Лекции.Орг


Поиск:




еминар сабағының психологиялық ерекшелiктерi.




билет

1) Жоғары мектеп психологиясының пәні,міндеттері және құрылымы

Жогары мектеп психопогиясы — болашақ маманның кәсіби білім беру жүйесіндегі психологиялық дамуы туралы деректерді,заңдылықтар мен механизмдерді зерттейтін педагогикалық психологияның бір саласы. Болашақ маманды кэсіби дайындау проңесінің күрделі болуы жогары мектеп психологиясының зерттеу пэнінің көпжақтылығын анықтайды. Осыган орай жоғары мектеп психологиясы студенттерді оқыту проңесін, олардың маман және түлға ретінде даму көрсеткіпггері мен өлшемдерін, қарым-қатынас саласын, оқытушылардың психологиялық ерекшеліктерін қарастырады.Жоғары мектеп психологиясы кэсіби білім берудегі кокейтесті психологиялық мәселелерді шешуге бағытталады. Жоғары мектеп психологиясының теориясы мен тэжірибесіндегі озық жетістіктерді қолдану арқылы оқу-кәсіби іс-эрекет субъектісі ретіндегі болашақ маманның зияткерлік жэне түлғалық дамуын тиімді ету мүмкіндігі артады.Жоғары мектеп психологиясынан ғылым ретінде кэсіби білім беруде орын алатын психологиялық құбылыстарды зерттеу, түсіндіру жэне сипаттап беру күтіледі.Олай болса, жоғары мектеп психологиясында кэсіби білім беру үдерісіндегі деректерді, заңдылықтар мен механизмдерді теориялық жағынан зерггеп, негіздеу ғана емес, сонымен бірге, оларды қазіргі кездегі кэсіби дайындау тэжірибесіне ықпалдастырып, ендіру өзекті мэселе болып табылады.Сондықтан, жогары мектеп психологиясының нысаны — жоға-ры оқу орнында білім беруге, психологиялық дамуға бағытталғаноқу-тәрбие процесі.Ал, жогары мектеп психологиясының пәні - жоғары оку ор-нында білім беру, даму бойынша психологиялық деректер, заңды-лықтар, механизмдер жэне шартгар.Сонда, жоғары мектеп психологиясы студент пен оқытушыныңөзара әрекеттесуін, олардың түлғалық дамуын қарастырады. Нақгы5 айтқанда, жоғары мекгеп психологиясы 1) оқу-кәсіби іс-эрекет су&ьекгісі ретіндегі студенттің психикалық даму заңцылықгарын;2) оқытушынын гылыми-педагогикалық іс-эрекеттерінің заңды- лықтарын жэне 3) студенттер мен оқытушылардың кэсіби-педа-огикалық қарым-қатынасының элеуметтік-психологиялық ерекше-ліктерін зерттейді. Теориялық негіздемесі тұжырымдалған эрі қолданбалы пэн ретінде жоғары мектеп психологиясы кэсіби білім беру үдерісін психологияландыруға бағытталады. Жогары мектеп психологиясының негізгі м ін д е т те р і: - студенттердің толымды психикалық даму, тұлғалық жетілу механизмдерін зертгеу; - студенттердің маман, зияткер жэне тұлға ретінде дамып, жетілуіне қажетті психологиялық жағдайды қамтамасыз ету;- кәсіби білім беру субьектісінің өзіндік дамуы мен жетілуіне барынша ықпал ететін әлеуметтік-психологиялық, педагогикалық жағдайларды анықтап, жобалау;1 студенттің маман жэне тұлға ретінде даму ерекшеліктерін анықгауға жэне жобалауға мүмкіндік беретін әдістемелік, психо- диагностикалық кұралдарды жасау; кәсіби білім беру субъектілерінің - оқытушьшардың, экімші-ліктің, ұжымның психологиялық ерекшеліктерін жэне олардың студенттің психикалық дамуына ықпал ету механизмдерін зерттеу. Жогары мектеп психологиясының құрылымына жоғары оқуорнындағы а) оқу әрекетінің жэне оқыту психологиясы, э) даму психологиясы, б) педагогикалық кэсіби іс-эрекет психологиясы бойынша эр жақгы білім қамтылады. Жогары м е к те п те гі оқу әрекеті және оқыту психологиясы болашак мамандардың оку-танымдық жэне оқу-кэсіби іс-әрекеті-нің психологиялық негіздерін; оқу эрекетінің жетілу ерекшеліктерін; кэсіби білім беру жағдайында танымдық даму мәселесін;окыту зандылықтарын; студенттің шығармашьшық элеуеті мен субьектілік қасиеттерінің дамуындағы оқытушының рөлін зерттейді.Жоғары мектептегі оқыту психологиясының негізіне болашақ маманның білімі, икемділіктері, дағдьшары орнығьш, жетілуін жэне психологиялық денсаулығын қамтамасыз етуге бағытталған оқыту және оқу теориялары, олардың формалары мен әдіс-тәсілдері қамтылады.

