Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Азақ, қарақалпақ және ноғай тілдеріндегі фразеологиялық параллельдер




Қазақ тілінің тарихында елеулі із қалдырған дəуірдің бірі - Ноғайлы дəуірі. Қыпшақ-ноғай тобы тілдері тарихын зерттеу үшін бұл дəуірдің маңызы зор. Тіл тарихшысының өткен ғасырлар тілінің лексикалық қазынасын, грамматикалық құрылысын зерттеу үшін сүйенері өткен дəуірдің мұралары болып табылады. Еділден Донға дейінгі Кубанның кең даласын, Арал теңізі мен Каспий жағасын, Қырым мен Кавказ арасын кең жайлаған ноғай-қыпшақ ұлыстарының тілі мен қазақ əдеби тілі арасындағы сəйкестіктер мен ортақтықтар болса, олардың арасындағы дәстүр жалғастығы бар екенін көрсетіп, түркі тілдерін қалыптастырудағы мұның рөлін, оған қандай дəрежеде негіз болғанын ашу маңызды. Бұл – бүгінгі күн талабынан туындап отырған қажеттілік.

ХІV-ХV ғасырларда қазақ, ноғай, қарақалпақ тілдері Ноғай Ордасында туындап кейінгі дəуірлерде осы бірлестікте туындаған тілдік ұқсастықтары мол.

Ноғайлар, қазақтар мен қарақалпақтар бөлініп шыққан Алтын Орда мен Үлкен Ноғай Ордасының құрамында болған қыпшақ тайпалары. Сонымен қатар, «Алабұғат татарлары (ноғайлар) деп Қалмақ жері Каспий ауданы Ұлан-Холл бекетіндегі Северный қыстағында тұратын салыстырмалы түрде алғанда шағын этникалық топ өкілдерін айтамыз. Ресми құжаттар мен тарихи əдебиетте бұл топ «көшпенді алабұғат татарлары» деп берілген. Алабұғат татарларының этникалық тобы ноғай, өзбек, түркмен, қазақ, қазан татарлары мен қалмақтар сияқты түрік жəне монғол тектес этникалық топтардың сіңісуі нəтижесінде қалыптасқан. Алабұғат татарларының этногенезінде ноғай компоненті басым болса керек, олар да өздерін ноғайлар санайды. Сонымен, алабұғат татарларының тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына жатады. Міне, осындай деректер бір кездері ноғайлылықтар деп есептелген тұтас бір ұлыс өкілдерінің қазіргі таңда əр тектес, бірақ туыстас халықтар құрамында өмір сүріп жатқанына дəлел болады.

ХІV-ХVІІ ғасырлардағы халқымыздың мəдени-рухани өмірінде жаңа құрала бастаған халықтың сөйлеу тілі мен оны құраған ру-тайпалардың əріден келе жатқан поэзиясы тілінің негізінде ауызша дамыған əдеби тіл қызмет етті. Яғни, ХІХ ғасырдың ІІ жартысының басталатын қазақтың төл жазба əдеби тіліне дейін оның ауызша тараған əдеби тілі өмір сүрді. Сонымен қатар Орта Азиялық түркі əдеби тілі дəстүріне негізделген жазба əдеби тілі де болған. Əдеби тілдің бұл екі типі қазақтың төл, ұлттық жазба тілінің тез қалыптасып, əрі қарай дұрыс дамуына бірден-бір жол ашып, арнасын салды.

Қазақ халқы əр түрлі тайпалық одақтар мен ұлыстардың құрамында болған бір тектес түрік руларынан құралды. Осындай тілі ортақ, əдет, салты ортақ рулардың бір тобы қазақтарға Ноғай Ордасынан қосылды. Ал бұл ортаның екі-үш ғасыр бойында өмір сүріп тұрғаны тарихтан белгілі.

Моңғол дəуірінде батыста атақты Алтын Орда мемлекеті қалыптасты. Жошы ұлысына қарайтын бұл мемлекеттің құрамына орыс жері, Бұлғария, Дешті Қыпшақ, Қырым, Солтүстік Кавказ, Хорезм жері кірді. ХV ғасырда Алтын Орда үш хандыққа – 1420 ж. Қырым хандығына, 1433 ж. Қазан хандығына, 1466 ж. Астрахань хандығына бөлшектенеді жəне оның құрамынан көшпелі өзбектер тайпалы одағы мен ноғайлар (маңғыттар) бөлініп шығады.

Алтын Орданың ыдырауы жəне Ақ Орданың əлсіреуі барысында Қазақстан территориясында пайда болған ірі мемлекеттік құрылымдардың бірі Ноғай Ордасы болды. Ноғай аталған халықтың негізін монғол жаулаушыларының құрамында болған рулар қалыптастырған. Олар жергілікті қыпшақ тектес елдермен араласып, уақыт өте келе жеке халық ретінде дүниеге келген. Ал Ноғай Ордасының нышаны Алтын Орда əлсіреп, құлдырауға бет алған кезде байқала бастаған.

Ноғай Ордасы ХІІІ ғасырдың екінші жартысында бөлектене бастады. Бұл үрдіс Едіге би тұсында ХІV ғасырда да жалғасып, оның баласы Нұраддиннің кезінде аяқталды. Ноғай Ордасындағы үстем тайпа маңғыттар болды.

«Ноғай», «ноғайлықтар», «Ноғай Ордасы» деген терминдер алғаш рет ХVІ ғасырдың басында ғана пайда болды. Ноғайлықтар өздерін маңғыт деп, ал өз ұлысын – «Маңғыт жұрты» деп атаған. Оларды көрші халықтар ХV ғасырда осы атымен білген. ХІІІ ғасырдың екінші жартысында маңғыттар Алтын Орданын уақытша билеушісі түмен басы Ноғай иелігінің құрамына кіреді. Осыдан барып «Ноғай Ордасы» ұғымы шыққан.

Ноғай Ордасының негізгі территориясы Волга мен Жайықтың арасындағы жазықта, оның орталығы Волганың төменгі бойында немесе Сарайшық (Жайықтың) ауданында болатын. Шығыста ноғайлар Жайықтың сол жағалауы бойында көшіп-қонып жүрді, солтүстік-батыста олардың көшіп-қонып жүрген жерлері Қазанға дейін, оңтүстік-батыста Арал өңірі мен Хорезмге жететін.

