Лекции.Орг


Поиск:




ені сау балалар мен кемтар балалардың психикалық дамуындағы ортақ заңдылықтар.




 

Психикалық процесстер мен оның қасиеттерінің бәрі де даму процессінің нәтижесінде қалыптасады. Жоғарғы психикалық қызметтің дамуы дені сау балаларда да, кемтар балаларда да отбасының әлеуметтік жағдайының, әсіресе педагогикалық ықпалдың, тәрбиенің әсерінен болады. Сонымен қатар жеке тұлғаның дамып, қалыптасуында биологиялық және әлеуметтік факторлар бірегей қызмет атқарып, олар баланың алғашқы даму кезеңдерінде туа пайда болған бойындағы нәсілдік ерекшеліктеріне де түрліше әсер етеді. Өсе келе, баланың күрделі психикалық процесстері болып саналатын түйсіну, қабылдау, зейін, есте сақтау, ойлану мен қиял және сөйлеу, эмоция мен ерік, мінез, темперамент, қабілет сияқты жеке бас қасиеттері біртіндеп күрделене түседі. Мұндай процесстердің дамып жетілуі мен қалыптасу ерекшеліктері балалардың жасының ұлғаюына байланысты түрліше сипатта болады. Баланың жеке басының қасиеттерін қалыптастыруда оның өмір сүрген ортасы, әлеуметтік жағдайы, оқу -тәрбие істері түрлі іс -әрекеттермен шұғылдануға бейімдеп,өз қабілеттерін жетілдіруде тұқым қуалау арқылы берілетін биологиялық ерекшеліктерімен бірге отырып, әлеуметтік бейімделуде де шешуші роль атқарады. Л.С. Выготский өз зерттеулерінің нәтижесінде бала табиғатының сезімталдығы, әрбір нәрсені шапшаң қабылдап, олардың мән-жайын тез түсінуі сияқты ерекшеліктерін дамытуға дұрыс тәрбие, оқыту процесстері әсер ететінін анықтайды. Баланың сезімталдық ерекшеліктерінің даму кезеңі сензитивтік кезең деп аталады. Мұндай кезеңдер баланың әртүрлі жастағы даму бағыттарында қайталанып отыратын болғандықтан оқу-тәрбие жұмыстары күрделене түсіп, оның үғымталдығын, ойланып – толғану әрекеттерін өрістетеді. Осымен қатар, балалардың жекеленген психикалық қызметтерінің дамуы мен қалыптасуы өсу барысында бірі ерте, бірі кеш дамып, бала санасында түрліше деңгейде болады. Бала психологиясының дамуындағы мұндай заңдылық тек дені сау, қалыпты дамыған балаларда ғана емес, кемтар балаларды да оқытып, тәрбиелеуде де маңызды орын алады.

Бала психикасының бастапқы даму кезеңінде түйсіну процесінің орны ерекше. Түйсіну – баланың дүниені танып – білудегі бейнелеу процесінің алғашқы есігі. Бұл процесс талдағыштар арқылы жүзеге асады. Талдағыштардың аны рецепторлардың анына дәл. Соған орай талдағыштар: көру талдағышы, есту талдағышы, тері талдағышы, т.б. болып бөлінеді. Баланың дұрыс қалыпты дамуына жас кезінен әртүрлі түстерді түйсінуі, естуді түйсінуі, әртүрлі сезімдерді түйсінуі зор әсер етеді. Осы процестің зақымдануы, немесе кешеуілдеуі баланың психикалық және интеллектуалды дамуына кері әсерін тигізеді.

Қабылдау. Егер түйсіну айналадағы заттар мен құбылыстардың жеке қасиеттері мен сапларының мидағы бейнесі болып саналса, ал қабылдау сол заттар мен құбылыстардың мидағы тұтастай бейнеленуі болып табылатын тікелей танымдық процесс. Қабылдау түйсінудегідей бір ғана талдағыштың қызметі емес, ол бірнеше талдағыштардың (көру, есту, дәм, иіс, т.б.) өзара байланысып жұмыс атқаруымен жасалады.

Құбылыстар мен заттарды қабылдау процесінде баланың бұрынғы тәжрибесінің көлемінің мәні өте зор. Өйткені, тәжрибе қабылдауға ғана әсер етіп қоймайды, ол баланың ойлау мен іс -әрекетін де билейді.

Кеңістікті және уақытты қабылдау АҚШ-тың кибернетик - ғалымы дәлелдегендей, адамның денесі, әсіресе ішкі ағзалары,(жүрек, өкпе, ішек қарын, т.б.) сағат тәрізді қызмет атқарады. Мұнымен қатар кеңістіктердегі заттарды және уақытты қабылдау көбінесе адамның ішкі субъективті ойына тәуелді. Сондықтан адамның әрқилы жастағы кездерінде оқиғларды есте қалдыруы және жаңғыртуы да түрліше.

Мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық дамуы мен оның санасында жетекші роль атқаратын процесс – ес. Бұл кезеңде бала есінің дұрыс дамуы әртүрлі тітіркендіргіштерді қабылдауы мен сөйлеуіне және ойлау әрекетіне негізделіп, жалпы даму қарқынын күрделендіре түседі.

«Ес- ақыл қоймасы» (А.В.Сувроров). Ана тілімізде «ес» деген сөздің екі түрлі мағынасы бар. Біріншіден ол «ақыл -ой» дген мағынада қолданса, екіншіден, «жады» деген мағынаны білдіреді. Мәселен, «жаттау», «жаттығу» деген өздердің түбірлері осы «жады» сөзінен шыққан. Сондықтан, еске ақыл –ой, оның сапасы, ауытқуы үлкен әсер етеді.

Ес типтерінің түрлері. Оқу материалдарын, естігенін есте қалдыру немесе еске түсіру, сезім мүшелеріндегі рецеторлардың түріне қарай әр түрлі келеді: біреулер көзімен көргенін немесе оқығанын, екіншілері құлағымен естігенін,ал үшіншілері қолымен ұстағандарын, ал басқалары осы рецепторлардың бәрін біріктіре қолданғанда ғана тиісті мағлұматтарды есте ақтай алады. Осыған орай, балалар көргенін есте қалдырғыш, естігенін есте қалдырғыш және және мағлұматтарды естіп,қозғалыс жасау арқылы есте қалдыратын типтер деп бөлінеді. Интеллектуалды дамуы зақымданған балалар осы аталған типтердің бірде - біреуіне икемсіз болып келеді№

Мектеп жасындағы балалар санасының дамып жетілуінде жетекші процесс - ойлану әрекеті. Ойлану әрекетінің бұл кезеңде қарқынды дамуы бала санасының өзге де психикалық процестерінің шапшаң дамып, оның танымдық әрекеттерінің тереңдеуіне қолайлы жағдай тудырады. Ойлану деп – мәселені шешудегі толғану процесін айтады. Ойлану - дамушы құбылыс және ол балалар арасында үнемі жұмыс күйінде кездеседі. Мида болып тұратын үздіксіз ойлану және оның нәтижесі – ұғымдар мен сөйлемдер бір емес.

Жалпы психикалық процесстердің дамуы мен өзара ықпал етуі нәтижесінде бала психикасының жаңа сапалары қалыптасады. Егер тәрбиелеу, оқыту, бейімдеу жұмыстары баланың ұғымталдық кезеңіне сай жүргізілетін болса, оның нәтижелері барынша жемісті болады. Ал кемтар балалардың ақыл-ойын жетілдіру үшін олардың бойындағы барлық мүмкіндіктерін оятып, жұмылдыру қажет. Осы бағытта тиісті арнайы шараларды қолданып, оның ішінде көрнекі құралдарды, арнайы әдістерді пайдалана отырып, түрлі іс -әрекеттерді сапалы орындауға бағыттау керек. Осы әдістерді қолдану нәтижесінде кемтар балалардың ақыл – ойы өрістеп, тәжірибелік іскерліктері артады, жүре келе еңбектің жеңіл түрлерін де меңгеретін болады, сонымен қатар олардың сөйлеу және ойлау процестері де қалыптаса бастайды.

 

2. «Мүмкіндіктері шектеулі балалардың даму ерекшеліктерінің клиникасы» пәнінің басқа медициналық – биологиялық пәндермен байланысы.

 

«Мүмкіндіктері шектеулі балалардың даму ерекшеліктерінің клиникасы» пәнін игеру барысында болашақ дефектологтар кемістік даму және оның салдары - кемтарлықтың себептерін, қалыптасу механизмдерін және оның дәрежелері мен белгілерін анықтай алады. Сондықтан бұл пән биологиялыќ, медициналық, педагогикалыќ және психологиялық пәндермен тығыз, пәнаралық байланыста. Бұл пәнінің дефектология мамандығы бойынша оқылатын медициналық және табиғи –ғылыми пәндер арасында ерекше орны бар. Осы пәнді игеру барысында болашақ дефектологтар кемістік даму және оның салдары - кемтарлықтың себептерін, қалыптасу механизмдерін және оның дәрежелері мен белгілерін анықтай алады. Сондықтан бұл пән биологиялыќ, медициналық, педагогикалыќ және психологиялық пәндермен тығыз, пәнаралық байланыста.

Жоғарыда көрсетілген ғылымдар арасындағы байланыс, және болашақ дефектологтарға қажетті мемелекеттік стандартта көрсетілген пәдердерді жеке –жеке игерумен қатар оларды пәнаралық байланыста игеру – кемтарлық пен оның салдарын жеңілдету үшін, кемтар балаларды медициналық –педагогикалық және психологиялық тұрғыдан қолдау үшін өте маңызды. Осымен қатар, көрсетілген ғылыми салалардың жетістіктерін, зерттеу нәтижелерін қолдана отырып құрастырылған арнайы оқыту –тәрбиелеу әдістемелері, алдын алу шаралары дефектологтардың тәжрибелік жұмыстарында жақсы нәтиже береді.