2) ЖМП басқа ғылымдар жүйесініде алатын орны мен рөлі. Ғылымда адам баласы эртүрлі тұрғыдан: биологиялық феномен, элеуметтік феномен, сана иесі ретінде қарастырылады. Осыған орай адам баласын зерттейтін көптеген ғылым түрлері бар. Бұдан психология ғылымының басқа ғьшымдармен өзара байланыста болатыны көрінеді. Психология мен ж а р а ты лы с та н у гылымдары өзара тығыз байланыста. Олардың кейбіріне тоқтала кетелік.Психология адамның туа біткен жэне жүре пайда болатын ерекшеліктерін түсіндіргенде биологиялық ғылымдар қатарына жататын генетика маңызды рөл атқарады.Психология мен физиологияның байланысы аса тығыз. Жоға-ры жүйке қызметінің физиологиясын түсіндіретін И. П. Павлов,В. М. Бехтерев, доминанта идеясын ұсынған А. А. Ухтомский, бел-сенділік физиологиясының қағидаларын жасаған Н.А. Бернштейн,«ақиқаттың алдын ала бейнеленуі жайлы» түсінік берген П. К. Ано-хин еңбектері психология ғылымының дамуына қосылған зор үлес болып табылады. Психология мен медицина гылымдарының байланысы эр жақ-ты. Дәрігер мен науқас адам арасындағы қарым-қатынас, науқасты тексеру, емдеу іс-эрекеттерінің психологиялық негіздері бойынша психология мен медиңинаның бір-біріне ықпалдастығы аса жоғары. Әсіресе медиңинаның невропатология мен психиатрия салаларымен психологияның ортақ мәселелері өте көп. Мәселен, олардың өзара тығыз байланыс жасауының арқасында адамның психикалық дамуьгадағы түрлі ауытқулардың алдын-алу, оларды емдеу жүзеге асырылады.Психология мен физика ғылымдарының байланысы да айтарлықтай. Физикалық қағидалар арқылы психофизикалық құбылыстарды түсіндіру орын алады. Физика ғылымының жетістіктері арқасында психикалық ерекшеліктерді зерттеудің түрлі қүралдары жасалады. Психологиялық теорияларда «қуат», «механизм» сияқты көптеген терминдер қолданылады.Психология мен химия ғылымдарының байланыстары анық. Психология үшін маңызды болатын биологиялық құбылыстардыталдауда химиялық проңестер қарастырылады. Психология мен химия ғылымдары арасындағы байланыс психикаға ықпал ететін дэрі-дэрмектер өндірісі арқылы да көрінеді.Психология мен математика ғылымдарының өзара байланы-сы өте тығыз. Психикаға объективті тұрғыдан қарап, зерттеу талап-тары математиканың психологиялықэксперименттердегі маңызынанықтайды.Психология гуманитарлық гылымдармен де өте жақын бай-ланыста. Мұндай байланыстардың кейбіріне тоқталамыз.Психология мен та р и х түрлі тарихи дәуірлердегі тұлғаның жан-дүниесіндегі ерекшеліктерді анықтау, зерттеу бойынша өзара байланысты болады.Психология мен әлеуметтану гылымдарының қоғам мен тұлғаға қатысты мәселелерді қарастыруда ортақ тұстары өте көп.Тұлғаның даму ерекшеліктері, қарым-қатынас жасау, топтағы жағ-дайлар сияқты көптеген мэселер бойынша психология мен әлеу-метгану ғылымдары өзара тығыз байланыс жасайды. Мәселен, әлеуметтану тұлғаны, оның қатынастарын зертгеу әдістерш психология ғылымының қорьшаналып,пайдаланады. Ал, психология эксперименттік мэліметтерді жинақгау тәсілін қолданғандаэлеуметтануға арқаланады. Психология мен этнография ғылымдарының жалпы мэселе-лері өте коп: олардың түрлі халықтардың психологиялық ерекше-ліктері мен мәдениетін зерттеуде, ұлттық мінез, ұлттық сана-сезім,ұлттық руханият мэселелерін қарастыруда бірлесуі орын алады.Психология мен са я са тта н у ғылымдарының өзара байланысы адамдар мен топтардың саяси өмірі, олардың саяси сана-сезімі,түрлі саяси жағдайдағы мінез-құлықты, жүріс-тұрысты, іс-эрекетп,жеке адамдардың саясаттағы рөлін анықгауға мүмкіндік береді.Психология мен т і л білімдерінің тікелей байланыстары бар.Бұл байланыс сөйлеудің қалыптасуы, оның ойлаумен өзара қатынасы, мэдениетті игеруде тілдің рөлі сияқгы көптеген мэселелерді қарастырумен анықталады. Психология мен өнертану ғылымдары шығармашылық, көр-кем-өнер туындыларының құрылым ерекшеліктері мен өнер туьга-дьшарын қабылдау сияқгы мәселелерге қатысты тұрғыларда тоқай-ласады. Психология мен философия ғылымдары өзара тығыз байланыс-та дамып келеді. Психология мэселелері жылдар бойы философия аясында қарастырылды. Психология тек ХІХ-ғасырдың орта кезінде ғана философиядан дербес ғьшым ретінде бөлініп шықгы. Бірақ адам баласьгаың жан дүниесі материалистік жэне идеалистік, биологиялық жэне элеуметтік, субъективтілік жэне объективтілік сияқгы көптеген философиялық мэселелерден тысқары қарастырылуы мүмкін емес. Тұлға, субъект, сана, танымдық іс-әрекет, логика, ойлау, өнер психологиясы сияқты талай мэселелердің зерттеу объектілеріне философия мен психология ғылымдары екі жақган бірлесіп, тығыз ықпалдастықта талдау жасайды. Психологияның методологиялық негізі - философия, яғни, психология ғылымы философиялық тұжырымдамаларға арқаланады. Сонымен бірге,кейбір психологиялық теориялар философиялық бағыттарға айналған-ды. Мэселен, психоанализді философиялық та ағым ретшде қарастырады; С. Л. Рубинштейннің еңбектері қандай дәрежеде психологиялық болса, соншама философиялық теория болып саналады, т.с.с.Психология мен педагогика ғылымдары ажырамастай, өзара тығыз байланыста. Оқыту, тәрбиелеу процестері адамның психологиялық ерекшеліктерін қатаң ескеруді, соларға негізделуді қажет етеді. Тіпті, ХХ-ғасырдың бас кезінде балаға деген қатынастың психологиялық та, педагогикалық та жақгарын қамтуға талпынған кешенді бағыт — педология— бала жайлы ғылымның дүниеге келгені де белгілі (1936 жылы оның іс-әрекеті тоқтатылған-ды).Сонымен, психология ғьшым мен практиканың түрлі салаларымен тығыз байланыста. Осыған орай психологияның өзінде бірнеше салалар пайда болды.Қазіргі психология — бірнеше салалардан түратын көптармақ-ты ғылым. Психологияның салаларға жіктелуіне 1) ғылыми жэне практикалық іс-әрекеттердің барлық жақтарына психологияның кеңінен енгізілуі; 2) психологияның қарқынмен дамып, жаңа психологиялық білімдердің пайда болуы басты себептер болып табылады. Мүнда, психологияның эрбір саласы ғылыми-зерттеу негізінде дербес дамыған бағыттар ретінде анықталады.

3) Жоғары мектеп психологиясының концепсиялары мен принциптері Білім алу барысындағы міндеттерді шешуде студенттердің іс - әрекеті аса жоғары белсенділікті қажет етеді. Л.С. Выготскидің концепсиясы бойынша адам қоғамның толыққанды мүшесі болуы үшін. Жеке адам тарихи материялдық және рухани құндылықтар негізінде белгіленген адамдамдардың алдыңғы іс – тәжірибесін меңгеруі қажет. Сонда ғана жеке адам қоғамның толық мүшесі юолып есептелінеді. А.Н. Лентев бұл ойды жалғастыра отырып былай деді. «бұл процесс адамның жеке функциялары мен қабілеттерінің тарихи қалыптасуынан көрінді».Бұл ой – пікірлерді адамның психикалық дамуы әлуметтік іс – тәжірибенің негізінде қаланады деп қорытуымызға болады. Бұл айтылған мәселелер тек оқыту психологиясынағана емес сонымен қатар тәрбие психологиясына да қатысы бар. Себебі жастардың жеке тұлғасының қалыптасуының барысы автоматты түрде емес оның ішкі жан дүниесінің өзгеруінің негізінде жүреді. Оның ішкі ұстанымы сыртқы іс - әрекетінің бағыттаушы болып табылады.Тұлғаның жеке ұстанымдары, мативтерінің жиынтығы, оның өміріндегі идиял тұлғалары сыртқы дүниеге деген көзқарасы, өзін - өзі бағалауы жеке адамды сырқы әсерлердің ықпалына түсіп кетуден сақтайды. Ақыл – ой әрекеттерін сатылы қалыптастыру концепсиясы Осындай канцепсиялардың бірі ақыл – ой іс - әрекетінің сатылық қалыптасуы. Бұл жайында 50 – ші жылдарда П.Я. Гальфериннің еңбегінде кеңінен баяндалады. Ондағы қортынды пікір білім қатысушылардың жүйелі іс - әрекеттерінің негізінде қалыптасады делінген. Адам ойлай алу іс - әрекетін табиғаттан алмайды. Ол ойлауды жүре бара үйренді. Мұндағы педагогтың рөлі осы процестің жүруін қадағалау жән дұрыс бағытта ұйымдастыра білу.