Ақ Орда құрамында болашақта ноғай, қарақалпақ, өзбек, қазақ халқының құрылу үрдісінде негізгі рөл ойнаған тайпалар болды. Сол кезде батыстағы Ноғай хандығы мен шығыстағы Моғолстан жеріне дейінгі кең байтақ өңірде қоныстанған халық қазақ тайпалары еді. Ноғай Ордасының құрамына маңғыттармен бірге қоңырат, найман, арғын, қаңлы, алшын, қыпшақ, кенгерес, қарлұқ, алаш, тама жəне басқалары енді. Ноғайлы Ордасының негізін қалаған Едігеге, оның ұрпағы Нұраддынға, ноғай батырлары Орақ, Мамай, Қарасай, Қази, Нəрік, Шора, Ер Көкше, Ер Қосай, Айсанның ұлы Əметке арналған жырлар осы мемлекеттік иелікте дүниеге келді. Ноғай Ордасын мекендеген тайпалар қазіргі Ставрополь өлкесінде, Дағыстанда, Қарашай-Черкес облысында тұратын ноғай ұлтының, қырым татарларының, қазақ халқының этникалық құрамына енді.

Сол кездегі Орда басшылары арасында билік пен жайлау үшін үнемі күрес жүріп жатты. Алтын Орданың қираған тамтығынан құрылған басқа да бірлестіктер тəрізді Ноғай Ордасы да этникалық құрылым емес, көбіне саяси құрылым болды. Ноғай Ордасын мекендеген тайпалар қазақ халқы қалыптасуының күрделі этникалық үрдісіне тікелей қатысты.

ХVІ ғасырда Ноғай Ордасының Орыс мемлекетімен сауда-экономикалық жəне саяси байланыстары бірте-бірте қалыптаса бастады. Ноғайлықтардың ХV-ХVІ ғасырларда бұрынғы Алтын Орда империясы жерінде елеулі күшке айналғанын көрші ірі мемлекеттер қатты ескерген. Ресей де, Түркия да оларды ішке тартып, өз жақтарына шығаруға ұмтылған. Əсіресе, орыс патшалығының ноғай күштерін өздерінің түпкілікті мақсаттары жолында есеңгіретіп тастап отырғаны, өздеріне керек адамдарды көзден таса қылмай, оларға сый-сыяпат беріп, кейде Ресейге көшіріп əкелгені, одақтастары айнып кетпес үшін аманаттар алып отырғаны терең ойластырылған қадам еді. Ресей мемлекеті қанатын кең жайып, көрші елдерді бодан ете бастаған шақта əскер күшіне ғана емес, əлгі елдерге өштігі бар үлкен рулар мен тайпаларға да сүйенген. Ноғайлар Алтын Орданың ыдырауы дəуірінде негізінен осындай қызмет атқарған. Басқа мысалға тоқталмағанда, Едігенің Тоқтамыс ханға күресі Алтын Орданың шаңырағын шайқалтуға көп əсер еткені мəлім. Ноғайлы тарихын сөз еткенде, ол халықтың Алтын Орда керегесін құлатуға атсалысқан, кейде Ресей мүддесіне қайшы келген жерлері де кездесіп отырады.

ХVІ ғасырдың екінші жартысында Қазан жəне Астрахань хандықтарының Ресейге қосылғаннан кейін, Ноғай Ордасы бірнеше дербес иеліктерге ыдырады, оның ыдырау үрдісінде халықтың бір бөлегі қазақтың Кіші жүзінің құрамына енді.

Ноғай Ордасының қазақ хандығы құрылуы кезіндегі жəне əдебиеті мен тарихындағы үлес салмағын осы Кіші жүз құрамына енген топпен өлшеу жеткіліксіз.

Ноғайлар Солтүстік Кавказға іргелес далалықтарды, Еділ, Жайық бойларын қоныстанғаны белгілі. Ал қазақтар Еділдің төменгі ағысына дейінгі жерлерді иемденетін. Ноғайлар мен қазақтар аралас-құралас отыра берген; кей ауылдар бірге көшіп те жүрген, кейде қазақ хандары мен ноғай билері қызалысып, қыз берісіп тұрған. Ара-тұра жайлау-қыстаулар үшін, олжа үшін соғысып қалып отырғанымен, ноғайлар мен қазақтар біршама тату көршілік құрғанға ұқсайды. Өзара туыс екі Орда – ноғайлар мен қазақтардың бірге көшіп жүрген уағын «қой үстіне боз торғай жұмыртқалаған» алтын заман ретінде бағалайды Шоқан.

Қазақтар мен ноғайлар кейде тіпті жауға бірге аттанатын болған. Екі халықтың этникалық құрамы бір дейтін де, тіліндегі, салтындағы айырмашылық жоққа тəн еді. Сондықтан көңіліне билеушісі жақпаған рулар бір ұлыстан екінші ұлысқа ауысып өте берген. Бұл ағым көбіне қазақтан ноғайға қарай емес, керісінше болған. «Алаштан қазақ тараған, Ноғайлыға қараған, Жауға алдырмай ноғайлар, Бір-біріне жараған, Ноғайдан қазақ бөлініп, үш жүз болып тараған...» деген жолдар осындай тарихи жағдайлар кезінде айтылса керек.

Ноғай ордасындағы түрік руларының қазақ хандығының құрамына көптеп өткен бір уағы – ХVІ ғасырдың 50 жылдары. Орыстарға қарсы партия басшысы – қазақ эпостарында Орақ деген атпен мəлім Жүсіп би мен Исмайыл (Смайыл) бидің арасындағы күрес Жүсіп өлімімен аяқталды. Осы аласапыран кезінде Жүсіп пен оның ағасы Мамайдың, немере ағасы Жаңбыршының жақтастарының көбі қазақ хандығына өтіп кетеді.

Ноғай Ордасындағы бірталай түрік руларының қазақ халқының құрамына енген тағы бір уағы - ХVІІ ғасырдың орта шені. Торғауыттар Еділге келгенде ноғайдың біраз рулары осы қалмақтардың қол астына қарап қалған да, негізгі бөлігі Еділдің Қырым бетіне өтіп кеткен. Бірнеше жылдан соң қалмақтардың қол астында қалған рулар түгелдей дерлік қазақтарға қосылады.

Қазақстан Ғылым Академиясы орталық кітапханасының қолжазба қорындағы «Мұрын жыраудың өмірбаяны жəне қысқа өлеңдері. Көкше батыр» қолжазбасында мынадай мəлімет беріледі: «Ноғайдың əуелі келіп жайлаған жері Əз Жəнібек ханның Астраханнан келіп орын алуы мен ноғайлар да осылай қарай өте бастады. Əз Жəнібектен бұрын бұның алдын қалмақ иеленіп қалып бермеген, сонан ноғайдың ерлері қалмақты бостырған.