Олигофренопедагогика- әртүрлі дәрежедегі зияты (интеллектісі) зақымдалған балаларды арнайы әдістемелерді қолдана отырып, жеңілдетілген оқу бағдарламасымен оқытудың теориялық және тәжрибелік әдістерінін жинақтайтын арнайы педагогиканың саласы. Балардың есею кезеңдеріндегі даму ерекшеліктері олардың жоғары жүйке қызметінің жетілуіне байланысты. Дені сау балалар мен кемтар балалардың психикалық процесстерінің дамуы және олардың саналарының сапалық жағынан қалыптасулары да жүйке жүйесінің әрекетіне байланысты.Сонымен қатар дені сау балалар мен кемтар балалардың дамуында шешуі орын алатын әлеуметтік орта мен тәлім-тәрбие беру әдістері екені де сөзсіз. Өйткені, баланың дамуы әлеуметтік өмірмен тығыз байланысты.

Олигофренопсихология - зияты (интеллектісі) зақымдалған балалардың психикалық дамуын жан –жақты зерттеп, ауытқу дәрежелерінің себеп –салдарын айқындап, психиканың зақымдануының алдын алу шараларын айқындайтын арнайы психологияның саласы. Психикалық процесстер мен оның қасиеттерінің бәрі де даму процессінің нәтижесінде қалыптасады. Жоғарғы психикалық қызметтің дамуы дені сау балаларда да, кемтар балаларда да отбасының әлеуметтік жағдайының, әсіресе педагогикалық ықпалдың, тәрбиенің әсерінен болады. Сонымен қатар жеке тұлғаның дамып, қалыптасуында биологиялық және әлеуметтік факторлар бірегей қызмет атқарып, олар баланың алғашқы даму кезеңдерінде туа пайда болған бойындағы нәсілдік ерекшеліктеріне де түрліше әсер етеді.

 

3. Балалар зиятының дамуындағы әртүрлі ауытқулардың этиологиясы және патогенезі

 

Психикалық дамудың, соның ішінде зиятының (интеллектінің) бұзылуының кең тараған түрі - кемақылдылық немесе ақыл - ой кемістігі. Бұл кемістік көбінесе іштен туа, немесе алғашқы 1-2 жылда қалыптасады. Ғылыми қалыптасқан халықаралық тілде оны олигофрения деп атайды. Олигофрения гректің сөзі (олиго - аз, кем, френ - ақыл) қазақ тілінде ақылы таяз, кемақыл, ақыл - ойы кеміс деген ұғымды білдіреді.

Жүре келе, 3-4 жастан кейін ғана алғашқы белгілері білінетін ақыл - ой кемістігінің түрі - деменция деп аталады.

Зиянды тұқымқуалаушылық факторлары. Олигофрения негізінен баланың орталық жүйке жүйесінің, әсіресе бас миының зақымдануынан пайда болатын кемістік. Оның себептері өте көп, ал оларды сапалы анықтау ғылыми зерттеулердің биология, генетика, физиология, психология салаларындағы жетістіктеріне байланысты. Кейбір жағдайларда кемақылдылықтың белгісі көрініп тұрса да, оның қайдан пайда болып, қандай себептердің әсерінен қалыптасқанын түсіну қиын. Бұл кемістік көбінесе іштен туа, немесе алғашқы 1-2 жылда қалыптасады. Ғылыми қалыптасқан халықаралық тілде оны олигофрения деп атайды. Олигофрения гректің сөзі (олиго - аз, кем, френ - ақыл) қазақ тілінде ақылы таяз, кемақыл, ақыл - ойы кеміс деген ұғымды білдіреді.

Жүре келе, 3-4 жастан кейін ғана алғашқы белгілері білінетін ақыл - ой кемістігінің түрі - деменция деп аталады.

.

Олигофренияның негізгі клиникалық белгісі - ақыл - ой кемістігі, ал оның ауыр немесе жеңіл дәрежесі этиологиялық факторлардың әсерін ұлғайтатын - қолайсыз, немесе осы әсерлерді азайтатын - қолайлы жағдайларға байланысты болады.

Олигофренияның этиологиялық факторларын анықтап, жақсы білу үшін оларды топтастырып, әр топтағы себептерді талдап, зерттеген дұрыс..Кәзіргі кезде зиянды этиологиялық факторлар толық болмасада, негізгілері анықталған. Олар:

1. Зиянды тұқым қуалаушылық.

2. Баланың құрсақта қалыптасу кезеңінде әртүрлі залалды себептердің әсер етуі (антенатальдық зияндылықтар).

3. Толғақ кезіндегі зақымданулар мен асфиксия.

4. Бала туғаннан кейін алғашқы айлар мен жылдарында(2- 3 жасқа дейін) әртүрлі залалды себептердің әсерінен миының зақымдануы.

