Лекции.Орг


Поиск:




ны өткізу түрі- трениг.




Әдістемелік ұсыныс: Дисплей немесе бейнемониторлар (мониторлар) ақпаратты көрсетудің маңызды құралдары болып табылады. Қазіргі кездегі бар мониторлардың түрлері әртүрлілігімен ерекшеленеді. Оператор үшін экранның сапасы басқару және ақпаратты өңдеу жүйелерінде жұмыс принципімен салыстырамыз. Катодтың шығарған (электронды зеңбірек) электрон шоғыры, люминоформен жабдықталған экранға тиген кезде оның жарқылдауын туғызады. Адамның көзі бейнелердің ауысуының жиілілігі 20-25 Гц-тен төмен емес, үздіксіз қозғалыс ретінде қабылдайды, осыған орай теледидардың жиілігі де алынған. Мониторлар үшін кадрлардың жиілігі маңызды мағына береді, өйткені көп жағдайда бейнелеудің тұрақтылығын (жыпылдауды болдырмаудың) анықтайды, соған орай көздің талмауын негіздейді. Сондықтан РС мониторының кадрлер жиілігін, бейнелеудің жолдық тәсілін құрумен бірге, мүмкіндігіне қарай тырысады: кадрдың жиілігі қаншалықты жоғары болса, соншалықты бейне тұрақты болады.

Сондықтан мұндай мониторлармен жұмыс істеу көп шаршатпайды. Жақсы мониторларда кадр жиілігі 70-80 Гц деңгейінде ұсталынады. Қазіргі кезде компьютерлік жүйелерде кішірейген көлемімен, энергияны аз тұтынуымен және басқа да артықшылықтарымен ерекшеленетін, сұйық кристалды мониторлар кең тарауда. LCD (Liquid Crystal Display, сұйық кристалды мониторлар) сұйықтық жағдайда болатын заттан жасалады. Сонда да кристалды денелерге тән қасиеттері болады. Шын мәнінде бұл молекулалардың бағытында реттілігіне байланысты, анизотропиялық қасиеттері бар сұйықтықтар (оптикалық). Сұйық кристалдардың молекулалары электрдің әсерімен өзінің бағытын өзгертіп, сол арқылы арасынан өтетін жарық сәулесінің қасиеттерін өзгерте алады. Экранда символдың бейнесін сызудың 2 тәсілі болады:

- векторлық, символдың элементтері сәулемен түзу кесінді түрінде (векторлар) сызылған жағдайда.

- Нүктелік (расторлы), танысу нүктелер матрица болған кезде, олардың белсенділігі символдың бейнесін тудырады. Символдың бейнесі жағынан алғанда, 5х7 нүктелі матрица форматы минималды мүмкін болады. Матрицаның мөлшерінің өсуі, символдарды қайта жасаудың анықтығын жоғарылатуға мүмкіндік береді, бірақ нүктелер санын вертикаль бойынша 12-ден асырса, керекті қосымша эффект бермейді.

Лекция №5. Оперативті басқарудың есептерін шешу

Оперативті басқарудың есептерін шешу кезіндегі адамның басты осы есептерді шешу этаптары осыған байланысты, мұнда ақпарат көріністерінің қолдануы қалай жұмыс жасайтындарын қарастырамыз.

Бірінші этапта оператор ақпаратты басқару объектісінің жағдайы ретінде қабылдайды. Сигналдарды табу амалдарын ақпараттық қабылдау процесіне қосады, әртүрлі сигналдар белгілерінің білінуі, оператордан бұрын туатын есептерге жауап беру белгілермен танысу және сигналдарды (хабарларды) тану этаптарынан туады. Операцияларды табу және танудың ерекшелігі сигналдарды қабылдауына байланысты звено деп аталатын рецепторлық жолдар бойымен жүреді, сонда ақпараттардың біліну мазмұндары басты тәжірибелерде мүмкін болады және бұған арнайы дайындық қажет. Ақпараттардың бірлік жылдамдығы бір мезетте қабылдау кезінде оператор процесті оқуда және дайындауда тәжірибе жинақтайды.

Екінші этаптағы оператордың жұмысын ақпаратқа бағалау.

Үшінші этапта оператор басқарудың стратегиялық есептерін шығарады. Яғни, процестің бағасы қарастырылады және басқару объектісіне түрлі әдістердің қалай әсер ететіндігін анықтайды. Бұл этаптағы адамның іс-әрекеті белгілі бір алгоритмге негізделеді.