Ноғайдың тарауы үшке бөлінеді:

1) Қарақыпшақ ноғай, оларға: Қобыланды батыр жатады.

2) Қырымды ноғайға жататын: Ер Көкше, Ер Қосай, Айсанның ұлы Ахмет, Ақжонас ұлы Ер Кеңес, Асанқайғы, Ер Абат, Қарға бойлы Қазтуған, Нəрік ұлы Шора, Шынтас ұлы Төрехан т.б.

3) Шер куртты ноғайға жататындар: Алатайлы Аңшыбайдың тұқымы Едіге, Мұса, Нұраддын, Орақ, Мамай, Қарасай, Қази.

Ең əуелі Едіге батыр Жем бойынан Қанқожа деген қалмақты Үш Бөкенбайға дейін қуып, жерді кеңіткен. Оның артынан Ноғайдың ерлері жалғаса береді. Əр батырдың өзінің қарауына алған еліне жерді кеңіте бастады. Сөйтіп қалмақ босып кетті.

Ноғайлар осыдан кейін үшке бөлініп кетті. Осыған бөлінуге келген жерінің аты – Мəслəкаттың төбесі.

1) Асанқайғы жалғыз баласы Абат өлген соң жер қараушым жоқ деп, Сырдариясын жағалап, күншығысқа қарай Нұрдың Қарабатырына кетеді.

2) Қарға бойлы Қазтуған Мəслəкаттың төбесінен шыққан соң Ала Қырдың бойын Шағадамның қаласының сыртымен Ок балқанның үстімен сонан су ішіп əрі Шам Шəрі Мысырға қарай өтіп кетеді. (Мұрын жырау жердің атын мөлшерлеп қана айтып отырғанға ұқсайды)

3) Мұнда қонысты қия алмай қалған Əз Жəнібек хан. Астраханды салдырған, соны қия алмайосында отырып қалды». Мұраттың маған айтуы осы» [3, 3].

Ноғай Ордасының белгілі билері мен мырзалары: Мұса, Жаңбыршы, Мамай, Орақ, Алшы Смайыл (Исмайыл), Қазы, Телағыстар қазақ эпосының қаһармандарына айналды. Бұл құбылыстың себебін түсінбеген проф. П.А. Фалев қазақ батырлар жыры түгелдей ноғайлардан алынған деген теріс қорытындыға келеді. Бұл жерде біз қазақтар мен ноғайлардың ұзақ уақыт бойы Алтын Орданың құрамында бірге болғандығын, екі халықтың бірлігінің ХVІІ ғасырға дейін үзілмегенін, сондықтан біздің фольклорымыздың, əдебиетіміздің түп тамыры ортақ екендігін еске саламыз».

Жалпы Ноғай Ордасының Қазақ хандықтарының қалыптасуына үлкен əсері болған. Қарақалпақ халқы да осы Орданың құрамына кірген құмық, балқар, қарашай халықтары тұрады. Бұл күнде бұрын ноғайлы əдебиеті делініп келген туындылардың көпшілігі қазақ əдебиетінің қорында сақталып, оның төл туындыларына айналып кеткен. Тілдік ерекшеліктері де байқала қоймайды.

Ноғайлы дəуіріне жататын қазақ əдебиетінің мол да құнарлы саласы – жыраулар мен ақындар шығармашылығы. Ежелден аттары əйгілі болып келген қазақ жырауларын ел ноғайлы немесе ноғайлыдан шыққан деп аңыздайды [50; 50-54].

Ықылым заманнан еншісі бөлінбеген ноғай ағайындылар қазақ халқына деген жүрек түкпірінде берік ұялаған іңкəрлік сезімін өсер ұрпақ зердесіне құйып келеді. Осы тарихи даму үдерісін есепке ала отырып түркітанушы ғалым Н.А. Баскаков қазақ, қарақалпақ, ноғай тілдерін түркі тілдерінің қыпшақ-ноғай тобына жатқызады [51; 87]. Демек, қазақ, қарақалпақ, ноғай тілдері тарихи даму процесін бірге басынан кешірген туыстас түркі тілдері болғандықтан олардың лексикалық, фонетикалық, грамматикалық ұқсастықтары басым.

Қазіргі таңда қыпшақ-ноғай подгуппасына кіретін қазақ, қарақалпақ және ноғай тілдерінің бір-бірінен алшақтағаны аңғарылады. Оның көріністері аталмыш тілдердің тұрақты тіркестерінен де байқалады. Оның бір себебі - аталмыш подгруппадағы тілде сөйлейтін халықтардың аймақтық жағынан әркелкі орналасуында болып отыр. Нәтижесінде жақын туыстас тілдердің лексикасында айырмашылықтар мен өзгешеліктер көбейе түскен.

Ноғай тілі - қазіргі Қарашай Черкес автономия облысында мекендейтін ноғай халқының тілі. Ноғай тілі өзінің сөздік қорына және грамматикалық құрылымына қарай қарақалпақ тіліне жақын келеді. Ноғай халқының біразы Дағыстан территориясында, Ставрополь өлкесінде, Астрахань маңында өмір сүреді. Баскаков ноғай тілінің үш диалектісін көрсетеді (ноғай диалектісі, қара ноғай диалектісі, ақ ноғай диалектісі) [53].

Ноғай тілі құрылым және сөзжасам тұрғысынан қазақ тіліне өте жақын тіл болған соң, бұл тілдің тұрақты тіркестерінде де ортақтықтар өте көп. Тек аз-көпті айырмашылықтар кездесіп отырады. Ондай айырмашылықтар, негізінен, кейбір тұрақты тіркестердің құрамындағы сөдердің мағыналық жағынан өзгерісіне байланысты болып табылады. Мысалға, ноғай, қазақ тіліндегі біршама тұрақты тіркестердің құрамы мағыналас, синонимдес сөзбен ауысып келеді. Оны төмендегі мысалдардан байқауымызға болады.