1.Залалды тұқымқуалаушылық – кемақылдылықтың тұқым қуалайтын түрі баланың ата- анасынан немесе арғы ата тегінен тұқымқуалау арқылы беріледі. Кейбір жағдайда кемақылдылықтың тікелей өз ата-анасынан ғана емес, арғы ата тегінен (7 атаға дейін) берілуі мүмкін. Жаңа өмір аталық шәуһат пен аналық жыныстық клеткалардың ұрықтануынан басталады, соның нәтижесінде ұрық (зигота) деп аталатын жаңа тіршіліктің бастамасы – бір клетка түзіледі. Осы бір жалғыз клетканың бөлініп шығуынан алдымен ұрық пен шақалақтың, содан кейін нәрестенің, ақырында 500 триллион (5х1014) клеткадан құрылатын адамның тіршілігі басталды. Демек, біртұтас ағзаның дамуына қажет тектік қасиеттер, яғни тұқым қуалау информациясының жиынтығы шақалаққа аталық және аналық клеткалармен беріледі. Ендеше, баланың тегінен құралатын қасиеттерінде ата мен ананың үлесі тепе-тең.

Зат алмасу процестерінің (көміртегі, майлардың, белоктардың алмасуы) гендік зақымдану дәрежесіне сәйкес кемақылдылық та әртүрлі дәрежеде болады. Сонымен, әулеттегі пайда болған тұқым қуалау кеселінің айыпкері – ген мен хромосомалардың өзгерілуі, яғни мутацияға түсуі болып табылады. Олар кейде тұқым қуалап ата- анасы арқылы арғы тегінен беріледі, немесі ата- анасының бірінің жыныс клеткасында алғаш рет пайда болады. Мутация химиялық факторлардың (өндіріс қалдықтары, ауыл шаруашылығында пайдаланылатын улы химикаттар, кейбір дәрілер, шылым тарту т.б.), радиацияның, биологиялық факторлардың, вирустар мен бактериялардың, токсиндердің әсерінен туындайды. Осы себептермен қоса экологиялық апаттардың (мысалы, Арал өңірі, Семей ядролық полигоны, т.б.) әсері де зиянды.

Дүниеге жаңа келген 100 нәрестенің 4-5 –і тұқым қуалаған кеселге іштен шалдығып туады немесе көп ұзамай ауырады. Жиі кездесетін тектік тұқым қуалау ауруларына фенилкетонурия (ФКУ), туа біткен гипотиреоз, адрено-генитальдық синдром, муковисцидоз, галактоземия, сукрозурия, т.б. жатады. Қазір бізге белгілі, зерттелген 3 мыңнан астам осындай тектік тұқым қуалайтын аурулардың түрлері бар. Олар жүйке жүйесін де, бұлшық етті де, тірек –қимыл қозғалыс әрекетін де, ішкі ағзаларды да әртүрлі дәрежеде зақымдайды. Осылардың ішінде 100-ге жуығына диагнозды дәл қоюға болғанымен, соның бар –жоғы 20-30-ының ғана емдеу әдісі анықталған.

Тұқым қуалайтын аурулардың белгілері: әлсіз нәрестелер ұзақ және жиі ауырады. Туғанынан бастап, өмір бойы азап шегеді, бірте –бірте мүгедектікке ұшырайды. Ауру адамның және олардың жақын туысқандарының қайғы –қасыреті ұлғаяды. Тұқым қуалайтын аурудан азап шеккен мүгедектерді бағып – қағуға арналған үкіметтің жыл сайынғы жұмсалатын қаржысы бірнеше миллион теңгеден асады. Бұл қаражат адамгершілік жағынан да, қаржылық жағынан да толық ақталады.

Өкінішке орай, тұқым қуалайтын ауруларға ем қонбайды, бірақ олардың алдын алу мүмкіндігі бар. Егер отбасында немесе жақын туыстарының біреуінде тұқым қуалаған аурумен ауыратын бала туса міндетті түрде маман (генетик) дәрігерлерге көріну қажет. Сонымен қатар төмендегідей жағдайлар анықталса да:

· Перзентті болғысы келген жасы 35-тен асқан әйелдер және 40-тан асқан ер адамдар;

· Туысқан адамдарымен неке қиылған жағдайларда;

· Ұрықтану алдында, не жүктіліктің алғашқы мерзімінде мутацияға ұшырататын факторлардың әсеріне шалдыққанда;

· Өздігінен түсік тастаса немесе нәресте өлі туса;

· Ерлі-зайыптыларда ұзақ уақыт бала болмаса;

· Баланың жыныс мүшелерінің дамуында ауытқулар көзге түссе, т.б. күмәнді жағдайлар кездескенде ата- аналар міндетті түрде дәрігерлік - генетикалық тексерілуден өтуге тиіс.