Егер нақты жағдайда алгоритм қарастырылмаса онда оперативті ойлау көмегімен әртүрлі шешімдер қабылдауға мәжбүр болады. Яғни, стратегияның басқару жұмысында оператор өзінің жұмысымен бірге тиімділік шешімін табуға көмектеседі.

Төртінші этап қабылданған шешімді орындауды қамтамасыз ету амалы.

Интерфейс түсінігі және оның жобалары.

Барлық функциялардың орындалуы, АБЖ-да адам-оператордың қызметіне бағытталған, мұны қамтамасыз ету төмендегідей бөліктерден тұрады:

1. Басқарылмалы объектісінің ақпараттары.

2. Ақпараттар әдісінен.

3. Байланыстар амалдарының іс-қимылына және берілген объектінің осы іс-қимылдың реакциясына байланысты.

4. Басқарушы қозғалыстың біркелкі бөліктік мүмкіншілігі.

5. Кері байланыстың болуы және басқарушының мақсаты.

АБЖ-ның шынайы уақыты күрделі жүйе болып саналады. Олардың мынадай 3 түрлі ішкі жүйелерге бөлуге болады: басқару объектісі, аппаратты-бағдарламалық басқару жүйесінің кешені, құрамы және басқарудың оперативті құрамы. Бұл ішкі жүйелердің әрқайсысы өзінше бір тұйық бөлікті құрайды. Күрделі жүйелерді құру барысында бұл ішкі жүйелердің өзара бір-бірімен композиция қатарына назар аудару және бұл жүйелердің арасында белгілі бір қатаң ереже болу қажет және олар өзара байланысты болу қажет. Жалпы интерфейс дегеніміз - байланыстарды іске асыратын шекара. Интерфейс арқылы жүйелер бөліктер арасында байланыс орнатылады.

Кез келген байланыс белгілі бір ережеге сүйенеді. Кез келген адам мен аппараттық-бағдарламалық кешен арасында ең күшті байланыс екі жақты алмасу арқылы жүзеге асады. Екі жақты алмасуды тәжірибесіз жүргізу мүмкін емес. Сондықтан кез келген оператордың жүйемен байланысы негізгі формальді хаттама арқылы жүреді. Сондықтан интерфейсті жобалайтын әрбір өңдеуші осы интерфейс арқылы қандай әсерлеу болатындығын білу қажет осындай анықтама арқылы біз мынадай ұғымға келеміз яғни, интерфейс дегеніміз - «тіл байланысы». Ол мынадай функцияны атқарады: коммуникативтік, семантикалық және прогматикалық.

Коммуникативтік функция дегеніміз – беріліп жатқан сигналдар (таңбалау) ақпаратты толық және шынайы көлемде бере алады. Семантикалық функцияның қызметі объектінің барлық қасиеттерін және сапасын кескіндейді.

Прогматикалық функция – бұл алмасуға қатысатын сигналдың бір мәнді қызмет етуін талап етеді.

Аталған функцияның бір ғана хаттамасы келісім арқылы іске аспайды, олар іске асу үшін аппараттық және алгоритм арқылы қолдану қажет. Аппаратты-бағдарламалық құралдардың алмасу хаттамаларымен бірігуінен өзара іс-әрекет интерфейсін аламыз. Өз іс-әрекетінің интерфейсі автоматты басқару жүйелерінде кеңінен қолданылады. Оны құрылымдық түрде мынадай сызба арқылы беруге болады.

Сурет 2. АБАЖ-ның техникалық әдістерімен адамдардың өзара іс-әрекет интерфейсінің құрылымдық сызбасы.

 

Өзара іс-әрекет интерфейсі ол аппаратты-бағдарламалық кешен интерфейсі, ақпаратты бейнелеу құралдары, басқару әрекетін енгізу құралдары және өзара іс-әрекет хаттамаларының бірігуі. Өз іс-әрекеттері хаттамалар, ережелер, нұсқаулар, формалар және белгілер форматтар, хабарламалар түрінде беріледі.

Оператордың ақпаратты өңдеу және бейнелеу жүйесімен өзара әсерлесуі төмендегідей деңгейде жүргізіледі:

· Объектінің ақпараттық моделі және мәселелік жағдайларды кескіндеу орталарында қолданылады;

· Аппаратты-бағдарламалық кешендердегі берілетін хабарламаларды шешу;

· Аппаратты-бағдарламалық кешенге енетін басқарушы іс-әрекеттер өрісімен байланыс;

· Аппаратты-бағдарламалық кешендердегі директиваларды құру және енгізу (басқару шешімдерін шығару негізінде).