Қазақ тілінде Ноғай тілінде
ауыз тию Ауыз этуьв
көз салу Коъз атув
Ашулану Ашув этув
ашуы келу Ашув сыпатланув

 

Жалпы, ноғай тілі қыпшақ тобындағы тілдердің бәрін біріктіретін аралық тіл деуге болады, себебі, ноғай тілін қазақ тілінен ерекшелеп, қыпшақ-бұлғар тобындағы татар, башқұрт тілдерімен және қыпшақ-половец тіліндегі қарашай балқар, құмық тілдерімен біріктіретін бірқатар ортақтықтар бар.Ондай өзгешеліктер ноғай тілінің лексикасында кездесетін қыпшақ-бұлғар тобына тән желке, мұрын сөзінің тұрақты тіркестер құрамында молынан ұшырауы, қыпшақ-половец тобындағы тілдерге жақындататын борбай, ару, тас сөздерінің активті қолданысы, грамматикасында тувул (түгел) «жоқ емес» модаль сөзінің сақталуымен байланысты. Өйткені, бұл халықтың тарихын зерттеушілер ноғай, қарашай-балқар және құмық тілдерінің бірлікте болғандығын айтады.

«Желке» сөзі қыпшақ тобы тілдерінің фразеологизмдерінде негізінен татар және башқұрт тілдерінде әрі қарашай-балқар, құмық тілдерінде мол кездесуімен ерекшеленеді. Осы секілді, ноғай тілінде де бұл сөз фразеологизмдерде өте мол орын алған. Мысалы: елкеси тыртысув «жақтырмау», елкесин коьргендей этип коьруьв «ұнатпау», елкеси кайнав «семіру», калын елкели киси «бай, тұрмысы дұрыс адам» т.б. Сол секілді қазақ тілінде көбінде танау сөзі қолданылатын фразеологизмдерде татар, башқұрт тілдеріндегідей «бурын» мұрын сөзі қолданылуы да ноғай тілін аталған тілдерге жақындатады. Бурын туьбинде «жақын жерде», бурын тыгув «тұмсығын тығу» (қажетсіз жерге араласу), бурнын коькке коьтерув «танауын көкке көтеру», бурнынан тартса йыгылаяк «арық, жүдеу» т.б.

Ноғай тілінде зооморфтық фразеологизмдерде біраз айырмашылықтар бар. Мысалы, «қоянды қамыс, ерді намыс өлтіреді» деген ноғай тілінде Атты камышы оьлтирер, эрди намыс оьлтирер түрінде кездеседі.

Қыпшақ-половей группасындағы қарашай-балқар, құмық тілдерінің лексикасында жиі қолданылатын ару, тас, борбай сөздері де ноғай тілін аталмыш қарашай-балқар, құмық жіне татар, башқұрт тілдеріне жақындатады да, қазақ тілінен ерекшелендіреді. Мәселен, қара борбай болып юруьв «Біреуге бағынышты болып жүру», аърув соъз йыланды иннен шығарар, тас болу «жоғалу, кету» сияқты бірліктер ноғай тілінің құмық, қарашай-балқар тілдерімен ортақтығын танытады. [64]

Демек, ноғай тілі ноғай-қыпшақ тобындағы тілдік белгіні тұрақты тіркестерінде толық сақтаған. Дегенмен де, ноғай тілі Алтын Орда дәуіріндегі қыпшақ-бұлғар, қыпшақ-половец тобындағы тілдердің тығыз қарым-қатынаста болған дәуірдегі тілдік белгілерін де сақтаған, сонымен қатар қазіргі халықтың орналасу аймағына байланысты тілдік ареалдық өзгерістерге де ұшыраған. Мұны батыс қыпшақ тобындағы тілдерді кеңінен зерттеген ғалым Кеңесбай Мұсаев пікірі де дәлелдей түседі. Ғалымның өз сөзімен айтсақ: «Конвергенция восточных и западных кыпчаков найболее интенсивно развивалась в золотоординскую эпоху, тогда в зоне контактов между двумя основными ветвями складывается смешанный язык ногайского типа с преобладанием западных элементов, лексикой – больше заимствований из персидского, арабского и северокавказских языков и из русского языка. И тем не менее сохранил некоторые общие ногайско-кыпчакские особенности, которые казахский утратил» [53; 23б]. Соған қарамастан, ноғай тілін қыпшақ тобындағы қарашай-балқар, құмық, татар, башқұрт тілдерінен гөрі қазақ және қарақалпақ тілдерімен ортақтығы анағұрлым мол.

Ал, қарақалпақ тілі Өзбекстан құрамына енетін Қарақалпақ автономиялы республикасының халқының әдеби тілі. Құрылымы жағынан қазақ және ноғай тілдеріне өте жақын тіл. Қарақалпақ халқы Өзбекстан аймағындағы Хорезм, Ферғана облыстарында, Астрахань аймақтарында және шетелдерден Ауғанстанда мекендейді. С.П.Толстованың пікірі бойынша қарақалпақтардың халық болып қалыптасу процесі Арал теңізі маңында оғыздар мен шығыстан келген қыпшақ қимақ тайпаларынан құрылған Қаңлы бірлестігінің құрамында болған кезде басталған. Қарақалпақтардың печенег оғыз тайпаларынан шыққандығын А.Вамбери де қолдайды. Н.А.Баскаковтың айтуынша «Қарақалпақ халықтық тілі кейіннен Печенег (10-11), половцы (11-13), Алтын Орда (13-15) және үлкен Ноғай ордасы мен қазақ, өзбек одақтарына сіңісіп кеткен тайпалардың негізінде қалыптасқан», — дейді [54;121].

Қазақ және қарақалпақ тілдерінде бір семантикалық мағынада жұмсалатын тұрақты тіркестердің құрамы ауысып келеді. Ондай ауысудың екі түрін байқадық. Біріншіден, қазақ тіліндегі кейбір тұрақты тіркестердің құрамындағы сөздердің тек орны ауысып келеді. Сонымен бірге бұл тәсіл тек осы қазақ және қарақалпақ тілдерінде байқалды. Мәселен, қарақалпақ тілінде «аспан менен жершелли» өте үлкен айырмасы бар деген мағынада, «көз бен қастың арасында» тез, жылдам, «қалың бет» ұяты жоқ т.б. ал, қазақ тілінде «жер мен көктей», «қас пен көздің арасында», «беті қалың» түрінде ауысып келеді.

