценарийлер.    
  HTML гипермәтіндік тілі. HTML гипермәтіндік тілі. Тэгтер. Сайттар жасау. Жаңа сайттарды тіркеу және орналастыру (хостинг).  
  Желілерде ақпараттарды қорғау. Дүниежүзілік өрмек (www). Желіде ақпараттарды іздеу және интернеттен мәліметтер алу. Компьютерлік қауіпсіздік мәселелері. Ақпаратты қорғау әдістері (физикалық әдістер, бағдарламалық әдістер және құқықтық әдістер). Ақпаратты қорғаудың қажеттілігі. Ақпаратты жасыру. Интернеттегі қауіпсіздік пен құпиялылық.  
  Барлығы:  

 

Лабораториялық сабақ тақырыптары

Апта Лабораториялық сабақтың тақырыптары сағаты
Модуль 1. Желілік технология негіздері. Компьютерлік желілердің шығу тарихы  
  Файлдарды, бумаларды, дискілерді ортақ қолданысқа ұсыну  
  Принтерлерді ортақ қолдану  
  Желі қосылысын тексеру  
  Желі қорларына қатынас жасау  
  Автономды бумалар құру  
  Жергілікті желіге қосылу. Желілік картаны қондыру және оны түзету  
  Жергілікті желіге қосылу. Желілік хаттамаларды құрастыру  
  Желілік операциялық жүйені қондыру  
  Ethereal талдауышы арқылы хаттамаларды талдау  
  NetMeetting бағдарламасы арқылы хабарлама жіберу  
Модуль 2. Ауқымды компьютерлік желілер  
  Outlook Express бағдарламасы  
  Internet желісі. Браузермен жұмыс жасау  
  Интернет. Іздеу жүйелері  
  Интернеттегі іздеуді ұйымдастыру  
  HTML гипермәтіндік тілі  
  Барлығы  

СӨЖ тапсырмалары

Үй тапсырмасы

ақырып №1. Бір рангілі желілер. Желілердің типтері.

Тапсырма: Келесі сұрақтарды қарастырыңыздар:

1. Желілердің типтері

2. Бір рангілі желілер.

3. Көп рангілі желілер.

Конспект жазу. Мысалдар келтіріңіздер.

Қолданылған әдебиеттер: [1]–[30]

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-11; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1613 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Настоящая ответственность бывает только личной. © Фазиль Искандер
==> читать все изречения...

824 - | 700 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.