Лекции.Орг


Поиск:




абілеттерін анықтаудағы диагностикалау әдістемелері.




Гормониялық психофизикалық инфантилизм. Бұл топтың ең негізгі себептері: Тұқым қуалаушылық, ерте кезден пайда болатын ауру түрлері. Мектепке дейінгі жастағы балаларда қоршаған ортамен байланысы жеңіл түрде қарастырылады. Балалар қарым-қатынас кезінде көпшіл, сезімшіл, қамқоршыл келеді. Балаларда психикалық және физикалық дамулары қалыптасады. Ал мектеп жасына келгенде, балалардың ойынға деген қызығушылықтары арта бастайды. Психофизикалық инфантилизм барысында, таным қабілеттерінің бұзылыстары да қалыптаса бастайды. Дисгормониялық психофизикалық инфантилизм. Бұл топтағы инфантализмнің себептері: ми жүйелерінің ерте жастан ауытқушылығымен сипатталады. Физикалық даму жағдайларында қалыс қалады. Кейде цереброастениялық синдромдарға тән қасиеттері де көрініс беріп отырады. Ойлау операцияларының ішінде – анализ, синтез, салыстыру сияқты қасиеттері өте қиын жағдайда қалыптасады. Бұл топқа жататын балаларда есте сақтау қабілетінің мүмкіндігі де әртүрлі жағдайда өзгеріп отырады. Сондай-ақ балалардың эмоционалдық ерік сферасының бір бағыттылыққа жүктелмейтіні байқалады. Балалар көбінесе өзімшіл, агрессивті, ешкімге де бағынбайтын сәттері де болады. Психо инфатилизмнің эндокриндік жағдайына байланысты сипатталуы. Психикалық дамудың типтері әлдеқайда артта қалады. Сондай-ақ бұл балалардың ұсақ қол моторикасының дамуы да бір жүйе де болмайды. Координациялық есте сақтауы және қимыл әрекетіндегі бұзылыстарының өзі де осыған дәлел бола алады. Балалардың психикалық әрекеттері – төмен жағдайда дамып отырады. Осының барысында, балалардың қимыл-әрекеттері бір бағытта жұмыс жасамайды. Неропатологиялық жағдайлардағы синдромдарының психикалық дамудың кешеуілдеуі. Бұл топтың ең басты этиологиясы – патологиялық факторлардың ерте жастан, онтогенездік дамуымен сипатталады. Электроэнцефалографикалық зерттеулердің нәтижесінде, бас ми жүйесінің қызметтерінің бағыттары анықталады. Ал неврологиялық зерттеулер бойынша нерв жүйелерінің вегетативті дисфункциясының белгілері анықталады. Осы топқа жататын балалардың эмоциялық ерік сфералары – олардың тұрақсыздығымен ерекшеленеді. Ерте психомоторлық дамуы белгілі бір қалыпта жұзеге асады. Олардың негізгі бақылауға алынатын қылықтары: айқайлауы, қозғалуы кейбір балалардың ұйқы кезіндегі тынышсыз болуы, ұйқысының бұзылуы есепке алынады т.б

Қорытынды:

Психикалық дамудың кешеуілдеуіне байланысты өз пікірлерін ұсынушы М.С Певзнер, Т.А Власова баланың эмоционалдық ерік сфераларының қалыптасуына көп көңіл берумен бірге, нейродинамикалық бұзылулардың жеке сипаттамасына да ерекше назар аударды. Соған сәйкес психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың сипаттамаларының негізін анықтап, яғни ол психикалық және психофизикалық инфантилизм түріндегі анықталатын және ерте балалық шақтағы орталық нерв жүйесінің зақымдануынан, оның организмінің астениялық, церебрастениялық жағдайларға ұшырайтынын анықтаған. Қазіргі таңда ең өзекті мәселелердің бірі – ол оқу процесіндегі балалардың дамуындағы ауытқушылықтарды дифференциалды зерттеудің маңызы болып тұр. Дамуында ауытқушылықтары бар балаларды оқыту мен тәрбиелеуде, олардың потенциалдық мүмкіндіктерін тиімді ескере отырып, бала бойындағы кемшіліктерді толықтай компенсациялауға және түзетуге болады. Дифференциалды диагностика жасағанда оқыту әдістерін қолдану керек. Мұнда тәжірибе кезінде баланы мадақтап, көмектессе, ол көмекті қабылдайды. Бұл жағдайда баланың потенциалдық мүмкіндіктері білінеді. Психикалық дамудың кешеулеуін тудыратын себепке байланысты әр түрлі клиникалық көріністері болады. Психикалық дамудың тоқталуы негізінде мидың зақымдануы, естің, назардың, еңбек қабілетінің, мақсаттылықтың бұзылуы жатыр. Интеллектуалдық кемістік пен мақсаттылықтың бұзылуы аурудың көрінісінде маңызды орын алады. Мұндай жағдайда астениялық көріністер басым болады. Интеллектуалдық өнім тәуліктің уақытына және басқа себептерге байланысты біркелкі болмайды.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-11; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 801 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Наглость – это ругаться с преподавателем по поводу четверки, хотя перед экзаменом уверен, что не знаешь даже на два. © Неизвестно
==> читать все изречения...

1098 - | 861 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.