№ 2 ЕМТИХАН БИЛЕТІ

  1. Көшбасшылық, басқару және студенттер арасындағы шиеленіс.
  2. Студент тұлғасы.
  3. ЖОО оқытушының педагогикалық қабілет ерекшелiктерi.

Көшбасшылық - бұл адамдарды жинап алға қойылған мақсатқа бағыттау. Көшбасшы мен Басшы мағынасы бір емес. Басшы – бұл жұмысты беруші және сол жұмыстарға жауап беруші. Жақсы басшы орындалған жұмсысты реттеп қабылдап отырады. Ал, Көшбасшы адамдарды жандандырады, мақсатқа жетуде болашақты көр қасиеті арқылы адамдарды ортақ мақсатқа бағыттайды.Басқару — бұл ұжымдағы адамдарға және жекелеген адамдарға, олардың бірлескен (еңбек) жұмыс процесінде мақсатты жүйелі ықпал ету.Басқару ісіне жетілдіруге мындаған жылдар бойы қажырлы еңбек, оны тиімді ұйымдастыру кажет болды, бұған өз уақытында ең озық акыл-ой жетістіктері жұмсалды. Біздің заманымызға дейінгі үшінші мың жылдықта сазбалшыктан істелген табличкаларда көне жүйелердің коммерциялык келісімдері мен заңдар туралы деректер жазылған. Мұның өзі оларда басқару практикасының болғандығын дәлелдейді.Студент пен студенттердің қарым-қатынасының түрлері көбінесе өзара әрекет етуші субъектілердің этномәдени, әлеуметтік, рухани-адамгершілік және тұлғалық жекедара психологиялық ерекшеліктерімен, сонымен қатар, жоғары оқу орнында қалыптасқан дәстүрлермен, студенттік топтың жетілу деңгейімен, қарым-қатынас нормасы мен ережелерінің қалыптасу жағдайларымен де тығыз байланысты.

Өз кезегінде, оқу үрдісінің тиімділігінің төмендігі және оқытушылардың қарым-қатынасындағы кикілжіңдер төмендегідей себептермен түсіндіріледі:

· сабаққа ғана қатысу, жалқаулық, оқығысы келмеу (жауап беруші оқытушылардың үштен бір бөлігі осы көзқарасты қолдайды);

· базалық білімдернің аздығы, студенттерде өзбетінше ойлау жүйесінің болмауы, саяси-мәдени жалпы білім деңгейінің төмендігі (жауап берушілердің 13 %);

· болашақ мамандығына және оқуға деген қызығушылығының болмауы (69 %);

· болашақ перспективасын болжай алмау, өзін-өзі анықтаудың төмендігі (30 %).

«Студент - студент» типіндегі кикілжіңнің пайда болуы, студенттердің өздерінің бағалаулары бойынша төмендегідей негізін қамтиды:

· өзіндік бағалаудың тұрақсыздығы (26 %);

· құңдылықтық бағыт-бағдардағы ерекшеліктер (24 %);

· қарым – қатынасқа түсу қиыншылықтары, басқалардың жетістігіне қызғанышпен қарау (16 %).

2.Студент – қандай да бір жеке тұлға. Ой-санасы дамыған, ел болашағының тізгінін ұстауы үшін өз алдына бір мамандық иесі боламын деп үлкен мақсат қойған индивид, яғниөз ұстанымын анықтаған, алдына қойған айқын мақсаты бар адам. Төрт-бес жыл еңбектеніп, жарқын болашағының іргетасын қалап, бойына жігерлілік пен қайсарлылықты, рухшылдық пен жаңашылдықты жиып өскен студент енді елі үшін жұмыс жасауға сақадай сай. Күші асып, жігері тасып, өзінің емес, ұлтының мүддесі үшін жан қиюға әзір.«Ел боламын десең – бесігіңді түзе» дейді қазақтың данасы М.Әуезов. Бесіктен белі шығып, ананың ақ сүтімен әлдиіне, ыстық алақанына құмарланып, оны бір жыл бойы сол отбасының жанында, яғни кіші отбасында бойына ұлтжандылықтың, Отан сүйгіштіктің, патриоттық тәлім тәрбиенің құндылықтарын сіңірген жас буын иесінің, үлкен өмірге аяқ басып, ата-анасынан жырақ, яғни басқа қалаға білім нәрімен сусындауға келіп, студент атанған, қаймағы бұзылмаған уыздай сүттің болашақ сол сүт болып қалуына немесе сол сүттен ашыған салып, ащы айран етіп алу да осы студент кездің үлесінде екен. Егер осы кезде сол студент жан-жақты іспен айналысуға талпынар болса, онда оның болашағы айқын, басар биігінің бастауы жарқын болмақ.

3. Педагогикалық қарым-қатынаста креативтікті дамытуда импровизацияны басшылыққа алу қабілетіне ие болу керек. Оқушылардың іс-әрекеттерін және жағдаяттарын жедел бағалау, шешімді бірден шығару, алдын ала логикалық талқылаусыз, педагогикалық білімнің эрудицияның, интуицияның, балалармен әңгімелесуде бұл шешімдерді пайдалану, жағдайың өзгеруін бақылай отыра, өзінің іс-әрекетін көрсетуде маңызды.В.Н. Харькин педагогикалық импровизацияны талдауда, В.И. Загвязинскийдің мәліметі бойынша, «шешу» және «бағалау» қабілетін педагогикалық импровизация деп анықтайды. Мұндай шешім оған жеткіліксіз болды, себебі қабілеттілік әрқашан шыңдалмайды, сонымен қатар маңызды импровизациялық үдерісте түсіп қалады. Педагогикалық импровизацияны зерттеуші оқытушының, тәрбиешінің педагогикалық импровизациялық іс-әрекеті, педагогикалық әңгімелесуде пайда болған, деп түсінеді.Педагогикалық оқу орындарының студенттердің басты зерттеу әрекеті, яғни теориялық негізі оқу іс-әрекетіне байланысты. Біріншіден зерттеу нәтижесі бойынша креативтікті қалыптастыруда педагогикалық импровизация іс-әрекетпен тығыз байланысты. Екіншіден әлеуметтік тәжірибенің тез меңгерілуі, мағыналы іс-әрекет барысында ғана тұлға бойында қалыптасады (С.Л. Рубинштейн). Үшіншіден креативтікті қалыптастыруда педагогикалық импровизацияға дайындығы теориялық білімге сондай-ақ, әр кезеңге қойылған мақсатқа әсер етуіне байланысты.