Ал, ендігі бір тұрақты тіркестердің құрамындағы сөздерінің орны ауысып келеді. Мысалы, қазақ тіліндегі «ит тұмсығы батпайтын» ну орман мағынасы «пышық мурны батпас» түрінд, «жылан жалағандай» тіркесі «пышық жалағандай» түрінде қолданылады. Сол сияқты, «хат хабарсыз» тіркесі қарақалпақ тілінде «хабарсыз-атарсыз» түрінде, қазақ тіліндегі «айдан анық» тіркесі «айдан ашық» түрінде, қазақ тіліндегі «бес саусақтай біледі» тіркесі қарақлпақ тілінде «бес бармақтай билиу» түрінде, қазақ тіліндегі «бидай өңді» тіркесі «буудай жүзли», қазақ тіліндегі «басы піспеу» қарақлпақ тілінде «басы батпау», ала аяқ қарақалпақ тілінде «ақ аяқ», ақ саусақ қарақалпақ тілінде «ақ жаға» түрінде құрамы ауысып қолданылады.

Қарақалпақ тіліндегі кей тұрақты тіркестердің тіркесу тәсілі аздап оны қыпшақ-бұлғар, қыпшақ-половшы тобына жақындатады. Мәселен, қарақалпақ тіліндегі қатты, қатігез: бауыры тас, тұрмысты: «ауқаты жақсы», «маңлайы қара», «бақытсыз тобығы толған» есейген түрінде кездесуі татар, башқұрт тілдерімен құрылымдық ортақтығын сақтағандығын танытады.

Қазақ және қарақалпақ тілдеріндегі қос компонентті фразеологизмдерінде ортақтық мол десек те болады. Екі тілде мынадай фразеологиялық параллельдер кездеседі: ай десе ауызы, күн десе көзі бар/ Ай десе аўзы (бар), күн десе көзи (бар), аз да болса, көптей көрді/ Аз да болса, көптей көриў, ағама жеңгем сай, апама жездем сай/ Ағама жеңгем сай, апама жездем сай, ақ дегені алғыс, қара дегені –қарғыс/ Ақ дегени - алғыс, қара дегени – қарғыс, ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен/ Ақ найзаның ушы менен, ақ билектиң күши менен, бір қызарды, бір бозарды/ Бир қызарды, бир бозарды, бір ұрты май, бір ұрты қан/ Бир урты май, бир урты қан, жерден алып, жерге салды/ Жерден алып, жерге салыў, жүзден жүйрік, жүзден тұлпар/ Жүзден жүйрик, мыңнан тулпар, қасықтап жиып, шөміштеп төкті/ Қасықлап жыйнап, шөмишлеп төгип т.б

Қарақалпақ және қазақ тілінде түйе малына қатысты фразеологиялық параллельдер мол (кесте 12).

Сонымен бірге қазақ тілінде мүлде кездеспейтін тұрақты тіркестер де молынан кездеседі. Мысалы, «жуулмаған қасықтай» сүйкімсіз, орынсыз әр іске араласатын адам, «терис жонқа» қырсық адам, «адалға қарсы жоқ» кедей, «айменен жарысқан» айдай сұлу, «аттың қасқасындай» айдан анық, «қара маңлай» бақытсыз адам, «кәлә моллани көрмеген» тәрбиесіз адам т.б.

Дегенмен де, қазақ тіліне қарақалпақ тілі барлық жағынан жақын тіл екендігін тұрақты тіркестерінен көруге болады. Қазақ және қарақалпақ тілдері тұрақты тіркестеріндегі басты өзгешеліктер негізінен, лексика-семантикалық деңгейде ғана қалыптасқан. Яғни, қарақалпақ тілі лексикасындағы иран, араб элементерінің молдығы, ол тілдің тұрақты тіркестеріне де әсерін тигізбей қалмаған. Ал, ноғай тілі ноғай-қыпшақ тобындағы тілдік белгіні тұрақты тіркестерінде толық сақтаған. Дегенмен, ноғай тілі Алтын Орда дәуіріндегі половшы, бұлғар тобындағы тілдердің тығыз қарым-қатынаста болған дәуірдегі тілдік белгілері де байқалады, әрі қазіргі халықтың орналасу аймағына байланысты тілдік ареалдық өзгерістерге де ұшыраған.

Жалпы тілдегі фразеологизмдерді мағыналық тақырыптық жағынан топтастыруда қатып қалған белгілі бір жүйе жоқ. Олай болуы заңды да. Бұл арада зерттеуші Г. Смағұлованың «фразеологизмдер сөздер сияқты тіршіліктің барлық саласын қамти алмайды, ол тек өз өрісінде, өз жағдайында құбылыстар мен заттар, адам көңіл күйін эмоционалдық- экспрессивтік бағалауда образды елестетумен, туынды номинация жасаумен шектеледі.» деген пікіріне қосылуға болады [55; 23 б]. Параллельдік құбылыс түркітануда фонетикалық, лексикалық, фразеологиялық, семасиологиялық, этимологиялық, сөзжасамдық және грамматикалық өлшемдер тұрғысынан қаралады. Осы өлшемдер негізінде қазақ, ноғай және қарақалпақ тілдеріндегі, жалпы қыпшақ тілдік тобына тән фразеологиялық параллельдерді соматикалық, зооморфтық, нумеративтік және түр- түстік деген семантикалық топтарға бөліп қарастырамыз.

Қазақ, ноғай және қарақалпақ тілдеріндегі фразеологиялық параллельдерді қарастыруда қазақ тілінде І. Кеңесбаевтың «Фразеологиялық сөздік» (2007), ноғай тілінде «Ногайско-русский словарь» (1963), қарақалпақ тілінде «Каракалпакско-русский словарь» (1967) сөздіктерін қолдандық.

І. Соматикалық фразеологизмдер: Ә. Болғанбаев «Анатомиялық атаулар негізгі сөздік қорға жататындықтан, көп мағыналы, туынды жаңа сөз жасауға соншама бейімділігімен ғана сипатталмайды, сонымен бірге тұрақты тіркестер жасаудағы белсенді қызметімен де айырықша көзге түседі», -деп, соматизмнің фразеология жасаудағы маңызын айтады. [56;107б].

Тіл- ұлттық құбылыс, халық мұрасы. Қазақ, қарақалпақ және ноғай тілдеріндегі дене мүшелеріне қатысты тұрақты тіркестер, негізінен, екі тілде де кең таралған, екі тілде де жиі қолданылатын, өздеріне тән құрылымдық және семантикалық ерекшеліктері бар, көркем ойлаудың ұлттық бояуын жинақтаған, құрылымдық, семантикалық жүйелеріндегі айырмашылықтары мен ұқсастықтарын, әр тілдің өзіне ғана тән ерекшеліктерін анықтап зерттеудің негізгі нысанын белгілейді. Соматикалық фразеологизм, яғни дене мүшелерінің атауларына арналған тұрақты тіркестер бір-біріне тәуелсіз әр ғасырда, әр тілде, адам баласының қоршаған ортаны, мінез-құлықты, табиғатты, өмірде болатын әртүрлі жағдайларды, адамдардың бір-біріне деген қарым-қатынасын өздері арқылы, өздерінің дене мүшелері арқылы тудырған.