 

4 Баланың құрсақта қалыптасу кезеңінде әртүрлі залалды себептердің әсер етуі (антенатальдық зияндылықтар).

 

Олигофренияның негізгі себептерінің ішінде нәрестенің құрсақта дамуы кезеңінде әртүрлі зиянды факторлардың әсерінен зақымдануы жиі кездеседі. Оларға:

· анасының екіқабат кезінде немесе одан ертерек (5 жыл мерзім ішінде) әртүрлі жұқпалы немесе созылмалы дерттермен аурулары;

· әртүрлі улы заттармен, дәрілермен, т.б. заттармен улануы;

· кейбір жағдайларда ананың іштегі нәрестеден құтылу үшін нәтижесіз қолданған әртүрлі әрекеттері де жатады.

Зақымданудың дәрежесі зиянды себептердің дамудың қай кезеңінде, қанша уақыт және қандай сапада әсер ететіндігіне байланысты. Егер зақымдаушы факторлар нәрестенің өте тез дамитын, жүктіліктің алғашқы жартысы (органогенез) кезеңінде әсер етсе, онда нәресте дамымай, іштен өлі тууы мүмкін немесе көптеген кемістіктері болуы мүмкін, бұл бала туғаннан кейін де көп өмір сүрмейді. Мидың қабықтарының немесе морфологиялық структурасының органикалық өзгеріске ұшырауы көбінесе миға әсер ететін бактериялар мен вирустарға (нейроинфекциялар), әсіресе грипп, қызамықтың вирусына, мерездің, эпидемиялық паротиттің, гепатиттің, токсоплазмоздың, туберкулездің қоздырушыларына байланысты.

Осымен қатар, құрсақтағы нәрестенің дамуына әртүрлі залалды уланулар да әсер етеді Оның ішінде көп тараған алкоголизмнің әсері, нашақорлық, темекі шегу, ұйықтататын дәрілер, күшті антибиотиктер, радиациялық сәулелер т.б. әсері. Осы топтағы зиянды себептердің өте қауыптілері және кең тараған түрлері: алкоголизм мен нашақорлық. Көпшілікке аян, ішкілікке салынған адамдардың тек семьясының ғана берекесі кетпейді, өздерінің ғана денсаулығын жоймайды, осымен бірге ұрпақтарын дүниеге кемтар, жарымжан етіп әкеледі. Қазіргі уақытта дәрігерлер мен зиялы азаматтардың «Арақ – у, арақ миыңызды жеп, ақыл есіңізден айырады, бауырыңызды жеп – оны тасқа (циррозға), жүрегіңізді жеп - оны өлі тінге (инфарктқа), бүйрегіңізді жеп – оны созылмалы бүйрек жетіспеушілігіне, өкпеңізді жеп – оны тесік өкпеге айналдырады, ал жүкті әйелдердің ішіндегі нәрестесін ауру, кемтар етіп туғызады»- дегендеріне қарамастан өршелене ішіп жатқан жас пен кәріні көргенде жан дүниең түршігеді. Бұл дерт, қазіргі уақытта оңай болмай тұр, тіпті қатерлі ісік (рак) пен СПИД-тен де асып кететін қауіпті кесел тегімізді бұзып, ұрпғымызды аздырып барады.

Нәрестенің іште даму кезеңіндегі тағыда бір қатер – ана мен іштегі нәрестенің қандарының тобының немесе резус факторларының (қан құрамында кездесетін антиген тәрізді зат) сәйкес келмеуі. Бұл аурудың дәрежесі улану мерзіміне және дер кезінде анықталып, сапалы дәргерлік көмек көрсетілуіне байланысты. Өкінішке орай, осындай дертке душар болған балалар жүре келе ақыл–есі кем балалар санын көбейтеді.

 

5.Босану кезіндегі зақымданулар мен асфиксия.

Ауыр толғақтардың зиянды әсерлері әсіресе құрсақта дұрыс дамымаған балалардың туғаннан кейінгі қалыпты дамуларына кері әсер етеді. Егер бұл балаларға туа салысыменен дұрыс дәрігерлік көмек көрсетілсе көптеген балалар жүре келе сауығып кетеді.

Ауыр толғақ кезіндегі зақымдануға құрсақтағы баланың дұрыс дамымай әлсіз, шала болуы себеп болады. Ауыр толғақтар бірінші рет босанатын және оған арнайы дайындалмаған, дене бітімдерінде кемістіктері бар (бойы өте аласа, жамбас сүйектері дұрыс дамымаған - тар жамбас, жоғары дәрежедегі көздің көру кемістігі, көп ауру салдарынан әлсіреу) әйелдер арасында жиі кездеседі.

Өз бетімен босана алмайтын қауіп туған жағдайда алдын ала болашақ анамен және туыстарыменен кеңесіп, басқа жолдармен босану әдістерінің бар екенін түсіндіру қажет, мысалы (Кесар тілігі арқылы босану). Бұл ана мен баланы зақымданудан сақтайтын өте нәтижелі әдіс.