3 БИЛЕТ

1. Шетелдерде ЖОО білім беруді дамытудың тенденциялары Кез келген елдің білім беру жүйесінің алдында қоғам дамуының қай кезінде болмасын үлкен міндеттер тұрғаны белгілі. Өйткені білім беруді дамыту арқылы, мемлекеттің өсіп өркендеуіне жақсы жол ашылары сөзсіз. Мемлекеттің қалыптасып, саяси экономикалық бағыттардың дамып гүлденуі, білім беру жүйесімен тікелей байланысты болып отырған.Қазіргі кездегі жоғары білім жүйесінің даму тенденциясын былай суреттеуге болады: Біріншіден, ол Қазақстан Республикасы КСРО құрамында болған кездегі жүйелік әлеуетіне сүйенеді; Екіншіден, нарықтық экономиканың талаптарына және шарттарына сәйкес өзгеріп отырады; Үшіншіден, білім саласында жаңа оқу құралдарын қалыптастырудың белсенді үрдісі жүріп жатыр; Төртіншіден, білімнің экономикалық фундаменті өзгеруде; Бесіншіден, мемлекеттік емес оқу орындары көбейгендіктен, мемлекет білім сапасына бақылау мен оқу-ағарту бағдарламаларының басым бағыттарын қалыптастырумен шұғылданады.ХХІ ғасыр табалдырығын аттағаннан кейін көпеген елдер әлеуметтік салада біршама өзгерістерді бастарынан кешіруде. Шын мәнінде соңғы 10 жыл ішінде оқу-ағарту саласында реформа жүргізбеген бір де бір дамыған мемлекет жоқ. Кейбір елдерде бұл тәжірибе тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Қазіргі қоғамның дамуында және әлемдік рынокта мықты позизияны қамтамасыз етуде білімнің басымдық рөлі туралы идея жоғары дамыған мемлекеттердің оқу-ағарту саясатында маңызды орынға ие. Ол ресми құжаттарда, саяси платформаларда және мемлекет басшыларының сөздерінде көрініс табуда. әлемдік қауымдастық өзінің жарқын болашағын жаңа біліммен байланыстырады. Ғаламдастыру соңғы он жыл ішінде адамдар санасында және тәжірибеде қозғаушы күш ретінде қарастырылды. Ғаламдастыру үрдісінің әсері халықаралық білімге ақпараттық, коммуникациялық технологиялар және технологиялық байланыстар енгізуде айқын көрінеді. Елімізде жүргізіліп жатқан білім саясаты әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасуға бағдарланған. Әлемдік білім кеңістігіндегі жалпы білім берудің басымдылық мақсаты-өзгермелі өмір жағдайына тез бейімделетін, өз жолын дұрыс таңдай білетін, оң шешім қабылдай алатын тұлға дайындау болып отыр. Осы орайда Австралияда қабылданған ХХІ ғасырдағы ұлттық мектептердің «Аделаида декларациясында»: «Австралияның болашағы әрбір азаматтың білімді, әділетті және ашық қоғамда өнімді әрі толыққанды өмір сүру үшін қажетті білімдерді, біліктерді, түсінісулер мен құндылықтарды игеруіне байланысты» делінген. Еліміздегі білім беруді дамыту ісі жаңаша көзқарастар мен сондай бағыттарға негізделіп отырғаны мәлім. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында: «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады» деп айтылған. Осы тұрғыдан Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасында: «Орта білім берудің мақсаты-жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» деп көрсетілген.
2. Студенттік топтың рөлі.
Студент жастар – өз заманымен қатар қадам басатын, қоғамның алға басушы күші, олардың ішінен әртүрлі салада қызмет ететін тұлғалар қалыптасады. Тұлғаныңқалыптасуына, азаматтық позицияныңқалыптасуына Университеттегі Студенттердіңөзін-өзі басқару органының рөлі өте маңызды. Себебіжаңа әлеуметтік-экономикалық ортадақызмет атқаратын мамандарды тәрбиелеудің, олардыңқоғамдағы әлеуметтік жағдайын қалыптастырудың және даму заңдылықтарын айқындау ортасының табалдырығы. Студенттердіңөзін-өзі басқаруы, жастардыңқоғамдық бiрлестiктерi, еріктілер ұйымы – бұл әлеуметтік серіктестер немесе әлеуметтік әріптестер. Яғни мақсаты мен міндеті айқындалған, өз құндылықтарын айқындай білетін орта. Бұл Университеттің басқару жүйесіне өз әсерін тигізетін, басқару жүйесінің нәтижесі мен стратегиялық дамуына септігін тигізетін орта.Студенттер – ұтқыр және əлеуметтік топ, өзінің ұлттық жəне əлеуметтік құрылымымен жасына қарай, ерекшеленеді, сонымен бірге сол уақытқа тəн ерекше қабілетті болу. Бұл ерекшеліктер студенттердің қалыптасуымен байланысты оқу үрдісімен бірге өзгеше студенттік мəртебесіне қатысты уақытша ұстанымдарды ұстану. Студент өмірінің өзгешелігі, тұлғаны қарқынды дамытуға белсенді қарым-қатынасқа қолайлы жағдай туғызады. Əлеуметтік бағыттарды қалыптастыруда жоспар бойынша бірінші орынға құндылықты бағыттар шығады.
Студенттердің əлеуметтік бейімділік шарттары мыналарды талап етеді:
1) креативті, дамытатын орта, студенттердің ғылыми ізденушілігін дамыту тек оқу үдерісінің шеңберінде ғана емес, сонымен қатар кафедра клубтарының, ғылыми үйірмелер; жеке шығармашылық, əлеуметтік-мəдени əрекеттердің əртүрлі формалары мен бағыттарын қамтамасыз ету;
2) жоғары оқу орнының қоғам үшін ашықтығы – елдердегі жоғары оқу орындары арасындағы байланыс, бірігіп шаралар өткізу, республикалық жастар ұйымдарына қатысу;
3) студенттерді оқуға келгеннен бастап əлеуметтік-мəдени əрекеттерге тарту, себебі университет туралы олардың қабылдаулары бірден оның əлеуметтік мəдени ортасын қалыптастыруда өздерінің қажетті қабілеттіліктерін пайдалану.
Қазақстан Студенттер Альянсы ҚСА-ның негізгі міндеттері:

· студенттер бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, оларды ұлтжандылыққа баулу;

· студенттердің күш-жігерін топтасқан арнаға бағыттау;

· студент жастардың мүддесін қорғау;

· студенттер ортасына білімділікке ұмтылуды қалыптастыру;

· Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам құруға әрекет ету;

· «Қазақстан 2030» стратегиясын дамытуды практикалық тұрғыдан жүзеге асыруға қолдау көрсету;

· Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға үлес қосу.

