Лекции.Орг


Поиск:




БӨЖ тапсырмаларын орындау үшін берілетін әдістемелік кеңестер




 

Пәнді оқу барысында кездесетін барлық сабақ түрлерін (дәріс, Практикалық ОБӨЖ) өзара байланыстырып жүйелі түрде жоспарлап өткізуін көмектесетін әдістемелік талаптар білімгерлердің аудиториядағы және аудиториядан тыс уақыттарын орынды пайдаланып өз беттерінше жүргізетін жұмыстарының тиімді болуына жәрдемдеседі. Осыған байланысты мынадай оқу- әдістемелік талаптарды ескерген жөн:

- білімгер жыл бойы тақырыптары бойынша әдебиеттік ізденістер жасау

- ұсынылған тақырыптар бойынша қосымша материалдарды басылымдар мен интернеттің ақпараттық жүйелерінен алу

- көрсетілген тақырыптар бойынша 1-2 бет көлемінде қысқаша әдебиеттік шолу келтіру

- тақырып бойынша маңызды терминдер мен ұғымдарға түсініктер беру

- тақырыптар бойынша ауызша баяндауға берілетін 10-15 минут ішінде тақырыптың негізгі мазмұнын көрсете білу (білім деңгейін бағалауда, тақырыптың өзектілігін түсіндіре білуі, қосымша әдебиеттерді пайдалануы, тыңдаушыларды қызықтыра білуі ескеріледі)

- тестік сұрақтар әрбір модульдік сабқтардың соңында болатындығын ескеру (оқытушы ескертусіз өткізетін бес минуттық тесттік бақылауда барлық дұрыс жауаптары үшін 15 балл қойылады)

- әрбір модуль бойынша бір реферат дайындау.

БӨЖ тапсырмалары кестеде көрсетілген уақыттарда өткізілмей, себепсіз кешігіп орындалған жағдайда әрбір тапсырмадан 15 балдан кемиді.

Білімгер орындап өткізген тапсырмалары бойынша алған балдарын кешенде келтірілген «Білімді бағалау кестесі» кестесіне жазып, білім деңгейінің бағалануын байқап отырады.

Жыл бойы сабаққа белсенділікпен қатысса, берілген тапсырмаларды өткізуге тиісті уақыттарда тапсыруы, яғни оқу үрдісіне жауапкершілікпен қарауы білім деңгейінің дұрыс бағалауына мүмкіндік береді.

Білімгерлер білімдерін бақылау:

Оқытушы сіздердің білімдеріңізді алдын-ала ескертпестен карточка арқылы, қысқаша сұхбаттасу, викториналық сұрақ-жауаптар түрінде тексере алады, аталған бақылау түрлері бойынша алған бағаларыңыз қорытынды бағалауға енгізіледі. Сонымен қатар практикалық сабақтағы және БӨЖО барасындағы Сіздің кез-келген жұмысыңыз бағаланады.

Білімгерлердің даярлық деңгейіне қойылатын:

Білімгер практикалық сабаққа көрсетілген әдебиеттерге сүйене отырып, қажетті материалдар бойынша конспект дайындауы қажет. Практикалық сабаққа ұсынылған барлық тапсырмалар орындылуы керек.

Білімгер практикалық сабақтарда талдауға ұсынылған мәселе бойынша мәселелі немесе терминологиялық сұрақтар дайындайды.

Барлық жеке, рейтингтік, реферативті және т.б тапсырмалар уақытылы, кестеге сәйкес орындалып тапсырылуы қажет. Білімгер практикалық сабақтарда өз білімін кез-келген түрде көрсете алады: толықтыру, басқа білімгерлер жауаптарына түзетулер енгізу, ауызша хабарлама дайындау.

 

Бағалау барысында оқытушы келесі жағдайларды белгілеп отырады:

- конспектінің болмауы- 25 бал кемиді;

- практикалық сабаққа дайындықсыз келу-минус 25 бал;

- тапсырмаларды уақытылы орындамау- минус 25 бал

 

Білімгерлерді мадақтау:

Тақырып бойынша тапсырма материалдарын дербес түрде тауып, қызықты ғылыми хабарлама даярлап, практикалық сабақта ең мәселелі сұрақты көтеріп, пікірталас ұйымдастырып, оны басқара білсеңіз,сонымен қатар ең үздік баяндама, реферат, ауызша жауаптар үшін Сізге 25 балл қосылады.

Практикалық сабақтарға белсенді қатысқан білімгерлерге 12,5 балл қосылады. Үй тапсырмаларын дәл уақытында тапсырған алғашқы бес білімгерге 12,5 балдан қосылады.

Рефераттың сапалы жазылып, уақытылы тапсысырылуы мен жақсы деңгейде қорғалғаны үшін 25 бал қосылады.

БӨЖ орындауға қойылатын талаптар:

Семестр барысында білімгерге 10 БӨЖ тапсырмалары ұсынылады. Олардың әрқайыссына 10 балдан беріледі. Осылайша, БӨЖ бойынша қорытынды баға 0-100 бал аралығын құрайды.

Рубежді бақылауға қойылатын талаптар:

«Электр және магнетизм» курсы бойынша 2 рубежді бақылау қойылған. Олар келесі түрде жүргізіледі: біріншісі- тесттік бақылау жұмысы түрінде, екіншісі- ауызша коллоквиум түрінде.

Әрбір рубежді бақылау 100 балмен бағаланады. Қорытынды баға 0-200 бал аралығын құрайды.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-11; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 538 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Студент может не знать в двух случаях: не знал, или забыл. © Неизвестно
==> читать все изречения...

1323 - | 934 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.