 

6.Бала туғанан кейін алғашқы айлары мен 3 жасқа дейінгі аралықта әртүрлі зақымдану салдарынан ми әрекетінің бұзылуы.

 

Нәресте аман-есен дүниеге келгеннен кейін де оған ұқыпты күтім, жан- жақты дамытатын тәрбие керек. Әсіресе, баланың денсаулығы мықты болып,тез ширап,жетілуі әр ата- ана үшін үлкен бақыт. Баршаға белгілі, жас нәрестенің туғаннан кейінгі алғашқы айлары мен жылдары оның болашақ дамуының негізі болып саналады.

Жоғары жүйке қызметінің өзара ұштастығы мен олардан туындап отыратын әртүрлі себеп -салдар байланыстары бүкіл адам организмінің қалыпты қызметін, немесе қалыпты дамуын қамтамасыз етеді. Кемтарлықтың негізгі себебтерін талдай отырып, белгілі ғалым - психолог Л.С.Выготский «бала психикасынының дамуына әсер ететін әртүрлі зиянды себептерден организмнің қалыпты қызметі бұзылса, бұл организмде әртүрлі дәрежеде кемістік түрлері, яғни кемістік даму басталады» деп көрсетеді.

Кемтарлық - кемістік дамудың нәтижесі: яғни баланың, немесе жасөспірімдер мен ересек адамдардың әртүрлі зиянды себептердің әсерінен физикалық немесе психикалық әрекеттерінің белгілі дәрежеде зақымдануы.

Л.С. Выготский 1924 жылы кәмелетке толмаған кемтар балалардың әлеуметтік ортада өмір сүріп, тіршілік ету құқығын қорғауға арналған ІІ-ші съезде төмендегідей үш түрлі факторлардың әсеріне тоқталады: Бірінші, бала психикасының дамуына зиянын тигізетін көру мен есту талдағыштарының зақымданып, түйсіну, қабылдау, есте сақтау, ойлау сияқты психикалық процесстердің қалыпты дамымауы немсе олардың әрекетінің сапасының өте төмен болуы.

Екінш і,баланың естуі мен көруі, сөйлеуі жетілмегендіктен сыртқы қоршаған ортаға бейімделе алмай, кеңістікте бағдар таба алмай қалуы, осыдан барып оның әлеуметтік бейімделуінің қиындауы.

Үшінші, жоғарыда көрсетілген психикалық процесстердің бұзылуы баланың ақыл -ойының кемістігіне (кемақылдылық),жоғарғы жүйке қызметінің бұзылуына, күрделі психикалық процесстер болып табылатын есте сақтау мен ойлау әрекеттерінің өрістемей тоқырап қалуына және баланың жеке басының негізгі қасиеттерінің қалыпты дамуына кедергі жасауы.

Жас бала ұрыншақ, бәрін ұстап, татып көргісі келеді. Осы себептен де ол жиі жарақаттанып, әртүрлі жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын жұқтырып ауырады, зақымданады.

Мидың және оның қабықтарын зақымдайтын инфекциялар кейбір жағдайларда бұрыннан дұрыс емделмеген, еленбеген басқа ағзалардың кеселдері асқынған кезде белсенділеніп, көбейіп таралуы мүмкін. Мысалы, құлақ, мұрын, тістердің және басқа ағзалардың созылмалы іріңді қабынулары балалар үшін өте қауыпті. Үлкендер де сақтанғаны абзал. Зақымдалған ағзалардан инфекциялар қан тамырлары (пиемия,бактериемия,вирусемия, септицемия) арқылы тарайды.

Есте болатын жәйт, кемтар балалардың бойындағы сан қилы ауытқулардың сыр-сипаты мен белгілерін, себептерін жете анықтап алмай, олармен жүргізілетін тәрбиелеу, оқыту, түзету және әлеуметтік бейімдеу жұмыстарында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізу мүмкін емес.

Кемтар балаларды зерттеу жан-жақты, кешенді түрде, зор ұқыптылықпен жүргізілгенде ғана тиісті нәтиже береді. Зерттеу барысында төмендегідей мәселелерге көңіл бөлу керек:

· кемтарлықтың әртүрінің себебі, патогенетикалық даму ерекшеліктері, клиникалық белгілері, дәрежесі және зақымдалған ағзалар мен ағзалар системасының жалпы әрекетінің жағдайын анықтау қажет;

· дені сау балалармен кемтар балалардың дамуы мен қалыптасуының жалпы ортақ заңдылықтарын есте ұстай отырып, кемтар балалардағы кездесетін кемістіктердің ерекшеліктерін айқындау қажет. Бұл бағытта жүргізілетін зерттеулер кемтар балалардың жоғарғы психикалық қызметінің даму сипатын қарапайым психикалық даму ерекшеліктерімен салыстыра отырып, қарастырғанда ғана нәтиже береді. Баланың ақыл-ойының, жекеленген сезім мүшелерінің қызметінің, дене құрылысының ауытқуларын түзетіп,оларды толықтыру үшін әруақытта жоғарғы психологиялық қызметті жетілдіру қажет болады;

· кемістіктердің әр-бір түрін жан - жақты зерттегеннен кейін, оларды түзетіп толықтыру үшін ең қолайлы жүйелі, комплексті емдеу - түзету әдістемелерімен бірге тиімді тәлім – тәрбие мен оқыту әдістерін де қолдану керек;

· сонымен қатар, кемтар баланы өзі өмір сүрген ортаға және сыртқы жағдайға әлеуметтік бейімдеу тәсілдерін де ескеру қажет.