Қазақ, ноғай және қарақалпақ тіліндеріндегі соматикалық фразеологиялық параллельдерді кесте арқылы ұсынамыз.

Жүрек /юрек/жүрек.

Кесте 1

Қазақ тілінде Ноғай тілінде Қарақалпақ тілінде
Жүрегі ашық Юреги ашык Жүреги ашық
Жүрегін жаралады юрек яраланув жүрегин жаралаў
Жүрегі қара Кара юрекли Жүреги кара
Тас жүрек Тас юрек Тас жүрек
Жүрегі жарылды Юрек ярылув жүреги жарылыў
Жүрегі от боп жанды Юректе от янув  
Жүрегіне дақ (дерт) түсті Юрекке дерт (ой) салув (туьсируьв) жүрегине дақ түсиў
Жүрегі жоқ Юреги йок Жүреги жоқ
Жүрегіне тиді Юрекке тиюв Жүрегине тийў
Ақ жүрек Ак юрек Ақ жүрек
Жүрегі сезді Юреги сезуьв Жүреги сезиў
Жүрегі жұмсақ Юреги юмсак Жүреги жұмсақ
Ер жүрек Эр юрек Ер жүрек
Жүрегі аузына тығылды Юреги авзына тыгулув жүреги аўзына тығылыў
Жүрегінде оты бар Юрегинде оту бар Жүрегинде оты бар
Жүрегі бос Жүрегіне алды Юреги бос Юрегине алув Жүреги бос Жүрегине алыў
Жүрегі дауаламады Юреги даваламады жүреги даўамаў
Жүрек жалғады Юрек ялгав жүрек жалғаў
Жүрегі айныды Жүрек жұтқан Юреги былганув Жүреги айныў Жүрек жұтқан

 

Қол/кол/қол.

Кесте 2

Қазақ тілінде Ноғай тілінде Қарақалпақ тілінде
Қол басшы Кол басшы Қол басшы
Қолғабыс қылды кол кабыс Қол қабыс қылыў
Қолы жеңіл колы енъил Қолы жеңил
Қолы ұзын Колы узын Қолы узын
Қол байлау Қолынан келген қонышынан басады кол байлав Қол байлаў Қолынан келип, қоныштан басыў
Қолға алды колга алув Қолға алыў
Қолға қарады колга карав Қолға қараў
Қол тимеді Кол тиймев Қол тиймеў
Қол созды Кол созув Қол созыў
Қолы қолына тимеді колы колына тиймев Қолы қолына тиймеў
Қол алысты Кол алысув Қол алысыў
Қолы ауыр Колы авыр Қолы аўыр
Қолға түсірді Колга туьсируьв Қолға тусириў
Қол салды Қол салув Қол салыў
Ақ қол Ак кол Ақ қол
Қолдан ұшырды Колдан ушырув Қолдан ұшырыў
Қол үзді Кол уьзуьв Қол узиў
Қолы қысқа Колы кыска Қолы қысқа
Қол көтерді Кол коьтеруьв Қол көтериў
Қол астында Кол астында Қол астында
Қолы ашық Колы ашык Қолы ашық
Қолы ұзарды Кол узарув Қолы узарыў

 

Көз/коьз/көз.

Кесте 3

Қазақ тілінде Ноғай тілінде Қарақалпақ тілінде
Көзді ашып жұмғанша Коьз ашып юмганша Көз ашып жұмғанша
көзге түртсе көргісіз қараңғы Коьз туьрткисиз караиъа көзге түртсе көргисиз
Көз алмады коьз алмав Көз алмаў
Көз бояды Көз бояв Көз бояў
Көзден нұр тайды коьздшъ нуры таюв Көзден нуры таийў
Көзімнің нұры коьзимнинъ ярыгы (нуры) Көзимнин нуры
Қас пен көздің арасында коьз бен кастынъ арасында көз бенен қастың арасында
Көз байлады коьз байлав Көз байлаў
Екі көзі төрт болды Эки коьзи доърт болув еки көзи төрт болыў
Көз жұмды Коъз юмув көз жумыў
Көз жасын көл қылды Коьз ясын коьлдей тоьгип көз жасын көлдей төгиў
Көз жазып қалды Коьз язув калдырув Көз жазып қалыў
Көз қырын салды Коьз кырын салув Көз қырын салыў
Көз тиді Коьз тийуьв Көз тийў
Көзге ілмеді Коьзге илмев көзге илмеў
көздің қарашығындай сақтады Коьздин карашыгындай саклав Көздин қарашығындай сақлаў
көзі шарасынан шықты Коьзи шарасынан шыгув Көзи шарасынан шығыў
Көзі ашық Коьзи ашык Көзи ашық
көзі тірісінде Коьзи тирисинде Көзи тирисинде
Көзі түсті Коьзи туьсуьв Көзи тусиў
көзіне шөп салды Коьзине шоьп салув көзине шөп салыў
Көз тікті Коьз тигуьв көзин тигиў
Көз болды Коьз болув Көз болыў
Көз қорқақ, қол батыр Коьз коркак, кол батыр Көз қорқақ, қол батыр
Көзі жетті Коьзи етуьв Көзи жетиў
Көзге күйік болды Коьзге куьйк болув  

 

Бас/бас/бас.

