Лекции.Орг


Поиск:




Кезеңділігіне байланысты




u Продромалды кезең – бірнеше сағаттан екі күнге дейін созылады. Тремор, тері жабындыларының гиперемиясы, ұйқысының бұзылуы байқалады. Науқастар көп сөйлейді және көңіл-күйі тұрақсыз болып келеді.

u Инициальді кезең – парэйдолиялық (фантастикалық) иллюзия, назар аударудың төмендеуі, қорқыныш, дереализация болады.

u Делириозды симптоматиканың гүлдену кезеңі – өте көп көру сирек есту галлюцинациялары пайда болады. Науқастар жануарларды да көреді: жылан, кесіртке, ит және т.б. Өздерінің ориентировкаларанын жоғалту арқылы көзге көрінетін дүкенге, цех заводтарға, қаладан тыс дачаларға, милиция бөлімшесіне тап болады. Осындай жағдай бірнеше тәулік бойы сақталады, науқастар мүлдем ұйықтамайды. Рейхардт, Ашаффенбург симптомдары байқалуы мүмкін.

u Делирийдің тоқтауы – 2-5 күннен кейін науқас терең ұйқыға кетеді. Ұзақ уақыт тыныққаннан кейін қайта оянады. Есте сақтауы ұзаққа дейін сақталады және айқын галлюцинацияларды айта алады. Психоздан кейін бірнеше күннен соң астениялық симптоматика қосылады.

Ауырлығына байланысты:

u Жеңіл дәрежесі – науқас қайда екенін біледі, айналасындағы адамдармен әңгіме құра алады. Иллюзия, оянар алдында байқалатын, жарықты жаққан кезде жойылатын түнгі қорқынышпен байланысты тұрақсыз галлюцинация болады. «делирий без делирий» Ем қабылдамай өз бетімен қайтады және асқынулар болмайды.

u Орташа дәрежесі – жоғарыда айтылған клиникалық көріністер тән. Терапиялық емдік-шараларды толғымыен орындаса және қосалқы соматикалық аурулары болмаса ем нәтижелі және толығымен сауығуға мүмкіндік бар.

u Ауыр дәрежелі – науқастың өміріне қауіпті. Өлімділік 20 % -ға дейін. Адекватты емдеу нәтижесінде де көптеген науқастарда созылмалы энйефалопатия (корсаков психозы, деменция, неврологиялық бұзылыстар) дамиды.

Ауыр дәрежелі делирийдің көріністері:

u физикалық әлсіздік, төсектен тұра алмайды;

u Гомеостаздың айқын бұзылысы (гипертермия 40 С жоғары, сусыздану, аритмия, АҚ төмендеуі, айқын ентігу немесе тыныс алудың баяулауы, олигоурия,тері астылық гематома);

u Неврологиялық симптоматика (атаксия, гиперкинез, бұлшықет ригидтілігі немесе атония, стереотипті қозғалыстар, патологиялық рефлекстер, эпилептоформды ұстамалар, зәр мен нәжісті ұстай алмаушылық);

u Сананың терең бұлыңғырлануы, ориентировканы толығымен жоғалту;

u Ойлаудың бұзылуы, ойлаудың байланыссыздығы, маңайындағылардың сөйлеуін түсіне алмайды.

u Кәсіптік делирий – өзінің кәсібіне қатысты күнделікті орындалатын жұмысты жасауы.

u Мусситирленген делирий (бет – әлпеті сөйлеумен сипатталатын делирий, әлсіз сандырақпен сипатталатын делирий)- бұл делирийде науқас төсектен тұрмай біртекті координацияланбаған күшейген қозғалыстар жасайды.

 

Емі

Алкогольді демирийді кешенді түрде және делирийдің клиникалық көрінісінің ауырлығына, оның асқынуына, аурудың соматикалық жағдайына байланысты қатаң индивидуальді түрде емдеу қажет.

Алкогольді демирий терапиясы дезинтоксикациялық, витаминді терапия (В тобының витаминдері), сонымен қатар, психозға қарсы препараттарды қолданудан тұрады.

Улануды дезинтоксикациялық ерітінділер енгізу арқылы жояды. Тиол препраттары кеңінен қолданылады, олардың дезинтоксикациялық қасиеттері құрамындағы токсикалық заттарды байланыстыратын сульфгидрильді топтардың болуымен байланысты. Көбінесе унитиол қолданылады, дене салмағының 10кг-на 5% 1 мл ерітінді есебінде.

Гипертониялық (40% глюкоза ерітіндісі, мочевина, магний сульфаты) және изотониялық (9% ΝаСL ерітіндісі, 5% глюкоза ерітіндісі) ерітінділерін енгізу көрсетілген.

Науқасқа көп мөлшерде сұйықтық беріледі (ең жақсысы бал қосылған сүт).

Антипсихотикалық терапияның негізгі мақсаты - қозуды жою және ұзақ ұйқы шақыру (16-18 сағатқа дейін). Бұл мақсатқа жету үшін көктамырға транквилизаторлар (5% 4-5мл седуксен ерітіндісі), сонымен қатар бұлшық етке димедрол, пипольфен (0,05г-нан) егеді.

Соңғы жылдарда дәрігерлер бұл жағдайда психотропты дәрілерді (әсіресе фенотиазин туындыларын) қолданудан бас тартуда, бұл препараттар жиі асқынулар туғызып, аурудың өміріне қауіп төндіреді. Барбитураттарды өте сақтықпен қолдану қажет, олардың улы әсері ауыр интоксикацияны одан сайын тереңдете түсуі мүмкін.