Осындай әрекеттерді жүзеге асырған жағдайда ғана кемтар балалардың кемістіктерінің зардабын жеңілдетуге болады.

Әртүрлі кемістіктері бар балалардың ақыл –ойы мен сезім күйлері өзгеше болады.Олардың жоғары дәрежедегі писхологиялық қызметтерінің деңгейі де төмен. Сондықтан, арнайы педагогикалық және психологиялық көмек көрсету кезінде кемтар балалардың жалпы организімінің даму заңдылықтарын білу шарт. Өйткені, бұл заңдылықтардың негізі дені сау балаларға да және кемтар балаларға да ортақ.

Балардың есею кезеңдеріндегі даму ерекшеліктері олардың жоғары жүйке қызметінің жетілуіне байланысты. Дені сау балалар мен кемтар балалардың психикалық процесстерінің дамуы және олардың саналарының сапалық жағынан қалыптасулары да жүйке жүйесінің әрекетіне байланысты.Сонымен қатар дені сау балалар мен кемтар балалардың дамуында шешуі орын алатын әлеуметтік орта мен тәлім-тәрбие беру әдістері екені де сөзсіз. Өйткені, баланың дамуы әлеуметтік өмірмен тығыз байланысты.

 

5.Олигофренияның патоморфологиясы.

Миды патологоанатомиялық әдіспен зерттеу - көбінесе кемақылдылықтың өте ауыр түрінен қайтыс болған балаларды тексеру кезінде жүргізіледі. Бұл арнайы әдіс орталық жүйке жүйесін толық тексеру кезінде көп мәліметтер береді: мидағы өзгерістердің құрамы, олардың мөлшері, зақымданған бөліктерінің саны мен сапасы т.б. Мидағы өзгерістер көбінесе микроцефалия, мидың көлемі кішірейіп, салмағы азайып, кейбір бөліктері тіпті дамымай қалған түрлерінде кездеседі. Осымен қатар басқа да морфологиялық өзгерістер: микрогирия – ми иірімдері өте майда және шым- шытырық орналасқан, кейбір жағдайда мидағы өзгерістер керсінше болып, ми иірімдерінің саны аз және өте жуан боп мидың әр бөлігінде 2-3-тен ғана болады. Мида кездесетін тағы бір өзгеріс порэнцефалия – ми қатпарларының арасында немесе мидың кей бөліктерінде қуыс шұңқырлар пайда болады. Бұл келтірілген өзгерістер кемақылдылықтың өте ауыр клиникалық түрлеріне тән.

 

6. Ақыл-ой кемістігі бар балаларды топтастыру.

Дефектология саласындағы ғылыми зерттеулердің дамуына байланысты көптеген ғалымдар кемақылдылықтың ерекшеліктерін айқындап, олардың өте ауыр және жеңіл түрлерінің айырмашылықтарын көрсетіп, клиникалық түрлеріне, жалпы жағдайларына сәйкес оқыту, тәрбиелеу әдістерін қолдануды ұсынады.

Кемақылдылықтың себебіне, патогенетикалық өзгерістеріне және дәрежелеріне сәйкес жіктеу, әр топтағы балаларды іріктеуге, оларды жан - жақты тексеруге, ерекшеліктерін анықтап, қажетті арнайы түзету, әлеуметтік бейімдеу шараларын анықтауға дұрыс ықпал жасайды.

 

Қазіргі уақытта олигофренияны жіктеудің кең тараған, жиі қолданылатын бірнеше түрі бар. Бұл жіктеулер осы салада жүргізілген зерттеулердің нәтижесін белгілі ғалымдардың талдап, ерекшеліктерін айқындаулары арқылы жасалынған.

Олигофренияны жіктеудің негізіне клиникалық және

патогенетикалық өзгерістерді қолдана отырып Певзнер М.С және Лебединская К.М. төмендегідей 5 топқа жіктеуді ұсынады:

1.Асқынбаған жеңіл түрі. Бұл топқа жататын балалардың ақыл – есі төмен,ойлау, танып - білу, ой-өрісі тежелсе де, эмоциональдық мінезі және жігері қалыптан тыс өзгермеген.

2. Олигофренияға қосымша гидроцефалия да қалыптасады. Бұл топқа жататын балалардың интеллектуальды дамуының бұзылуымен қатар жұмысқа ынтасы жоқ, тәртібінде жағымсыз өзгерістеранықталады.