3. Студенттік ұжымды психологиялық зерттеу Студенттердің психологиялық даму ерекшеліктері тұлғалық ақыл-ой қасиеттерімен қатар өзіндік іс-әрекет ерекшеліктерімен бейнеленеді. Студент проблемасын ерекше әлеуметтік-психологиялық жас ерекшелік категориялары ретінде негізгі еңбектердің бірі Б.Г. Ананьевтің - "психологиялық мектебі". Студенттердің педагогикалық-психологиялық даму ерекшеліктерін шет елдік ғалымдардан Н.В. Кузьмина [6], Ю.Н. Кулютк, А.А. Реан, Е.И. Степанова, П.А. Просецкий, Е.М. Никиреев, В.А. Сластенин [7], В.А. Якунин, И.А. Зимняя [8] және т.б. зерттесе, отандық ғалымдар Қ.Б. Жарықбаев [9], С.М. Жакупов [10], З.Ә.Исаева, Г.К. Ахметова, Ш.Т. Таубаева, М.А. Құсайынова және т.б. ғылыми еңбектерде сарапталып өзіндік тұжырымдама берген. Студенттер деп жоғары және кәсіби, арнайы оқу орындарында оқып жүрген ұл-қыздардың әлеуметтік қоғамдастығын айтамыз. Бұл әлеуметтік кәсіби категорияның тарих бетінде пайда болуы XІ-XІІ ғасырларда алғашқы университеттердің ашылуымен байланысты. Студенттердің негізгі әрекеті -оқу, яғни мақсатты түрде жүйелі, тыңғылықты білім алуға, кәсіби еп-дағдыларды үйренуге ұмтылуы. Студенттік шақты (негізінен 18-25 жас аралығы) адамның басқа жас кезеңдерінен бөліп алып, өзінше әлеуметтік-психологиялық қауымдастық ретінде терең әрі ауқымды зерттеген профессор Б.Г. Ананьев бастаған психологтар мектебі. Оларды зерттеу нәтижелері бұл шақта адам зиятының (интеллекті) ең күшті даму кезеңі болатындығын, оның аса күрделі әрі әр адамға тән ерекшелігі және өзгермелі келетіндігін көрсетеді. Мысалы, 18-20 жастағылардың көру, есту, қимыл-қозғалыс сезгіштіктері ең жоғары дәрежеде (оптимизм) болады. Көру кеңістігінің көлемі 20-29 жас аралығындағы өзінің максимунда (ең жоғары толысу) жетеді. Зейіннің көлемі, ауысуы (бұрылуы) талғағыштығы 18 жастан 33-ке дейін қарқынды өсіп-дамып, 34 жастан кейін олар төмендей бастайды. Ал зейіннің шоғырлануы мен тұрақтылығын болар-болмас ғана өзгереді екен. Қысқа мерзімді сөздік жадының ең жоғары өрлеуі 18-30 жас аралығында деп келсек, өзара мерзімді сөздік жадыға ол 18-ден 35-ке дейінгі кезеңге сәйкес келеді. Ал, бейне жадысының адам жасының өзгеруіне тәуелді болымсыз болып келеді.
Логикалық ойлау қабілетінің ең күшті кезеңі 20 жаста байқалады. Содан кейін ол біртіндеп төмендей береді. Егер осы қабілет деңгейін 20 жаста 100 пайыз деп алсақ, ол 30 жаста 4 пайыз төмендейді, 40-та 13 пайыз, 50-де 20 пайыз, 60-та 25 пайыз, 70-ке келгенде 40 пайызға төмендейді екен.
Студенттердің негізгі сипаттарының бірі өз ырығымен таңдап алған кәсібіне құштарлық, сол кәсіпке толық ие болам деп бар ой-санасын, әрекетін бағыттау және осы бағытындағы тұрақтылық қасиеті. Егер студент болашақ кәсібін дұрыс таңдай алса, ұнатса, сүйсе оның оқуға деген ынта-ықыласы да құштарлығы да жоғары болады.
Ал бұл жолда қателессе, болашақ мамандығы туралы мағлұматтары аз болса, онда оқуға деген ынта-ықыласы да төмен болады. Көптеген зерттеу нәтижелері негізінен студенттердің оқуға деген ынта-ықыластарының жоғары деңгейде болатындығын көрсетеді. Әлеуметтік-психологиялық аспекте студенттердің басқа әлеуметтік топтармен салыстырғанда білім деңгейі, танымдық мотивтері жоғары болады әрі олар мәдениет мұраларын игеруде үлкен белсенділік танытады. Жалпы, студенттер тобына тән нәрсе әлеуметтік белсенділіктің жоғары деңгейде болуы. Сонымен қатар, олар байқалатын интеллектуалды және әлеуметтік толысудың гормониясы. Студенттердің осындай ерекшеліктері ұстаздардың әрбір шәкіртіне сүйіспеншілікпен қарауға, оларды тұлға ретінде қабылдауға итермелейді. Студенттер педагогткалық қарым-қатынаста өз әрекеттерін өз беттерімен ұйымдастыра алатын ынталы субъект. Оларды оқытудың негізгі нысаны (формасы) таңбалы-контексті жүйе болып табылады. Студенттік шақ -адам баласының кісі болып, тұлға болып қалыптасуының негізгі кезеңі. Бұл шақта жастардың алуан түрлі нәрселерге ынта-ықыластарының артуы шыңына шығады, олардың әр істе үлкен табыстарға жетуі байқалады (спортта, өнерде, ғылымда, техника салаларынды және т.б.).

 

№ 4 ЕМТИХАН БИЛЕТІ

1. ЖОО оқытушысының iс-әрекетiнiң тиiмдiлiгiн арттырудың психологиялық мүмкiндiктерi.

2. Педагогикалық шеберлiкті қалыптастыру жолдары.

3. Педагогикалық қарым-қатынастағы кедергі тудыратын жағдайлар.