Алкогольді делирий терапиясының басты мақсаты жүрек қызметін қалыпты ұстау, оны сүйемелдеу (корглюкон, кордиамин және т.б.), артериалдық қысымның төмендеуінің алдын-алу және мүмкін болатын асқынулармен күресу болып табылады. Ауыр делирий кезінде заманға сай реанимациялық тәсілдер қолдану керек (гемодиализ, гемосорбция).

Алкогольді галлюциноз

Алкогольді психоздардың ішінде кездесу жиілігі бойынша 2 –ші орын алады. Қорқыныш формасындағы есту, вербальды галлюцинациялармен және сандырақ галлюцинациясы мен аффективті бұзылыстармен сипатталады

Ағымына байланысты жіктелуі:

u Жедел галлюциноздар — маскүнемдердің галлюцинаторлы алжасуы, алкогольді галлюцинаторлы сандырақ. Көбінесе, бас жазу кезінде үрей мен параноидты көңіл-күймен, вегетативті-соматикалық симптомдармен көрінеді. Бұнда аутопсихикасымен аллопсихикасы сақталады. Галлюцинация ұйықтар алдында пайда болады. Басында эпизотты түрде акоазма және фонема пайда болады.артынан вербальді галлюцинация дамиды. Г.ға критикалық көзқарас болмайды. Галюцинаторлы бұзылыстар көбейген кезде науқаста ұзаққа созылмайтын тежелу мен есенгіреу болады. Ол галлюцинаторлы ступор алды және ступор жағдай деп аталады. Күндіз вербальді психоз мүлдем болмайды. Кейін аффективті бұзылыстар интенсивтілігі төмендеп, сандырақ өшеді. Вербальді галюцинациялар жойылғаннан кейін науқас басынан өткен психозды талдай бастайды. Жедел түрі бірнеші күннен бір айға дейін созылуы мүмкін. Бұл классикалық түрі деп аталады.

 

u Жеделдеу галлюциноздар. Бұл психоздың түрі 1 айдан 6 айға дейін созылады. Психоз басталған кезде жедел алкогольді галлюциноздың клиникасы сияқты. Кейіннен галлюцинозға депрессия қосылады. Басқа сандырақтарға қарағанда өзін-өзі кінәлау сандырағы кбасым болады. Редукциялық психоз біртіндеп және бүкіл ауруда сақталатын вербальді галлюциноз сирек кездеседі. Бұндай науқастардың есі анық, қимылы өзгермеген, көңіл-күйі жақсы болады.

u Созымлалы галлюциноздар: Сирек кездеседі. Кейбір авторлар бойынша галлюциноздар 6айдан көп созылса, ол созылмалы деп есептелінеді. Кейбір жағдайларда созылмалы галлюциноздар аналогиялық жедел галлюциноздардан басталады. Ең жиі күрделі жағдайлар дамиды және келесі симптомдар дамиды: делирий мен галлюциноз немесе галлюциноздар мен депрессивті-паранойдты бұзылыстар. Негізгі клиникалық көрінісіне және дамуына байланысты созылмалы галлюциноздарды 3 нұсқаға бөледі:

u Сандырақсыз созылмалы вербальді

u Сандырақпен өтетін вербальді

u Психикалық автоматизммен жүретін созылмалы вербальді галлюциноздар және сандырақтың парафренді өзгерісі

 

Емі

Жедел алкогольді галлюцинозбен науқастар, олардың қоғамға қауіптіліктері нәтижесінде психиатриялық стационарға шұғыл госпитализациялауды қажет етеді.

Олардың емі кешенді болуы керек. Емнің міндетті компоненті дезинтоксикация – алкогольді интоксикация салдарын жою болып табылады. Ол үшін алкогольді делирий кезіндегіден едәуір аз мөлшерде және аз ұзақтықта дезинтоксикациялық ерітінділер, витаминотерапия (В тобының витаминдері) тағайындалады.

Жедел алкогольді галлюцинозды емдеуде продуктивті психотикалық симптоматиканы жою басты міндет болып табылады. Алкогольді галлюционезбен науқастарға психотропты дәрілер тағайындалады: галоперидол (тәуліктік мөлшері 0,01- 0,015 г), тизерцин (тәуіліктік дозасы 0,15-0,2г), этаперазин (0,03-0,04г). Бұл нейролептиктермен емдеуді артериялық қысымды бақылай отырып, бұлшық етке енгізуден бастау керек.

Емедеу кезінде асқынулар болуы мүмкін: аллергиялық реакциялар, бұлшық ет спазмдары және т.б. Әсіресе тыныс бұлшық еттерінің спазмы өте қауіпті. Нейролептиктердің тәуліктік дозасы бұлшық етке енгізу, ішке қабылдау кезінде де 3-4 рет қабылдауға бөлінеді. Галлюциноз жойылғаннан соң 1-1,5 аптадан кейін доза төмендетіледі. Доза төмендетілген соң преппаратты бір реттік (кешке) қабылдауға көшеді.

Алкогольді галлюцоноздың созылмалы ағымында психотропты дәрілермен (галоперидол, аминазин, тизерцин) ұзақ ем курсы тағайындалады. Бұл кезде белсенді витаминотерапия және еңбек терапиясы жүргізіледі.

 

Алкогольді параноид





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-11; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 427 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Наглость – это ругаться с преподавателем по поводу четверки, хотя перед экзаменом уверен, что не знаешь даже на два. © Неизвестно
==> читать все изречения...

1123 - | 871 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.