Кесте 4

Қазақ тілінде Ноғай тілінде Қарақалпақ тілінде
Бас иді Бас июв бас ийиў
Бастан кешірді Бастан кешируьв Бастан кешириў
Бас болды Бас болув Бас болыў
Бас байлады Бас байлав Бас байлаў
Бас қосты Басы жас Бас косув Басы яс Бас қосыў Басы жас
Бас-көз болды Бас ұрды Бас-коъз болув Бас урув Бас-көз болыў Бас урыў
Басқа келді Баска келув Басқа келиў
Басы айдауда, малы талауда   Басы даўда, малы талаўда
Басы ауырып, балтыры сыздады   Басы аўырып, балтыры сызлаў
Басына бақ қонды Басына бак конув Басына бақ қоныў
Басы ашық Басы ашык Басы ашық
Басқа шықты Баска шыгув Басқа шығыў
Қара басы кара басы Қара басы
Басын айналдырды Бас айландырув Басын айландырыў
Басын тауға да, тасқа да соқты Басын тавга да, таска да согув (урув) Басын таўға да, тасқа да урыў
Басын жарып, көзін шығарды   Басын жарып, көзин шығарыў
Бас аман болса, бөрік табылады Бас сав болса, боьрк табылар бас саў болса, бөрик табылады
Таныған жерде бас сыйлы, танымаған жерде тон сыйлы   Таныған жерде бас сыйлы, танымаған жерде тон сыйлы

 

ауыз/ авыз/ аўыз

кесте 5

Қазақ тілінде Ноғай тілінде Қарақалпақ тілінде
Ауыз ашты Авыз ашув Аўыз ашыў
ауыздан- ауызға көшті Авыздан авызга Аўыздан аўызға көшиў
Аузына құм құйылды Авызына кум куйылув аўзына қум қуйылыў
Бір ауыздан Бир авыздан Бир аўыздан
Бір ауыз сөз Бир авыз соз Бир аўыз сөз
ел аузындағы адам Эль авзындагы аьдем Ел аўызындағы адам
аузына ақ ит кіріп, қара ит шығады Авзына ак ийт кирип, кара ийт шыгув аўзына ақ ийт кирип, кара ийт шығыў  
Ашық ауыз ауыз тию Ашык авыз Ауыз этуьв Ашық аўыз Аўыз тийу
Ажал аузында Ажал авзында Ажал аўзында
Ауыз жаласты Авыз яласув Аўыз жаласыў
Аузы бос Аузын ашса, өкпесі көрінеді Авзы бос Авзун ачса, оькпеси кьоринер Аўзы бос Ауызын ашса, өкпеси көринер
Аузы берік Аузы жеңіл Авызга берк Авзы енил Аўзы берик аўзы жеңил

Құлақ/кулак/қулақ.

Кесте 6

Қазақ тілінде Ноғай тілінде Қарақалпақ тілінде
Екі езуі екі құлағында   еки езиўи қулағында
Құлағыңа алтын сырға Кулагына алтын сырга Қулағыңа алтын сырға
Құлақ салды Кулақ салув Қулақ салыў
құлақ естімес, көз көрмес жер Кулак эситип, коъз коърмес ер Қулақ еситип, көз көрмеген
Құлақ түрді Кулак туьруьв қулақ туриў
құлағына ілмеді Кулагына илмев Қулағына илген жоқ
Аш құлақтан, тыныш құлақ Аш тамагым, тыныш кулагым Аш қулағым, тыныш қулағым
Құлағы ұзын Кулагы узын Қулағы узын
Құлағына құйды Кулагына куюв Қулағына қуйыў

 

Тіл/тил/тил.

Кесте 7

Қазақ тілінде Ноғай тілінде Қарақалпақ тілінде
Тіл алды Тил алув Тил алыў
Тілінің ұшында тұр Тилининъ ушында турув Тилинин ушында тур
Тілі ұзын Тили узын Тили узын
Тілі шықты Тили шыгув Тили шығыў
Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады Тил тас ярар, тас ярмаса, бас ярар Тил тас жарар, тас жармаса, бас жарар
Тілі қысқа Тили кыска Тили қысқа
Тілінен бал тамған Тилинен бал тамув Тилинен бал тамған
Тіл қатты Тил катты Тил қатты
бас кеспек бар, тіл кеспек жоқ Бас кеспек бар, тил кеспек жок Бас кеспек бар, тил кеспек жоқ
Өнер алды -қызыл тіл Оьнер алды- кызыл тил Өнер алды- қызыл тил
Тілге келді Тилге келуьв Тилге келиў
Тілі байланды Тили байланув Тили байланыў
тілімен орақ орды Тилимен орак орув тили менен орақ орыў
тіл тигізді Тил тий тил тийгизиў

Бауыр/ бавыр/ Баўыр.

Кесте 8

Қазақ тілінде Ноғай тілінде Қарақалпақ тілінде
Бауыр басты Бавыр басув Баўыр басыў
Бауыр еті Бавыр эти Баўыр ети
Тас бауыр Тас бавыр Тас баўыр
бауыры бүтін, басы есен Бавыры буьтин, басы эсен Басы аман, баўыры пүтин
Бауырға тартты Бавырга тартув баўырга тартыў
Бала бауыр етің Бала бавыр этин Бала баўыр етин

 

Мұрын/бурын/мурын. Қыпшақ тобы тілдеріндегі фразеологизмдерді мұрын, танау, тұмсық сөздерінің қатысуына қатысты біршама ерекшеліктер қалыптасқан. Соның салдарынан қыпшақ тілдерінің ішінде татар, қазақ тілдерінде ғана фразеологизмдердің құрамына кейде мұрын сөзі көп жағдайда тікелей қатыспайды да, оның орнына танау, ал қазақ тілінде кейде тұмсық сөздері қолданылады. (тұмсығын тығу, тат. Танау сузу т.б)

 

Кесте 9

Қазақ тілінде Ноғай тілінде Қарақалпақ тілінде
Мұрнын көкке көтерді Бурнын коькке коьтеруьв Мурнын көкке көтериў
мұрнын шүйірді Бурын йыйырув Мурнын жыйырыў
Екі қолын мұрнына тығып қалды Эки колын бурнына тыгув Еки қолын мурнына тығыў
Ашуы мұрының ұшында Ашувы бурнынын ушында Ашууы мурынын ушында
Мұрнынан суы ақты Бурнынан сувы агув Мурнынан суы ағыў
Мұрнын жарды Бурнын ярув Мурнын жарыў
мұрнын балта кеспеді   Мұрнын балта шаппаў

 

Бет/бет/бет

Кесте 10

Қазақ тілінде Ноғай тілінде Қарақалпақ тілінде
Беті жоқ Бети йок Бети жоқ
Беті ашылды Бети ашылув Бети ашылыў
Беті қалың Бети калын Бети қалың
Бетіне күйе жақты Бетине куьйе ягув Бетине қара күйе жағыў
Бетінен басты Бетинен басув Бетке басыў
Бет алды Бет алув Бет алыў
Қара бет Кара бет Қара бет
бетке оттай басылды Бетке оттай басылув Бетке оттай басылыў
Бетке түкірді Бетке тукируьв Бетке түкириў
Бетпердесін ашты Бетпердесин ашув Бетпердесин ашыў
Беті бері қарады Бети бери карав Бети бери қараў
Беті күйді Бети куьюв Бети куйиў
Беті шыдамады Бети шыдамав Бети шыдаў

 

Іш/иш/иш.