2. ЖОО оқытушысының іс-әрекетінің тиімділігін арттыру Қазіргі уақытта оқытудың тиімділігі мәселесі мемлекеттік деңгейдегі аса өзекті мәселеге айналып отыр. Бұл мәселені шешу жолдарының бірі - студенттердің теориялық білімді өмірде еркін қолдана алатындай деңгейде қабылдауына мән беру. Ол үшін оқытудың психологиялық мазмұнын жете зерттеген дұрыс деп ойлаймыз. Психология ғылымының жетістіктерін өмірдің барлық салаларында пайдаланып жатқанда, білім беру міндеттерін шешуге қолданудың қажеттілігі түсінікті де. Қазақстандық жоғары білім берудің стратегиялық міндеттерінің бірі – ұлттық білім беру жүйесінің жетістіктерін әлемдік білім беру үдерісінің қазіргі заманғы перспективалық бағыттарына сәйкестендіру мүмкіндіктерін анықтау болып табылады. Әлемдік білім беру жүйесіне ену үдерісі біздің елімізде 2003 жылдан бастап кредиттік оқыту технологиясының енгізілуімен байланысты болып отыр. Бұған дейін Қазақстан «Еуропа аймағындағы жоғары білімге қатысты біліктіліктерді тану туралы» Лиссабон Конвенциясына және «Жоғары білімнің еуропалық аймағы туралы» Болон декларациясына қатысуы кредиттік оқу жүйесін шын мәнінде іске асыруды белсене қолға алу жолдарын анықтауға негіз болды. Болон процесіне қосылу қазақстандық білім беруге жаңалықтар әкелді, атап айтқанда: білім алушылардың өзі қалаған жерде оқи алуы, білімнің кез-келген ұлттық білім беру жүейсіне сәйкес келуі, білім беру формалары мен бағдарламаларының түр-түрінің қолданылуы, халықаралық сынақ ауысымын жасауға мүмкіндіктің ашылуы, дипломдардың жалпыеуропалық үлгілерге сәйкес келуі. Оқытудың психологиялық мәселелері көптеген ғалымдардың зерттеулеріне арқау болған. «Оқыту-оқу» түсініктерінің арақатынасын талдайтын қазіргі заманғы теорияларға сүйенсек, «әрекеттестік» мағынасын береді. Осы тұжырымның әдіснамалық сипаты бұл түсініктерді бір-бірімен байланыстыра, өзара әрекеттестік бейнесінде қарастырады. Оқытуды ұйымдастыруда оқыту мен оқудың тікелей және жанама әрекеттестігін қамтамасыз ететін білім мазмұны, әдіс-тәсілдер және оқытуды ұйымдастыру формалары таңдап алынуы қажет. Сонда ғана болашақ маманның тұлғалық қалыптасуына тиімді ықпал ететін білім беру мазмұнын ұйымдастыру арқылы оқыту процесін алға жылжыту мүмкіндігі туады. Оқыту – бұл индивидке қоғамдық-тарихи тәжірибені үйрету әдістерін ұйымдастыру жүйесі.
Оқыту процесін жетілдіру мәселесі психолог ғалымдар С.Л. Рубинштейн, П.Я. Гальперин, А.Н. Леонтьев, А.В. Петровский, Л.В. Занков, Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов, Л.Б. Ительсон, т.б., сондай-ақ еліміздің ғалымдары М.М. Мұқанов, Қ.Б. Жарықбаев, С.М. Жақыпов және т.б. еңбектерінде зерттелген.
Егер оқыту процесін іс-әрекет мазмұнында қарастырсақ, оқытудың психологиялық құрылымы жан-жақты талдауды қажет етеді. Л.Б.Ительсон индивидтің спецификалық іс-әрекеті - оқудың - мынадай функцияларын атап көрсетеді:
1. Пассивті қабылдау және сырттан келген ақпаратты меңгеру: студент ақпаратты қабылдаушы және дешифратор рөлін атқарады. Ол педагогтың қалыптастырушы әрекеттерінің объектісі болып табылады. Үйретудің негізінде хабарлау және дайын ақпараттарды айтып беру мен оқу әрекеттерін көрсетіп беру жатады.
2. Ақпаратты өз бетімен белсенді іздеу, аңғару және қолдану: оқушы өзін-өзі реттеуші селектор мен ақпараттар генераторы рөлін атқарады. Ол - өзін дамытушы қызығулары арқылы қалыптасып келе жатқан субъект. Оқушы өзінің қажеттіліктері мен құндылықтарына сай келетін ақпараттар мен әрекеттерді таңдап қолданады.
3. Сырттан келген ақпаратты іздеуді, аңғаруды, қолдануды ұйымдастыру: оқушы басқарылатын селектор мен реттелуші ақпарат генераторы рөлін атқарады. Оқушы – педагогикалық әсер етулердің объектісі мен танымдық іс-әрекеттің субъектісі болып табылады.
1.Педагогикалық шеберлікті қалыптастыру жолдары Ұстаздың шеберлігі - талантты қажет ететін ерекше бір өнер емес, бірақ, ол басқа да мамандарды шеберлікке үйретуде қажет болатын мамандық. Жас ұрпақ тәрбиесіне бүкіл ғұмыры мен қажыр-қайратын және бойындағы асыл сезімдерін бағыттаған мұғалімдерді айтуға болады.
Ұлы ғұлама Әл- Фараби: "Ұстаз... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің барлығын жадында жақсы сақтайтын, бұлардың ешнәрсесін ұмытпайтын... алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі..., меніңше шешен, өнер-білімге құштар қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ..., жұрттың бәріне... жақсылық пен ізеттілік көрсетіп... қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек" дейді.
А.С.Макаренко былай деген болатын: "Тәрбиешінің шеберлігі ол бір ерекше өнер емес. Ол мамандық. Мамандық болѓанда да дәрігерді өз мамандығына, музыканттарды өз мамандығына үйреткен сияқты мұғалімді де өз мамандығына үйрету" деп, атап көрсеткен болатын.
Мұғалімнің шеберлігі екі жағынан бірдей танылады: бірінші жағы, баланы қалай, қалайша оқыту үшін оның психологиясын білу, екінші жағы, оқытып-тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін, жолдарын терең білу және оны қолдана білу. Тәжірибеде осы талаптарға сай мұғалімдер шеберлігі қалыптасып жетіледі. Бұл жөнінде біз өзімізге белгілі болъгп келе жатқан көптен таныс, даңқты педагогиканың іс-тәжірибесін оқьш үйрену арқьлы педагогикалық шеберліктерді танып-біліп, олардың іс-тәжірибелерін жаңа жаѓдайда жаңа форма-әдістермен жандандыра отырып, өз ісімізде басшылыққа алуға тиіспіз. Сонда ѓана өзіміздің педагогикалық шеберлігімізді жетілдіріп, шыңдай түсеміз. Абай атамыздың: «Ақырын жүріп анық бас, Еңбегін кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға» - деп айтқанындай, мұғалім үшін кәсіби шеберлікке жету, өз мамандығының данышпаны болу бір күнде пайда болатын дүние еместігін біз жақсы түсінеміз және өмір бойы ізденішулікті, зерттеушілікті талап ететін мамандық екенін анық аңғарғанда ғана толық нәтижеге жетуге болады. Мұғалімнің кәсіби шеберлігі, зерттеушілік қызметі мұғалімдік жұмысқа дайындық барысында, іс – тәжірибеде және қайта даярлау кезінде қалыптасып тәрбиеленеді. Ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынов «Білім - біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік - сол білімді іске асыра білу дағдысы» - деп бекер айтпаған. Ұстаздар үздіксіз ізденіп, өз білімін үнемі жетілдіріп жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдерді қолданып отырса ғана өзінің кәсіби шеберлігін арттырады. Педагогикалық шеберліктің негізгі белгілері: кәсіптік білім, біліктілік, дағды, кәсіптік қабілет, педагогтік әдептілік, педагогикалық техника жатады.
Қорыта келгенде, бүгінгі талапқа сай мектепте білім берудің жаңа саласына жету – мұғалімнің мейірімділігімен, білімімен, шеберлігімен тығыз байланысты. Өз мамандығына жан–жүрегімен берілген ұстаз ғана ұстаздық этиканы да, ұстаздық техниканы да, шеберлікті де жақсы меңгереді.