3.Кемақылдылықпен қоса орталық жүйке жүйесіндегі (мидағы)негізгі талдағыштардың орталықтары зақымдалады, сондықтан бұл топтағы балаларда ақыл - ой кемістіктеріне қосымша көру, есту, сөйлеу және қимыл - қозғалыс әрекеттерінде де кемістіктер бар.

4.Бұл топтағы балалардың миының маңдай бөлігінің дамуы жетілмеген, немесе зақымдалған. Бұл топтағы балаларға тән белгілер: жеке басының қасиеттері бұзылған, қимыл іс-әрекеттері икемсіз.

5.Кемақылдылықпен қоса мидың қыртыс асты бөліктерінде зақымдану белгілері бар және оларға сәйкес өзгерістер бар. Бұл топтағы балалардың жағдайы өте төмен, тәртіптері бұзылған, психопатиялық белгілер бар. ЭЭГ-лық тексеруде мидың кейбір бөліктерінде биотоктың өзгерісі байқалады.

Олигофренияны жіктеудің бұл түрінің кемақыл балаларды әлеуметтік бейімдеу, тәрбиелеу және оқытудың арнайы әдістемелерін жасауда және оны практикада қолдануда маңызы зор.

Г.Е.Сухарева ұсынған топтастыру. Бұл жіктеудің негізіне Г.Е. Сухарева көп жыл өзі зерттеген кемақылдылықтың себептері мен клиникалық белгілерін қолданған. Ол кемақылдылықтың жиі кездесетін этиологиялық факторларына байланысты бүкіл кемақылдылықты үш топқа бөледі:

Бірінші топ: олигофренияның эндогенндік түрі, негізінен ата – ананың генеративті клеткаларының зақымдануы. Бұл топқа төмендегідей зақымданулардың клиникалық түрлері жатады:

· Даун синдромы.

· Микроцефалия

· Олигофренияның энзимопатиялық (тұқымқуалаушылық арқылы қалыптасатын гендердің ферментативтік қасиетінің зақымдануы) түрі: фенилкетонурия, галактоземия

· Олигофренияның дизостозиялық (кемақылдылықпен қоса скелет сүйектерінде, бұлшық еттерінде, теріде болатын зақымданулар) түрлері: мукополисахаридоздар (Гурлер синдромы), факоматоздар,т.б.

Екінші топ: э мбрио – және фетопатиялар (ұрықтың ана құрсағында даму кезеңінде 4 айға дейінгі және 4 айдан кейінгі уақыттарда зақымдануы): грипп, қызамық (коревая краснуха) вирусының әсерінен болған олигофрения; тосоплазмоз және листериоз қоздырушыларның әсерінен болған олигофрения; іштен туа болған мерез ауруының салдарынан болған олигофрения; әртүрлі ішкі секреция бездерінің гормондарының анасының, немесе баланың организмінде жетіспеуінен болған олигофрения. Осымен қатар, экзогендік және эндогендік токсиндармен, улы заттармен, дәрілермен улану салдарынан болған олигофрения және ана мен іштегі баланың қандарының топтарының немесе резус – факторларының сәйкес келмеуінен қалыптасқан олигофрения т.б.

Үшінші топ: босану кезінде және туғаннан кейігі алғашқы 3 жасқа дейінгі зақымдану себебтерінен болған олигофрения.

Кемақылдылықты әрі қарай зерттеу барысында кейбір клиникалық түрлерінің жоғарыдағы көрсетілген топтарға жатпайтыны анықталды. Сондықтан оларды жеке атипиялық олигофрения тобы ретінде қарастырады.

Олигофренияның атипиялық түрлері: жоғарыда көрсетілген олигофренияның клиникалық түрлерінің негізгі себеп- салдары, даму және қалыптасу заңдылықтары зерттелген болса, ал атипиялық түрлерінің негізгі себебі анықталмаған, немесе этиопатогенетикалық механизмдері жеткілікті зерттелмеген. Көзге түсетіні: бәріне ортақ клиникалық белгісі – кемақылдылықтың әртүрлі дәрежесі. Сонымен қатар, бұл топтағы олигофрендердің миындағы зақымдану көлемі немесе дәрежесі күрделене, дами түсуі мүмкін, яғни ақыл - ой кемістігінің дәрежесі де ауырлайды. Бұл өзгерістер кейбір жағдайларда кемақылдылықтың жүре келе пайда болатын түрі - деменцияға ұқсас.

Г.Е.Сухареваның бұл жіктеуін көбінесе психиатр, невропатолог, балалар дәрігерлері кемақыл балаларға емдеу арқылы түзету әдістерінің негізі ретінде қолданады.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-11; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2475 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Если президенты не могут делать этого со своими женами, они делают это со своими странами © Иосиф Бродский
==> читать все изречения...

1001 - | 947 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.