Ақпарат өңдеу және кескіндеу жүйелерінің техникалық құралымен физикалық байланыс, оператор жұмыс істейтін жұмыс ортасын құрайды.

 

Лекция №6. Өзара іс-әрекет интерфейсін инженерлі-психологиялық жобалау

Өзара іс-әрекет интерфейсін инженерлі-психологиялық жобалау принциптері.

Шынайы уақыттағы АБЖ-ң өзара іс-әрекет интерфейсінің бейнелеу құралдарын инженерлі-психологиялық жобалау және ақпаратты өңдеу адамның физикалық және психологиялық мүмкіндіктерінің кешенді тізімінің негізінде адам ресурстарының минималды шығын көздерінде АБЖ-ны эффективті түрде функционалдайтын қасиет беруден тұрады (физиологиялық және психологиялық қысым дәрежелері, қызметкерлер саны, тәжірибелі дайындық уақыты және т.б.).

Инженерлі-психологиялық жобалау келесі принциптерге қорлануы керек:

· Адамгершілікті еңбек принципі. Еңбек процесіндегі адамның айрықша шығармашылық ролін бөліп көрсетеді және жекелеген жағдайда және басқару шешімін қабылдау жағдайында түрлендіру процестерінде адамның ролін бөліп көрсетеді. Яғни бұл жерде оператордың іс-әрекетін мейлінше жеңілдетуді талап етеді.

· Белсенді оператор принципі. Оператор жай ғана ақпаратты өңдеуші емес, сонымен бірге басқару органдарын қадағалайды және шешім қабылдаушы ретінде. Яғни бұл принцип бойынша оператор мақсатында белсенді түрде ұмтылады.

· Әрекетті жобалау принципі. Бұл принцип бойынша оператор техникалық құралдарды пайдаланады және жекелеген жағдайда ақпарат құралдарын бейнелеуде сапалы іс-әрекет етуі керек.

· Ізбасар принципі. АБЖ-ң барлық уақытында инженерлік-психологиялық жәрдемнің жүргізілуін талап етеді.

· Кешендік принципі. Бұл принцип бойынша, «адамның» мәселелері көп түрлі және уақыт ағынына байланысты өздерінің мазмұнын динамикалық өзгертеді.

Өзара іс-әрекет интерфейсін инженерлі-психологиялық жобалау есептері.

АБЖ-ң жедел құралы мен АПК АБЖ-мен өзара іс-әрекет құралдарын жобалау жалпы жүйелік сұрақтарын шешуді қажет қажет етеді, сонымен қатар адамның ақпаратты бейнелеу құралдарымен тәуелсіз өзара іс-әрекетті жобалаудың инженерлі-психологиялық сұрақтарды қамтуымыз қажет. Жобалау процесінде туындайтын есептерді 2 топқа бөлуге болады. Бірінші топ мына есептерден тұрады:

· Басқару процесін талдау, яғни операторлар жұмысын бағалаудың критерийлері мен функциялары, мақсатты анықтаудан;

· Оператор мен АПК АБЖ-ң арасындағы функцияларды ажырату;

· Иерархиялық БЖ баспалдақтары оператор арасындағы функционалды және ақпаратты байланыстарды анықтау;

· Оператор функцияларын, оның шешімдерін және шешу әдістерін басқарылмалы объектінің динамикалық және эксплуатациялық қасиеттерін есептей отырып, жылдамдық пен іс-әрекеттің дәлдігін талап ететін сипаттамалар;

· Ақпаратты бейнелеу құралдарының құрылымын өңдеу олардың өзара іс-әрекет интерфейсінің принциптерін таңдау.

Екінші топ келесі есептерден тұрады:

· Өзінің функцияналдық қызметтерін тиімді орындауы үшін операторға қажетті ақпаратты таңдап алуы;

· Операторға ақпаратты қайта өңдеуге арналған алгоритмді құра білуі;

· Маңыздылығына шығу тегіне және жиілігіне қарай сигналдарды таратуы;

· Ақпараттық моделді өңдеу, белгілердің алфавитін таңдау, ақпаратты кодтау әдістерін таңдай білуі;

· Ақпаратты бейнелеу құралдарының құрылымын өңдеу және сипаттамаларын таңдау;

· Ақпараттық модель мен басқа да ақпаратты енгізу-шығару құрылғыларының басқару құралдары таңдалады.