3 Педагогикалық қарым қатынастағы кедергі тудыратын жағдайлар Педагогика мен психология ғылымындағы маңызды проблема - қарым-қатынастағы қиындықтар немесе кедергілер мәселесі. Қиындықтар ұғымына байланысты көптеген ойлар ежелден сонау шешендік өнердің қалыптасу кезеңінен бастау алады. Дегенмен бүгінгі таңда бұл проблема коммуникативті-ақпараттық, әлеуметтік-психологиялық теориялар және когнитивтік психология тұрғысында әлі де терең зерттеуді қажет ететін сала. Педагогикалық іс-әрекеттегі кедергілер, олардың туындау себептері, оқу әрекетіндегі маңызы жайлы ресейлік ғалымдар Н.В.Кузьмина, А.А.Леонтьев, А.К.Маркова, В.А.Кан-Калик, Е.В. Цуканова, В.В.Рыжов, Л.А.Поварницына еңбектерінде терең зерттелген. Қарым-қатынастағы кедергі, қиындық – бұл субьективті құбылыс, белгілі бір субьектінің жағдаяттардың қарама-қайшылығын күрделілігін сезінуі. Сондықтан бір адам үшін туындаған қиындықты басқалардың байқамауы да мүмкін. Іс- әрекеттегі кедергілер деп адамның жоспарланған қарым-қатынасты жүзеге асырудағы іркіліске кезігуін айтады. Нәтижесінде мұндай іркіліске ұшыраған адам басқаның әрекетін қабылдамайды. Қиындықтар іс-әрекеттегі үзіліс, аялдау оны әрі қарай жалғастырудың мүмкін еместігінен байқалады. Мұндай қиындықтардың туындауы проблемалық жағдаяттардың пайда болуына ықпал етеді. Яғни, С.Л.Рубинштейн айтқандай, қиындықтар ойлауды қозғаудың алғы шарты болып табылады. Сондықтан педагогикалық іс-әрекетте кедергілер адамның интелектуалдық іс-әрекетін белсендіру факторы деп қаралады. Өйткені адам туындаған «қиын» жағдаяттан шығу үшін жаңа әдіс-тәсілдерді іздейді, осыған орай педагогикалық психологияда қиындықтардың атқаратын функциясы позитивті және негативті деп екіге бөлінеді. Педагогикалық әрекеттестіктегі қиындықтар немесе кедергілер жалпы психологиялық тұрғыдан алғанда мағыналық, эмоционалды, когнитивті, тактикалық болып бөлінеді. Мағыналық кедергі оқушының белгілі бір әрекетіне байланысты жасалған ескертуге құлақ аспауы, берілген тапсырманы түсініп тұрып, орындамауы салдарынан туындайды. Мұндайда оқушыға қолданылған педагогикалық шаралар әсер етпейді. Мағыналық кедергі жағдайында белгілі бір іс-әрекетіне 42 Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы ескертпе жасалған кемшілікті оқушы әлден соң қайта қайталайды. Мысалы, сабақ барысында студент лекция жазбай, басқа жұмыстармен айналысып отырғанда, педагогтың ескертуіне мән бермейді. Мағыналық кедергінің болуы педагог тарапынан жүргізілетін шараларға оқушының әсер етпеуі салдарынан педагогтың бүкіл оқу-тәрбие жүйесін жүзеге асыруына кедергі келтіреді. Педагогикалық практикада педагогтың көмек көрсету ыңғайын біле тұра мағыналық кедергі салдарынан оған қарсылық көрсететіндігі көптеп байқалады. Сондықтан педагог үшін мағыналық кедергіні жою жолдарын қарастырудың маңызы зор. Мағыналық кедергінің туындау себептері сан алуан. Мағыналық кедергілердің негізгі бағыттары білім беру процесінің дамуы, мазмұны және формаларына, сонымен қатар педагогикалық іс-әрекеттің субьектісі болып табылатын педагогтың ерекшеліктеріне тікелей байланысты. Педагогикалық кедергілердің бірінші бағыты педагогикалық міндеттерді анықтау және шешу қиындықтарымен, жіберген кемшіліктерді ескермеумен және қайталаумен, педагогикалық әрекетті анық және толық жоспарламаумен сипатталады. Нәтижесінде сабақ мазмұнсыз, тартымсыз өтіледі. Оқушы тұлғасына әсер етудегі педагогикалық қиындықтар оны толыққанды тұлға ретінде қабылдамауынан туындайды. Сөйтіп оқушы немесе студент қарым-қатынасқа толық араласпайды, нәтижесінде екі жақта да қанағаттанбаушылық сезім, дискомфорт пайда болады. А.К.Маркованың пайымдауынша педагогикалық іс-әрекеттегі қиындық педагогтың продуктивті (нәтижелі), шығармашылық, репродуктивті (нәтижесіз) жұмыс формаларын үйлестіре алмауынан, педагогтың сол кедергілерді жеңе алмауымен немесе тіпті жеңгісі келмегендігінен туындайды. В.А.Кан-Калик, А.К.Марковалар анықтағандай педагогикалық іс-әрекеттегі қиындықтар төмендегі жағдайларға байланысты: • қолданылатын тәсіл басқаларымен еш байланыспайды; • педагог бір-бірімен байланыспайтын бірнеше тәсілді қолданады; • қолданылатын әдіс білімденушілердің мүмкіндіктеріне сәйкес емес; • қолданылатын әдіс педагогтың жеке-психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес емес. Педагогикалық кедергілердің келесі бағыты педагогтың өз әрекеттерін өзінің субъективті ерекшеліктерімен түзете алмауына байланысты. Яғни, педагогтың өзіндік бақылауы, өзіндік коррекциясы төмен болады. А.К.Маркова айтқандай мұндай педагогта: «рефлексияның жетіспеушілігінен және өзіндік сынның төмендігінен көрінеді, яғни мұғалім өзіне оқушыны түсінуге және оған ықпал етуге кедергі жасайтын себептерді өз бойынан көре алмайды, оқыту мен тәрбиелеудегі проблемаларды өз жұмысының кемшіліктерімен байланыстыра алмайды». Үшінші бағыттағы қиындықтар педагогикалық қарым-қатынаспен байланысты. Мағыналық кедергілердің себептері педагог тарапынан сарапталмайды, ондай себептерге түзету қажеттігін түсінбейді. Мағыналық кедергілерді жою жеке тәсілдер арқылы жүзеге асырылады. Мұндай тәсілдерді қолдану барысында, қандай жағдайларда және қандай тәсілдерге байланысты мағаналық кедергінің пайда болғанын анықтау керек. Мұндай жағдайда оқушы ұқпаған немесе қабылдамаған әдіс-тәсілдерді өзгерту – негізгі қағида болу керек. Оқушы педагогқа сеніммен қарап, қолданылатын әдіс-тәсіл педагог үшін емес өзіне пайдалы екендігін ұғынуы керек. Егер мағыналық кедергі педагог қолданатын тәсілдерге емес оның жеке тұлғасына ғана байланысты болса, мағыналық кедергіні басқа адам (басқа педагог, директор, декан) арқылы шешілуі керек. И.А.Зимняяның «Педагогикалық психология» еңбегінде студенттердің қарым-қатынасындағы кедергілердің ерекшеліктері, сонымен бірге, педагогикалық жоғары оқу орындарындағы бірінші курс пен бесінші курс аралығындағы ол қиындықтардың өзгеру динамикасы жайлы мағлұмат берілген. Студенттердің 49 пайызы көпшілік алдында сөйлей алмауы салдарынан, 71 пайызы болып жатқан құбылыстардың ішкі түйсігінде қалыптасқан елеске сәйкес келмеуінен, бұрын жатық, дұрыс көрінетін жалпы мінез-құлық, жест, мимиканың қысылып қолдануы себебінен кедергілерге ұшырасады екен [2, 359]. Л.А.Поварницына студенттер қарым-қатынасындағы қиындықтарды алты топқа бөледі. • Бірінші топтағы қиындықтар студенттердің өзін қалай ұстауды, не айту керектігін білмеу салдарынан туындайды. • Екінші топтағы қиындықтар студенттің қарым-қатынастағы серіктесін түсінбеушілігінен туындайды, яғни қарым-қатынастың перцептивті жағы жеткіліксіз қалыптасады. 43 № 3 (76) 2010 • Үшінші топты сөйлеушіні қарым-қатынасқа қатысушы серігінің түсінбеуі және қабылдамауынан туындаған қиындықтар құрайды. • Төртінші топтағы қарым-қатынас қиындықтары сөйлеуші басынан кешіретін қысылу, ыңғайсыздану, сенімсіздік сезімдеріне негізделген. • Бесінші топтағы қиындықтар студенттің қарым-қатынастағы серігіне көңілі толмау, тіпті сол жайында уайымдауды бастан кешіруімен байланысты. • Алтыншы топ адамның жалпы қарым-қатынасқа көңілі толмауына байланысты қиындықтарды қамтиды. Осыған орай автор студенттердің түрлі әлеуметтік салалардағы, оқитын курсына (біріншіден үшіншіге дейін) және тағы басқа факторларға байланысты қарым-қатынас жасау ерекшеліктерін талдайды. Үлкендермен араласқанда студенттер қарым-қатынастағы серігін түсінбеу қиындығына сирек кездесетіні (14,2%) және де өзін қалай ұстауды, қарым- қатынас пәнін білмеумен байланысты қиындықтармен (29,6%) жиірек кездесетіні көрсетілген. Студенттер дос-жарандарымен қарым-қатынас барысында екінші және үшінші топтағы қиындықтарды тез жеңеді. Бірінші курстан үшінші курс аралығында ата-аналарымен, туыстарымен қарым-қатынас жасау қиындықтары сақталып қалады, ал танымайтын адамдармен араласуда қиындықтардың күрт төмендеуі байқалады.