Кесте 11

Қазақ тілінде Ноғай тілінде Қарақалпақ тілінде
Іші арам Иши арам Иши арам
Іші күйді Иши куьюв Иши куйиў
Ішінде ит өліп жатыр Ишинде ийт оьлув Ишинде ийт өлиў
Ішіне кіріп шықты Ишине кирип шыгув Ишине кирип шығыў
Ішінен күлді Ишинен куьлуьв Ишинен күлиў
Іші жылыды Иши йылынув Иши жылыў
Іші-бауырына кірді Иши-бавырына кируьв Иши-баўырына кириў
Іштен шыққан шұбар жылан Иштен шыккан шубар йылан Иштен шыққан шубар жылан
Іш жарасы Иш ярасы Иш жарасы
Ішке кірді (енді) Ишке кируьв Ишке кириў
Ішкі есеп Ишки есеп Ишки есеп
Ішкі сарай Ишки сарай Ишки сарай
Іші қазандай қайнады Иши казандай кайнав Иши қазандай қайнаў
Іш қайнады Иш кайнав Иш кайнаў
Іш тартты Иш тартув Иш тартыў
Іштен қара туған Иштен кара тувган Иштен қара туған
Іші ауырды Иши авыруьв Иши ауырыў
Іші ашыды Иши ашув Иши ашыў
Іші қату Іші катув Иши қатыў
Іші ит жалағандай болды Иши ийт ялагандай болув Иши ийт жалағандай болыў
Ішіне сақтады Ишине саклав Ишине саклаў
Ішіне сыймады Ишине сыймав Ишине сыймаў
Іші тар Иши тар Иши тар
Ішін сезді Иши сезуьв Иши сезиў
Іші суыды Иши сувуьв Иши суўыў

 

ІІ. Зооморфтық фразеологизмдер. Хайуанаттардың көптеген атаулары негізінен тұрақты метафоралар болады. Қандай да тіл болмасын, құрамындағы жан-жануар компоненті бар фразеологизмдер ұлттың жағрапиялық жағдайын, шаруашылық кәсібін бейнелей келе, қоршаған ортаны танып білудегі дүниетанымынан мол хабар береді. Фразеологизмде берілген жан-жануарлар бейнесі халықтың ұлттық ерекшелігін көрсететін бірден бір белгі болып табылады. Түркілік негізі бір қазақ, ноғай және қарақалпақ тілдерінде жан-жануарларға қатысты мынадай фразеологиялық параллельдер кездеседі:

Кесте 12

Қазақ тілінде Ноғай тілінде Қарақалпақ тілінде
Ит жанды Ийт янды Ий жанды
Ит өлген жер Ийт оьлген ер Ийт өлген жер
Ит өлім Ийт оьлим Ийт өлим
Ит болды Ийт болув Ийт болыў
ит итті, ит құйрығын жұмсайды Ийт ийтти, ийт куйрыгын юмсайды! Ийт ийтке айтады, ийт куйрыгына айтады
Ит үреді, керуен көшеді Ийт уьреди, керван коьшеди! Ийт уребереди, каруан оте береди.
Аузына ақ ит кіріп, қара ит шықты Авзына ак ийт кирип, кара ийт шыгув аўзына ақ ийт кирип, кара ийт шығыў
Ит пен құсқа жем болды Ийт пен куска ем болув Ийт пен құсқа жем болыў
Ит қылды Ийт кылув Ийт қылыў
Ит жүрек Ийт юрек Ийт жүрек
Ит басына іркіт төгілді Ийт басына иркит тоьгилуьв Ийт басына иркит төгилген заман
Ит өмір Ийт оьмир Ийт өмир
Ит пен мысықтай Ийт пен мысыктай Ийт пен мысықтай
Ит терісін басына қаптау Ийт терисин басына каплав Ийт терисин басына каплау
Ит тілеуін тіледі Ийт тилеуьн тилев Ийт тилеўин тилеў
Ит боғынан қыл шықпайды Ийт богынан кыл шыкпав Ийт боғынан қыл шықпаў
Ит тиген арам ас Ийт тиген арам ас Ийт тиген арам ас
Итін шығарды Ийтин шыгаруьв Ийтин шығарыў
Ер қанаты-ат Эр канаты- ат Ер қанаты – ат
Ат байлады Ат байлав  
Ат басына күн туды Ат басына кун туьв Ат басына күн туўыў
Ат басын тартты Ат басын тартуьв Ат басын тартыў
Ат жақты Ат якты Ат жақты
Ат жалын тартып мінді Ат ялын тартуьв минуьв Ат жалын тартып миниў
Ат жарыс   Ат жарыс
Ат қосты   Ат қосыў
Ат құлағында ойнады Ат кулагына ойнав Ат қулағында ойнаў
Ат мінгізіп, тон кигізді Ат мингизип, тон кийгистуьв Ат мингизип, тон кийгизиў
Ат ойнатты Ат ойнатуьв Ат ойнатыў
Ат-тонын ала қашты Ат-тонын ала кашуьв Ат тонын ала қашыў
Ат тұяғы тимеген Ат туягы тимеген Ат тұяғы тимеген
Ат шаптырды Ат шаптыруьв Ат шаптырыў
Ат ізін салмады Ат изин салмав Ат изин салмаў
Қоян жүрек Коян юрек Қоян журек
Қоянды қамыс, ерді намыс өлтіреді Атты камышы оьлтирер, эрди намыс оьлтирер Қоянды қамыс, ерди намыс өлтиреди
Бір оқпен екі қоянды атып алу Бир окпен эки коян атып алув Бир оқпен еки қоян атып алыў
Қоян ерін Коян ерин Қоян ерин
Қой аузынан шөп алмас Кой авзынан шоп алмас қой аўзынан шөп алмас
Қой үстіне бозторғай жұмыртқалады Кой уьстине бозторгай юмырткалав Қой үстінде бозторғай жұмыртқалады
Қой терісін жамылған қасқыр Кой терисин жамылган ка




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-11; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2005 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Студент всегда отчаянный романтик! Хоть может сдать на двойку романтизм. © Эдуард А. Асадов
==> читать все изречения...

2394 - | 2151 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.