Бірінші топтың есептері жалпы жүйелік жобалау есептері, ал екінші топтың есептеріне ақпаратты өңдеу мен бейнелеу жүйесін техникалық жобалаудың есептері жатады.

АБЖ-ң техникалық құралдары мен оператордың өзара іс-әрекет процесін қалыптастыру.

Арнайы арналған, адамның іс-әрекетін меңгеруге негізделген АБЖ-ң техникалық құралы мен адамның өзара іс-әрекет интерфейсінің шешімін іздестірумен инженерлі-психологиялық жобалау тікелей байланысты. Негізгі принцип мынадан тұрады: адамның физикалық және психофизиологиялық мүмкіндіктеріне сәйкес еңбек құралдарына жету.

Жобалаудың шығынды есептеріне басқару процесін талдау есебі, функционалды есептерді тізбекті шешу және басқару жүйесінің функцияларын анықтау, АПК АБЖ мен оператор арасындағы анықталған функцияларды тарату жатады. Бұл есептерді шешу оператордың іс-әрекетін жобалау мақсаты болып табылатын соңғы қадамға негізделеді. Мұндай жобалауда априорлы стратегияларға, яғни берілген кластың есептерін шешуде тәжірибесі бар оператор берілген шарттарды орындай алатын стратегиялар қалай негізделсе, басқару жүйесінің тәжірибелі үлгісінде басқару процесін тәжірибелі тексеру кезіндегі басқару есептерін шешудегі операторлар тәртібінің шынайы стратегияларын талдауға да негізделеді.

БЖ-ң мақсаты анықталғаннан кейін, осы мақсатқа жетуге бағытталған функциялар анықталады. Өйткені, кез-келген функция адаммен немесе аппаратпен орындалуы мүмкін, сондықтан қандай функция болмасын оны операторға немесе ЭЕМ-ге жүктеу есебі туындайды. Бекітілген есепті шешкенде, иерархиялы БЖ-ң баспалдақтары мен компоненттері арасындағы функцияларды және ақпаратты байланыстарды анықтауға болады.

Функция құрамын анықтау есебін шешу, олардың өзара іс-әрекетін және олардың шешімдерінің күрделі алгоритмі ЭЕМ мен адам арасындағы функцияларды тарату есептерін шешуге негіз болады. Басқару функцияларын тарату, біріншіден, адамның психологиялық функцияларын меңгеру нәтижелерін қолдануға және инженерлі-психологиялық негізге; екіншіден, басқару функцияларын орындайтын, адамның тең құқылы әріптесі болып қаралатын ЭЕМ-ді жүйелік қадамға пайдалануға бағытталуы керек.

Жобалаудың бұл этабында басқару функцияларын тарату объектілері:

· Өңдеудің к-сыншы этабында шешілетін n есепті көпмүше;

· nк есепті шешуде орындалатын функциялар көпмүшесі;

· Оператор;

· АПК АБЖ.

Функцияларды таратуда анықтаушы фактор болып ЭЕМ мен адамның параметрлер жинағы табылады, оларға жүктелген функциялардың орындалуын қадағалайды.

Басқару есептерін шешу нақты алгоритмдер бойынша жүзеге асады.

Есептің алгоритмі маңызды іс-әрекет жиынымен, олардың орындалу ретін көрсетумен, есептің уақыттық және ақпараттық сипаттамалары жиынымен, әрбір іс-әрекетке жекелеген алгоритмдердің орындалуын нақтылаумен анықталады.

Әрбір функцияның, әрбір әрекеттің талдауы олардың ЭЕМ-ге реализациялану көзқарасы бойынша олардың формалану дәрежесі бойынша анықтауға мүмкіндік береді. Кейбір функциялар, әрекеттер формалануы мүмкін, басқалары әзірше формалануға келмейді. Мұндай талдаудың нәтижесі бойынша функцияның орналасуын келесі түрде орындауға болады: формаланған функцияларды ЭЕМ-ге беру, формаланбағандарды – адамға.

Функциялардың орналасуы адамның және ЭЕМ-нің әсер ету сфераларының шекаралары қиылыспайтындай болу керек, яғни жүйеде жұмыстың қайталануы болмау керек.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-11; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 429 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Неосмысленная жизнь не стоит того, чтобы жить. © Сократ
==> читать все изречения...

772 - | 681 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.