 

5-билет

1.Жоғары мектеп психологиясы ғылым ретінде.Жоғары мектеп психологиясы ХХғасырдың екінші жартысында ғана дербес ғылым саласы ретінде танылды. Дегенмен, жоғары мектеп психологиясыпедагогикалық психологияның бір саласы болып табылады. Сондықтан, педагогикалық психологияның даму жолы жоғары мектеп психологиясының тарихын анықтайды. Педагогикалық психологияның дамуында негізгі 3 саты ажыратылады: Бірінші саты – ХVІІ ғасырдың ортасынан басталып ХІХ ғасырдың соңына дейінгі кезеңді қамтиды. Бұл саты педагогиканы психологиямен байланыстыру қажеттігі мәселе ретінде қойылып, оны жалпыдидактика арқылы шешуге елеулі талпыныстар жасалған кез еді. Бірінші саты И. А. Зимняяның «Педагогикалық психология» атты оқулығында «жалпыдидактикалық» саты деп аталған. Дегенмен, бұл сатыны «педагогика теориясы мен тәжірибесінде психологияның білімге зәрулік танылған кезең» деп анықтаған.Педагогикалық психологияның пайда болып, дамуына балаларға білім берудің өзектілігі мен оны ұйымдастыру шарттары; қоғамда оқыту, тәрбиелеу жэне дамыту проңестерін байланыстырып,қарастыру; балаларда білім алуға деген оңды қатынастың болуы;педагогтің рөлі сияқты күні бүгінге дейін көкейтесті мәселелерді шешуге деген талпыныстар себеп болды.Педагогикалық психологияның даму бастауында 1657 жылы Ян Амос Коменскийдің (1592-1670) «Ұлы дидактика» еңбегінің жарыққа шығуы тұр.Педагогикалық психология саласының дамуына елеулі үлесқосқандардың бірі Петр Федорович Каптерев (1849-1922) болыптабылады.Ол — алғашқы «Педагогикалық психология» (1877)атты кітаптың авторы.Екінші саты ХІХ ғасырдың орта кезінен ХХ ғасырдың ортасына дейінгі аралықты қамтыды. Бұл кезде эксперименттік психологияның пайда болуы, педагогикалық теориялар мен психологиялық, психофизикалық эксперимент нәтижелерін ықпалдастыру мүмкіндіктері артты. Сондықтан педагогикалық психологияның тарихында бұл саты алғашқы эксперименттік зерттеулердің пайда болуымен сипатталады. Осы кездегі педагогикалық психологияны Г. Мюнстерберг, Л. С. Выготский қолданбалы психологияның дербес саласы ретінде анықтайды.Үшінші саты педагогикалық психологияның қазіргі кезеңін сипаттайды. Ал, оның басталуы шамамен ХХғасырдың орта кезіне сәйкес келеді. Педагогикалық психологияның бұл сатысын ажыратуға оқыту мен дамытудың бірқатар психологиялық теорияларының пайда болуы негіз болады.

2.Студент пен оқытушының қарым қатынасының психологиялық ерекшеліктері.Педагогикалық қарым-қатынас барлық білім беру жүйелеріне қатысты мекемелерде болатын қарым-қатынастың ерекше түрі. Білім берудің қай сатысында болмасын оқытушы студентпен, студент оқытушымен тікелей және кері қарым-қатынаста болады. Өйткені оқыту мен білім беру үрдісінде оқытушы үйретуші, бағыттаушы, басқарушы, тәрбиелеуші, т.б. рөлді атқарса, студент — білімді алушы, қабылдаушы, іс-әрекетке араласушы болып қарым-қатынасқа түседі. Сондықтан да, педагогикалық қарым-қатынастың негізгі құралы – сөз.Студенттермен жұмыс істейтін оқытушылар вербальді (сөз) және вербальді емес (ым не ишара) қарым-қатынастың түрін пайдаланады. Қарым-қатынастың қай түрі болмасын, ол мұғалімнің шеберлігіне, тәжірибесіне байланысты. Психологтар педагогикалық қарым-қатынастың нәтижесі — мұғалімнің баланы біліп тануына және әр баламен диалогқа түсуіне байланысты деген. Студенттердің қалаған адамы (идеялы), үлгі беруде жағымды әсер ететін адамы болуы керек. Студенттің жеке басын тәрбиелеуде және қорғауда өзара әрекеттестік қатынасты жете ұғыну үшін, біздің психикалық өмірімізде екі маңызды құбылысты білуіміз қажет. Бұл – Рефлекция және эмпатия. Эмпатия — өзгелер қайғыға ұшырағанда солардың ауыр халінің, эмоционалды жағдайының өз басына түскендей күй кешуі. Рефлекция – бұл басқа адамдардың сізді қалай қабылдауы. Рефлекция мен эмпатияның төмен деңгейде болуы – мұғалім мен студент қарым-қатынасының болмауы себебінен туады. Қазіргі ұстаз үшін ерекше маңызды мәселе, оның кәсіби сапасы яғни еңбексүйгіштік, жұмысқа қабілеттілік, тәртіптілік, мақсат қоя білушілік, жетістіктерге жете алу жолдарын таң





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-11; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1124 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Если президенты не могут делать этого со своими женами, они делают это со своими странами © Иосиф Бродский
==> читать все изречения...

996 - | 939 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.013 с.